қарсы - тексерілетін кәсіпкерлік субъектісінің шарттық міндеттемелері не өзге де құқықтық қатынастары болған жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ұсынылған ақпараттың дұрыстығын қайта тексеру не қосымша ақпарат алу мақсатында мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы жоспардан тыс тәртіппен жүргізетін тексеру;
рейдтік - бірнеше кәсіпкерлік субъектісінің өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жекелеген талаптарын сақтауы мәселелері бойынша олардың қызметін бір уақытта қамтитын тексеру.
Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына байланысты жүргізілген мемлекеттік бақылаудың нәтижелері бойынша мемлекеттік инспекторлар мынадай актілер:
1) тексеру жүргізу нәтижелері бойынша акт;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
3) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы нұсқама;
4) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасын бұзған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы шығарады.
Ұлттық қауіпсіздік органдары, қорғаныс, қылмыстық-атқару жүйесі объектілерінде, шахталардың, кеніштердің, кен қазбаларының, ашық көмір разрездерінің жерасты құрылыстарында, орман және тоғай алқаптарының аумақтарында, сондай-ақ әуе, теміржол, теңіз және ішкі су көлігінде өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылауды Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті органдары жүзеге асырады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының дипломатиялық мекемелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі өкілдіктерінің өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілуін бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-6-баппен толықтырылды ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-6 бап өзгертілді
9-6-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылауды жүзеге асыру тәртібi
1. Елді мекендердің, сондай-ақ, барлық ұйымдардың өрт қауіпсіздігі саласындағы нормаларды, ережелерді, техникалық регламенттерді және стандарттарды сақтауы бақылануға жатады.
2. 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Тексерулер жүргізу басталғанға дейін тексеру тағайындау туралы акт шығарылып, тексерулерді есепке алу карточкасы жасалады және ол шығарылған күні тексерілетін субъектінің орналасқан жері бойынша немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру орны бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептілікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті органға тіркеу үшін табыс етіледі.
Кәсіпкерлік субъектілерін тексеру ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексерудің елеулі көлеміне байланысты мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының басшысы (не оның орнын ауыстыратын адам) тексеру жүргізу мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда тексеруді ұзарту туралы қосымша акт ресімделеді, ол міндетті түрде құқықтық статистика жөніндегі органда тіркеліп, онда тексеру тағайындау туралы бұған дейінгі актінің тіркеу нөмірі мен күні және ұзарту себебі көрсетіледі.
Тексеру азаматтардың денсаулығы мен өміріне және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қауіп-қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты туындаған ерекше жағдайларда, мезгілінен тыс уақытта тексеру жүргізу кезінде, сондай-ақ бұзушылықтардың жасалуы бірден байқалған және дәлелдерді бекіту үшін жедел іс-әрекеттер жүргізу қажет болған жағдайларда тексеруді тағайындау туралы акті мен ақпараттық есеп құжаттары тексеру жүргізу басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.
4. Ұйымдар өздерінің өрт қауіпсіздігі деңгейі бойынша 1, 2, 3 және 4-топтар объектілеріне бөлінеді. Аудандағы объектілер есебін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы жүргізеді.
5. 1-топтағы объектілерге: жалпы құрылыс алаңы 3500 шаршы метрден асатын ірі өнеркәсіп орындары және республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары; электр станциялары; әуежайлар; теңіз сауда порттары; театрлар, спорт сарайлары, басқа да мәдени-ойын-сауық ұйымдары, медицина ұйымдары мен сыйымдылығы 800 және одан да көп орынды қонақ үйлер; жалпы алаңы 2500 шаршы метрден асатын сауда объектілері; мұражайлар, сурет галереялары; жалпы алаңы 2500 шаршы метрден асатын кітапханалар; мұнай базалары мен жалпы сыйымдылығы 2000 текше метрден асатын мұнай өнімдерінің қоймалары; газ қоймалары мен сыйымдылығы 1000 текше метрден асатын газ құю станциялары жатады.
Бұл объектілерді мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары кемінде бес жылда бір рет жоспарлытексереді және жыл сайын жоспарлытексеру кезеңінде айқындалған өрт қауіпсіздігі саласындағы нормаларды, ережелерді бұзушылықтарды жоюдың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
6. 2-топтағы объектілерге: бірінші топқа енбеген өнеркәсіп орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары; балық және өзен порттары; 50 бірліктен астам техникасы бар автокәсіпорындар; темір жол станциялары, локомотивтік, вагон, вагон жөндеу, рефрижератор, жөндеу-жабдықтау деполары; атқарушы және өкілді органдардың ғимараттары; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер; ауысымда 800 және одан да көп оқушылар, студенттер, тыңдаушылар саны бар оқу мекемелері; бірінші топқа енбеген театрлар, спорт сарайлары, басқа да мәдени-ойын-сауық ұйымдары; алаңының көлеміне қарамастан діни мекемелер; жалпы алаңы 1000-нан 2500 шаршы метрге дейінгі сауда объектілері; мұражайлар, сурет галереялары және жалпы алаңы 1000-нан 2500 шаршы метрге дейінгі кітапханалар, сыйымдылығы 400-ден 800 адамға дейінгі медицина ұйымдары мен қонақ үйлер; құрылыстары 1500 шаршы метрден астам жалпы алаңы бар ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы объектілері мен құс фабрикалары жатады.
Бұл объектілерді мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары екі жылда бір рет жоспарлытексереді және жыл сайын жоспарлытексеру кезеңінде айқындалған өрт қауіпсіздігі саласындағы нормаларды, ережелер мен стандарттарды бұзушылықтарды жоюдың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
7. 3-топтағы объектілерге: екінші топқа енбеген білім беру ұйымдары; ғылыми-зерттеу және жобалау институттары; кемінде 50 бірлік техника саны бар автокәсіпорындар; жалпы алаңы 1500 шаршы метрден аз ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы объектілері мен құс фабрикалары; балалар, әкімшілік ғимараттары, жатақханалар, байланыс ұйымдары, коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары, тамақтану мекемелері, ойын мекемелері, дәріханалар, почталар, байланыстың сөйлесу пункттері, телеграфтар, банк бөлімдері, көркемсурет шеберханалары, 150 шаршы метрден астам алаңы бар салтанат залдары; бірінші және екінші топтарға енбеген мұражайлар мен сурет галереялары, медицина ұйымдары мен қонақ үйлер, сауда объектілері, кітапханалар жатады.
Бұл топтың объектілерін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жылына бір реттен жиі тексермейді .
8. 4-топтағы объектілерге: ашық автотұрақтар мен жеке гараждар; бір қабатты жер үсті және жер асты гараждары; автомобильдерге май құю стансалары, саяжай және бау-бақша шаруашылығы қоғамдары; сауда павильондары, жөндеу шеберханалары, дүңгіршіктер, қабылдау пункттері мен валюта айырбастау пункттері, тауарларды сатуға арналған, оның ішінде базарлар аумақтарында орналасқан контейнерлер; жеке тұрған және тұрғын үйлер мен құрылыстарға жапсарлас (қабаттас) салынған 150 шаршы метрге дейінгі алаңы бар сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, тамақтандыру кәсіпорындары, ойын орындары, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, дәріханалар, медициналық кабинеттер, банк бөлімдері, көркемсурет шеберханалары, салтанат залдары, мұражайлар, көрме залдары, офистер, аудио-бейне жазба және прокат пункттері, диспетчерлік пункттер мен басқа да шағын объектілер жатады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары осы топтағы объектілерді қажеттілігіне қарай, бірақ үш жылда бір реттен асырмай, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша тексереді.
9. Салынып жатқан объектілерді мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары олардың жобалау-сметалық құжаттамасының және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне жалпы негіздерде тексереді, бірақ ол жылына бір реттен жиі болмауға тиіс.
2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 10 тармақпен толықтырылды
10. Кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді объектілер тобына қарай кезеңділікпен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүргізеді.
2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 11 тармақпен толықтырылды
11. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары кезеңділігін жылына бір реттен асырмай, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша:
қоныстану аумағында - өртке қарсы өтетін аралықтардың, кіреберістердің, өтпе жолдардың, өткелектердің және өртке қарсы сумен жабдықтаудың болуын және олардың жай-күйін;
көп пәтерлі тұрғын үйлерде - өрт қауіпсіздігінің, түтінді жою жүйесінің, өртті анықтау және сөндіру, ғимараттар мен құрылыстарға өтетін өртке қарсы өтпе жолдардың жай-күйін, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын үй-жайлардың өртке қарсы жай-күйін;
жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша ғана жеке тұрғын үйлер мен тұрғын үй емес құрылыстарда - өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерінің сақталуын тексеруді жүзеге асырады.
2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 3-1- тараумен толықтырылды
3-1-тарау. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің
құқықтық жағдайы және олардың қызмет өткеруі
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-7-баппен толықтырылды
9-7-бап. 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 09.12.98 ж. № 307-1; 29.11.99 ж. № 488-1; 05.05.00 ж. № 48-II; 09.08.02 ж. № 346-II; 02.07.03 ж. № 454-II;29.12.03 ж. № 511-I (бұр. ред. қара) Заңдарымен 10-бап толықтырылды және өзгертілді
10-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
29.12.03 ж. № 511-I ҚР Заңымен 10-1 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10-1-бап өзгертілді
10-1-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы
Белгiленген тәртiппен арнаулы атақтар, белгiленген үлгiдегi қызмет куәлiктерi мен жетондар берiлген, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызметте тұрған адамдар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi болып табылады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берiлген қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген медициналық, санаторий-курорттық және зейнетақымен қамсыздандыру тәртібі қолданылады. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген, ішкі істер органдары қызметкерлері үшін белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-2 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10-2-бап өзгертілді
10-2-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң қызмет өткеруi
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметке жасы кемiнде он сегiздегi, кәсiби даярлығы, денсаулық жағдайы, дене дамуы және білім деңгейi бойынша өздерiне жүктелген қызметтiк мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орындарында оқу үшiн орта білімi бар, он сегiз жасқа толмаған адамдар қабылдануы мүмкiн. Бұл орайда аталған оқу орындарына түскен адамдармен өрт-техникалық оқу орнын бiтiрген соң мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында одан әрi қызмет өткерудiң талаптары мен тәртібі көзделетiн келісім-шарттар жасалады. Казарма жағдайындағы өрт-техникалық оқу орындарының курсанттары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орнындағы оқу уақыты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мерзiмдi әскери қызмет мерзiмiне есептеледi.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және кiшi басшы құрам лауазымдарына отыз екi жастан аспаған, орта және аға басшы құрамға отыз бес жастан аспаған адамдар қабылданады. Ерекше жағдайларда аталған жас мөлшерi қажеттi білімi, кәсiби даярлық деңгейi бар және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген біліктiлiк талаптарына сай келетiн адамдарға қатысты уәкілетті орган басшысының шешiмiмен өзгертiледi. Кіші және орта басшы құрам лауазымына - қызмет түрі бойынша орта кәсіптік немесе жоғары кәсіптік білімі бар адамдар, аға басшы құрам лауазымына қызмет түрі бойынша жоғары кәсіптік білімі бар адамдар тағайындалады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрт-техникалық оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоса алғанда, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрам лауазымдарына тағайындалған немесе кадрына есепке алынған әскери мiндеттiлер белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында арнайы есепте тұрады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органына қызметке алғаш алынған адамдар мiндеттi түрде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кәсiби даярлау мектептерiнде және оқу пункттерiнде арнайы бастапқы оқытудан өтедi. Көрсетiлген оқу орындарында алғашқы дайындықтан өтудiң тәртібі мен шарттарын уәкілетті органның басшысы белгiлейдi.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органына алғаш қабылданған адамдар үшiн үш айға дейiнгi сынақ мерзiмi белгiленедi. Сынақ нәтижесi қанағаттанғысыз болған жағдайда, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi сынақтан өтпеген адам ретiнде жұмыстан босатылуы мүмкiн. Нәтижесi оң болған жағдайда сынақ мерзiмi қызмет стажына есептеледi.
Бұрын сотталған және ақтай алмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан терiс себеппен жұмыстан босатылған адамдар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына қызметке қабылданбайды.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына қызметке тұрған азаматтар ант қабылдайды, оның мәтiнiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Өрт-техникалық оқу орындарының күндізгі бөлімін бітірген мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында кемінде бес жыл жұмыс істеуге міндетті.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының қызметкері өрт-техникалық оқу орнын бітіргеннен кейін одан әрі бес жыл бойы қызметін өткеруден бас тартқан не осы Заңның 10-4-бабы екінші бөлігінің 5), 7), 9), 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыстан босатылған жағдайда, ол өзінің оқу кезеңіндегі стипендия төленуіне, тамағына, заттай жабдықталымға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті. Ұстап қалуға жататын сома келісім-шарт мерзімі аяқталғанға дейінгі қызмет өткермеген әрбір толық ай үшін барабар есептеледі.
Өрт-техникалық оқу орны күндізгі бөлімінің әскерге шақырылу жасына жеткен және сабақ үлгермегені, тәртіп сақтамағаны үшін, сондай-ақ өз еркімен оқудан шығарылған курсанттары, егер олар оқу орнына түскенге дейін мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермесе, арнайы есептен шығу үшін тұратын жері бойынша әскери басқарманың жергілікті органдарына жіберіледі.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-3 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10-3-бап өзгертілді
10-3-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметтiң шектi жасы
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң қызметте болуының шектi жасы:
1) қатардағы және кiшi басшы құрамдағы адамдар үшiн - қырық бес жас;
2) орта, сондай-ақ арнаулы майор және подполковник атақтары бар аға басшы құрамдағы адамдар үшiн - қырық бес жас, арнаулы полковник атақтары бар адамдар үшiн - елу үш жас;
3) жоғарғы басшы құрамдағы адамдар үшiн - елу сегіз жас болып белгiленедi.
Қызметте болудың шекті жасына жеткен кезде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің қызмет ету мерзімі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы басшысының шешімімен бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Қызметтiң ұзартылуы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң осы Заңда көзделген негiздер бойынша қызметтен босатылу мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-4 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-4-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-4-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметтi тоқтату негiздерi
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметті тоқтату негіздерi:
1) осы Заңда белгiленген тәртiппен қызметтен босату;
2) Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалту;
3) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерiн Заңмен белгіленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабiлетсiз деп тану;
4) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң қаза болуы;
5) лауазымымен сыйыспайтын қызметпен айналысу;
6) соттың айыптау үкімінiң заңды күшiне енуi немесе ақтай алмайтын негiздер бойынша қылмыстық iстiң тоқтатылуы болып табылады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi:
1) зейнетақыға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) бойынша;
2) қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;
3) денсаулық жағдайы бойынша - тиiстi комиссияның қызметке жарамсыз немесе шектеулi жарамды екендiгi туралы қорытындысының негiзiнде;
4) штаттың қысқаруына байланысты;
5) өз еркi бойынша;
6) келісім-шарттың бұзылуына байланысты;
7) аттестаттау тәртібімен қызметке сай келмейтiндiгі анықталуы бойынша;
8) сынақ мерзiмi iшiнде қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда;
9) беделiн түсiретiн қылық жасаған жағдайда;
10) қызмет тәртібін үнемi бұзғаны үшiн жұмыстан шығарылады.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-5 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10-5-бап өзгертілді
10-5-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң арнаулы атақтары
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiне мынадай арнаулы атақтар белгiленедi және берiледi:
қатардағы құрам:
өртке қарсы қызметтiң қатардағы жауынгерi;
кiшi басшы құрам:
өртке қарсы қызметтiң кiшi сержанты;
өртке қарсы қызметтiң сержанты;
өртке қарсы қызметтiң аға сержанты;
өртке қарсы қызметтің старшинасы;
өртке қарсы қызметтiң прапорщигi;
өртке қарсы қызметтiң аға прапорщигi;
орта басшы құрам:
өртке қарсы қызметтiң кiшi лейтенанты;
өртке қарсы қызметтiң лейтенанты;
өртке қарсы қызметтiң аға лейтенанты;
өртке қарсы қызметтiң капитаны;
аға басшы құрам:
өртке қарсы қызметтiң майоры;
өртке қарсы қызметтiң подполковнигi;
өртке қарсы қызметтiң полковнигi;
жоғары басшы құрам:
өртке қарсы қызметтiң генерал-майоры.
Жоғары басшы құрамның арнаулы атағын Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
Кiшi, орта және аға басшы құрамның арнаулы атақтарын беру , төмендету (одан айыру) тәртібі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткеру туралы ережемен анықталады.
Заң 3-2 тараумен толықтырылды 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара)
3-2-тарау. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерін
әлеуметтік қорғау және осы органдарды қаржыландыру
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-6 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 10-6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-6-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу, зейнетақымен және өзгедей қамсыздандыру
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң ақшалай ризығы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi үлгiлерi мен тиесiлiлiк нормаларын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн нысанды және арнаулы киім-кешекпен тегiн қамтамасыз етiледi.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының қызметкері аттестаттау тәртібімен анықталып, қызметіне сай келмеуі бойынша, беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін немесе қызметтік тәртіпті ұдайы бұзғаны үшін жұмыстан шығарылған жағдайда, ол өзіне берілген және тиесілі мерзім бойынша пайдаланылмаған нысанды киім-кешектің құнын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен оның тозуын есепке ала отырып өтеуге міндетті.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-7 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-7-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiнiң тұрғын үйге құқықтары және оларды әлеуметтiк қорғаудың өзге де шаралары
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткерiп жүрген қызметкерлер өздерi тұратын қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген үйiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жекешелендіpe алады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерi, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қаза тапқан қызметкерiнiң отбасы басқа тұрғын үй берiлмей, қызметтiк тұрғын үйден немесе қызметтік тұрғын үйге теңестірілген үйден шығарылмауға тиiс. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған мөлшерде Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тiзбе бойынша тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтем төленедi.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-8 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 10-8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-8-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң демалысы
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күн жыл сайынғы демалыс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да демалыстар берiледi.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарына қарай (күнтiзбелiк есептеумен) еңбек сiңiрген жылдары: он жылдан acca - ұзақтығы күнтiзбелiк бec күн;
он бес жылдан асса - ұзақтығы күнтiзбелiк он күн;
жиырма жылдан асса - ұзақтығы күнтiзбелiк он бес күн қосымша ақы төленетiн демалыс берiледi.
Өрт-техникалық оқу орнында оқудың күндізгі нысаны бойынша білім алатын курсанттарға:
1) қысқы каникулдық демалыс - ұзақтығы күнтізбелік он төрт күн;
2) жазғы каникулдық демалыс - ұзақтығы күнтізбелік отыз күн;
3) оқу орнын аяқтауына байланысты - ұзақтығы күнтізбелік отыз күн демалыс беріледі.
Оқуда қарызы бар курсанттарға каникулдық демалыс оны өтегеннен кейін беріледі.»;
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-9 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 10-9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)