10-9-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiккен жағдайдағы кепiлдiктерi
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын орындау кезеңiнде мертiккен жағдайда - оған, ал ол қаза болған (қайтыс болған) жағдайда өтем алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтем төленедi.
Бiржолғы өтемдi төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде не алған жарақат салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза болған (қайтыс болған) жағдайда асырауындағы адамдар мен мұрагерлерiне оның соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтем төленедi.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақаты, жаралануы, (контузия алуы), мертiгуi, науқастануы салдарынан болған мүгедектiк белгiленген жағдайда оларға:
1) I топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражат;
2) II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражат;
3) III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленеді.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр мертiккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оларға бiржарым айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде; жеңiл мертiккен жағдайда - жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтем төленедi.
Егер мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң қаза болуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы (мертiгуi), науқастануы қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқарумен байланысты емес мән-жайлардан болғандығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтем төленбейдi.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-10 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10-10-бап жаңа редакцияда
10-10-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын
қаржыландыру
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-11 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-11-бап. 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 09.12.98 ж. № 307-1; 16.07.99 ж. № 437-1 Заңдарымен 11-бап өзгертілді
11-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Заң 3-3- тараумен толықтырылды 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен
3-3-тарау. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласына қатысуы
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 12- бап жаңа редакцияда
12-бап. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет
1. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет - жеке немесе заңды тұлғалардың өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ ұйымдар мен объектілерде өртпен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің негізгі міндеттеріне:
1) тиісті объектілерде өрттің алдын алу және оны сөндіру;
2) тиісті объектілерде өрт сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жатады.
3. Өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің өрт қауіпсіздігі мемлекеттік емес өртке қарсы қызметпен шарттар жасасу арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.
4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет осы Заңға және өртке қарсы қызметтің жұмысын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет субъектілері өрт қауіпсіздігі саласындағы міндеттерді орындауда мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына жәрдемдесуге міндетті.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің осы Заңда көзделген барлық заңды талаптарын орындауға міндетті.
5. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа кәмелеттік жасқа толған және арнайы дайындық пен оқу курсынан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдана алады.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа психикалық ауруы, денсаулық жай-күйінің шектеулі болуы себепті, маскүнемдігі немесе нашақорлығы бойынша денсаулық сақтау органдарында есепте тұратын, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа кіру уақытында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар қабылдана алмайды.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет өз қызметкерлерін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген нормалар бойынша арнайы киім-кешекпен және өртке қарсы жарақтармен қамтамасыз етуге міндетті.
6. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген өрт сөндіру техникасы, өрт-техникалық жарақтары мен жабдықтары бойынша тиісті нормаларға сәйкес келуге тиіс.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
13-бап. Қоғамдық бiрлестiктер (халықтың өртке қарсы ерiктi құралымдары)
Қоғамдық бiрлестiктер (халықтың өртке қарсы ерiктi құралымдары) Қазақстан Республикасының заңдары мен өздерiнiң құрылтай құжаттарына сәйкес өрттерден сақтандыру және оларды жою, азаматтарды, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi өрттерден қорғау жөніндегі шараларға қатыса алады.
4-тарау. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
14-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтық реттеу
Өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтық реттеу - нормативтік құқықтық актілерде міндетті түрде орындалуға тиіс өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілеу.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптарын қамтитын нұсқаулықтар, техникалық регламенттер және өзге де нормативтік құқықтық актілер жатады.
Өнімге және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын өрт қауіпсіздігінің талаптары техникалық регламенттерде белгіленеді.
Мемлекеттік органдар әзірлейтін және өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер уәкілетті органмен міндетті түрде келісілуге тиіс.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 15-бап (бұр. ред. қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 15- бап өзгертілді
15-бап. Өрт қауiпсiздiгi шараларын
әзiрлеу және iске асыру
Өрт қауiпсiздiгi шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына, өрт қауiпсiздiгi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес, сондай-ақ өртке қарсы күрес тәжiрибесi, заттардың, материалдардың, технологиялық процестердiң, бұйымдардың, конструкциялардың, ғимараттар мен құрылыстардың өртену қаупiн бағалау негiзiнде әзiрленедi.
Заттарды материалдарды, бұйымдарды және жабдықтарды дайындаушылар (жеткізушiлер) тиiстi техникалық құжаттамада осы заттардың, материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың өртену қаупiн, сондай-ақ оларды пайдаланған кездегi өрт қауiпсiздiгi шараларын мiндеттi түрде көрсетедi.
Кәсiпорындар, ғимараттар, құрылыстар және басқа да объектiлер үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеп, iске асырғанда, соның iшiнде оларды жобалағанда, өрт кезiнде адамдардың басқа жерге қауіпсiз көшiрiлуiн қамтамасыз ететiн шешiмдер мiндеттi түрде көзделуге тиiс.
Өндiрiстер үшiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі шешiмдердi көздейтiн өрттердi сөндiру жоспарлары мiндеттi түрде әзiрленедi.
Елдi мекендер мен әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдар үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын тиiстi мемлекеттік органдар әзiрлеп, iске асырады.
ҚР 16.07.99 ж. № 437-1 ҚР Заңымен; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 16- бап өзгертілді
16-бап. Өрттердi сөндiру
Өрттердi сөндiру азаматтарды, мүлiктердi құтқаруға және өрттердi жоюға бағытталған жауынгерлiк iс-әрекеттер болып табылады.
Қоныстану аумақтарында, стратегиялық, ерекше маңызды мемлекеттік объектілерде және мемлекет меншігіндегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде өрт сөндіруді мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүзеге асырады.
Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өрттерді сөндіруді тиісті аумақтағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілерде өрт сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын тартқан жағдайда шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүргізіледі. Шығындар сомасы республикалық бюджетке есептеледі.
Басқа объектілердегі өрттерді сөндіруді мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер жүзеге асырады.
Өрттердi сөндiрудi ұйымдастырудың және бұған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті тарту тәртібін уәкiлеттi органы белгiлейдi.
Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң өрттердi сөндiруге баруы және оларды жоюға қатысуы сөзсiз тәртiппен жүзеге асырылады.
Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн шақыру үшiн елдi мекендердiң телефон жүйелерiнде бiрiңғай - 01 нөмiрi белгiленедi.
Өрттердi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметтiң қызметкерi барлық тұрғын үйге, өндiрiстiк және басқа да үй-жайларға кедергiсiз кiруге, сондай-ақ азаматтарды құтқаруға, оттың өршуiне жол бермеуге және өрттi сөндiруге бағытталған кез-келген шаралар қолдануға құқылы.
Өртке қарсы қызметтiң өрттi сөндiруге тартылған барлық бөлiмшелерi өрттi сөндiру жөніндегі басшыға бағынады. Өрттердi сөндiру кезiнде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының уәкiлеттiлік алған лауазымды адамдарынан басқа ешкiмнiң де оның iс-әрекетiне араласуға немесе оның өкімінiң күшiн жоюға құқығы жоқ.
Уәкiлеттi органның басшысы өртке қарсы барлық қызметтерге қатысты аға жедел бастық болып табылады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органдарының басшылары тиісті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), облыстық маңызы бар қаланың, ауданның аумағында орналасқан өртке қарсы барлық қызметтерге қатысты аға жедел бастық болып табылады.
Өрттердi сөндiру кезiнде келтiрiлген материалдық залал қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс. Өртке қарсы қызметтiң жеке құрамы, аса қажет болған жағдайларда өрт сөндiруге қатысқан өзге де адамдар келтiрiлген залалды өтеуден босатылады.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары және қорғаныс, әуе, темір жол, теңіз және ішкі су көлігі, орман шаруашылығы объектілеріндегі өрттерді сөндіру уәкiлеттi органы мен тиісті заңды тұлғалары арасындағы келісімдермен регламенттеледі.
Апаттарды, дүлей зілзалаларды және өрт сөндіруге байланысты емес өзге де төтенше жағдайларды жою кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары (ақшалай қаражаттан басқа) оларды жою жөніндегі басшының қарамағына көшеді.
Өрт сөндіру кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің:
1) өрт сөндіру үшін өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдарын, көлік және басқа да материалдық-техникалық құралдарды тартуға;
2) өртті сөндіру және жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде цехтар мен объектілердің жұмысын тоқтатуға, қажет болғанда қауіпті аймақтан адамдарды және материалдық бағалы заттарды көшіруге нұсқау беруге;
3) өрт кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың жекелеген учаскелерге, аумақтарға, ғимараттардың үй-жайларына кірулерін шектеуге немесе оған уақытша тыйым салуға;
4) өрт кезінде азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және азаматтарды құтқаруға, оттың таралуын болдырмауға және өртті жоюға бағытталған шараларды қабылдау үшін азаматтардың тұрғын үй және өзге де үй-жайларына, ұйымдарына, оларға тиесілі жер учаскелеріне, дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа аумақтар мен үй-жайларға кедергісіз кіруге;
5) қажет болған жағдайларда жабық есіктер мен терезелерді, сондай-ақ адамдарды құтқару мен өрт сөндіруде кедергі болатын құрылыстарды бұзып ашуға;
6) адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда өртті сөндіру және жою кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен, ұйымдардың байланыс құралдарын, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын, көлікті, егер залал келтірілген болса, оны иелеріне өтеу арқылы пайдалануға құқылы.
ҚР 16.07.99 ж. № 437-1 Заңымен 17-бап толықтырылды
17-бап. Өрт сөндiру - техникалық өнiмдi өндiру
Өрт сөндiру - техникалық өнiмi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiпте шарттық негiзде, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен жүзеге асырылатын тәртiпте өндiрiледi.
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өрт сөндіру-техникалық өнімінің түрлерін уәкiлеттi орган белгілейді.
16.07.99 ж. № 437-1; 02.07.03 ж. № 454-II; 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 18- бап өзгертілді
18-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстарды
орындау мен қызметтер көрсету
Қазақстан Республикасында өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететiн мемлекеттік емес ұйымдар құрылып, жұмыс iстеуi мүмкiн, оларға мыналар жатады:
- өрт сөндiру-техникалық өнiмiн өндiру, оны сынықтардан өткізу, сатып алу және жеткiзiп беру;
- жобалау iздестiру жұмыстарын атқару;
- ғылым-техникалық кеңес беру және жобалардың мемлекеттік сараптамасының ерекше құзыретiне жатқызылатын сараптау жұмыстарын қоспағанда, сараптама жүргiзу;
- заттардың, материалдардың, бұйымдардың, жабдықтардың және конструкциялардың өрт қауiпсiздiгiн сынау;
- халықты өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйрету;
- өртке қарсы насихатты жүзеге асыру, арнайы әдебиет пен жарнама өнiмiн басып шығару;
- оттан қорғау және мұржа-пеш жұмыстары;
- өрт саймандарын, өрттердi сөндiрудiң бастапқы құралдарын өндiру, оларды жөндеу және қызмет көрсету, отты сөндiретiн заттардың сапасын қалпына келтiру;
- өртке қарсы қызметтiң ғимараттары мен құрылыстарын салу, қайта құру және жөндеу;
- өрттен қорғау жүйелерi мен құралдарын өндiру, монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
- тiзбесiн мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары белгiлейтiн өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да жұмыстар мен қызметтер жатады.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ; 2007.27.07. № 320-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 19-бап өзгертілді
19-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы білімдердi
насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы білімдердi насихаттауды уәкiлеттi орган және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары мен қоғамдық бiрлестiктер жүзеге асырады. Бiлiмдердi насихаттау үшiн бұқаралық ақпарат құралдары пайдалануы мүмкiн.
Азаматтарды оқытып-үйрету мектепке дейiнгi және жалпы орта білім беру мекемелерiнде, жұмыс орны мен тұрғылықты жерi бойынша ұйымдарда, ал мамандарды оқытып-үйрету - орта білімнен кейінгі, арнаулы орта және жоғары білім беру, кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау ұйымдарында, өрт қауiпсiздiгi саласындағы iс-әрекеттерге әзiрлеу жөніндегі орталықтарда, жұмыс орны бойынша ұйымдарда жүргiзiледi.
Бағдарламалар мазмұнына қойылатын талаптарды және өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйрету тәртібін уәкiлеттi органы белгiлейдi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
20-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ақпаратқа
халықтың құқығы
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ақпаратты ұйымдар қызметiнiң қауiп-қатер деңгейi және басым өртену қауiптiлiгi, қажеттi қауiпсiздiк, өрттердiң салдарлары, олардан сақтандыру және оларды жою жөніндегі шаралар туралы мәлiметтер құрайды. Ақпарат ашық және жариялы болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануға жатады.
Мемлекеттік органдар мен жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде өздерi қабылдаған шешiмдер туралы халықты хабардар етуге және өрттен қорғау - техникалық білімдердi таратуға жәрдемдесуге тиiс.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ; 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Өрттердi және олардың салдарын мемлекеттік есепке алу
Өрттердi және олардың салдарларын мемлекеттік есепке алуды Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі уәкілетті органымен келісім бойынша уәкiлеттi органы жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдар, ұйымдар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өрттер және олардың салдарлары туралы есептер ұсынады.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 22-бап өзгертілді
22-бап. Өрт қауiпсiздiгiн ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз ету
Өрт қауiпсiздiгiн ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз етудi ғылыми-зерттеу ұйымдары және оқу орындары жүзеге асырады.
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ғылыми-техникалық талдамаларды қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерi есебiнен жүзеге асырылады.
Ғылыми зерттеулердi үйлестiру уәкiлеттi органына жүктеледi.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
23-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы
сәйкестікті растау
Өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды
4-1-тарау. Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары
23-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу
объектілерi
Өнім және оның өмірлік циклінің процестері өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу объектілері болып табылады.
23-2-бап. Жобалау, салу, реконструкциялау және өндіру
кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары
Техникалық реттеу объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау және өндіру кезінде:
1) объектілерді орналастыру;
2) объектілерді пайдалану;
3) объектілерді өрт-техникалық тұрғыдан жіктеу;
4) объектілерді өрт депосы ғимараттарымен және құрылыстармен қамтамасыз ету;
5) адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) өрттің таралуын болғызбау;
7) өртті сөндіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
8) өрт сөндіру кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі талаптар сақталуға тиіс.
23-3-бап. Пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және өткізу
кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары
Техникалық реттеу объектілерін пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және өткізу кезінде:
1) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар;
2) адамдарды эвакуациялау жолдары;
3) өрт шыққан жағдайда адамдардың қауіпсіздігі мен іс-қимыл тәртібін қамтамасыз ету;
4) инженерлік жүйелермен жарақталуы және олардың жұмыс жағдайына келтірілуі;
5) өрт автоматикасы жүйесімен жарақталуы және оның жұмыс жағдайына келтірілуі, оған қызмет көрсету және қызмет көрсететін қызметкерлер ұдайы болатын орындарға шығару;
6) өрт техникасымен жарақталуы және оның жұмыс жағдайына келтірілуі;
7) өрттің таралуын болғызбау;
8) өртті сөндіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
9) аумақтарды, ғимараттар мен құрылыстарды, объектілердің үй-жайларын күтіп-ұстау;
10) өрт сөндіру кезінде құтқару жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі талаптар сақталуға тиіс.
5-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы
құқықтар мен міндеттер
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 24- бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
24-бап. Азаматтардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы
құқықтары мен мiндеттерi
Қазақстан Республикасы азаматтарының:
- өрттер болған жағдайда өздерiнiң өмiрiн, денсаулығын және жеке мүлкiн қорғауға;
- Қазақстан Республикасы аумағындағы белгiлi бiр жерде болғанда өздерi ұшырауы мүмкiн өрт қаупi туралы және қажеттi қауiпсiздiк шаралар туралы хабардар болуға;
- өрттер салдарынан өздерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды қолданылып жүрген заңдармен белгiленген тәртiппен өтеттiруге;
- өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, соның iшiнде белгiленген тәртiппен қоғамдық өрттен қорғау бiрлестiктерi қызметiне қатысуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының азаматтары:
- өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға;
- өрттердi байқаған жағдайда өртке қарсы қызметтi дереу хабардар етуге;
- өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi келгенге дейiн азаматтарды, мүлiктi құтқару және өрттердi сөндiру жөнiнде қолдан келген шараларды қолдануға;
- өрттi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметке көмек көрсетуге;
- мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының нұсқамалары мен өзге де заңды талаптарын орындауға;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мақсатында өздерiне тиесiлi өндiрiстiк, шаруашылық, тұрғын үйлердi және өзге де үй-жайлар мен құрылыстарды тексеруге және қарап шығуға мүмкiндiк беруге мiндеттi.
ҚР 16.07.99 ж. № 437-1 Заңымен 25-бап толықтырылды ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 25- бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
25-бап. Ұйымдардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
Өрт қауiпсiздiгi мен өрт сөндiрудi қамтамасыз ету ұйымдардың басшыларына жүктеледi.
Ұымдардың:
- өз қаражаты есебінен ұстайтын мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті осы Заңда белгіленген тәртіппен құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға, сондай-ақ шарттар негізінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті тартуға;
- мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өкiлдi органдарға өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныс енгізуге;
- ұйымдардың объектiлерiнде болған өрттердiң себептерi мен мән-жайларын анықтау жөнiнде жұмыстар жүргiзуге;
- заңдармен белгiленген шекте өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтiк және экономикалық ынталандыру шараларын белгiлеуге;
- өрт қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiнде ақпарат, соның iшiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарынан ақпарат алуға құқығы бар.
Ұйымдар:
- өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының нұсқамалары мен өзге де заңды талаптарын орындауға;
- өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға;
- өртке қарсы насихат жүргiзуге, сондай-ақ өздерiнiң қызметкерлерiн өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйретуге;
- міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілерде, соның ішінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметпен шарт жасасу негізінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті құруға немесе ұстауға;
- өрт сөндiру жүйелерi мен құралдарын түзу күйiнде ұстауға, олардың мақсатқа сай пайдаланылмауына жол бермеуге;
- өрт қарсы қызметке өрттердi сөндiру, олардың шығу және өршу себептерi мен жағдаяттарын анықтау кезiнде, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi талаптарының бұзылуына және өрттердiң шығуына кiнәлi адамдарды анықтау кезiнде жәрдем көрсетуге;