Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сәулет, қала құрылысы
және құрылыс қызметі мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы
2003 ж. 2 шілдедегі № 454-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат):
26-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды салуға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға, қалпына келтiруге, күрделi жөндеуге) арналған алдын ала жобалау, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының жекелеген түрлерi бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу бөлiгiнде мемлекеттік сараптама Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.".
2. "Өрт қауiпсiздiгi туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат):
1) 10-баптың төртiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды салуға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға, қалпына келтiруге, күрделi жөндеуге) арналған жобаларға өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен мемлекеттік сараптама жүргiзуге қатысу;";
2) 18-баптың бесiншi абзацы "кеңес беру және" деген сөздерден кейiн "жобалардың мемлекеттік сараптамасының ерекше құзыретiне жатқызылатын сараптау жұмыстарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
3. "Экологиялық сараптама туралы" 1997 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 6, 67-құжат; 1998 ж., № 24, 443-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат):
13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды салуға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға, қалпына келтiруге, күрделi жөндеуге) арналған алдын ала жобалау, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жекелеген түрлерi бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындылары жобалардың мемлекеттік сараптамасының жинақталған қорытындысына енгiзiледi.".
Қазақстан Республикасының