Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне нысанды киім киіп жүру
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2000 ж. 5
мамырдағы № 48-II Заңы Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 1995 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 13, № 23, 152-құжатта; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 18, 367-құжат; 1997 ж., № 11, 144-құжат; № 12, 189-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 4, 46-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 20, 717-құжат; 2000 жылғы 1 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк құпиясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
397-баптың тоғызыншы бөлігінде "бесінші және алтыншы" деген сөздер "бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2709 заң күші бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 жылғы 1 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк құпиясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
49-бап мынадай редакцияда жазылсын: "49-бап. Прокуратура органдары қызметкерлерінің
сыныптық шендері, әскери атақтары мен нысанды киімі
1. Прокуратура органдарының қызметкерлеріне атқаратын қызметіне, біліктілігіне және еңбек сіңірген жылдарына сәйкес әскери атақтар немесе мынадай сыныптық шендер беріледі: жоғары, 1, 2 және 3-сыныптағы мемлекеттік әділет кеңесшісі, аға әділет кеңесшісі, әділет кеңесшісі, кіші әділет кеңесшісі, 1, 2 және 3-сыныптағы заңгер және кіші заңгер.
2. Прокуратура органдарының сыныптық шендері немесе әскери атақтар берілген қызметкерлері нысанды киіммен тегін қамтамасыз етіледі.
3. Айырым белгілері мен нысанның үлгілері, нысанды киімді киіп жүру тәртібі мен қамтамасыз ету нормасы, сондай-ақ сыныптық шендер немесе әскери атақтар беру және олардан айыру тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережемен белгіленеді.
4. Сыныптық шендері немесе әскери атақтары бар адамдарға заңдарға сәйкес қызметтік айлық ақысына қосымша ақы белгіленеді.".
3. "Өрт қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат):
5-бап мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
" - өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруі туралы ережені бекітеді;";
6-бап мынадай мазмұндағы он бесінші және он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
" - өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарының қатардағы және басқару құрамының қызмет өткеруі туралы ережені әзірлейді;
- арнаулы атақтармен ауыстырылуға тиісті Қызметтер тізбесін бекітеді.";
10-бапта:
бесінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші бөліктермен толықтырылсын:
"Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Өртке қарсы мемлекеттік қызмет басқармаларының және оқу орындарының тулары болады. Өртке қарсы қызмет органдары туларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарына қызметке тұрған азаматтар ант береді, оның мәтінін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарының қызметкерлеріне мынадай арнаулы атақтар белгіленеді және беріледі:
қатардағы құрам:
ішкі қызметтің қатардағы жауынгері;
кіші басшы құрам:
ішкі қызметтің кіші сержанты;
ішкі қызметтің сержанты;
ішкі қызметтің аға сержанты;
ішкі қызметтің старшинасы;
ішкі қызметтің прапорщигі;
ішкі қызметтің аға прапорщигі;
орта басшы құрам:
ішкі қызметтің кіші лейтенанты;
ішкі қызметтің лейтенанты;
ішкі қызметтің аға лейтенанты;
ішкі қызметтің капитаны;
аға басшы құрам:
ішкі қызметтің майоры;
ішкі қызметтің подполковнигі;
ішкі қызметтің полковнигі;
жоғары басшы құрам:
ішкі қызметтің генерал-майоры.
Жоғары басшы құрамға арнаулы атақты Қазақстан Республикасының Президенті береді.
Басқа лауазымды адамдардың қалған санаттағы қызметкерлерге арнаулы атақтар беру (олардан айыру) жөніндегі құқықтары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруі туралы ережемен белгіленеді.
Арнаулы атақтар берілген Өртке қарсы мемлекеттік қызмет қызметкерлеріне қызмет өткеру, еңбегіне ақы төлеу, арнаулы атақтар беру, медициналық және санаторий-курорттық, зейнетақымен қамсыздандыру тәртібі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген әлеуметтік қорғау ережелері қолданылады. Өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарының қызметкерлері үлгілері мен тиесілілік нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін нысанды және арнаулы киім-кешекпен тегін қамтамасыз етіледі.
Кіші, орта, аға басшы құрамындағы адамдар сот үкімі бойынша немесе Өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруі туралы ережемен белгіленетін тәртіппен арнаулы атақтан айырылуы мүмкін. Жоғары басшы құрамның арнаулы атағынан айыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін тәртіппен жүзеге асырылады.".
4. "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат):
16-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының аппаратындағы, оның аумақтық органдары мен бағынысты ұйымдарындағы қызметтердің бір бөлігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, Ішкі істер министрлігінен, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардан ауыстырылған (қызмет бабымен жіберілген) әскери қызметшілерден жасақталады";
19-баптың он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"офицерлік құрамдағы адамдарды, прапорщиктерді, мичмандар мен мерзімнен тыс қызмет етушілерді қызметке тағайындайды және қызметі бойынша ауыстырады, әскери атақтарды беру мәселелерін шешеді, оларды әскери қызметтен босатуды жүзеге асырады.
Мерзімді және мерзімнен тыс қызметтегі әскери қызметшілерге, басшы құрамға әскери атақтар беру тәртібі Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органында әскери қызмет өткеру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Ережемен белгіленеді;";
20-баптың төртінші абзацындағы ", әскери қызметтен босатуды, сондай-ақ өз құзыреті шегінде әскери атақтар беру мәселелерін шешеді" деген сөздер алып тасталып, "(қабылдауды)" деген сөзден кейін, "жүзеге асырады;" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қорғаныс шараларын қаржыландыру көздері. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының әскери қызметшілері мен басқа да санаттағы қызметкерлерінің құқықтары, мәртебесі";
29-баптың 2-тармағының бірінші сөйлемі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын:
"29-1-бап. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы әскери қызметшілерінің құқықтары, мәртебесі
1. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы аппаратында, оның аумақтық органдарында, бағынысты ұйымдарында және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде әскери қызмет өткеретін адамдар міндетті әскери қызметте болады, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мәртебені иеленеді және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
2. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы аппаратының, оның аумақтық органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдарының және азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері әскери атақтарына сәйкес айырым белгілері бар нысанды әскери киім (киім-кешек) киіп жүреді.
Азаматтық қорғаныстың басқа санаттағы қызметкерлерінің нысанды әскери киім (киім-кешек) киіп жүру ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының бірінші басшысы белгілейді.".
5. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 195-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 23, 922-құжат; 2000 жылғы 1 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк құпиясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
88-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
Қазақстан Республикасының