22-бап. Кредиторлардың (кредиторлардың) өтiнiшi
1. Азаматтық-құқықтық және өзге де мiндеттемелер бойынша кредитор (кредиторлар) өтiнiштерiнiң негiзiнде банкроттық туралы iс қозғалуы мүмкiн.
2. Кредитордың өтініші сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жалпы ережелер бойынша беріледі.
3. Кредитордың өтiнiшiнде мыналар көрсетiлуге тиiс:
1) өтiнiш берiлiп отырған соттың атауы;
2) борышкердің - дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жері немесе борышкердің - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері;
3) кредитордың - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жері немесе кредитордың - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері;
4) борышкердiң кредитор алдындағы оның талабынан туындаған мiндеттемесi, бұл мiндеттеменiң орындалу мерзiмi;
5) осы кредитордың борышкерге қойған талаптарының мәнi мен сомасы;
6) мiндеттеме бойынша берешек сомасы және орындамағаны үшiн айып-ақы (айыппұл, өсiм) және борышкерден өндiрiп алуға жататын зияндар осы сомаға есептелген сыйақы (мүдде);
7) кредитор талаптарының белгіленген құқықтық негіздері (сот шешімі, бұл талаптарды борышкердің мойындауы, ал олар жоқ болған кезде - кредитор талаптарының негізділігін және олардың сомасын растайтын дәлелдемелер);
8) борышкерде бар мүлiк туралы кредиторға белгiлi мәлiметтер;
9) қоса тiркелетiн құжаттар тiзбесi;
10) борышкерге талаптар қою айғағы;
11) егер банкроттық туралы iстi қарау үшiн қажет болса, өзге де мәлiметтер.
4. Кредитор борышкерге және уәкілетті органға өтiнiштiң және оған қоса тiркелетiн құжаттардың көшiрмесiн жiберуге мiндеттi.
5. кредитордың осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарға сай келмейтiн, сондай-ақ қажеттi құжаттар қоса тiркелмей берiлген өтiнiшiн сот қарамай қайтарады.
11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен ; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді
23-бап. Кредитордың өтiнiшiне қоса тiркелетiн құжаттар
Кредитордың борышкердiң банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:
1) мемлекеттік баждың белгiленген тәртiп пен мөлшерде төленгенiн;
2) кредитор өтiнiшi көшiрмесiнiң және оған қоса тiркелген құжаттардың борышкерге және уәкілетті органға жiберiлгенiн;
3) борышкердiң кредитор алдындағы мiндеттемелерi, сондай-ақ осы мiндеттемелер бойынша берешектiң бар-жоғы мен сомасын;
4) кредитор талаптарының орындылығын (орындау құжаттары, соттың шешiмi немесе кредитордың талаптарын борышкердiң жазбаша түрде мойындауы);
5) кредитордың өтiнiшi негiзделген өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса тiркеледi.
24-бап. Бiр немесе бiрнеше кредитордың талаптарын бiрiктiру
1. Кредитордың әртүрлi мiндеттемелер бойынша борышкерге қойған бiрнеше талапты бiр өтiнiшке бiрiктiруге құқығы бар.
2. Кредиторлардың борышкерге қойған өз талаптарын бiрiктiруге және сотқа бiр өтiнiшпен жүгiнуге құқығы бар. Мұндай өтiнiшке өз талаптарын бiрiктiрген кредиторлар қол қояды.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 25-бап өзгертілді
25-бап. . 2006.10.01 № 115-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен ; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 26-бап өзгертілді
26-бап. Прокурордың мәлiмдемесi
1. Прокурор:
1) өзi әдейі банкроттық белгiлерiн анықтағанда;
2) кредитор Қазақстан Республикасының, мемлекеттік органдардың мүдделерiн көздеп;
3) жоқ борышкердiң кредиторлардың мүдделерiн көздеп борышкердi банкрот деп тану туралы мәлiмдеме жасауға құқылы.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе немесе құқықтық қатынастардың мәнiнен туындамаса, прокурордың мәлiмдемесi сотқа осы Заңда кредитордың өтiнiшiне қатысты көзделген талаптарды сақтай отырып берiледi.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 27-бап өзгертілді
27-бап. Банкроттық туралы iс бойынша iс қозғау
1. Борышкердi банкрот деп тану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келетiн өтiнiштi ала отырып, сот өтiнiш түскеннен кейiн бес күннен кешiктiрмей iс қозғау туралы ұйғарым шығарады.
2. Сот банкроттық туралы іс қозғау жөніндегі сот ұйғарымының көшірмесін борышкерге, мәлімдеушіге, уәкілетті органға және борышкердің тұрғылықты жері бойынша аумақтық атқарушы іс жүргізу органына жібереді.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 28-бап өзгертілді
28-бап. Банкроттық туралы iс бойынша iс қозғаудың салдары
1. Банкроттық туралы iс бойынша iс қозғалған кезден бастап:
1) борышкер мүлкінің меншік иесі (оған уәкілеттік берілген орган), құрылтайшылар (қатысушылар), заңды тұлғаның барлық органдары борышкердің мүлкіне билік ету құқығынан айырылады. Егер осы Заңның 2-бабының 4-тармағында көрсетілген ұйым борышкер болып табылған жағдайда, уәкілетті органның өтініші бойынша сот іс жүргізу циклын, оның ішінде үздіксіз іс жүргізуді қолдауға және мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге қажетті ең төменгі ағымдағы төлемдерді жүргізуге уәкілетті тұлғаларды анықтауға құқылы;
2) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды қоспағанда, өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауап беретiн азаматтарға төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық соттардың , салық органдарының, сондай-ақ борышкердің мүлкіне қатысты оның меншік иелерінің (құрылтайшылардың, қатысушылардың) немесе органдардың бұрын қабылдаған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
3) кредиторлардың борышкерге қоятын кез келген талаптары осы Заңда көзделген банкроттық рәсiмдерi шегiнде ғана қойылуы мүмкiн;
4) кредиторлардың, салық органы мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органның талаптары, соның iшiнде даусыз (акцептісiз) тәртiппен қанағаттандырылуға тиiстi талаптары бойынша борышкердiң банк шотынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ борышкердiң мүлкiнен өндiрiп алуға жол берiлмейдi;
5) акцияларды, борышкердің мүлкіндегі үлестерді иеліктен айыруға тыйым салынады.
2. Сот жеті күн ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында банкроттық туралы іс бойынша іс қозғалғандығы жөнінде мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялауға міндетті.
Хабарландыруды жариялау банкроттықты тану туралы өтiнiш берген тұлғаның қаражаты есебiнен жүзеге асырылады, ол осы Заңның 40-бабында белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 08.04.04 ж. № 542-II ҚР Заңымен ; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 29-бап өзгертілді
29-бап. Кредитордың немесе прокурордың мәлімдемесіне
борышкердің жауабы
1. Борышкер соттың банкроттық туралы iс қозғау жөніндегі ұйғарымының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн мерзiм iшiнде сотқа кредитордың немесе прокурордың мәлiмдемесiне жауап қайтаруға мiндеттi.
2. Жауапта:
1) жауап жiберiлiп отырған соттың атауы;
2) мәлiмдеушiнiң тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе атауы, мәлiмдеменiң нөмiрi мен күнi;
3) борышкердiң мәлiмдеушi талабына қарсылықтары;
4) өзге кредиторлар алдындағы мiндеттемелер, борышкер қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу, салық және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі берешектiң жалпы сомасы;
5) борышкердiң қолында бар мүлiк, оның iшiнде кепiлге берiлген, жалдаудағы немесе лизингтегi мүлiк туралы, банктер шоттарындағы ақша туралы мәлiметтер, шоттардың нөмiрлерi және банктердің тұрғылықты жері, дебиторлардың тұрғылықты жері және олардың берешегінің сомасы көрсетілген тізбесі;
6) борышкер мойындаған жағдайда мәлiмдеушi талаптарының қанағаттандырылғанына айғақтар.
3. Борышкердiң жауабына борышкердiң:
1) орындау мерзiмi жеткен борыштық мiндеттемелерiн орындауға;
2) орындау мерзiмi борышкердi банкрот деп тану туралы арыз берiлген кезден бастап үш айдың iшiнде келетiн борыштық мiндеттемелерiн орындауға қабiлеттi екенiн растайтын құжаттары қоса берiлуге тиiс.
4. Борышкер жауабының болмауы не оның осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмдi дәлелдi себепсiз бұза отырып тапсырылуы борышкердiң өзiнiң дәрменсiздiлiгiн мойындауы деп қаралады және соттың борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығаруына негiз болуы мүмкін.
5. Борышкердiң жауабында өзiн дәрменсiз деп тануды бiлдiруi соттың оны банкрот деп тану туралы шешiм шығаруына негiз болады.
Борышкер жауабында өзiнiң дәрменсiздiгiн мойындаған жағдайда осы баптың 3-тармағында аталған құжаттардың табыс етiлуi мiндеттi емес.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 09.08.02 ж. № 346-II Заңдарымен 30-бап өзгертiлдi
30-бап. Кредиторлардың талаптарын қамтамасыз ету
Кредитордың немесе прокурордың не iске қатысушы өзге адамның өтiнiшi бойынша сот кредиторлардың талаптарын қамтамасыз ету жөнiнде мынадай шаралар қолдануға:
1) борышкерге тиесiлi мүлiкке (оның бiр бөлiгiне), соның iшiнде ақшаға тыйым салуға;
2) борышкер мүлкiнiң азайып кетуiне не кредиторлардың мүдделерiне өзгеше түрде нұқсан келтiруi мүмкiн iс-әрекеттер жасауына борышкерге тыйым салуға;
3) өндiрiп алу даусыз (акцептсiз) тәртiппен жүргiзiлетiн орындау құжаттары немесе өзге де құжаттар бойынша өндiрiп алуды тоқтата тұруға құқылы.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 09.08.02 ж. № 346-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31-бап өзгертілді
31-бап. Iстi соттың қарауына дайындау
1. Кредитордың немесе прокурордың сотқа осы Заңның 29-бабының ережелерiн ескере отырып табыс еткен талабына борышкердiң қарсылық бiлдiрген жауабының болуы iстi сотта қарауға дайындау үшiн негiз болып табылады.
2. Борышкердiң банкроттығы туралы iстi сотта қарауға дайындау кезiнде Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңнамасында көзделген әрекеттермен қатар сот:
1) iстi сот отырысында қаралатын уақыты мен орнын iске қатысатын уәкілетті органға, кредиторларға, прокурорға және өзге де тұлғаларға хабарлайды;
2) осы Заңның 18-бабының 2-тармағында және 19-бабында көзделген мәлiметтер мен құжаттарды борышкерден талап етiп алады;
3) iстi мәнi бойынша қарау үшiн соттың отырысын тағайындайды.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 32, 33-баптар алынып тасталды
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 34-бап жаңа редакцияда
34-бап. Соттың iстi қарауы
Iстi алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн, бiрақ iс қозғалған соң бiр айдан кешiктiрiлмей, банкроттық туралы iс соттың қарауына тағайындалуға тиiс, ол туралы сот ұйғарым шығарады.
Банкроттық туралы iс сотқа өтiнiш түскен күннен бастап екi айдан аспайтын мерзiмде сот отырысында қаралуға тиiс.
2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
35-бап. Банкроттық туралы iс бойынша сот қаулылары
1. Сот банкроттық туралы iстi сот отырысына қарап, мынадай сот актілерінiң бiрiн қабылдай алады:
1) борышкердi банкрот деп тану және конкурс жүргiзу туралы шешiм;
2) борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм;
3) өтiнiш жасалған жағдайда оңалту рәсiмiн қолдану туралы ұйғарым;
4) iс жүргiзудi қысқарту туралы ұйғарым.
2. Соттың осы баптың 1-тармағында көзделген шешiмдерi мен ұйғарымдары, осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес болуға тиiс.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 18.12.00 ж. № 128-II ҚР Заңымен; 02.03.01 ж. № 162-II ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 36-бап өзгертілді
36-бап. Борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм
1. Соттың борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiмi мынадай жағдайларда:
1) iс қозғалған кезден бастап екi айдан аспайтын мерзiмде соттың iстi қарауы барысында борышкер өзiнiң қабiлеттiлiгiн дәлелдей алмағанда;
2) iс қозғалған кезден бастап отыз күннен аспайтын мерзiмде, оның дәрменсіздігін растайтын құжаттарды қоса борышкердiң өз жауабында дәрменсiздiгiн мойындағанда;
3) iс қозғалған кезден бастап он күннен аспайтын мерзiмде, оның дәрменсіздігін растайтын құжаттарды қоса борышкер өзiн банкрот деп тану туралы арыз бергенде;
4) кредиторлар комитетiнiң бас тарту туралы шешiмi алынған кезден бастап бес күннен аспайтын мерзiмде, осы Заңның 14-бабы 2-тармағының талаптарын сақтай отырып, кредиторлар комитетi борышкерге оңалту рәсiмдерiн қолданудан бас тартқанда;
5) банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу жаңғыртылған күннен бастап он күннен аспайтын мерзiмде оңалтуды басқарушы оңалту рәсiмдерiнiң сәтсiз өткiзiлгенi туралы уәкілетті органның қорытындысымен сотқа жазбаша жүгiнгенде ;
6) банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу жаңартылған күннен бастап он күннен кешіктірілмейтін мерзімде оңалту мақсаттарына қол жеткізу мүмкін болмауына байланысты оңалту рәсімін тоқтату туралы уәкілетті орган мәлімдегенде шығарылады.
2. Соттың борышкердi банкрот деп тану туралы шешiмiнде:
1) борышкердi тарату туралы;
2) уәкілетті органға конкурстық басқарушыны тағайындауға тапсырма беру туралы;
3) шешiм шығарылғанға дейiн сотқа жүгiнген кредиторлардың мәлiмделген талаптарының сомасы туралы ;
4) борышкердің лауазымды тұлғаларының құрылтай, қаржы және оның мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарын, сондай-ақ борышкердің мөрін конкурстық басқарушыға ол тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде беру туралы нұсқаулар болуға тиіс.
2-1. Уәкілетті орган конкурстық басқарушының борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін бес күн мерзімнен кешіктірмей тағайындайды.
3. Борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы хабарландыруды конкурстық басқарушы ол тағайындалған күннен бастап он күннен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды.
Борышкердi банкрот деп тану туралы жарияланымда:
1) борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығарған соттың атауы;
2) банкроттың атауы және орналасқан жерi;
3) жарияланым шыққан күннен бастап екi ай мерзiм iшiнде өздерiнiң борышкерге қоятын талаптарын табыс ету қажеттiгi туралы кредиторларға хабарлама болуға тиiс.
2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
37-бап. Соттың борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы
шешiмi
1. Егер кредиторлардың қойған талаптарына борышкер қарсылықтарын сот дәлелдi деп таныса, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
2. Соттың борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiмi кредиторларды Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртiп бойынша борышкерге өз талаптарын қою құқығынан айырмайды.
38-бап. Жалған банкроттық кезіндегі сот шешiмi
1. Жалған банкроттық белгiлерi болған кезде кiнәлi лауазымды адамдардан барлық сот шығындарын өндiрiп ала отырып, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарады.
2. Сот шешiмiнде жалған банкроттықтан келтiрiлген шығындарды борышкерден өтеудi талап етуге кредиторлардың құқығы көрсетiлуге тиiс (осы Заңның 5-бабының 2-тармағы).
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен ; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 39-бап өзгертiлдi
39-бап. Iс бойынша iс жүргiзудi қысқарту туралы ұйғарым
1. Банкроттық туралы iс бойынша iстi сот Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңнамасында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ мына жағдайларда:
1) оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатында қол жеткiзiлгенде;
3) борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiштi керi қайтарып алғанда (осы Заңның 15-бабының 4-тармағы) қысқартады.
2. Оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатына қол жеткiзiлуiне байланысты соттың банкроттық туралы iс бойынша iстi қысқарту жөніндегі ұйғарымында:
1) оңалтуды басқарушының есебiн бекіту туралы;
2) оңалту рәсiмiн тоқтату туралы нұсқаулар болуға тиiс.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 40-бап өзгертілді
40-бап. Әкiмшiлiк шығыстарын бөлу
1. Борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм қабылданған кезде әкiмшiлiк шығыстары борышкердiң мүлкiне жатқызылады және осы мүлiктiң есебiнен кезектен тыс өтеледi. Оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатында қол жеткiзiлуiне байланысты iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым шығарылған кезде сот және әкiмшiлiк шығыстары осы тәртiппен өтеледi.
2. Борышкердiң кредиторлардың талаптарына қарсылықтарын соттың дәлелдi деп тануына байланысты борышкердi банкрот деп танудан бас тартылған жағдайда осы баптың 1-тармағында көзделген шығындар сотқа өтiнiш берген кредиторларға жатқызылады және олардың арасында талаптарына қарай бөлiнедi.
2006.10.01 № 115-III Заңымен 41 - бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
41-бап. Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi. Шешiмдi
(ұйғарымды) қайта қарау
Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi мен оларды апелляциялық және қадағалау тәртібімен қайта қарау азаматтық сот iсiн жүргiзу ережелерi бойынша жүзеге асырылады.
2006.10.01 № 115-III Заңымен 3-1- тараумен толықтырылды
3-1-тарау. Сырттай байқау
41-1-бап. Сырттай байқау
2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Кредитордың не уәкілетті органның өтініші бойынша сот сырттай байқау рәсімін енгізу туралы іс қозғау жөнінде ұйғарым шығарады.
Борышкерге қатысты сырттай байқау рәсімі:
1) сырттай байқау рәсімін қолдануға келісім білдірген кемінде үш кредитор, оның ішінде өтініш беруші болған кезде;
2) борышкердің төлем қабілеті болмаған кезде үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге енгізілуі мүмкін.
Бұл ретте, өтініш берушінің ұсынысы бойынша кредиторлардың болуын борышкерден кредиторларының және олардың мүліктік талаптарының мөлшері туралы мәліметті талап ету арқылы сот белгілейді.
Соттың сырттай байқауды енгізу туралы ұйғарымында уәкілетті органға бес күндік мерзімде сырттай байқау әкімшісін тағайындау тапсырылатыны көрсетіледі.
Сырттай байқау әкімшісін тағайындау тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
2. Сырттай байқау әкімшісі болып банкроттық рәсімдерінде төлемге қабілетсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган берген лицензиясы бар жеке тұлға - жеке кәсіпкер тағайындалады.
Осы Заңның 9-бабының 4-тармағында көрсетілген тұлғалар сырттай байқау әкімшісі болып тағайындала алмайды.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сырттай байқау әкімшісі лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, борышкердің істерін және мүлкін басқаруға қандай тәртіппен тағайындалған болса, аталған өкілеттіктерді жүзеге асырудан сондай тәртіппен шеттетілуге тиіс.
Лицензиясынан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.
4. Сырттай байқау енгізілген кезде мынадай салдарлар туындайды:
1) кредиторлардың борышкерге қатысты кез келген талаптары осы Заңда көзделген сырттай байқау рәсімі шегінде ғана қойылуы мүмкін;
2) борышкердің лауазымды тұлғаларына өздеріне тиесілі акцияларды, борышкер мүлкіндегі үлестерін иеліктен айыруына тыйым салынады.
5. Сотқа сырттай байқауды енгізу туралы өтініш берген кезде кредитор салық қызметінің тиісті органына хабарлама жібереді.
41-2-бап. Кредиторлар комитетін құру
1. Сырттай байқау кезінде кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар комитеті құрылады, оның құрамын осы баптың талаптарына сәйкес сырттай байқау әкімшісі құрады және оны уәкілетті орган бекітеді.
2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Кредиторлар комитетінің құрамына борышкерге ең көп талабы бар азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша кредиторлар, сондай-ақ еңбекақы төлеу бойынша және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредиторлардың өкілдері кіруі мүмкін.
3. Өтініштері бойынша сырттай байқау рәсімі енгізілген кредиторлар, талаптардың мөлшеріне қарамастан, кредиторлар комитетінің құрамына енгізіледі.
4. Кредиторлар комитеті мүшелері жеті адамнан аспайтын тақ саннан тұрады.
41-3-бап. Кредиторлар комитетінің өкілеттіктерi
Кредиторлар комитетінің өкілеттіктеріне:
1) сырттай байқау әкімшісінің іс-әрекеттерін үйлестіру мен бақылау;
2) борышкердің негізгі құралдарды иеліктен айыру, мүлікті кепілге немесе жалға беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ олардың орындалуы борышкерге залал келтіруі мүмкін, нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткіліксіз негіздер бойынша өзге мәмілелер жасауына қатысты сырттай байқау әкімшісінің іс-әрекеттерін келісу, қайта ұйымдастыруды жүргізу;
3) сырттай байқау әкімшісімен борышкердің мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, нәтижесінде борышкердің төлемге қабілетсіздігі туындаған, сырттай байқау рәсімін енгізгенге дейін жасалған оның мәмілелерін және іс-әрекеттерін анықтау мен талдау, мүлікті түгендеу актілері бойынша салыстыру жүргізу жөніндегі іс-шаралар және осы Заңда белгіленген өзге де іс-шаралар туралы уәкілетті органмен келісілген келісім жасау;
4) уәкілетті органға сырттай байқау әкімшісінің іс-әрекеттері жөнінде шағымдану;
5) сырттай байқау рәсімін ұзарту немесе тоқтату туралы сотқа өтініш жасау жатады.
2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 41-4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
41-4-бап. Сырттай байқау әкімшісінің өкілеттіктерi
1. Сырттай байқау әкімшісі:
1) сотқа борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар қолдану, сондай-ақ мұндай шаралардың күшін жою туралы өтініш жасауға;
2) түгендеу актілері бойынша борышкердің мүлкіне салыстыру жүргізуге;
3) борышкерден берешек сомасы көрсетілген оның кредиторлары мен дебиторларының толық тізбесін, активтері мен пассивтері толық көрсетілген балансын, борышкердің қаржылық жағдайы туралы есепті және басқа да қажетті ақпаратты талап етуге;
4) сот алдында үшінші тұлғалардан қажетті құжаттарды, қорытындыларды табыс ету және (немесе) оларды талап ету, олардың борышкердің алдыңғы үш жылдағы қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты өзге мәліметтерді табыс етуі туралы өтініш жасауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы мәліметтермен олардың тұрған жерінде танысуға;
5) сырттай байқау рәсімі енгізілгенге дейінгі алдыңғы үш жыл ішінде жасалып, борышкердің қаржылық жағдайын нашарлатқан мәмілелерді анықтауға, борышкерден оларды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен бұзуды талап етуге;
6) борышкерден осы Заңның 41-7-бабында көзделген өзінің міндеттерін орындауын талап етуге;
7) осы Заңда көзделген тәртіппен және мөлшерде сыйақы алуға құқылы.
2. Сырттай байқау әкімшісі:
1) борышкерге қатысты өз іс-әрекеттерін кредиторлар комитетімен келісуге;
2) борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және оны қорғау жөнінде шаралар қолдануға;
3) әдейі және жалған банкроттық белгілерінің бар екенін анықтауға және анықталған белгілер туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға не борышкерден оның қаржылық жағдайын нашарлатқан мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді жарамсыз деп тануын талап етуге;
4) борышкердің кредиторлары мен дебиторларын анықтауға, борышкерден дебиторлық берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қолдануын талап етуге;
4-1) уәкілетті органның сұратуы бойынша оған сырттай байқау рәсімі бойынша қажетті ақпарат беруге;
5) сырттай байқау кезеңі аяқталғаннан кейін кредиторлар комитетімен және уәкілетті органмен келісілген, борышкердің төлем қабілетін қалпына келтіру мүмкіндігі және оған қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы не борышкерді банкрот деп тану туралы қорытындысы бар өз қызметі туралы есепті сотқа табыс етуге міндетті.
41-5-бап. Сырттай байқау әкімшісінің жауапкершілігi
Сырттай байқау әкімшісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 41-6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41-6-бап. Сырттай байқау шығыстары
Сырттай байқау әкімшісіне әкімшілік шығыстар мен ағымдағы төлемдер мөлшері кредиторлар мен сырттай байқау әкімшісі арасында жасалатын келісіммен айқындалады.
Сырттай байқау әкімшісіне әкімшілік шығыстар мен ағымдағы төлемдер сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген елу айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айына бір рет борышкердің мүлкі есебінен төленеді.
41-7-бап. Борышкердің міндеттерi
Борышкер:
2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)