Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 249 Қаулысы
(2008.20.05. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 26 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік кешеннің басым салаларын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінде:
356-тармақтың екінші абзацындағы «заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және арттыруға қаражат бөлуді қоспағанда,» деген сөздер алынып тасталсын;
358-тармақтың 1) тармақшасы «болмаған» деген сөзден кейін «не жетіспеген» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 370-1-тармақпен толықтырылсын:
«370-1. Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына қауіп тудыратын жағдайлар туындаған жағдайларды қоспағанда, қарастырылған көзделмеген шығындарға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және арттыруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлуге жол берілмейді.».
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 64168600000 (алпыс төрт миллиард бір жүз алпыс сегіз миллион алты жүз мың) теңге, оның ішінде:
1) мемлекеттік ресурстарға астық сатып алуға - 5941000000 (бес миллиард тоғыз жүз қырық бір миллион) теңге;
2) екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін кәсіпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға - 1300000000 (бір миллиард үш жүз миллион) теңге;
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 478 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизингтік компаниялар мен екінші деңгейдегі банктер ұсынатын қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкаларын субсидиялауға - 1102000000 (бір миллиард бір жүз екі миллион) теңге;
4) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдауға ағымдағы нысаналы трансферттер (субсидиялау) - 14925600000 (он төрт миллиард тоғыз жүз жиырма бес миллион алты жүз мың) теңге;
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 478 Қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басым бағыттарын қаржыландыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруына осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес оның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен 40900000000 (қырық миллиард тоғыз жүз миллион) теңге бөлінсін.
3. Осы қаулының 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қаражатты игеру «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының 8-тармағына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдауға бағытталатын қаражатты облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша ағымдағы нысаналы трансферттермен бөлу бекітілсін.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды қолдауға бағытталған іс-шараларды іске асыру жөніндегі қосымша шешімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді;
2) қаражатты уақтылы және мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 478 Қаулысымен 1 қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 14 наурыздағы
№ 249 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік
кешенін дамытудың басым бағыттары бойынша іс-шараларды
қаржыландыру
мың теңге
Іс-шаралардың атауы | Жиыны |
Кейіннен еншілес акционерлік қоғамдарының жарғылық капиталын ұлғайта отырып "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту, оның ішінде: | 40 900 000 |
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ | 10 612 100 |
Тамшылатып суаруды қолдана отырып жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісін дамыту | 1 314 100 |
Ауыл шаруашылығы өнімінің көтерме базарын салу | 3 298 000 |
Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, оның ішінде кредит беру арқылы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын және дәнді дақылдардың шығымдылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін қаржыландыру | 6 000 000 |
«ҚазАгроҚаржы» АҚ | 18 487 900 |
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды қаржыландыру (о.і.кейіннен лизингке беру үшін) | 4 700 000 |
Технологиялық жабдықтар мен арнайы техниканы сатып алуды қаржыландыру (о.і. кейіннен лизингке беру үшін) | 2 634 000 |
Ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін қайта өңдеу жөнінде жабдықтарды, сондай-ақ құс өсіру фермаларын құру үшін негізгі құралдарды сатып алуды қаржыландыру (о.і.кейіннен лизингке беру үшін) | 2 400 000 |
Негізгі құралдарды сатып алуды қаржыландыру (о.і. кейіннен лизингке беру үшін) және сүт пен ет бағытындағы ірі-тауарлы мал шаруашылығы фермаларын құру үшін айналым қаражатын толықтыруға ішінара кредит беру | 8 753 900 |
«Аграрлық кредит беру корпорациясы» АҚ | 5 300 000 |
Ауыл шаруашылығы өндірісіне және ауылдық кредит серіктестіктері жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін өнеркәсіпке кредит беру | 3 200 000 |
Ауыл шаруашылығы өнімдерін бірлесіп өндіруді жүргізу, дайындау, өткізу, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, тауарлық-материалдық құндылықтармен жабдықтау жөніндегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бірлестіктері мен ауыл тұрғындарына кредит беру | 1 300 000 |
Ауылдық жерлердегі ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызмет түрлеріне кредит беру | 800 000 |
«Мал өнімдері корпорациясы» АҚ | 6 500 000 |
Дамыған инфрақұрылымы бар қазіргі заманғы бордақылау алаңдарын құру | 5 500 000 |
Мал шаруашылығы өнімін сатып алу, қайта өңдеу, тасымалдау және сақтау | 1 000 000 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 14 наурыздағы
№ 249 қаулысына
2-қосымша
Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдауға
бағытталатын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттердің
сомасын бөлу
мың теңге
Р/с № | Облыстар мен қалалардың атауы | Шығыстар сомасы | Оның ішінде |
Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға | Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту | Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанаржағармай материалдары мен басқа да тауарлық- материалды құндылықтардың құнын арзандатуға | Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға | Жеміс дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге | Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Барлығы | 14925600,0 | 961862,0 | 359700,0 | 7195000,0 | 400000,0 | 365974,0 | 5643064,0 |
1 | Ақмола облысы | 1311577,0 | 160786,0 | 38000,0 | 613807,0 | | | 498984,0 |
2 | Ақтөбе облысы | 377574,0 | 17638,0 | 4070,0 | 161832,0 | | | 194034,0 |
3 | Алматы облысы | 3769507,0 | 244394,0 | 43830,0 | 1326632,0 | 265470,0 | 109889,0 | 1779292,0 |
4 | Атырау облысы | 102103,0 | | 38962,0 | 12434,0 | | 47447,0 | 3260,0 |
5 | Шығыс Қазақстан облысы | 2157985,0 | 27545,0 | 89793,0 | 834965,0 | 12243,0 | 5221,0 | 1188218,0 |
6 | Жамбыл облысы | 643154,0 | 45047,0 | 18112,0 | 574569,0 | | | 5426,0 |
7 | Батыс Қазақстан облысы | 232654,0 | 23302,0 | 4875,0 | 177240,0 | | 16077,0 | 11160,0 |
8 | Қарағанды облысы | 814632,0 | 24902,0 | 21625,0 | 254457,0 | 30595,0 | | 483053,0 |
9 | Қостанай облысы | 1649384,0 | 171722,0 | 25340,0 | 976391,0 | | | 475931,0 |
10 | Қызылорда облысы | 136923,0 | 7477,0 | 2385,0 | 122464,0 | | 1483,0 | 3114,0 |
11 | Маңғыстау облысы | 2407,0 | | | 2407,0 | | | |
12 | Павлодар облысы | 1250594,0 | 20694,0 | 25558,0 | 627101,0 | | | 577241,0 |
13 | Солтүстік Қазақстан облысы | 1210378,0 | 147365,0 | 8745,0 | 859128,0 | | | 195140,0 |
14 | Оңтүстік Қазақстан облысы | 1265213,0 | 70990,0 | 38405,0 | 650058,0 | 91692,0 | 185857,0 | 228211,0 |
15 | Астана қаласы | 1515,0 | | | 1515,0 | | | |