Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 249 Қаулысы
(2009.26.02 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік кешеннің басым салаларын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ҚР Үкіметінің 2009.26.02 № 220 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2008.26.06. № 623 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.17.07. № 695 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 33621500000 (отыз үш миллиард алты жүз жиырма бір миллион бес жүз мың теңге, оның ішінде:
ҚР Үкіметінің 2008.26.06. № 623 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік ресурстарға астық сатып алуға - 320000000 (үш жүз жиырма миллион) теңге;
ҚР Үкіметінің 2008.25.11 № 1084 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін кәсіпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға - 867259673 (сегіз жүз алпыс жеті миллион екі жүз елу тоғыз мың алты жүз жетпіс үш) теңге;
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 478 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.26.06. № 623 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.25.11. № 1084 (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизингтік компаниялар мен екінші деңгейдегі банктер ұсынатын ауыл шаруашылығы техникасы, қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкаларын субсидиялауға - 534740327 (бес жүз отыз терт миллион жеті жүз қырық мың үш жүз жиырма жеті) теңге;
ҚР Үкіметінің 2008.17.07. № 695 Қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдауға ағымдағы нысаналы трансферттер (субсидиялау) - 15855600000 (он бес миллиард сегіз жүз елу бес миллион алты жүз мың) теңге;
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 478 Қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.26.06. № 623 Қаулысымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басым бағыттарын қаржыландыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруына осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес оның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен 40900000000 (қырық миллиард тоғыз жүз миллион) теңге бөлінсін.
көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын
3. Осы қаулының 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қаражатты игеру «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының 8-тармағына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдауға бағытталатын қаражатты облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша ағымдағы нысаналы трансферттермен бөлу бекітілсін.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды қолдауға бағытталған іс-шараларды іске асыру жөніндегі қосымша шешімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді;
2) қаражатты уақтылы және мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 478 Қаулысымен 1 қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.26.06. № 623 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 14 наурыздағы
№ 249 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін
дамытудың басым бағыттары бойынша іс-шараларды қаржыландыру
мың теңге
Іс-шаралардың атауы | Жиыны |
Кейіннен еншілес акционерлік қоғамдарының жарғылық капиталын ұлғайта отырып, «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту, оның ішінде: | 16 043 900 |
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ | 4 813 900 |
Тамшымен суаруды қолдану арқылы жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісін дамыту | 720 000 |
Ауыл шаруашылығы өнімінің көтерме сауда базарын салу | 110 000 |
Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру (о.і. кредит беру арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын және дәнді дақылдардың шығымдылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін) | 3 983 900 |
«ҚазАгроҚаржы» АҚ | 7 230 000 |
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды қаржыландыру (о.і. кейіннен лизингке беру үшін) | 4 700 000 |
Технологиялық жабдықтар мен арнаулы техниканы сатып алуды қаржыландыру (о.і. кейіннен лизингке беру үшін) | 1 550 000 |
Ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін қайта өңдеу бойынша жабдықтарды, сондай-ақ құс өсіру фермаларын құру үшін негізгі құралдарды сатып алуды қаржыландыру (о.і. кейіннен лизингке беру үшін) | 980 000 |
«Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ | 3 500 000 |
Ауылдық кредит серіктестіктері жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы өндірісі мен ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін өнеркәсіпке кредит беру | 3 200 000 |
Ауылдық жерлердегі ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызмет түрлеріне кредит беру | 300 000 |
«Мал өнімдері корпорациясы» АҚ | 500 000 |
Мал шаруашылығы өнімін сатып алу, қайта өңдеу, тасымалдау және сақтау | 500 000 |
ҚР Үкіметінің 2008.17.07. № 695 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.22.10. № 977 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 14 наурыздағы
№ 249 қаулысына
2-қосымша
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік
қолдауға бағытталған ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын
бөлу
мың теңге
Р/с № | Облыстар мен қалалардың атауы | Шығыстар сомасы | Оның ішінде |
| | | тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға | асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту | өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар жағармай материалдары мен басқа да тауарлық- материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға | ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға | жеміс дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге | мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Барлығы | 15855600,0 | 961862,0 | 542766,0 | 7439224,0 | 400000,0 | 365974,0 | 6145774,0 |
1 | Ақмола облысы | 1225840,0 | 151126,0 | 30660,0 | 613807,0 | | | 430247,0 |
2 | Ақтөбе облысы | 382504,0 | 17638,0 | | 161832,0 | | | 203034,0 |
3 | Алматы облысы | 3686325,0 | 175336,0 | 83830,0 | 952508,0 | 265470,0 | 109889,0 | 2099292,0 |
4 | Атырау облысы | 94608,0 | | 38962,0 | 12434,0 | | 29952,0 | 13260,0 |
5 | Шығыс Қазақстан облысы | 2030836,0 | 48934,0 | 135283,0 | 846563,0 | 12243,0 | | 987813,0 |
6 | Жамбыл облысы | 541320,0 | 55213,0 | 58112,0 | 422569,0 | | | 5426,0 |
7 | Батыс Қазақстан облысы | 325867,0 | 33315,0 | 4875,0 | 177240,0 | | 16077,0 | 94360,0 |
8 | Қарағанды облысы | 939632,0 | 24902,0 | 46625,0 | 254457,0 | 30595,0 | | 583053,0 |
9 | Қостанай облысы | 1703534,0 | 208872,0 | 25340,0 | 976391,0 | | | 492931,0 |
10 | Қызылорда облысы | 895673,0 | 7477,0 | 2385,0 | 881214,0 | | 1483,0 | 3114,0 |
11 | Маңғыстау облысы | 2407,0 | | | 2407,0 | | | |
12 | Павлодар облысы | 1250594,0 | 20694,0 | 25558,0 | 627101,0 | | | 577241,0 |
13 | Солтүстік Қазақстан облысы | 1398030,0 | 147365,0 | 8745,0 | 859128,0 | | | 382792,0 |
14 | Оңтүстік Қазақстан облысы | 1376915,0 | 70990,0 | 82391,0 | 650058,0 | 91692,0 | 208573,0 | 273211,0 |
15 | Астана қаласы | 1515,0 | | | 1515,0 | | | |