Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 Қаулысы
(2008.23.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 өзгерістер мен толықтырулар енгізілу туралы қаулысын қара (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 58-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесі бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-29, 31, 32, 34, 35, 37, 40, 41, 45-51, 54, 72-75-тармақтарды қоспағанда, 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 20 наурыздағы
№ 225 қаулысымен
бекітілген
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесi
1-бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
2-бөлім. Қаржыландыру жоспарларын әзірлеу, жасау және бекіту тәртібi. Қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу тәртібi
2-тарау. Жылдық қаржыландыру жоспары
3-тарау. Қаржыландыру жоспарларының түрлерi
4-тарау. Жеке қаржыландыру жоспарларын, міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын жасау және бекіту тәртібi
5-тарау. Түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын жасау және бекіту тәртібi
6-тарау. Түсімдер мен жиынтық қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу тәртібi
3-бөлім. Бюджетті атқару
7-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ереже
4-бөлім. Ұлттық валютада түсімдер бойынша бюджеттің атқарылуы
8-тарау. Түсімдерді есепке алу мен бөлу
9-тарау. Артық төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасын қайтару және/немесе
артық төленген салық сомасын есепке алу
10-тарау. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге бюджеттік алуларды аударудың тәртібі мен мерзімi
5-бөлім. Шығыстар бойынша бюджетті атқару
11-тарау. Рұқсаттар беру
12-тарау. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауы
13-тарау. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауына қойылатын талаптар
14-тарау. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу үшін мемлекеттік мекемелер беретін құжаттардың тізбесi
15-тарау. Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді ресімдеу және беру
16-тарау. Мемлекеттік мекемелердің шарттарын және азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге
арналған өтінімдерді тексеру тәртібi
17-тарау. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелерін (міндеттемелерін) тіркеу туралы хабарламаны
қалыптастыру және беру
18-тарау. Ұлттық валютада төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібi
19-тарау. Төлеуге берілетін шотты ресімдеу тәртібi
20-тарау. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы мен басқа ақша төлемдерін, жеке тұлғаларға міндетті
зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды, стипендияларды төлеу тәртібi
21-тарау. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарт талаптарына сәйкес төлемдерді
жүргізуге арналған төлеуге берілетін шоттарды беру және орындау тәртібi
22-тарау. Шарт жасаусыз төлемдерді жүргізуге арналған ақы төлеуге шоттарды беру және орындау тәртібi
23-тарау. Карт-шотты ашу және толықтыру, карт-шоттан ақшаны пайдалану тәртібі мен ақшаны пайдалану туралы есептер беру мерзімдерi
24-тарау. Мемлекеттік мекеменің жасалған төлемдер мен ақша аудару сомаларын қайтару
25-тарау. Инкассалық өкімдерді орындау тәртібi
26-тарау. Құжаттық аккредитивті пайдалану
27-тарау. Трансферттерді төмен тұрған бюджеттерге аудару тәртібi
28-тарау. Республикалық және жергілікті бюджеттерден бюджеттік субсидиялар төлеу тәртібi
29-тарау. Шетел валютасында төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыру тәртібi
30-тарау. Шетел валютасын қайта айырбастау тәртібi
31-тарау. Шетел валютасын айырбастау және аудару тәртібi
6-бөлім. Бюджет ақшасын басқару тәртібi
32-тарау. Бюджет ақшасын басқару тәртібi
33-тарау. Уақытша бос бюджет ақшасын салымдарға (депозиттерге) орналастыру тәртібi
34-тарау. Міндеттемелерді қабылдау мен тіркеу және төлемдер жүргізу рәсімдері, құпиялық белгісі бар бюджетті атқару жөніндегі операцияларды есепке алуды жүзеге асыру
7-бөлім. Мемлекеттік мекемелер өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алатын ақшаны, демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін түсімдерді, жеке немесе заңды тұлға оны қайтарып алу шартымен мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны пайдалану
35-тарау. Жалпы ережелер
36-тарау. Демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер бойынша операцияларды жүзеге асыру
37-тарау. Мемлекеттік мекемеге оларды қайтарып алу шартымен берілетін ақша бойынша операцияларды жүзеге асыру
38-тарау. Мемлекеттік мекемелер өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша
39-тарау. Мемлекеттік мекеме өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалу жоспарларын қалыптастыру және бекіту
40-тарау. Мемлекеттік мекемелер өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалу жоспарларына өзгерістер енгізу
41-тарау. Мемлекеттік мекемелердің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны есепке алу және бақылау
8-бөлім. Сайлауларды қаржыландыру және бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу тәртібi
42-тарау. Сайлауларды мемлекеттік қаржыландыру
43-тарау. "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану тәртібi
44-тарау. Қазақстан Республикасы Yкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібi
45-тарау. Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық- экономикалық негіздемесін әзірлеуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібi
46-тарау. Концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыруға арналған қаражатты бөлу тәртібi
9-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері мен есептілігi
47-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу тәртібi
48-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану тәртібi
49-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оны пайдалану туралы жылдық есепті жасаудың тәртібі мен нысандары
10-бөлім. Бюджеттік кредит беру тәртібi
50-тарау. Бюджеттік кредит беру жөніндегі қаржылық рәсімдер
51-тарау. Қарыз алушының кредиттік қабілетінің өлшемдерi
52-тарау. Қарыз алушы банктерді іріктеу тәртібi
53-тарау. Қазақстан Республикасы Yкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша кірістіліктің орта мөлшерлі ставкасын анықтау тәртібi
54-тарау. Бюджеттік кредиттің мақсатты пайдаланылуын және ол бойынша міндеттемелерді қамтамасыз
етудің болуын бақылауды жүзеге асыру тәртібi
55-тарау. Жергілікті атқарушы органнан мақсатқа сай пайдаланылмаған бюджеттік кредит бойынша берешек сомасын және/немесе бюджеттік кредит сомасын өндіріп алу жөніндегі рәсімдер
56-тарау. Бюджеттік кредит бойынша берешекті өндіріп алу есебіне өндіріп алынған мүлікті сату және
(немесе) мемлекеттік меншікке айналдыру тәртібi
11-бөлім. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар
57-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу тәртібi
58-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару жолымен қарыз алуы
59-тарау. Қарыз шарттарын жасасу жолымен Қазақстан Республикасы Yкіметінің қарыз алуы
60-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру
61-тарау. Қарыз және грант қаражаты есебінен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша конкурстар өткізу
62-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарыздарды алу және пайдалану
63-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерімен мемлекеттік емес қарыздар қаражатының есебінен қаржыландыру үшін инвестициялық жобаларды іріктеу
64-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерімен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға арналған инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру, қарау және бекіту
65-тарау. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру рәсімi
66-тарау. Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының қарыз алу тәртібi
67-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарызды алған қарыз алушының қаржылық жай-күйі мониторингінің тәртібi
68-тарау. Yкіметтік қарыздарды, жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын және мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі төлемдерді, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында сатып алуды, сондай-ақ мәмілелер бойынша төлемдерді өтеу, оларға қызмет көрсету, жоспарлау тәртібi
69-тарау. Үкіметтік қарыздарды, жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын және мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі, сондай-ақ мәмілелер бойынша төлемдерді жүзеге асыру тәртібi
70-тарау. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш мониторингінің тәртібi
71-тарау. Yкіметтік сыртқы қарыздар, байланысты гранттар қаражаты және бірлесіп қаржыландыру қаражаты есебінен қаржы операцияларын жүзеге асыру тәртібi
72-тарау. Мемлекет кепілгерлігімен қарыздар алу және оларды пайдалану тәртібi
73-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру үшін
74-тарау. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылған инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастыру, қарау және бекіту
75-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекет кепілгерлігін беру рәсімi
Түпнұсқада мазмұны жоқ
1-бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесі (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік мекемелердің және уәкілетті мемлекеттік органдардың бюджетке түсімдердің түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бойынша іс-әрекетінің тәртібін айқындайды.
2-бөлім. Қаржыландыру жоспарларын әзірлеу, жасау және бекіту тәртібi
Қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу тәртібi
2-тарау. Жылдық қаржыландыру жоспары
2. Жылдық қаржыландыру жоспары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органның қаулысына сәйкес әзірленеді.
3. Жылдық қаржыландыру жоспары бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджетті бекіту (нақтылау, түзету) кезінде қабылданған шешімдерді ескере отырып, пысықталған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімнің құрамында ұсынылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығыстардың есебі негізінде жасалады.
4. Тиісті қаржы жылына арналған жылдық қаржыландыру жоспарын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді және оны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға береді, сондай-ақ оны бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жоспарлының алдындағы жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жібереді.
5. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі айқындаған жағдайда, сондай-ақ шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша бюджеттің шығыстарын түзетуді талап ететін басқа да факторлар пайда болған кезде бюджетті атқару үдерісінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ережеде белгіленген тәртіппен міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына тиісті өзгерістер енгізу жолымен бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландырудың жылдық көлеміне өзгерістер енгізе алады.
6. Бюджетті нақтылаған, түзеткен жағдайда, бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жылдық қаржыландыру жоспарына өзгерістерді бекітеді және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға береді, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік бағдарламалар паспорттарының тиісті өзгерістерін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жібереді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жылдық қаржыландыру жоспарлары ерекшеліктерінің бюджеттік бағдарламалардың паспорттарындағы іс-шараларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
3-тарау. Қаржыландыру жоспарларының түрлерi
7. Бюджетті атқару үшін қаржыландыру жоспарларының мынадай түрлерін:
мемлекеттік мекемелер - міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын (бұдан әрі - жеке қаржыландыру жоспарлары);
бюджеттік бағдарламалар әкімшісі - міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі - міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары) және төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі - төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары);
бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган - түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын әзірлейді.
Жеке қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, бюджетке түсетін түсімдер жоспары, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына, бюджеттік бағдарламалардың бекітілген паспорттарына, жылдық қаржыландыру жоспарына, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтініміне, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына (бұдан әрі - ҚР ББС), Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына (бұдан әрі - Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығы) сәйкес және осы Ережеде белгіленген тәртіппен әзірленеді.
Жеке қаржыландыру жоспарлары бөлшек қалдықтары бар, үтірден кейін бір белгісі бар сандармен мың теңгемен қалыптастырылады, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік түсімдер жоспарлары, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспары бөлшек қалдығынсыз бүтін сандармен мың теңгемен қалыптастырылады.
4-тарау. Жеке қаржыландыру жоспарларын, міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын жасау және бекіту тәртібi
ҚР Үкіметінің 2008.02.04. № 313 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Бюджетті атқару үдерісінде жеке қаржыландыру жоспары мынадай: міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспары (бұдан әрі - міндеттемелер бойынша жеке жоспар) және төлемдер бойынша мемлекеттік мекемені жеке қаржыландыру жоспары (бұдан әрі - төлемдер бойынша жеке жоспар) нысанында осы Ережеге 1-4-қосымшаларға сәйкес шығыстардың экономикалық сыныптамасына сай нысандар бойынша қалыптастырылатын мемлекеттік мекеменің негізгі құжаты болып табылады.
9. Міндеттемелер бойынша жеке жоспар қаражаттың көлемін айқындайды, оның шегінде мемлекеттік мекеме бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген іс-шараларды іске асыру үшін міндеттемелер қабылдайды.
10. Төлемдер бойынша жеке жоспар қаражаттың көлемін айқындайды, оның шегінде мемлекеттік мекеме қабылданған міндеттемелер бойынша төлемдер жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2008.02.04. № 313 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының жобалары мынадай талаптардың негізінде әзірленеді:
бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджетті бекіту немесе нақтылау кезінде қабылданған шешімдерді ескере отырып пысықталған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімінде (бұдан әрі - бюджеттік өтінім) ұсынылған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстардың есептері;
бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша нормативтік құқықтық актілер;
басқа да нормативтік құқықтық актілер;
бекітілген паспорттың бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес келуі;
міндеттемелерді уақтылы қабылдауды және орындауды қамтамасыз ету;
өткен қаржы жылдарында бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалу серпіні;
шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымы.
Экономикалық сыныптама ерекшеліктері бөлінісінде міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) паспортында көзделген міндеттемелерді қабылдау мерзіміне, іс-шараларды орындау мерзіміне, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу мерзіміне, жұмыстарды жүргізу маусымдылығына, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру үшін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мерзіміне сәйкес келуі тиіс.
Төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу паспортта көзделген әрбір бюджеттік бағдарлама және кіші бағдарлама бойынша тиісті қаржы жылы ішінде іс-шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша төлемдерді жүзеге асыру мерзіміне сәйкес келуі және аванстық төлемдерді төлеудің болжамды мерзімін ескеруі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.02.04. № 313 Қаулысымен 11-1-тармақпен толықтырылды
11-1. Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және мемлекеттік бағдарламаларда көзделген міндеттерді орындау мақсатында заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын арттыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы қаржы жылында жарғылық капиталды арттыруға жіберілетін жалпы сомаға іс-шараларды орындау мерзімін көрсете отырып, бюджеттік бағдарлама паспортымен өзара үйлестірілген бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын жасайды.
ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 283 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларына, орталық атқарушы орган басшысының келісімінен кейін орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - басшы немесе ол өкілеттік берген тұлға, олардың жасалуына жауапты мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды, ал соңғылары болмаған кезде тиісті бұйрықтармен міндеттерін атқару жүктелген тұлғалар қол қояды және мемлекеттік мекеменің мөрімен расталады, жоғарыда көрсетілген тұлғалар қол қойған жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларын айларға бөлу есебі мен негіздемелері жеке қаржыландыру жоспарларымен бірге оларды бекіту және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бағдарламаларын (кіші бағдарламаларын) қаржыландыру жоспарларын бекіту әрі әзірлеу үшін белгіленген мерзімде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне беріледі.
13. Мемлекеттік мекеме жеке қаржыландыру жоспарлары жобаларының жасалу дұрыстығын және оларды тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2008.02.04. № 313 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары осы Ережеге 5-8-қосымшаларға сәйкес шығыстардың экономикалық сыныптамасына сәйкес нысандар бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын жиынтықтау жолымен қалыптастырылады.
Бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісін қаржыландыру жоспарларының жылдық сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органның қаулысымен немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген сомаға сәйкес келуі тиіс, ал бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарларында бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бөлінісінде жылдық сома бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен жылдық қаржыландыру жоспарына сәйкес келуі тиіс.
15. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жылдық қаржыландыру жоспары бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының жобаларын айларға бөле отырып, оларға есептерді және жоспарларды айға бөлу негіздемесін, сондай-ақ жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларын ұсынады.
Төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша, сондай-ақ бюджеттік кредиттер бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша тұтастай, сол сияқты төмен тұрған бюджеттердің бөлінісінде де ұсынады. Осы бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларына облыс әкімі немесе төмен тұрған бюджеттің уәкілетті органының басшысы қол қойған әрбір төмен тұрған бюджетті қаржыландыру жоспарлары жобаларының көшірмелері қоса беріледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысанда қағаз және магнит тасығыштарында, жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларын тек магнит (электрондық) тасығыштарында ғана ұсынады.
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары мен жеке қаржыландыру жоспарлары жобаларының растығын, ресімделуінің дұрыстығын және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынудың уақтылығын қамтамасыз етеді.