Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 249 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 623 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 249 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «64168600000 (алпыс төрт миллиард бір жүз алпыс сегіз миллион алты жүз мың)» деген сөздер «32691500000 (отыз екі миллиард алты жүз тоқсан бір миллион бес жүз мың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «5941000000 (бес миллиард тоғыз жүз қырық бір миллион)» деген сөздер «320000000 (үш жүз жиырма миллион)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «1102000000 (бір миллиард бір жүз екі миллион)» деген сөздер «102000000 (бір жүз екі миллион)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы қаулыға қосымшаға сәйкес «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басым бағыттарын қаржыландыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруына жарғылық капиталын ұлғайту жолымен 16043900000 (он алты миллиард қырық үш миллион тоғыз жүз мың) теңге бөлінсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 26 маусымдағы
№ 623 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін
дамытудың басым бағыттары бойынша іс-шараларды қаржыландыру
мың теңге
Іс-шаралардың атауы | Жиыны |
Кейіннен еншілес акционерлік қоғамдарының жарғылық капиталын ұлғайта отырып, «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту, оның ішінде: | 16 043 900 |
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ | 4 813 900 |
Тамшымен суаруды қолдану арқылы жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісін дамыту | 720 000 |
Ауыл шаруашылығы өнімінің көтерме сауда базарын салу | 110 000 |
Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру (о.і. кредит беру арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын және дәнді дақылдардың шығымдылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін) | 3 983 900 |
«ҚазАгроҚаржы» АҚ | 7 230 000 |
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды қаржыландыру (о.і. кейіннен лизингке беру үшін) | 4 700 000 |
Технологиялық жабдықтар мен арнаулы техниканы сатып алуды қаржыландыру (о.і. кейіннен лизингке беру үшін) | 1 550 000 |
Ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін қайта өңдеу бойынша жабдықтарды, сондай-ақ құс өсіру фермаларын құру үшін негізгі құралдарды сатып алуды қаржыландыру (о.і. кейіннен лизингке беру үшін) | 980 000 |
«Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ | 3 500 000 |
Ауылдық кредит серіктестіктері жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы өндірісі мен ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін өнеркәсіпке кредит беру | 3 200 000 |
Ауылдық жерлердегі ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызмет түрлеріне кредит беру | 300 000 |
«Мал өнімдері корпорациясы» АҚ | 500 000 |
Мал шаруашылығы өнімін сатып алу, қайта өңдеу, тасымалдау және сақтау | 500 000 |