Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 249 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 20 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік кешеннің басым салаларын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінде:
356-тармақтың екінші абзацындағы «заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және арттыруға қаражат бөлуді қоспағанда,» деген сөздер алынып тасталсын;
358-тармақтың 1) тармақшасы «болмаған» деген сөзден кейін «не жетіспеген» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 370-1-тармақпен толықтырылсын:
«370-1. Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына қауіп тудыратын жағдайлар туындаған жағдайларды қоспағанда, қарастырылған көзделмеген шығындарға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және арттыруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлуге жол берілмейді.».
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 64168600000 (алпыс төрт миллиард бір жүз алпыс сегіз миллион алты жүз мың) теңге, оның ішінде:
1) мемлекеттік ресурстарға астық сатып алуға - 5941000000 (бес миллиард тоғыз жүз қырық бір миллион) теңге;
2) екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін кәсіпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға - 1300000000 (бір миллиард үш жүз миллион) теңге;
3) ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін кәсіпорындарға лизингтік компаниялар мен екінші деңгейдегі банктер ұсынатын жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкаларын субсидиялауға - 1102000000 (бір миллиард бір жүз екі миллион) теңге;
4) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдауға ағымдағы нысаналы трансферттер (субсидиялау) - 14925600000 (он төрт миллиард тоғыз жүз жиырма бес миллион алты жүз мың) теңге;
5) «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басым бағыттарын қаржыландыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруына - 40900000000 (қырық миллиард тоғыз жүз миллион) теңге, оның ішінде: жарғылық капиталын арттыруға 34900000000 (отыз төрт миллиард тоғыз жүз миллион) теңге, осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу және минералдық тыңайтқыштарды сатып алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге кредит беруге 6000000000 (алты миллиард) теңге бөлінсін.
3. Осы қаулының 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қаражатты игеру «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының 8-тармағына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдауға бағытталатын қаражатты облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша ағымдағы нысаналы трансферттермен бөлу бекітілсін.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды қолдауға бағытталған іс-шараларды іске асыру жөніндегі қосымша шешімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді;
2) қаражатты уақтылы және мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 14 наурыздағы
№ 249 қаулысына
1-қосымша
2008 жылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік
кешенін дамытудың басым бағыттары бойынша іс-шараларды
қаржыландыру
мың теңге
Іс-шаралардың атаулары | жиыны |
Іс-шаралар бойынша барлығы, оның ішінде: | 40 900 000 |
1. Кейіннен еншілес акционерлік қоғамдарының жарғылық капиталын ұлғайту үшін «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның жарғылық қорын ұлғайтуға, оның ішінде: | 34 900 000 |
«Азық түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ | 4 612 100 |
Тамшымен суаруды қолдану арқылы жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісін дамыту | 1 314 100 |
Ауыл шаруашылығы өнімінің көтерме базарын салу | 3 298 000 |
«ҚазАгроҚаржы» АҚ | 18 487 900 |
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды қаржыландыру (о.і. кейіннен лизингке беру үшін) | 4 700 000 |
Технологиялық жабдықтар мен арнаулы техниканы сатып алуды қаржыландыру (о.і. кейіннен лизингке беру үшін) | 2 634 000 |
Ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін қайта өңдеу бойынша жабдықтар сатып алуды қаржыландыру (о.і.кейіннен лизингке беру үшін) | 2 400 000 |
Негізгі құралдардың (құрал-жабдықтар, мал, ауыл шаруашылығы техникасы) лизингі және сүт пен ет бағытындағы ірі-тауарлы мал шаруашылығы фермаларын құру үшін айналым қаражатына ішінара кредит беру | 8 753 900 |
«Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ | 5 300 000 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі мен ауылдық кредит серіктестіктері жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін өнеркәсіпке кредит беру | 3 200 000 |
Ауыл шаруашылығы өнімдерін бірлесіп өндіруді жүргізу, дайындау, өткізу, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, тауарлық-материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бірлестіктері мен ауыл тұрғындарына кредит беру | 1 300 000 |
Ауылдық жерлердегі ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызмет түрлеріне кредит беру | 800 000 |
«Мал өнімдері корпорациясы» АҚ | 6 500 000 |
Дамыған инфрақұрылымы бар қазіргі заманғы бордақылау алаңдарын құру | 5 500 000 |
Мал шаруашылығы өнімін сатып алу, қайта өңдеу, тасымалдау және сақтау | 1 000 000 |
2. Бюджеттік кредиттер беру, о.і. мыналарға: | 6 000 000 |
«Азық түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ | 6 000 000 |
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру | 5 000 000 |
Минералды тыңайтқыштар сатып алу үшін отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге кредит беру | 1 000 000 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 14 наурыздағы
№ 249 қаулысына
2-қосымша
Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдауға
бағытталатын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттердің
сомасын бөлу
мың теңге
Р/с № | Облыстар мен қалалардың атауы | Шығыстар сомасы | Оның ішінде |
Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға | Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту | Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанаржағармай материалдары мен басқа да тауарлық- материалды құндылықтардың құнын арзандатуға | Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға | Жеміс дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге | Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Барлығы | 14925600,0 | 961862,0 | 359700,0 | 7195000,0 | 400000,0 | 365974,0 | 5643064,0 |
1 | Ақмола облысы | 1311577,0 | 160786,0 | 38000,0 | 613807,0 | | | 498984,0 |
2 | Ақтөбе облысы | 377574,0 | 17638,0 | 4070,0 | 161832,0 | | | 194034,0 |
3 | Алматы облысы | 3769507,0 | 244394,0 | 43830,0 | 1326632,0 | 265470,0 | 109889,0 | 1779292,0 |
4 | Атырау облысы | 102103,0 | | 38962,0 | 12434,0 | | 47447,0 | 3260,0 |
5 | Шығыс Қазақстан облысы | 2157985,0 | 27545,0 | 89793,0 | 834965,0 | 12243,0 | 5221,0 | 1188218,0 |
6 | Жамбыл облысы | 643154,0 | 45047,0 | 18112,0 | 574569,0 | | | 5426,0 |
7 | Батыс Қазақстан облысы | 232654,0 | 23302,0 | 4875,0 | 177240,0 | | 16077,0 | 11160,0 |
8 | Қарағанды облысы | 814632,0 | 24902,0 | 21625,0 | 254457,0 | 30595,0 | | 483053,0 |
9 | Қостанай облысы | 1649384,0 | 171722,0 | 25340,0 | 976391,0 | | | 475931,0 |
10 | Қызылорда облысы | 136923,0 | 7477,0 | 2385,0 | 122464,0 | | 1483,0 | 3114,0 |
11 | Маңғыстау облысы | 2407,0 | | | 2407,0 | | | |
12 | Павлодар облысы | 1250594,0 | 20694,0 | 25558,0 | 627101,0 | | | 577241,0 |
13 | Солтүстік Қазақстан облысы | 1210378,0 | 147365,0 | 8745,0 | 859128,0 | | | 195140,0 |
14 | Оңтүстік Қазақстан облысы | 1265213,0 | 70990,0 | 38405,0 | 650058,0 | 91692,0 | 185857,0 | 228211,0 |
15 | Астана қаласы | 1515,0 | | | 1515,0 | | | |