Соңғы нәтижесі: автожолдардың технико-экономикалық жай-күйінің сапасын жоғарылату, республикалық және халықаралық қатынастардағы автомобиль жолдарында көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету үшін объектілерді пайдалануға енгізу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: белгіленген орынға дейін жүктер мен жолаушыларды жеткізу мерзімін қысқарту, көлік-құрылымдық шығындарын қысқару есебінен өзіндік құнның төмендеуі.
Уақытылығы: жұмыс өндірісінің кестесіне, жасалған келісім-шарттарға, сондай-ақ жасалған келісім-шарттар бойынша қабылданған міндеттемелерге сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне (ҚНжЕ) сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
166-ҚОСЫМША
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Республикалық маңызы бар автожолдарды күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу,
ұстау, көгалдандыру, диагностика
және аспаптық құралдармен тексеру» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 20 376 916 мың теңге (жиырма миллиард үш жүз жетпіс алты миллион тоғыз жүз он алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 17-бабы; «Жол саласының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы № 1527 қаулысы; «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 423 қаулысы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз жүріп өтуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, көгалдандыру, күтіп ұстау, пайдалануды басқару жөніндегі жұмыстарды, авариялық көпірлерді күрделі жөндеуге арналған жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу және мемлекеттік сараптамадан өткізу, көпірлерді күрделі жөндеу, жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын қамтамасыз ету үшін зертханаларды сатып алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/ с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Республикалық маңызы бар автожолдарды күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, ұстау, көгалдандыру, диагностика және аспаптық құралдармен тексеру | Авторлық қадағалауға, жер бөлуге, жылжымайтын мүлікті тіркеуге, жолдарды және жол құрылыстарын, жарықтандыруға, көпірлерді, ғимараттарды, өндірістік базаларды, күрделі жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға, материалдарды дайындауға, жарықтандыру құруға, мемлекеттік және экологиялық сараптама жүргізуге, технологиялық қамтамасыз етуге, техникалық қадағалауға, көпірді сынауға, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шығындары мен залалдарын өтеуге, жұмыстар көлемдері ведомостарын және конкурстық құжаттамаларды таралымдауға, нормативтік құжаттамаларды әзірлеу мен қайта өңдеуге арналған шығындар. І. Жобалық-сметалық құжаттамаға және шарттарға сәйкес автожолдарды және жол құрылыстарын, ғимараттарды және өндірістік базаларды күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізу, жолды, көпірді және жарықтандыруды күрделі жөндеуге арналған жобалауіздестіру жұмыстарын жүргізу, тұрпатты жобаларды әзірлеу. II. Ақаулық ведомостке, сметалық есептерге және шарттарға сәйкес орташа жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізу. III. Ақаулық ведомость пен шарттарға сәйкес республикалық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізу, автомобиль жолдарын басқару, диагностика және аспаптық құралдармен тексеру, өндірістік базаларға орман алқаптарын қоса алғандағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына техникалық паспорттар мен тұрақты жер пайдаланудың мемлекеттік актілерін ресімдеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына арналған жол-жөндеу жұмыстарын жүргізу, соның ішінде:
79 шақырым автожолдарды және 5 көпірді күрделі жөндеу;
жолды күрделі жөндеуге арналған жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу;
авариялық көпірді күрделі жөндеуге арналған жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу;
құбырлар мен көпірлерді жөндеумен 1438 дейін шақырым орташа жөндеу;
ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау, көгалдандыру, диагностика, республикалық маңыздағы жолдарда автомобиль жолдарына және өндірістік кешендерге жер учаскелерін бөлуді ресімдеу.
Соңғы нәтижесі:
қауіпсіз және үздіксіз жүріп өтуді қамтамасыз ету;
жүктер мен жолаушыларды белгіленген жерге дейін жеткізу мерзімдерін қысқарту;
көлік-құрамдас бөліктік шығындарды қысқарту;
республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы авариялық учаскелерді азайту;
республикалық маңызы бар жолдарда авариялық көпірлердің санын қысқарту.
Жөндеу жұмыстарының нәтижесі бойынша республикалық маңыздағы автожолдар желісінде мынадай жағдай болжанады: жақсы 24%, қанағаттанарлық 48%, қанағаттанғысыз 28%.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: бюджеттік қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
күрделі және орташа жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес конкурс өткізу;
қолданыстағы нормаларға сәйкес жолдарды жөндеу және күтіп ұстау сапасына бақылау жүргізу;
Уақтылығы: жасалған шарттардың талаптарына сәйкес қаржы жылының ішінде.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
167-ҚОСЫМША
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Су жолдарының кеме жүретін жағдайда
болуын қамтамасыз ету және шлюздерді ұстау»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4047966 мың теңге (төрт миллиард қырық жеті миллион тоғыз жүз алпыс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 9-бабы; «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңы; «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі № 901 қаулысы; «Су объектілерін кеме жүзетін су жолдары санатына жатқызу ережесін және кеме жүзуі үшін ашық кеме жүретін су жолдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 105 қаулысы; «Қазақстан Республикасының кеме қатынасын дамытудың және ішкі су жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2007-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі № 917 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі су жолдарында кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: навигациялық жабдықтарды қою (алып тастау) және күтіп ұстау, түбін тереңдету (жер қарпу), түзету, түбін тазарту жұмыстарын орындау арқылы кеме жүрісінің кепілдендірілген көлемдерін қамтамасыз ету; кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын (шлюздерді) қауіпсіз жұмыс жағдайында күтіп ұстау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Су жолдарының кеме жүретін жағдайда болуын қамтамасыз ету және шлюздерді ұстау | Павлодар облысы: Ертіс өзенінің ұзақтығы 634 км учаскелерінде навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету (120585 км/тәулік); 1000 мың текше м. көлемінде түбін тереңдету (жер қарпу) жөніндегі жұмыстар; түбін тазалау жұмыстары - 550,0 т; тазарту жұмыстары 188 текше метр; флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 17 (бірлік); орташа жөндеу 4 (бірлік); жабдықтау мүкәммалы мен мүліктерін жасау және жөндеу; мемлекеттік техникалық өзен жабдығын жаңғырту және жаңарту, соның ішінде: жабдық флоты (1 бірлік); қосалқы флоты (1 бірлік); Шығыс Қазақстан облысы: Шығыс Қазақстан СЖК: Ертіс өзенінің ұзақтығы 796 км учаскелерінде навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету (136877 км/тәулік); 100 мың текше м. көлемінде түбін тереңдету (жер қарау) жөніндегі жұмыстар; Ертіс және Қара Ертіс өзендерінің ұзындығы 280 км учаскелерінде арналық жобалау- іздестіру жұмыста- рын жүргізу; Өскемен, Бұқтырма және Шульба шлюздерін күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу жүргізу; Өскемен, Бұқтырма және Шульба шлюздерінің авариясыз жұмысын қамтамасыз ету; Өскемен шлюзінің төменгі айлақ қабырғасын салу; флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 27 (бірлік); орташа жөндеу 4 (бірлік); жабдықтау мүкәммалы мен мүліктерін жасау және жөндеу; мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту, соның ішінде: жер караваны (1 жиынтық) (2 кезең); Семей СЖК: Ертіс өзенінің ұзақтығы 289,5 км учаскелерінде навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету (55584 км/тәулік); 415 мың текше м. көлемінде түбін тереңдету (жер қарпу) жөніндегі жұмыстар; түзету жұмыстары 55 мың текше м.; түбін тазалау жұмыстары - 900 т; флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 20 (бірлік); орташа жөндеу 4 (бірлік); жабдықтау мүкәммалы мен мүліктерін жасау және жөндеу, әкімшілік және өндірістегі ғимараттарды жөндеу; мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту, соның ішінде: қосалқы флот (3 бірлік); Батыс Қазақстан облысы: Жайық өзенінің ұзақтығы 623 км учаскелерінде навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету (117747 км/тәулік); 240 мың текше м. көлемінде түбін тереңдету (жер қарпу) жөніндегі жұмыстар; түбін тазалау жұмыстары - 5200т; Жайық өзенінің ұзындығы 120 км учаскелерінде арналық жобалау- іздестіру жұмыста- рын жүргізу, флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 19 (бірлік); орташа жөндеу 3 (бірлік); жабдықтау мүкәммалы мен мүліктерін жасау және жөндеу, Атырау облысы: Жайық өзенінің ұзақтығы 333 км учаскелерінде навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету (66898 км/тәулік); 500 мың текше м. көлемінде түбін тереңдету (жер қарпу) жөніндегі жұмыстар флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 7 (бірлік); орташа жөндеу 1 (бірлік). Жабдықтау мүкәммалы мен мүліктерін жасау және жөндеу Алматы облысы: Іле өзені мен Қапшағай су қоймасында 330 км учаскелерінде навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету (71890 км/тәулік); флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 4 (бірлік); жабдықтау мүкәммалы мен мүліктерін жасау және жөндеу, Қарағанды облысы: Балқаш өзенінде 978 км учаскесінде навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету (209292 км/тәулік); флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 3 (бірлік); орташа жөндеу 1 (бірлік); күрделі жөндеу 1 (бірлік); жабдықтау мүкәммалы мен мүліктерін жасау және жөндеу; мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту, соның ішінде: жабдық флоты (1 бірлік); қосалқы флоты (1 бірлік). | Жыл бойы; дейін навигация кезеңінде | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ұзындығы 3983,5 км су жолдары учаскелерінде навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету;
2255 мың текше м. көлемінде түбін тереңдету (жер қарау) жөніндегі жұмыстар;
55 мың текше м. көлемінде түзету жұмыстары;
11600 тонна көлемінде түбін тазалау жұмыстары;
188 текше км. көлемінде тазалау жұмыстар;
Өскемен, Бұқтырма және Шульба шлюздерін ұстау және ағымдағы жөндеу;
Өскемен, Бұқтырма және Шульба шлюздерінің авариясыз жұмысын қамтамасыз ету;
Өскемен шлюзінің төменгі айлақ қабырғасын салу;
Ертіс, Қара Ертіс және Жайық өзендерінде ұзындығы 400 км учаскелерінде арналық жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу;
флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 97 бірлік; орташа жөндеу 17 бірлік, күрделі жөндеу 1 бірлік;
мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту бойынша, соның ішінде:
жабдық флоты (2 бірлік);
қосалқы флоты (5 бірлік);
жер караваны (2 кезең) (1 жиынтық)
Соңғы нәтиже: кеме жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты авариялық жағдайлардың санының төмендеуі.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: Су жолдарының кеме қатынасы жағдайында болуын қамтамасыз ету және шлюздерді күтіп ұстау жөніндегі шығын 1 км.- ге - 578 мың теңге.
Сапасы және уақтылығы: тасымалдау жүктердің көлемі алдыңғы жылға қарағанда 10 пайызға көтеру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
168-ҚОСЫМША
215 ң Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылғы арналған
«Әуе көлігі инфрақұрылымын дамыту»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3300000 мың теңге (үш миллиард үш жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы туралы» 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 377 қаулысы; «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 632 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әуежайлар инфрақұрылымы объектілерін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық талаптармен сәйкестікке келтіру үшін Қазақстан Республикасы әуежайларының жердегі инфрақұрылым объектілерін жаңғыртуды және дамытуды жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Әуе көлігі инфрақұрылымын дамыту | | | |
2 | | 005 | Ішкі көздер есебінен | Белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысына 3-қосымшаға сәйкес сомалар шегінде әуе көлігі инфрақұрылымын дамытуға бағытталған мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру: 1) «Қызылорда қаласындағы» «Қорқыт ата» әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту және әуеайлақты арнайы техникалармен сервистік қайта жаңарту» жобасы (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері комитетінің 2006 жылғы 28 наурыздағы № 113-ЖІЖ бұйрығы; мем.сараптама 2006 жылғы 13 ақпандағы № 7-68/ 06 қорытындысы); 2) «Қостанай қаласындағы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту« жобасы (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері комитетінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 70-ЖІЖ бұйрығы; мем.сараптама 2007 жылғы 25 ақпандағы 2-98/05 қорытындысы) және «Қостанай қаласы әуежайындағы әуеайлақты және жасанды ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жобасының жобалау-сметалық құжаттамасының 2-кезеңін (жобалау іздестіру жұмыстары, жұмыс жобасы) әзірлеу. 3) Ақтөбе халықаралық әуежайын қайта жаңарту. Аэровокзал. (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері комитетінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 187-ЖІЖ бұйрығы; мем.сараптама 2007 жылғы 21 мамырдағы № 7-244 /07 қорытындысы). | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: Қызылорда қаласындағы «Қорқыт ата» әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту және әуеайлақты арнайы техникалармен сервистік қайта жаңарту. Қостанай қаласындағы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту. Ақтөбе халықаралық әуежайындағы аэровокзал кешенін қайта жаңарту.
Соңғы нәтижесі: Қазақстанның транзит әлеуетін дамытуды қамтамасыз етуге, авиакомпаниялардың да, жолаушылардың да сапалы әуежай қызметтеріне өсіп отырған қажеттіліктерін қанағаттандыруға, әуежайлардың негізгі өндірістік қорларын қайта жаңарту және жаңарту есебінен ұшу қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтық авиация әуежайларының желісін құру; Қазақстан Республикасының әуежайлары арқылы жолаушылар ағынын және жүк ағынын ұлғайту; отандық және шетелдік авиакомпаниялар орындайтын халықаралық және ішкі ұшулардың географиясын ұлғайту; Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық нормаларға жауап беретін жердегі инфрақұрылым деңгейін көтеру.
Уақтылығы: жұмыстар жүргізу кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне (ҚНжЕ) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының нормаларына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
169-ҚОСЫМША
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Әлеуметтік маңызы бар облысаралық бағыттар бойынша темір жол жолаушылар
тасымалдарын субсидиялау»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 9520554 мың теңге (тоғыз миллиард бес жүз жиырма миллион бес жүз елу төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі; «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы туралы» 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының темір жол көлігін қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 145 қаулысы; «Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысы; «Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысы; «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 377 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы тұрғындарының темір жол тасымалдарына қажеттіліктерін қанағаттандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша темір жол жолаушылар тасымалдарын ұйымдастырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын жабу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша темір жол жолаушылар тасымалдарын субсидиялау | Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сәйкес облысаралық қатынастарда жолаушы тасымалдарын жүзеге асыруымен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру.
Соңғы нәтижесі: Қазақстан Республикасы тұрғындарының темір жол көлігімен тасымалдарға қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жолаушы тасымалдаушылардың шығындарын өтеуді және тұрғындардың темір жол көлігімен жүруге қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Уақтылығы: жыл бойы.
Сапасы: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-І бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау ережесіне сәйкес жолаушыларға үздіксіз және қауіпсіз қызмет көрсету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
170-ҚОСЫМША
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Көлік және коммуникация саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 115713 мың теңге (бір жүз он бес миллион жеті жүз он үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңы; «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығы; «Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру мен іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 145 қаулысы; «Қазақстан Республикасының халықаралық көлік дәліздерін дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 сәуірдегі № 566 қаулысы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 мамырдағы № 726 қаулысы; «Қазақстан Республикасы мемлекеттік көлік саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 801 қаулысы; «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1385 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 Қаулысы; «Отандық, өңірлік және жаһандық нарықтардың қажеттіліктеріне бағытталған зерттеулерді жүргізудің, орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада республикада дамытылуы мүмкін тауарлар мен қызметтер өндірісін айқындаудың 2007-2008 жылдарға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 487 қаулысы.