Мемлекеттік күзетiлуі тиiс объектiлердiң қауіпсіздігін қамтамасыз етудiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі № 901 Қаулысы
(2011.21.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 563 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2006.02.02. № 64қбпү Қаулысымен өзгерістер енгізілді
«Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2011.07.10. № 1151 Қаулысымен күші жойылды (2012 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзетiлуi тиiс объектілерінiң тiзбесi бекiтілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өзге де мүдделi мемлекеттік органдармен бірлесiп үш ай мерзiмде Стратегиялық объектiлердiң тiзбесiн әзiрлесiн және оны белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекiтуге енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісім бойынша 2005 жылғы қаңтардан бастап республикалық бюджет қаражаты есебiнен iшкі iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi мемлекеттік мекемелерiн қаржыландыруға көшiрудi ескере отырып, осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген объектiлердi мемлекеттік күзетудi 2005-2006 жылдары кезең-кезеңiмен енгізу жоспары бекiтілсiн.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасының Iшкі iстер министрлігімен бірлесiп төрт ай мерзiмде Қазақстан Республикасының стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілерiн және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектілерін қауiпсiздiк жүйелерiмен жарақтау мен инженерлiк-техникалық нығайту жөніндегі техникалық талаптарды белгiлейтiн мемлекеттік нормативтердi әзiрлесiн және қолданысқа енгiзсiн.
5. Бекiтiлген техникалық талаптарға сәйкес мемлекеттік күзетілуi тиiс объектiлердi инженерлiк-техникалық нығайтудың әрi қауiпсiздiк жүйелерiмен жарақтаудың мынадай мерзiмдерi белгiленсiн:
1) меншiк нысанына қарамастан шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн, өз қаражаты есебiнен 2005 жылдың аяғына дейiн;
2) мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшiн, кезең-кезеңiмен, 2006 жылдың аяғына дейiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 4 қыркүйектегі № 901 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік күзетiлуi тиiс объектiлердi белгiлеу
Ережесі
Осы Ереже мемлекеттік күзетiлуi тиiс объектiлердi белгілеудің бірыңғай тәртібін анықтау мақсатында әзiрлендi.
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік маңызы бар объектiлер объектiгe келтiрiлген зиян салдарының дәрежелену деңгейi бойынша стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер және тiршілiктi қамтамасыз ету объектiлерi болып үш негiзгi санатқа бөлiнедi.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзетілуi тиiс стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектілерінiң тiзбесi Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ұсыныстары бойынша әзiрленедi және осы Ережеге сәйкес көрсетiлген санаттарға жататын таратылған, қайта құрылған объектiлер ескеріле отырып жыл сайын түзетiледi.
3. Мемлекеттік күзетуге сонымен қатар, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн Қазақстан Республикасының режимдiк және ерекше күзетiлетiн объектiлерi жатады.
4. Тiзбеге енбеген объектiлердi күзету осы Ереженiң 2-тармағына сәйкес, осы қызмет түрiне тиiстi лицензиясы бар күзет қызметi субъектiлерiмен жүзеге асырылуы мүмкiн.
5. Стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектілерiн инженерлiк-техникалық нығайту мен күзеттiң арнайы техникалық құралдарымен жарақтау күзеттiң меншiк нысанына, ведомстволық тиесiлiгi мен түрiне қарамастан, заңнамада белгiленген тәртiппен бекітілген бірыңғай техникалық талаптарға сай болуы тиiс.
2. Объектiлердi стратегиялық объектiлерге жатқызу критерийлерi
6. Стратегиялық объектiлерге мемлекеттік маңызы бар, оларға зиян келтiру ұлттық қауiпсiздікке, адамдардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн және ауыр зардаптарға әкелiп соғуы мүмкiн мынадай объекттер жатады:
1) тактикалық-техникалық сипаттамаларында, әзiрлеуге арналған тапсырмаларда, өндiрiс технологиясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәлiметтер болатын қару-жарақты, әскери техниканы, зымыранға қарсы қорғаныс құралдарын, химиялық және бактериологиялық қорғану құралдарын, шифрлеу мен құпиялау аппаратурасын әзiрлеумен, өндiрумен, сынаумен, тасымалдаумен, сақтаумен және пайдаланумен айналысатын ұйымдардың объектілерi әрi үй-жайлары;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң және Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң басты басқару пункттерi мен байланыс тораптары;
3) атомдық энергетикалық кешендер;
4) мұнай өңдеу зауыттары, iрi мұнайгазқоймалары және компрессорлық станциялар.
3. Объектiлердi аса маңызды мемлекеттік объектiлерге жатқызу критерийлерi
7. Аса маңызды мемлекеттік объектiлерге тұтастығының бұзылуы едәуiр материалдық және қаржылық зиян келтiруi, азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiруi, мемлекетаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiруi мүмкiн мынадай объектiлер жатады:
1) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының ғимараттары;
2) шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдықтар;
3) мемлекеттік мұрағаттар мен олардың сақтау орындары;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тiзбе бойынша аса қауiптi заттарды, Қазақстан Республикасында бақылануы тиiс бактериологиялық, биологиялық, жарылғыш заттарды, есiрткi құралдарын, психотроптық, улы заттар мен прекурсорларды әзiрлеу, өндiру, сынау және сақтау жөніндегі ұйымдардың объектілерi мен оқшауланған үй-жайлары;
5) радиоактивтi заттарды әзiрлеу, өндiру, шығару, сынау және сақтау жөніндегі, атыс қаруын және оның патрондарын жобалау, шығару, сақтау, жөндеу және өткізу жөніндегі ұйымдардың объектiлерi мен оқшауланған үй-жайлары;
ҚР Үкіметінің 2006.31.03. № 225 Қаулысымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) гидротехникалық құрылыстар, су қоймаларының жинағыштары;
7) екiншi деңгейдегi банктер;
ҚР Үкіметінің 2005.13.04. № 346 Қаулысымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) Қазақстан Даму Банкi» акционерлік қоғамы;
8) халықаралық және республикалық маңызы бар мемлекеттік мұражайлар, тарихи және мәдени ескерткiштер;
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi, оның филиалдары, өкiлдiктерi мен ұйымдары, оның iшiнде мемлекеттік ақша белгiлерiн және құнды қағаздар өндiретiн ұйымдар;
10) мемлекеттік материалдық резервтерi бар объектiлер қару-жарақты, медициналық препараттарды, есiрткi заттарын, жанар-жағар май материалдарын сақтау қоймалары, азық-түлiк және мүлiк қоймалары, элеваторлар, қосалқы көшiру аудандардағы жерүстi және жерасты коммуникациялары.
4. Объектiлердi тiршiлiктi қамтамасыз ету объектілеріне жатқызу критерийлерi
8. Тiршiлiктi қамтамасыз ету объектілеріне тұтастығының бұзылуы өңiрлер мен халықтың тамақ өнiмдерi, тұрғын үй, бірiншi кезекте қажеттi заттар түріндегі, сондай-ақ медициналық, санитарлық-эпидемиологиялық, ақпараттық, көлiктiк, коммуналдық-тұрмыстық қамтамасыз етуде тiршiлiк үшін керектi қажеттілiктерден айырылуына әкелiп соғуы мүмкiн мынадай объектiлер жатады:
1) жылу электр станциялары, жылу электр орталықтары, су жинау және су сорғы станциялары;
2) әуежайлар, халықаралық және республикалық маңызы бар темір жолдар мен автомобиль жолдарында орналасқан көпiрлер және тоннелдер;
3) байланыс объектiлерi - автоматтық телефон станциялары, ұтқыр және спутниктiк байланыс, теледидарлық және радиохабар тарату станциялары, радиотеледидар хабарларын тарату орталықтары (РТХО);
4) өндiрiс көлемi өңiрде (қалада) осы өнiмдi өндiрудiң жалпы көлемiнiң 50%-нан асатын тамақ өнеркәсiбi объектiлерi.
ҚР Үкіметінің 10.03.04 ж. № 299; 14.10.04 ж. № 1051; 2005.13.04. № 346 (бұр. ред. қара); 2006.31.03. № 225 (бұр.ред.қара); 2008.28.02. № 205 (бұр. ред. қара); 2008.24.04. № 387 (қол қойылған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.21.12 № 2158 (бұр.ред.қара); 2009.31.12. № 2320 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді; 2011.23.09. № 1090 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.21.12. № 1574 Қаулысымен (2012 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 4 қыркүйектегі № 901
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзетiлуi тиiс объектілерінің
тiзбесi
────┬─────────────────────────────────────────────┬─────────────────
№ │ Мемлекеттік күзетілуі тиіс │ Қаржыландыру
│ объектілердің атаулары │ көздері
р/с │ ├─────────────────
│ │респ |жерг |өзге
────┴─────────────────────────────────────────────┴─────────────────
1 2 3 4 5
────────────────────────────────────────────────────────────────────
I. Аса маңызды мемлекеттік объектiлері
────────────────────────────────────────────────────────────────────
1. Қазақстан Республикасының орталық және
жергiлiктi атқарушы және өзге де мемлекеттік
органдарының ғимараттары
Астана қаласы
1 ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1574 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2 Астана қаласы Алматы ауданының әкiмдiгi 1
3 Астана қаласы Сарыарақа ауданының әкiмдiгi 1
4-14 ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1574 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15 ҚР Білім және ғылым министрлігі 1
16-40 ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1574 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41 ҚP Сыртқы iстер министрлігі 1
42 ҚP Президентi жанындағы Мемлекеттік қызмет
академиясы 1
43-50 ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1574 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
50-1 Ақмола гарнизонының әскери соты 1
Алматы қаласы
51-57 ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1574 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
58 Алматы қаласы бойынша салық комитетi 1
59 1. Алматы қаласының Қазынашылық басқармасы
2. ҚР Қаржы министрлігінiң Қаржылық бақылау
комитетiнiң Алматы қаласы бойынша басқармасы 1
60 Алматы қалалық соты 1
61 Алмалы аудандық соты 1
62 Алмалы ауданының аудандық № 2 соты 1
63 Бостандық аудандық соты 1
64 Бостандық ауданының аудандық № 2 соты 1
65 Әуезов аудандық соты 1
66 Әуезов ауданының аудандық № 2 соты 1
67-68 ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1574 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
69 Tүркiсiб аудандық соты 1
70 Алматы қаласының Соттар әкiмшiсi 1
71 Алматы қаласының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық соты 1
72 Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық
әкiмшiлiк соты 1
73 ҚР Iшкi iстер министрлігінiң «Ақпаратты-
өндiрiстiк орталық» РМК филиалы 1
73-1 Әскерлердiң әскери соты 1
73-2 Алматы гарнизонының әскери соты 1
Ақмола облысы
74 Ақмола облысының әкiмдiгi 1
75 ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1574 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
76 Щучье қаласының әкімдігі 1
77 Степногор қаласының әкiмдігі 1
78 Атбасар қаласының әкiмдігі 1
79 Есіл қаласының әкiмдігі 1
80 Ерейментау қаласының әкiмдігі 1
81 Ақкөл қаласының әкiмдігі 1
82 Макинка қаласының әкiмдiгi 1
83 Бурабай поселкесiнің әкiмдігі 1
84 Атбасар ауданының әкiмдігі 1
85 Есіл ауданының әкiмдігі 1
86 Ақкөл ауданының әкiмдігі 1
87 Бұланды ауданының әкiмдігі 1
88 Зерeндi ауданының әкiмдігі 1
89 Щучье ауданының әкiмдігі 1
90 Ерейментау ауданының әкiмдігі 1
91 Аршалы ауданының әкiмдігі 1
92 Астрахан ауданының әкiмдігі 1
93 Егiндiкөл ауданының әкiмдігі 1
94 Жақсы ауданының әкiмдігі 1
95 Жарқайың ауданының әкiмдігі 1
96 Державин қаласының әкімдігі 1
97-101 ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1574 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
102 Шортанды ауданының әкiмдігі 1
103 Ақмола облыстық Қазынашылық басқармасы 1
104 Ақмола облысы бойынша салық комитетi 1
105 Ақмола облыстық соты 1
106 Көкшетау қалалық соты 1
107 Степногор қалалық соты 1
108 Щучье аудандық соты 1
109 Атбасар аудандық соты 1
110 Есіл аудандық соты 1
111 Ерейментау аудандық соты 1
112 Ақкөл аудандық соты 1
113 Бұланды аудандық соты 1
114 Аршалы аудандық соты 1
115 Астрахан аудандық соты 1
116 Eгіндікөл аудандық соты 1
117 Жақсы аудандық соты 1
118 Жақсы ауданының № 2 аудандық соты 1
119 Жарқайың аудандық соты 1
120 ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1574 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
121 Қорғалжың аудандық соты 1
122 Сандықтау аудандық соты 1
123 Целиноград аудандық соты 1
124 Еңбекшiлдер аудандық соты 1
125 Шортанды аудандық соты 1
126 Зерендi аудандық соты 1
127 Ақмола облысы соттарының әкiмшiсi 1
128 Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот 1
Ақтөбе облысы
129 Ақтөбе қаласының әкiмдiгi 1
130 ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1574 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
131 Ембi қаласының әкiмдiгi 1
132 Алға ауданының әкiмдiгi 1
133 Әйтеке би ауданының әкiмдiгi 1
134 Байғанин ауданының әкiмдiгi 1
135 Ырғыз ауданының әкiмдiгi 1
136 Қарғалы ауданының әкiмдiгi 1