234) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігінде немесе уақытша жер пайдалануында болатын жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптардың белгіленген біліктілік талаптарына сай болған жағдайда олардың өтінімі бойынша конкурс өткізбей бекітіп беру туралы облыстық атқарушы органға ұсыныс жіберу.
15. Министрліктің өзіне жүктелген тапсырмаларды іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарға:
1) өз құзыреті шегінде міндетті түрде орындалатын нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
3) қолданыстағы заң актілерінде қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
16. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министрдің орынбасарлары (вице-министрлері) болады.
17. Министр Министрлікті басқаруды жүзеге асырады, Министрлікке жүктелген тапсырмаларды орындауға және оны өз қызметінде жүзеге асыруға жеке жауапкершілікте болады.
18. Осы мақсатта Министр:
1) реттеуші саладағы саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар жасайды;
2) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;
3) ведомстволардың өзге де мемлекеттік органдармен өзара әрекетінің тәртібін және құзыретін айқындайды;
4) ведомстволар актілерінің толық немесе бөліктерінің күшін жояды немесе тоқтатады;
5) Министр бұйрығына қол қояды;
6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
7) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
8) Министрлікке келімге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына бұрыштама қояды және келіседі;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Министрлік қабылдаған шешімдер Министрдің бұйрығымен ресімделеді.
20. Министрліктің аппараты басшылығын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Жауапты хатшы жүзеге асырады.
21. Үкіметтің, Министрдің орнынан түсуі Жауапты хатшының өкілеттілігінің қысқаруына әсер етпейді.
22. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Министрге, Премьер-Министрге, Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.
23. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастырған мемлекеттік басқарудың реттеуші саласындағы саясатты жүзеге асыруды және оның тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;
2) Министрліктің аппаратын басқарады, ұйымдастырады, үйлестіреді және оның бөлімшелерінің жұмысын қадағалауды жүзеге асырады;
3) Министрліктің қаржылық және материалдық-техникалық, құқықтық-ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдаушылық қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрмен келісуден кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде Министрліктің, ведомстволардың құрылымын және штат санын бекітеді;
5) Министрмен келісуден кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, құжат айналымын ұйымдастырады және кадрлық қызмет жұмысын, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын қадағалайды;
7) Министрлік қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келісуден кейін Министрлік басқармалары мен департаменттерінің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) ведомство басшылары тағайындауға ұсыным берген ведомство басшыларының орынбасарларын тағайындауда Министрмен келіседі;
10) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар құзыретіне енетін қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерін қызметтен босатады және қызметке тағайындайды;
11) Министрмен келісу арқылы Министрлік қызметкерлеріне сыйақы және үстемақы төлеу, көтермелеу, біліктілігін көтеру, даярлау (қайта даярлау), материалдық көмек көрсету, еңбек демалыстарын беру, іссапар мәселелерін шешеді;
12) Министрмен келісу арқылы еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар құзыретіне енетін қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Министр бекіткен стратегиялық және бағдарламалық құжаттармен Министрлікті қамтамасыз етеді;
14) Министрліктің жылдық жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижесі туралы жылдық есепті әзірлеуді және Министрлік басшысына бекітуге ұсынуды қамтамасыз етеді;
15) Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына берілетін бюджеттік өтінімдерді Министрге ұсыну, сонымен катар басқа да бюджеттік процестің рәсімдерін орындауды, Министрліктің бюджеттік өтінімдерін дайындауды қамтамасыз етеді;
16) Министрліктің қаржылық есебін және қаржыландыру жоспарын Министрмен келісуден кейін бекітеді және дайындауды қамтамасыз етеді;
17) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын және регламенттерін әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрлік құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісімге түсетін нормативтік құқықтық актілер жобалары бойынша қорытындылар әзірлеуді ұйымдастырады;
20) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара қатынаста Министрлікті білдіреді;
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
24. Жауапты хатшының:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне міндетті түрде орындауға тапсырмалар беруге;
2) Жауапты хатшының құзыретіне енетін мәселелерді шешу үшін қажетті материалдар мен құжаттарды, лауазымды тұлға үшін қажетті ақпараттарды, материалдар мен құжаттарды өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан сұрауға және алуға;
3) жеке қолданысқа құқықтық актілер жасауға құқығы бар.
25. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапкершілікте болады.
26. Министрліктің Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан Министр бекітеді.
27. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, құрылымдық бөлімшелердің қызметін қамтамасыз ететін құзыреті мен өкілеттігі, Министрмен келісуден кейін жауапты хатшы бекіткен құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер Министрліктің жұмыс регламентін белгілейді.
4. Министрліктің мүлкі
28. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады және айналым қаражатының негізгі қорларынан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
29. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
30. Егер заңда өзгеше белгіленбесе, Министрлік өзіне бекітіліп берілген, қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен алуға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
31. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесi ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 6 сәуірдегі
№ 310 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінiң қарамағындағы
ұйымдардың тiзбесi
ҚР Үкіметінің 2006.02.05. № 352 (бұр. ред. қара); 2006.10.05. № 378 (бұр. ред. қара); 2008.28.02 № 205 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1 бөлім өзгертілді
1. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12. «Республикалық ауыл шаруашылығы ғылыми кiтапханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
13. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15. ҚР Үкіметінің 2006.10.05. № 378 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
16. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18. ҚР Үкіметінің 2006.10.05. № 378 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
19. ҚР Үкіметінің 2005.22.11. № 1150 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледi)
20. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21. ҚР Үкіметінің 2006.10.05. № 378 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
22. ҚР Үкіметінің 2006.10.05. № 378 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
23. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
24. ҚР Үкіметінің 2006.10.05. № 378 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
25. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
26. ҚР Үкіметінің 2006.10.05. № 378 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
27. ҚР Үкіметінің 2006.10.05. № 378 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
28. ҚР Үкіметінің 2006.10.05. № 378 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
29. ҚР Үкіметінің 2006.10.05. № 378 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
30. ҚР Үкіметінің 2006.10.05. № 378 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
31. ҚР Үкіметінің 2006.10.05. № 378 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
32. ҚР Үкіметінің 2006.10.05. № 378 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
33. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
34. ҚР Үкіметінің 2006.10.05. № 378 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
35. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
36. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
37. ҚР Үкіметінің 2006.10.05. № 378 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
38. ҚР Үкіметінің 2006.10.05. № 378 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
39. ҚР Үкіметінің 2007.15.10. № 949 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
40. ҚР Үкіметінің 2006.10.05. № 378 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
41. ҚР Үкіметінің 2006.10.05. № 378 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
42. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
43. ҚР Үкіметінің 2006.10.05. № 378 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
44. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
45. ҚР Үкіметінің 2006.10.05. № 378 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
46. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
47. ҚР Үкіметінің 2008.28.02. № 205 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
48. ҚР Үкіметінің 2008.28.02. № 205 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
49. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
50. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
51. ҚР Үкіметінің 2008.28.02. № 205 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
52. «Автоколонна 3041» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
53. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Акционерлік қоғамдар
ҚР Үкіметінің 2007.12.04. № 294 ; 2007.22.05. № 409 ; 2008.28.02. № 205 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-бөлім өзгертілді
54. ҚР Үкіметінің 2008.28.02. № 205 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
55. ҚР Үкіметінің 2008.28.02. № 205 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
56. ҚР Үкіметінің 2008.28.02. № 205 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
57. ҚР Үкіметінің 2008.28.02. № 205 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
58. ҚР Үкіметінің 2008.28.02. № 205 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
59. «Қазагрэкс» акционерлік қоғамы
60. ҚР Үкіметінің 2008.28.02. № 205 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
61. ҚР Үкіметінің 2008.28.02. № 205 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
62. «Өнiм» ашық акционерлік қоғамы
63. «Асыл түлiк» акционерлік қоғамы
64. «Астана құс» АШ» акционерлік қоғамы
65. «Тың машина сынау станциясы» ашық акционерлік қоғамы
66. «Испытатель» ашық акционерлік қоғамы
66-1 «Жеңiс» ашық акционерлік қоғамы
66-2. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерліқ қоғамы.
66-2. «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы
66-3. «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы
3. Мемлекеттік мекемелер
ҚР Үкіметінің 2008.28.02. № 205 Қаулысымен 3 бөлім өзгертіліді (бұр. ред. қара)
67. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия
68. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Ақмола облыстық инспектурасы
69. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Ақтөбе облыстық инспектурасы
70. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Алматы облыстық инспектурасы
71. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық инспектурасы
72. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Жамбыл облыстық инспектурасы
73. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық инспектурасы
74. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Қостанай облыстық инспектурасы
75. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Павлодар облыстық инспектурасы
76. Ауыл шаруашылығы дақылдарынан сортын сынау жөніндегі Солтүстiк Қазақстан облыстық инспектурасы
77. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Оңтүстiк Қазақстан облыстық инспектурасы
78. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Қарағанды облыстық инспектурасы
79. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Қызылорда облыстық инспектурасы
80. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Тың аймақтық инспектурасы
81. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Оңтүстік-Шығыс аймақтық инспектурасы
82. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Жетісу аймақтық инспектурасы
83. ҚР Үкіметінің 2008.28.02. № 205 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
84. ҚР Үкіметінің 2008.28.02. № 205 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
85. ҚР Үкіметінің 2008.28.02. № 205 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
86. ҚР Үкіметінің 2008.28.02. № 205 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
87. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Агрохимия қызметi Республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы
88. ҚР Үкіметінің 2008.28.02. № 205 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен 4-бөліммен толықтырылды
4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
89. «Арқалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
90. «Қарабау» элиталы тұқым шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
91. «Түгіскен» тәжірибе шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
92. «Мерке» тәжірибе шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
93. «Ақдала» тәжірибе шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
94. «Кондратов тәжірибе көрсететін орман питомнигі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
95. «Красноводопад ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
96. «Қаскелең тәжірибе шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
97. «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
98. «Заречное» тәжірибе шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
99. «Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
100. «Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
101. «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
102. «Қазақ тұлпары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
103. «Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекция ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2005 жылғы 6 сәуірдегі
№ 310 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күші
жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысының 1 және 3-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 33, 357-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 және 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 15 қарашадағы № 1216 қаулысының 1-тармағы 2) тармақшасының бесiншi, алтыншы, жетінші, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi абзацтары.
3. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 22 қарашадағы № 1239 қаулысы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 42, 423-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетiнің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 28 қарашадағы № 1267 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 43, 429-құжат).
5. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы жекелеген ұйымдардың мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1431 қаулысы 8-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 49, 486-құжат).
6. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң жекелеген мемлекеттік мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 75 қаулысының 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 2, 33-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Қазоңтүстiкгипросушар» жобалау-іздестіру институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 24 қаңтардағы № 89 қаулысының 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 3, 43-құжат).
8. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөнiндегі комитетінiң Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» және «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы» республикалық мемлекеттік кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 24 ақпандағы № 189 қаулысы 4-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 9, 95-құжат).
9. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 18 шiлдедегi № 714 қаулысының 4-тармағының 1), 2), 2-1), 3) тармақшалары, осы қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 2 және 3-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 30, 291-құжат).
10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 4 тамыздағы № 780 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 31, 315-құжат).
11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 19 тамыздағы № 827 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 34, 337-құжат).
12. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелерi және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 2 қазандағы № 1018 қаулысы 2-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 40, 421-құжат).
13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 қарашадағы № 1119 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 43, 458-құжат).
14. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркi» мемлекеттік мекемесiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 23 ақпандағы № 213 қаулысының 7-тармағы.
15. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 1 наурыздағы № 249 қаулысының 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 11, 135-құжат).
16. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 517 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 21 268-құжат).
17. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауылдық аумақтар iстерi жөніндегі комитетiнiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 16 маусымдағы № 662 қаулысының 2 және 5-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 24, 314-құжат).
18. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 25 маусымдағы № 704 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 26, 335-құжат).
19. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 қарашадағы № 1267 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 12 шілдедегi № 759 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 27, 357-құжат).
20. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Балық шаруашылығы комитетiнiң жекелеген мемлекеттік мекемелерiн қайта ұйымдастыру мен қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 7 қыркүйектегi № 938 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 33, 450-құжат).
21. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінiң «Жамбылсушар» шаруашылық жүргiзу құқығындағы су шаруашылығы жөнiндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1318 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 49, 625-құжат).