Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 15.11.02 ж. № 1216; 22.11.02 ж. № 1239; 29.12.02 ж. № 1431;
01.04.03 ж. № 314; 18.07.03 ж. № 714; 04.08.03 ж. № 780; 19.08.03 ж. № 827;
08.11.03 ж. № 1119; 16.06.04 ж. № 662; 25.06.04 ж. № 704; 2005.06.04. № 310
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қаулы етеді:
1. ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 15.11.02 ж. № 1216 (бұр. ред. қара); 22.11.02 ж. № 1239 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Мыналар қайта ұйымдастырылсын:
1) Қазақстән Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті болып;
2) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті болып;
3) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары болып;
4) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармалары және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармалары оларды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармаларына қосу жолымен.
3. ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4. ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 314 қаулысымен күші жойылды
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде осы қаулыны іске асыру жөнінде тиісті шаралар қабылдасын.
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 07.10.02 ж. № 1096
қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2005.06.04. і № 310 Қаулысына сәйкес күші жойылды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж.
7 қазандағы № 1096
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1731 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 498-құжат).
2. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 12, 129-құжат).
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1731 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы № 584 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 16, 207-құжат).
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 қыркүйектегі № 1222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 33, 431-құжат).
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметіне байланысты жекелеген мәселелер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 704 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 20, 215-құжат).
6. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық және мелиоративтік техниканың есебін жүргізу, оны мемлекеттік тіркеу және техникалық жай-күйін тексеру мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 шілдедегі № 846 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 25, 266-құжат).
ҚР Үкіметінің 22.11.02 ж. № 1239 қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 7 қазандағы
№ 1096 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармалары болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармаларының және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармаларының Тізбесі
Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік мекемелердiң атауы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитет мемлекеттік мекемелерiнiң атауы |
Ақмола облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Ақмола облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Ақтөбе облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Ақтөбе облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Ақтөбе облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Алматы облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Алматы облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Алматы облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Атырау облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Атырау облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Атырау облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Шығыс Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Шығыс Қазақстан облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Жамбыл облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Жамбыл облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Жамбыл облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Батыс Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Батыс Қазақстан облыстық жануарлар және өсімдіктер дүнисін мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Батыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Қарағанды облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Қарағанды облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Қарағанды облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Қостанай облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Қостанай облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Қостанай облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Қызылорда облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Қызылорда облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Қызылорда облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Маңғыстау облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Маңғыстау облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Маңғыстау облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Павлодар облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Павлодар облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Павлодар облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Солтүстiк Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Солтүстiк Қазақстан облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Солтүстiк Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Оңтүстiк Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Оңтүстiк Қазақстан облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Оңтүстiк Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |