Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 және
2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 қарашадағы
№ 1216 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 314; ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының ?кіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 314 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсін:
ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына:
2-тармақта:
2) тармақшада "Ауыл шаруашылығы министрлігiнің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi" деген сөздер "Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада "Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң" деген сөздер "Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |