Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 19 тамыздағы № 827 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Қаулысымен күші жойылды
"Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 18 және 19-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 33, 357-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
10-тармақта:
61), 62) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"61) тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін мемлекеттік тіркеуді, көрсетілген көлік құралдарын және тіркемелерді пайдаланатын, оның ішінде сенімхат бойынша пайдаланатын адамдарды тіркеу мен есепке алуды жүргізеді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібін белгілейді;
62) тиісті құжаттар бере отырып, тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне мемлекеттік техникалық байқау жүргізеді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібін белгілейді;";
мынадай мазмұндағы 62-1) тармақшамен толықтырылсын:
"62-1) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерді басқару құқығына емтихандар қабылдайды және куәліктер береді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібін белгілейді;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |