«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегi комитетінің Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы» және «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөнiндегі комитетiнің Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы» республикалық мемлекеттік
кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 24 ақпандағы № 189 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» және «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорындары «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» мемлекеттік мекемелерi (бұдан әрі - Мекемелер) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мекемелер қызметiнің негiзгі мәнi болып мыналар белгiленсiн:
1) суармалы жерлерде байқаулар, инженерлiк және топырақ-мелиоративтік iздестiру мен зерттеулер жүргiзу;
2) суармалы жерлердiң мелиоративтік жай-күйiн бағалау және оларды жақсарту мен ұтымды пайдалану жөнінде ұсынымдар әзiрлеу.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Мекемелер жарғыларының бекiтілуін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тiркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы» және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» республикалық мемлекеттік кәсiпорындарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 11 маусымдағы № 722 қаулысы 5-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 26, 246-құжат) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | И.Тасмағамбетов |