Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
25 маусымдағы № 704 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен күші жойылды
"Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 33, 357-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
"20) өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiрушілердiң мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі мiндеттерiн орындауын бақылауды жүзеге асыру";
10-тармақ мынадай мазмұндағы 72-1), 72-2), 72-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"72-1) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңнаманы бұзудың алдын алу жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыруға қатысады;
72-2) сақтандыру рыногына қатысушылар мен агенттен олардың өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сұратады;
72-3) сақтандырушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтарулары туралы iстердi қарайды".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |