маманданған. Оның акцияларының 50,01% киевтiк "Укрэнергосбыт" ЖАҚ иеленiп
отыр. 2002 жылы кәсiпорын мүлдем жұмыс iстеген жоқ. Бiрiншi жарты
жылдықта барлығы 0,4 мың шина, оның iшінде 0,2 мың дана жеңiл шина
шығарылды. Зауыттың өндiрiстiк қуаты қанағаттанарлық жағдайда. "Валса"
iшкi рыногының сұранысын тiптi толық қуатпен жұмыс iстелген жағдайдың
өзiнде барлық отандық шина тұтынушыларды (ауылшаруашылығы кәсiпорындарын)
толығымен жаба алады. Зауыттың қуаты сондай-ақ "Ростсельмашқа" шина
жеткізуге (Дон - 1500 серия комбайндары үшiн) есептелген. Алайда "Валса"
тоқтағаннан кейін "Ростселмаш" шина рыногын ресейлік шина зауыттары
(Нижнекамский және Воронежский) иеленді.
Осылайша, шина өнiмiне әлемдiк сұранысы әрбiр мемлекет көлеміндегі
автомобиль құрылысының даму деңгейiнен және автомобиль паркiнiң қызмет
ету көрсеткіштерiне тәуелдi болады.
АҚШ шина өнімдерi өндiрісінің әлемдiк рыногында жетекшi орын алып
келедi, Жапонияда шина мен автомобиль өндiрiсi айтарлықтай көбейдi. ҚХР
әлемдегi шина экспорттауда үшiншi болды. Чехия, Венгрия және Польшада
автошина өндірісі бойынша бiрлескен кәсiпорындар құрылды.
ТМД елдерiнде негiзгi өндiрiстiк қуаттар Ресей Федерациясында (12
кәсiпорын) және Украинада (3 кәсiпорын) жұмыс icтеуде, олардағы шина
өндiрісiнiң көлемдері экономикалық сипаттағы проблемаларымен байланысты
өcу мен құлдырау тербелісіне ұшырап отырды.
3.7.2. Қазақстан Республикасындағы шина өнiмiн өндiру
рыногының сипаттамасы
"ИнтерКомШина" AAҚ (Шымкент қаласы) - Қазақстан мен Орта Азиядағы жүк, жеңiл және ауылшаруашылығы машиналары үшін шина өнімiн шығару жөніндегі бiрден-бiр кәсiпорын.
Техникалық жарақтану жөнiнде кәсiпорын бұрынғы КСРО-ның сондай 17 кәсіпорындары ішiнен неғұрлым бүгінгі заман талабына сай болып табылды. Зауыттың құрылысы 1975 жылы басталды, автоқақпақтардың алғаш шығарыла бастауы 1980 жылы болды. Өндiрiстік ғимараттар мен құрылымдар жинақталмалы темір бетоннан салынған, жабдықтарын жеткізетін шетелдiк фирмалар: "Крупп", "Пирелли", "Репике", "Фата", "Бюлер-Миаг".
"ИнтерКомШина" ААҚ-ның жылына 3037 мың дана автоқақпақша 5011,4 мың дана автокамера шығару жөнiнде қажетті өндiрiстiк қуаты бар және Қазақстан мен Орта Азия республикаларында тұтынылатын шиналардың барлық түрін шығаруға қабiлеттi. Жүк және жеңіл автомобильдерге арналып шығарылатын өнімнiң бес негізгі түрi "E-22" саптағы халықаралық сертификатқа ие болды.
Қазiргі уақытта зауыт жүк және жеңіл автомобильдер, ауылшаруашылығы техникасы үшiн шинаның 35 түрін, 25 тн. мен 40 тн. жүк көтеретiн "БелАЗ" автомобильдерiне карьералық шиналар өндiруді игерiп алған.
"ИнтерКомШина" ААҚ өндiрісi негізгі бас өндірістiк корпустан тұрады. Бұл корпуста шина өндiрудiң негiзгі қайта жасаушылары: дайындық өндiрiсі (резина қоспаларын дайындау), дайындық-жинақ өндiрiсi; каландрлық участок; дайындық-жинақ участогы; вулкандалған өндiрiс; автокамералық участок; вулкандалған участок орналасқан.
Шина өндiрісінің технологиялық процесi үздiксiз және бiрлестiк құрылымдары арасында өзара байланысты.
3.7.4.-кесте
"ИнтерКомШина" ААҚ технологиялық жабдықтау
Жабдықтың атауы | Дайындаушы фирма | |
Дайындық өндiрiсi - РСВД 250/40, 250/30 резина араластырғыш - ГК-650, ГК-330 резина араластырғыш Кордтарды өңдеу - кордты малу, температурада өңдеу және резиналандыру - ЛОМК-800K металлкордты резиналандыру желісі Протекторлық дайында. маларды жасап шығару - протекторларды жасап шығару желісі Жиналмалы өндiрiстер - жиналмалы станоктар: - жеңiл (А-70, TP-11) - жүк ЛСПР-710-1150 СПД-2-720-100 TP-6 - орбитрел Вулканизациялық өндiрiс - жеңiл - ФВ-40 - жүк - ВПМ-2-200 - ВПМ-2-300 - Ауылшаруашылық (ФВА-55", 63,5", 75", 75")4 Камералық өндiрiс - жеңiл - HBK - 45" - жүк - НВК - 45 ""75" - ауылшаруашылық - HBK 55", 75", 85" | ТМД Бюллер-Имаг (ФРГ) Репике (Франция) ТМД Крупп (ФРГ) 2500-6500 кг/сағ ТМД ТМД Пирелли (Италия) АМФ (АҚШ) Чехославакия ТМД Чехославакия ТМД ТМД ТМД ТМД | 8,3 тн/сағ 16,2 тн/сағ 8-80 м/мин 5-40 м/мин 40 дана/сағ 3,24 дана/сағ 85 дана/сағ 4,2 дана/сағ 5,8 дана/сағ 30 дана/сағ 22,6 дана/сағ 8,5дана/сағ 4,0 дана/сағ |
"ИнтерКомШина" ААҚ үшiн шектеулi рұқсат етiлген шығарындылар
нормативiнiң жобасы 2000 жылғы жағдай бойынша кәсiпорында жүргізiлген
атмосфераға шығарылған зиянды заттардың шығарындыларын түгендеу
деректерiнiң негiзiнде әзiрлендi. Түгендеу материалдарына сәйкес, зиянды
заттарды бөлу көздерiнiң жалпы саны 607 бiрлiкке дейiн қысқартылды. 2002
жылы зиянды заттардың тасталу көздерi 149, оның iшiнде
ұйымдастырылғандары - 131.
Техникалық көмiртегiнi ұстап қалу үшiн дайындық өндiрiсiнiң жабдығы
автоматты фильтрмен және циклонмен жарақтанған. Орташа пайдалану дәрежесi
- 60%. Басқа цехтарда аэрациялық фонарьлар мен қақпақты желдеткiш
орнатылған.
Технологиялық жабдықты пайдалану процесiнде атмосфераға жүзгiн
заттар (техникалық көмiртегiнiң шаңы, қара күйенiң шаңы, резинаның шаңы),
фторлы сутегi, күкiрттi ангидрид, күл тотығы, көмiртегiнiң тотығы,
бензиннiң буы, формальдегид, аммиакорганикалық қосылыстар, темірдiң
тотығуы, ағаштың шаңы, мырыштың тотығы бөлiнедi.
Технологиялық жабдықтан зиянды заттардың шығарылуы ұйымдастырылған
түрде құбыр арқылы жүзеге асырылады. Тасталатын шаңның сандық мөлшерi
аспаптық өлшемдермен анықталған: сынақ алған кездегi сыртқы сүзгiден
өткізу және таразылық тәсiл; УГ приборы арқылы көмiртегi тотығы мен
көмiрсутегi концентрациясы; гидрометиздат әдiстемесi бойынша есептiк
тәсiлмен алынатын ингредиенттер.
"ИнтерКомШина" ААҚ 300 метрлiк санитарлық-қорғаныштық зонасы бар
қауiптiлiктiң 3-сыныбына жатады. "ИнтерКомШина" ААҚ-ның өндiрiстiк және
қатты тұрмыстық қалдықтарды қоймалау үшiн кәсiпорынның
санитарлық-қорғаныштық зонасында орналасқан, кәсiпорынның өндiрiстiк
корпусынан 150 м. қашықтықта орналасқан ауқымы 0,9316 га болатын
тасталған карьер пайдаланылады.
"ИнтерКомШина" ААҚ айналымдық қаражатының болмауына байланысты
2000-2001 жылдары өнiм өндiрiлген жоқ, ал 2002 жылы өндiрiстiң тексерiп
шығаруы, жаңғырту мен жөндеуден кейiн жабдықты, тетiктердi, қазандықты
тексеру үшiн автоқақпақтар мен автокамералардың резиналарын жасау
өндiрiсi iске қосылды. Бiрлестiк 16 күн жұмыс iстедi, бұл ретте
"Жигулидiң" барлық маркалары мен ВАЗ-ға 4,6 мың автоқақпақ пен 2,59 мың
автокамера, а/ш машиналары, КАМАЗ, ТМД-дағы сапасы жағынан ең жақсы Белаз
шығаруға мүмкiндiк беретiн барлығы 3,6 % қуат iске қосылды. Қазiргi
уақытта өндiруге жоспарланған шина өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн
қамтамасыз ету және оның өзiндiк құнын азайту үшiн техникалық көмiртектiң
өз өндiрiсiн құрудың жобасы әзiрленуде.
Осылайша, "ИнтерКомШина" ААҚ техникалық жарақтану жағынан
Орталық-Азия аймағында неғұрлым бүгiнгi талапқа сай кәсiпорын болып
табылады. "ИнтерКомШина" ААҚ жылына 3 млн. дана автоқақпақ, жылына 5 млн.
дана автокамера шығару жөнiнде қажеттi өндiрiстiк қуаттарға ие және
Қазақстан мен Орта Азия республикаларында тұтынылатын шиналардың бүкiл
ассортиментiн өндiруге қабiлеттi. Жүк және жеңiл автомобильдерге арналып
шығарылатын өнiмнiң бес негізгi түрi "Е-22" халықаралық сапасына ие
болды.
Кәсiпорынның толық өндiрiстiк қуатпен жұмыс iстеуiн тежейтiн негiзгi
проблемалар шикiзаттық ресурстар мен энергиямен қамтамасыз етудiң
оқшауландырылған көздерiнiң жоқтығы болып табылады. "ИнтерКомШина" ААҚ
отандық шикiзаттық ресурстармен қамтамасыз ету энергиямен қамтамасыз ету
мәселелерiн шешу үшiн айналым қаражаттарының қажеттi көлемiн босатуға
мүмкiндік беретiн осы сала бағдарламасының шеңберiнде мұнай-химия
кешендерiнiң құрылысын салу және пайдалануға қосу кезiнде шешілетін
болады.
3.8. Резеңке-техникалық бұйымдардың рыногы
Резеңке-техникалық бұйымдар өнеркәсiптің барлық салаларында дерлік қолданылады. Әуе, cу, автомобиль, теміржол көлiгi мен энергетикалық қондырғыларды пайдалану ұзақ тұратын және сенiмдi резеңкелi, резеңкеметалдық және резеңкематалды нығыздауды пайдаланусыз мүмкін емес. Ауылшаруашылығы техникасында, әртүрлі машиналар мен тетіктерде тағылатын белдiктер мен жең пайдаланылады. Машина жасау мен құрылыста резеңкелік амортизаторлар, тіреуiштер мен басқа да созылмалы күш бұйымдары қолданылады. Өнеркәсiптiң тау-кен өндіруші, көмір, металлургиялық салалары жүктерiнің көбiн конвейерлiк ленталармен тасиды. Құрылыста және көлікте резеңкелiк маталар мен герметикадан жасалатын пневматикалық бұйымдар пайдаланылады.
Көпшiлiк жағдайда конструкциялардың, машиналардың немесе тетiктердiң сенiмдiлiгi мен ұзақ тұратындығы машинаның немесе тетiктің салмағы мен құнына қосатын үлесi әдетте онша емес болып келетiн жинақталмалы резеңке бұйымдарының сенiмдiлiгімен және ұзаққа жарамдылығымен лимиттеледi.
РТБ неғұрлым iрi тұтынушылары автомобиль өнеркәсiбi мен ауылшаруашылығы машиналарын жасау болып табылады. Резеңкелiк бұйымдармен толығу дәрежесi - машина жасау өнiмiнiң бұқаралық түрлерiн жетiлдiрудiң, сенiмдiлiгi мен жайлылығының негiзгi белгiлерiнiң бiрi. Автомобиль мен трактор агрегаттары мен тетiктерiнiң құрамында резеңкелік бөлшектердiң жүздеген атаулары мен мыңға дейiн даналары бар.
РТБ мен материалдар мынадай белгілер бойынша жiктеледi: арналуы (нығыздалған бұйымдар, виброизоляторлар, конвейерлiк ленталар, тағатын белдiктер, жең, желiм және герметика); қолданылу шарттары (температура, қоршаған орта, қысым және басқа); конструкция (резеңкелi, резеңке металдық, резеңке текстильдiк, монолиттi, губкалы, полды және басқалары); материалдар (резеңке маркалары мен каучуктардың тұрпаттары, әрлеушi материалдардың маркалары); қолдану (автомобильдердiң тежегiш жүйелеріне, мұнай бұрғылау техникасына арналған бөлшектер, компенсаторларға арналған баллондар, гидроқорғау диаграммалары және басқалары); дайындау технологиясы (нысанды және нысанды емес бұйымдар).
РТБ көпшiлiгi монолиттi резеңкелерден жасалады. Алайда белгілi бiр мақсатқа арналған кейбір бұйымдарды жасау үшін эбониттер мен губкалы резеңкелердi қолданады. Технологиялық белгiсi жағынан резеңке-техникалық бұйымдар нысанды емес және нысанды болып жiктеледi.
Нысанды емес резеңкелік және резеңке арқауланған бұйымдар вулкандауға дейiн түпкiлiктi нысанға енеді. Көпiру және вулкандану кезiнде өзінің көлемiн өзгертетiн губкалы резеңкелерден жасалған бұйымдар бұған жатпайды. Нысанды емес РТБ-дың көпшiлігі - кейбіреулерi арқау ретінде алынатын металдық лентамен, пластмассамен, матамен әрленетiн шприцтелген бұйымдар (кескiндер, трубалар мен бacқалap).
Жабық формаларда вулкандану процесінде түпкілiктi көлем мен нысанға ие болады. Арқау болатын материал ретінде маталар, металлдар, пластмассалар, эбонит және басқалары қолданылады. Нысанды болып табылатындарының көпшілігі - нығыздаушы бөлшектер, вибраоқшаулағыштар, күшке негізделген бөлшектер және басқалар.
Өнеркәсiп шығаратын РТБ үлкен номенклатурасына байланысты оларды жасаудың қолданыстағы технологиялық процестерi айтарлықтай өзгешеленді. Алайда бұл процестерге бұйымдардың барлық түрлерiне тән жалпы технологиялық операциялардың бiрқатарын қамтиды: резеңке қоспалары мен жартылай фабрикаттарды дайындау, резеңкелік бұйымдарды қалыпқа түсiру, маталарды резеңкелеу, бұйымдарды жинастыру, вулкандау және кесіп-пішу.
Резеңке-техникалық бөлшектер оларға қойылатын талаптарға байланысты каландрмен, үздiксiз сығумен, нығыздаумен, қысыммен құюмен, ораумен және т.б. форма жасайды.
3.8.1. Резеңке-техникалық бұйымдарын өндiру
рыногының сипаттамасы
ТМД елдерi мен Ресейдегі РТБ өндiрiсiнде 15 iрi кәсiпорын және жиырмаға жуық шағын кәсiпорындар жұмыс істейдi. Бұйымдардың көпшiлiгiн шығару жөніндегi қуат толықтай пайдаланылмайды және жартылай пайдаланылады. Резеңке маталы конвейерлiк лента өндiрісі жөніндегi қуаттың 2000 жылы тек қана 51% пайдаланылды. Жең шығаратын кәсiпорындар 43,4%-ғa, тағатын сыналы белдіктер кәсiпорны - 44,3%-ға, өткiзетiн вентиляторлық белдiктер - 44,2%-ға жүктелдi. Жекелеген кәсiпорындар бойынша бұл коэффициенттiң тағы да ауытқуы байқалады. Қуатты толық пайдалану есебiнен өндірiстiң тез өсу резервтерi толығымен таусылды.
ТМД-дағы CK, шиналар мен РТБ шығаратын ең жаңа және iрi зауыттар 1971-1973 жылдары салынған. Бұл жылдары Балаководағы резеңке техникалық бұйымдардың зауыты, Нижнекамскiдегі синтетикалық каучук зауыты және осы жердегi шина зауыты, яғни техникалық жарақтану жағынан әлі күнге дейiн алдыңғы позиция ұсынып келе жатқан кәсіпорындар сол жылдары пайдалануға берiлдi. Көптеген СК, шиналар және РТБ кәсiпорындары әлдеқайда бұрын салынған және іс жүзінде соңғы жиырма бес жылда жаңғыртылған жоқ.
Көптеген резеңкелiк бұйымдардың сапасы ТМД-дағы аз тонналы химикат-қосылғыштар өндірістерiнің жеткiлiксiз дамымағандығынан көптеген резеңкелік бұйымдардың сапасы зардап шегіп отыр. Каучук, техникалық көмiртегi мен басқа да шикізат өндiрушілер iшкі рыноктың қажетіне қарағанда, өз өнiмдерiн экспортының артуымен әлек болуда.
2002 жылы Украинада 10 мың т. резеңке техникалық бұйым (2001 ж. - 9 мың т.) өндiрiлдi. Формалы РТБ өндiруде 1067,7 т. құлдырауға жол берiлдi, 2001 жылғы көлемнiң 75% сай келедi. 2002 жылы олардың негiзгі өндірушiлерi "Интер - ГTB" (Белая Церковь) және "Донтехгума" Донецк ОП болды.
2002 жылы формасыз РТБ өндiрiсiнде айтарлықтай табысқа қол жетті. Бұл секторда 1616,8 т. бұйым өндiрiлдi, бұл 2001 жылғы өндіріс көлемiнiң 189% құрады. Өндiрiстiң негізгi көлемдерi "Донтехгума", "Интер - ГTB" АК және "Полимер" зауытына тиесілі.
3.8.1.-кесте
TMД елдеріндегі РТБ өндiрiсiнiң серпiнi
мың метр
1990 ж. | 1995 ж. | 1998 ж. | 1999 ж. | 2000 ж. |
9102,0 1510,0 31557,0 150600,0 76,3 65,0 | 2637,0 728,0 11691,0 45966,0 24,2 14,8 | 2064,0 186,0 12287,0 51592,0 28,7 17,3 | 2264,0 114,0 15100,0 55513,0 26,0 21,1 | 2633,0 140,0 17090,0 59558,0 29,0 19,3 |
3.8.2. Қазақстан Республикасындағы резеңке-техникалық
бұйымдарын өндiру рыногының сипаттамасы
"Сараньрезинотехника" ААҚ мен "Қарағандырезинатехника" ЖШС 2000 жылы көп номенклатуралы кәсіпорын болып табылатын "Қарағандырезинотехника" АТАҚ базасында құрылған болатын. Зауыт отандық және шетелдiк өндірістің ең жаңа технологиялық жабдығымен жабдықталған. "Қарағандырезинотехника" АТАҚ зауытының құрылысы 1968 жылы басталған, қуат 1975 жылы іске қосылды. 1997 жылдан бастап ұзақ уақытқа тоқтап қалу арқылы жұмыс iстедi. Шикiзатпен (90% Ресейден жеткiзiліп тұрды), қаржы қаражаттарымен қамтамасыз етумен байланысты проблемалар кәсiпорынның төмендеуiне, сосын толықтай тоқтап қалуына әкеліп соқты. Негiзгi технологиялық цехтары мыналар: дайындық цехы; формалы және формалы емес резеңке-техникалық бұйымдар цехы; жең; транспортерлық лента; сынамалы және вентиляциялық белбеулер; желімделетін және резеңкелі маталар цехы.
"Сараньрезинотехника" AAҚ құрамына (қосалқы құрылтайшы "Софтлайн" фирмасы, Ресей) дайындық және транспортерлық лента цехтары кірді. Кәсiпорын транспортерлық лентаның барлық түрлерiн, полиизобутилендiк пластина, техникалық пластина, тауарлық резеңке шығару жөніндегі қуатқа ие.
"Қарағандырезинотехника" ЖШС-нiң құрамына (қосалқы құрылтайшы - "Софтлайн" фирмасы, Ресей) формалы және формалы емес бұйымдар цехы; жең; желiмделушi және мата резеңкесiнiң цехтары кiредi. Кәсiпорын резеңке тростық лента, әртүрлi қысымдағы жең, гуммирленген білікшелер, формалы және формалы емес бұйымдар, тауар желiмiн шығару жөніндегі қуатқа ие.
Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Белоруссия, Украина көмiр, таукен, коксхимиялық, машина жасау өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары шығарылатын өнiмнiң негiзгi тұтынушылары болып табылады.
"Сараньрезинотехника" ААҚ
Тауар өнiмiн шығару жөніндегі кәсiпорын: жылына 10200 тоннаға (немесе 600 мың шаршы м.) дейiн төсенiштiң әртүрлi санымен шығарылатын енi 1800 мм, ұзындығы 245 м дейiнгi транспортерлiк ленталардың барлық түрiне; полиизобутилендiк пластина - жылына 2000 тонна; жылына 350 тонна майбензинге төзiмдi және қышқыл-сiлтiлiк техникалық пластина; 750,0 тонна тауарлық резеңке шығару жөніндегі жобалық қуатқа ие.