Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсiбiн дамытудың 2004-2010
жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 ж. 29 қаңтардағы № 101 қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсiбiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жарты жылда бiр рет Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жиынтық ақпарат ұсынсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi В.С.Школьникке жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 29 қаңтардағы
№ 101 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсiбiн
дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
Астана, 2004 ж.
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсiбiн
атауы дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған
бағдарламасы
Әзiрленiм "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006
үшiн негiздеме жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру
жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 903 қаулысы (2.3.1-тармағы)
Әзiрлеушi Қазақстан Республикасының Энергетика және
минералдық ресурстар министрлігі
Бағдарламаның Әлемдiк жетiстiктерге сәйкес қосылған құн тiзбегi
мақсаты бойынша тауарлық мұнай-химия өнiмiн шығара
отырып, көмiрсутек шикiзатын тереңдетiп тазалау
және кешендi қайта өңдеу жөнiнде жұмыс iстейтiн
инновациялық технологиялар мен жұмыс iстейтiн
өндiрiстердi құрып, Қазақстан өнеркәсiбiнiң
мұнай-химия саласын жеделдете дамыту
Бағдарламаның Бағдарламаның басты мақсатына мынадай
мiндеттерi стратегиялық мiндеттер iске асырылған кезде қол
жеткiзiлетiн болады:
Инвесторлардың қатысуымен мұнай-химия
кәсiпорындары үшiн шикiзат ресурстарының отандық
базасын жасау.
Қазақстан өнеркәсiбiнiң мұнай-химия саласы
инфрақұрылымын дамыту (шаруашылық жүргiзушi
субъектiлердiң өндiрiстi дамыту бағдарламалары).
Жоғары технологиялық, импорт алмастырушы мұнай-
химия өнiмдерiнiң өндiру көлемдерiн ұлғайту және
көмiрсутек шикiзатын өндiруге iлесе жүретiн
өнiмдердiң қоршаған ортаға терiс әсерiн азайту
мақсатында көмiрсутек шикiзатын тереңдетiп
тазалау және оны кешендi түpдe қайта өңдеу
жөніндегі іс-шараларды іске асыру.
Қазақстанда мұнай-химия саласы үшiн жаңа
инновациялық өндiрiстер, технологиялар,
жабдықтар мен материалдар әзiрлеу әрi жасауды
ғылыми-техникалық қамтамасыз ету.
Мұнай-химия өнiмдерiн өндiру мен сатудың жалпы
әлемдiк жүйесiне интеграциялану, халықаралық
стандарттарға сәйкес (ИСО) инновациялық өнiм
жасау.
Өнеркәсiптiң мұнай-химия саласын дамыту
процестерiн нормативтiк құқықтық реттеу
Iске
асыру мерзiмi 2004-2010 жылдар:
1 кезең - 2004-2005 жылдар
2 кезең - 2006-2008 жылдар
3 кезең - 2009-2010 жылдар
Қаржыландыру Республикалық бюджеттiң қаражаты:
көздерi 2004 жылға - 20 млн. теңге;
2005 жылға - 340 млн. теңге;
2006 жылға - 400 млн. теңге.
2005 және 2006 жылдарға шығындар көлемi
болжамдық көрсеткiштерге ие және "Республикалық
бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес тиiстi қаржылық жылға нақтыланады.
Қазақстан өнеркәсiбi мұнай-химия саласының
кешендi инфрақұрылымын құру, соның iшiнде
мұнай-химия кәсiпорындары үшiн шикiзат
ресурстарының отандық базасын құру тiкелей
шетелдiк және отандық инвестициялар; мемлекеттік
кепiлдiкке тартылатын мемлекеттік емес қарыздар;
сондай-ақ кәсiпорындардың өз қаражаты есебiнен
жүзеге асырылатын болады.
Күтiлетін Бағдарламаны iске асырудың нәтижесiнде мынадай
нәтижелер негiзгi нәтижелер алынатын болады:
- мақсатты инвестициялық құрылыс жобаларын iске
асыру есебiнен жаңа мұнай-химия кешендерiн құра
отырып, республиканың қолда бар мұнай және газды
қайта өңдеушi қуаттарын жаңғырту және
технологиялық жаңғырту негізiнде мұнай-химия
кәсiпорындары үшiн шикiзат ресурстарының отандық
базасы құрылады;
- қолданыстағы мұнай-химия кәсiпорындарын
жаңғырту және технологиялық жаңарту мен жаңа
өндiрiстер, технологиялар, жабдықтар мен
материалдар негiзiнде Қазақстан өнеркәсiбiнiң
мұнай-химия саласының толыққанды инфрақұрылымы
құрылады.
Осы бағыттар бойынша Бағдарламаны iске асыру:
- көмiрсутек шикiзатын өндiру мен тасымалдаудан
бастап түпкiлiктi мұнай-химия өнiмдерiн шығара
отырып, оны тереңдетiп және кешендi өңдеуге
дейiнгi қызметтi жүзеге асыратын
сатылық-интеграцияланған құрылымдарды одан әрі
дамытуға;
- қазiргi уақытта атмосфералық ауаға нормативтен
тыс зиянды заттар шығарындылары мен алауларда
жағылатын iлеспе газдың елеулi көлемiнiң қайта
өңделуiне;
- 2010 жылға таман мұнай-химия өнiмдерiн жоғары
қосылған құнмен - жалпы көлемi жылына 300 мың
тоннаға дейiн полистирол, жылына 100 мың тоннаға
дейiн полипропилен, жылына 50-ден 300 мың
тоннаға дейiн полиэтилен, жылына 60-тан 120 мың
тоннаға дейiн синтетикалық каучук, яғни
резеңке-техникалық бұйымдар мен шина өнiмдерiн
(жылына 3-тен 5 млн. данаға дейiн автокамералар
мен автоқақпақтарды) өндiру үшiн қажеттi көлемде
өндiруге мүмкiндiк бередi.
Бұдан басқа, мұнайды, газды тазалау мен қайта
өңдеу барысында пайда болатын, оның iшiнде
күкiрт бойынша (тауарлық түйiршiктелген және
қабыршақталған күкiрт, күкiртбетон,
күкiртцемент, күкiртасфальт, модификаторлар және
т.б.) iлеспе өнiмдердi пайдалану негiзiнде
қосылған қуаттар мен жаңа өндiрiстер құрылатын
болады. Мұнай-химия өндiрiстерi Қазақстанның
мұнай-газ кешенi үшiн импорт алмастыру өнiмiн
(катализаторлар, реагенттер, деэмульгаторлар
және т.б.) шығаруды бастайды.
Мұнай-химия өнiмдерiн шығаруды стандарттау,
сертификациялау және метрологиялық қамтамасыз
етудiң (ИСО) халықаралық стандарттарына сәйкес
мұнай-химия өнiмдерiнiң шығарылуын қамтамасыз
ету үшiн ғылыми-әдiстемелiк негiздемелер
әзiрленетiн болады.
Республика өнеркәсiбiнiң мұнай-химия саласы мен
мұнай-газ кешенiн дамытудың ғылыми-техникалық
қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу
және iске асыру инновациялық технологияларды,
жабдықты құруға:
- көмiрсутек шикiзатын кешендi қайта өңдеу
бойынша;
- Қазақстанның ауыр көмiрсутек шикiзатын
тереңдетiп қайта өңдеуге арналған катализаторлар
мен реагенттердiң жаңа буынын құруға;
- тауарлық мұнай-химия өнiмдерiн, оның iшiнде
ион алмастырғыш шайырларды, синтетикалық талшық
жарғақтарын және басқа да жаңа материалдар мен
композициялық құрамдарды шығаруды, жоғары
қосылған құнмен мұнай-химия өнiмдерiн
технологиялық тiзбек бойынша құруды жүзеге
асыруға мүмкiндiк бередi.
2. Кіріспе
Қазақстан Республикасы мұнай-химия өнеркәсiбiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 (2.3.1-тармақ) қаулысына сәйкес әзiрлендi.
Бағдарлама шикiзат ресурстарының отандық базасы мен әлемдiк жетiстіктерге сәйкес қосылған құн тiзбегі бойынша тауарлық мұнай-химия өнiмдерiн шығарумен, көмiрсутек шикiзатын тереңдетiп тазарту және кешендi өңдеу жөнiндегі жұмыс iстейтiн технологиялар, өндiрiстер құрумен Қазақстан Республикасы өнеркәсiбiнiң мұнай-химия саласын кешендi және жеделдетiп дамытуға бағытталған.
Қазақстан өнеркәсiптiң мұнай-химия саласын дамыту үшiн көмiрсутек шикiзатының iрi қорына - табиғи және iлеспе газдарға, мұнай және оны өңдеуден алынатын өнiмдерге, сондай-ақ мұнай битуминозды жыныстарға ие. Негізгі кен орындары Қазақстанның батыс өңiрлерiнде игерiлген. Геологиялық барлаудың болжамдық деректерi бойынша солтүстiк, орталық және шығыс аудандарда да көмiрсутектердiң қорлары аз емес.
Республикада көмiрсутек шикiзаттың табиғи ресурстарын өңдеудi қамтамасыз ету үшiн мұнай-химия саласы үшiн базалық өнiмдер алу жөніндегі мұнай өңдейтiн өндiрiстердiң жұмыс iстеп тұрған қуаттарын жаңғыртумен, сондай-ақ көмiрсутек шикiзатын тауарлық өнiмге дейiн қайта өңдейтiн аяқтау сатылары бойынша өндiрiстер құру мен мұнай-химия кешенiн қалыптастыру қажет.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы өнеркәсiбiнiң мұнай-химия саласына көмiрсутек шикiзаты негiзiнде (полистирол, полипропилен, резеңке-техникалық бұйымдар, шиналық өнiмдер, мұнай өнеркәсiбi үшiн реагенттер: деэмульгаторлар, өрт сөндiруге арналған көбiк жасағыштар, тотықтыру ингибиторлары, тұз түзiлiмдерi, парафин түзiлiмдерi, депрессорлық қондырғылар және т.б.), өнiм шығару жөніндегі кәсiпорындар жатады. Барлық мұнай-химия кәсiпорындары өз ресурстары болмауынан негізiнен Ресей Федерациясынан импортталатын шикiзатпен жұмыс iстейдi. Жиырмасыншы ғасырдың сексенiншi жылдарында Қазақстанның мұнай-химия кешенi КСРО-ның бiрыңғай кешенiннiң құрамдас бөлiгі ретiнде қалыптасты және жалпы өндiрiстiк- технологиялық кешенiнде аралық буын болып табылды. Қазақстан Республикасын дамытудың Стратегиялық жоспарының және Қазақстанның 2010 жылға дейiнгі экономикалық дамуының бiрiншi кезектегі мiндеттерiнде ғылымның отандық және дүниежүзiлiк алдыңғы қатарлы әзiрленiмдер базасында көмiрсутек шикiзатын тереңдетiп өңдеу жөніндегі жоғары технологиялық жаңа өндiрiстердi жасау белгіленген.
Сайып келгенде, мұнай мен газдың экспортқа жеткiзiлiмiн арттыру үшiн магистральдi мұнай- және газ құбырларын салуды, жұмыс iстеп тұрған мұнай-газ өңдеушi кәсiпорындарды жүктеу мен жаңғыртуды көздейтiн республика өнеркәсiбiнiң газ және мұнай саласын өндірумен қатар республика өнеркәсiбiнiң мұнай-химия саласын дамыту қажет. Бұл ретте мұнай-химия саласын отандық шикiзат ресурстарымен жұмыс істейтін және келешекте қосылған құн тiзбе бойынша өндiрiс құруды қамтамасыз ететiн экономиканың дербес экспортқа бағытталған жоғары технологиялық саласы ретінде қалыптастыру қажет, бұл түбiнде Қазақстанның экономикалық өсу шегін қамтамасыз етуге тиiс.
Осы мiндеттi шешудi тек өзiнің ресурстық, өндірістiк және ғылыми-техникалық әлеуеті есебiнен ғана емес, сонымен қатар елеулі дәрежеде жоғары технологиялардың трансфертi есебiнен де жүзеге асыру қажет.
Мұнай-химия саласын дамытуды сатылас және деңгейлес интеграцияланған құрылымдар құру жолындағы мақсатқа бағыттап жүзеге асырған жөн.
Құрылымдық қалыптасуы көмірсутек шикiзатын шығарудан бастап оның кешенді өңделуi және жоғары қосылған құнмен тауарлық өнім шығарумен ұлттық немесе iрi дүниежүзілік мұнай-химия компанияларының базасына негізделген сатылас интеграцияланған құрылымдар республиканың экономикалық қауiпсiздiгін, көмірсутек шикiзатының дүниежүзiлiк бағаларының өзгерулеріне экономикалық жұмылдырудың жоғарғы дәрежесiн қамтамасыз етедi. Қазақстанда осындай сатылас интеграцияланған құрылымдарды "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ-ның, "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" ААҚ-ның және т.б. кәсіпорындарының базасында құруға болады.
Мұнай-химиясы үшiн тиісті шикізаттық қорлардың болуы кезінде деңгейлес интеграцияланған құрылымдар полистирольдық пластиктер, полипропилен, полиэтилен, жасанды каучук, резеңке-техникалық бұйымдар, шиналық өнiмдер, пластикалық құбырлар және қосылған құнмен өнiм жасаудың технологиялық тiзбегi бойынша басқа да өнiмдер өндірісімен жұмыс істеп тұрған және құрылатын мұнай-химиялық кәсiпорындардың базасында пайда болды.
Тұтастай алғанда, алға қойылған міндетті шешу - Қазақстанның мұнай-химия өнеркәсібi саласын дамыту - экспорт құрылымындағы шикiзат құраушыларын елеулi деңгейде жоғары технологиялы инновациялық өнiмге өзгертуге мүмкіндiк береді.
3. Қазақстан Республикасының өнеркәсібі мұнайхимия
саласының қазіргі жай-күйін талдау
Қазiргі уақытта Қазақстанның көмірсутек шикiзатын қайта өңдеу, негізінен мұнай-химиялық шикізатты онан әрi тиiмдi қолданусыз, мұнай мен газды айырумен шектеледі. Қазақстанның мұнай-химиялық және тұтыну рыногына жұмыс жасайтын солармен шектес химиялық өндiрiстерiнiң үлесі 15%-дан төмен, экономикалық дамыған елдерде бұл көрсеткiш 50-60%-ке жетедi.