экспортталатын болды, яғни мұнай-химия өнiмiнiң әрбiр түрiнiң өндіріс
көлемдерi ұлғаятын болды және бұл өз кезегiнде экспорт көлемiн ұлғайтуды
қамтамасыз етедi.
5.1. Қазақстан Республикасындағы полистирол пластиктерi
өндiрiсiн дамытудың перспективасы
Қазiр "Пластикалық массалар зауыты" ЖШС өндiрiс қуаттылықтардың қол жеткен деңгейде тұрақтандыру және сүйемелдеу шаралары негізгі болып табылады. 1995 жылғы өрт нәтижесiнде этилбензол қондырғыларының қатардан толық шығуынан кәсіпорында стирол өндiрiсі жоқ. Стирол өндiрісіне арналған этилбензол импорты экономикалық мақсатқа лайықсыз. Кәсiпорында Ресейден импортталған стирол негiзiнде полистирол өндiрудi жоспарлайды, ол өтетiн өнiм шығарудың өнімділiгін қамтамасыз ету үшін проблемалы болып отыр.
Бағдарлама аясында "Пластикалық массалар зауыты" ЖШС-ын отандық шикізаттық ресурстармен қамтамасыз етудi шешу кезінде Қазақстан Республикасының полистирол пластигі өндірiстерi рыногы үшiн жақын арадағы уақытқа негiзгi технологиялық жабдықтау жұмысқа жарамды күйде ұстап тұруға бағытталған техникалық қайта жарақтандыру мақсаттарын, қайта құрылымдау және кәсiпорынды кеңейтулерi мiндеттерiн, сондай-ақ, оның жаңартуды, стирол, полистиролды шығару, жоғарғы және төмен қысым полиэтилен өндiрiсi қуаттылығын өсiрумен шешу керек.
Қазақстандағы полистирол пластиктерiн өндiрудi дамытудың
бiрiншi нұсқасының iс-шаралары
Қол жеткен қуаттылықты қалпына келтiру мақсатымен "Синтезкаучукпроект" Воронеж қ., (жоба орындалуына шығындар 5 мың АҚШ долл. құрайды) әзiрлеген жоба бойынша этилбензолды сутексiздендiру реакторлық блогын қайта құрылымдау жолымен стирол қондырғысы мономер-стирол өндiрiсiне жылға 300 мың тонна көлемiнен кем емес (2008 жыл) жұмыс iстейтiн қуаттылықтар құру.
Түптiң түбiнде бәсеке қабiлеттiлiкке әсер ететiн (2004-2010 жылдар) шығарылушы өнiмнiң өзiндiк құнын маңызды азайтатын қолда бар технологиялық желiлердiң бар қуаттылықтарымен сәйкестiкте полистирол пластиктердiң өндiрiс көлемiн ұлғайту.
2006 жылға таман жылына 150 мың тоннадан кем емес, 2010 жылға таман жылына 300 мың тоннадан кем емес көлемде өнiм көлемiн арттыру мақсатымен "Пластикалық массалар зауыты" ЖШС-ты жұмыс iстейтiн қуаттылықтардың техникалық жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру, сонымен қатар халықаралық стандарттармен сәйкестiкте сапасын жақсарту.
Этилен өндiрiсi бойынша қондырғыларды сұйытылған пропан-бутанмен қоспаларын және тұрақты бензиндi хош иiстендiрудi көздейтiн ВНИИОС АҚ-ы Жаңа-Куйбышев бөлiмшесi технологиясымен, аймаққа арналған автомобильдiң бензинiн, дизель отынды және мазутты қайта бейiндеу (резервтегi этилен қондырғыларды ректификациялау торабындағы аман қалған жабдықтар базасында) арқылы шығару, жоспарланушы шикiзат қуаттылығы жылына 80 мың тонна (шығын 30 мың АҚШ доллары).
Жалпы мақсаттағы полистиролды және соққыға төзiмдi полистирол маркалы ассортиментiн толық жетiлдiру шараларын әзiрлеу. Көбiктенген полистирол өндiрiстерiнiң көлемдерiн кеңейту.
Жаңа маркалардың, ИСО халықаралық стандарттарымен полистироль ABC-пластиктердiң, ион алмасушы шайырлардың және соның iшiнде сәйкестiкте мембраналар шығаруын игеру.
"Пластикалық массалар зауыты" ЖШС өндiрiс инфражүйе аясында полиэтилендi және басқа мұнай-химиялық өнiмдердiң өндiрiсi бойынша жаңа заманғы қондырғылар мен цехтардың құрылысын салуды жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасында полистирол пластиктердiң базасында қосылған құн тiзбегiмен өндiрiстердiң игерiлуін ынталандыратын жағдайлар жасау.
"Пластикалық массалар зауыты" ЖШС даму бағдарламасын
iске асырудың екiншi түрi
(Теңіз кен орыны базасында жобасын іске асырған жағдайында -
этан құбыры құрылысы қуаттылығы 500 мың тонна, жоба құны 70 млн. АҚШ
доллары және өнім құбыры (ЖККФ Тенгиз және Қазақ ГӨЗ-бен) қуаттылығы
жылына 900 мың. тонна (жоба құны 80 млн. АҚШ доллары.)
Этилен қондырғысын техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту, қуатты жылына 70 мыңнан 110 мың тоннаға жеткізу;
Этилбензол қондырғысын қалпына келтіру, қуатты жылына 346 мыңнан 392 мың тоннаға арттыру;
Стирол қондырғысын қайта құрылымдау және жаңғырту, қуатын жылына 370 мың тоннаға жеткізу.
Соққыға төзімді полистиролдың өндiрiсi бойынша қондырғы құрылысын салу, жеке қуат 60-80 мың. тонна/жыл (құны 1,5 млн. AҚШ доллары), соққыға төзiмді полистирол өндiрiсін кеңейту, қуатын жылына 150 мың тоннаға жеткізу.
Көбiктенген полистирол өндiрісін кеңейту, қондырғы қуатын жылына 60-тан 100 мың тоннаға жеткізу.
Этанның шамаланған ресурстары пиролиз этанның жаңа қондырғысы қуатын техникалық-экономикалық бағалау үшiн жылына 250-300 мың тонна этилен қабылдауға мүмкіндiк бередi. Өзiне меншікті этилен базасында жоғарғы және төмен қысымды ПЭ өндiрiсi үшiн жаңа екi қондырғы құрылысы жүзеге асырылатын болады.
ПЭ, полистирол секілдi термопластар топтарында кең қолданылатын материал болып келедi. Қазақстан полиэтиленге қажеттілiгін ТМД-дан импортпен қанағаттандырады. ТМД елдерiнде, соның iшінде Қазақстанда да ПЭ жан басына шакқанда салыстырмалы төмен тұтыну байқалады, бұл арада этилен өндiрісінің 63% қуаттылығы Ресей аумағында шоғырланған. Республикадағы нысандық өндiрiстердiң бар қуаттылықтары бойынша полиэтиленге қажеттілiк жылына 33 мың тоннаны құрап отыр. ТМД-да полиэтилен өндірістерiнің мүмкіншіліктердің үстінде жақын арадағы он жылдыққа сұраныс артуы айқындалады, 2010 жылға таман қажеттілік жылына 170 мың тонна болады. Осыған байланысты республикада полиэтилен өндiрiсiн ұйымдастыру ерекше өзектiлiкке ие болады.
Халықаралық құрылыс институты (XҚИ), қаражаттық - траст компаниясы (ҚТК) INITEC институтымен бiрге (INI топ, Испания) зауытты дамыту жоба қаржыландырулары және ұйымдастыру мүмкiншiлiктерiн зерттеп, кезектермен бағдарламаны қаржыландыру ұйымдастыру ең нақты нәтиже деген шешiмге келдi, әрқайсысының құны 260-300 млн. АҚШ долларынан кем емес, автономиялық бағдарлама жобасынан тұрады, полиэтилен өндірiстерiнің қуаттарын құру және этилен өндірiсi мен екi кезекте полиэтиленнiң әрбiр кезеңіне арналған қуаттардың құрылысы бойынша этилен: жылына 125-150 мың. тонна; ЖҚПЭ бойынша жылына 55-65 мың тонна; ТҚПЭ жылына 65-76 мың. тонна. Егер соның арқасында этанқұбырын қысқартуға болатын зауыт кеңейтулерiнiң жобаларын шикiзаттық базаға барынша көп жақындату және базаның шикiзаттық жақын маңда этилен жаңа өндiрiстерiн орналастыру мүмкiншiлiгi болса бағдарламаны орындау нақтырақ болар едi. Бұның өзi шикiзат тасуында үнемдiлiктен басқа Теңiз зауыты мен мұнай өңдейтiн компанияларды жобаға қатысушылар ретiнде тартуға мүмкiншiлiк бередi және ол өз кезегiнде жоба қаржыландыруларының мүмкiншiлiктерiн жақсартады. Жобаның қаржыландырылуына ХҚИ жетекші шетел фирмаларын және INI тобымен, Испания ҚТК-ны тартуға болады.
Қолданыстағы зауыттың шегiнде жаңа құрылыс салу
Жылына 300 мың тонна қуаты бар бензол өндiрiсi (Жобаның құны 150 мың доллары).
Конструкциялық мақсаттағы акрилбутадиенстирол полимер (АБС-пластиктiң) өндiрiсi үшiн қондырғылар құрылысы, жобалық қуаты жылына 40-45 мың тонна, өндiрiске шығындар 89 млн. АҚШ долларын құрайды. Технологияны "Dow Chemical" компаниясы, АҚШ беруге дайын.
Полистирол ассортиментiн кеңейту және жаңа буын тауарларын шығару үшiн этилбензол, стиролдың және полистиролдың өндiрiстерiн қайта қалпына келуiн қамтамасыз етуiне арналған қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Полистирол рентабелдi көлемдерiнiң өндiрiсiн бұрынғы қалпына келуi шарттарының бiрi оны отандық шикiзатпен қамтамасыз ету: жылына бензолмен - 260 мың тонна және этанмен - 160 мың тоннадан кем емес. Сондай-ақ, бензол алкилдеудiң қондырғысын бұрынғы қалпына келтiру қажет.
Осылайша, шикiзат ресурстарының отандық базасын жасау мәселелерiн шешу кезiнде Қазақстан Республикасының бәсекеге қабiлеттi, экспортқа бағытталған әртүрлi маркалы полистиролдi пластиктер өндiрiсiн жасауға барлық нақты перспективалары бар.
5.2. Қазақстан Республикасындағы полиэтилен және полипропилен
өндiрiстерiн дамытудың перспективасы
Қазақстан рыногының даму перспективалары оларды қолданудың бұрыннан барларын кеңейтумен және оларды қолданудың жаңа салаларының пайда болуымен байланысты емес. Егер Қазақстан 2020 жылға қарай жан басына пластмассаларды тұтынудың орташа әлемдiк деңгейiне қол жеткiзсе, онда Қазақстан Республикасында пластмассалардың оптимистiк рыногы 170 мың тонна ПЭ, 85 мың тонна ПП және 84 мың тонна полистиролды құрауы тиiс. "Пластикалық массалар зауыты" ЖШС және "Полипропилен зауыты" ЖШС-нiң бар қуаттарына сәйкес бұл көрсеткiштерге шикiзатпен қамтамасыз ету проблемаларын шешу кезiнде толығымен қол жеткiзiлуi мүмкін.
Бұл ретте осы кәсiпорындардың ресейлiк өндiрушiлер құрамында аймақтық рынокқа қатысушылар болып табылатын жағдайын және таяу жылдар iшiнде аймақтық және әлемдiк рынокта өнiмдi өткізу проблемаларының болмайтындығын ескеру қажет.
Бағдарлама шеңберлерiнде жұмыс iстейтіндерiн жаңғырту және жаңа өндірiстердi салу жобасымен "Полипропилен зауыты" ЖШС отандық шикiзат базасына - газконденсаттарын, табиғи және iлеспе газдарды кешенді қайта өңдеу кезiнде ГПЗ өнiмiне ауыстыру бойынша iс-шаралар
көзделiнетiн болады, бұл өндiрiстiң пайдалылығын нақты өзгертпек (3-схема).
3-схема
Бір мезгілде бар өндірістерді кеңейту және жаңаларын құру жөніндегі іс-шараларды өткізу қажет:
- "Полипропилен зауыты" ЖШС базасында жылына 150 мың тонна қуатпен пропанды сутексіздендiру әдiсімен пропиленді алу жөнiндегі қондырғыларды салу полипропилен, акрилонитрил және этиленпропилендi каучуктардың өндiрiсіне арналған қажеттілiктердің көлемiнде пропилен алуға мүмкiндiк тудырады. Пропанды сутексiздендіру қондырғысының құны 170 млн. АҚШ долларын құрайды.
- жылына 200 мың тонна қуатпен жаңа полиэтилен өндірісiн құру. Бұл бiрiншi кезеңде Еуропа мен Ресейден әкелiнетін шикiзатқа, отандық шикiзаттан алынатын жергіліктi полимерлерге бағдарланған жоғары тығыздықтағы полиэтиленнен жасалынатын құбырларды өндіру бойынша 2003 жылы енгiзiлген Атырау зауытын қамтамасыз етуге мүмкіндiк тудырады.
Осылайша, Қазақстан Республикасында осы Бағдарлама шеңберлерiнде шикiзат ресурстарының отандық базасында жұмыс істейтiн мұнай-химия кәсiпорындары - "Пластикалық массалар зауыты" ЖШС және "Полипропилен зауыты" ЖШС полистирольдi пластиктердің негiзгi құрастырушылары, әртүрлi маркаларда полиэтилен және полипропилен болатын тұрақты өндiріс пен кең гаммадағы мұнай-химия өнімдерiн өткізу қамтамасыз етілетiн болады, бұл ретте өнiмнiң басым бөлiгi экспортқа жiберiлетін болады.
5.3. Қазақстан Республикасындағы синтетикалық каучуктер,
резеңке-техникалық бұйымдар және шиналық өнімдi шығару
жөнiндегі өндірiстерді дамытудың перспективалары
"Сараньрезинотехника" AAҚ, "Қарағандырезинатехника" ААҚ және "ИнтерКомШина" ААҚ мұнай-химия кәсiпорындарын отандық шикiзатпен қамтамасыз ету үшiн 5.2.-кестеде көрсетілген кәсiпорындардың бар және нақты қажеттілiктерінiң өндiрiстiк қуаттарын жүктеу үшiн Қазақстанда синтетикалық каучук өндiрiсiн тудыру қажет.
5.2.-кесте
Қазақстанның мұнай-химия кәсiпорындарының СК жылдық қажеттiлiгі
Кәсіпорындардың атауы | Жылдық қажеттілік, тонна |
Қуаттардың жұмыс істеуі кезінде | Өндірістік қуаттар кезінде |
"Қарағандырезинотехника" ЖШС | 1907 | 6535 |
"Сараньрезинотехника" ААҚ | 2160 | 8640 |
"ИнтерКом Шина" ААҚ | 11311 | 24000 |
Барлығы | 15378 | 39175 |
Республикада бұрынғы Шымкент шина зауытының құрамында
("ИнтерКомШина" ААҚ) регенераторлық және синтетикалық каучук зауытын салу
туралы мәселе көтерiлдi, бұл жоғарыда аталған зауыттарды өз шикiзатымен
70% дейiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк тудырар едi. Бiрақ әзiрше бұл жоба
iске асырылған жоқ.
CK өндiрiсiнiң негiзгi компоненттерi бутадиен, стирол, этилен,
пропилен, изопрен болып табылады. Аталынып өткен барлық қосылыстардан
Қазақстанда тек стирол ғана "Пластикалық массалар зауыты" ЖШС (Ақтау қ.)
өндiрiледi. Бутадиендi, этилендi, пропилендi, изопрендi өндiру
көмiрсутегi шикiзатын тереңдетiп қайта өңдеу тiзбегiнiң түпкiлiктi
өнiмдерi болып табылады. Сондықтан жұмыс iстеп тұрған мұнай- және газ
өңдеу зауыттарында мұнай мен газды тереңдетiп және кешендi қайта өңдеу
технологиялары мен қондырғыларын енгізумен қайта құруды жүргiзу қажет.
5.3-кесте
Мұнай-химия өнiмдерi тауарларының өндiрiсi мен экспорт көлемдерiнiң
болжамдық көрсеткiштерi
жылына мың тонна
2005 ж. | 2010 ж. | 2015 ж. | 2020 ж. |
150 100 60 60 30 100 80 30 20 - 1,5 2,5 3,76 | 300 200 100 150 50 300 210 100 70 40 2,5 3,5 6,8 | 350 250 150 150 50 380 250 150 100 60 3,0 5,0 7,6 | 450 300 150 200 100 450 300 200 130 80 3,5 5,5 8,6 |
* Қазақстан кейiн шина және резеңке-техникалық бұйымдарды шығарумен
Су өндiрiсiн дамыту үшiн жеткiлiктi өндiрiстiк-техникалық әлеуетке және
базалық шикізатқа ие. Сондықтан жұмыс iстеп тұрған МӨЗ, ГӨЗ-да немесе
көмiрсутегi шикiзатын қайта өңдеу жөніндегі жаңа қуаттарды құру кезiнде
технологиялық тiзбек бойынша шина өнiмдерiн және резеңке-техникалық
бұйымдарды шығару үшiн сондай-ақ, басқа елдерге СК экспортына жағдайлар
туғызатын технологиялар және СК шығару бойынша өндірістерді құру қажет.
** Шина және резеңке-техникалық өнiм экспортының ерекшелiгi:
- экспорттың негiзгi көлемi (өндiрiлетiн шиналардың 12-15%) жаңа
автомобильдердi (30% жеңiл және 22% жүк шиналары) жинақтау үшiн
автомобиль зауыттарына жiберiледi. Негiзгi және неғұрлым өсiп отырған
сату саласы - қолданыстағы машиналар (барлық шығарылғандардың - 60-70%)
паркi үшiн сату;
- резеңке-техникалық бұйымдарды неғұрлым ең ірі тұтынушылар
автомобильдiк және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау болып табылады.
Сондықтан экспорттың басым бөлiгi - автомобильдер мен ауыл шаруашылығы
техникаларын (барлық шығарылғандардың - 70-80%) шығаратын өндiрiстер үшiн
сату.
Осылайша, Қазақстан кейiн шина және резеңке-техникалық бұйымдарды
шығарумен СК өндiрiсiн дамыту үшiн жеткiлiктi өндiрiстiк-техникалық
әлеуетке және базалық шикiзатқа ие болып отыр. Қазақстанда СК өндiру үшiн
көмiрсутегi шикiзатын тереңдетiп өңдеу шикiзатының тiзбегiнiң түпкiлiктi
өнiмдерi - бутадиендi, этилендi, пропиленді, изопрендi шығаруды ретке
келтiру қажет.
Сондықтан жұмыс iстеп тұрған мұнай- және газ өңдеу зауыттарында
немесе көмiрсутек шикiзатын қайта өңдеу жөніндегі жаңа қуаттарды құру
кезiнде технологиялық тiзбек бойынша шина өнiмдерi мен резеңке-техникалық
бұйымдарды шығару бойынша өндiрiстердi дамыту үшiн тиiстi жағдайлар
туғызатын СК шығару бойынша технологиялар мен өндірістерді құру қажет.
Қазақстанда жұмыс iстеп тұрған мұнай-химия кәсiпорындары негiзiнен
қажеттi кадр әлеуетiмен қамтамасыз етiлген және кәсiпорындардың барлық
өндiрiстiк қуаттары толық iске қосылған кезде жұмысқа тартылатын
резервтiк әлеует бар. Мұнай-химиялық өндiрiстердi кеңейту және жаңа
қуаттарды iске қосу кезiнде орта техникалық, кәсiптiк білімi бар
кадрларды дайындау қажет.
5.4.-кесте
2010 жылға дейiнгi кезеңге құрылатын жұмыс орындары санының
болжамдық бағалауы
N р/с | Кәсіпорынның атауы | 2006 ж. | 2008 ж. | 2010 ж. |
1 | "Пластикалық массалар зауыты" ЖШС | 15 | 20 | 25 |
2 | "Полипропилен зауыты" ЖШС | 15 | 20 | 20 |
3 | "Қaрағандырезинотехника" ЖШС | 15 | 30 | 40 |
4 | "Сараньрезинотехника" ААҚ | 10 | 20 | 35 |
5 | "Интеркомшина" ААҚ | 25 | 60 | 100 |
6 | "Казмұнайхим" ЖШС | 20 | 30 | 50 |
7 | "Рауан" ЖШС | 10 | 10 | 10 |
Барлығы | 110 | 190 | 280 |
Мұнай-химия кәсiпорындары қызметiн қалпына келтiру және жаңа
өндірiстік қуаттарды құру тек жаңғырту, технологиялық жаңарту және салу
жобаларының TЭH-не мемлекеттік экологиялық сараптама өткiзілгеннен кейiн
ғана жүзеге асырылатын болады.
5.4. Қоршаған ортаға әсер етудi бағалау
Қазақстандағы көмiрсутегi кен орындарын игерудiң ұлғайып келе жатқан екпiнiн еске ала отырып, және барлау мен өндіpу процесiне iлесе жүретін түрлі ластанулар және зиянды бастаулардың лезде көбеюi ықтималдығымен байланысты ластауды жоюдың дәстүрлі әдiстерiмен қатар оның алдын алу үшiн ортақ күштi жұмылдыру қажет.
Халықаралық тәжiрибеде ластануды ескертуге, бiрiншiден, көмiрсутегі шикізатын мұнай-химия технологияларын және өндiрiстерiн пайдалана отырып, көмiрсутек шикізатын қалдықсыз тереңдетіп өңдеудi пайдалану кезiнде көбiрек қол жеткiзiледi, ол Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырылатын табиғат қорғау типтiк iс-шараларымен және осы саладағы басқа да заңнамалық, құқықтық нормативтiк актілермен бiртұтастықта ластанудың және қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алуды қамтамасыз етедi.
Мұнай-химия технологияларының құрылуы және дамуы оң iс-әрекеттер тетіктерiнiң бiрi болып табылады, бұл ретте өнеркәсiптің мұнай-химия саласы кәсіпорындары өңдеу технологияларының қолда бар даму деңгейi кезінде көмiрсутек шикiзатының бiрлiгiн өңдеудегi тұтас мұнай-химия өнiмдерінiң жоғарғы шығарылуын қамтамасыз етедi. Бұдан басқа, өнеркәсiптiң мұнай-химия саласы кәсiпорындары үшiн мұнай-газ кешен өндірiстерiнiң қалдықтары әртүрлі мұнай-химия өндірiстерiнiң дамуы үшiн бастапқы шикізат болуы мүмкін.
Сонымен, көмiрсутек кен орындарын жедел игеру жағдайындағы мұнайды өндiру кезiнде алынатын iлеспе газ кен орындарында алауларда жағылып кетедi, немесе алдын ала өңдеуден соң елеулi емес көлемде өндiруші компаниялардың жеке қажеттіліктерiне пайдаланылады.
Iлеспе газдың негiзгi көлемiнің алауларда жағылуы атмосфералық ауаның нормативтен тыс ластануына әкеледi. Мәселен, 2002 жылы республика аумағында алауларда 1,8 млрд. текше метр газ жағылған, ал 2003 жылдың 9 айы ішiнде 0,9 млрд. текше метр газдың тiкелей жағылуы мүмкін болған. Бұл көрсеткіштер көмірсутек шикiзатын қалдықсыз терең өңдеудiң өндiрісін жасау және дамытудың зәрулiгi мен қажеттілігін, қолданыстағы өндiрiстiң технологиялық жаңғыртылуы жөніндегі iс-шаралардың жүзеге асырылуын көрнекi дәйектейдi.
Көмiрсутек кен орындарын игеру процесiнде қоршаған ортаға шығарындылары мен төгiндiлердiң деңгейiн тұрақтандыру қажеттiлiгi келесi көрсеткiштермен анықталады. Қарашығанақ кен орынында 2002 жылы алауларда 74 млн. текше метрден астам ұшпа газдар жағылған, ал атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары 14 мың тоннадан астам болды. Ақтөбе аумақтық облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен анықталғандай, 6 млн. текше метр шамасында газ күкiртi қоспалардан алдын ала тазартылмастан жағылып жiберiлген. Табиғат қорғау заңнамасының өзге де және ұқсас бұзушылықтары 2003 жылдың наурызында шетел компаниялары "Аджип KKO" және "Харрикейн Құмкөл Мұнай" ААҚ табиғат қорғау қызметiн кешендi талдау кезiнде анықталды.