жаңадан өндiру болып қалмақ.
3.5.2. Қазақстан Республикасындағы полиэтилен мен
полипропилен өндiрiсiнiң сипаттамасы
Қазақстанда 2003 жылдан бастап "Полипропилен зауыты" ЖШС (Атырау қ.) жұмысын қалпына келтірді. Кәсiпорын Ресейден импортталатын шикізатпен жұмыс iстейдi, бұрын тiзбеленген инвестициялық жобалар (3.2.т.) iске асырылған жағдайда ПП өндірісiнің көлемдерi 2004-2010 жылдары 60,0-ден 100,0 тоннаға дейiн өсетiн болады.
"Полипропилен зауыты" ЖШС 1966 жылы пайдалануға берiлген Гурьев химия зауытының базасында құрылды, 1976 жылы Montedison фирмасынан (Италия) сатылып алынды, ал 1977 жылы ауыр еріткiш ортасында толассыз полимерлеу әдiсiмен түйiршiктелген полипропиленнiң құймалық және талшықты маркалар өндiрiсi енгiзiлген болатын.
1996 жылдың басында полипропилен өндірісі тоқтатылған болатын. 1999 жылғы қарашадағы аукционда зауытты ресейлiк кәсiпорын "Композициялық материалдар және пластмассалар зауыты" ЖАҚ (Томск қ.) сатып алды және таратылатын "Полипропилен" АҚ базасында "Полипропилен зауыты" ЖШС құрылды.
Зауыт полипропилен өндірiсі бойынша Қазақстан Республикасында жалғыз кәсiпорны болып табылады. 1993 жылы қаптар мен шөп буатын жiптердi өндiру бойынша желiлердi пайдалану енгізілетін болатын. 1995 жылы атактиканы (пропилендi қайта өңдеудің соңғы бөлiгi) қайта өңдеу, құю және буып-түю жөніндегі итальяндық технологиялық желi жөнделдi.
Зауыттың негiзгi өндiрістiк технологиялық цехтары: Италия, "Монте Катини Эдисон" фирмасының технологиясы бойынша пропилендi полимерлеу; полипропилен мен полиэтилендi түйiршiктеу; өзiнiң өнімiн шығару үшiн қолданылатын катализаторларды өндiру; Атырау облысын техникалық және медициналық оттегiмен және азотпен қамтамасыз етушi азот-оттегі өндiрiсi; халық тұтынатын тауарлар өндiрiсi; Германия, "Линде" фирмасының технологиясы бойынша жiп-қап өндiрісі.
Жылына жобалық қуаты: пропилен өндiрiсi бойынша - жылына 30 мың тонна; шеттен әкелiнген ұнтақтан полиэтилен композициялары - жылына 3,5 мың тонна; шөп буатын жіп жылына - 2,3 мың тонна; полипропиленнен жасалатын қаптар - 6 млн. дана.
Халық тұтынатын тауарлар өндірiсiнiң қол жеткен қуаты: құймалық бұйымдар - 210 ж/т, үрлеме бұйымдар - 30 ж/т; - пленкалық бұйымдар - 180 ж/т, оның iшiнде қапшықтар (240 x 420) - 5 млн.ж/д.
Зауыт о бастан ТМД елдерiнен жеткiзiлетiн (Ресей "Горьнефтеоргсинтез" АҚ, Кстов қаласы және "Нижнекамскнефтеоргсинтез" АҚ, Нижнекамск қаласы, Украина "Олефиновый завод" АҚ, Калуш қаласы) импортталған шикізатпен - пропилен, гептан, бутанолмен жұмыс iстейдi.
2002 жылы негiзгі технологиялық цехтардың құралғыларын жаңғырту және қалпына келтiруден соң "Полипропилен зауыты" ЖШС қолда бар технологиялық жарақтану және импорттық шикiзатпен жұмыс iстеу кезiнде өндірістің өнімсiз екендігін көрсеткен кәсiпорынның сынамалық қысқа мерзiмдік iске қосылуы жүзеге асырылды. Қазiргі уақытта полипропилен өндiрiсі тоқтатылды, кәсіпорынның өндiрiстiк қызметiнiң пайдалылығын қамтамасыз ететін техникалық шешiмдер iздестiрiлуде. 2004 жылы қуаты жылына 60 мың тонна ПП өндірiсiн iске қосу жоспарланып отыр.
Табиғат қорғау iс-шаралары бойынша кәсiпорын Атырау облыстық қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық басқармасымен қалдықтардың шығарындысы, төгіндісi және орналастыру, сондай-ақ өндiрiстiк қуаттарға сай кәсiпорынды iске қосу үшiн арнаулы табиғи пайдалану бойынша рұқсат берудi қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық құжаттарды әзiрлеу және келiсу жөніндегі алдын ала жұмыстар жүргізілуде. Қазiргі уақытта зауыт зертханасы бекітілген графиктер бойынша кәсіпорынның ауасы және ағын сулары бойынша өлшеулер жүргізіледі.
3.6. Синтетикалық каучуктар өндіру рыногы
Резеңке-техникалық бұйымдар мен шиналық өнiмдер өндірісінің негізгі шикiзаты синтетикалық каучук болып табылады. Синтетикалық каучук маңызды стратегиялық шикiзат болып табылады, Халықаралық каучук институты сарапшыларының бағалауы бойынша әрбiр елде оның белгiленген қорлары болуы тиіс.
Синтетикалық каучуктар (CK) - резеңке даярлауға арналған жоғары полимерлi материалдар - эластомерлер. Әдетте оларды әртүрлі монометрлерді - каучукгендердi полимерлеумен және полимерлестiрумен (кейбір жағдайларда поликонденсациялаумен) алады. Каучукгендер ретiнде бутадиен, стирол, изопрен, хлоропрен, изобутилен және т.б. қолданылады.
Синтетикалық каучуктар екі үлкен сыныпқа бөлiнеді: көпшілік резеңке бұйымдарын - автомобильдiк шиналарды, транспортерлы бауларды, жеңдерді, резеңке аяқ киiмдi және бiрқатар резеңке-техникалық бұйымдарды дайындау үшiн қолданылатын жалпы мақсаттағы әмбебаб каучуктар және ерекше жағдайларда - еріткіштер, қac сұйықтықтардың ортасында, жоғары температуралар және т.б. жағдайларда жұмыс істеуге мақсатталған резеңке бұйымдарды дайындау үшiн қолданылатын арнайы техникалық қасиеттерi бар каучуктар.
Көптеген синтетикалық каучук түрлерінің жетекшi продуценттерi АҚШ және Жапония болып табылады. Бутадиендық, стирольдық-бутадиен, изопрендік, хлоризопрендiк, полихлоропрендiк, витрильдiк-бутадиен, пропилендік-этилен және уретан каучуктар өнеркәсiптік мәнге ие болды. Олар АҚШ-та, Ресей Федерациясында, Жапонияда, ГФР-де, Нидерландыда, Францияда, Канадада, Италияда шығарылады.
Синтетикалық каучуктар экспортының көлемі бойынша АҚШ әлемде бiрiншi орын алады, СК импорты мардымсыз, шамамен жалпы өнімнің 5%. АҚШ-да негізгі көпшілiк каучук CK өндірiсі құрылымында үлесі 50% артықты құрайтын стирольды-бутадиен болады.
Стиролдың немесе а-метилстиролдың құрамына байланысты олардың қоспаларының ара қатысы CKC - 30 (бутадиен - 70, стирол - 30%); CKC - 50 (50:50); CKC -10 (90:10) ұсақталады. CKC-30 автомобильдiк шиналар, транспортерлы бауларды, резеңке аяқ киiм, формалы резеңкелік бөлшектер, жеңдер және басқа резеңке бұйымдар жасайтын әмбебаб каучук түрі болып табылады. CKC-10 жоғары аязға төзiмдiлiкпен айрықшаланады және аязға төзімді резеңке бұйымдарды даярлау үшiн қолданылады.
3.6.1. Синтетикалық каучуктер өндiрiсiнiң әлемдiк
рыногының конъюнктурасы
СК дамытудың әлемдiк үрдiстерi автомобиль жасауды және шина өнiмiн өндiрудi айқындайды. Соңғы жылдары синтетикалық каучукты әлемдiк рыногында болып өткен өзгерістер осы рыноктың барлық секторларына өндiрiске, тұтынуға, қорларға, саудаға, баға құрау мен бәсекелестiк ортаға әсерiн тигiздi.
СК әлемдiк өндiру мардымсыз 1999 жылы 10,3 млн. тоннадан 2001 жылғы 10,7 млн. тоннаға дейiн және негiзiнен, 22-ден 37% дейiн өсiп отырған әлемдiк өндiрiстегi азия аймағының үлесi есебiнен ұлғайды.
КСРО құлауының нәтижесiнде СК өндiрiсi Ресейде күрт түсiп кеттi: 1999 жылғы 1,5 млн. тоннадан 2001 жылғы 0,9 млн. тоннаға дейiн.
СК әлемдiк тұтынуын ұлғайту 10,2-ден 10,53 млн. тоннаға дейiн негiзiнен ҚХР-да және Тайваньда және Батыс Еуропаның (ФРГ, Франция және Испания) кейбір елдерiнде өндiрiстi ұлғайтумен ерекшеленедi.
ҚХР-да СК тұтыну 1999 жылдан бастап ұлғайды. 4,5 есеге - 2001 жылы 340 мың тоннадан 1,5 млн. тоннаға дейiн, ал Ресейде осы уақытта 1,13 млн. тоннадан 549 мың тоннаға дейiн азайды.
АҚШ-да 2000-2001 жылғы дағдарысты кезеңде автомобильдер 1999 жылдан 4410 мыңға аз шығарылғаны есептеп шығарылып, каучукты тұтыну 648 мың тоннаға қысқарды. СК жалпы пайдалану 2001 жылғыдан 3%-тен астамға азайды. 2001 жылы синтетикалық каучук рыногы онымен тiкелей байланысты каучук рыногын дамытудың әлемдiк үрдiстерiн айқындайтын автомобильдер мен шиналар өндiрiсiнде құлдырау басталған АҚШ-ның автомобиль мен шина өнеркәсiбi тарапынан әсер сезiне бастады.
Каучукты тұтынуды төмендету Солтүстiк Америкада 2000-2001 жылдың ортасында басталды, одан кейiн Азиялық-Тынық мұхит және басқа өңiрлерге тарады. 90 жылдардың басындағы құлдыраудан кейiн Жапонияда шиналар мен автомобиль өндiрiсiнде Қытай тарапынан бәсекелестiк өсiп отырғанымен, каучукке сұраным едәуiр ұлғайды. 1999 жылы ҚХР автомашиналарды экспорттаудан әлемде үшiншi орында болып отыр. Соңғы онжылдықта автомобильдер мен шиналардың iрi өндiрушiсi Оңтүстiк Корея болып отыр.
КСРО-ның құлдырауына байланысты онжылдық дағдарыстан кейiн Шығыс Еуропа мемлекеттерiнде каучукке сұранымның өсуi орташа әлемдiк деңгейден артып отыр. Шетелдiк инвестициялар ағымының арқасында автошина өндiрiсi бойынша бiрнеше бiрлескен кәсiпорындар құрылған Чехияда, Венгрияда және Польшада сұранымның әжептеуiр өсуi байқалады.
Шығыс Еуропа елдерiнде - автомобиль шығарудың төмендеуiнен СК сұранымның азаюы байқалады.
СК әлемдiк өндiрiсi соңғы онжылдықта тұтастай алғанда тұтынудан артық болды, бұл осы тауардың коммерциялық қорларының жиналуымен шарттасады. СК қорларының көлемi 1999 жылы олардың 1990 жылғы деңгейiнен 50% артып отыр.
Қазiргi уақытта СК әлемдiк қорлары оның үш айлық тұтынуына сәйкес келедi.
3.6.1.-кесте
СК әлемдiк тұтыну
мың тонна
Ел | 1990ж. | 1999ж. | 2000ж. | 2001ж. |
Синтетикалық каучук барлығы | 9660 | 10180 | 10790 | 10533 |
Оның iшiнде: | | | | |
АҚШ | 1821 | 2113 | 2163 | 1937 |
| 340 | 1285 | 1455 | 1520 |
Жапония | 1133 | 1133 | 1138 | 1082 |
Германия | 511 | 604 | 639 | 653 |
Ресей | 1130 | 436 | 498 | 549 |
Франция | 351 | 434 | 482 | 498 |
Бразилия | 284 | 309 | 351 | 359 |
Корея Респ. | 279 | 394 | 382 | 353 |
Испания | 166 | 242 | 278 | 275 |
Италия | 310 | 287 | 292 | 273 |
Тайвань | 195 | 263 | 260 | 249 |
Канада | 185 | 221 | 233 | 236 |
Ұлыбритания | 223 | 189 | 193 | 193 |
Әлемде СК бағасының өзгеру үрдiсi бәрiнен бұрын бастапқы мономерлер
мен мұнайды қайта қараудың әсерiне, сондай-ақ оған деген сұраным
деңгейiне және табиғи каучук рыногындағы жағдайға орай қалыптасады.
3.6.2.-кесте
СК әлемдiк қорлар мен бағалардың ceрпiнi
| 1999 жыл | 2000 жыл | 2001 жыл |
| 2490 | 2540 | 2620 |
Бағалар долл. тонн | 1017 | 1163 | 1493 |
Соңғы жылдары СК бағасы стирольды-бутадиен каучуктың (СБК) құндық
сипаттамасы бойынша анықталады. 2002 жылдың ортасында СК баға төмендей
бастады. Стирольды-бутадиен каучуктың (СБК-1500) келісім-шарттық
бағаларының шығыс еуропа рыногында түсуi 2001 жылдың үшiншi тоқсанында
14%, төртiншiде - 7% болды, бұл бутадиен мен стиролға бағаның
төмендеуiмен байланысты. БСК-1500 бағалары бiр тоннаға 840 евро
деңгейiнде белгiлендi. 2001 жылы бутадиен-стиролды каучукке орташа
әлемдiк баға 1493 долл./т. құрайды.
3.6.3.-кесте
Синтетикалық каучук әлемде орташа жылдық бағалардың ceрпiнi
Ел | Синтетикалық каучук | 1995 ж. | l998ж. | 1999ж. | 2000ж. |
АҚШ, долл./т Франция, Франки/т ФГР, Марки/т Канада, канад. долл./т Жапония, Иен/т Оңтүстік Корея, Долл./т Ресей,pуб./т | Стирольды- бутадиен Полибута- диендік Стирольды- бутадиен Полибута- диендік Стирольды- бутадиен Полибута- диендік Стирольды- бутадиен Полибута- диендік Стиролды- бутадиен Полибута- диендік Стирольды- бутадиен Полибута- диендік | 1331 1179 7871 6049 2431 1429 133000 133000 - - - - | 1393 1008 5939 5273 1836 1423 115000 140000 646 783 - - | 1017 922 5291 5160 1564 1244 101000 109000 - - 15618 12700 | 1163 1106 6803 6177 2045 - 121000 97000 798 798 20017 22717 |
CK шығару кез келген елде көп деңгейде өндіріске және ең көп талап
етілетін шикізат болып табылатын бутадиен - 1,3 (дивинил) сұранымына
байланысты. 2000 н. бутадиенге сұранымның жалпы көлемiнің 63%
синтетикалық каучуктердi өндірушiлердiң үлесіне тидi. (3.6.4.-кесте).
3.6.4.-кесте
Жылдар бойынша бутадиенге әлемдiк сұраным
мың тонна
Әлемде | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | Жылдық орташа өсу қарқыны, % |
Барлығы 8340 8634 8937 9229 9507 9810 3,7 |
Бутадиен өндiру бойынша әлемдiк қуаттар жыл сайын 2,3% ұлғаяды.
Бутадиеннiң әлемдегi орташа жылдық өсу қарқыны 3,7% құрайды, бұл әзiрше
жаңа қуаттардың енгізу көлемiн басып озуда.
Бутадиенге сұранымның ең жоғары өcу қарқыны Индияда және Оңтүстік
Шығыс Азия елдерiнде байқалды.
Chemical Market Associates Inc. (СМАI) болжамдары бойынша
Солтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерiнде 1999 жылдан 2005 жылға дейiнгі
кезеңде бутадиенге сұраным 630 мыңнан астам тоннаға, Батыс Еуропа
елдерiнде осы кезеңде 450 мың тоннаға ұлғаяды. CMAI болжамы бойынша 2004
жылға дейiнгі кезеңде бутадиенге әлемдiк сұраным қуаттардың кеңеюi бар
болғаны 2,8 % жеткенде орташа алғанда Жылына 3,9 % өсетiн болады.
Егер 2000 жылы қуаттардың орташа жүктемесi 85.6 % болса, Chemical
Market Associates Inc. болжамдары бойынша 2005 жылға таман әлемде
бутадиен өндiрiсi бойынша қуаттардың жүктемесi олардың жобалық
қуаттарынан 90,4% артығын құрайды.
Дегенмен, СМАI деректерi бойынша 1999-2005 жж. ТМД елдерi мен Шығыс
Еуропаның кәсiпорындарының қуаттар жүктемесi 50 % аздап асады.
Құлдырауға қарамастан, осы саладағы жетекшi позицияларды сақтаушы
АҚШ-да СК өндiрiсi 2001 жылы 1990 жылғы деңгейi шамамен 4% артты. Алайда,
СК әлемдiк шығаруда АҚШ-ның үлестiк салмағы 90-шы жылдары 21,5-тен 20,7%
дейiн төмендедi.
3.6.5-кесте
АҚШ-та СК өндiру мен тұтыну
млн. тонна
АҚШ | 1999 ж. | 2000 ж | 2001 ж. |
| 10,3 2,1 | 10,8 2,16 | 10,68 1,93 |
Freedonia Group консалтингтік компаниясы өткiзген зерттеулерге
сәйкес әлемде қаучукты тұтынудың жыл сайынғы өсуi 3% деңгейiнде болжанады
және 19,5 млн. тоннаны құрайды. Бұл өсу негiзiнен автомобильдердi
шығарудың төмендеуiнен 1994 жылдан 1999 жылға дейiнгі кезеңнен бiрнеше
есе аз болып отыр (3.6.6-кесте).
3.6.6-кесте
СК әлемдiк тұтынуының өсуі
| 1994 ж. | 1999 ж. | 2004 ж. | 2009 ж. | Жылдық орташа өсу қарқыны,% |
2004/1999 |
СК және НК тұтынудың жалпы көлемi, мың тонна Шина өнеркәсiбi Резеңке-техникалық өнеркәсіптiң басқа өндiрiстерi Өңiрлeр Солтүстік Америка Батыс Еуропа Қытай Жапония Азиялық-Тынық мұхит елдерi (Қытай және Жапонияны қоспағанда) Басқа өңiрлер 1 кг шинаға каучук шығысы Шиналарды өндiру, млн. дана | 14731 7199 7172 3929 2847 1400 1666 2839 1990 8,0 895 | 16928 8691 8237 4099 3233 2112 1867 3308 2309 8,0 1081 | 19530 9932 9598 4525 3445 2600 2020 4200 2740 8,2 1211 | 22515 11305 11210 4920 3665 3200 2140 5370 3220 8,4 1351 | 2,9 2,7 3,1 2,0 1,3 4,2 1,6 4,9 3,5 0,4 2,3 |