Транспортерлiк ленталар әртүрлi астарлы ТК 200, ТК 300, ЕР 315, ЕР 400 маталарынан жасалады. Өндiрiс үшiн қажет негiзгi шикiзат және қолданыстағы қуат кезіндегі жылдық сұраным: техникалық көмiртегi - жылдық сұраным 480 тн (Ресейден жеткiзiледi); техникалық мата - жылдық сұраным 3,5 млн. шаршы м. (Ресейден); каучук - жылдық сұраным 2160 тн (Ресейден).
3.8.2-кесте
2010 жылға дейінгі даму перспективасы
Резеңке- техникалық бұйымдар- дың өнді- рісі, млн- теңге | 2003 ж. | 2004 ж. | 2005 ж. | 2006 ж. | 2007 ж. | 2008 ж. | 2009 ж. |
1836 | 2978 | 3567 | 3745 | 4321 | 4983 | 6564 |
Дайын өнiмдi сынау тәсiлдерi стандартталған, сынау нәтижелерi
салыстырмалы және халықаралық және мемлекетаралық стандарттардың
талаптарына сәйкес. Өрт қауiпсiздiгiнiң көрсеткiштерi бойынша ленталарды
сынауды жүргiзу тәсiлдерi игерiлген. Қиын еритiн және қиын жанатын
жерасты жағдайларында пайдалануға арналған ленталар Ресейде
сертификациялық сынақтан өттi, Беларуссия мен Украинада ленталарды
пайдалануға рұқсат бар.
Конвейерлiк - резеңке маталы ленталар көрсеткiштердi бақылау мен
нормаларының шетелдiк стандарттарға сәйкес тәсiлдерiмен бiрге
мемлекетаралық стандарттың талаптары мен кәсiпорынның техникалық
шарттарына сай келедi.
Қазiргi уақытта қоршаған ортаны және минералдық ресурстарды қорғау
жөнiнде жаңа нормативтiк ережелер, қағидалар пайдаланылуда.
Резеңке-техникалық бұйымдар өндiрiсiнiң технологиялық процестерi жоғарғы
температурамен және арасында 2-4 сыныпты қатерлi заттар бар газ түріндегі
өнiмдердiң бөлiнiп шығуымен iлесе жүргiзiледi. Тығыздаудағы лентаның ұзақ
ұсталуына байланысты транспортерлік лентаның вулкандануы кезiнде газ
бөлiнудiң жалпы саны онша емес. Қалыпты жұмыс үстiнде оқтын-оқтын
тастаулар жоқ. Барлық тастаулар ұйымдасқан түрде болады. Атмосфералық
ауаны негізiнен ластайтын заттар: күкiртті ангидрид, азотқышқылы,
көмiртек қышқылы, көмiрсутегі, қатты заттар (ыс, бор, каолин және т.б.).
Бөлiнетiн газ түріндегі заттар атмосфераға кетедi, ал қатты
қосындылар циклондар мен жеңдiк сүзгiлерде сығылып басылады. ПДВ
есептеулерi нәтижесiнде анықталғандай, ластаушы заттардың бәрi әуеде
тарап және олардың селитебтiк аймақтағы ең көп шоғырлануының есептеулерi
олардың санитарлық нормалардан шоғырлануының зиянды әсерiнiң жиынтығын
есепке алғанда елдi мекендер ауасындағы ШMШ-дан аспайды.
"Қарағандырезинотехника" ЖШС
Шығарылатын өнiмнiң негiзгі түрлерi:
Резеңке маталы лента (2.1. тұрпатты жалпыға арналған жылу
өткiзбейтiн 2 ПТХ, жылу өткiзбейтiн 2 ТЖ2 қиын еритін 2Ш, аязға төзiмдi
2М); конвейерлi резеңкетросты (жалпыға арналған РТД, қиын еритiн РТЛШ,
қиын еритiн аязға төзiмдi РТДМШ; жең (екпiнмен сорылатын, жоғары қысымды,
оралатын конструкциялы); әртүрлi мақсаттағы формалы емес және формалы
резеңке-техникалық бұйымдар; вулканизациялық емес резеңкелiк қоспалар;
желiм.
3.8.3-кесте
"Қарағандырезинотехника" ЖШС жылдық өндiрiстiк қуатының
көрсеткiштерi
Формалы және формалы емес бұйымдар | 1740 тн |
Конвейерлiк резеңкематалы лента | 1381 мың шаршы м. (33100 тн) |
Конвейерлік резеңкетростық лента | 120 мың шаршы м. (4300 тн) |
Резеңкелiк желiм | 1050 тн |
Жең | 500 000 п.м (400 тн) |
Резеңке-техникалық бұйымдарының өндірісі үшін негізгі шикізат және
материалдардың тізбесі 100 позицияны қамтиды. Қазақстанда қажет шикізат
өндірілмегендіктен 95% шикізат Ресей Федерациясынан алынып келінеді. Бұл
мәселенің шешілуі отандық табиғи ресурстар негізінде шикізат өндіретін
жаңа кәсіпорындарды құру кезінде мүмкін.
3.8.4-кесте
Шикізатының негізгі түрлерінің жылдық қажеттілігі
Шикізат атауы | Жылдық қажеттілік, тонна | Бағасы, АҚШ доллары/ тонна үшін | Қайдан жеткізіледі |
СКИ | 1090 | 858 | Ресей |
СКМС-30 | 595 | 706 | Ресей |
СКД | 92 | 727 | Ресей |
Хлоропен S 40 | 130 | 2737 | Ресей |
Техкөміртегі П-803 | 74 | 1467 | Ресей |
Техкөміртегі П-514 | 413 | 428 | Ресей |
Кәсiпорында өнiм қолданыстағы Мемлекеттік стандарттармен және
техникалық шарттармен толық сәйкестiкке шығарылады (3.8.5.-кесте) және
өндiрiс көлемінiң өсуiнiң нақты келешегі бар. Кәсіпорынның құрылымында
дайын өнімдi операция аралық бақылауды сынау және шикiзатты кірер кезде
бақылау үшiн бүгінгi заманғы жабдықпен жабдықталған өзінiң сынақ
зертханасы бар.
3.8.5.-кесте
"Қарағандырезинотехника" ЖШС-нiң даму перспективалары
жылдаp
Резеңке- техникалық бұйымдар- дың өндi- рiсi, млн. теңге | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 | % |
177,9 | 185 | 194 | 196,9 | 210,7 | 221,3 | 230 | 243,9 | 137 |
Зауытта мынадай табиғатты қорғау шаралары жүргізілдi: iске қосылған
жабдық бойынша шаң ұстайтын "Циклондар" жөнделдi; қазан агрегаттардағы
труба құбырларын, ауа жүретін жолдар, газ жолдарын жылудан оқшаулау
жүргiзiлдi; сұйық отынмен жұмыс iстейтін қазандардағы бүркiгіштiң жану
режимi жөнiндегі реттеу жұмыстары жүргiзілдi; өндiріс қалдықтарын
ұнтақтау жөнінде диiрмен орнатылды;
РТБ жасау кезiнде резина үгінділерiн пайдалану жөнiнде рецептура
жүйесi әзiрлендi және енгiзiлдi.
Еңбектi қорғауды басқару жүйесi 2 сатылы бақылаумен жүзеге
асырылады. Ұйымдастырушылық-техникалық шараларды жоспарлау, әзiрлеу,
қаржыландыру, материалдық ынталандыру кiретiн, еңбектi қорғау мен техника
қауiпсiздiгі жөнiндегі толық көлемдегі жұмысты ұйымдастырудың бiрыңғай
жүйесi енгізілдi. Еңбек қауiпсіздiгін қамтамасыз ету жөнiндегі мiндеттер
енгізiлген РТБ лауазымдық нұсқаулықтары әзірлендi. Еңбектi қорғау мен
техника қауiпсiздiгi жөнiндегі іс-шараларды орындауға 2002 жылы 16,6 млн.
теңге жұмсалды.
Осылайша, Қазақстан Республикасының резеңке-техникалық бұйымдарының
өндiрiс рыногы 2 кәсiпорынның - "Сараньрезинотехника" ААҚ мен
"Қарағандырезинотехника" ЖШС-нiң қажетті өндiрiстік қуаттарымен танылды.
Кәсiпорындардың өндiрiстiк қуаттары жақсы жұмыс жағдайында және үлкен
көлемде әрi неғұрлым кең номенклатурамен дайын өнiмдi шығаруды қамтамасыз
ете алады. Кәсiпорындардың дамуын тежейтін негiзгi факторлар шикiзат
ресурстарының отандық базасының болмауы және өңiрдiң өндірістік және
әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымы дамуының жеткіліксiздігi болып
табылады.
Негізгi шикiзат - синтетикалық каучук бойынша шикiзаттық
ресурстардың отандық базасын құру кәсiпорындарға өндiрiс өнiмдiлiгiн
арттыруға, өндiрiлген өнiмнiң өзiндiк құнын төмендетуге, оның
номенклатурасын кеңейтуге, инфрақұрылымды дамытуға қажеттi қаражаттар
салуға Орталық-Азия аймағында РТБ рыногында алдыңғы орынға ие болуға
мүмкiндiк бередi.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның басты мақсаты - әлемдiк жетiстiктерге сәйкес қосылған құн тiзбесi бойынша тауарлық мұнай-химия өнiмiн шығара отырып, көмiрсутегi шикiзатын тереңдетiп тазалау және кешендi қайта өңдеу бойынша жұмыс iстейтiн инновациялық технологиялар мен өндiрiстердi құра отырып, Қазақстан өнеркәсiбiнiң мұнай-химия саласын тездетiп дамыту.
Бағдарламаның мiндеттерi:
- инвесторлар мен мұнай өндiрушi компаниялардың қатысуымен Қазақстан өнеркәсiбiнiң мұнай-химия саласы үшiн шикiзаттық ресурстардың отандық базасын құру;
- мұнай-химия кәсiпорындарының өндiрiстік қызметiн және олардың жаңартылуын қалпына келтiру және шаруашылық жүргізушi субъектiлердi қатыстыра отырып, технологиялық қайта жарақтандыру (шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң инвестициялық бағдарламалары);
- мұнай-химияның жоғарғы технологиялы, импорт алмастыру өнiмдерiнiң өндiрiс көлемдерiн көбейту үшiн көмiрсутегі шикiзатын тереңдетiп тазалау және оны кешендi қайта өңдеу бойынша iс-шараларды iске асыру;
- ғылыми-техникалық әзiрленiмдермен қамтамасыз ету және мұнай-химия саласы үшiн Қазақстан Республикасындағы жаңа инновациялық өндiрiстердi, технологияларды, құрал-жабдықтарды, материалдарды құру;
- халықаралық стандарттарға сай ғылыми сыйымды өнiмдi жасау, мұнай химия өнiмдерiн өндiру мен өткізудiң әлемге ортақ жүйесiне бiрiгуi;
- өнеркәсiптің мұнай-химия өндiрiсiн дамыту процестерiн нормативтiк құқықтық реттеу - мұнай-химия тауарлық өнiмдерiнiң шығарылу көлемдерiн көбейтуге қажеттi жағдайларды жасау және импорттағы шикізат құраушысын азайту мен бәсекеге қабiлетті тауарлық номенклатураны кеңейту.
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске асыру тетігі
Бағдарламада мұнай-химия өндiрiстерiн шикiзаттық қамтамасыз ету проблемаларын шешудiң екi бағыты негізге алынады.
Бiрiншi бағыт (2004-2010 жылдар)
- жұмыс iстеп тұрған мұнай және газ өңдеу зауыттарын қайта құру, жаңғырту және технологиялық жаңарту және көмiрсутегi шикiзатын, оның iшiнде табиғи және iлеспе газдарды тереңдетiп тазарту және кешендi қайта өңдеу мақсатында бар инфрақұрылымда қосылған қайта өңдеу қуаттарын құру; мұнай-химия өндiрiстерiнiң технологиялық тiзбегiнiң дамуын қамтамасыз ететiн базалық мұнай-химия өнiмдерiн алу;
- жоғары қосылған құн салығымен мұнай-химия саласының жұмыс iстеп тұрған мұнай-химия өндiрiстерiнiң өнiмдерiн шығару үшiн оларды шикiзат ресурстарымен және жаңғыртумен, технологиялық жаңартумен қамтамасыз ету жолымен өнеркәсiптiң жұмыс iстеп тұрған мұнай-химия кәсiпорындарының өндiрiстiк қызметiн дамыту.
Екiншi бағыт (2006-2010 жылдар)
- қосылған құндардың технологиялық және экономикалық тiзбегiнде бәсекеге қабiлеттi өнiмдi құратын, өндiрiстiң тұтас жүйесiн құрумен көмiрсутегi шикiзатын, оның iшiнде iлеспе газдарды кешендi қайта өңдеудi көздейтiн ғылымды қажетсiнетiн жоғары технологиялық өндiрiстердi (мұнай-химия кешендерiн) құру;
- жұмыс iстеп тұрған мұнай-химия өндiрiстерiн жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру, сондай-ақ сыртқы және iшкi рыноктардың қажеттiлiктерiне бара-бар мұнай-химиялық импортты алмастырушы және экспортқа бағытталған өнiмді шығару бойынша әлемдiк ғылым мен практиканың, озық техника мен технологиялардың жаңа жетiстiктерiн пайдаланумен жаңа өңдеу қуаттарын құру.
Бұл екi бағыт әртүрлi тетiктердi, оның iшiнде Қазақстан Республикасында мұнай-химия өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттi рыногын қалыптастырудың белсендi мемлекеттік реттеу процесiн пайдаланумен мынадай нақты iс-шараларды сол немесе өзге көлемде iске асыруды көздейдi.
I. Қазақстан Республикасы өнеркәсiбiнiң мұнай-химия саласы кәсiпорындарын қалпына келтiру, жаңа өндiрiстердi құру және дамыту процестерiн нормативтiк құқықтық реттеу.
Мұнай-химия өндiрiстерiн құру және дамыту кезеңiне (2008 жылға дейiн) мынадай ұсыныстарды даярлау:
1.1. Отандық мұнай-химия өндiрушiлерi үшiн жеткізушiлердiң негiзгi шикiзатты тасымалдауға арналған тарифтерге төмендетiлген коэффициенттердi белгiлеу.
1.2. Электр энергиясын беру жөніндегі тарифтерге төмендетілген коэффициенттер белгiлеу.
II. Мұнай-химия кәсiпорындарына арналған шикiзаттық ресурстардың отандық базасын құру.
2.1. Табиғи және iлеспе газдарды (Қарашығанақ - "Газ жобасы" және Қашаған) қайта өңдеу жөніндегі мұнай-химиялық кешендердiң құрылысын салудың TЭH әзiрлеу және инвестициялық жобасын iске асыру.
2.2. Аджип ККО газ құбырында Атырау қаласына жақын жерде этан, этилен және пропилен алу жөнiнде "КРИП" зауыты құрылысының "КРИП" (Қазақстандық-ресейлiк инвестициялық жоба) инвестициялық жобасын әзiрлеу және iске асыру.
2.3. Жаңажол және Қеңқияқ кен орындарының газын өңдеу үшiн 2005 жылға тауар өнiмдерiн: этилен (жылына 50 мың тонна), отын газы (жылына 13 мың тонна), бензол жылына 51 мың тонна), полиэтилен (жылына 40 мың тонна), полипропилен және басқа да термопластар өнiм шығаратын Ақтөбе облысының Жем қаласындағы мұнай-химия зауыты құрылысын салуға ТЭН әзiрлеу және инвестициялық жобасын iске асыру.
2.4. ТЭН әзiрлеу және көмірсутектi шикізатты кешенді қайта өңдеудi қамтамасыз ететiн қазақстандық ғалымдардың өндiрiстердi құрумен көмiрсутегi шикiзатын кешендi қайта өңдеу жөніндегі ғылыми-техникалық әзiрленiмдерiнiң базасында инвестициялық жобаларды iске асыру және инновациялық мұнай-химия технологияларын, жабдықтарды және өндiрiстердi құру.
III. Қазақстан өнеркәсiбiнiң мұнай-химия саласының толыққанды инфрақұрылымын құру, мұнай-химия өнiмiнің импортындағы шикізаттық құрамды төмендету және жоғары технологиялық және импорт алмастырушы мұнай-химия өнімінің үлесін арттыру.
3.1. Республикада көмiрсутегі шикiзатын өндiру мен тасымалдаудан бастап оны жоғары қосылған құнмен мұнай өнiмдерiн шығара отырып, тереңдетіп және кешендi қайта өңдеу қызметiн жүзеге асыратын, көмiрсутегi шикізатын қайта өңдеу жөніндегі сатылы-интеграциялы кешендер құруға қажеттi шарттар мен талаптарды қамтамасыз ету үшін Қазақстан өнеркәсiбiнiң мұнай-химия саласын дамыту жөнiндегі ic-шараларды әзiрлеу.
3.2. Кәсiпорындардың жұмысын қалпына келтiру және тұрақтандыру үшiн, соның iшiнде шикiзаттық қамтамасыз ету, толықтырушы ғылыми сыйымды технологияларды, лицензиялық жабдықтарды технологиялық қайта жарақтандыру мен пайдалануға беру мәселелерiн шеше отырып, өнеркәсiптiң мұнай-химия саласындағы шаруашылық жүргiзуші субъектiлер үшiн жағдайды қамтамасыз ету.
3.3. Қазақстанның мұнайды қайта өңдеу және газ өңдеу зауыттарында мұнай-химия технологияларын құру мақсатында өндiрістерді жаңғырту және кеңейту жөнiнде ұсыныстар дайындау.
3.4. Тауарлық өнiм шығару бойынша мұнай-химия кәсiпорындары қызметiнiң тұрақталуын қамтамасыз ету. Полиэтилен, поливинилхлорид, полистирол мен стиролдың қосалқы полимерлерiнiң, пластикалық маскалардың (трубалар мен труба құбырларының бөлшектерi, кабельдiк пластикаттар, бeттep, пленкалар, пластмассадан жасалған бұйымдар) негізінде шығарылатын өнiмнiң номенклатурасын кеңейту мақсатында мұнай-химия кәсiпорындарының қызметiн тиicті үйлестірудi қамтамасыз ету. Республикада нақты түпкi өнiмдi (мысалы, втулкалар, трубалар, крандар және т.б.) дайындаушының қажеттілiктерiне арналған өндiрiстік-техникалық мұнай-химия өнімдерiнiң шығарылуын бiр ізге түсiру.
3.5 Шығарылатын тауарлық өнiмнің сапасын ИСО 9000-14000 халықаралық стандарттарға сәйкес арттыру жөніндегі ic-шараларды нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету және оларға әдiстемелік және ұйымдастырушылық iлесу, оның номенклатурасын кеңейту және қолданылуының жаңа салаларын iздестiру жөніндегi жұмыстардың үйлестірiлуін жүзеге асыру.
3.6. Қазақстанның мұнай-газ кешенi үшiн импорт алмастырушы мұнай-химиялық және химиялық өнiм (катализаторлар, реагенттер, деэмульгаторлар және т.б.) шығаратын мұнай-химия өндiрiстерiн құру жөнiнде жобаларды әзiрлеу және iске асыру.
IV. Мұнай, газ тазалау мен қайта өңдеу кезіндегі iлеспе өнiмдердi пайдалану негізiнде, оның iшiнде тауарлық күкiрт бойынша Қазақстан Республикасында жаңа өндiрiстер құру.
4.1. Көмiрсутегi шикiзатын халықаралық стандарттарға сәйкес күкiрттен тазалауды, күкіртті сақтауды, тауарлық күкiртті шығару мен тасымалдауды қамтамасыз етушi нормативтік құқықтық базаны құру.
4.2. Мұнай мен газды тазалау кезінде алынатын тауарлық күкiрт негізiнде құрылыс және құрама материалдар шығару жөніндегі өндiрiстiң TЭH әзiрлеу және құру.
4.3. Отандық шикізат базасында отандық ғылыми-техникалық потенциалды тарта отырып, мұнай мен газды тазалаудың iлеспе өнімдерiн пайдалану негізiнде көмiрсутегі шикізатын кешендi қайта өңдеу кезiнде тауарлық өнiм шығару жөнінде жаңа технологиялар әзiрлеу, сынау және енгізу жөнiнде ұсыныс дайындау.
V. Мұнай-химия өнiмiн өндiру мен сатудың жалпы әлемдiк жүйесiне кiрiгу, ғылымды қажетсiнетiн өнiм жасау.
5.1. ИСО халықаралық стандарттарына сәйкес мұнай-химия өнiмi сапасының бағдарламасына ұсыныс дайындау.
5.2. Жаңа мұнай-химиялық технологиялардың, жабдықтың, жаңа композициялық материалдар мен өндiрiстердiң базасында республиканың мұнай-газ кешенін дамытуды басымды қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми-техникалық бағдарламалар әзiрлеу және іске асыру.
Қазақстан Республикасында осы тiзiмделген ic-шараларды iске асыру нәтижесiнде шикізат ресурстарының отандық базасында жұмыс істейтiн мұнай-химия кәсiпорындары кең гаммадағы мұнай-химия өнiмінің орнықты өндiрiсi мен өткізiлуiн, соның iшiнде экспортқа қамтамасыз ететiн болады. Мұнай-химия өнiмдерiнің экспорты олардың өндiрiстерiн осындай көрсеткіштерiне толықтай сәйкес келедi. Қазақстанның мұнай-химия өнiмiнiң 2002 жылғы нәтижелерi бойынша экспорт көлемінің көрсеткiштерi 5.1.кестеде көрсетiлген.
5.1.-кесте
N | Өнімнің атауы | 2002 жылғы экспорт |
1 | Ауылшаруашылығы машиналарына арналған шиналар, жаңа басқа резеңке пневматикалық шиналар, дана | 24 |
2 | Автобустарға немесе жүк автомобильдеріне арналған, авиацияға арналған жаңа резеңке пневматикалық шиналар, дана | 29 |
3 | Бастапқы нысандардағы этилен полимерлері, тонналар | 2,0 |
4 | Баcтапқы нысандардағы стирол полимерлері (полистирол және стирол сополимерлері), тонналар | 8248,4 |
* ҚР Әлеуметтік-экономикалық даму көзі, 1/2003, ҚР Статистика
жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасы өнеркәсiбiнiң мұнай-химия
саласы бұрынғы КСРО-ның жалпы өндірістік-технологиялық кешенінде аралық
буын ретiнде қалыптасты. Мұндай бiрiккен өндiрiстік-технологиялық
бiрлестік бiр жағынан ресейлiк шикiзаттың жеткiзiлiміне мұнай-химия
саласының тәуелдігін алдын ала анықтады, бiрақ басқа жағынан ТМД бiрiккен
рыногында барлық өндiрiлген өнiмнiң өткiзiлуiн кепiлдендiредi. Сондықтан
мұнай-химия өнiмiне экспорттың көлемi бойынша өндiрiлетiн барлық
мұнай-химия өнiмiнiң 80%-на дейiн экспорттың мүмкіндiгi туралы айтуға
болады.
Сонымен бiрге Қазақстанда қазірдің өзінде негізгі шикізат
полистиролдар, полипропилен және полиэтилен, синтетикалық каучуктер болуы
мүмкiн өнеркәсiптiк және халық тұтынатын тауарларды (пластикалық
трубалар, құрылыс конструкциялары, радиоэлектрондық және электр тұрмыстық
аспаптар, шина өнiмi және т.б.) өндiру бойынша кәсiпорындар құрылуда.
Мұнай-химия өнiмін өндiрудiң жоспарланған көлемдерi бұрыннан бар
өндірiстік қуаттарға сәйкес және қосылған 60-30% iске қосылуын ескерумен