Осы уақытқа дейiн Қазақстан СК қажеттiлiктерiнiң қажеттi көлемi
Ресей Федерациясынан жеткiзiлiмдер есебiнен жабылды. Таяу перспективада
кәсiпорындарды резеңке-техникалық бұйымдарды және шина өнiмдерiнiң
өндiрiсi бойынша қамтамасыз ету мәселесi Ресей және ТМД елдерiнен
жеткiзiлiмдер есебiнен жүзеге асырылатын болады, бұл бөлiмде ТМД
елдерiнде, оның iшiнде Ресейде СК өндiрiсiнiң рыногы талданатын болады.
СК шығару бойынша Ресей Федерациясы (1992 жылға дейiн әлемдегi
екiншi орын) 2002 жылы AҚШ, Жапонияны, ҚХР және Германияны алға жiберiп
бесiншi орын иеленiп отыр. СК тұтыну Ресей Федерациясы сол себептер
бойынша 1992-2001 жылдары екi есе қысқарды. СК әлемдiк өндiрiсiнде Ресей
Федерациясы үлесi 15-тен 7% дейiн (1992-2001 жж. кезеңде) төмендедi. 2002
жылы Ресей Федерациясы синтетикалық каучукты өндiру 937 мың тоннаны
құрады.
Ресей Федерациясы 11 зауыт СК өндiрумен айналысады, олардың жиынтық
қуаты 2,5 млн. тонна. "Нижнекамскнефтехим" ААҚ-да өндiрiстiң ең жоғары
қуаты - 451 мың т/жыл, орташа - 199 мың тонна/жыл, таяу жылдарда Ресей
Федерациясы каучуктердi шығарудың ұлғаюы күтiлуде.
3.6.7.-кесте
Ресей бойынша синтетикалық каучуктың құны
руб./тонна
СК атауы | Ең жоғарғы, 2001 ж. | Ең төменгi, 2002 ж. | Ең төменгi, 2002 ж. |
Стирольды-бутадиен Полибутадиендiк Полиизопрендiк Нитрильдi-бутадиен | 19468 22717 25000 38491 | 17500 21056 18333 34050 | 21000 21060 25000 34050 |
Бұдан бiрнеше жылдар бұрын каучукты, шиналарды және басқа резеңке
бұйымдарды шығару жөніндегі қуаттарды пайдалану деңгейi өте төмен болды.
Бұл ретте өндiрiстен қуаттарды шығару жаңаларды енгізуден едәуiр озық
болды. Көп ретте бұл меншiктiң үздiксiз қайта бөлiсiмен байланысты. Соңғы
жылдары жалпы өнеркәсiптiк даму СК өндiрiсi бойынша қуаттарды пайдалану
коэффициентi ұлғайды (3.6.8-кесте).
3.6.8-кесте
СК шығару кезiнде ресейдiң өндiрiстiк қуаттарды пайдалану
көрсеткiштерi
РФ синтетикалық каучукті өндiру | Орташа жылдық қуат (мың тонна) | Өнiмдерді шығару (мың тонна) | Қуаттарды пайдалану (%) |
Ресей бойынша барлығы: | 1 591,5 | 837,5 | 52,7 |
Соның ішінде: | | | |
"Воронежский синтезкаучук" | 330,5 | 165,4 | 50,6 |
СК Ефремов зауыты | 125,0 | 40,8 | 32,7 |
СК Красноярск зауыты | 34,4 | 16,5 | 47,9 |
"Омский каучук" | 110,4 | 25,8 | 23,4 |
Стерилитамак МХЗ | 17,0 | 10,7 | 64,3 |
"Каучук" (Стерлитамак) | 320,1 | 199,5 | 62,3 |
"СК-Премьер" (Ярославль) | 65,0 | 3,8 | 5,8 |
Нижнекамскнефтехим | 340,0 | 209,8 | 61,7 |
Тольятикаучук | 170,0 | 152,2 | 89,5 |
CK Қазан зауыты | 23,8 | 9,6 | 40,4 |
Уфаоргсинтез | 4,0 | 3,1 | 77,6 |
Әзiрбайжан ТМД елдерінiң арасынан СК өндiрiсi бойынша неғұрлым
қуатты базаға ие болушының бiрi - Сумгаит "Синтезкаучук" ӨБ (1940 жылы
құрылған, 1987 жылы қайта жаңғыртылды). Қазiргi уақытта осы кәсiпорында
нитрилді сүтсағыз, стирольды-бутадиен каучугын, бутадиендi, стиролды
өндiру iске қосылды. Одан басқа, мұнда этилен-пропилендi каучукты
шығаруды ұйымдастыру үшiн тура қуылатын және газ бензиндерiн
парализдеумен этилен мен пропилен өндiру бойынша ЭП-300 кешенді
қондырғысы пайдалануға енгізілдi.
Қазақстанда 1990 жылға дейiн СК өндiру Қарағанды "Карбид" ӨБ-де
(бұрынғы CK Қарағанды зауыты, 3.6.9-кесте) шоғырланды.
3.6.9-кесте
мың тонна
СК | 1986ж. | 1987 ж. | 1988 ж. |
Cтирольды-бутадиен | 33,9 | 34,2 | 34,36 |
Қазiргi уақытта бұл кәсiпорын "Теміртау химия-металлургия зауыты"
ЖШС болып қайта аталынды, барлық химиялық өндiрiстер тоқтатылып тұр, тек
кальций карбидiн өндіретін пештер ғана жұмыс iстейдi.
Осылайша, 2004 жылға дейiн резинатехникалық бұйымдарды өндiрушiлер
тарапынан каучуктарға әлемдiк сұраныс шиналар өндiрiсiндегі каучукке
сұранысты басып озады. Бұл бұйымдардағы каучуктың шығындалуы 3,1
процентке жыл сайын өсіп, 2004 жылы 9,6 млн. тонна болады.
Шина өндiрiсіндегі каучукты әлемдiк тұтыну жыл сайын 2,7% болып,
2004 жылы 9,9 млн.тонна болады.
Қазiргi уақытта Қазақстанда СК өндірiсi жоқ.
3.7. Шина өнімдерінің рыногы
Қазiргi уақытта шина өнiмдерiне тiкелей сұраным әлемде автомобиль жасауды дамыту деңгейiне және өңірлік масштабта және әрбiр мемлекет масштабында автомобиль паркін пайдаланудың көрсеткiштерiне байланысты.
Шиналар пiшiн нысаны, көлемдерi, тұмшалау және құрылмалау әдiсi бойынша жіктелiнедi.
Шиналардың тағайындалуы бойынша шиналарды жеңiл және жүк автомобильдерiне бөледi. Бiрiншiлерi, жеңiл автомобильдерден басқа жүк көтерiмдiлiгі аз жүк автомобильдерiнде және микроавтобустарда, екiншілері, жүк автомобильдерiнен басқа - автобустарда қолданылады.
Пiшiн нысаны бойынша шиналарды жіктеу кезiнде екi ара қатынас назарға алынады: шина пішінi биiктiгiнiң оның енiне ара қатынасы және құрсау пiшiнi енiнiң шина пішіні енiне ара қатынасы. Осы жіктеулерге сәйкес шиналар мынадай атауларға ие болады: қарапайым пішіндi шиналар, кең пішiндi, төмен пішiндi, қақпалық, пневмокаткалар.
Шиналардың көлемдерi бойынша пiшiн ендігі 350 мм және одан артық ipі көлемдіге (отырғызу диаметрiнiң көлеміне байланыссыз); пішін енi 200 - 350 мм және 457 мм кем емес отырғызу диаметрімен орташа көлемдi; пiшiн ендiгi 260 мм артық емес және отырғызу диаметрi 457 мм аспайтын кіші көлемдi болып бөлiнедi.
Шиналарды тұмшалау әдісі бойынша камералық және камералық емес болып бөлiнедi. Iшкi ауа қысымының көлемi бойынша жоғары қысымды шиналар (0,5 - 0,7 МПа), төмен қысымды (0,15 -0,50 МПа) және өте төмен қысымды (0,05 - 0,08 МПа) болып бөлiнедi. Камера - ауаны камераға ғана өткiзетiн, оған құрастырылған вентиль-клапан арқылы ауа айдайтын тұйық резеңкелi жең. Құрсаулық лента құрсау мен камера арасында орнатылады. Ол камераны қақпаны барлардың қысымынан және құрсауға үйкелуден сақтандырады.
Шиналарды пайдаланудың тағайындалуы мен шарттарына байланысты мынадай суреттермен протекторлар шығарылады: жолдық (Д), әмбебаптық (У), жоғары өтiмдiліктi (ПП). Протектор мен каркас арасында кордтың бiрнеше қабаты және жастықша қабатты құрайтын, каучукты ұстаудың жоғарғы пайызымен резеңкелер араласады. Ол каркасты зақымданудан сақтайды және протектор қабылдайтын соққыларды жұмсартады.
Барлық үлгiлердегi шиналарды өндiру үшін негiзгі материал ретiнде синтетикалық немесе табиғи каучуктен алынатын резеңке қызмет етедi.
3.7.1. Шина өнімдерi әлемдiк рыногының конъюнктурасы
1994-2000 жж. шиналардың әлемдiк рыногы жоғары тұрақты қарқындармен дамыды, онда өндiрiс көлемінің қысқаруы байқалған жоқ, бiрақ 2001 ж. шиналарды өндiрiсiнiң әлемдiк көлемi соңғы 7 жыл iшінде бiршама қысқарды. 2001 жылдан бастап автомобиль мен шиналар өндiрісінiң құлдырауына қарамастан, АҚШ шина өнiмдерiн өндiруде әлемдiк рынокта алдыңғы орындарды иеленудi жалғастыруда.
Қытай тарапынан бәсекелестiк өсiп келе жатса да, Жапонияда шиналар мен автомобильдер өндiру едәуiр ұлғайды. 1999 жылы ҚХР әлемде автошиналарды экспорттаудан үшiншi болып отыр. Сонымен бiрге, соңғы онжылдықта автомобильдер мен шиналарды iрi өндiрушi Оңтүстiк Корея болды. Чехияда, Венгрияда және Польшада шетелдiк инвестициялардың құйылуы арқасында автошиналарды өндiру жөнiнде бiрнеше бiрлескен кәсiпорындар құрылды. Шығыс Еуропада автомобильдердi шығару төмендедi.
Әлемде шина өнiмi өндiрiсiнiң орташа жылдық өсу қарқыны 2,3% құрайды. Шина өнiмдерi өндiрiсiнiң өсу көрсеткiштерi, оның iшiнде 2010 жылға дейiнгi перспективамен 3.7.1.-кестеде көрсетiлген.
3.7.1-кесте
| 1994 ж. | 1999 ж. | 2004 ж. | 2009 ж. | Орташа жылдық өсу қарқыны,% |
2004/1999 |
Шиналарды өндiру, млн. дана 1 кг. шинаға каучук шығысы | 895 8,0 | 1081 8,0 | 1211 8,2 | 1351 8,4 | 2,3 0,4 |
Шина өнiмдерiн сатудың ерекшелiгi iрi жеткізiлiмдердiң негiзiнен
автомобиль зауыттарына: жаңа автомобильдерді жиынтықтау үшiн барлығы
жеңiл 30% және 22% жүк шиналарын шығару үшiн жiберiлетiндiгiнде болып
отыр. Сыртқы рынокқа өндiрiлетiн шиналардан барлығы 12-15%
жiберiлетiндiктен өткізу-сату саласының негiзгi және неғұрлым өсуi жұмыс
iстеушi машиналардың паркi (барлық
шығарудың 60-70%). Ресейде төлем қабiлеттiлiгiнiң нашар өсуi кезiнде
негiзгi ақшалай қаржылар түсiмiн кәсiпорындар сыртқы саудадан алады. 2000
ж. әлем рыногының қолайлы конъюнктурасы ресейлiк және украиндық
кәсiпорындардың өнiмi экспортының өсуiне жәрдемдестi.
Бұл ретте синтетикалық каучук экспорты басымдылықпен (93%) алыс
шетелдерге жiберiлсе, шиналардың және басқа да резеңке бұйымдарының
экспорты - ТМД елдерiне (82%) жiберiлдi.
3.7.2.-кесте
Шиналар өндiрiсiнiң әлемдiк және TМД елдеріндегі ceрпiнi
млн. дана
| 1990 ж. | 1995 ж. | 1998 ж. | 1999 ж. | 2000 ж. |
| 860,3 | 915,5 | 1090,0 | 1146,0 |
Ресей оның ішінде: | | | | | |
Синтетикалық каучук, мың тонна | 2 153,0 | 828,0 | 638,0 | 738,0 | 837,0 |
Шиналар, барлығы, млн. дана | 46,2 | 17,4 | 23,5 | 28,0 | 29,9 |
Соның iшiнде | | | | | |
Жүк автомобильдерi үшiн | 19,6 | 6,6 | 7,1 | 8,5 | 10,2 |
Жеңiл автомобильдері үшiн | 15,8 | 9,7 | 14,9 | 17,6 | 17,6 |
Ауылшаруашылығы машиналары үшiн | 6,6 | 0,4 | 0,8 | 0,9 | 1,1 |
Мотоциклдер мен мотороллер үшiн | 4,2 | 0,7 | 0,7 | 1,0 | 1,0 |
Украина | | 6,4 | 7,5 | 7,9 | 6,8 |
| 3,0 | - | - | 0,302 | 0,115 |
ТМД елдерiнде шина өндірісінiң көлемдерi экономикалық сипаттағы
проблемаларға байланысты (3.7.2.-кecте) өсу мен құлдыраудың азғана
ауытқулары болды. Негiзгі өндірістік қуаттар 70 жылдары Ресейде,
Украинада және Қазақстанда 1980 жылы пайдалануға енгізiлдi.
Жабдықтарды жүктеу көрсеткіштерi бойынша Ресейдiң шиналық
өндiрiстерiндегі iс неғұрлым жақсы болып тұр (3.7.3-кестe). Соңғы жылдары
кәсiпорындарда (Ярославльде, Волжский және Нижнекамскіде) шиналар шығару
бойынша жаңа қуаттар iске қосылғандығына қарамастан, оларды пайдаланудың
орташа деңгейi үздiксіз артуда. 3 және 12 шина зауыттарында ол 90%-дан
асып кеткен. Алайда, жүктеу деңгейi 32%-ға жетпейтін, жекелеген
аймақтардың экономикалық жағдайындағы үлкен айырмашылықтарды меңзейтiн 3
кәсiпорын бар.
Ярославльде шағын габариттi жүк автомобильдерi мен автобустары үшiн
(2000 жылы өндiру 950 мың данаға жеткен) шиналар, каркас пен брекердегi
металлкорды бар радиалды конструкцияның жоғары сапалы жүк қақпақтарын,
ішкі қысыммен реттелетiн шиналар шығару игерiлдi. Красноярскіде ірi
габариттi шиналар шығару игерілген. Ресейдегi шағын отырғызылған
полиэфирлi корд өндірiсiнің жоқтығынан жоғары жылдамдықтағы қозғалыс
кезiнде пайдаланылатын жоғары сыныпты жеңіл шиналарды шығару жолға
қойылмаған.
2002 жылы Украинадағы шина өндiрiсiнің жалпы көрсеткіштерi 2001
жылғы 7245,9 мың данамен салыстырғанда 6608,1 мың данаға дейiн
төмендеген. Өндiрiс көлемiнiң қысқаруы "Росава" (Белая Церковь) БК ЖАҚ-да
шиналар шығарылуының азаюымен байланысты. 2002 жылы "Росавада" 5000,7 мың
шина шығарылған, бұл 2001 жылғы өндiрiс көлемінiң тек қана 87% құраған.
"Росава" БК жобалық қуаты жылына 6,1 млн. артық шина өндiруге мүмкiндiк
бередi, мұның 4,4 млн. - жеңiлi. Кәсiпорындағы проблемалар меншiктi қайта
жасаумен және шикiзатты жеткізудегі үзiлiстермен байланысты. "Росава" БК"
ЖАҚ Украинадағы жеңiл автомобильдерге арнап шығарылатын шинаның жалпы
көлемінiң 80%-ға жуығын шығарады. "Росава" ЖАҚ өнiмiнiң 70% Ресей
Федерациясына экспорттайды. Зауыт өзiнiң экспорттайтын жеткізiлiмдерiмен
Ресей рыногы сұранысының 15% дерегiн жауып отыр.
3.7.3-кесте
Ресейдiң шиналық кәсiпорындарының өндiрiстiк қуаттарын
пайдалану көрсеткіштері
Кәсіпорын | Орташа жылдық қуаты (млн. дана) | | Қуатты пайдалану, % |
"Барнаул шина зауыты" ААҚ "Волтайр" (Волжский) AAҚ "Воронежшина" ААҚ "Краснояр шина зауыты" ААҚ "Мәскеу шина зауыты" AҚ "Урал шина зауыты" (Екатеринбург) "Киров шина зауыты" AAҚ "Петрошина" (С-Петербург) ЖАҚ "Нижнекамскшина" ААҚ "Омскшина" ААҚ "Маталор-Омскшина" ЖАҚ БК "Ярославль шина зауыты" ААҚ Барлығы РФ бойынша | 2,23 2,75 2,69 1,99 2,33 2,51 2,92 1,11 11,83 5,23 1,08 6,30 42,96 | 1,73 2,19 1,40 0,30 2,16 0,79 2,00 0,19 8,63 3,33 1,01 6,19 29,91 | 77,5 79,5 52,1 14,9 92,4 31,6 68,6 16,9 73,0 63,6 94,0 98,3 69,6 |
"Росава" БК ЖАҚ басқа Украинадағы шина саласын тағы екi кәсiпорын -
"Валса" ААҚ мен "Днепрошина" ААҚ танытып отыр.
"Днепрошина" ААҚ (Днепропетровск) - Украинадағы жүк автомобильдерiне
арналған ірi шина өндiрушi. Оның бақылау пакетінің иегерi - "Газпром"
PAO-мен үлестес "Сибур" ресейлiк компаниясы. ТМД аумағындағы шина
бизнесiнiң тұжырымдамасына сәйкес, "Днепрошинаға" жүк автомобильдерiне
арналған шина мен ауылшаруашылығы техникасын өндiрудi арттыру және
жеңілдерiн шығаруды жабу көзделген.
"Днепрошина" ААҚ-дағы жағдай 2002 жыл бойы тұрақты болды.
"Валса" ААҚ (Белая Церковь) ауылшаруашылығы шиналарын өндiруге