Технологиялық өндiрістердiң жобалық қуаты.
Стирол өндiрiсiнiң кешенi - жылына 300 мың т. Қазiргi уақытта жылына 150 мың т. қуатпен стирол өндiрiсi бойынша бiр ғана технологиялық желiде жұмыс iстеу мүмкiншілiгі бар.
Полистирол пластиктердің өндірісі кешенi:
1) полистиролдың соққы төзiмдi маркасы (УПМ)- 55 мың.тн/жыл;
2) жалпы мақсаттағы (ПСМ) - жылға 54 мың. тн./жыл;
3) полистиролдың көбiктенетiн маркалары (ПСВ) - 100 мың. тн/жыл.
Кешеннiң нақты жинақталуы - 60 мың тн/жыл құрады.
Өндiрiстер жұмысқа қабiлеттi жағдайда тұр. Өндiрiстердi іске қосудың кезiнен (2001 жылғы қарашадан 2002 жылғы қараша) 10 мың тоннадан астам полистирол әртүрлi маркалары шығарылды.
Стирол өндiру жөнiндегі цех ұзақ тоқтап тұрғаннан кейiн (5 жыл) сутексiздену қондырғысы іске қосылған болатын. Iске қосу этилбензол өндiрiсiнiң катализаторы жұмысқа қабiлетті жағдайда болғанын көрсетті.
Инвестициялар есебiнен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, технологияны арзан энергия ресурстарымен қамтамасыз ету үшiн 24 MBT қуатты жеке газ тұрба қондырғысы жасалуда. Қазiр зауыт шетелдiк шикiзатпен жұмыс iстеуде.(3.4.3. кесте).
3.4.3-кесте
N | Шикiзаттың негiзгi түрлерi ЖШС "ЗПМ" | Жабдықтаушылар |
1. | Стирол | Татарстан,"Нижнекамскнефтехим"AAҚ |
2. | Каучук | Германия |
3. | Минералды май | Ресей, Ярославль қ. |
4. | Пентан, изопентан | Ресей, Кириши қ. |
5. | Бензол асқын тотығы | Ресей, Дзержинскi қ. |
6. | Дикумила асқын тотығы | Ресей OAO "КазаньОргСинтез" |
7. | Гексабромциклододекан | Бельгия, фирма "Рон-Пуленк" |
8. | Tрикальцийфосфат | Бельгия, фирма "Рон-Пуленк" |
Қазiр "Экстрапласт" сауда үйi (Томск қ.) ЖШС 2003 жылы сатып алған
зауытқа шикiзат жеткiзiп бередi және полиэтилен мен полипропиленнiң
негiзiнде композициялық материалдарды шығарушы кәсiпорындардың тобына
арналған өнiмдi өткiзедi - "Композициялық материалдардың және
пластмассалардың зауыты" (Томск) ЖАҚ және "Нижегород пластмассалардың
зауыты" (Н.Новгород) ААҚ, сонымен қатар "Полипропилен зауыты" ЖШС (Атырау
қ.).
3.4.4.-кесте
"Пластикалық массалар зауыты" ЖШС өндiрiс көлемдерi (мың.тонна)
Шығарылатын өнiм | Жобалық қуат, Жылына мың тонна | Жылдар бойынша өнім өндіру |
2000 | 2001 | 2002 | 2003 |
Полистирол СТП, ПСМ және ПСВ | 209,0 нақты (желiстердiң қамтамасыз eтiлуi бойынша - 169,0 | өндiрiс. тi қалпы на келті ру | 0,67 | 8,361 | 3,795 |
2003 жылдың 9 айында "Пластикалық массалар зауыты" ЖШС 413,692 млн.
теңге сомасына тауарлық өнiм шығарды (3.4.4.-кестеде табиғи көрсеткiштерi
келтiрiлген). 6). Полистиролды негiзгi өткізу рыноктары Ресей, Түркия,
Украина, Қырғызстан, Иранға, Қытайға, Польшаға, Бельгияға және т.б.
жөнелтулер әзiрленуде.
Шығарынды, төгiндi және қалдықтарды орналастыруға "Қазақстан
Республикасындағы қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының талаптарына
сәйкес өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiппен
Маңғыстау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасынан (МОАҚОБ) рұқсат
алды және әзiрледi. Жер қойнауын арнаулы пайдалануға МОАҚОБ - мен шарт
жасалды.
Зауыттарда пайда болатын шаруашылық-тұрмыстық және химиялық
ластанған ағын сулардың тазалану үшiн зауыттың биологиялық тазалау
құралдарына түседi. Тазалау майда сүзгiлер мен қысымды көмiр сүзгiлер
арқылы тазаланып, содан соң тазаланған ағын су буландырушы тоғанға
тасталады. Су ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында ағын сулар сәуiр
айынан қарашаға дейiн кәсiпорынның сәндiк жас екпе ағаштарын суғаруға
пайдаланылады. Ағын судың сапасы нормативтiк талаптарға сай келедi.
Жердi өндiрiс қалдықтарынан сақтау мақсатында кәсiпорында арнаулы
бөлiнген алаңқай бар, онда кәдеге жаратуға жатпайтын өндiрiстiң сұйық
және қатты қалдықтарын жинақтаушылар орналасқан. Аумақ жиегi бойынша
қоршау мен кiрме жолдар бар. Жинақтаушылар темір бетон ыдыстары түрiнде
көрiнедi.
Сұйық қалдықтар ыдыстары арнаулы майланған қышқылға төзiмдi
кiрпiшпен қаланған. Зауыттың өнеркәсiптiк алаңқайынан қалдықтарды әкету
"Өндiрiстiң сұйық және қатты қалдықтарын жинау, сақтау, шығару және көму"
ОП-1-01 нұсқаулығының талаптарына сай жүзеге асырылады.
Зауытта өндiрiстiк ғимараттардың жұмысшы аймағындағы ауалық орта
жағдайын, ашық өндiрiс алаңқайларын, кәсiпорынның әуе қабаты бассейнi мен
санитарлық қорғаныш аймағының жай-күйiн бақылауды облыстық
санитарлық-эпидемиологиялық станциямен келісілген график бойынша жүзеге
асыратын санитарлық-өнеркәсiптiк зертхана бар.
Сайып келгенде, "Пластикалық массалар зауыты" ЖШС негiзгi өндiрiстiк
қуаттары қызметi қалпына келтiрiлген. Технологиялық циклдерi және
жабдықтарын жетiлдiру, стирол өндiрiсi екiншi желісін бұрынғы қалпына
келтiру жұмысы атқарылуда. Кәсiпорын өндiрiс қуатының ең төменгi
жүктемесi көлемiнде жұмыс iстейдi. Кәсiпорынды отандық шикiзатпен
қамтамасыз ету мәселесiн шешу кәсiпорынның өнiмдiлiгi жоғарғы өнiм
әртүрлi маркалы полистироль пластиктерiн шығару жұмыстарының мәселелерiн
шешедi және халықаралық стандарттарға сәйкес дайын өнiм сапасын басқару
бағдарламаларын орындауға кiрiсуге мүмкiндiк бередi (ИСО).
3.5. Полиэтилен және полипропилен рыногы
Автомобиль жасауда, құрылыста, буып-түю өнеркәсiбiнде, электроникада, медицинада, ауыл шаруашылығында және басқа бiрқатар салаларда пластмассаларды қолданудың артуы, негiзгi iрi тоннажды термопластыларға, атап айтқанда полиолефинге (ПО) жоғары сұранысты тудырды.
Қазiргi уақытта полиолефиндер әлемдегi ең iрi тоннажды және кең қолданылатын полимерлық материалдар. Полиолефиннiң негiзгi түрлерi полиэтилен (ПЭ) және полипропилен (ПП) болып табылады.
ПЭ тұтыну қасиетiне байланысты төмен тығыздық полиэтиленiне (ПЭНП), жоғарғы тығыздық полиэтиленiне (ПЭВП), орта тығыздық полиэтиленiне (ПЭСП), төмен тығыздық желiлiк полиэтиленiне (ЛПЭНП) бөледi. Этилен сополимер қоспаларынан винилацетатпен этилен полимер қоспасы (ЕVА - полимер қоспа немесе сэвилен) ең көп таралып отыр.
ПЭ кешендi бағалы қасиеттерге ие - бұл жеңiл, берiк, икемдi материал, газ және су өткiзгiштiгi төмен жақсы электр тұтқыш, қас орталар мен табиғи ерiткiштерге химиялық төзiмдiлiгi жоғарғы, ультракүлгiн сәулелердi өткізуге және радиобелсендi сәулеленудi сiңiруге қабiлеттi. ПЭ жасалған бұйымдар температураның кең аралықтарында пайдаланыла алынады, олар жеңiл, улы емес, таза, сыртқы көрiктi кейпi бар. ПЭ жалпыға белгiлi әдiстермен - экструзия, қысым астында құю, үрлеу арқылы экструзия, ротациялық пiшiндеу, тығыздау т.б. қайта өңделедi.
Әлемдiк тәжiрибеде ПЭ өндiрiсiне арналған 5 синтез әдiсi қолданылады: құбырлы немесе автоклавтықтарды реакторларда жоғарғы қысым әдiсi және төменгi қысым кезiнде - газофаздық, ерiткiштiк, суспензиялы және суспензиялы - газофаздық әдiстер.
ПП, оның қоспа полимерлерi және композициялары да бағалы физика-механикалық қасиеттерге ие. ПП жоғары берiктiкке, су және химиялық жақсы төзiмдiлiкке, жоғары жылу тұтқыштыққа, жақсы электр тұтқыш қасиеттерге ие, жақсы сырлануға икемдi, бұйымдарының сыртқы бетiнiң жылтырақтығымен ерекшеленедi. ПП де полиэтилен секiлдi пластмассалардың бәрiне белгiлi тәсiлдермен өңделедi, ең көп таралған экструзия және қысым астында құю.
ПЭ және ПП тауарлық өнiм ретiнде түйiршiк (немесе ұнтақ) түрiнде екi түрлi - базалық маркалар түрiнде (қоспаларсыз) және базалық маркалардың негiзiнде композициялар түрiнде тұрақтандырушымен, бояғыш заттармен және басқа қоспалармен шығарылады. Маркаларды таңдау полимер қолдануының саласына тәуелдi болады; осы маркаларына тән ерекше физикалық-химиялық қасиет кейбір синтез барысында жасалады, бiрақ айқын қоспалар және толтырғыштармен модификациялау басты рөлдi атқарады, ол полимерге басқа салаларда қолдану үшiн қажеттi белгiлi бiр қасиет бередi.
3.5.1. Полиэтилен мен полипропилен өндiру әлемдiк
рыногының конъюнктурасы
Әртүрлi маркалы ПЭ жетекшi өндiрушiлерi АҚШ, Жапония, Корей Республикасы, Канада, ал оның өндiрiсi бойынша ең iрi компания - АҚШ-та, Канадада, Нидерландыда бөлiмдерi орналасқан Dow Chemical болып табылады. ПЭ әлемдiк рыногының болжаулары бiркелкi емес, сұраныс және ұсыныстар арақатынастарын күту анағұрлым негiзделген.
ПЭ 150-ден астам фирма өндiредi, қондырғылардың орташа қуаты жылына 300 мың тонна. ПЭ он ең iрi өндiрушiлер бойынша жылдық өндiрiс көлемдерi 3.5.1.-кестеде келтiрiлген.
3.5.1-кесте
Фирма өндірушінің атауы | |
"Дау" + "Юнион Карбайд" | 8.185 |
"Экссон Мобил" | 5.470 |
"Эквистар" | 3.120 |
"Бореалист" | 2.080 |
"Эленак" | 1.940 |
"Бритиш Петролеум" + "Амоко" | 1.700 |
"Полимери Европа" | 1 480 |
"Сольвей" | 1.339 |
"Филлипс" | 1.333 |
"Шеврон" | 1.215 |
Барлығы әлемдiк қуаттар: ПЭ әртүрлi түрлерiн өндiру жөнiнен 2001 жыл
58,4 млн. тоннаны құрады, 2002 ж..- 62,0 млн.т; 2001 тұтыну ж .54,9 млн.
т., 2001 ж .- 60,19 млн.т (ЛПЭНП-16,0 млн.т.; ПЭВП - 20,5; ПЭНП - 23,5).
ПЭ өндiрiстерi әлемдiк көлемiнiң елдер және өңiрлер бойынша бөлiнуi
3.5.2.-кестеде.
3.5.2.-кесте
Полиэтиленнiң әлемдiк шығарылуы
(өндiрістер көлемiнiң елдер және аймақтарға үлестiк бөлiнуi)
Елдің немесе аймақтың атауы | Өндірістік көлемі % |
АҚШ | 31 |
Жапония | 9 |
Батыс Европа | 32 |
Ресей және TМД елдерi | 2,5 |
Таяу және Орта Шығыс мемлекеттерiнде сұраныстың қысқаруы кезiнде,
Батыс Европада, Солтүстiк және Латын Америкасында, барлық Азия елдерiнде
(Жапонияны қоса алғанда) ПЭНП тұтынудың одан ары белсендi түрде кеңейе
түсетiнiн күткен жөн. ПЭВП-қа және ЛПЭНП-ға сұраныстың ең жоғарғы өсу
қарқыны (10%) жақын арадағы 5 жылда Азия-Тынық мұхит аймақ елдерiнде
жорамалданады (АТР).
2005 жылға KXP-да пластмассаларға сұраныс 24,45 млн. тоннаға дейiн өседi, өсудiң жылдық орташа мөлшерiнiң қарқыны 6,1%. Ең үлкен дәрежеде ПЭ-ға, ПП, ПС, ПВХ және АБС-пластиктерге сұраныс артады. 2005 жылға КХР-да полимерлердiң осы түрiнiң өндiрiсi көлемi 14,5 млн. тоннадан аспайды (2000 ж.-10,8). Iшкi рыноктағы жеткiзiлiмдердiң айтарлықтай тапшылығы Оңтүстiк Корейден келген импорт негiзiнде жабылады. ҚХР-ға полимерлердiң импорт көлемдерi шапшаң қарқынмен артады және 2001 жылы ПЭНП-2,4т, ПЭВП-1,7; ПП-2,0; ПС-1,4, ПВХ-1,9 құрайды. ҚХР-ға пластмассалардың жиынтық импорты 12 млн т. асады.
Ресейде олефиндердiң тобында негiзгi өнiм түрi болып табылатын ПЭ экспорты, шығарылған жалпы өнiмнiң 48%-ға жуығын құрайды. Ресейдiң негiзгi сауда әрiптестерi: Қытай, Түркия, Венгрия, Литва, Қазақстан.
Қолданылатын технологиялардың үлгiсi бойынша ПЭ өндiрiсi әлемдiк қуаттардың таралуы 3.5.3-кестеде келтiрiлген.
3.5.3-кесте
ПЭ алу технологиясы | Көлемдері, % |
| 22 |
Автоклавтық реактордағы ПЭНП | 17 |
Уаз фазалық әдiспен ПЭВП/ЛПЭНП | 25 |
Eрiтiндiлiк әдiспен ПЭВП/ЛПЭНП | 9 |
Суспензиялық әдiспен ПЭВП | 27 |
Сарапшылардың көпшiлiгi ПЭ-ға бағалардың өсу шегі жоғары болмайды
деп болжам жасайды, өйткенi, оның өндiрiс көлемдері оны тұтыну
көлемдерiнен (мұнайға бағалардың тұрақтануы жағдайында және бағасы 20-21
доллар баррельден төмендемесе) сәл ғана асады. Жақын арадағы болашақта
әлемдiк рынокта ПЭ өндiрiстерiнiң жетекшi жабдықтаушылары Таяу Шығыс
елдерi болады.
2001-2003 жылдары ПП әлемдiк рынокта оны артық өндiрудiң ықпалында
болғандықтан қуаттардың күшейтiлген өсу шегi байқалды, олар жылға 35
млн.т құрады. 2005 ж. болжау - 45,2 млн.т. Ұзақ мерзiмдi болашақта
2004-2010 жж. полипропиленге сұраныс жылға 5-6% өседi және оның
жеткiзiлiмдер деңгейiне жақындайды.
ПП продуцент-жетекшi полипропилен әлемдiк сатулардың - 5,5 млн.т. -
17% ие Basell компаниясы болып табылады. Таяу және Орта шығыс елдерi
нетто - импортшылардың дәрежесiнен ПП нетто - экспортерлерiне өтедi және
яғни 1 млн. аса, яғни, ПП дүниежүзiлiк экспортының 40%-ы болатын тауар
шығаруға мүмкiншiлiгi болады.
Әлемнiң дамыған елдерiнде пластмассаларға сұраныс мөлшерiн анықтау
сол немесе өзге елдiң экономикасындағы жағдайға тiкелей тәуелдi, бұл
пластмассаларды тұтыну көлемдерiн анықтайды. Экономикасы әлдеқайда
дамыған елдердегi пластмассалардың көзге көрiнетiн тұтынуы жан басына
шаққанда шамадан көбiрек және экономикасы кемірек дамыған елдердегi ұқсас
көрсеткiштен асып түседi.
ПО Қазақстандық рынок сыйымдылықтары мүмкiндiктерiн анықтау үшiн
принциптiк тұрғыдан екi "оптимистiк" және "нақты" әдiстемелер
қолданылады. ПО тұтынулары деңгейiнiң көрсеткiшi болып өзiндiк жеке
меншiктi шығару көлемдерiмен және жеке алынған елдегi импорттың және
экспорт көлемдерiмен анықталатын "көрiнетiн" көрсеткiш табылады. Қазiргі
уақытта дамыған елдерде жан басына ПЭ және ПП тұтыну көрсеткiштерi
3.5.4.-кестеде келтiрiлген.
3.5.4.-кесте
Жан басына ПЭ және ПП тұтыну көрсеткiштерi (кг/адам)
Елдер | Полиэфиндерді тұтыну көрсеткіштері |
| Полиэтилен | Полипропилен |
- АҚШ | 40,0 | 20,0 |
- Жапония | 20,0 | 22,0 |
- Батыс Еуропа | 22,0 | 18,0 |
- Қытай | 6,0 | 5,0 |
- Ресей | 4,2 | 1,3 |
- Қазақстан және ТМД елдері барлығы | 2,8 | 0,9 |
(Көз: Теcnon, Италия-Англия; 2000 ж., СМAI, США) |
Сонымен бiрге қазiр Азия, Африканың және Латын Америкасының тығыз
қоныстанған көптеген елдерiнде ПО жан басына тұтыну деңгейi 1,5-4,5
кг/адам шектерiнде болады. "Көрiнетін" тұтыну көрсеткiші полиэтилен және
полипропиленнiң елге шеттен әкелiнетін дайын бұйымдардың санын есепке
алмайды (буып-түйетiн қабыршақтардың, құбырлар, тұрмыс техникасы
тауарлары, автомобильдер және т.б.).
"Оптимистiк" көзқарас халықтың жан басына шаққандағы тұтынудан тұратын полиолефинге қажеттiлiктердің болжауына негізделедi. Егер 2020 жылға ТМД eлдеpi қазiргi уақытта дамыған елдерде полиолефиндердi тұтынуы деңгейіне шамалас деңгейдегі тұтынудың орта деңгейiне жететiнін негiзге алсақ, онда осы қажеттiлiкті қанағаттандыруға арналған ПЭ және ПП өндiрiсiне қойылатын талап деңгейiн анықтауға болады (экспорт және импорт бiрiн-бiрi теңгереді деп жорамалдаған кезде.)
ПО қажеттiлiктерiн анықтаудың басқа жақын барабар көзқарас ("нақты негiздi" немесе бiз оны "нақты" деп атаймыз) - пластмассалардан түпкіліктi бұйымдардың өндірісі мен өңдеушi кәсіпорындардың мүмкіншіліктерінен шығуы.
Бұл нұсқада 2020 жылға дейiнгі перспективада ПО сұраныс деңгейiнiң болжамы, тұтастай алғанда экономиканың даму болжамы және пластмасса тұтынушылары болып табылатын салаларда өндiрiс болжамдары негізінде орындалуы мүмкiн. ПЭ мен ПП тұтынушылары ретiнде пластмассаларды қайта өңдеу жөніндегі ірі қуаттарға ие болушы мамандандырылған химиялық кәсіпорындар, сонымен бiрге өзiнiң ПЭ мен ПП жасалатын бұйымдарды шығару бойынша цехтар, учаскелер және оларға шикізат ретiнде пайдалану үшiн талап етiлетін жеке желiлерi бар экономиканың түрлi салаларының кәсiпорындары мен ұйымдары қаралады.
Перспективада оптимистiк әдіс әлемдiк үрдiстерге сәйкес тұтынудың талап етiлетiн мiнсiз деңгейін көpcетедi, ал нақты әдіс тұтастай алғанда, экономиканың даму, атап айтқанда, тұтынушы салаларға болжамдарына сәйкес өңдеу жөнінде жүктеме қуаты неғұрлым толық кезiнде сәйкес бұйымдарға өңделуi мүмкiн ПО санын анықтайды. Тиiсiнше Қазақстанда және ТМД елдерiнде ПЭ мен ПП арналған сұраныс болжамының екi - оптимистiк және ықтималды нұсқасы ұсынылады.
Оптимистiк болжам үшiн бастапқы деректер ретiнде 2010 жылға таман халықтың жан басына ПЭ және ПП тұтынуы қазiргi орташа әлемдiк деңгейге жететiнiн, ал 2020 жылға таман әлемнiң дамыған елдерiнiң деңгейiне шыға алатындығы қабылданады.
Қазiргi уақытта ПЭ жан басына тұтынудың әлемдiк орташа деңгейi 8-10 кг. жуық, ПП - 5 жуық кг. құрайды. Сонымен бiрге, әлемнiң неғұрлым дамыған елдерi - АҚШ, Жапония, Шығыс Еуропа мемлекеттерi полимерлердi бұдан әлдеқайда көбiрек тұтынады: ПЭ - 20-дан 40-гe дейiн кг/адам, ПП 15-20 кг/адам (2001 жылы полимерлердi пайдалану 125 кг/адамды құраған Бенилюкс елдерi рекордшы болып табылады. Сөйтiп, Қазақстанда және ТМД елдерiнде перспективада полиолефиндердi жан басына тұтыну деңгейi мыналарды құрайды: