Дүниежүзілік тәжiрибеден, көмірсутекті шикiзатының елеулi бөлiгіне ие елдер (AҚШ, Иран, Сауд Аравиясы, Кувейт) бiрiншi кезекте, олардың экспортына бағдар жасай отырып, базалық және негізгі мұнай-химия өндiрiстерiн игеретінi белгiлi. Мұнай-химиялық қорлары жоқ мемлекеттер басқа жақтан әкелiнген шикiзат пен жартылай өнiмдердің (Германия, Жапония) базасында мұнай-химия өнімдерiнің кең гаммасы өндірістерін дамыту жолы бойынша жүредi.
Қазақстан Республикасы көмірсутек шикiзатының зор қорларына ие бола тұра, оларды өңдеу бойынша жеткілiктi қуаттары жоқ, сондықтан өнеркәсіптің мұнай-химия салалары үшiн өз шикізаттық қорларымен өзін жеткілікті көлемде қамтамасыз ете алатын жағдайда емес.
Дүниежүзiлiк тәжірибе, көмiрсутек шикiзатын өндiру мен тасымалдаудан бастап жоғары қосылған құнмен мұнай-химия өнiмдердiң шығарылуымен оны тереңдетіп және кешенді өңдеуге дейiнгі қызметті жүзеге асыратын, сатылас интеграцияланған құрылымдар жасау тиімді екенін көpceтті.
Интеграция, өндірістерді құрамалау, ағымдарды оңтайландыру, инфрақұрылым объектілерiн қолданудың арқасында оң нәтиже бередi. Мұнай-химиялық қондырғылар шикізатты төмен бағалармен ала алады және масштаб пен арзан шикiзатты құрамалаудың тиімділiгі есебiнен өнiм бәсекеге қабілеттi болады.
Осындай ipі мұнай-химия орталықтары Қытайда және Иранда құрылған. Мысалы, Қытайда Шанхайда және Янцзыда әлемдегі ең ірі мұнай-химия орталығының құрылысы басталып кетті. Мұнай алыптары BP және Sinopec Corp (50% үлесiмен) қытай компаниясы 2005 жылы іске қосу мерзімімен құны 2,7 млрд. доллар тұратын іpi мұнай-химия кешенінің негізiн салды. Жылына 900,0 мың тонна этилен шығару жоспарланды.
BASF - YPC Company Ltd - BASF немiс компаниясы мен қытайлық Petroleum & Сhеm Corp. (50%-де 50% үлеспен) бiрлескен кәсіпорны Янзцы провинциясында интеграцияланған мұнай-химиялық кешенді іске қосуға әзірленуде. Кешеннiң негізінде жылына 600,0 мың тонна этилен өнімдiлігімен булы крекинг қондырғысы бар, ол тоғыз зауытты жабдықтайтын болады. Жобаға салынатын жалпы инвестиция 2,65 млрд. долларды құрайды.
Бұдан басқа, Petro Сhinа (2004 жылы) жылына 800,0 мың тонна қуаттылығымен полиэтилентерефталата шығару жөніндегі зауытты салып жатыр. BASF политетрагидрофурана шығаруымен айналысатын зауыт құрылысына рұқсат алды. Бұл - толығымен BASF жататын Қытайдағы бiріншi кәсiпорын.
Иранда салынып жатқан тоғыз мұнай-химиялық кәсіпорындар 70-90% даярлық сатысында тұр, 2004 жылы қатарға қосылатын болады. Жалпы өнiмдiлiк жылына 2,75 млрд. доллар сомасына 6 млн тонна. 2005 жылдан 2013 жылға дейiн Иран мұнай-химия саласына 7,5 млрд. доллар (олефин, хош иiстi заттар, метанол бойынша 4 зауыт) салынатын болады.
Бағдарламаны icкe асырудың бiрiншi кезеңiнде мұнай-химия кәсiпорындары үшiн отандық шикiзат ресурсын жасау мәселесiн шешу қажет. "(2003-2005 жылдарға арналған Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игеру" туралы Мемлекеттік Бағдарламада (бұдан әрi - КТҚС) және салалық "Қазақстан Республикасында газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасында" көмiрсутек шикiзатын өңдейтiн, өндiрiстiк қуаттар құру жөніндегі iс-шаралар көзделген, бұл өнеркәсiптiң мұнай-газ саласы үшiн шикiзат базасын құру үшiн қажет болады.
Бұл бағдарламаларда көмiрсутектер ресурстарын игеру бойынша инфражүйе өнеркәсiптерiнiң аймақтарына жақын маңда бiрнеше мұнай-химия кешендерiн салудың бiрнеше инвестициялық жобаларын iске асыру көзделген. Шикiзат базасы тiкелей өндiрiске жақын маңда болатындықтан, инфрақұрылымдарға жақын маңда құрылыстар салу, көмiрсутектерi шикiзатын негiзгi көлемiн игеру нұсқасы экономикалық жағынан тиiмдi болғандықтан, ТМД-ның, алыс шетелдердiң қазiргi бар мұнай-химия кешендерiне қарағанда энергия сыйымдылықтарының, шикiзат құнының, көлiктiк шығыстардың өзiндiк құны және соның салдары ретiнде өнiмнiң босату бағасы анағұрлым төмендейтiн болады.
Бұдан басқа, мұнай-химия кәсiпорындары үшiн отандық ресурстардың болмауына қарамастан, қазiргi уақытта мұнай-химия кәсiпорындарының жұмысы қайта қалпына келуде. Өндiрiс қуаттарының 20-30%-ке жүктелуi кезiнде кәсiпорын сыртқы рынокта бәсекеге қабiлеттi өнiмдер шығарып отыр. Кәсiпорындардың толық емес өндiрiс қуаттарымен жұмыс iстеуi кезіндегі саладағы жұмыс жасаушылардың саны 5000-ға жуық адамды құрайды.
Осылайша, мұнай- және газхимиялық кешендерiн салу мен iске қосу, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған мұнай- және газ өңдеу зауыттарын жаңғырту және технологиялық жаңарту:
- Қазақстан Республикасында мұнай мен газ өндiру және тазартудан бастап көмiрсутек шикiзатын тереңдетiп өңдеу және жоғары қосылған құнмен тауарлық мұнай-химия өнiмдерiн шығару бойынша жұмыс iстейтiн технологиялар мен өндiрiстер құруға дейiнгi қызмет жүзеге асырылуы мүмкiн сатылас-интеграцияланған кешендер қалыптастыру үшiн негiз жасайды;
- көмiрсутек шикiзатын терең өңдеу жөніндегі құрылымдарды, отандық мұнай-химия саласын дамыту базалары ретiнде құруға кiрiсуге мүмкiндiк бередi, бұл жоғары қосылған құнмен мұнай-химия өнiмдерi рыногының жасалуы туралы айтуға мүмкiндiк бередi;
- Қазақстан экономикасының мұнай мен газға дүниежүзiлiк бағалардың конъюнктурасына тәуелдiлiгiн азайтады, iшкi рынокты отандық мұнай-химия өнiмдерiмен толықтыруды қамтамасыз етедi.
3.1. Республиканың мұнай-химия саласының шикiзат
көздерiнiң жай-күйiн талдау - Қазақстанда мұнай-газ өңдеу
Қазақстанда үш мұнай өңдейтiн зауыт (МӨЗ) және үш газ өңдейтiн зауыт (ГӨЗ) бар. Барлық мұнай-газ өңдейтiн зауыттар iске қосылған, бiрақ отындық нұсқа бойынша жұмыс iстейдi. Iс жүзiнде барлық МӨЗ және ГӨЗ зауыттары өңдеген барлық өнiм көлемiнiң бiр де бiр тоннасы өнеркәсiптiң мұнай-химия салалары үшiн шығарылмайды, сондықтан кәсiпорын шикiзатты Ресей Федерациясынан импорттайды.
Мұнай өңдейтiн зауыттар: 1 "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ААҚ (АМӨЗ); 2) "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖАҚ (ПМХЗ); 3) "Петро Казахстан Ойл Продакс" ААҚ (ПКОП), өндiрiстiк қуаттардың толық жүктелмеуiнен және шикiзатты терең өңдеудiң төмендiгiнен республиканың мұнай өнiмдерiне деген сұранымын қамтамасыз етпейдi. Өндiрiстiк қуаттар жылына 18,6 млн. тонна құрайды, бұл ретте МӨЗ-ның орташа жүктемесi (шамамен 40%) жабдықтардың жұмысы мен шикiзаттың терең өңделуiне терiс әсер етедi.
2002 жылы Қазақстанның МӨЗ-да 7802,0 мың тонна (2001 жылы 102,5%) мұнай өңделген, соның iшiнде АМӨЗ-да - 2182,2 мың тонна, ПМХЗ-да - 2040,7 мың тонна, ПКОП - 3497,2 мың тонна мұнай өңделдi.
2002 жылы МӨЗ-да мынадай мұнай өнiмдерi өңделдi: автобензин 1689,8 мың тонна; авиакеросин - 245,4 мың тонна; дизель отыны - 2289,4 мың тонна; мазут - 2427,1 мың тонна; сұйытылған газ - 941,7 мың тонна, кокс - 65,7 мың тонна; битум - 54,4 мың тонна. Мұнай өңдеу көлемдерiнiң 5 жылға болжамдық бағалануы 3.1.1-кестеде көрсетiлген.
3.1.1-кесте
Жылдары | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 |
Мұнай өңдеу Соның ішiнде: "ПМХЗ" ЖАҚ "ПКОП" ААҚ "АМПЗ" ААҚ | 8500 2420 3520 2560 | 8900 2540 3690 2670 | 9580 2760 3820 3000 | 11400 3200 4100 4100 | 12000 3500 4300 4200 |
АМӨЗ 1945 жылы салынған болатын. Зауыттың өндiрiстiк қуаты жылына 5
млн. тонна мұнайды құрайды, құрамында парафинi бар ауыр мұнайды өңдеу
тереңдiгi 2002 жылы 63,96 %, мөлдiр фракцияларды таңдап алу 41,1 %
құрады. AMӨЗ мұнай өңдеушi кәсiпорындармен тұрба құбырлары жүйесi арқылы
байланысады, технологиялық және негізгі жабдықтар табиғи және моральдық
жағынан тозған. 2003 жылға дейiн АМӨЗ-ты сұйытылған газ, автобензин,
дизельдік отын, мазут, авиакеросин, майлар, пештік отын, кокс,
уайт-спирит, битум шығарды. Мұнай өнімдерiнің өзіндік құны ресейліктердің
осы тақылеттес өнiмiнен жоғары және ПКОП пен ПМХЗ-ың мұнай өңдеу
шығындары 2 есе дерлік жоғары.
Қазiргі уақытта АМӨЗ-да, бекітілген TЭH бойынша 2005 жылы
аяқталатын, жаңғырту мен қайта құру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
ПМХЗ - 1978 жылы пайдалануға берiлген. Зауыттың техникалық жай-күйi
мұнай өнiмдерінің мынадай кең ассортиментiн шығаруға мүмкіндік бередi:
автобензин, керосин, дизельдік отын, мазут, қазандық отын, битум,
сұйытылған газ, күкiрт, кокс, жанама өнiм түрінде - пропан - пропилен
фракциясы (зауыттың толық қуатты жұмысы кезiнде), соның iшiнде пропилен,
бутан - бутилен фракциясы, соның ішінде изобутилен, н- бутилендер.
"Жанама" өнiмдер тұрмыстық отын ретiнде пайдаланылады. Жарық мұнай
өнімдерінiң үлесi жақсы деген кездерде өнiмнiң жалпы көлемiнде 36%-ғa
жеткен. Зауытты барынша жүктеу кезiнде Қазақстанда мұнай өнiмдерi
өндірісінің жалпы көлемiнен бензин мен керосин бойынша оның үлесi 50%, ал
дизельдiк отын бойынша - 40% болуы мүмкiн. ПМӨЗ-ның жобалық қуаты жылына
7,5 млн. тонна мұнай. Соңғы жылдар бойында оны өңдеу көлемдерi жылына 3
млн. тоннадан асқан жоқ. Осы уақыттағы өңдеу тереңдiгі 76% жуықты
құрайды.
ПКОП - жобалық қуаты жылына 6 млн. тоннаны құрайды. Өңдеуге мұнай
мұнай өңдейтiн кәсiпорындардың оңтүстік тобынан түседі: "Харрикейн
Құмкөль Мұнай", "Құмкөл Лукойл", "Қазгермұнай" және т.б. Шикiзат өңдеу
тереңдігі шамамен 51%-ын құрастырады. ПКОП (бұрынғы - ШНОС) пайдалануға
1985 жылы енгiзiлген болатын. Қазiргi уақытта ПКОП-ың тауарлық өнiмдер
ассортиментiнде әртүрлi маркалы бензин, дизельдiк отын, керосин,
сұйытылған газ, мазут бар. Жұмыс iстеп тұрған өндірiстерді жаңғырту
есебiнен шығарылатын өнімнің ассортиментi кеңейдi. Бензиннiң АИ-85,
АИ-93, АИ-95, РТ авиациялық керосин сияқты негiзгі түрлерi игерiлген,
сондай-ақ АИ-92, АИ-96 маркалы бензин шығаруға дайындық үстiнде.
Yш газ өңдеу (ГПЗ) зауыты - Теңiз, Қазақ және Жаңажолда жылына 6,25
млрд. текше м. жалпы жобалық өңдеу қуаты бар. (3.1.2-кесте).
3.1.2-кесте
N р/с | ГӨЗ | Пайдалануға беру | Жобалық қуаты | Өндірілді | Жаңғыртылғаннан кейiнгi күтiле- тін қуаты |
Табиғи газ,млн текше м | Сұйы- тылған газ, мың-т. | Табиғи газ, млн- текше м. | Сұйы- тылғ- ан газ, мың.т | Табиғи газ, млн- текше м. | Сұйы- тылғ- ан газ, мың.т |
1 | | 1973 жыл - 1-кезек 1997 жыл - 2-кезек | 2900 | 80,0 | 1337 | 50 | Өңдеу қуатын кеңейтусiз зауытты техноло- гиялық жаңғырту көзделген |
2 | Теңiз ГӨЗ | 1995-1999 жылдары кез- ең кезеңмен үш техноло- гиялық желi- лер (КТЛ) | 2550 | 1-желi- де 90,0 пропан | 2500 | 648 про- пан- бутан | 5000 дейін | 1000- пропан, бутан |
3 | Жаңа- жол ГӨЗ | 1984 жыл-2 -желi 2000 жыл-3-желі | 800 | - | 320 | - | 3400 | 150 |
Қазақ газ өңдеу зауыты (ҚГӨЗ) - Маңғыстау облысында (Жаңа Өзен
қаласы) орналасқан. Маңғышлақ кен орындарындағы iлеспе газды кәдеге
жарату және Ақтау қаласындағы пластмасса зауытын шикiзатпен қамтамасыз
ету үшiн салынды. Бiрiншi кезегi 1973 жылы салынған болатын. Газ өңдеу
жөніндегі қуаты жылына 1,5 млрд. текше м. және жылына 600 000 тонна сұйық
мұнай өнiмдерiн өндiретiн зауыт құрылысы 1979 жылы аяқталды. Зауытты
пайдалануға енгізу осы өңiрдегi iлеспе газды кәдеге жарату деңгейiн
60%-ке жеткізуге мүмкiндiк бердi.
Жаңажол газ өңдеу зауыты (ЖГӨЗ) - "CNPS - Ақтөбемұнайгаз" ААҚ-ның құрамына енедi, жылына 0,7 млрд. текше м. газды өңдеу қуаты бар. Жаңғыртудан соң зауыттың қуаты жылына 0.8 млрд. текше м. газ өңдеуге дейiн кеңейтiлдi. 2003 жылдың қыркүйегiнде табиғи газ өңдеу өндiрiстiк қуаты жылына 1.4 млрд. текше м. екiншi Жаңажол ГӨЗ iске қосылды. 2004 жылы 2005 жылы iске қосылатын үшiншi зауыттың құрылысы жоспарланып отыр.
Теңiз газ өңдеу зауыты (ТГӨЗ) - "Теңiзшевройл" БК әзiрлеп жатқан Атырау облысының Теңiз кен орнында орналасқан. Қайта құрылғаннан және кеңейтiлгеннен кейiн зауыт жылына 6,0 млрд. текше м. газ бен млн. тонна сұйытылған газ өңдеуге қабiлеттi.
Қолда бар көмiрсутек шикiзатын өндiру және өңдеу жөніндегі инфрақұрылымды ескере отырып, қазiргi уақытта Қазақстанда iлеспе газдың үлкен көлемдері алауларда жағылады, бұл ретте мұнай-химия саласы үшін арналған бағалы шикiзат қайтарымсыз жоғалады, сондай-ақ әуенi ластайтын заттардың елеулi мөлшерi тасталады. Мысалы, "Тенгиз" және "Королевское" мұнай кәсiпшiлiктерiнде 2003 жылдың 8 айында 800 млн. текше. газдың, соның iшiнде 6 млн. текше м. күкiрт қосындыларынан алдын ала тазаланусыз тiкелей жағылуға жол берiлген. Алдын ала есептеулер көрсеткендей зиянды заттардың атмосфераға шығарындылары 27 млн. шартты тоннаны құрайды.
Болжамдық бағалау бойынша Қазақстан Республикасында iлеспе газ шығару: 2005 жылы - 30,0 млрд текше м., 2010 жылы - 61,1 млрд.текше м., 2015 жылы - 80,9 млрд.текше м. (жалпы өнiм) құрайды.
Ресейде iлеспе мұнай газы ресурстарын қолдану деңгейi сала бойынша, тұтастай алғанда, 80% құрайды, қалғандары алауларда жағылады. "Сургутнефть" ААҚ-да, "Лукойл - Пермь" ЖАҚ-да, "ЛангесапНГ" ТПП-да осы газды қолдану коэффициентi 95% құрайды.
Өнеркәсiптiң мұнай-химия саласының өндiрiсi техникалық жетiлген салаға жатады, бұл көмiрсутек шикiзатының бiрлiктерiн өңдеу кезiнде мақсатты өнiмдердiң жоғары алынуына қол жеткізуден көрiнедi. Газды тереңдетiп өңдеу негiзiнде кәдеге жарату газдың артық көлемiн азайтуға және оның құнын едәуiр арттыруға мүмкiндiк бередi (1-схема).
Мұнай-химиялық жартылай өнiмдер мен өнiмдерiнiң бiр тоннасына 1,5 тоннадан 4,0 тоннаға дейiн шикiзат жұмсалады. Мысалы, Теңiз кен орындарының 1 млн. текше м. iлеспе газынан пиролиз әдiсiмен шамамен 200 тонна этан алуға болады. Этанның көрсетiлген көлемiнен керi сутексiздеу жолымен 130 тонна этилен алуға болады, бұл тиiсiнше 85 тонна және 60 тонна көлемдерде полиэтилен мен полистироль пластиктерiн өндiру үшiн бастапқы шикiзат болып табылады. 1 млн. текше м. газ өндiруден алынатын тауарлық өнiм көлемi шамамен 110 мың долларды құрайды. Газдың осы көлемiн отын ретiнде пайдалану кезiнде жеткізушi 18-20 мың долларға ие болады. Бұл газды тереңдетiп өңдеудiң экономикалық мақсатқа сай келетiнiн растайды.
Қазақстанда iлеспе газ көп жағдайда алауларда жағылады. Мұнай өңдеу кезіндегі құрғақ газдардың құрамында негiзiнен метан болады және отыннан басқа арзан сутегi мен олефиндердiң көзi ретiнде (этилен, пропилен және т.б.) пайдаланылуы мүмкiн. Мұнай өңдеу кезіндегі майлы газдардың құрамында оның негiзiнде жай мономерлер алу мен онан арғы әрi синтездеу үшiн бағалы мұнай-химия шикiзаты С1 - С2 көмiрсутектерi болады. Бұдан басқа майлы фракциялардың құрамында 7%-ға дейiн олефин болады, бұл онан арғы синтездер үшiн пайдаланылуы мүмкiн. Бiрiншi кезекте бұл олефиндер бутан бутилен қоспасынан жоғары октанды бензин алуымен алкилдеу үшiн қолданыла алады. Мұнай өңдеу кезіндегі майлы газдар шикiзат ретiнде этилен, пропилен, бутилен, бутадиен және басқа қосылыстарды алу үшiн шикiзат ретiнде пайдаланылады.
Бұдан басқа Қазақстанда өнеркәсiп ең қымбат бағалы мұнай өнiмдерi, мысалы, Қазақстанда өндiрiсi жоқ жағар майлар, нақ осыдан алына тұра, ЖЭС-да мазутты отын ретiнде қолдануды жалғастыруда. Мұнайдың осы бөлiгiнен, үкiметтiң басым мiндеттерiнiң бiрі болып жарияланған жол құрылысы үшiн бүгiнде өте қажет битум алу үшiн шикiзат болатын - гудрон алынады.
Осылайша, Қазақстан Республикасындағы мұнай- және газ өңдейтiн қуаттардың жай-күйiнiң талдауынан көрініп тұрғандай, алынатын көмірсутек шикiзаты терең өңдеусіз едәуiр мөлшерде Қазақстаннан шетелге экспортқа шығарылады, ал табиғи (iшiнара) және iлеспе газдар (толық) Қазақстан экономикасы салаларында мардымсыз қолданылады.
Қазақстан Республикасы өнеркәсiбiнiң мұнай-химия саласын өндiрілетін көмiрсутек шикiзатының базасында дамыту үшін сценарийдің 3 нұсқасын әзiрлеу қажет:
1. Пессимистiк - көмiрсутек шикізатын терең тазалауды қамтамасыз ету үшiн қазіргі бар мұнай-газ өңдеушi қуаттарды (6 зауытты) сауықтыру мен жаңғырту және жұмыс істеп тұрған мұнай-химия кәсiпорындарының қызметін қамтамасыз ету үшiн табиғи және iлеспе газды iшінара кәдеге жарату.
2. Реалистік - Қазақстанда мұнай және газ өндiрудiң өсiп келе жатқан көлемін ескере отырып қажеттi шикiзаттық ресурстар және жұмысы iстеп тұрған және жаңадан құрылған мұнай-химия өндiрiстерiнің жұмысы үшін жағдай жасау мақсатымен көмiрсутек шикізатын, соның iшiнде iлеспе газды көбiрек көлемде тереңдетіп тазарту мен өңдеу үшiн пессимистiк сценарий шараларының iске асырылуымен бiр мезгiлде қосылған өндiрiстік қуаттар жасау. Мұнай-химия кәсiпорындарының барлық кешендерiнің қызметі Қазақстанның iшкі рыногында мұнай-химия өнiмдерiнiң негiзгi импорт алмастыру көлемiн қамтамасыз етедi.
3. Оптимистік - қазiргі жоғары техникалық өндiрiстердiң негізінде құрылымдық қалыптасуы көмiрсутек шикізатының, соның iшiнде ілеспе газдардың қажеттi көлемін өндiру, тазарту және өңдеуден бастап iс-шаралар кешенiн жүзеге асыратын сатылас интеграцияланған өндiрiстер құру. Бұл көмірсутек шикiзатының аяқтау сатысы бойынша өңiрлiк және әлемдік рынокқа қосылған құн тiзбегі бойынша мұнай-химия өнімдерiнiң кең гаммасын шығарумен бәсекеге қабiлетті, экспортқа бағытталған мұнай-химия өнiмдерiн шығаруды қамтамасыз етедi.
Бiріншi сценарий бойынша мұнай-химия саласын дамыту, қайта құру және жұмыс iстеп тұрған мұнай- және газ өңдейтін зауыттарды технологиялық қайта жарақтауды қамтитын қолда бар құрылымдардың мүмкiншiлiктерiн оңтайландыруға бағытталған. Қосарлай алғанда, республиканың iшкі рыногы қажеттiлiктерiне барабар импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған өнiмдердi шығару жөніндегi әлемдік ғылым жетiстіктерi мен практика жетістіктерін, озық технологияларды қолданумен мұнай-химия кәсіпорындарының өндірістiк қызметін дамыту жөніндегі iс-шаралар кешенiн аяқтау және жүзеге асыру қажет.
Бiрiнші сценарийдiң iс-шаралары республикадағы өсiп келе жатқан көмiрсутек шикізатын шығару көлемдерiне бiрдей әсер етпейдi, тек сыртқы және iшкi рыноктардың мұнай-химия өнiмiне деген қажеттілiгiнiң белгiлi бiр көлемiн ғана жабады және қолда бар өндiрiстiк қуаттарды толық көлемде пайдалануға мүмкiндiк бередi.
Дамытудың екiншi сценарийi мұнай-химия саласын тұтастай және перспективалы дамыту үшiн белгiлi бiр базаны жаңғыртуды жүзеге асыруға мүмкіндiк бередi.
Екiншi сценарий бойынша жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi сыртқы және iшкi рыноктарының мұнай-химия өнiмiне деген қажеттiлiктерге барабар бәсекеге қабiлеттi мұнай-химия өнiмдерiн импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған өнiмдер шығару жөніндегі дүниежүзiлiк ғылым мен тәжiрибенiң ең жаңа жетiстiктерiн, алдыңғы қатарлы техника мен технологияны пайдаланумен қайта құрылымдау және техникалық қайта жарақтаудан тыс олардың базасында жаңа қосылған қуаттар салу қажет. Осы сценарийдi iске асыру көмiрсутегiнiң өсiп келе жатқан көлемiн iшiнара ғана ескередi, жоғары қосылған құнмен мұнай-химия өнiмдерiнiң экспортына негiз жасайды және iшкi рыноктың проблемаларын толығымен шешедi.
Үшiншi сценарийдi iске асыру инвестициялардың елеулi бөлiгiн игеруге бағытталған. Үшiншi сценаридiң түпкiлiктi мақсаты - республиканың өндiруден, тазартудан және өңдеуден бастап бәсекеге жарамды, экспортқа бағытталған мұнай-химия өнiмдерiн шығаруға дейiнгi көмiрсутегiн өңдеудiң аяқталу сатысы бойынша аймақтық және дүниежүзiлiк рынокқа жоғары қосылған құнды мұнай-химия өнiмдерiнiң кең гаммасын шығарумен бiрге барлық жұмыстарды жүзеге асыруға қабілеттi сатылас интеграцияланған құрылым түріндегі мұнай-химия кешенiн құру.
Үшiншi сценарийдiң iс-шаралары көмiрсутектерiнiң өсiп келе жатқан көлемiн шынайы бағалауға және пайдалануға мүмкiндiк бередi, ал мұндай кешеннiң құрылуы мен жұмыс iстеуi көмiрсутектерiне әлемдiк бағаның кез келген ауытқуын барабар сезiнуiн қамтамасыз етедi.