Осылайша, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі (бұдан әрi - ЭMPM) және "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - "ҚМГ" ЖАҚ) екiншi және үшiншi сценарийлер бойынша iс-шараларды iске асыруды жүзеге асырады:
- көмiрсутек шикiзатын өңдеу өндiрiсiн қайта жаңғырту, жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру бойынша жұмыстарды жүргiзу. 2005 жылдың аяғына қарай АМӨЗ жаңғыртылуы аяқталады, 2003 жылдың қыркүйегiнде ЖГӨЗ екiншi кезегi iске қосылады және аяқталуы 2005 жылға жоспарланған үшiншi кезектiң құрылысы басталды;
- мұнай-химия кәсiпорындарының қызметi жаңғыртылады: 2001 жылдан бастап әртүрлi маркалы стиролдардың өндiрiсi бойынша кәсiпорындардың қызметi қалпына келтiрiлдi, iске қосылған қуаттарға сәйкес резеңке-техникалық бұйымдардың өндiрiсi өсудiң тұрақты серпiнiне ие. Шина өнiмдерiнiң өндiрiсi (2002 жылдың желтоқсаны) және полипропилен (2002 ж.) бойынша мұнай кәсiпорындарының сынамалық iске қосулары өткiзiлдi. Полипропилен өндiрiсiн жаңғыртудан кейiн iске қосу 2004 жылға жоспарланып отыр. Мұнай-химия кәсiпорындары қосылған қуаттарды салу бойынша инвестициялық жобалар мен өндiрiстi жаңарту жөніндегі iс-шаралар жоспары әзiрленген (толығырақ - 3.3. бөлiмде).
3.2. Қазақстанның мұнай-химия кәсiпорындары үшiн
шикiзат ресурстарының отандық базасын жасау
Қазiргi уақытта республиканың мұнай-химия кәсiпорындарын дамыту үшiн негiзгi мiндет - отандық шикiзат базасын жасау. Өндiрiстiң мұнай-химия кәсiпорындары үшiн отандық шикiзат базасын жасау жөніндегі iс-шаралар "2003-2005 жылдарға арналған Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игеру" Мемлекеттік бағдарламасында және салалық "Қазақстан Республикасында газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасында" көзделген.
Мұнай-газ саласының дамуының негiзгi өңiрлерi көмiрсутек шикiзатының басым қорлары шоғырланған облыстар: Батыс Қазақстан - Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысы, Оңтүстiк өңiрi - Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары (картаны қар. - Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсiбiн дамытудың бағыттары) болуға тиiс.
Техникалық дамыған елдерде мұнай-химия өнеркәсiбi 8-10% мұнай ресурстарын, дамушы елдер 2,5-5 % тұтынады, ал әлемде, тұтастай алғанда мұнай-химия үлесiне әлемде өндiрiлетiн мұнайдың 6,5-7 % тиесiлi.
Көмiрсутек шикiзатын өңдеу бойынша жаңа технологиялар әзiрленiмiнде алға басудың арқасында ол бiрден бiр кең гаммалы жоғарғы технологиялық сыртқа шығаруға бағытталған өнiмдi алуға орай қосылған құн тiзбегiн жасаудың бiрегей көзiне айналып отыр.
Бұған келесi қосылған құн тiзбегi (бұдан әрi - ҚҚТ) немесе технологиялық тiзбешелер мысал бола алады:
Көмiрсутек шикiзаты (бутан, пентан және т.б.) - мономерлер (бутадиен, изопрен, стирол) - синтетикалық каучуктер (полизопрен, полибутадиен, дивинилстрольдi сополимерлер және басқалары) - шиналар (жеңiл, жүк, ауылшар., авиа- және басқалары), резеңке-техникалық бұйымдар (транспортерлiк ленталар, нығыздауыштар) - кең тұтылатын тауарлар, автомобильдердi жинақтау және басқалары.
Көмiрсутек шикiзаты - газ (этан, пропан, бутан) - мономерлер (этилен, стирол) - полимерлер (полиэтилен, полипропилен) - полимерлерден жасалған бұйымдар (күнделiктi сұраныстағы тауарлардың кең түрленiмi).
Қазақстан көмiрсутектерiнiң айтарлықтай қорларын иелене отырып, жоғарғы тауар дайындығындағы мұнай-газ өнiмдерiн өндiрушi, бәсекеге қабiлеттi, өз әлеуетiн әлемдiк экономикалық қауымдастықта iске асыруға мүмкiндiк беретiн мұнай-газ өндiрiсiне байланысты қазiргi заманғы технологияларды иемденбей отыр.
Өнеркәсiп мұнай-химия саласының дамыған инфрақұрылымын жасау кезiнде Қазақстанда мұнай-химия өнiмдерiн шығару жөніндегі технологиялық тiзбешелер жасалады, бұл ретте бiр кәсiпорынның "өндiрiс қалдықтары" өзгесiнiң қызметiн қамтамасыз етушi шикiзат бола алады. Мысалы, қазiргi уақытта "Петро Казахстан Ойл Продакс" (ПКОП) алауларында құрамында 30% -ға дейiн газ түріндегі сутегi, 10% С2 -С2 жеңiл олефиндер, сондай-ақ С1 -С4 шектес газдар жағылып кетедi. Қазiргi уақытта Қазақстанда сутек өндiрiсi жоқ, ал ол қолда бар сумен тазалау процестер үшiн, сондай-ақ, болашақтағы гидрокрекинг, алкилдеу және т.б. процестерi үшiн көп мөлшерде қажет. Олефиндердi (этилен, пропилен, бутилен және изобутилен) тiкелей "Пластикалық массалар зауыты" және "Долипропилен зауыты" ЖШС-тары үшiн мономерлiк шикiзат ретiнде пайдалануға болады. Шикiзат ресурстар ретiнде Теңiз газының бөлiгiн, болашақта Қашаған, Қарашығанақ және Құмкөл кен орындарының газын пайдалану көзделiп отыр. Осы бағдарлама шеңберiнде iске асыру кезiнде нәтижесiнде көмiрсутек шикiзатын тереңдетiп тазалау және қайта өңдеу жөніндегі нақты қуат қатарға қосылатын және жеткiлiктi пысықталған инвестициялық жобалар қарастырылады және жеткiлiктi пысықталған (қол қойылған шарт бар және таяудағы 2-3 жылда ТЭН әзiрлеу мен инвестициялық жобаларды iске асыру жоспарлануда).
Жоғарыда аталған кен орындары базасындағы мұнай-химия өндiрiсi үшiн шикiзат ресурстарының отандық базасын жасау (қосылғандағы карта мен 2-схеманы қар.) мынадай инвестициялық жобаларды iске асыруға негiзделген: 1. Қарашығынақ интеграцияланған ұйымы (КИҰ) кен орындары базасында Ақсай қаласында Қарашығанақ газ-химия кешенi құрылысын салу. Қарашығанақ кен орны ӨБТК-ге сәйкес, Газ жобасын iске асыру Техникалық-экономикалық негiздеме әзiрленгеннен кейiн жүзеге асырылады. 2003 жылдың аяғына дейiн белгiленген тәртiппен ТЭН-дi Kellog Brown & Root компаниясы ұсынуға тиiс. 2007 жылдан кейiн салынуы жоспарланған газ өңдеу зауытында 2007 жылдан кейiн жылына 5-тен 10 млрд текше м. дейiн құрғақ газ және жылына 200 мың тонна сұйық газ алынатын болады. Қаржыландыру көлемi 1.2 млрд. доллар болатын 2003-2005 жылдарға КИО-мен келісімге қол қойылды.
2. Қашаған кен орны өнеркәсiптiк аймағында әлемде бар ең озық қазiргi заманғы және тиiмдi технологияларды енгiзе отырып мұнай-химия кешенi құрылысын салу. Қазiргi уақытта өнеркәсiптiк аймақта мұнай-химия кешенiнiң бiрiншi кезегiнiң құрылысын салу жөнiнде келiссөздер жүргізілуде және ұсыныстар әзiрленуде.
3. KKO Аджип газ құбыр желісінде "КРИП" зауытын салу - әрi қарай өңдеу үшiн жаңадан жасалатын зауытта 500 мың тонна этан, этилен және пропилен, 3,0-ден 3,6 млрд. текше.м. дейiн газ өндiру үшiн;
- 2010 жылы Ақтау қ. "Пластикалық массалар зауыты" ЖШС мономердің (стирол) синтезi үшiн полистирол пластиктердiң әртүрлi маркаларының дайын түрлерiн және полиэтилен шығаруға дейiн;
- Атырау қ. "Полипропилен зауыты" ЖШС құйма және талшықты маркалы түйiршікті пропиленнiң, катализаторлардың және халық тұтынатын тауарлардың өндiрiсi үшiн.
4. Ақтөбе облысының Жем қаласында Хепос-Инжиниринг (Чехия) технологиясы бойынша Жаңажол және Кеңқияқ кен орындарының газын өңдеу үшiн 2005 жылға тауарлық өнiм: этилен (жылына 50 мың тонна), отын газы (жылына 13 мың тонна), бензол (жылына 51 мың тонна), полиэтилен (жылына 40 мың тонна), полипропилен және басқа да термопластар шығаратын Мұнай-химия зауытын салу. Бiрiншi сатыда жобаны іске асыруға қажетті инвестиция көлемi - 14, 806 млн. АҚШ долларын құрайды. Инвестициялық жоба "Қазақстан Республикасының даму банкiнде" қаралуда, жобаны iске асыруды Алматы қ. "Казнефтехим" ЖШС жоспарлап отыр.
"Казнефтехим" ЖШС - инвестициялық жобасының түпкі мақсаты құрылымдық бөлiмшелерi көмiрсутектерін өндiруден бастап, оның әзiр тауарлық мұнай-химия өнімдерiн шығаруға дейiнгi жоғарғы қосылған құнмен кешендi өңделген тауарын шығаруды қамтамасыз ететiн сатылас интеграцияланған компания құру.
Осылайша, Қазақстанда 2008 жылға инвестициялық жобаларды іске асыру барысында қосылған құн тiзбе бойынша мұнай-химия өнiмдерiнiң кең гаммасын өндiруге мүмкiндiк беретiн өнеркәсiптiң мұнай-химия саласы кәсiпорындары үшiн шикiзат қорларының нақты қайнар көздерiн жасау жоспарланып отыр.
3.3. Қазақстан Республикасы өнеркәсiбiнiң мұнай-химия
саласы кәсiпорындарының жай-күйiн талдау
Қазақстан Республикасы өнеркәсiбiнің мұнай-химия саласына көмірсутек шикiзаты негiзiнде полистирол пластиктерiн, полипропилен, резеңке-техникалық бұйымдарын, шиналық өнiмдердi шығарумен айналысатын кәсіпорындар жатады. Барлық мұнай-химиялық кәсiпорындар Ресей Федерациясынан импортталатын шикiзатпен жұмыс iстейдi. Республикада көмiрсутек шикiзатын терең тазалауларынан кейiн жоғарғы технологиямен бастапқы мұнай-химиялық өнiмдерiн алуға өз өндiрiстерiнiң жоқ болуы себептi, яғни қажеттi шикiзаттық қорлардың болмауы, мұнай-химиялық салалары кәсiпорындарына толық жүктемелiк режимiнде жұмыс істеугe мүмкіндiк бермейдi, бұл тиiсiнше жоғары қосылған құнмен сапалы тауарлық өнiмдердi жеткілiктi көлемде шығаруды жолға қоюға мүмкiндiк бермейдi.
2003 жылдың басына Қазақстан Республикасында бес мұнай-химиялық кәсiпорындарының қызметі қалпына келтiрiлдi: "Пластикалық массалар зауыты" ЖШС, Ақтау қ., "Сараньрезинотехника" ААҚ және "Карагандарезинотехника" ЖШС, Сарань қ., Қарағанды облысы; "ИнтерКомШина" ААҚ, Шымкент қ:, "Поливропилен зауыты" ЖШС, Атырау қ.
Негізгі өндiрiс қорлары бұдан 20 жыл бұрын құрылған бұл мұнай-химиялық кәсiпорындар қолда бар өндiрістiк қуаттар негізінде шетелдік аналогтарына жақын келетiн полистирол, полипропилен, резеңке-техникалық бұйымдар, шиналық мұнай-химия өнiмдерiн (импорттық мұнай-химиялық шикiзатты пайдалануға бағытталғандықтан) шектеулі мөлшерде шығарады.
Yш жаңа мұнай-химия кәсiпорыны құрылды:
1997 жылы (Алматы қ.) "Казнефтехим" ЖШС, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Астана, Орал қалаларындағы филиалдарымен құрылды. Көмiрсутек кен орындарын әзiрлеу, барлау және көмірсутек шикiзатын тасумен, сақтау және өңдеу жөніндегі дамушы мұнай-химиялық кәсiпорын.
"Рауан" ЖШС, (Атырау қ.) Кәсiпорын 1998 жылы құрылды, қызметiнiң ең негізгі түрi - мұнай өнеркәсiбi үшiн реагенттердi: деэмульгаторлар, өрт сөндіруге арналған көбiк жасағыштар, коррозия ингибиторларын, тұз шөгінділерін, парафин шөгінділерін, депрессорлар көшетiн, асфальт-шайыр және парафиндi шөгінділерінің кетіргіштері мен ерiткіштерiн өндiру.
Атырау қ., "Шеврон МұнайгазИнк" компаниясының полиэтилен құбырларын шығаратын зауыты. 2003 жылдың сәуiрiнде 600 тонна көлемiнде құбырлардың бiрiншi партиясы шығарылған болатын. Экологиялық таза және экономикалық пайдалы тығыздылығы жоғарғы полиэтилендік құбырларды өндiру үшiн қазiргі заманғы технологиялық ғылымды қажетсінетін үш желі құрастырылған. Негiзгi шикiзат - РЕ 80 маркалы полиэтилен Ресей Федерациясынан және РЕ 100 алыс шетелден жеткiзiледi. Қазiргi уақытта зауыт тек бiр желiде жұмыс iстейдi, бұл қуаттар жүктемелiгiнің 30% ғана сай. Зауыт толық қуатында жұмыс iстегенде пластмассалық құбырлардың 7000 метрлік тонналарын шығаруға қабiлетті.
Дайын өнiмнiң өзiндiк құнында импортталатын полиэтилен құны 65% құрайды. Сондықтан тығыздылығы жоғарғы полиэтиленнiң отандық шикiзат базасын жасау - дайын өнім - құбырлардың бағасына айтарлықтай ықпал етеді. Полиэтилендік құбырлар су мен канализациялық тараптар, табиғи газ тасымалдау жүйесiн, коммуникациялардың, ирригациялар, дренаж жабдықтау үшiн, сондай-ақ өнеркәсіптің өндiру және өңдеу өндірісі саласы үшiн шығарылады.
2003 жылдың 9 айы қорытындысы бойынша мұнай-химиялық кәсiпорындарымен 1 млрд. 707,574 млн. теңгеге тауарлық өнiм өндiрiліп, ішкi және шетел рыногына (Ресей, Қырғызстан, Түркiмения, Өзбекстан, Қытай) жеткiзiлдi, соның ішiнде полистирол 413,692 млн. теңге; резеңкетехника бұйымдары 1 млрд. 293,882 млн. теңге.
3.4. Полистирол пластиктері өндірісінің рыногы
Полистирол пластиктерi өндiрiс көлемi жағынан тек полиолефин мен поливинихлоридке орын бере отырып, полимерленген пластмассалардың арасында әлемде үшiншi орын алады. Химиялық құрылымы бойынша полистирол пластиктерi төрт негiзгi топтарға бөлiнедi: гомополистирол (немесе жалпы мақсаттағы полистирол), көбiктенген полистирол; стиролдың статистикалық полимер қоспалары, мысалы, стирол екi есе полимер метилакрилатоммен, акрилонитрилмен және сполимермен басқа қоспалары, үш есе - стирол метилметакрилат - акринонитрил; 3. стирол телiнген полимер қоспалары, полимерлық композиттер; Полимерлiк композиттер, соққыға төзiмдi полистирол, АБС - полимер қоспасы, МСП полимер қоспасы жатады (полимер полимерлық қоспа, мысалы АБС - поливинилхлорид, АБС - соққыға төзiмдi поликарбонат полистирол - полифенилеоксид және т.б.).
Полистирол алудың өнеркәсiптегi негiзгi тәсiлдерi массадағы полимерлеудiң толассыз әдiсi және кезеңдiк тәсiлдер: суспензиялық, блоктық - суспензиялы және эмульсионды болып табылады.
ТМД елдерiнен қазiр полистирол пластиктерiн шығарумен айналысатын жұмыс iстейтiн iрi өндiрiс қуаттары Ресейде - 45% (Ангарск, Омск, Салават, Орехово - Зуево, Узловая), Қазақстанда - 35% (Ақтау), Украинада - 20% (Днепродзержинск және Горловка) бар.
3.4.1. Полистирол пластиктepi өндiрiсiнiң әлемдiк
рыногының конъюнктурасы
Мамандардың бағалауы бойынша (пенополистирол өндiрiсiнiң көлемiн есепке алмағанда) 15 млн. тонна жалпы ұсыныс жағдайында әлемдiк рыноктағы полистиролға деген сұраныстан ұсыныс 2 -:- 3 млн. тоннаға асып түсiп отыр. Ол дүниежүзiлiк бағаларға тиiсiнше әсер еттi: 2001 жылғы талдау бойынша тоннасы 900 -:- 950 доллар болатын полистиролға ең жоғары баға АҚШ-та, ең төменгi баға тоннасы 550 -:- 600 доллар Орта Азия елдерiнде байқалды.
Полистирол шығарумен дүниежүзiлiк рыногы былайша көрiнедi:
2001 жылы Солтүстiк Америкада жиынтық қуаты жылына 3,5 млн тоннаны, Оңтүстiк Америкада - жылына 700 мың тоннаны құраған. 3.4.1-кестеде Солтүстiк және Оңтүстiк Америка, басқа да құрылықтар елдерiнiң ең iрi кәсiпорындары бойынша мәлiметтер келтiрiлген.
3.4.1-кесте
жылына мың тонна
N Кәсiпорынның атауы р/с | Өндiрiс қуаты |
Солтүстiк Америка |
1. "Нова кемикл" 2. "Доу кемикл" 3. "Ато-Файна" 4. "Басф" | 870 810 560 490 |
Барлығы Солт. Американың iрi кәсiпорындары 2730 бойынша |
5. Оңтүстiк Америка 6. Жапония 7. Қытай 8. Тайвань 9. Германия*** 10. Оңтүстiк Корея | 700 1240 1100 930 810 765 |
АҚШ-та полистирол зауыттарының қуаты:
- "Нова кемикл" компаниясы 2001 жылы жылына 46 мың тоннаға
кеңейтiлген болатын*
- 2002 жылы "Ато - Файна" қуатты жылға 60 мың тоннаға кеңейтiлген.**
Германияда ең iрi полистирол зауыты Людвигсхафен қ. орналасқан және
"БАСФ".*** компаниясына тиесiлi.
ТМД елдерiнде өткен ғасырдың 80-жылдарынан соң жаңа өндiрiстер
жүргiзiлген жоқ, қолданыстағы өндірістің қайта жаңғыртылуы мен жаңартылуы
жүзеге асқан жоқ. Құpaл жaбдықтардың тозуы 64% құрайды.
Сонау КСРО-да пайдалануға берiлген қазақстандық Шевченко зауыты
полистирол өндiрiсi өнеркәсiбiнiң ең соңғыларының бiрi. Шығаратын өнiм
сапасы (2001 жылы қызметi қалпына келтiрiлгеннен кейiн де) таңдаулы
шетелдiк аналогтар көрсеткiштерiне сай болды және сай келедi. Өндiрiс
толық технологиялық схемамен ұйымдастырылған болатын және этилен,
этилбензол, стирол, полистиролдар: төзiмдi, жалпы мақсаттағы және
көбiктендiруге арналған өнiмдер өндiре отырып, 1993 жылға дейiн жұмыс
iстеген. Апат нәтижесiнде 1993 жылғы желтоқсаннан зауыт әкелiнетiн
этилбензол немесе стиролды шикiзат ретiнде қолдана отырып, қысқартылған
схема бойынша жұмыс iстедi. "Пластикалық массалар зауыты" ЖШС-де негiзгi
жабдықтар 20 жылдан пайдаланылды. Салыстыру үшiн АҚШ мұнай-химиялық
зауыттарының орта жасы 6 жылды құрайды.
ТМД елдерi бойынша полистирол пластиктерiн шығарушы кәсiпорындардың
жалпы өндiрiс қуаттары 2001 жылы - жылына 552,65 мың тоннаны құрады. ТМД
ең iрi өндiрушiлерi өндiрiс қуаттарының көлемдерi (Қазақстан, Ресей,
Украина) топтары бойынша полистирол пластиктерiн шығару жөнiнде келесi
үлестерге ие болды. (3.4.2.-кесте)
3.4.1-кесте
N р/с | Топтар бойынша полистирол пластиктер | Өндiрiс көлемі |
1. | Соққыға берiк полистирол (СБП) - | |
2. | Жалпы мақсаттағы полистирол (ЖМП) - |
3. | АБС-сополимерлер | Ресей - 56,6 Украина - 43,4 |
4. | Стиролдың қос полимерлерi | Ресей - 78,6 Украина - 21,4 |
5. | Аса көбiктенетiн полистирол (АКП) | |
Ең қуатты технологиялық желiлерi екі өндiрушiде - "Полистирол" ЖАҚ
(Омск қ., Ресей Федерациясы) және "Пластикалық массалар зауыты" ЖШС
(Aқтaу қ., Қазақстан Республикасы) бар.
"Пластикалық массалар зауыты" ЖШС-де алынатын полистиролдың өзiндiк құны ТМД елдерiнің өнiмдерiне қарағанда қолданыстағы технологиялық желілердің жоғарғы қуаттары арқасында (тиеу шарты 70-100% болғанда) әлдеқайда төмен және кәсіпорынды өндiрiске жақын отандық шикiзат қорларымен қамтамасыз еткен кезде одан да төмен болады. Қазақстан Республикасының алыс шетелге шығаратын полистирол пластиктерi қайта өңделетiнiн және қосылған құнмен дайын өнiм түрiнде қазақстандық рынокке қайтып келетінін атап айтып өткен жөн.
Полистирол тұтынудың негізгі салалары - құрылыс конструкциялары, автожолдық жабындар, тамақтық өнiмдердiң бiр реттік орамасы, радиоэлектрондық және тұрмыстық электр бұйымдардың өндiрiсі, құрылыс және ойыншықтар, халық тұтынатын тауарлардың өндiрісi.
Осылайша, Қазақстан Республикасында (ТМД елдерiнің рыногы шеңберiнде) жалпы мақсаттағы полистирол өндiрiсi мен (ПСМ), көбiктенген полистиролдың (ПСВ) негізгі қуатты және қуаты аз көлемдегі соққыға төзiмдi (УПМ) полистирол өндiрiсi бар және жұмыс iстеуде.
Өңiрлiк және әлемдiк рынокта полистиролды тұтыну мен сұраныс жыл сайын 25%-ға, соның ішінде ҚХР-да тұтыну айтарлықтай көбейiп, 2005 жылы көлемi бес млн. тоннаға жетеді деп болжануда.
3.4.2. Қазақстан Республикасындағы полистирол пластиктерi
өндiрiсiнiң сипаттамасы
"Пластикалық массалар зауыты" ЖШС 1999 жылға дейiн "АХПО" акционерлік қоғамы (бұрынғы Шевченко пластикалық массалар зауыты) 1976-1980 жылдары комплектiлi импортталатын жабдықтар негізiнде салынған болатын, 1994 жылы ашық үлгідегі акционерлік қоғамға айналдырылды. Зауыт ТМД елдерi аумағында полистирол өндiрiсi бойынша ірі кешен болып табылады. Кәсiпорындағы жұмысшылардың саны 1000-ға жуық адамды құрайды.
Өндiрiс толық технологиялық схемамен ұйымдастырылған болатын мономер синтезiнен (стиролдан) басып моншақ түрiнде және түйiршiктер түрiнде полистирол дайын түрлерiне дейiн шығарылады. Полистирол маркаларының өндiрiс технологияларын әзiрлеушiлер: соққыға төзімді (УПМ) және жалпы мақсаттағы (ПСМ - "Эмикот" фирмасы (AҚШ); "Рон Пуленк" (Франция) маркалы көбiктенген полистиролына (ПСВ).
Зауыт шикiзаттың негізгi түрі өте жетпеген кезде iске қосылған болатын - этан, газ өңдейтiн қазақ зауытынан қажеттiлiк жылға 160 мың тонна болғанда 60 мың тонна көлемде жеткізiлiп берiлген (Жаңа өзен қ.). Басқа шикізат - мұнай бензол жылына 260 мың тоннаға дейiн Ресей, Украинаның және Беларусь Республикасының мұнай-химиялық кәсіпорындарынан импортталды. Толық технологиялық схемамен өндiріс 1993 жылға дейiн жұмыс iстедi. Жұмыс iстеген уақытында түбегейлi қайта жаңғырту жүргізілген жоқ. Зауыттың негізгі технологиялық схемасы келесi өндiрiстермен қамтылған: а) этилен өндiрісi; б) этилбензол- стирол-өндiрiсi кешенi; в) полистирол пластиктері өндiрiсi кешенi.