101. Өтемдік отын қоры (бұдан әрі - ӨОҚ) барлық құрамдастарын ескере отырып, белгіленуге тиіс. ӨОҚ-ны құрайтын сандық сипаттамаларын негіздеу бойынша шынайы деректер болмаған жағдайда белгіленетін өтемдік отын қорының салмағы негізгі отын қорының салмағынан 3% болмауы тиіс.
ҰПБ-да ӨОҚ-ның шамасын айқындауға мүмкіндік беретін материалдар келтірілуі тиіс.
102. Резервтік отын қоры (бұдан әрі - РОҚ) құрамдастардың жиынтығы ретінде белгіленуі тиіс. Қосалқы әуе айлаққа ұшу орындалатын есептік нүкте ретінде межеленген әуе айлаққа қонуға кіру кезіндегі шешім қабылдау биіктік белгіленеді. Әуе айлақтардың алыстығынан, 400 м биіктікте күтудің ұзақтығынан және ұшақтың қону салмағынан РОҚ-ның есептік тәуелділігі ҰТТБ-да келтірілген.
103. Талап етілетін отын қоры отын шығыстарының сипаттамаларын нашарлауына немесе ұшу жоспарын өзгертуін мәжбірлеуге тікелей әкелетін бағыттың кез келген нүктесінде ұшақтың функционалдық жүйелерінің істен шығуы туындаған жағдайда ұшуды жалғастыру мүмкіндігін және не ұшқан әуеайлаққа, не межеленген әуеайлағына, не ең жақын орналасқан қосалқы әуеайлаққа қонуды қамтамасыз етуге тиіс.
1-ескерту. Істен шығу жай-күйлерінде ұшуды жалғастыру мен аяқтау мүмкіндігін талдау 20-20-тармақтың талаптарына сәйкес жүргізілуге тиіс.
2-ескерту. Екеуден көп қозғалтқыштары бар ұшақтар үшін оның туындауының есептік мүмкіндігіне қарамастан екі қозғалтқышы бірізділікпен істен шыққан жағдайда 102-тармақтың талаптары орындалуы тиіс.
104. ҰПБ-да ең аз АНҚ ұшуларды жүргізу жөніндегі қолданыстағы нұсқаулықтарға тиіс белгіленеді.
13. Қону және екінші айналымға кетудің жылдамдықтары
105. Барлық жұмыс істеген козғалтқыштарымен қонуға кіру кезіндегі Vmіn ең аз эволютивтік жылдамдық сындарлы қозғалтқыш кенеттен істен шыққан кезде ұшақтың тік сызықтық қозғалысын ұстау үшін басқарудың аэродинамалық органдары арқылы ғана ұшақты басқару мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс жылдамдық және бұл ретте:
кренсіз 5% аспайтын төмендеу градиентімен төмендеу режимін сақтау үшін жұмыс істеген қозғалтқыштардың тартымын (қуаттылығын) ұлғайту кезінде қонуға кіруді жалғастыру;
жұмыс істеген қозғалтқыштарға қарай 5о аспайтын крен бұрышымен екінші айналымға кету үшін белгілеген оның ең жоғарғы мәніне дейін жұмыс істеген қозғалтқыштардың тартымын көтерген кезде қонуға (екінші айналымға кету) кіруді үзу мүмкін болады.
Басқару иінтіректеріндегі күш (күштер бойынша ұшақты қайта теңгерусіз) осы Норманың 121-тармағында көрсетілген олардың мәндерінен аспауға тиіс.
Vmіn эк анықтамалығы ұшу салмағының және пайдалану орталықтандыруының неғұрлым қолайсыз үйлесімімен барлық жұмыс істеген қозғалтқыштармен қонуға кіру мен қону кезінде барлық мүмкін ұшақ конфигурациясы нұсқаларының жағдайында жүргізілуге тиіс. Ұшақтарда көрсетуі кезінде ТВҚ-дан ауалық бұраманы басқаруға экипаждың араласуына жол берілмейді.
106. Тиісті конфигурацияларда бір жұмыс істемейтін қозғалтқышпен Vmіn эқ-1 немесе екі жұмыс істемейтін қозғалтқышпен Vmіnэк-2 басталған қонуға кіру кезінде ең төменгі эволютивтік жылдамдықтар ұшақтың тік сызықтық қозғалысын ұстау үшін басқарудың аэродинамикалық органдары арқылы ғана ұшақты басқару мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс жылдамдық және бұл ретте:
кренсіз (оның ішінде жұмыс істеген қозғалтқыштардың тартымын (қуаттылығын) ұлғайтумен) 5%-дан аспайтын темендеу градиентімен қонуға кіруді орындау;
жұмыс істеген қозғалтқыштарға қарай 5о аспайтын крен бұрышымен біреуі немесе екеуі (төрт және одан да көп қозғалтқыштарға ие ұшақтар үшін) жұмыс істемейтен қозғалтқыштарымен екінші айналымға кету үшін белгіленген оның ең жоғарғы мәніне дейін жұмыс істеген қозғалтқыштардың тартымын (қуаттылығын) көтерген кезде қонуға (екінші айналымға кету) кіруді үзу мүмкін болады. Басқару иінтіректеріндегі (күштер бойынша ұшақты қайта теңгерусіз) 121 көрсетілген олардың мәндерінен аспауға тиіс. Vmіn эк-1 және Vmіn эқ-2 анықтамалығы бір жұмыс істемейтін қозғалтқышпен немесе екі жұмыс істемейтін қозғалтқышпен ұшақ конфигурациялардың нұсқаларында және ұшу салмағының және пайдалану орталықтандырудың неғұрлым қолайсыз үйлесімімен қону мен қонуға кіруге арналған балық белгіленген жағдайларда жүргізілуі тиіс.
107. Қонуға кірудің ең төмен көрсету жылдамдығы Vккк mіn қонуға арналған ҰПБ-да ұйғарылған ұшақ конфигурациясының әрбір нұсқасы үшін Дайындаушы белгілейді. Vккк mіn ретінде ұшу сынақтардың нәтижелері бойынша қандай да болса ойдағыдай емес құбылыстар әлі туындамайтын және қиын жағдайлар туындамай, тыныш ауада ұшу кезінде қонуды қауіпсіз аяқтауға және екінші айналымға кету мүмкін болатынын болжау кезінде ең төмен жылдамдық таңдалуы тиіс.
Осы орайда ұшқыштың керемет шеберлігі мен шектен тыс зейінділігі талап етілуі тиіс емес. Қонуға кіруді, қонуға және екінші айналымға кетуге көрсету процесінде әсер етудің бұрышы ақосым аспауға тиіс, ал басқару иінтірегіндегі күштер - осы Норманың 121-тармағында белгіленген мәндерден аспауға тиіс. Қозғалтқыштар жұмысының режимі ұшақтың осы үлгісі үшін ҰПБ-да белгіленген ең толық төмендеудің nтөм төмендеуіне, бірақ барлық жағдайларда кемінде 5%-ға сәйкес келуі тиіс. 60 м биіктіктен бастап қозғалтқыштардың жұмыс режимінің ұлғаюы, жылдамдық пен төмендеу траекториясын дәл ұстауды қамтамасыз ету үшін қажетті сол бір шамалы өзгерістерден басқа, жүргізілуге тиіс. Қону аса сатылас жылдамдықсыз, оғаш болуға тиіс емес, қайтадан шарықтау, қонудағы тұмсықпен тірелу, жалтаруына және басқа да қалаусыз салдарлар үрдісін туындатпай жүргізілуі тиіс.
107. Қонуға кіру үшін белгіленген ұшақтың барлық конфигурацияларына арналған барлық жұмыс істеген қозғалтқыштар жағдайында қонуға кірудің жылдамдығы Vкк:
1) 1,3 Vсl
2) 1,05Vmіnэк;
3) Vқкк mіn > 200 км/с ұшақтар үшін Vқкк mіn+ 15км/с және Vккк mіn< 200 км/с ұшақтар үшін Vқкк mіn+10км/с
4) 1,17 Vақосым кем болмауға тиіс.
Ескерту. Ықтималдарға қарағанда жиіден көп емес оқиғаларға қатысты қозғалтқыштың істен шығуынан басқа істен шығу жай-күйлері туындаған кезде қонуға кіру және қону жағдайлары үшін Vккк mіn =1,25 Vсl мәнін белгілеуге рұқсат етіледі.
108. Бір жұмыс істемейтін қозғалтқышпен қонуға кіруге және қонуға белгіленген ұшақ конфигурациясының барлық нұсқаларында бір жұмыс істемейтін қозғалтқышпен қонуға кірудің жылдамдығы Vкк-1:
1) 1,3 Vсl;
2) 1,05Vmіn эк-1;
3) 1,17Vақосым кем болмауға тиіс.
Ескерту. Ықтималдарға қарағанда жиіден көп емес оқиғаларға қатысты және басқа жүйелердің істен шығуынан үйлесімде қозғалтқыштың істен шығуымен байланысты қонуға кіру және қону жағдайлары үшін Vқк =1,25 Vсl мәнін белгілеуге рұқсат етіледі.
109. Жұмыс істемейтін екі қозғалтқышпен қонуға кіруге және қонуға белгіленген ұшақ конфигурациясының барлық нұсқаларында екі жұмыс істемейтін қозғалтқышпен қонуға кірудің жылдамдығы Vқк-2:
1) 1,25 Vсl;
2) 1,05Vmіn эк-2.
110. Қонуға кірудің ең жоғары көрсету жылдамдығы Vккк mіn қонуға арналған ҰПБ-да нұсқама берілген ұшақ конфигурациясының әрбір нұсқасы үшін дайындаушы белгілейді. Қалыпты қонуға арналған белгіленген ұшу әдістемесіне сәйкес осы жылдамдықта қонуға кіру және қонуды орындау кезінде алдыңғы тіректің бірінші жанасу қаупімен, "қозғалып тұруы", қонудағы тұмсықпен тірелу және басқа қалаусыз құбылыстарға ұмтылысымен байланысты ерекше жағдайлар туындамайтыны көрсетілуі тиіс. Vкк max барлық жағдайларда V кк+25км/с кем болмауға тиіс және ұшақтың қаралып отырған конфигурациялары үшін, оның ішінде шассидің дөңгелектерін пайдалану жөнінде белгіленген шектеулерден аспауы тиіс.
111. Екінші айналымға кеткен кезде тетіктемені жинау сәтінде ұшақтың жылдамдығы 1,2 Vcl немесе қозғалтқыштар жұмысының Шарықтау режимін пайдалану істен шыққан қозғалтқышпен шығарып тастау жылдамдығын 5%-дан артық кемуге әкелетін, мұнда Vcl өзгерілген конфигурацияға жататын ұшақтар үшін 1,15 Vс1 кем болмауы тиіс.
112. Екінші айналымға кету үдерісінде ұшақтың жылдамдығы:
1) 1,2 Vс1 кем болмауға тиіс, мұндағы екінші айналымға кетудің кез келген нүктесінде ағымды конфигурациясына сәйкес келеді. Vс1 кезінде коэффициентті Шарықтау режимін пайдалану істен шыққан қозғалтқышпен шығарып тастау жылдамдығын 5% -дан артық кемуге әкелетін ұшақтар үшін 1,15 дейін төмендетуге рұқсат етіледі;
2) барлық жұмыс істеген қозғалтқыштармен қонуға кіру кезінде Vс1 min эк+10км/с немесе бір жұмыс істемеген қозғалтқышпен Vmax_эк-1+10км/с кем болмауға тиіс.
14. Қону ара қашықтықтары
114. Қонуға арналған қону арақашықтығы барлық қалыпты жұмыс істейтін қозғалтқыштарымен, сондай-ақ, егер оның істен шығуы тежеу құралдарының тиімділігін төмендетуге және (немесе) қону конфигурациясын өзгерту (шектеу) қажеттілігіне әкелетін мынадай жағдайларда бір қозғалтқыш істен шыққан кезде айқындалуға тиіс:
15 м биіктікке дейін қонуға кіру учаскесінде белгіленген төмендеу 5%-дан аспайтын темендеу градиентімен nтөм және осы НОРМАның 104-тармағына сәйкес белгіленген жылдамдықпен жүргізілуі тиіс;
15 м биіктіктен ұшу сәтінен бастап (ұшақ жанасуының күтілетін нүктесінде ШҚЖ деңгейінде) және жанасудан кейін 2 сек. өткен сәтіне дейін ұшақтың қону конфигурациясы өзгерусіз сақталуға тиіс (конфигурацияны автоматты өзгерту жағдайларынан басқа);
ұшқыштың командасы бойынша экипаж мүшелері орындайтын операциялар үшін команданы берген сәтінен бастап оны орындауды бастау сәтіне дейін 1 сек уақыт аралығы енгізіледі;
экипаждың сол бір мүшесімен орындалатын және штурвалдың және (немесе) басқыштардың ауыспалығымен байланысты емес операциялар үшін өткен операция аяқталған сәтінен бастап кейінгі басталғанға дейін 1 сек уақыт аралығы енгізіледі;
қону аса сатылас күштерсіз жүргізілуге тиіс және қайтадан самғау, тұмсықпен тірелу, жалтаруына және басқа да қалаусыз құбылыстарға үрдісін туындатпай 1,5 м/с аспайтын ШҚЖ-на тікелей тию алдында ұшақтың төмендеуі сатылас жылдамдықпен жұмсақ болуға тиіс;
шасси дөңгелектерінің тежелуі ШҚЖ-ға ұшақ жанасуынан кейін жүргізілуі тиіс, осы орайда ұшақтың авариялық тежеу құралдары пайдаланылуы тиіс емес;
ұшақтың қосымша тежеу құралдары, мысалы, қозғалтқыштың тартымын кері қимылдату, егер олар қауіпсіз, сенімді және оларды жалпы пайдалануда қолдану ұшақтың басқарылу сипаттамаларының елеулі нашарлауынсыз және экипаждың ерекше шеберлігі мен күштерін қолдануының қажеттілігісіз тұрақты нәтижелер алуға мүмкіндік беретіні дәлелдесе ғана қолданылуы мүмкін.
Егер осы қосымша тежеу құралдары автоматты түрде іске қосылмаса және тигенге дейін оларды қолдану қалаусыз салдарларға әкелуі мүмкін болмайтыны ұшу сынақтарымен дәлелденбесе, онда оларды қолдануды бастау ШҚЖ-ға ұшақ жанасқаннан кейін 3 сек өткен соң рұқсат беріледі.
Ескерту. 200 км/с кем қонуға кіру жылдамдықтарымен жергілікті әуе желілерінің ұшақтары үшін биіктіктен қону ара қашықтығын айқындауға:
1) 5% төмендеу градиенті кезінде 9 м;
2) 5% артық, бірақ 10%-дан аспайтын төмендеу градиенті кезінде 15 м рұқсат беріледі.
115. Құрғақ ШҚЖ-ғы үшін қажетті қону ара қашықтығы:
негізгі әуе айлақтар үшін - 1,67;
қосалқы әуе айлақтар үшін - 1,43;
1) коэффициентіне көбейтілген барлық қалыпты жұмыс істеген қозғалтқыштармен қонуды орындаған кезде қону ара қашықтығынан;
2) бір істен шыққан қозғалтқышпен қонуды орындаған кезде қону ара қашықтығынан қем болмауы тиіс.
116. Атмосфералық жауын-шашындармен жабылған ШҚЖ үшін қажетті қону ара қашықтығы:
1) 1,43 коэффициентке көбейтілген барлық жұмыс істеген қозғалтқыштармен және ШҚЖ бетінің қаралып отырған жай-күйлерінде қону кезінде қону ара қашықтығынан;
2) Осы Норманың 115-тармағы (негізгі әуе айлақтар үшін) бойынша айқындаған қажетті қону ара қашықтығынан кем болмауы тиіс.
117. Сулы ШҚЖ үшін қажетті қону ара қашықтығына арналған сынақтар кезінде сулы ШҚЖ-да қону ара қашықтықтарды айқындау жүргізілмеген сол жағдайда 1,15 коэффициентіне көбейтілген сулы ШҚЖ үшін өзімен қажетті қону ара қашықтығын көрсету тиіс.
15. Екінші айналымға кетудің градиенттері мен биіктіктері
118. Екінші айналымға кетудің ең төмен биіктігі барлық жұмыс істеген қозғалтқыштармен де, бір жұмыс істемегенмен де қонуға кіру үшін дайындаушы белгілейді және қонуға кірудің, орталықтандырудың пайдалану жылдамдықтарының және ҰПБ-да белгіленген шектеулердің шектерінде төмендеудің сатылас жылдамдықтарының неғұрлым қолайсыз тіркесімдерінің кезінде екінші айналымға кету кезінде көрсетіледі, бұл ретте:
1) әсер етудің бұрышы ақосым аспауға тиіс;
2) шассиді жинауға биіктікті алу режиміне ауысқаннан кейін ғана рұқсат беріледі;
3) тежеудің аэродинамалық құралдарын жинау және тетіктемені өзгерту екінші айналымға кету туралы шешімді қабылдау сәтіне айналымға кету туралы шешімді қабылдау сәтінен бастап рұқсат етіледі;
4) ұшқыштың командасы бойынша орындалатын операциялар үшін команданы беру сәтінен бастап оны орындауды бастау сәтіне дейін 1 сек. уақыт аралығы енгізіледі;
5) экипаждың сол мүшесімен орындалатын басқару иінтіректерінің ауыспалығымен байланысты емес операциялар үшін өткен;
6) көрсету процесінде ШҚЖ-ға жанасу рұқсат етілмейді.
119. Екінші айналымға кету кезінде 1,3 Vсl аспайтын жылдамдық жағдайында және мынадай жағдайларда:
салмақ ең жоғары рұқсат етілетін қону салмағына сәйкес келеді;
шасси шығарылған;
екінші айналымға кетуді бастау сәтінен бастап 8 сек. кейін жететін режимінде қозғалтқыштар жұмыс істейді;
ұшақтың конфигурациясы екінші айналымға кетуге белгіленгенге сәйкес келетін осы Норманың 105-тармағында қөрсетілген жылдамдықтардан кем емес кезінде белгіленген биіктікті алудың толық градиентін жасау мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.
120. Жұмыс істемеген қозғалтқышпен екінші айналымға кету кезінде 1,5 Vсl аспайтын жылдамдық және мынадай жағдайларда:
салмағы ең жоғары рұқсат етілетін қону салмағына сәйкес келетін;
шасси шығарылған;
екінші айналымға кетуді бастау сәтінен бастап 8 сек. кейін жететін режимінде қозғалтқыштар жұмыс істейтін;
ұшақтың конфигурациясы екінші айналымға кету үшін белгіленгенге сәйкес келетін осы НОРМАның 104-тармағында көрсетілгеннен кем емес:
1) екі қозғалтқышы бар ұшақтар үшін - 2,1%;
2) үш қозғалтқыштары бар ұшақтар үшін - 2,4%;
3) төрт және одан да көп санымен қозғалтқыштары бар ұшақтар үшін - 2,7% белгіленген биіктікті алудың толық градиентін жасау мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.
16. Басқару кезіндегі күштер
121. ҰПБ-да көрсетілген ұшақты ұшыру үшін қажетті, оның ішінде бір жұмыс істемейтін қозғалтқышпен ұшуда, сондай-ақ ықтималдарға қарағанда тым жиі істен шығулар туындаған кезде басқару иінтіректеріндегі ең жоғары күштер абсоютті шама бойынша:
бойлық басқаруда - 35 кгс;
көлденең басқаруда - 20 кгс;
жолдық басқаруда - 70 кгс-тен аспауы тиіс.
Ұзақ режимдерде күштер бойынша ұшақтың теңгерілуі қамтамасыз етілуге тиіс.
122. Ықтимал мен өте ықтимал істен шығу жай-күйлері туындаған кезде ұшақты ұшыру үшін қажетті басқару иінтіректеріндегі ең жоғары қысқа мерзімді (30 сек аспайтын) күштер тиісінше:
бойлық басқаруда - 50 және 60 кгс;
көлденең басқаруда - 30 және 35 кгс;
жолдық басқаруда 90 және 105 кгс-тен аспауы тиіс.
Осы орайда, ұшудың ұзақ режимдерінде ҰПБ-ға сәйкес экипаждың іс-әркеттері кезінде басқару иінтіректеріндегі күштер тиісінше 10,5 және 20 кгс-тен аспауға тиіс.
123. Тікелей және кері жүрісте иінтіректердегі қүштердің жартылай айырмашылығы сияқты анықталатын басқару иінтіректеріндегі үйкеліс күштерінің шамалары:
бойлық басқаруда - 4 кгс;
көлденең басқаруда - 3 кгс;
жолдық басқаруда - 7 кгс-тен аспауы тиіс.
Басқару иінтіректердің қозғалту күштері (үйкеліс күштері мен жүктемелік құрылғылардың алдын ала күштерінің жиынтығы) жоғарыда көрсетілген мәндерден екі еседен артық асуға тиіс емес.
Басқарулардың көлденең және шеткі жағдайларында (жүрістің 80% асатын) 1,5 еседен аспайтын үйкеліс күштерінің көтерілуіне рұқсат етіледі.
124. Жылдамдық пен ұшу биіктігінің тұрақты мәндері кезінде ҰПБ-да ұсынылатын ұшудың режимдерінде басқару иінтіректерінің жүрісі бойынша күштердің градиенттері үш еседен көп күштердің кенеттен өзгерілуі көзделген (жүктемелік құрылғылардың алдын ала күшінен басқару иінтіректер жағдайларының күштері бойынша теңгерілгеннің жанында немесе пайдалану шектеулерге жақындаған кездегі) жағдайлардан басқа өзгерілуге тиіс емес.
17. Бойлық орнықтылығы мен басқарылуы
125. Ұшақ ұшудың ҰПБ-да барлық көзделген режимдерінде бойлық қысқа кезеңді қозғалысының қолайлы сипаттамаларына ие болуға тиіс. Қалыпты жүктелімнің салыстырмалы тастандысы /\---у таст 0,3 аспайтын, ал жұмыс істеу уақыты t ж.і, төрт секундтан аспайтын болуы ұсынылады.
126. Бойлық ұзын кезеңді қозғалысының сипаттамалары ұшқыштың бағалауы бойынша ұшақтың ұшуын қиындатпайтындай болуға тиіс.
127. ҰПБ-да ұсынылған ұшу режимдерінде және ұшақтың конфигурациялары кезінде ҰПБ-да белгіленген nб=0,7 ден nб max дейін жүктелімдердің диапозонында су <0,9су және тік сызықтық ұшуда белгіленген күштер бойынша теңгерілуі кезінде dPв және dxв
dny dny
туындылары теріс болуға тиіс және абсолютті бойынша dPв 10 кгс кем емес құрауға тиіс, ал dxв кем дегенде 5 см ұсынылады.
dny
Vмах Э-Vмах мах(Ммах ЭМмах_мах) жылдамдықтарда dPв және dxв өлшемдер
dny dny
теріс белгіні сақтауға тиіс және ұшқыштың бағалауы бойынша қолайлы шамаға ие болуға тиіс. Тік сызықтық ұшудың бастапқы режиміндегі құштер бойынша ұшақтың теңгерілуі жағдайында бағыт бойынша ұшу үшін ҰПБ-да ұсынылған конфигурациясында ақосым асырмай ең жоғары пайдалану жүктелімді nэу max_(a) жасау үшін қажетті штурвалдағы күштер бойынша кем дегенде 25 кгс-ты құрауға тиіс.
128. Тік сызықтық ұшудың бастапқы режиміндегі күштер бойынша ұшақтың теңгерілуі жағдайында ҰПБ-да ұсынылған ұшу режимдерінде және ұшақтың конфигурациялары кезінде nб=0,5 жүктелімге дейін dPв
және dхв dny
dny туындылары теріс болуы тиіс.
«Өзінен» штурвалдың толық ауытқушылығына сәйкес келетін, егер nб Э mіn <0 не жүктеліміне дейін ҰПБ-да белгіленген nб_э_mіn жеткенге дейін dPв және dxв туындылар белгісін өзгертуге
dny dny
рұқсат етіледі. Осы жағдайларда штурвалдағы күштерді азайту олардың ең жоғары шамасынан 30% аспауға тиіс. Ең төменгі жеткен жүктелімде бойлық басқарудағы күштер бойлық басқару жүйесіндегі үйкеліс күштері кем дегенде үш есе асуға тиіс.
129. ҰПБ-да көзделген ұшақтың барлық конфигурациялары үшін теңгерілу қисығының келбеуі Рв=f(V, М) оң болуға тиіс. Егер осы ретте, ұшқыштың бағалауы бойынша жылдамдық пен қалыпты жүктелім бойынша шектеулердің әдейі емес асырылу мүмкіндігі болмайтын Vmax э -Vmax (Vmax э-Vmax_max) жылдамдықтарында ғана теңгерілу қисығының теріс көлбеуіне Рв= F(V, М) рұқсат етіледі.
Егер ұшқыштың бағалауы бойынша ұшақтың сипаттамалары қолайлы болса, теңгерілу қисығының теріс көлбеуіне хв = f(V, М) рұқсат етіледі.
130. Ұшу-қону тетіктемесін шығарған немесе жинаған, тежеу аэродинамалық құралдарын шығарған немесе жинаған, аз газдан ұшу басталғанға дейін немесе кері қозғалтқыштардың күштерін өзгерткен кезде ұшақтың басқарылуы ұшқыштың оң бағасын алуға тиіс. Осы орайда, ҰПБ-ның нұсқауларына сәйкес ұшақты ұшыру кезінде штурвалдағы бойлық күштердің өзгерісі 10 кгс аспауы ұсынылады.
131. Тоғыспалы байланыстар ұшуды қиындататын (ұшқыштың бағалауы бойынша) ерекшеліктерді енгізуге тиіс емес nб=1 кезінде тұрақты жылдамдықпен ұшу режимінде сырғанаудың ең жоғары бұрышына жеткен кезде бойлық басқаруда штурвалдағы күштің өзгерісі абсолютті шама бойынша 15 кг-тен асырмау ұсынылады.
132. Бойлық басқарудың тиімділігі ұшудың ұсынылатын режимдерінің саласында:
бұрын қол жеткізілетінге қарай ақосым ұшақты шығару не nб=1,5;
nб=0,5 қол жеткізуді іске асыру жеткілікті болуы тиіс.
Тұмсықтық дөңгелекті көтерген және ұшақ жерден көтерілген кезде, сондай-ақ қону кезінде, оның ішінде nб=1-ге жанасқан сәтте бойлық басқарудың тиімділік қоры 10% кем болмауы тиіс.
Ескертпе. Артқы дөңгелегі бар шассиге ие ұшақтар үшін қонуда бойлық басқарудың тиімділік қоры 20%-дан кем болмауы тиіс.
18. Бүйірлі орнықтылық мен басқарылуы
133. Тіркелген де, босатылған да күйде басқарылатын ұшақтың тербелісті қозғалысы орнықты болуы тиіс. Ұшақтың бүйірлі тербелісінің бастапқы амплитуданың 5% дейін тыншуы бастапқы биіктікті алу үшін және қонуға кіру үшін (Шарықтау жағдайының тетіктемесі кезінде) ҰПБ-да белгіленген режимдерде 12 сек аспайтын мерзімде және ұшудың крейсерлік режимінде 20 сек аспайтын мерзімде болуы ұсынылады.
134. Ұшақтың шиыршықты қозғалысы бейтарапты не орташа орнықты немесе орташа орнықсыз болуға тиіс. Крейсерлік режимде, биіктікті алу режимінде, қонуға төмендеу мен кірудің 20о кренімен белгіленген бұрылыста уақыттың екі есе арттыруы немесе крен бұрышының екі есе азаюы крен бойынша штурвалды және тік сызықтық ұшуда оларды күштер бойынша теңгерілуі кезінде (басқару колонкасы жағдайларының бұрылысын күштер бойынша теңгерілуі кезінде) басқыштарды босатқаннан кейін кем дегенде 20 сек болуға тиіс.
135. Көлденең басқарудың тиімділігі шарықтау (V<V2 жылдамдықтарда) және қонуға кіру (V>Vкк жылдамдықта) режимдерінде, сондай-ақ крейсерлік режимдер мен биіктікті алу және төмендеу режимдерінде 7 сек аспайтын уақыт ішінде белгіленген бұрылыстан 30о кренімен ұшақтың шығуын және 30о кренімен қарама қарсы бағытта кіруі осы Норманың 125-тармағында келтірілген аспайтын күштермен 90о аспайтын крен бойынша басқару штурвалы ғана ауытқушылығы кезінде) қамтамасыз етілуге тиіс. Vmax э- Vmax (Vmax э - Vmax_max) жылдамдықтарының диапазонында көлденең басқарудың тиімділігін екі есе төмендетілуіне рұқсат етіледі.
136. Басқару иінтіректерінің өзгеріссіз жағдайларының кезінде ұшақтың крендеу процесінде креннің бұрыштық жылдамдығының азаюы 50% артық болуға тиіс емес және ұшқыштың бағалауы бойынша іздеу бұрышы бойынша шектен тыс тастандысы болуы тиіс емес.
137. Тік сызықтық ұшудың режимдерінде басқыштардың ауытқушылығына крен бойынша тіке реакцияға ие болуға тиіс. Бұл ретте ұшқыштың бағалауы бойынша крен бұрышы бойынша шектен тыс тастанды болуға тиіс емес. Vmax э - Vmax (Vmax э- Vmax_max) жылдамдықтарының диапазонында, егер ұшқыштың бағалауы бойынша ол қолайлы болса крен бойынша кері реакцияға рұқсат етіледі.
138. Жолдық және көлденең басқарудың тиімділігі ҰПБ-да ұсынылған ұшақты ұшыру әдістерін пайдаланған кезде ең жоғары жылдамдықпен ШҚЖ-ның осіне 90о бұрышпен бүйірден соққан желдің әсерімен шарықтауды, қонуға кіруді және қонуды қамтамасыз етуі тиіс.
139. ҰПБ-да ұсынылған ұшақтың конфигурациялары кезінде және ұшу жылдамдықтарында басқыштардың бар ауытқушыларымен не 105 кгс басқыштарында күштердің әртүрлігімен, бір жұмыс істемейтін сындарлы қозғалтқышпен ұшуды қоса алғанда айқындалатын сырғанау бұрыштарының шектерінде Рн =f(B) және Рэ = f(B) теңгерілу қисықтығының көлбеуі, сондай-ақ Хн-f1(B) және Хэ=f2(B) теріс болуы тиіс. Басқыштардың 1/2 жүрістен артық ауытқушылығы кезінде жолдық пен бойлық басқаруда күштерді азайтуға, бірақ ең жоғары 30% аспайтын шамасынан рұқсат етіледі, бұл ретте, жолдық пен бойлық иінтіректеріндегі қалдық күштер тиісті басқару жүйесінде үш еседен кем болмайтын үйкеліс шамасынан астам болуы тиіс. Жоғарыда көрсетілген сырғанау бұрыштарының шегінде көлденең басқарудың тиімділігі сырғанау кезінде пайда болатын крен сәтін тәсілдеу үшін жеткілікті болуы тиіс.