Ұшақ бөлігін жүктеудің қандай да болса жағдайы үшін теңестіруге қатысатын күштердің әрекетіне (егер олар шартты болмаса) осы күштер есепті болуы мүмкін ұшақтың, сондай-ақ басқа бөліктерін тексеру қажет. Бұл ретте, егер арнайы айтылмаса, қауіпсіздік коэффициенті жүктеудің қаралып отырған жағдайына сәйкес алынады.
Ұшақтың әртүрлі бөліктері үшін тапсырылған жүктеу жағдайларынан басқа, ұшақты тежеу мен екпін алу мүмкіндігі жағдайларын қараған жөн. Осы орайда, пайда болатын инерциялық күштер олар үшін бұл күштер маңызды болып табылатын ұшақтың сол бір бөліктерінің беріктігін айқындаған кезде ескерілуге тиіс. Бұл, ішінара, бактардың беріктігіне қатысты, өйткені олардағы қысым екпіндік күштерге байланысты.
171. Координаттардың жүйелері мен өлшем бірлігі. 4-бөлімде, егер ерекше айтылмаса, координаттардың байланысқан жүйесі мен 3-бапдағы 3.4 суретте көрсетілген белгілер тәртібі қолданылады. 4-бөлімде қабылданған өлшем бірліктерінің жүйесі кг-м-с (килограмм, метр, секунд). Алайда, әдетте, мөлшер коэффициенттері пайдаланылатын тәуелділер үшін жақшаның ішінде кгс-м-с бірліктерінің жүйесінде тиісті сөздер келтіріледі (килограмм-күш, метр, секунд).
25. Ұшақтың есептік салмақтары
172. Ұшақтың есептік шарықтау салмағына mшар. жүктеменің барлық көзделген нұсқаларында қалыпты пайдалану жағдайларында ұшақтың ең жоғары салмағы (екпіннің алдында) алынады.
173. Осы бапта тапсырылған жағдайларға сәйкес жүктеудің ұшу жағдайларында беріктікке тексеру өткізілуі қажет ұшақтың ұшу салмағы m ұшудың сол бір немесе өзге конфигурациясына және биіктігіне жету сәтіне жұмсалған отынның ең аз мөлшерін шегеріп, есептік шарықтау салмағынан отыны жоқ ұшақтың салмағына дейінгі диапазонында қаралады. Алайда, қаралып отырған коммерциялық жүктемемен және отынның ең аз аэронавигациялық қорымен ұшақ салмағынан аз ұшу салмақтары үшін беріктікті тексеруді маневр мен деңгейлес екпіннің тиімді жылдамдығы кезінде, бірақ 4.1.4 келтірілген тиісінше 0,9nЭmax(a) және 0,85 W кем емес пайдалану жүктелімнің азайтылған ең жоғары мәндерінде жүргізуге болады.
174. Есептік қону салмағын mқон. Дайындаушы белгілейді, бірақ қалыпты коммерциялық жүктемемен және отынның ең аз аэронавигациялық қорымен кемінде ұшақ салмағымен алынады. ҰПБ-да қонулар, әдетте, mқон max=1,1mқон-Дан (mқон max - ұшақтың ең жоғары қону салмағы) үлкен салмақпен жүргізілуге тиіс емес, ал mқон max асатын салмағымен mшар дейінгі қонулардың саны қонулардың барлық санынан 3% аспайтынды құрастыруы тиіс екені көрсетілуі тиіс.
mшар/ mқон қатынасы 1,5 аспайтындай есептік қону салмағының мәнін таңдау ұсынылады.
175. Есептік шарықтау, ұшу және есептік қону салмағы үшін пайдалануда мүмкін ұшақты жүктеудің әртүрлі нұсқалары қаралуға тиіс.
26. Ұшақтың жылдамдықтары
176. Vmаx п ең жоғары пайдалану жылдамдығы үшін ұшқыш деңгейлес ұшу режимінде де, биіктікті алу кезінде де және төмендеу кезінде де қалыпты пайдалану жағдайында әдейі асыруға тиіс емес жылдамдықты алған жөн.
177. Vmax max есептік шекті жылдамдық ұшу қателіктерінің есебінен де, елеулі атмосфералық қарсылықтарымен ұшақтың кездесу салдарынан да әдейі емес Vmax п жылдамдықты асыру мүмкіндігін ескере отырып белгіленеді.
Осындай маневрді жасаған кезде Vmax max жылдамдықты асырмайтын есеппен көрсетілуге тиіс.
Ұшақ Vmax п жылдамдықпен белгіленген деңгейлес ұшудан 7,50 траекторияның көлбеу бұрышымен төмендеуге өтсе және nу=1,5 асырмай жиырма секундттан кейін (20 сек) төмендеуден шығатыны алынады. Төмендеген кезде қозғалтқыштардың жұмыс істеуі төмендегенге дейінгідей болып қалады. Ұшақтың қарсылығын немесе қозғалтқыштардың тартымын автоматты өзгертетін конструктивті кұрылғылары болған кезде оларды төмендеу траекториясын талдаған кезде есепке алуға рұқсат беріледі. Кабрирлеу басталу сәтінде қозғалтқыштар тартымын азайтуға және ұшқыш басқаратын аэродинамикалық тежегіш құрылғыларды қолдануға жол беріледі.
Барлық жағдайларда Vmax max және Vmax п арасындағы қор кем дегенде 50 км/са құрауға тиіс, ал Vmax п М санымен шектелген биіктіктерде Мmax max >Мmax п +0,05 болуға тиіс.
178. Ауытқыған тетіктемесі бар ұшақтың конфигурациясы үшін:
Vmax б - олардың ауытқу 5 бұрыштарының құрамдастарын қолдану жағдайлары бойынша әрқайсысы үшін мүмкін ауытқыған жалғасқанатшаларымен және (немесе) алдыңғы қанатшаларымен ұшуға рұқсат берілетін ұшақтың ең жоғары жылдамдығы;
Vmax_ш.ж.ш - шассиді шығару мен жинау жүргізілуі мүмкін ұшақтың ең жоғары жылдамдығы;
Vmax_ш - шығарылған шассимен ұшу жүргізілуі мүмкін ұшақтың ең жоғары жылдамдығы.
179. Норманың 176-178-тармақтарында көрсетілген жылдамдықтарды Дайындаушы белгілейді. Бұл (немесе аз) жылдамдықтар (м саны) ҰПБ-ға енгізіледі.
Ескертулер. 1. Егер ұшақта осы бапта қаралғаннан айырмашылығы бар тетіктеме болса, ауытқыған тетіктемесі бар ұшақтың беріктігі тексерілуге тиіс ең жоғары жылдамдықты сондай-ақ Дайындаушы белгілейді және осы жылдамдықтың шамасы (немесе оның шамалы мәні) ҰПБ-на енгізілуге тиіс.
2. 4-бөлімдегі барлық жерде, арнайы айтылмаса, ұшақтың ұшу жылдамдығы индикаторлық болады.
27. Жүктеудің ұшу жағдайлары үшін пайдалану жүктелімдері
180. Теменде маневр кезінде және тынықсыз ауада ұшқанда ұшақ ауырлығының ортасында қалыпты жүктелімдерді (байланысқан ось Ү бағыты бойынша) айқындауға қатысты нұсқаулар келтірілген.
Жүктелімдер ұшудың барлық биіктіктері және ұшақтың барлық ұшу салмақтары үшін айқындалуы тиіс.
181. Жиналған шарықтау-қону механизациясымен ұшақтың маневрі кезінде ең жоғары пайдалану жүктелімді мынадай сипатта:
m< 8000 кг кезінде nэу max(a) =3,8,
m >27500 кг кезінде nэу max(a) = 2,5 айқындалуға тиіс.
Ұшу салмағының m аралық мәндері үшін nэу max(a) шамасы мынадай формула бойынша айқындалады:
nэу max(a)=1+250
____
\/ m
Маневрлеу жүктелімнің шамалы мәні ұшақтың конструктивтік пен аэродинамикалық ерекшеліктері ұшуда осы мәннің аспауына кепілдік беретін жағдайда ғана алынуы мүмкін.
Ескерту. Vmax п < 100 м/с ұшақтар үшін nэу max(a) шамасын дайындаушы белгілейді және тиісті негіздемелерді ұсына отырып, дайындаушы мемлекеттің құзыретті органымен келіседі.
182. Жиналған шарықтау-қону тетіктемесі бар маневрлеу кезіндегі ең аз пайдалану жүктелім 1,00-ден кем емес абсолютті шама бойынша алынуы тиіс, яғни nэу max(a)<-1,00.
183. Шығарылған шарықтау-қону тетіктемесі бар ұшақтың маневрі кезіндегі ең жоғары мен ең төменгі пайдалану жүктелімдерді тиісінше nүу max(a)=2,00; nэу min(a)= 0 тең алған жөн.
184. ҰПБ-да маневрлеу кезінде пайдалануда ең жоғары және ең төменгі рұқсат етілетін жүктелімдер ретінде мынадай жүктелімдер жазылуға тиіс:
nу max(a)<nэу max(a),
nу min(a)>nэу min(a).
185. Тынықсыз ауада ұшқан кезде ең жоғары және ең төмен пайдалану жүктелімдер nэу max(б) және nэу max(б) жиналған шарықтау-қону тетіктемесі бар ұшудың барлық жылдамдықтары V үшін Vmax_max дейін мынадай формула бойынша айқындалуы тиіс:
nэу max(б)= nу Г.П+/\n
nэу min(б)= nу Г.П+/\n
/\n=0,5kcayPoVW
gmlS
k=0,8 1-e-л;
л
Л=0,5cay PнL,
mlS
мұндағы nу г.п - белгілеген деңгейлес ұшудың қалыпты жүктелімі (nу гп=1,00 мәні жақындатылып алынуы мүмкін);
сау - ұшудың қаралып отырған жылдамдығына сәйкес келетін М саны кезінде ұшақтың катты үлгісін аэродинамикалық түтіктегі сынақтардың деректері бойынша айқындалатын (радиандармен) әсер ету бұрышы бойынша ұшақтың қалыпты аэродинамикалық күші коэффициентінің туындысы;
S - қанаттың көлемі;
Po және Pн - жерде және ұшудың қаралып отырған биіктігінде (тиісінше) ауаның тығыздығы;
g - еркін түсу үдеуі;
L - екпіннің өрістеу учаскесінің ұзындығы, L= 30 м алған жөн.
Сатылас екпіннің W тиімді индикаторлық жылдамдығын мынадай сипатта айқындау қажет.
Vmax э тең немесе кем жылдамдықта
H< 10000 м кезінде
W= 15 Vmax э 20 м/с аспайтын;
V
Н> 20000 м кезінде
W= 10 V max э бірақ 12 м/с аспайтын.
V
Vmax max жылдамдықта
H< 10000 м кезінде W= 10 м/с;
H> 20000 м кезінде W= 6 м/с.
10000 м < H <20000 м кезінде H =10000 және 20000 м үшін W мәндерінің арасында сызықтық интерполяцияны пайдаланған жөн. Vmax э және Vmax max арасындағы ұшу жылдамдықтары үшін W мәнін, сондай-ақ сызықтық интерполяцияны қолдана отырып, айқындаған жөн. Егер қандай да бір пікірмен одан төмен ұзақ ұшуға болмайтын жылдамдық белгіленсе немесе, егер одан төмен қатты шайқалуда ұшуды жүргізуге болмайтын жыдамдық белгіленсе (ұсынылса) және осы жылдамдықтардың қандайда бірі 0,75 Vmax э-дан үлкен болса, онда осы жылдамдықта жоғарыда көрсетілген W шекті мәндері кезінде (H< 10000 м кезінде 20 м/с, H>20000 м кезінде 12 м/с) беріктікке қосымша тексеру жүргізу қажет.
W мәнін барлық жағдайларда қосымша шартпен шектеу қажет: Су мынадай формула бойынша айқындалған
Су=nэmax(б)gm/S
q
егер ұшақтың сипаттамасы су=f(а) ашық көрсетілген ең жоғары деңгейге (су max) ие болса 1,5су max және егер ұшақтың сипаттамасы су=f(а) осындай ең жоғары деңгейге болмаса 1,5су немесе сУ2 (қайсысы үлкен) аспауға тиіс.
Мұнда жерде су1 - a1(су=f(а) сипаттамасының сызықтық емес бөлігінің басталуына сәйкес келетін) әсер ету бұрышы кезінде ұшақтың қалыпты аэродинамикалық күшінің коэффициенті, ал сy 2 - a2 =2а1 әсер ету бұрышы кезінде қалыпты аэродинамикалық күшінің коэффициенті.
Ескерту. су=f(а) мәндерін қаралып отырған Н, V және m мәндері кезінде деңгейлес ұшуда теңгеруге сәйкес келетін биіктік рулінің (стабилизатордың) жағдайы кезінде алған жен.
186. Тынықсыз ауада ұшқан кезде жүктелімдерді nэу max(б) және nэу min(б) жиналған шарықтау-қону тетіктемесі бар, сондай-ақ 181-185 тараулар формуласы бойынша айқындаған жөн, бірақ осы орайда /\n үшін көрсетілімде W=10 м/сек қолдану, ал жылдамдық ретінде осы конфигурацияда ұшақтың ұшуына рұқсат берілген ең жоғары жылдамдықты алу керек.
28. Ұшақтың қанатын жүктеу жағдайлары
187. Жалпы нұсқаулар. Ұшу жүктеу жағдайларында қанаттың қалыпты аэродинамикалық күшінен басқа бойлық аэродинамикалық күшті есепке алған жөн. Жүктеудің барлық жағдайларында ауырлық күштері мен қанаттың екпіндік және конструкцияның сол бір немесе басқа элементтерінің беріктігіне қатысты неғұрлым қолайсыз нұсқалар бойынша үлестірілген онда болған жүктердің күштері ескерілуге тиіс. Жалпы ұшақ үшін күштер мен сәттердің тепе-теңдігіне ұшақтық тасымалы бөліктеріне, қозғалтқыштардың тартымына, ұшақ ауырлығының күшіне және қарышты мен айналмалы қозғалыстардың екпіндік күштеріне аэродинамикалық жүктемені салумен қол жеткізеді. Егер қанатпен ұшақтың басқа бөліктері конструктивті байланыста (қозғалмалы қондырғылар, шасси және т.б.) болса, қанат, сондай-ақ олар үшін барлық Нормаланатын жағдайларда осы бөліктерден жүктемелерге тексерілуге тиіс.
Ескерту. Қанат үшін қанатқа аэродинамикалық жүктеменің тепе-тең әрекет ететін бағытына қарама-қарсы ауырлық күштерінің және екпіндік күштерінің бағыты шамамен алуға рұқсат беріледі.
188. Маневр кезінде қанатты жүктеу жағдайлары. Жүктеудің маневрлеу жағдайларында ұшақтың орталығында жүқтелім тапсырылады. Маневрді белгіленді деп санаған және қанатқа пайдалану қалыпты аэродинамикалық күшті жүктемені (деңгейлес қанатшасы жоқ ұшаққа) мынадай формула бойынша айқындаған жөн
Ykp=nэу gm-Pг.о.ур
мұндағы Pг.п.ур - егер ол жоғарыға әрекет ететін болса, плюс белгісі бар алынған сатылас қанатшаны теңестіруші жүктеме. nэу басқа жүктеудің әрбір жекелеген маневрлеу жағдайында екі шаманың біреуі тапсырылады: q жылдамдық арыны немесе су (теңгеру бұрышына биіктік рулі немесе стабилизатор ауытқыған кезде ұшақтың су). Екінші шама мынадай жағдайдан болады:
nэ=cyq
gm/S
q мен су мәндері (демек, ұшудың осы биіктігінде және М санында) а әсер ету бұрышын айқындайды.
189. Жиналған шарықтау-қону тетіктемесі бар қанат беріктігінің тексеру үшін жүктеудің мынадай жағдайларын тексерген жөн: А, А', D, D', BA, CA, Bmax э, Сmax э, В, С.
Ұшақты жүктеудің керсетілген жағдайлары маневрлеу жүктелімдер мен ұшудың жылдамдықтар мәндерінің үйлесімін керсететін 6-суретте келтірілген.
1-кестеде жүктеудің әрбір жағдайы үшін пайдалану жүктелімдердің nэy, жылдамдық арынының q және ұшақтың қалыпты аэродинамикалық күшінің коэффициентінің су мәндері келтірілген. Кестеде көрсетілген су max шамасы мынадай сипатта айқындалады.
Егер су=f(а) сипаттамасы ашық белгіленген жалғыз ең жоғары деңгейіне ие болмаса, су max ретінде қисаю кезінде (ас) әсер ету бұрышына сәйкес келетін су алған жөн. Осы жағдайда алдыңғы есептер үшін екі шаманың кішісін алуға болады: бірінші ең жоғары деңгейге сәйкес келетін су және 2а1 сәйкес келетін су, мұндағы а1 одан бастап су=f(а) сипаттамасы сызықтық болмайтын әсер ету бұрышы, су mіn ұқсас сипатта айқындаған жөн.
ВА, СА, Вmax э, Сmax э, В және С жағдайларында сол жақ (оң жақ) кренді жасау үшін ауытқыған элерондармен қанатты жүктеуді қарау қажет.
ВА және СА жағдайларында тек тиімді конструктивті шектеумен, бустердің ең жоғары қуатымен немесе ұшқыштың ең жоғары пайдалану күшімен шектелетін бұрышқа ауытқуларымен элерондарды алған жөн.
Вmax э және Сmax э жағдайларында элерондардың ауытқу бұрышын ауаның қысылуын және қанат конструкциясының серпімділігін ескере отырып, бойлық осьтің wх айналасында ұшақтың айналу белгіленген бұрыштық жылдамдығы тиісінше Вmax э және Сmax э жағдайларында жететін wх бұрыштың жылдамдықтан кем болмайтындай алынуға тиіс. В және С жағдайларында жоғарыда көрсетілгендей айқындалған бұрыштық жылдамдық wх ВА және СА жағдайларында тиісінше сондай-ақ жететін wх мәнінен 0,3 кем болуға тиіс.
Дегенмен Вmax э, Сmax э, В және С жағдайларында да элерондардың ауытқуы тиімді конструктивті шектеумен бустердің ең жоғары қуатымен немесе ұшқыштың ең жоғары пайдалану күшімен лимиттелінетін мәнінен үлкен болмауға тиіс.
Вmax э, Сmax э және В жағдайларында элерондардың ауытқуымен болған бойлық осьтің айналасында айналу сәті мынадай түрде теңестіріледі:
1. Бойлық осьтің айналасында белгіленген айналуы қаралуға тиіс, яғни айналу сәті wх бұрыштық жылдамдықтың айналуынан бәсеңдеткіш күштердің сәтімен және конструкцияның деформацияларынан болған аэродинамикалық қүштердің сәтімен теңестіріледі.
2. Бойлық осьтің айналасында белгіленілмеген айналуы қаралуға тиіс, яғни айналу сәті бойлық оське, бұрыштық жылдамдықтан болған бәсеңдеткіш күштерге (егер элерондардың ауытқуы бір сәттік болмаса) және конструкцияның деформацияларымен болған аэродинамикалық күштерге қатысты ұшақтың бұрыштық үдеуімен шарттасқан екпіндік күштердің сәтімен теңестіріледі. Бұрыштық үдеуді dwx айқындау үшін
dt
ең жоғары мүмкін жылдамдығымен бастапқы жағдайдан көлденең басқару иінтірегінің (штурвалдың) ауытқуы қаралуға тиіс. Бірақ dwx 3,0
рад/сек2 артық алынбайды. dt
1-ескерту. Ең жоғары мүмкін жылдамдықпен ауытқуда осы жылдамдықты шектейтін құрылғы болмаса, басқару иінтірегінің сәттік ауытқуы түсініледі.
2-ескерту. Ұшақтың айналуымен болған артқы қанатшаның бәсеңдету сәтін елемеген жөн.
СА, Сmax э және С жағдайларында элерондардың ауытқу тиімділігі қанаттың құлашы бойынша жүктемені үлестіруді өзгертпейді, ал элерондар бар қанаттың учаскесінде /\см 0 шамасына профильдің см 0 мәнінің өзгерісіне ғана әсер етеді.
1-кесте
| nyy | q | Су | |
А | nymax(a) | nymax(a)gmS ny max | Су max | ар ауытқы |
|
А' | nymax(a) | qmax max | nymax(a)gmS qmax max |
D | nymax(a) | nymax(a)gmS ny min | Cy min | |
D' | nymin(a) | qmax max | nymax(a)gmS qmax max |
A3 | 2,00 | qmax б | 2qmS qmax б |
ВА | 0,67 nymax(a) | nymax(a)gmS ny max | 0,67cy max | Элерондар ауытқыған |
CA | 0 | nymax(a)gmS ny max | 0 |
Bmax э | 0,67 nymax(a) | qmax э | 0,67nymax(a)gmS qmax у |
Cmax э | 0 | qmax э | 0 |
В | 0,67nymax(a) | qmax max | 0,67nymax(a)gmS qmax max |
С | 0 | qmax max | 0 |
В3 | 1,5 | qmax б | 1,5 gmS qmax б |
190. Осы конфигурацияға рұқсат берілген ұшудың ең жоғары жылдамдығында шығарылған ұшу-қону тетіктемесі бар қанаттың беріктігін тексеру үшін А'3 және В3 жүктеу жағдайларын қараған жөн (6-сурет және 1-кесте).
6-сурет
А3-nэу =2,00 жағдай, элерондар ауытқымаған.
В3-nэу=1,50 жағдай, элерондар тиімді конструктивті шектеумен, бустердің ең жоғары қуатымен немесе ұшқыштың ең жоғары пайдалану күшімен лимиттелінетін бұрышқа ауытқыған. Бойлық остің айналасында айналу сәті теңестіріледі.
Ескертпе. Егер жалғасқанатшалар (алғы қанатшалар) басқа мақсатта пайдаланылса, мысалы, тегістеу кезінде тежеу үшін немесе канатта ұшуда ауытқуға жататын қосымша тетіктемесі болса (тежегіш қалқаншалар, интерцепторлар, спойлерлер және т.б.) осындай тетіктеме ауытқыған кезде канатты жүктеу есептік жағдайларды дайындаушы белгілейді және дайыңдаушы мемлекеттің құзыретті органымен келісіледі.
191. Тынықсыз ауада ұшу кезінде қанатты жүктеу жағдайлары.
1) Симметриялық жағдай. Ұшақтың ұшу салмағының әртүрлі мәндерінде ұшудың барлық биіктіктерінде және жылдамдықтарында Vmax max дейін көрсетілген деңгейлес үзіктердің әрекеті қаралады.
Бұл ретте мыналар алынады:
үзікке ұшақтың кіргенге дейін жүктемелер деңгейлес ұшуға сәйкес келеді (элерондар ауытқыған);
үзіктің әсері әсер ету бұрышын
/\Q=+ kW
V
өзгертуге әкеледі (k - 185 қараңыз);
минус белгісі төменге бағытталған сатылас үзікті керсетеді.
әсер ету бұрышы бойынша а= аГП+ /\а (мұндағы аГП - деңгейлес ұшудағы әсер ету бұрышы) қанатқа айқындалады (деңгейлес қанатшасы жоқ ұшақ) және деңгейлес ұшуда теңгеруге сәйкес келетін биіктік рулінің (стабилизатордың) ауытқу бұрышы кезінде деңгейлес қанатшаның аэродинамикалық жүктемелері айқындайды. Қанатқа қалыпты аэродинамикалық күшті басқа тәсілмен, атап айтқанда, жақындатылған формула бойынша айқындауға рұқсат беріледі:
Yeo=gm(1+ 1kcбу асс А1poWV)
2 gm/S
мұндағы Сбy безГО - ұшудың қаралып отырған жылдамдығына сәйкес келетін ұшудың М саны кезінде деңгейлес қауырсындануы жоқ ұшақтың қатты үлгісін аэродинамикалық түтіктердегі сынақтардың деректері бойынша айқындалатын деңгейлес қанатшасыз ұшақтың қалыпты аэродинамикалық күш коэффициентінің әсер ету бұрышы бойынша туындысы (радиандармен). Формуланың оң жағындағы қалған шамалар осы Норманың 185-тармағында көрсетілген мәндерге ие, формуладағы минус белгісі төменге бағытталған арынға сәйкес келеді. Қанаттың қалыпты аэродинамикалық күші бойынша Yкр әсер ету бұрышын а тапқан және қанаттан ағынды орып тастауды ескере отырып, ол бойынша деңгейлес қауырсындануға жүктемені айқындаған жөн. Осы орайда биіктік рулінің (стабилизатордың) ауытқу бұрышын деңгейлес ұшудағы теңгеру бұрышқа тең алған жөн.
2) Симметриялық емес жағдай. Қанаттың бір бөлігінде сол бір аэродинамикалық күш әрекет етуі, ал басқа бөлігінде осы жүктеменің 80% алынады.
3) Қону мен шарықтау кезінде қанатты жүктеу жағдайлары. Қанаттың беріктігін шассидің негізгі тіректерін жүктеудің барлық жағдайларында тексеру қажет.
Ұшаққа мынадай сыртқы жүктемелер:
шассидің негізгі тіректеріне келетін көтермелі күш Ү, ұшақ ауырлығының күші, сондай-ақ осы жүктемелермен шарттасқан және ұшақты жалпы теңестіретін екпіндік күштер әрекет ететінін алған жөн.
Еш взл R2 ш және Мш (204-тармақ) жағдайларда Y=0.
Gш (204-тармақ) жағдайында Y=0,25gmпос немесе Y=0,25mвзл.
Қонуды қараған кезде Тш (204-тармақ) жағдайында Y =0,25gmпос және мәре пен тіркеп сүйретуді қараған кезде Ү=0.
Қалған барлық жағдайларда Ү=0,25gmпос§немесе Ү=0,25mвзл
Қанат бойынша аэродинамикалық жүктемені үлестіру А жағдайындағы шартты алған жөн.
4) Қанат элементтерін жүктеу жағдайлары.
Элерондар. Элерондардың және олардың бекітпелерінің беріктігін ауытқымаған және ауытқыған жағдайларда тексерген жөн. Ауытқымаған жағдайда элерондарға жүктемені А, А', D, D', А3' жағдайларда және тынықсыз ауада ұшқан кезде қарастырған жөн.
Ауытқыған жағдайда элерондарға жүктемені ВА, СА, Вmax э, Сmax э, В, С және В3 жағдайларында қарастырған жөн. Бұл үшін осы жүктеменің шамасын өзгертпей элерон хордасының бойында погондық жүктемені салу нүктесін (қысымның ортасын) ауыстырумен осы сәйкестілікті алу үшін топсалы аэродинамикалық сәттерді түзету қажет. Алайда, егер осы теңестіруде элеронның жергілікті хордасының 50%-нен қысымның ортасы артқы болса, қысым ортасының жағдайын погондық жүктеменің шамасын өзгертпей жергілікті хордасының 50%-нен алған жөн.
Топсалы сәттерді теңестіру сервокомпенсаторлардың, бустерлердің, автоұшқыштардың, орнықтылық пен басқарылу автоматтардың және басқа да қосалқы мен автоматты жүйелердің әсерін ескере отырып жүргізілуге тиіс. Бұл ретте, осы жүйелердің элеронды айналдыру беріктігіне қатысты мүмкін, неғұрлым ауыр әсері қаралуға тиіс. Нервюрларды және элеронның жергілікті беріктігін есептеу үшін хорда (контур) бойынша жүктемені үлестіру, егер погондық топсалы сәттер теңестіргеннен кейін бастапқылармен салыстырғанда (теңестіргенге дейін) ұлғайса, түзетілуге тиіс және элеронның хордасы (контуры) бойынша жүктемені үлестіруге, егер топсалы сәттер теңестіргеннен кейін азайса, бастапқысы (теңестіргенге дейінгі) алынады.
Кинематикалық сервокомпенсаторлар. Кинематикалық сервокомпенсаторлардың және оның бекітпелерінің (элеронның жергілікті беріктігін де қоса) беріктігін жүктеудің барлық жағдайларына тексерген жөн.
Сервокомпенсаторлар мен олардың бекітпелері үшін қауіпсіздік коэффициенті f>2,00.
Қаттылықты қамтамасыз ету үшін аса жоғары қауіпсіздік коэффициентін алу ұсынылады.
Триммерлер. Триммердің және оның бекітпелерінің (элеронның жергілікті беріктігін де қоса) беріктігін триммердің бейтарап жағдайы кезінде элеронның бөлігіне сияқты оған түсетін жүктемеге тексерген жөн.
Бұдан басқа, ауытқыған жағдайда триммердің беріктігі пайдалану жүктемеге тексеріледі:
Pэmp=+0,55gmax maxS,
мұндағы S - триммердің келемі. Жүктеудің осы жағдайы үшін қауіпсіздік коэффициенті f>2,00.
Жалғасқанатшалар мен алғы қанатшалар. Жалғасқанатшалардың, алғы қанатшалардың, олардың бекітпелерінің және шарықтау мен қону режимдерінде шығару және жинау жүйелерінің (тетіктердің) беріктігін тексеру қажет. Осы режимдердің әрқайсысында деңгейлес ұшуға сәйкес келетін мәнінен пайдалану жүктелімге nэу=2,0 немесе тынықсыз ауаның үзіктеріне W=+10 м/с сәйкес келетін мәніне дейінгі қанат әсер ету бұрыштарының диапазонында және жалғасқанатшаның, алғы қанатшаның нөлден осы режимде ең жоғары мумкіндігіне дейін ауытқу бұрыштарының диапазонында көрсетілген элементтердің неғұрлым қолайсыз жүктеу жағдайларын таңдаған жөн. Жылдамдық арынды Vmax б (178-тармақ) тиісінше алған жөн. Жалғасқанатшаға (алғы қанатшаға) жүктеменің шамасын тең алған жөн
Рэ=cRqS
мұндағы
сR - жалғасқанатшаның (алғы канатшаның) толық аэродинамикалық күшінің коэффициенті; оны крзғалтқыштар жұмыстарының барлық мүмкін режимдері кезінде бұрамаларды ағыспен үрлеуді ескере отырып аэродинамикалық түтіктердегі сынақтардың материалдары бойынша айқындаған жөн; қону кезінде қозғалткыштар жұмысының шарықтау режимін қарау қажет (екінші айналымға кету жағдайы);
q - жылдамдық арыны;
S - жалғасқанатшаның (алғы қанатшаның) көлемі. Жүктеменің бағытын аэродинамикалық трубалардағы сынақтар нәтижелерінің негізінде алған жөн.
Қауіпсіздік коэффициенті f>2,00.
Алғы қанатшалар, олардың бекітпелері және жинау мен шығару жүйелері (тетіктері) үшін мүмкін болған кезде жалғасқанатшалардың және алғы қанатшалардың ауытқу бұрыштарының комбинацияларын қолдану жағдайлары бойынша жүктеудің жағдайлары қосымша қаралуға тиіс: