Пайдалану жағдайларын ұшақта тексеру:
1) кері қимылдайтын тартым жүйесінің жұмыс қабілеттілігін;
2) қозғалтқыш пен ауалық бұрам жүйесінің орнықтылығы және олардың кері қимылдайтын тартым режиміндегі өлшемдерінің техникалық құжаттама деректеріне сәйкестігін;
3) кері қимылдайтын ауалық бұрамның ұшақтың жағдайы мен ұшу сипаттамаларына қол жетімсіз әсерінің болмауы;
4) ауалық бұрамның кері қимылдайтын тартым жүйесін бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігін растауы тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынқатармен жүргізген жөн, олардың:
1) кері қимылдайтын тартым жүйесі мен оның жұмысын бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі, кері қимылдайтын режим жұмысын пайдалануға рұқсат етілген ұшудың сол бір кезеңдердегі жүйені жұмысқа қосу және ажырату жағдайында белгіленген режимдердегі жұмыстың орнықтылығы мен өлшемі;
2) кері қимылдайтын тартым режимдерінде жұмыс істеп тұрған ауалық бұрамдардың қуатты қондырғының көршілес қозғалтқыштарының жұмысы мен өлшеміне әсері;
3) кері қимылдайтын тартым мен оның сипаттамалары жүйелері жұмыстың, оның ішінде ең жоғары теріс тартымға жету уақыты мен симметриялық ауалық бұрамдардың кері қимылдайтын режимге көшудің сәйкестігі ұшақтың жағдайы мен ұшу сипаттамаларына әсері;
4) ауалық бұрамдардың біреуінің кері қимылдайтын режимінің қосылмауы қонғаннан кейінгі оның жүгіруі кезінде ұшақтың жай-күйіне әсері бағалануға тиіс. Тексерудің қажеттігі осындай істен шығуды алдын ала талдау мүмкіндігі мен салдарларының негізінде белгіленеді.
Сынақтар кезінде анықталған жердегі жел жағдайлары мен атмосфералық ауа температурасының әсері (егер ол елеулі түрде күтілетін болса) бағалануы тиіс. Ауалық бұрамының ұшу циклының өлшемдерін тексеру.
Пайдаланудың күтілетін жағдайлары үшін сынақ циклын нақтылау мақсатында ұшақтың осы үлгісінің қозғалтқышындағы ауалық бұрамның ұшу циклының өлшемі анықталуы тиіс.
1681. Ауалық бұрамының пайдалану технологиялылығын тексеру.
Тексеру ұшақтағы пайдалану жағдайларында ыңғайлы, қауіпсіз және бақыланатын қарау, техникалық қызмет көрсету және ауалық бұрамның, оның бөлшектері, тораптары мен агрегаттарын РП жене РҚ нұсқамаларына сәйкес ауыстырудың қамтамасыз етілгендігін көрсетуі тиіс.
1682. РҚ-да нұсқалған тұрақ жағдайларында және басқа жағдайларда тікелей ұшақта жүргізілуі тиісті тексеру кезінде:
1) ыңғайлы, қауіпсіз, бақылаулы қарау, техникалық қызмет көрсету және ауалық бұрамды, оның агрегаттары мен жүйелеріне талаптары мен РП және РҚ нұсқауларына сәйкес ауыстырудың қамтамасыз етілгендігін;
2) ұшақта қуатты қондырғы жиынтығында қолданылатын ауалық бұрамның өзара алмасымдылығын;
3) ауалық бұрамды сақтау мен сақтамаудың қамтамасыз етілгендігін бағалаған жөн.
Тексеруді ұшақта пайдаланудың әртүрлі климаттық жағдайларда жүргізген жөн.
257. Сериялық және жөндеулік ауалық бұрамның сынақтары
1683. Сериялық және жөндеулік ауалық бұрамдардың өткізу және бақылау зертханалық сынақтарына және іріктеп алуларға және қосымша сынақтарға тап болуға тиіс. Жөндеулік ауалық бұрамдар сынақтар кезінде өткізу және бақылау сынақтары бағдарламаларында нұсқалғандардан өзгешеленетін сынақтардың әдістері, талаптары мен көлемдері көзделуі мүмкін.
1684. Сериялық және жөндеулік ауалық бұрамдардың сынақтары мен іріктеп алулардың оларды бөлшектегеннен кейінгі бөлшектердің жай-күйін зерттеген көлемі, егер конструкциясының, сапасының және жасанды бақылаудың жетістігі көрсетілген болса, қысқартылуы мүмкін, сондай-ақ сынақтардын әдістемесі РП-да нұсқалған қызмет көрсету ережелерінің сақталуы мен ауалық бұрамның жөндеуаралық ресурсының ішіндегі жұмыс қабілеттілігін сақтау кезінде қамтамасыз етіледі.
1-ескерту. Сынақтар көлемінің кез келген қысқартуы ауалық бұрамның жұмыс қабілеттілігі нашарлаған жағдайларда немесе оның конструкциясына елеулі өзгерістер енгізу кезінде қайта қаралуы мүмкін.
2-ескерту. Жөндеулік бұрамдар сынақтарының көлемі сериялық ауалық бұрамдар сынақтарының көлемінен өзгешеленуі мүмкін.
3-ескерту. Аз сериялармен ауалық бұрамдар өндіру кезінде сынақтардың көлемі мен оларды іріктеу саны қысқартылуы мүмкін.
258. Өткізу және бақылау сынақтары
1685. Ауалық бұрамдар (сериялық және жөндеулік) бағдарлама бойынша зертханалық текшелерде өткізу және бақылау сынақтарынан өтуі тиіс:
1) жасау және жинау сапасын тексеру;
2) өлшемдер мен сипаттамалардың техникалық құжаттамада белгіленген деректерге сәйкестігін тексеру;
3) ауалық бұрамдарды (бақылау сынақтарын жүргізу кезінде) қабылдау.
Ескерту. Тиісті негіздер жағдайында өткізу және бақылау сынақтары бірлестірілуі мүмкін.
1686. Сынақтар жалпы талаптарға сәйкес өткізу және бақылау сынақтарының бағдарламаларында көрсетілген бірізділік жағдайларында, сондай-ақ қосымша ережелермен өткізілуі тиіс:
1) егер өткізу сынақтарының барысында тізбесі техникалық құжаттамада келтірілген қандай да бір негізгі торапты немесе бөлшекті ауыстыру қажеттілігі туындаса, осы сынақтар немесе олардың бөлшектері келісілген көлемде қайталануы тиіс;
2) егер өткізу сынақтарының барысында қандай да бір конструкциялық элементті немесе бөлшекті ауыстыру қажеттілігі туындаса, онда мұндай ауыстыруға, егер ол сынақтар деректерінің нәтижелеріне әсер етпесе, рұқсат етілуі мүмкін.
1687. Өткізу және бақылау сынақтарының бағдарламасы ең аз дегенде мыналарды:
1) ауалық бұрамның қадамын өзгерту тетігінің жұмыс істеуін сынауды;
2) қорғанғыштық құрылғылардың икемділігін тексеруді;
3) герметикалықты тексеруді;
4) ішкі қуыстардың тазалығын тексеруді;
5) қалақтардың геометриялық көлемдерін тексеруді;
6) статикалық теңгерімді жүргізуді қамтуы тиіс.
259. Қосымша сынақтар
1688. Кезеңдік (комиссиялық) және техникалық сынақтарды қамтитын қосымша текшелік сынақтарға сериялық өндірістің ауалық бұрамдар өтуі тиіс.
1689. Ауалық бұрамның текшелік сынақтары қозғалтқыштың комиссиялық сынақтарымен бірлесуі мүмкін. Оларды бірлестіру мүмкін болмаған жағдайда, зертханалық текшелердегі ауалық бұрам тетігінің конструкциялары мен бөлшектерінің қуатты элементтеріне динамикалық сынақтар жүргізілуі тиіс. Бөлшектердің тізбесі, сондай-ақ зертханалық-текшелік сынақтардың бағдарламасы жасалуы тиіс. Осы үлгідегі ауалық бұрамның қанаттары тиісті бағдарламалар бойынша динамикалық сынақтардан өтуі тиіс.
1690. Белгіленген күнтізбелік мерзім ішінде сериялық зауыт шығаратын ауалық бұрамдардың партиясы, егер партиядан өздігінен таңдалған ауалық бұрам комиссиялық сынақтардан табысты өтті деп танылса, ал ақауын табу оның одан әрі пайдалануға жарамдығын растаса, пайдалануға жіберілуі мүмкін.
1691. Енгізілуі беріктік сипаттамасына әсер етуі мүмкін жаңа конструкцияларды немесе өндірістік-технологиялық іс-шаралары бар ауалық бұрамдар, егер сынақтардың қанағаттанарлық нәтижелері алынса, пайдалануға жіберілуі мүмкін.
260. Ресурстардың өсуі
1692. Ресурстардың өсуі осы Нормалардың 48-49 тарауларына сәйкес жүргізілуге тиіс.