Фш.э - бейтарап жағдайынан штурвалдың бұрыштық ауытқуы;
Хв, Хэ, Хн - өзінің бейтарап жағдайларына қатысты басқару штурвалы мен басқыштары (ұшқыш күш салған орында) иінтіректерінің желілік ауыспалығы;
Рв, Рэ - бойлық пен көлденең бағыттарында тиісінше штурвалдағы күштер;
Ри = Рн оң - Рн сол - басқыштардағы күштің әртүрлігі (3, 4-сурет);
тв, тэ, тн - биіктік руль триммерлерінің, элерондардың және бағыт рулінің (өзінің бейтарап жағдайына сәйкес) ауытқу бұрыштары;
dPв dPэ dPн
dxв dxэ dxн - олардың жүруі бойынша штурвалда және басқыштарда күштер өзгерісінің градиенттері;
wх, wу, wz - координаттар байланысқан жүйесінде креннің, жалтарудың және тангаждың жылдамдығы (3, 4-сурет);
Рnв=dPв, Xnв= dxв - тиісінше штурвалда күштердің өзгеруі
dny dxy
мен қалыпты жүктелімнің бірлігіне штурвалдың ауысуы;
/\ny_заб=/\ny-заб биіктік рулінің (стабилизатордың) кезеңді
/\ny
ауытқу кезінде салыстырмалы қалыпты жүктелімді тастау (орнықтырылған үстелімге қатысы бойынша);
tср - биіктік рулінің (стабилизатордың) кезеңді ауытқуы кезінде қалыпты жүктелімнің белгіленген үстелімінің 95% жету үшін қажетті уақыт аралағы ретінде анықталатын іске қосылу уақыты;
58) Ұшақтың орнықтылығы мен басқарылуын қарау кезінде қабылдаған координаттардың байланысқан (ОХҮZ) және жылдамдық (OХаҮаZа) жүйелері мен белгілердің ережесі 3.4-суретінде келтірілген. Жүйе координаталарының басталуы ұшақ салмағының ортасында болады. ОХ бойлық осі симметрия жазықтығында жатады және ұшақтың соңынан тұмсық жағына қарай бағытталады. Бойлық осьтің бағыты ұшақтың, қанаттың немесе фюзелязждің базалық осьтері бойынша да, екпіннің бас осьтері бойынша да бағытталуы мүмкін.
ОХҮ қалыпты ось ұшақтың симметрия жазықтығында орналасқан және оның жоғарғы бөлігіне бағытталған. OZ көлденең ось ұшақтың симметрия жазықтығына перпендикуляр және қанаттың оң жағына қарай бағытталған.
4-сурет. Кординаттар жүйесі және белгілер ережесі
nх>0 - жылдамдық артады (ұшқышты отырғыштың арқасына ығыстырады);
nх<0 - жылдамдық кемиді (ұшқышты отырғыштың арқасынан босатады);
nу>0 - ұшқышты отырғышқа ығыстырады;
nу<0 - ұшқышты отырғыштан босатады;
nz>0 - ұшқышты сол жақ бортқа ығыстырады;
nуz<0 - ұшқышты оң жақ бортқа ығыстырады;
х- басқару иінтірегінің сызықтық орнына ауысуы;
d- басқару органдарының ауытқуы;
Р- басқару иінтірегіндегі күш.
5-сурет. Биіктік рулінің кезеңді ауытқуы кезіндегі қалыпты жүктелімнің өзгерісі
49. Vmin эр (VMCG) - екпіннің ең аз эволютивтік жылдамдығы.
50. Vmin эв (VMCA) шарықтаудың ең аз эволютивтік жылдамдығы.
51. Vmin отр(VMU) - көтерілудің ең аз жылдамдығы.
52. Vотк (VEF) - қозғалтқыш істен шыққан кездегі жылдамдық.
53. V1 - шешім қабылдау жылдамдылығы, онымен шарықтауды қауіпсіз тоқтатуға да және қауіпсіз жалғастыруға да мүмкін ұшақ екпінінің жылдамдығы.
54. Vш а (VR) - шассидің алдыңғы тірегінің көтерілу сәтіндегі жылдамдық (3.4.1.4), екпінде тангаж бұрышын ұлғайту үшін "өзіне қарай" бағытта штурвалдық ауытқуының басталу жылдамдығы.
55. Vотр (VLOF) - көтерілу жылдамдығы, шарықтау жағдайында екпін аяқталғаннан кейін ШҚЖ-ның бетінен шассидің негізгі тіректерінің көтерілу сәтіндегі ұшақтың жылдамдығы.
56. V2 - шарықтаудың қауіпсіз жылдамдығы.
57. V2n - барлық жұмыс істейтін қозғалтқыштармен бастапқы биіктікті алу жылдамдығы.
58. V3 - шарықтау да тетіктемені жинай бастау сәтіндегі жылдамдық.
59. V4 - шарықтауда ұшу конфигурациясы кезіндегі жылдамдық.
60. Vminэп (VMCL) - қонуға кірудің ең аз эволютивтік жылдамдығы.
61. Vmin ЭП-1 (VMCL-1) - жұмыс істемейтін бір қозғалтқышпен қонуға кірудің ең аз эволютивтік жылдамдығы.
62. Vmin ЭП-2 (VMCL-2) - жұмыс істемейтін екі қозғалтқышпен қонуға кірудің ең аз эволютивтік жылдамдығы.
* Жақшалар ішінде ИКАО қабылдаған жылдамдықтар келтірілген.
63. VЗПДmin - қонуға кірудің ең аз көрсетімді жылдамдығы.
64. VЗПmax - қонуға кірудің ең жоғары көрсетімді жылдамдығы.
65. VЗП (VREF) - қонуға кірудің жылдамдығы.
66. VЗП_n-1 (VREF-1) - жұмыс істемейтін бір қозғалтқышпен қонуға кірудің жылдамдығы.
67. VЗП_n-2 (VREF-1)- жұмыс істемейтін екі қозғалтқышпен қонуға кірудің жылдамдығы.
68. Vс (Vs) - шығарып тастау жылдамдығы немесе әсер ету бұрышына дейін тежеу үдерісінде жеткен (апред) координаттардың байланысқан жүйесінде көтермелі күш коэффициентінің ең үлкен мәніне немесе, егер nуа= 1 келтірілген жағдайлар кезінде құлау бойынша апред тағайындалса ас сәйкес келетін ұшақтың ең аз жылдамдығы.
69. Vс (Vs) - ұшудың аз газына сәйкес келетін ұшақ салмағының, орталықтаудың және қозғалтқыштар жұмысы режимдерінің қаралып отырған мәндері үшін қаралып отырған конфигурацияда шығарып тастаудың жылдамдығы немесе ұшақтың ең аз жылдамдығы.
70. Vадоп(Vс у доп) - nуа= 1 келтірілген әсер етудің рұқсат етілетін бұрышы (көтермелі күштің коэффициенті) кезіндегі жылдамдығы.
71. Vпп - nуа=1 келтірілген ескертуші белгілердің туындауына сәйкес келетін жылдамдық.
72. Vmax э - ең жоғары пайдалану жылдамдығы.
73. Vmax max- есептік шекті жылдамдық.
74. Жылдамдықтарды қысқа белгілеу үшін мынадай қысқартулар пайдалануға:
ПЖ (JАS) - приборлық жылдамдық;
ИЖ (САS) - индикаторлық жер жылдамдығы;
ИЖ (ЕАS) - индикаторлық жылдамдық;
ШЖ (ТАS) - шынайы жылдамдық.
Көрсетілген қысқартулар мөлшері бар сандық мәнінен кейін қойылады. Мысалы, 200 км/с тең келетін қонуға кірудің приборлық жылдамдығы Vkk = 200 км/с ПЖ көрсетіледі.
Приборлық жылдамдық - стандарттық жағдайларда теңіз деңгейінде ауаның қысымы кезінде қысылуын шегере отырып, ауаның толық және статикалық қысым арасындағы әртүрлігі бойынша градусталған жылдамдықтың көрсеткіші көрсететін жылдамдық
VПР -> Рполн- Рст,
мұндағы Рполн ауаның қысылғанын ескере отырып, алынды.
Индикаторлық жерлік жылдамдық - аспаптың қателікке және аэродинамалық дұрыстауға түзетілген приборлық жылдамдық
VИЗ = VПР + б Vпр + б Va.
Индикаторлық жылдамдық - теңіз деңгейінде стандарттық қысымнан ауа қысымының айырмашылығымен байланысты қысымдылыққа түзетілген индикаторлық жерлік жылдамдық
VИН= VИЗ+ б Vсж.
Шынайы жылдамдық - мынадай
VИС=VИИ
___
\//\,
арақатынаспен индикаторлық жылдамдықпен байланысты оқыс емес ағысқа қатысты ұшақтың жылдамдығы,
мұндағы /\ - ауа тығыздығының теңіз деңгейіндегі ауаның стандарттық тығыздығына қатысы
8. Шарықтау жылдамдықтары
75. Екпіннің Vmіn эе ең аз эволютивтік жылдамдығы сындарлы қозғалтқыш кенеттен істен шыққан кезде ұшақтың вертикаль сызықтық жүрісін ұстау үшін басқарудың аэродинамалық органдары арқылы ұшақты басқару мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс жылдамдық. Көрсетілген ұшақтың тік сызықтық жүрісі қалыпты жұмыс істейтін қозғалтқыштардың тартымын (қуаттылығын) кемітпей екпіннің бастапқы бағытына қосарлас бағытында жүргізілуге тиіс. Сындарлы қозғалтқыш істен шыққан сәтінен бастап осы АКҰН 120-тармағында белгіленгеннен аспайтын басқыштарға күш түсірген кезде ұшудың ерекше әдістерін қолданудың қажеттілігісіз 10м асатын ұшақтың бүйірлі ығысуын болдырмау мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс, сондай-ақ ұшқыштың бағалауы бойынша орнықтылығы мен басқарылу сипаттамаларында рұқсат етілмейтін өзгерістер туындауға тиіс емес. Осылайша айқындалған Vmіn эе мәні неғұрлым қолайсыз жағынан ҰЖ-ның осіне 5 м/с бүйірден соққан жел кезінде 90о бұрышымен шарықтау жағдайларына сәйкес келуге тиіс. Тұмсықтық арбамен басқарылатын басқарудың аэродинамалық органдарының ауытқуымен байланысты ұшақтарда не ажыратылған байланыс кезінде, не көтерілген тұмсықтық арбасымен Vmin эр айқындау қажет. Vmіn эе айқындау ұшу салмағының және ұшақтың орталықтаудың неғұрлым қолайсыз тіркесімдері кезінде ұшу басталған үшін белгіленген қозғалтқыштар мен басқа да режимдер жұмысының ең жоғары режимдері үшін жүргізілуге тиіс. Ұшақтарды Vmіn эұ көрсетімі кезінде ТВҚ-дан ауалық бұрамасының басқаруға экипаждың араласуына жол берілмейді.
76. Шарықтаудың Vmіn эұ ең аз эволютивтік жылдамдығы дағдарысты қозғалтқыш кенеттен істен шыққан қезде ұшақтың тіксызықтық жүрісін ұстау үшін басқарудың аэродинамикалық органдары арқылы ұшақты басқару мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс жылдамдық. Көрсетілген ұшақтың тік сызықтық ұшуы қалыпты жұмыс істейтін қозғалтқыштардың тартымын (қуаттылығын) кемітпей жұмыс істейтін қозғалтқыштардың жағына 5о аспайтын крен кезінде жұмыс істемейтін сындарлы қозғалтқышпен жүргізіледі.
Сындарлы қозғалтқыштың істен шығу сәтінен бастап ұшудың бастапқы белгіленген режиміндегі сияқты сондай жылдамдықпен белгіленген тік сызықтық ұшудың режимі қалпына келгенге дейін бағытының өзгерілуі 20о және крен бұрышы абсолютті шамасы бойынша 15о асуын болдырмайтын мүмкіндік қамтамасыз етілуге тиіс. Осының барлығы үшін ұшқыштың бағалауы бойынша орнықтылығы мен басқарылу сипаттамаларында рұқсат етілмейтін өзгерістер туындамайтын және ұшудың ерекше әдістерін қолданудың қажеттілігісіз қол жеткізілуі тиіс. Ұшудың тік сызықтық белгіленген режимі қалпына келгеннен кейін басқару иінтіректеріндегі күштер (күштері бойынша ұшақты теңгерусіз) осы Норманың 121-тармағында көрсетілген олардың мәндерінен аспауға тиіс, крен бұрышы абсолютті шама бойынша 5о аспауға тиіс. Vmіn эұ мәнін айқындау қозғалтқыштар жұмысының ең жоғары режимі үшін, сондай-ақ басқа режимдер мен ұшу салмағының, пайдалану орталықтау неғұрлым қолайсыз үйлесімдері кезінде симметриялық тартымымен ұшуға сәйкес келетін және жердің әсерін ескермей шарықтауға белгіленген ұшақ конфигурацияларының барлық нұсқалары үшін жүргізілуге тиіс.
Ұшақтарды Vmіn эе көрсетімі кезінде ТВҚ-дан ауалық бұрамасын басқаруға экипаждың араласуына жол берілмейді.
77. Көтерілудің ең аз жылдамдығы Vmin үз ҰПБ-да белгіленген орталықтау диапозонында шарықтау үшін ұшақтың барлық қабылданған конфигурацияларында белгіленеді. Vmіn үз көрсетім процесінде әсер етудің бұрышы ақосым (3.2.44) аспауға тиіс, ал шарықтау ара қашықтығы - осы Норманың 87-тармағына сәйкес айқындалған шарықтаудың қажетті дистанциясынан аспауға тиіс. Vmіn ұз жылдамдығында барлық жұмыс істейтін қозғалтқыштармен ҰПБ-да белгіленген центрлеу диапозонында шарықтау кезінде ұшақтың көтерілісінің және ұшудың ерекше әдістерін қолданбай, осы Норманың 121-тармағында көрсетілген күштерді асырмай және орнықтылығы мен басқарылу сипаттамаларында ойдағыдай емес өзгертулерді туындатпай шарықтауды жалғастыруға болады.
78. Шассидің алдыңғы тірегін Vал т көтеру жылдамдығы ҰПБ-да белгіленген және шарықтаудың конфигурациясы не тангаждың неғұрлым жоғары нақты жететін бұрыштық жылдамдығы бар алдыңғы тіректі көтеріп, барлық қозғалтқыштар жұмыс істеген кезде 1,10 Vmіn ұз және бір қозғалтқыш жұмыс істемеген кезде 1, 05 Vmin ұз кем емес жылдамдықта ұшақтың үзілісі болатын ол үшін көрсетілген жылдамдығы:
1) 1,05Vmіn эе;
2) 1,05Vmіn эұ;
3) 1,05 Vсl;
4) 1,05 Vmіn үз кем болмауға тиіс.
Ескерту. ақосым кем ұшақтың шектелген геометриясымен әсер етудің бұрышы немесе Vmіn үз жету бойлық басқару органдарының шекті ауытқуымен шарттасуы көрсетілген ұшақтарға қолданбалы Vmіn үз кезінде жоғарыда көрсетілген сандық мәндердің коэффициенттері тиісінше 1,05 және 1,0 дейін кемітілуі мүмкін.
Ұшу салмағының және атмосфералық жағдайлардың тіркелген мәндері кезінде қалыпты да, жалғастырылған шарықтауға да Vал т бір мәнін белгілеу қажет.
79. V1 шешім қабылдау жылдамдығы ҰПБ-да белгіленген және мынадай шарттарды:
а) V1 > Vmіn ЭР
б) V1 < Vn ст қанағаттандыруы тиіс.
80. V2 шарықтаудың қауіпсіз жылдамдығы ҰПБ-да белгіленген және:
1) шарықтау конфигурациясы кезінде 1,20 Vс кем болмауға тиіс; Қозғалтқыштар жұмысының шарықтау режимін пайдалану істен шыққан қозғалқышпен шығарып тастау жылдамдығын 5% артық кемуіне әкелетін ұшақтар үшін Vсl кезінде коэффициентті 1,15 дейін темендетуге рұқсат етіледі;
2) шарықтау конфигурациясы кезінде 1,20 Vmіn эұ кем болмауға тиіс.
Vал т жылдамдықта шассидің алдыңғы тірегін көтерген кезде жалғастырылған шарықтау кезінде шарықтаудың қауіпсіз жылдамдығы V2 көтерілу нүктесінде ШҚЖ-ның деңгейінде 10,7 м артық емес биіктікте қол жеткізіледі;
3) шарықтау конфигурациясы кезінде 1,08 Vақосым кем болмауға тиіс.
81. Барлық жұмыс істейтін қозғалтқыштармен бастапқы биіктікті алудың жылдамдығы ҰПБ-да белгіленген және:
1) V2;
2) шарықтау конфигурациясы кезінде 1,3 Vсl;
3) шарықтау конфигурациясы кезінде 1,2 Vmіn эұ;
Бастапқы биіктікті алу жылдамдығы 120 м биіктікке дейін жетуге тиіс.
82. Тетіктемені жинауды бастау сәтіне ұшақтың жылдамдығы V3:
1) қалыпты шарықтау үшін V2n және жалғастырмалы үшін V2;
2) тетіктеменің өзгерген жағдайы кезінде 1.20 Ус.
Қозғалтқыштар жұмысының шарықтау режимін пайдалану істен шыққан қозғалқышпен шығарып тастау жылдамдығын 5% артық кемуіне әкелетін ұшақтар үшін Vсl кезінде коэффициентті 1,15 дейін төмендетуге рұқсат етіледі;
3) ол үшін Vmіn эұ көп қаралып отырған конфигурациялардың сол біреуі кезінде 1,10 Vmіn Эұ кем болмауға тиіс.
83. Ұшу конфигурациясы кезінде ұшақтың жылдамдығы V4;
а) ұшақтың ұшу конфигурациясы кезінде 1,3 Vсl
б) ұшақтың ұшу конфигурациясы кезінде 1,2 Vmіn эұ;
9. Екпіннің ұзындықтары мен шарықтау арақашықтығы
84. Екпіннің ұзындықтары мен шарықтау арақашықтығы мынадай жағдайларда расталуға тиіс:
1) барлық қозғалтқыштар жұмыс істеген кезінде:
қозғалтқыштар жұмысының режимдері күштік қондырғының агрегаттары және шарықтау кезінде іске қосылатын ұшақ жүйелері жұмыс істеген кезде ұшу үшін ҰПБ-да белгіленген режимдерге сәйкес келуге тиіс;
алдыңғы тіректің көтерілуі Vn ст жылдамдығында жүргізілуі тиіс;
V2 қауіпсіз ұшу жылдамдығы ұшақ көтерілу нүктесінде ШҚЖ деңгейінен 10,7 м биіктікке дейін жетуі тиіс;
шассиді жинауды бастау ұшақ көтерілу нүктесінде ШҚЖ деңгейінен кемінде 3-5 м биіктікте жетуі тиіс;
ұшақтың конфигурациясы (шассиді жинаған басқа) өзгеріссіз қалуы тиіс;
2) бір қозғалтқыш істен шыққан кезде мыналар орындалуы тиіс:
Vотк істен шыққан қозғалтқыштың жылдамдығында қозғалтқыш ажыратылуы тиіс.
Ескерту. Vотк қөрсетімі қезде, егер ұшқыштың оң бағасын алған қозғалтқыштың істен шығуы туралы дабыл берудің арнайы құралдары қолданылса, қозғалтқыштың істен шығу имитациясынан кейін кемінде 3 с немесе одан аз уақытта V1 жылдамдығы жететіндей таңдалуы тиіс;
ТВҚ бар ұшақта экипаждың әуе бұрамасын басқаруға араласуына жол берілмейді;
қозғалтқыштардың тартымын (қуатын) көбейту құралдары оларды іске қосуға арналған автоматты құрылғылары болмаған жағдайда экипаж V1 жылдамдығына жеткен соң ғана қолдануы тиіс;
ұшқыштың командасы бойынша экипаж мүшелері орындайтын операциялар үшін команда берген сәттен бастап оны орындауды бастағанға дейін 1 сек уақыт аралығы енгізіледі.
85. Шарықтаудың үзілу арақашықтығы мынадай үш шаманың жиынтығын көрсетуі тиіс:
1) мәре сәтінен бастап Vотк жылдамдықта қозғалтқыш істен шыққан сәтіне дейін барлық жұмыс істейтін қозғалтқыштары бар екпін учаскесінің ұзындығы;
2) Vотк жылдамдығына жеткенге дейін істен шыққан бір қозғалтқышпен (сындарлы) және қалған қозғалтқыштардың қалыпты жұмыс істеу кезінде екпін учаскесінің ұзындығы;
3) V1 жылдамдықтан ұшақтың толық тоқтағанға дейін жұмыс істемейтін қозғалтқышпен тежеу учаскесінің ұзындығы. ШҚЖ үстінің жай-күйілеріне ПКЖ-да белгілеген шарықтаудың үзілген арақашықтығы осы Норманың 84-тармағына қосымша жағдайларда айқындалуға тиіс:
автоматты емес іске қосылатын жылдамдықты басу құралдары (қалыпты жұмыс істейтін қозғалтқыштардың тартымын немесе қуатын төмендету, шасси доңғалақтарының тежеу, тартым кері қимылының іске қосылуы, тежеудің аэродинамикалық құралдарын шығару және т.б.) V1 жылдамдыққа жету бойынша одан ерте емес және оларды қауіпсіз қолданылуы қамтамасыз етілетін жылдамдықтардың диапазонында ғана қолданылуы тиіс;
тежеудің қосымша құралдарының әрекеттерінен тиімділікті (шасси дөңгелектерінің тежеуінен басқа), егер қаралып отырған пайдалану жағдайларында осы тежеу құралдарын пайдаланған кезде тұрақты нәтижелерді алу мүмкіндігі көрсетілген жағдайларда ғана есепке алуға рұқсат беріледі.
86. Екпіннің қажетті ұзындығы:
1) екпін ұзындығының 1,15 жиынтығынан және барлық жұмыс істеген қозғалтқыштармен ұшуды бастаған қезде 10,7 м биіктікте (ұшақтың қөтерілу нүктесінде ШҚЖ-ның деңгейінде) болған ұшақтың көтерілу нүктесінен траектория нүктесіне дейін, көлбеу бойынша 1/2 қашықтығынан;
2) екпін ұзындығының жиынтығы мен бір қозғалтқыш істен шыққан кезде ұшуды бастаған кезде 10,7 м биіктікте (ұшақтың көтерілу нүктесінде ШҚЖ-ның деңгейінде) болған көтерілу нүктесінен траектория нүктесіне дейін, көлбеу бойынша V2 қашықтығынан кем болмауға тиіс.
87. Шарықтауға қажетті арақашықтық:
1) қалыпты шарықтаудың 1,15 арақашықтығынан;
2) бір қозғалтқыш істен шығуымен жалғаспалы шарықтаудың арақашықтығынан кем болмауға тиіс.
88. Үзілген шарықтаудың қажетті арақашықтығы осы НОРМАның 84-тармағына сәйкес айқындалған үзілген шарықтаудың арақашықтығынан кем болмауы тиіс.
10. Биіктікті алудың траекториялары мен градиенттері
89. 10,7 м биіктікке келтірген бір қозғалтқыш жұмыс істемеген кезде ұшақтың тік сызықтық ұшудағы биіктікті алудың толық градиенті:
1) екі қозғалтқышы бар ұшақтар үшін оң;
2) үш қозғалтқышы бар ұшақтар үшін - 0,3% кем болмауы;
3) төрт және одан да көп қозғалтқышы бар ұшақтар мынадай:
ұшақтың конфигурациясы шарықтау жағдайында, шасси шығарылған;
жылдамдығы V2 тең;
қозғалтқыштар шарықтау үшін белгіленген режимде жұмыс істеген жағдайларда 0,5% кем болмауы тиіс.
90. 120 м биіктікке келтірген бір қозғалтқыш жұмыс істемеген кезде ұшақтың тік сызықтық ұшудағы биіктікті алудың толық градиенті:
1) екі қозғалтқышы бар ұшақтар үшін - 2,4%;
2) үш қозғалтқышы бар ұшақтар үшін - 2,7%;
3) төрт және одан да көп қозғалтқышы бар ұшақтар үшін мынадай:
ұшақтың конфигурациясы шарықтау жағдайында, шасси шығарылған;
жылдамдығы V2 тең;
шарықтау үшін белгіленген режимде қозғалтқыштар жұмыс істеген жағдайларда 0,5% кем болмауға тиіс.
91. 400 м биіктікке келтірген бір қозғалтқыш жұмыс істемеген кезде ұшақтың тік сызықтық ұшудағы биіктікті алудың толық градиенті:
1) екі қозғалтқышы бар ұшақтар үшін - 1,2%;
2) үш қозғалтқышы бар ұшақтар үшін - 1,5%;
3) төрт және одан да көп қозғалтқышы бар ұшақтар үшін мынадай:
ұшақтың конфигурациясы ұшу жағдайында, шасси шығарылған;
жылдамдығы V4 тең;
қозғалтқыштар бағыт бойынша биіктікті алу үшін белгіленген режимде жұмыс істеген жағдайларда 1,7% кем болмауға тиіс.
92. 120 м биіктікке келтірген барлық қозғалтқыштар жұмыс істеген кезде ұшақтың тік сызықтық ұшудағы биіктікті алудың толық градиенті мынадай жағдайларда:
ұшақтың конфигурациясы шарықтау жағдайында, шасси шығарылған;
жылдамдығы V2 тең;
шарықтау үшін белгіленген режимде қозғалтқыштар жұмыс істеген жағдайларда 0,5% кем болмауға тиіс.
93. 400 м биіктікке келтірілген барлық қозғалтқыштар жұмыс істеген кезде ұшақтың тік сызықтық ұшудағы биіктікті алудың толық градиенті мынадай жағдайларда:
ұшақтың конфигурациясы шарықтау жағдайында, шасси шығарылған;
жылдамдығы V2 тең;
қозғалтқыштар бағыт бойынша биіктікті алу үшін белгіленген режимде жұмыс істеген жағдайларда 3 % кем болмауға тиіс.
94. Бір қозғалтқыш жұмыс істемеген кезде Н=10,7 м бастап биіктікті алудың таза траекториясы:
1) шассидің жиналуы аяқталған биіктікке дейін:
екі қозғалтқышы бар ұшақтар үшін - 0,5%;
үш қозғалтқышы бар ұшақтар үшін - 0,9%;
төрт және одан да көп қозғалтқышы бар ұшақтар үшін 1,0%;
2) шассидің жиналуы аяқталған биіктіктен бастап:
екі қозғалтқышы бар ұшақтар үшін - 0,8%;
үш қозғалтқышы бар ұшақтар үшін - 0,9%;
төрт және одан да көп қозғалтқышы бар ұшақтар үшін - 1,0% кем емес градиентті азайтуға баламалы толық траекторияға түзетулерді енгізумен айқындалады.
Шарықтау таза траекториясының еңісі оның әрбір нүктесінде теріс болмауға тиіс. ҰПБ-да шарықтаудың таза траекториясы кедергілерден кемінде 10,7 м кем емес биіктікте өтуі тексерілуі тиіс.
1-ескерту. Тетіктемені жинау кемінде 120 м кем емес биіктікте жүргізілуі тиіс.
2-ескерту. 120 м биіктікке дейін ауалық бұраманы қолмен басқаруға араласуға жол берілмейді.
11. Бағыт бойынша ұшудың сипаттамасы
95. Бағыт бойынша жылдамдық кемінде 1,30 Vсl және Vmax э артық болмауға тиіс, бұл ретте, бір немесе екі істен шыққан сындарлы қозғалтқышпен (екіден көп қозғалтқыштары бар ұшақтар үшін) ұшудағы бұл жылдамдық бағыт бойынша ұшу кезінде траекторияға қойылатын талаптарды орындауды қамтамасыз ететін жылдамдықтан (осы Норманың 96, 97-тт.) кем болмауға тиіс. Бұл ретте осы Норманың 148 және 151-тармақтарының талаптары ескерілуі тиіс.
96. ҰПБ-да ұсынылған бір істен шыққан дағдарысты қозғалтқышпен көлбей ұшудағы биіктікте қозғалтқыштар жұмысының биіктікті алу үшін ең жоғары рұқсат берілген режимінде биіктікті алудың таза градиенті оң болуға тиіс. Бұл ретте, таза градиент толық градиентті:
екі қозғалтқыштары бар ұшақтар үшін 1,1%;
үш қозғалтқыштары бар ұшақтар үшін 1,3%;
үш санынан асатын қозғалтқыштары бар ұшақтар үшін 1,4% кеміту жолымен айқындалады.
ҰПБ-да бір істен шыққан қозғалтқышпен ұшудың белгіленген биіктіктегі бағытын пайдалану үшін таңдалған әрбір нүктесінде жердің деңгейінің ең жоғары биіктігінен кем дегенде 400 м асуға тиіс.
97. Ең жоғары рұқсат етілетін қону салмағы үшін пайдаланудың күтілетін жағдайларының барлық диапозонында әуе айлағын ең жоғары биіктігінен 400 м асатын биіктікте екі қозғалтқыштары істен шыққан кезде (екеуден асатын қозғалтқыштарға ие болған ұшақтар үшін) белгіленген көлбеу ұшуды орындау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. Екі қозғалтқышы істен шыққан ұшақтың сипаттамалары толық градиент бойынша айқындалады.
98. ҰПБ-да белгіленген крейсерлік ұшудың биіктіктерінде ұсынылған жылдамдықта биіктікті алуға арналған барлық қозғалтқыштар жұмысының ең жоғары рұқсат берілген режимін пайдаланған кезде биіктікті алудың толық градиенті 1% кем болмауға тиіс. ҰПБ-да барлық жұмыс істейтін қозғалтқыштарымен биіктікті алу сипаттамалары толық градиент бойынша ұсынылуға тиіс.
99. Ең жоғары крейсерлік биіктігі 4000 м асатын ұшақтар үшін ҰПБ-да белгіленген пайдалану шектеулерін асырмай 3,5 мин. көп емес уақыт ішінде 4000 м биіктікке дейін ең жоғары крейсерлік биіктіктен ұшақтың шұғыл төмендеу мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс. ҰПБ шұғыл төмендеу режимді орындау жөнінде нұсқауларды қамтуға тиіс.
Ескерту. Шұғыл төмендеудің уақыты экипаждың шұғыл төмендеуге дайындығына арналған үшін әрекетінің басталу сәтінің және ұшақтың 4000 м биіктікке жеткен сәтінің арасындағы аралық ретінде айқындалады.
12. Ұшуға талап етілетін отын қоры
100. Ұшақтың осы үлгісін пайдаланудан күтілетін жағдайлардың шегінде отынның негізгі қорын айқындау үшін қажетті отын шығыстарының сипаттамалары келтірілуге тиіс.