31. Марштық қозғалтқыштарда орнатылған электр энергиясының генераторлары істен шыққан кезде ұшу, межелі әуе айлағына немесе ең жақын әуе айлағына, оның ішінде:
1) ұшақтың ұшуы мен навигациясы;
2) тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мен өрт сөндіру жүйелерінің жұмыс істеуі;
3) пайдалану шектеулердің жақындағаны немесе жеткені туралы экипажды ескертуші құралдардың жұмыс істеуі;
4) сыртқы мен ішкі кабиналық байланысты жүргізуі;
5) экипаж кабинасы мен жолаушылар салондарын авариялық жарықтандыруы;
6) ұшу ақпаратын жинақтау жүйесінің жұмыс істеуі үшін ҰПБ-ға сәйкес ұшу мен қонуды қауіпсіз жалғастыру үшін қажетті ұшақта электр энергиясын қабылдағыштарының қызметі қамтамасыз етілуге тиіс.
32. Ұшу жарамдылығының жалпы талаптарына ұшақтың сәйкестілігін айқындаған кезде сәйкестілік кестесін; пайдалану құжаттамасын; ұшақтың конструкциясына және оның функционалдық жүйелеріне салынған негізгі қағидаттарын, сондай-ақ нақты конструкцияда осы қағидаттарды жүзеге асыру тәсілдерін сипаттауын; ұшу жарамдылығымен шарттасқан қиын, авариялық пен апаттық жағдайдың туындаудың ықтимал себептері мен мүмкіндіктерін талдау нәтижелерін; осы Нормаларда айтылған талаптарға ұшақтың сәйкестілігін растайтын есептердің, сондай-ақ ұшақ пен оның функционалдық жүйелерінің стендтік, зертханалық және ұшу сынақтарының нәтижелерін; осындай үлгідегі ұшақтарды және олардың модификацияларын пайдалану тәжірибесін талдау нәтижелерін; ұшаққа техникалық қызмет көрсету технологияны талдау нәтижелерін пайдалану қажет.
6 . ӘК-нің ұшу пайдаланылу жөніндегі басшылыққа қойылатын жалпы талаптар
33. Ұшу пайдалану жөніндегі басшылықта шектеулерді, ұсынымдарды және ұшу пайдаланылу мен ұшу техникасы жөніндегі басқа мәліметтер болуы және
1) жалпы ережелерді;
2) шектеулерді;
3) ұшудың ерекше жағдайларындағы әрекетті;
4) пайдаланудың қалыпты ережелерін;
5) ұшу-техникалық сипаттамаларды;
6) қосымшаларды қамтуы тиіс.
Ескерту. Ұшу пайдалану жөніндегі басшылық бөлімдерінің нақты конструкциясы, атауы мен жалғаспалы мазмұндау қолданыстағы Нормативтік құжаттарға сәйкес айқындалады.
34. Ұшу пайдалану жөніндегі басшылық осы Нормаларға, Үлгінің ұшу жарамдылығының сертификатына, Техникалық сипаттамасына, Техникалық қызмет көрсету регламентіне және ұшақтың техникалық пайдалану жөніндегі басшылығына, сондай-ақ ұшуларды орындау ережелері мен ұшақтардың қозғалысын ұйымдастыруды, осы үлгідегі ұшақтарды пайдалану көзделген қолданыстағы әуе желілері мен әуе айлақтарында метеорологиялық және әуе айлақтық қамтамасыз етуді айқындайтын жалпы мақсаттағы құжаттарға сәйкес келуі тиіс.
35. Ұшуларды орындауға және экипаждың әрекетіне қатысты, оның ішінде ерекше жағдайлар туындаған кезде ұшу пайдалану жөніндегі басшылықтың нұсқаулары мен ұсыныстары осы Норманың 25-27 тармақтарын ескере отырып, ӘК-нің тиісті ұшу сынақтарының нәтижелерімен расталуы тиіс.
36. ҰПБ-ның нұсқаулары мен ұсыныстары айқын және қысқа тұжырымдалуы тиіс және оларды екі жақты түсіндірмейтін мүмкіндікке жол берілмеуге тиіс. ҰПБ-да терминология мен белгілерді осы Нормаларға сәйкес қолдану ұсынылады.
7. Ұшақтың ұшу сипаттамалары, орнықтылығы және басқарылуы
37. 7-11 және 13-22 тарауларда штурвалдық режимде орнықтылық пен басқарылудың сипаттамаларына, ұшу сипаттамаларына және орнықтылық пен басқарылу сипаттамаларына әсер етуші барлық қозғалтқыштар қалыпты жұмыс істеген және қозғалтқыштар істен шыққан кезде, барлық жүйелер мен агрегаттар қалыпты жұмыс істеген кездегі, сондай-ақ баптың тиісті тармақтарында ескерілген олар істен шыққан кездегі талаптар мен ұсыныстар баяндалады. Бұдан өзге әсер етуінің үлкен бұрыштарында ұшақ сипаттамаларына қойылатын талаптар баяндалған. 3-бөлімнің талаптарын орындаумен ҰПБ-ға сәйкес ұшақты ұшыру кезінде пайдаланудың күтілетін жағдайларында (бұдан әрі - ПКЖ) ұшу сипаттамаларының және орнықтылық пен басқарылу сипаттамаларының бөлігінде ұшақтың ұшу жарамдылығы қамтамасыз етіледі.
38. 3-бөлімде айтылған талаптарға сәйкестілік сынақтарды тікелей өткізген кезде алынған нәтижелер немесе осы сынақтардың нәтижелерін қайта шығаратын сияқты сондай дәлдікті қамтамасыз ететін сынақтардың нәтижелеріне негізделген ұшақты сынақтардан өткізу және есептеу жолымен белгіленуі тиіс.
39. Ұшу сипаттамаларына, сондай-ақ 3-бөлімде қаралмаған орнықтылық пен басқарылу сипаттамаларына әсер ететін функционалдық жүйелердің істен шығулары 2-бөлімнің талаптарына сәйкес олардың пайда болуын ескере отырып, бағалануы тиіс.
40. Ұшақты пайдалану үшін қажетті ұшу сипаттамалары, орнықтылық пен басқарылу сипаттамалары туралы мәліметтер, сондай-ақ ұшу мен ОУЭ әдістері шектеулерді, ұсынылатын ұшу режимдерін, қозғалтқыштар, әртүрлі жүйелер мен агрегаттар жұмысының режимдерін және пайдалану үшін ұшудың барлық көзделген жағдайларында ұшқыштың әрекетін оңай айқындауға мүмкіндік беретін түрде ұшудың барлық кезеңдері үшін ҰПБ-да баяндалуы тиіс.
ҰПБ ең жоғары рұқсат етілетін шарықтау (қону) салмағын және ұшақтың шарықтау (қону) сипаттамаларын, сондай-ақ ПКЖ байланысты бағыт бойынша ұшу сипаттамаларын оңай және тез белгілеуге мүмкіндік беретін (номограммалар, кестелер және графиктер түрінде) материалдарды қамтуы тиіс.
41. Ұшудың барлық кезеңдерінде ҰПБ-да белгіленген пайдалану шектеулерінен тыс еріксіз шығуына ықпал ететін ерекшеліктерге ие болуы тиіс емес.
42. ҰПБ-да нұсқама берілген ұшу әдістері ұшқыштың шамадан тыс жоғары біліктілігін, шамадан тыс назар аударуын және едәуір нақты күш жұмсауды талап етуге тиіс емес.
43. Ұшу сипаттамаларына, қозғалтқыштар істен шыққан кезде тұрақтылық пен басқарылу сипаттамаларына қойылатын талаптар 7-11 және 13-22 бөлімде қозғалтқыштардың сындарлы істен шыққан кезінде қаралады.
44. ҰПБ материалдарында шарықтау-қону сипаттамаларын және тиісті шектеулерді айқындау үшін 50% қарама-қарсылық, 150% жол бойлық және 100% жанынан соққан желдің құрамдас жылдамдылығы ескерілуі тиіс.
45. Әртүрлі істен шығулар және олармен байланысты ұшу режимінің бұзушылықтары туындаған жағдайда ұшу жарамдылығын бағалаған кезде осы істен шығуды амалдау үшін ұшақты басқаруға араласу кезінде экипаж мүшелерінің іс-қимылының кешігуін ескере отырып, ұшу жағдайлары мен ұшақтың тәртібін қарау қажет.
Ескерту. Экипаж мүшелерінің іс-қимылының кешігуі істен шығуды (ұшу режимінің бұзылуын) байқау сәті мен бұл істен шығуды (ұшу режимінің бұзылуын) амалдау үшін осы экипаж мүшелерінің іс-қимылы басталар алдындағы уақыт аралығымен айқындалады.
Істен шығудың байқалған сәті ұшақ қозғалысының қандай да бір өлшемінің экипаж тани алатын өзгерістері бойынша немесе істен шығулардың дабыл беруші құралдары арқылы айқындалады.
46. Ұшу сынақтарында шарықтау-қону сипаттамаларын айқындаған кезде нақты траекториялары үздіксіз орындалған режимдерден алынуы не жекелеген учаскелерден жасақталуы мүмкін.
Жекелеген учаскелерден траекторияларды жасақтаған кезде:
1) әрбір учаскелердің шекаралары ұшақ конфигурациялары, қозғалтқыштардың тарту (қуаты), ұшу жылдамдығының өзгерісімен айқын айқындалуы тиіс;
2) жекелеген учаскелерден жасалған траектория үздіксіз режимде тексерілуі және жекелеген учаскелерден жасалған траектория үздіксіз режимінің траекториясымен келісетіні көрінуі тиіс.
47. Ұшу сынақтарының нәтижелерін стандарттық және берілген атмосфералық жағдайларға қайта есептеген кезде Халықаралық стандарттық атмосфераның деректері пайдаланылуы тиіс. 3.1.-суретте стандарттық жағдайларда ауа температурасының биіктікке тәуелділігі көрсетілген. Сонымен бір уақытта ИКАО (ООС - 9051 - АМ/856) қабылданған жоғары температуралық пен төменгі температуралық жағдайлар үшін ауа температурасының биіктікке тәуелділігі келтірілген.
1-сурет
48. Осы Нормаларда мынадай терминдер мен айқындамалар қабылданған:
1) шарықтау - ұшақтың екпіні мен ШҚЖ деңгейінен кейіннен 400 м биіктікті алумен немесе олардың қайсысы үлкен соған қарай ұшу конфигурациясына ауысу аяқталатын биіктіктен көтерілуді қамтитын ұшу кезеңі (2-сурет);,
2) қалыпты шарықтау - ұшу сипаттамасына әсер етуші ұшақтың барлық қозғалтқыштары мен жүйелерінің қалыпты жұмыс істеу кезіндегі шарықтау;
3) үзілген шарықтау - шарықтау сипаттамасына әсер етуші ұшақтың қозғалтқышы немесе жүйелері істен шыққан сәтіне дейін қалыпты сияқты өтетін ұшуы, одан кейін ұшақтың жалғаспалы тежелуімен ол толық тоқтағанға дейін шарықтаудың тоқтатылуы басталады;
2-сурет. Шарықтау схемасы
ОКД - орналастырылған қону дистанциясы, ҚШЖ - қауіпсіздіктің шеткі жолағы
4) жалғастырылған (аяқталған) шарықтау - шарықтау сипаттамасына әсер етуші ұшақтың қозғалтқышы немесе жүйелері істен шыққан сәтіне дейін қалыпты сияқты өтетін шарықтауы, одан кейін істен шыққан қозғалтқышпен немесе жүйемен шарықтау жалғастырылады және аяқталады;
Ескерту. Үзілген және жалғастырылған шарықтаулардың сипаттамалары істен шыққан сындарлы қозғалтқыш кезінде 7-11, 13-22 тарауларда қаралады.
5) ұшу жолағы (бұдан әрі - ҰЖ) - шарықтау-қону жолағынан (ШҚЖ), қауіпсіздіктің шетқі жолақтарынан (ҚШЖ) және ондайлар болса (2-сурет) қауіпсіздіктің бүйірлі жолақтарынан (ҚБЖ) тұратын жердің учаскесі;
6) қолда бар ұшу жолағы ( бұдан әрі - ҚҰЖ) - ШҚЖ ұзындықтарының және оның бағытына қарай шарықтау немесе қону жүргізілетін (2 және 3-сурет) бір ҚШЖ (егер ондай бар болса) жиынтығы;
7) қауіпсіздіктің шеткі жолағы (бұдан әрі - ҚШЖ) - ШҚЖ-ның тікелей жиегінде орналасқан және ерекше жағдайларда ұшақтың жүруін аяқтауға арналған ҰЖ-ның бөлігі;
8) Lр екпіннің ұзындығы - ШҚЖ-дан оның сөре нүктесінен көтерілу нүктесіне дейін ұшақтың өтетін көлбеу бойынша қашықтығы;
9) қолда бар екпінінің ұзындығы (бұдан әрі - ҚЕҰ) - бұру учаскесінің ұзындығына кемітілген ШҚЖ-ның ұзындығы (3.2-сурет);
10) Lұшу қалыпты (жалғастырылған) ұшудың дистанциясы - старт нүктесінен үзілу нүктесінде ШҚЖ-ның деңгейінен 10,7 м биіктіктегі нүктеге дейін ұшақ өтетін көлбеу бойынша қашықтығы;
3-сурет. Толық қону арақашықтығының схемасы
11) ұшудың қолда бар дистанциясы ҰҚД - әуеайлақ қызметі мәлімдеген ұшу бағытына қарай екпінінің қолда бар ұзындығы, ҚШЖ-ның және бос аймақтың жиынтығына тең қашықтық, бірақ та ҰКД ШҚЖ-ның ұзындығынан 150% аспауға тиіс (2-сурет);
12) Lүзіл.ұшу үзілген ұшудың дистанциясы - старт нүктесінен толық аяқталған нүктесіне дейін ұшақ өтетін көлбеу бойынша қашықтық;
13) үзілген шарықтаудың дистанциясы (бұдан әрі - ҮШОД) - рульдеу участогының ұзындығына кемітілген ОҰЖ-ның ұзындығы;
14) nн - биіктікті алу градиенті - nн = tgӨн* 100%. процентте көрсетілген Өн, биіктікті алудың траекториясының ылди бұрышының тангенсі;
15) ncн - төмендеу градиенті nсн= [tg Өсн]*100%.процентте көрсетілген - Өсн, төмендеу траекториясының ылди бұрышы тангенсінің абсолют шамасы;
16) ncн - биіктікті алудың толық градиенті - осы Нормаларда қарастырылған жағдайларда ұшу сынақтары кезінде көрсетілген және ҰПБ-да белгіленген қозғалтқыштарды жылыту рәсімдерін ескере отырып тартымы (қуаттылығы) бойынша қозғалтқыштарды номинал реттеуіне келтірілген биіктікті алу градиенті;
17) nчн- биіктікті алудың таза градиенті - осы Нормаларға сәйкес кемітілген биіктікті алудың толық градиенті;
18) нақты траектория - ұшу сынақтарында көрсетілген траектория;
19) толық траектория - тартымы (қуаттылығы) бойынша номинал реттелуіне және ҰПБ-да белгіленген қозғалтқыштарды жылыту рәсімдерін ескере отырып ҰПБ-да тапсырылған жағдайлар мен ұшу режимдеріне қайта санамаланған нақты траектория;
20) ұшудың таза траекториясы -оның nн. - градиенттері осы Нормаларға сәйкес кемітілген ұшудың толық траекториясы;
21) қонуға кіру - ұшу конфигурациясынан қонуға кіру конфигурациясына ауысуды бастау биіктігінен, бірақ 400 м. төмен емес және ШҚЖ шетжағының деңгейінен 156 м. биіктікке дейін (осы Норманың 114-тармағында айтылған жағдайлар үшін 9 м) ұшу кезеңі;
22) ШҚЖ-ның кіреберіс жиегі - қону кезінде ұшақ оның үстінен ұшып өтетін ШҚЖ шетжағасының желісі;
23) қону - ауа учаскесіне тигенге дейін және толық тоқтағанға дейін (3.3-сурет) жүгірісті қамтитын ШҚЖ шетжағасының кіреберіс деңгейінен 15 м (осы НОРМАның 113-тармағында айтылған жағдайлар үшін 9 м) биіктіктен ұшу кезеңі (3.3-сурет);
24) екінші айналымға кету - қонуға кіру режимінен биіктікті алуға ұшақты ауыстыру маневрі;
25) қону дистанциясы Lкон - ол толық тоқтағанға дейін ШҚЖ шетжағасының деңгейінен 15 м ( осы НОРМАның 113-тармағында айтылған жағдайлар үшін 9 м) биіктіктен бастап ұшақ өтетін көлденең қашықтық;
26) қолда бар қону арақашықтығы (бұдан әрі - ОҚА) - ШҚЖ-ның ұзындығына тең (3-сурет) көлденең қашықтық;
27) екінші айналымға кетудің ең аз биіктігі - осы Нормаларда белгіленген жағдайларда екінші айналымға кету мүмкіндігі бар ШҚЖ-ның деңгейінен ең аз биіктік;
28) шешім қабылдау биіктігі (бұдан әрі - ШҚБ) - егер оған жеткенге дейін қонуды орындау үшін қажетті бағдармен көз көрім байланыс орнатылмайтын немесе, егер осы биіктікте ұшудың берілген траекториясына қатысты қауіпсіз қонуын қамтамасыз етпейтін жағдайларда екінші айналымға кетудің маневрі басталуға тиіс ШҚЖ шетжағасының деңгейінен есептелетін салыстырмалы биіктік;
29) сындарлы қозғалтқыш - оның істен шығуы ұшудың қаралатын режимінде ұшақтың ұшу сипаттамаларында, тәртібінде, басқарылуында және жағдайларында неғұрлым қолайсыз өзгерістерді тудыратын қозғалтқыш;
30) ұшақтың конфигурациясы оның сыртқы келбетін айқындайтын қанаттың тетіктемесі сыртқы ілмектері және ұшақтың басқа да бөліктері мен агрегаттар жағдайларының үйлесімімен айқындалады. Ұшу кезеңіне қарай мынадай:
шарықтау - шасси шығарылған, қанаттың тетіктемесі ұшу жағдайында (ұшақ шарықтауы үшін белгіленген жалғасқанатшалар, алғы қанатшалар бұрыштарға ауытқыған);
ұшу - шасси жиналған, қанаттың тетіктемесі ұшу жағдайында;
қонуға кіру - шасси шығарылған, қанаттың тетіктемесі мен тежеудің аэродинамалық құралдары қонуға арналған жағдайда;
қону - шасси шығарылған, қанаттың тетіктемесі мен аэродинамикалық құралдар қонуға арналған жағдайда;
екінші айналымға кету - қанаттың тетіктемесі екінші айналымға кету жағдайында ұшақтың конфигурациялары қолданылады;
31) ең жоғары рұқсат берілетін ұшу салмағыжоғрұ - 34-тармақтағы талаптарды ескере отырып, бірақ mmax дв - аспайтын осы әуе айлағы үшін пайдаланудың күтілетін жағдайларында ең үлкен рұқсат берілген ұшақтың ұшу салмағы;
32) ең жоғары рұқсат берілген қону салмағы mжрқ - 3.6-ғы талаптарды ескере отырып, бірақ mқонж аспайтын осы әуе айлағы үшін пайдаланудың күтілетін жағдайларында ең үлкен рұқсат берілген ұшақтың ұшу салмағы;
33) бағыт бойынша ұшу - шарықтау аяқталған сәтінен қонуға кіру басталғанға дейін ұшу кезеңі;
34) ұшуға талап етілетін отын қоры (бұдан әрі - ҰТО) негізгі мен аэронавигациялық отын қорын (бұдан әрі - АНҚ) қамтиды. АНҚ өтемдік пен резервтік отын қорынан тұрады;
35) негізгі отын қоры (бұдан әрі - НОҚ) - қабылданып болжанған жағдайларда (сыртқы ауаның температурасы және трасса бойынша желдің жылдамдығы) кезінде, сондай-ақ есептелген режимдер мен ұшудың профилін ұстаған кезде айқындалатын қозғалтқыштарды іске қосқан және жылытқан, бұру, шарықтау, ұшу, қонуға кіру және қону кезінде жұмсалатын отын массасы;
36) резервтік отын қоры (бұдан әрі - РОҚ) - екінші айналымға кетуге және ҰПБ-да ұсынылған биіктікте отынның ең аз километрлік шығысына сәйкес келетін жылдамдықпен болжанған метеожағдайларда бағыт бойынша ұшудың есептелген нүктесінен қосалқы әуе айлағына ұшуды орындауға; қосалқы әуе айлағының үстінде күту режимінде ұшуды орындауға; шешім қабылдаған биіктікке дейін қонуға кіруді жүзеге асыруға арналған қажетті отын салмағы;
37) өтемдік отын қоры (бұдан әрі - ӨОҚ) - ұшақты жүргізу және отынды өлшеу жүйелерінің дәлдігімен, пайдаланылатын ұшақтар мен қозғалтқыштардың жеке сипаттамаларының шашырандысымен, метеорологиялық жағдайлардың болжанғаннан ауытқу мүмкіндігімен байланысты ақауларды өтеу үшін қажетті отын салмағы, сондай-ақ ұшуға отын қорының қажетті есебінің әдістемелік қателіктерін өтеу үшін қажетті қосымша отын салмағы;
38) ұшақтың әсер ету бұрышы а - бойлық осі ОХ мен ұшақтың жылдамдық проекциясының арасындағы ОХУ жазықтығына байланысты координаттар жүйесінің бұрышы.
Ескерту 1. а келтірілген барлық құжаттарда бойлық остің таңдалуы көрсетілуге тиіс.
2. Көтермелі күштің (су) тиісті а коэффициенті координаталардың жылдамдық жүйесінде айқындалады;
39) ұшақтың сырғу бұрышы В - ұшақ жылдамдығының бағытымен V және координаттарға байланысты ОХУ жүйесі жазықтығының арасындағы бұрыш;
40) крен бұрышы у - OZ көлденең осімен және ол кезінде жалтару бұрышы нөлге тең жағдайға ығыстырылған координаттардың қалыпты жүйесінің ОZg осі арасындағы бұрыш;
Ескерту: Координаттардың қалыпты жүйесінің басталуы ұшақ салмағының ортасына орналасады. OZ осі жергілікті сатылас бойынша жоғары бағытталған. ОХg§және OZg осітерінің бағыты міндетке сәйкес таңдалады;
41) тангаж бұрышы - ОХ бойлық осі мен координаттар қалыпты жүйелерінің ОХg Zg§көлденең жазықтығы арасындағы бұрыш;
42) Ө еңіс траекториясының бұрышы - Vк жер жылдамдылығы мен координаттар қалыпты жүйелерінің ОХg Zg§ көлденең жазықтығы арасындағы бұрыш.
Ескерту: Vк жер жылдамдығы - координаттардың қандай да бір жердегі жүйелеріне қатысты ұшақ салмағының орталығының қозғалыс жылдамдығы;
43) шығарып тастаудың ак әсер етуінің бұрышы (көтермелі күштің коэффициенті) (сқб - шығарып тастаудың басталуына сәйкес келетін ұшақтың әсер етуі (көтермелі күштің коэффициенті) бұрышы.
Ескертулер. 1. Шығарып тастаудың басталуы деп ұшқыштың бағалауы бойынша әсер етудің үлкен бұрыштарында жол берілмеуге тиіс ұшақтың өздігінен апериодтты немесе тербеліс қозғалысының (рульдердің әдеттегі шағын ауытқушылығымен оңай амалданатын қозғалысты қоспағанда) туындау сәті мен тіркеу деректері бойынша әсер ету бұрышын кемітпей тоқтамауы түсініледі.
2. Шығарып тастау деп әсер етудің үлкен бұрыштарында пайда болатын, әсер ету бұрышын кемітпей тоқтамайтын үлкен амплитудасы бар ұшақтың өздігінен апериодтты немесе тербеліс қозғалысымен сипатталатын құбылыс түсініледі;
44) рұқсат берілетін әсер етудің бұрышы (көтермелі күштің коэффициенті) ар(Срб) - ҰПБ-да нұсқама берілген ұшақтың конфигурациялары мен ұшу режимдері үшін пайдалану шектеулері ретінде белгіленетін әсер ету бұрышының (көтермелі күштің коэффициенті) мәні;
45) шекті әсер етудің бұрышы (көтермелі күштің коэффициенті) аш (Сшб) - ҰПБ-да нұсқама берілген ұшақтың конфигурациялары мен ұшу режимдері үшін шекті шектеулер ретінде белгіленетін әсер ету бұрышының (көтермелі күштің коэффициенті) мәні;
46) ең жоғары қол жеткізілген әсер ету бұрышы (көтермелі күштің коэффициенті) амах ж (смах ж) - ұшақтың ұшу сынақтары кезінде қол жеткізген әсер ету бұрышының (көтеру күші коэффициенті) ең үлкен мәні;
47) ең жоғары теңгерімділік әсер етудің бұрышы (көтермелі күштің коэффициенті) аmax т (смax т) - ұшудың қаралып отырған жағдайларында (конфигурация, орталықтау, стабилизатордың ахуалы, қозғалтқыштардың жұмыс істеу режимі және т.б.) тік көтерілуге штурвалдың толық ауытқушылығы кезінде ұшақтың әсер ету бұрышының (көтермелі күштің коэффициенті) неғұрлым орнықтырылған мәні;
48) ескертуші белгілердің туындауының әсер ету бұрышы (көтермелі күштің коэффициенті) ае(себ) - онда рұқсат етілетін әсер ету бұрышына (көтермелі күштің коэффициенті) ае (себ) табиғи немесе жасанды жасалған ескертуші белгілер туындайтын әсер етудің бұрышы (көтермелі күштің коэффициенті);
49) пумах ҰПБ-да көрсетілген ең жоғары пайдалану жүктелім - қаралып отырған ұшу салмағында және ұшақтың конфигурациясы кезінде координаттардың байланыскан жүйесінде айқындалатын маневрлеу кезінде ұшақ салмағының ортасында конструкцияның беріктігі бойынша барынша рұқсат етілетін қалыпты жүктелімнің мәні;
50) орнықтылық - ұшақтың ұшқыш араласпай оқыс емес қозғалыстың кинематикалық өлшемдерін қалыпқа келтіру мен ұшаққа оқыс әрекеттері аяқталғаннан кейін бастапқы режиміне қайту сипаты;
51) басқарылу - ұшақтың кеңістікте басқару (штурвал мен басқыштардың) иінтіректерін ауытқуына тиісті желілік және бұрышты ауыспалылығымен жауап беру сипаты;
52) қысқа кезеңді қозғалыс - ұшақтың ұшудың нақты тұрақты жылдамдығы V кезінде ұшақ айналуының кинематикалық өлшемдерінің салыстырмалы тез тербелісті өзгерісімен сипатталатын салмақтарының орталығына қатысты өзіндік бойлық қозғалысының түрі;
53) ұзын кезенді қозғалысы - ұшақтың әсер етудің нақты тұрақты бұрышы кезінде ұшу жылдамдығында, биіктігінде салыстырмалы баяу тербелісті өзгерісімен сипатталатын ұшудың бастапқы траекториясына қатысты өзіндік бойлық қозғалысының түрі;
54) шиыршықты қозғалыс - ұшақтың осы қозғалыстың тұрақтылығы немесе тұрақсыздығының дәрежесіне қарай өздігімен оның қисықтығы мен крен бұрышын кеміте немесе ұлғайта отырып, оның үдерісі кезінде ұшақ шиыршықты түрдегі траектория бойынша жүретін өзіндік бүйірлі апериодтты қозғалысының (әдетте баяу өтетін) түрі;
55) ұшақты теңгеру - әрбір конфигурация үшін рульдердің тиісті ауытқуларымен қамтамасыз ететін ұшудың белгіленген режимінде ұшаққа барлық әрекет жасаушы сәттердің тепе-теңдік жай-күйі. Ұшақты теңгеруді қамтамасыз ететін басқару рульдері мен иінтіректерінің жағдайлары теңгермелік деп аталады. Босатылған басқарумен ұшақтың теңгерілуі деп басқару иінтіректердегі күштер триммерлік құрылғылар арқылы нақты нөлге дейін азаюын теңгерілу деп атайды. Босатылған басқарумен ұшақты теңгеру басқару иінтіректеріндегі күштер триммер құрылғылары арқылы іс жүзінде нөлге дейін азаюын теңгеру деп аталады. Күштер бойынша теңгерілген ұшақта басқару иінтіректерін босату қалдық теңгерімсіздіктің ықпал етуімен олардың жүрісіне әкелмейді - қалдық теңгерімсіздікке тек қана басқарудағы үйкеліс күштерінің шегінде жол беріледі;
->
56) жүктелім n - нәтиже беруші күштің R (Р тартым мен RA
аэродинамалық күштің жиынтығы) еркін шығарып тастауды жылдамдатуға g ұшақ массасының m туындысына қатысты. Екпіннің, қонудың және жүгірістің жағдайлары үшін n жүктелімді айқындаған кезде қосымша жердің реакциясы ескеріледі. nх=Rх/mg бойлық жүктелім. nу=Rу/mg қалыпты жүктелім. nzA=RzA/mg көлденең жүктелім. Rх, Rу, Rz - тиісінше бойлық, қалыпты және көлденең күш (координаттар байланысқан жүйесінің осьтері бойынша нәтиже беруші күштің R құрамалары).
nхА=RхА/mg - тангендік жүктелім. nуА=RуАmg қалыпты жылдамдық жүктелімі. nzARzA/mg бүйірлі жүктелім, RхА, RуА, RzА - тиісінше тангендік күш, көтермелі күш және бүйірлі күш (координаттар байланысқан жүйесінің осьтері бойынша нәтиже беруші күштің R құрамалары);
57) Ұшақтың орнықтылығы мен басқарылу сипаттамасын қарау кезінде пайдаланылатын шартты белгілер:
Ф, бв, бэ, бн - стабилизаторға, биіктік руліне, элерондарға, бағыттау руліне тиісінше басқару органдарының аэродинамалық ауытқу бұрыштары (бұдан әрі - басқару органы);