1057. Навигацияның, қонудың және ӘҚБ-ның (әуе қозғалысын басқарудың) радиотехникалық жабдығы (НҰ РТЖ - навигациялық ұшудың радиотехникалық жабдығы) - ұшақтың ұшуы, маршрутта болуы, ұшуы мен қонуы кезінде оның қайда екендігін анықтап, сондай-ақ радиотехникалық әдістермен жерде орналасқан қызметтерге автоматты түрде деректер беруді қамтамасыз ететін жабдық.
1058. Радиобайланыс жабдығы (РБЖ) - радиоарналар бойынша хабарларды қабылдауды және жіберуді, экипаж мүшелері арасында байланыс жүргізуді, сондай-ақ жолаушыларды құлақтандырып отыруды қамтамасыз ететін жабдық.
1059. Антенна-фидер құрылғысы (АФҚ) - борттық НҰ РТЖ-ның және/немесе РБЖ-ның электромагниттік энергияны қабылдауын және/немесе оның сәуле шығаруын қамтамасыз ететін, құрамында антеннасы, байланыс элементтері мен фидерлері бар құрылғылар жиынтығы.
1060. Электротехникалық жабдық (ЭЖ) - электр энергиясын қабылдайтындар арасында электр энергиясының шоғырлануын, түрленуін, таралуын қамтамасыз ететін жабдық, сондай-ақ мақсаты дербес және басқа жүйелердің элементтері болып табылмайтын әр түрлі электротехникалық құрылғылар.
1061. Электрмен жабдықтау жүйесі (ЭЖЖ) - электр энергиясын шоғырландыру және оны тарату жүйелерінің жиынтығы.
1062. Туындату жүйесі - электр энергиясының (генераторлардың, токтың және кернеу шамасының түрлендіргіш қондырғыларының, аккумуляторлардың) бір орталықтан өндірілуін және оның сипаттамаларының берілген шекте болуын қамтамасыз ететін электр энергиясы көздерінің немесе түрлендіргіштерінің, олардың кернеулері мен жиіліктерін тұрақтандыру құрылғыларының, қатар жұмыстар жүргізу, қорғау, басқару мен бақылау құрылғыларының жиынтығы.
1063. Бастапқы электрмен жабдықтау жүйесі - генераторлары ұшақтың қадамдық қозғалтқыштары немесе көмекші күш-қуат қондырғысы арқылы қозғалысқа келетін электрмен жабдықтау жүйесі.
1064. Қайталама электрмен жабдықтау жүйесі - қуат көздері бастапқы жүйеден қуат ала отырып түрлендіргіш қондырғылар болып табылатын электрмен жабдықтау жүйесі.
1065. Электр энергиясының авариялық қуат көзі - қадамдық қозғалтқыштар мен көмекші күш-қуат қондырғысында (ККҚ) орнатылған бастапқы қуат көздері жұмысынан тәуелсіз электр энергия көзі. Авариялық қуат көзі электр энергиясын қабылдағыштардың шектеулі құрамына (І санатына) қуат беру үшін бастапқы қуат көздері істемей қалғанда немесе/және өшірілгенде ұшу кезінде қолданылады. Аккумулятор және одан қуат алып отыратын түрлендіргіш авариялық қуат көздеріне жатады.
1066. Электр энергиясын тарату жүйесі - электр энергиясын туындату жүйесінен, жердегі қуат көзінің қосылу элементінен тарату құрылғыларына және тарату құрылғыларынан соң қажетті коммутациялар өндіруді, қабылдағыштардың электрмен қуаттануын резервтеуді және тарату жүйесін бұзылудан қорғауды қамтамасыз ететін электр энергия қабылдағыштарына жеткізіп отыратын құрылғылар жиынтығы.
1067. Бастапқы тарату жүйесі - электр энергиясын туындату жүйесінен тарату құрылғыларына жеткізетін тарату жүйесінің бір бөлігі.
1068. Қайталама тарату жүйесі - электр энергиясын тарату құрылғыларынан электр энергия қабылдағыштарына жеткізетін тарату жүйесінің бір бөлігі.
1069. Электр энергиясын қабылдағыштар - жұмыс істеу үшін электр энергиясын қажет ететін жүйелер, құрылғылар, жекелеген блоктар. Электрмен жабдықтаудың сенімділік талаптары бойынша электр энергиясының қабылдағыштары үш санатқа бөлінеді:
1) ұшу мен қонудың қауіпсіз аяқталуын қамтамасыз ету үшін қажетті бірінші санатты электр энергиясын қабылдағыштар;
2) ұшу тапсырмасы бойынша жоспарланған ұшу мен қонудың қауіпсіз жалғасуы үшін қажетті екінші санатты электр энергиясын қабылдағыштар;
3) электр қуатының тоқтатылуы ұшу қауіпсіздігіне және ұшу тапсырмасын орындауға әсер етпейтін үшінші санатты электр энергиясын қабылдағыштар.
1070. Жарық техникасының жабдығы (ЖТЖ) - жалпы және жергілікті жарықпен жолаушылар салонын, экипаж кабинасын, техникалық және жүк бөлімдерін, басқару аспаптары мен пульттарын, белгілеумен және сыртқы жарықпен авариялық шығаберістерді, ұшақтардың қайда екендігін жарықпен белгілеуді, сондай-ақ жүргізгенде, көтерілгенде, қонғанда сыртқы кеңістікті жарықпен және ұшақ конструкциясы элементтерін жарықпен қамтамасыз ететін жабдық.
1071. Күш-қуат қондырғысы жұмысын бақылау құралдары (8-бөлімде қаралып отырған) - экипажға қозғалтқыштардың, отын және май жүру жүйелерінің жұмыстары өлшемдерін өлшеуді және индикациялауды қамтамасыз ететін аспаптар.
1072. Негізгі жабдық - күтіліп отырған пайдалану жағдайларында берілген негізгі функцияларды қамтамасыз ету үшін қажет болатын міндетті жабдық.
1073. Резервтік жабдық - негізгі жабдықтың жекелеген түрлері істен шыққанда немесе оларды пайдалану мүмкін болмағанда қолайлы дәл сипаттамалары бар функциялардың шектелген санының қалыпты орындалуын қамтамасыз ету үшін қажет болатын міндетті жабдық.
1074. Орталық сигнал шамы (ОСШ) - ұшақтың авариялық немесе ескерту сигналдарының кез келгенінің қосылғаны туралы ұшақ экипажы мүшелерінің назарын аударуға және ақпарат үшін арналған жарық сигнал құрылғысы.
1075. RBS (А, АС) режимі (Radar Beacon System) - Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 10-қосымшасына сәйкес радиолокациялык жауапкердің жиілік диапазонында және сауал-жауап кодтары бойынша ӘҚБ-ның жұмыс режимі.
1076. ӘҚБ режимі - радиолокациялық жауапкердің КСРО қайталама жүйесінде қабылданған жиілік диапазонында және сауал-жауап кодтары бойынша жұмыс режимі.
1077. 164-202 тарауларын талаптары мынадай борт жабдықтарына таралады:
- ұшу-навигациялық жабдыққа (ҰНЖ);
- навигацияның, қонудың және әуе қозғалысын басқарудың радиотехникалық жабдығына (НҰ РТЖ және ӘҚБ);
- радиобайланыс жабдығына (РБЖ);
- электротехникалық жабдыққа (ЭЖ);
- жарық беру техникалық жабдығына (ЖТЖ);
- күш-қуат қондырғысы жұмысын бақылау құралдарына.
8-бөлімде кабина мен сигнализацияны жайғастыру талаптары да баяндалған.
Ескерту: 164-202 тараулардағы талаптар ұшу-навигациялық өлшемдер және/немесе күш-қуат қондырғысы жұмысының өлшемдері туралы ақпаратты бейнелеу үшін экран индикаторларын пайдаланатын жабдықтарға таралмайды.
1078. 164-202 тарауларын ережелері ұшақ жабдығының құрамын, техникалық сипаттамаларға, конструкцияларға және жабдықты ұшақта жайғастыруға жалпы талаптарды, сондай-ақ экипаж кабинасын жайластырып, онда ақпарат пен сигнализацияны бейнелейтін құралдардың орналастырылуына қойылатын талаптарды айқындайды.
1079. Борт жабдығы күтіліп отырған пайдалану жағдайларында ұшақта ұшуды пайдалану жөніндегі басшылыққа (ҰЭБ) сәйкес ұшуды жүргізу үшін барлық қажетті функциялардың орындалуын қамтамасыз ететіндей құрастырылып, дайындалып және орнатылған болуы керек.
1080. Борт жабдығы ұшу кезінде және жерде ұшақтың нақты бір түрін пайдалану процесі барысында қажетті функцияларды сыртқы әсерлер жағдайында қамтамасыз ететіндей құрастырылып, дайындалып және орнатылған болуы керек.
Егер борт жабдығы 1087-тармақтың талаптарына сәйкес келсе, ал осы жабдықтың орнату орындарындағы ұшақта орын алуы мүмкін сыртқы әсер өлшемдері 1077-1078-тармақтарда баяндалған тиісті Нормалардан аспаса, онда қосымша дәлелдерсіз-ақ бұл тармақтың орындалуы қамтамасыз етіледі.
1081. Жарылу қаупі бар аймақта орнатылған борттық жабдық 1078-тармақта баяндалған жабдықтың жарылу қаупі жөніндегі талаптарды қанағаттандыруы қажет.
1082. Ұшақта орнатылған борттық жабдықтың қалыпты жұмыс істеуі барысында да, мүмкін болатын істен шығу жағдайларында да өрттің, улы газдардың қауіпті ошағы болып табылмайтындығы шын мәнісінде дәлелденуі қажет.
1083. Борттық жабдық КОЭЖ-да (күтіліп отырған пайдалану жағдайларында) ұшуларды орындау кезінде қолданыстағы эшелондау және ұшақты жүргізу мен басқару жөніндегі талаптарды қамтамасыз ететіндей құрастырылып, жасалып және орнатылған болуы қажет.
1084. Борттық жабдық ұшақтың нақты үлгісінде орын алатын электр қуаты ретінде жұмысқа қабілетті болуы қажет. Электр қуаты бойынша 1077-тармақ қосымшасының талаптарын орындау осы тармақтың ұшақтағы электр энергиясын қабылдағыштар мен ЭЖЖ-ға қатысты талаптарын қосымша дәлелдерсіз-ақ орындалуын қамтамасыз етеді.
1085. Бірінші санатты электр энергиясын қабылдағыштардың құрамы төмендегі талаптар бойынша таңдап алынуы қажет:
1) ККҚҚ-да (көмекші күш-қуат қондырғысында) орнатылып генераторлармен жабдықталған, қадамдық қозғалтқыштарда орнатылып барлық генераторлары өшкен (істен шыққан) және КККҚ іске қосылмаған жағдайда, тек осы қабылдағыштардың жұмысы барысында ғана ҰПБ нұсқауларына сәйкес, ең болмаса КККҚ-ны іске қосу аяқталып оның генераторы электр энергиясын тарату жүйесіне қосылғанға дейін ұшақтарға ұшуды аяқтауға және олардың қауіпсіз қонуына немесе ұшуына мүмкіндікті қамтамасыз ететін электр энергиясын қабылдағыштар;
2) КККҚ-да орнатылып генераторлармен жабдықталмаған, барлық генераторлары өшкен (істен шыққан) жағдайда, тек осы қабылдағыштардың жұмысы барысында ғана ҰПБ нұсқауларына сәйкес ұшақтарға ұшуды аяқтауға және олардың қауіпсіз қонуына мүмкіндікті қамтамасыз ететін электр энергиясын қабылдағыштар.
1086. Электрмен жабдықтау жүйесіндегі және/немесе оның арналарының біріндегі істен шығулар кезінде кез келген шина немесе арна қабылдағыштарының қуатын жоғалтуға немесе қабылдағыштардың электр қуаты сапасының төмендеуіне әкелетін жағдай күрделіден ауырлау болмауы қажет.
1087. Қандайда болмасын қабылдағыштардың істен шығуы немесе ақауы басқа І немесе II санатты қабылдағыштарды электрмен жабдықтаудың тоқтатылуына әкелмеуі қажет.
Ұшуды (көтерілгеннен қонғанға дейін) (2.1.1-ге ескерту) орындаудың мүмкіндігі инженерлік талдау және/немесе сынақтар арқылы III санатты электр қабылдағыштар өшкен кезде бұрындары белгіленген ұшу жоспарына сәйкес дәлелденуі қажет.
1088. Электр энергиясын тұтынатын және ұшу барысында тікелей қызмет көрсетуді талап ететін функционалдық жүйенің барлық элементтері қызмет көрсету кезінде немесе кездейсоқ жанасқанда электр тогына түсу қаупін болдырмайтындай етіп жасалған және (немесе) орнатылған болуы қажет.
1089. Жұмыс істеу барысында реттеуді қажет ететін құрылғылардың кез келген бөлігінің температурасы қоршаған ортаның температурасынан 20оС-тан аспауы қажет. Ұшақта жолаушыларға және экипажға қол жетімді жерде немесе олардың заттарымен жанасатын жерде орналасқан құрылғылардың сыртқы бетінің температурасы (ас үй жабдығының ыстық бетін айтпағанда) +20оС қоршаған ауаның температурасы кезінде +70оС-тан аспауы қажет.
1090. Борттық жабдық оның басқару органдарын пайдалану барысындағы мүмкін болатын барлық жағдайларда, сондай-ақ жұмыс операцияларының қажетті бірізділігі бұзылған жағдайда осы жабдықтың және аталмыш жабдыққа қандай да бір қатысы бар басқа бір жабдықтың бұзылуына әкелмейтіндей құрастырылып жасалған және орнатылған болуы қажет. Ұшу барысында пайдаланылмайтын басқару және реттеу органдарына экипаж қол жеткізе алмауы қажет.
1091. УУП-дан ауырлау ерекше жағдайдың туындауына тікелей себепші болатын функционалдық жабдықтың істен шығуы жұмыс барысында тұрып қалатын функционалдық жабдық үшін олардың істен шығу күйіне бақылау құралдары көзделіп, экипажға индикация үшін істен шығу туралы сигналды берудің және (немесе) оқшаулауды қамтамасыз ету үшін өзара әрекет ететін жүйелермен оны қолданудың мүмкіндігі қамтамасыз етілуі қажет (тиісті басқару режимі үшін істен шыққан жүйені қосудың мүмкін еместігі).
1092. Жабдықтың конструкциясында оның дұрыс жұмыс істеуін тексеру үшін жұмыс істеу қабілеттілігіне бақылау жасайтын кіріктірілген бақылаудың немесе жұмыс істеу қабілеттілігіне бақылау жасаудың сыртқы құрылғыларымен ұштасқан мүмкіндіктердің болуы көзделген болуы қажет.
1093. Борттық жабдық экипаждың тиісті мүшелері ұшу барысында онымен жұмыс істеуі үшін оларға қажетті жағдайларды қамтамасыз ететіндей талаптарға сәйкес ұшақта орнатылуы қажет.
1094. Электр энергиясын немесе электр сигналдарын (электр қуаттандыру, басқару, ақпарат тізбектерін және антенна-фидер құрылғыларын қоса алғанда) тұтынатын, туындататын, түрлендіретін немесе тарататын барлық функционалдық жүйелер пайдалану барысындағы олардың мүмкін болатын бір мезгілде жұмыс істеуі кезінде НҰ РТЖ, РБЖ-ның немесе электрондық құрылғылардың жұмыс істеу қабілеттілігін бұзуға немесе ерекше жағдайлардың туындауына әкелетін электр магниттік кедергілер пайда болмайтындай құрастырылып жасалып, ұшақта орнатылуы қажет.
Ескерту. 1. Функционалдық жүйенің барлық элементтері 1108-тармақтың талаптарына сәйкес құрастырылған болуы қажет.
2. Егер қуат көзі мен кедергі қабылдағышының жұмыстарын уақыт бойынша қоюға мүмкіндік қамтамасыз етілген болса, онда ұшу жағдайларының күрделенуімен салыстырғанда одан да күрделі ерекше жағдайдың туындауына әкелмейтін электр магниттік кедергілердің болуына жол беріледі.
1095. Ұшақ пен жабдыққа берілетін техникалық құжаттаманың құрамы мен мазмұны жабдықтың дұрыс пайдаланылуын, оған дұрыс қызмет көрсетілуін, дұрыс сақталуын және дұрыс тасымалдануын қамтамасыз етуі қажет. Жабдықта бұйымның нақты идентификациясын қамтамасыз ететін таңба болуы қажет.
1096. Жабдықтың мүмкін болатын ауытқуларын ескере отырып, өлшемдердің өлшеу және индикациялау диапазоны КОЭЖ-да (күтіліп отырған пайдаланушылық жағдайларда) ұшулардың орындалуын қамтамасыз етуі қажет.
1097. Борттық жабдық қажетті есептеулерді, стендтік және/немесе жердегі, ұшу барысындағы сынақтарды растай отырып 136-тармақтың талаптарына сәйкес болуы қажет.
165. Сымдардың бұрауларын төсеуге және оларды
қорғауға қойылатын талаптар
1098. Сымдардың бұраулары оларды шешпестен аппаратураны және ұшақты тексеріп отыруға, қызмет көрсетуге және реттеуге қиындық туғызбайтындай етіп төселуі қажет және элементтердің таңбасы жабылып қалмауы қажет.
1099. Ұшақта қолданылатын сымдар ұшақтың барлық КОЭЖ-дағы олар төселетін орындарда пайда болуы мүмкін барлық жағдайларда қолдануға есептелген болуы қажет.
1100. Механикалық әсерлер немесе сұйықтықтардың, булардың және ыстық ауаның әсерлері болуы мүмкін жерлерде орналасқан сым бұрауларының жекелеген учаскелерінің осыған тиісті қорғанышы болуы қажет. Бұраулардың уақыт өте майысатын жерлерінде арнайы және икемді сымдарды қолдану қажет.
1101. Сымдарды өздігінен сөнетіндей етіп оқшаулау қажет. Сымдардың өздігінен сөну қабілеттілігін анықтау бойынша сынақ әдістемесі.
1102. Сымдардың бұраулары гидравликалық, отын және май жүйелері құбырларынан жоғары төселуі қажет. Аталған жүйелерді тиісті түрде қорғай отырып, олардың агрегаттары маңында сымдар мен бұраулар учаскелерін құбырлардан төмен төсеуге жол беріледі. Бұрауларды төсеу барысында сымдардың оқшаулануын бұзуға жол бермейтін сымдардың бұраулары мен конструкция элементтері, түрлі жүйелердің блоктары, құбырлары арасы қажетті саңылаулармен қамтамасыз етілуі қажет.
1103. Жекелеген жүйелер мен тарату құрылғыларының резервтік элементтерін қуаттандыратын сымдардың бір мезгілде бұзылуын азайту үшін олардың аралары бөліну қажет.
Ұштық болып бітелген қимасы 4,0 мм2 және одан да кем сымдар үшін ұзындығы бойынша оның әрбір ұшынан кем дегенде үш рет қайтадан бітеп отыруға мүмкіндік беретін пайдаланушылық қор көзделуі қажет. Аталған қорды бұраулар бекітілген 3-4 нүктенің учаскесінде сымдар бітелген жерден бастап біркелкі етіп бөледі.
1104. Бұраулардың жылжымалы учаскелері бұрауларға зақым келтірмей жөндеуаралық ресурс шегінде ұшақ конструкциясы бөліктерінің еркін жылжуын қамтамасыз етуі қажет.
166. Ұшақтың корпусына минустық сымдарды жалғау
кезінде қойылатын талаптар
1105. Минустық сымдар жалғанған орындарға су, отын, май, гидроқоспалар және т.б. сұйықтықтар тікелей әсер етпеуі қажет.
1106. Минустық сымдарды жалғау конструкция беріктігінің кемуіне әкелмеуі қажет. Минустық сымдар жалғанған орындардағы корпустың қалыңдығы төмендегі көрсетілген шамалардан кем болмауы қажет:
18-кесте
Сым қимасы, мм2 | Корпустың қалыңдығы, мм |
от 0,2 до 1,50 | 1 |
от 1,50 до 10,00 | 1,5 |
от 10,00 до 25,00 | 2,5 |
от 25,00 до 70,00 | 3 |
от 70,00 до 95,00 | 4 |
Ескерту. Минустық сымдар жалғанған орындардағы корпус қалыңдығын жапсырмалар (накладкалар), шиналар және басқа детальдарды орнату есебінен арттыруға жол беріледі.
1107. Борттық желіде бір болтпен немесе бір клеммамен III санатты қабылдағыштар үшін үш ұштыққа дейін, сымдарының қимасы 1,5 мм2 аспайтын І және II санатты қабылдағыштар үшін екі ұштыққа дейін; жалғану орындарындағы +85оС дейінгі температура кезінде сымдарының қимасы 4 мм2 аспайтын III санатты қабылдағыштар үшін екі ұштыққа дейін және І және II санатты қабылдағыштар үшін бір ұштыққа дейін бекітуге жол беріледі және температурасы +85оС-тан асатын кезде кез келген қимадағы сымдары барлар үшін бір ұштықтан аспайтындай етіп бекітуге жол беріледі.
1108. Ұшақтың ұштығы мен корпусы арасындағы ауыспалы кедергілердің шамасы төменде көрсетілген шамалардан аспауы қажет:
Сым қимасы, мм2 | Ауыспалы кедергінің шамасы, мкОм |
от 0,2 до 2,50 | 600 |
от 2,50 до 10,00 | 500 |
от 10,00 до 26,00 | 400 |
35,00 | 300 |
50,00; 70,00 | 200 |
95,00 | 100 |
Минустық сымдардың жерге қосылған нүктелері (клеммалары, болттары, гайкалары) қызыл түске боялуы қажет.
167. Электр қосқыштарды орнатуға байланысты қойылатын талаптар
1109. Төменгі жиіліктегі электр қосқыштар оның конструкциясында көзделген барлық бекіту нүктелерін пайдалана отырып оларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін орындарда мықтап бекітілуі қажет.
1110. Төменгі жиіліктегі электр қосқыштарды орнату бұрауларды қатты бұрамай-ақ қосқыш бөліктерінің мүшелерін біріктіруге және ажыратуға мүмкіндікті қамтамасыз ететіндей орындалуы қажет.
1111. Қосқыш бөліктері тоғысқаннан кейін олардың қосылғандығының бақылауышын қамтамасыз ету қажет.
1112. Ұшу барысында іске қосылмаған жабдық (мысалы, КПА) үшін көзделген қосқыштарға бақылауыштары бар тығындауыштар орнатылуы қажет.
1113. Екі және одан да көп қосқыштарды орнату кезінде оларға бір-біріне тікелей жақын жерде кез келген қосқыштың басқа бір бөлікпен бірігуін болдырмайтын конструктивті шаралар қолданылуы қажет.
1114. Қосқышты орнататын орын қосқышқа ылғалдың тікелей түсуін болдырмайтындай таңдап алынуы қажет немесе қосқышқа ылғалдың осылай түсуін болдырмайтын қорғаныш көзделуі қажет.
1115. Бұраулар бойынша қосқыштарға ылғал түспес үшін бұраулар астынан келтіріледі немесе олардың ілмектері болуы қажет.
168. Ұшу-навигациялық жабдық
1116. Осы бөлімнің талаптары (навигациялық қонудың радиотехникалық жабдығын (НҰ РТЖ) қоспағанда) ұшу-навигациялық жабдыққа таралады. Бұл жабдықтарға (құралдарға) приборлар, агрегаттар, құрылғылар, сондай-ақ күтіліп отырған барлық пайдалану жағдайларында ұшақты жүргізу және басқару үшін қажетті жүйелер мен кешендер жатуы мүмкін.
1117. Ұшақта қауіпсіз ұшу талаптарын қанағаттандыру үшін ұшу-навигациялық жабдықтары орнатылады. Оның құрамы (номенклатурасы және мөлшері) күтіліп отырған пайдаланушылық жағдайларынан шыға отырып таңдалуы қажет.
1118. Ұшаққа орнатылатын әрбір жабдық түрлері үлгілерінің мөлшері ең төменгі болуы қажет. Сонымен қатар, НҰ РТЖ-мен бірге күтіліп отырған пайдалану жағдайларында ұшуды орындауға жол беретін резервтеу (құрылымдық және/немесе функционалдық) қамтамасыз етілуі қажет.
1119. Ұшу-навигациялық жабдық оған таралатын 1087-88-тармақтың талаптарына сәйкес болуы қажет.
1120. Көзбен шолып ұшу ережелері (КШҰЕ) бойынша ұшуға арналған ұшақта мынадай жабдықтар:
1) әрбір ұшқышта:
- прибор жылдамдығының ең жоғары пайдалану приборының жылдамдығын (Vmaxэ) индикациялау приборы немесе индикаторы;
- барометрлік биіктік приборы немесе индикаторы;
- жантаю және тангаж бұрыштарының приборы немесе индикаторы;
- сырғанау индикаторы;
2) екі ұшқышқа ортақ:
- автономды магниттік компас (КИ үлгісіндегі);
- секунд көрсеткіші, сағатын, минутын және секундын көрсететін тілдері немесе цифрлық көрсеткіші бар сағат;
- сыртқы ауа температурасының индикаторы орнатылуы қажет.
Ескерту: Бортинженерде сыртқы ауа температурасының индикаторы болған жағдайда сыртқы ауа температурасының индикаторын ұшқыштардың біреуінде орнатуға жол беріледі.
1121. Аспаптар бойынша ұшу ережесі (бұдан әрі - ПҰЕ) бойынша ұшуға арналған ұшақта аталған жабдықтардан басқа мынадай жабдықтар орнатылуы қажет:
1) әрбір ұшқышта:
- гироскопиялық немесе эквивалента есептеуіш құрылғылармен тұрақтандырылған, магниттік және/немесе шын және/немесе келтірілген (магниттік немесе шын меридианға) курс приборы немесе индикаторы;
- тік жылдамдық приборы (вариометр);
- айналу бұрыш жылдамдығының аспабы;
2) бірінші ұшқышта:
- резервтік механикалық барометрлік биіктік өлшеуіш;
3) екі ұшқышқа ортақ:
- резервтік авиакөкжиек;
- жантаю бұрышын пайдаланудағы рұқсатты шаманың сигнализаторы.
Ескерту. Жантаю бұрышын пайдаланудағы рұқсатты шаманың сигнализаторын жантаю белгісін көрсетпестен орындауға жол беріледі.
1122. Ұшақта мынадай жабдықтардан орнатылуы керек:
1) әрбір ұшқышта:
- М саны бойынша шектеуі бар ұшақта ең жоғары пайдаланушылық М
санының (Мmaxэ) индикациясы бар ағымдағы М санының приборы немесе индикаторы.
Ескерту. Ең жоғары пайдалану приборының жылдамдығын және ең жоғары пайдалану М санын шектеуді ең жоғары пайдалану приборы жылдамдығының көрсеткіші (индексі) арқылы индикациялауға жол беріледі.
2) екі ұшқышқа ортақ:
- ұшақта құлауға жақындағаны туралы ескертетін табиғи немесе жасанды белгілері жоқ рұқсатты шабуылдау бұрышының индикациясы бар ағымдағы шабуылдау бұрышының индикаторы;
- ұшақта қалыпты салмақ артуы бойынша шектеулері жоқ ең жоғары пайдаланушылық салмақ артудың индикациясы бар қалыпты салмақ арту приборы немесе индикаторы;
- экипаж құрамында ұшуды басқарудан бос және навигацияны қамтамасыз ету міндеттерін (штурмандық функциялар) орындайтын адам жоқ болған жағдайда ұзақтығы 300 км-ден астам трассалар бойынша ПҰЕ (аспаптар бойынша ұшу ережесі) жағдайларындағы ұшатын ұшақтарда ұшақ орны координатасының индикаторы;
- ең жоғары пайдалану приборы жылдамдығының сигнализаторы (Vmaxэ);
3) ұшақ биіктіктері футтық өлшемдегі эшелондардың трассалары бойынша ұшқан жағдайда ұшқыштарда биіктіктің футтық шкаласы бар прибор (лар) немесе индикатор (лар) орнатылуы қажет.
1123. Ұшақта автоматтандырылған басқару құралдары (бұдан әрі - АБҚ) орнатылуы қажет. Бұл құралдардың құрамына автопилот (АП) және қажет болған жағдайда траекториялық басқару жүйесі (бұдан әрі - ТБЖ) мен қозғалтқыштар тартымының автоматы (бұдан әрі - ҚТА) кіреді. Ең жоғары крейсерлік ұшу биіктігі 4200 м-ден аспайтын жеңіл ұшақтар үшін осы тармақтың талаптары ұсынымдық сипатта болып табылады.
Ескерту. Автоматтандырылған басқару құралдары деп жекелей алынған автопилотты, ТБЖ-ны және ҚТА-ны, сондай-ақ олардың жиынтығын да айтамыз.
1124. Аспаптармен индикацияланатын өлшемдерді бөлек индикациясы бар приборлармен (индикаторлармен) де, сондай-ақ қосарланған индикациясы бар приборлармен (индикаторлармен) де индикациялауға болады. Сонымен қатар:
- механикалық приборларда бірінші ұшқыштағы барометрлік биіктікті және әрбір ұшқыштағы прибор жылдамдығын;
- екі ұшқышқа ортақ автономды магниттік компастағы магниттік курсты бөлек индикациялау сақталу қажет.
Ескерту. 1. Егер қосарланған индикациясы бар осы өлшемдерді индикациялау үшін жеке механикалық арна қолданылатын болса, онда механикалық приборлардағы аспап жылдамдығын, сондай-ақ барометрлік биіктікті бөлек индикациялау міндетті емес.
2. Механикалық прибор деп толықтай механикалық приборды, сондай-ақ прибордың кез келген электр механикалық бөлігі істен шыққан кездегі өлшеу және индикациялау механикалық арнасының жұмыс істеу қабілеттілігі сақталатын электр механикалық приборларды да айтамыз.
1125. Ұшқыштардың біреуі кез келген экипаж мүшесінің қосымша іс-әрекеттерінсіз осы өлшемдердің өлшеу жүйелерінде кез келген жекелеген істен шығу жағдайлары туындаған кезде, сондай-ақ электр қуаттандырудың істен шыққандығына байланысты туындаған жағдайды ұшқышқа дереу хабарлай отырып жантаю, тангаж бұрыштарының және гироскопиялық курстың индикациясын қамтамасыз етуі қажет.
1126. Егер жабдық 5.7-де талап етілетін басқару мен ұшақ жүргізудің дәлдігін қамтамасыз етуге жеткіліксіз болса, онда күтілетін пайдалану жағдайларында аталған талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін қосымша жабдық орнатылуы қажет.