1) ұшақ пен қозғалтқыштың нақты үлгісі үшін РП анықтаған дәлдікпен пайдаланудың күтілетін жағдайларында РУД-тың өзгермеген ережесі кезінде қозғалтқыштың берілген жұмыс режимін ұстап тұру;
2) ұшақ пен қозғалтқыштың нақты үлгісі үшін РП анықтаған жердегі және газы аз ұшу режиміндегі тартқыш (қуат) шамасын немесе оған сәйкес келетін қозғалтқыш өлшемін ұстап тастау;
3) қозғалтқышты іске қосу және ажыратып тастау;
4) өртке қарсы кранмен басқару қамтамасыз етілуге тиіс.
980. Әрбір қозғалтқышты басқару жүйесінде «газы аз ұшу» ережесі үшін РУД ұшудағы ниеттенбеген ауысуды болдырмайтын құрылғы көзделуге тиіс.
151. Әуе бұрамы қалақтарының қадамын басқару
981. Қадамын өзгерткен әрбір әуе бұрамы айналу жиілігінің (қадамының) жекелеген реттегішімен жабдықталуға тиіс. Әуе бұрамы қалақтарының қадамы қолмен басқарылған жағдайда басқару рычагы топпен орнын ауыстыруға және әрбір бұрамды жеке-жеке басқаруға, сондай-ақ барлық бұрамдарды бір мезгілде басқаруға жол берілуге тиіс.
982. Флюгерлік жағдайдағы әуе бұрамы қалақтарын ауыстыру флюгирлеудің жекелеген жүйесімен қамтамасыз етілуге тиіс.
Әуе бұрамы қалақтарын флюгирлеу жүйесі ұшақтың басқа жүйелеріне байланысы жоқ автономиялық сұйықтықты (май, отын) немесе пневматикалық қорегі және жалпы желіден электрмен жабдықтаудың авариялық көздеріне автоматты түрде қосудың электр қорегі болуға тиіс.
Жүйе қуатты қондырғының қалыпты жұмысы уақытында әуе бұрамы қалақтарын әдейілеп емес флюгирлеуді болдырмайтын құрылғылармен жабдықталуға тиіс.
983. Автоматты түрді қамтитын әуе бұрамы қалақтарын флюгирлеу жүйесінен басқа, қолмен істелетін флюгирлеуді қамтитын әуе бұрамы қалақтарын мәжбүрлі флюгирлеу құралдары болуға тиіс.
984. Флюгирлеу жүйесі әуе бұрамдарының қалыпты жұмысын бұзбауға тиіс және майдың кез келген температуралары, пайдаланудың күтілетін жағдайлары кезінде мүмкін болатын жүктелімдер мен тербелістер жағдайында ұшудың барлық биіктіктерінде және жылдамдықтарында дұрыс жұмыс істеуге тиіс.
985. Автоматты құрылғы әуе бұрамы қалақтарын флюгирлеу жүйесін қосуға алып келмейтін автоматты құрылғының оның жүйені қамтуға тиістілерден айырмашылығының барлық жағдайларында расталуға тиіс, мысалы автоматты құрылғы:
1) қол жетімді шектерде қуатты қысқа мерзімді азайту;
2) төмендетілген режимдегі қозғалтқыштың жұмысымен ұшақты қондыру;
3) қол жетімді теріс және нөлдің маңындағы жүктелімдердің ұшу кезінде ұшаққа тигізетін ықпалы жағдайларында флюгирлеуді болдырмауға тиіс.
986. Флюгирлеу жүйесі, егер РУД қозғалтқыш істен шыққан жағдайда автоматты қосылуға тиісті режимдерге сәйкес жағдайда болса, іс-қимылға әрқашан дайын болуға тиіс және экипаж мүшелерінің арнайы іс-әрекеттерінсіз қалақтардың бұрамын флюгирлеуді қамтамасыз етуге тиіс.
987. Флюгирлеу жүйесі флюгерлік жағдайдан бұрам қалақтарын шығаруды қамтамасыз етуге, қозғалтқыштың одан арғы қалыпты жұмысы үшін қайталап іске қосуға жол беруге тиіс.
988. Ұшақта ҚҚ кері қимылдайтын тартқыш режиміне көшудің кері қимылдайтын бұрамын пайдалану кезінде қозғалтқыштарды "өзіне" қарай басқару рычагының қозғалысы жағдайында жүзеге асырылуға тиіс. Қуатты қондырғыны қозғалтқышта симметриялы орналасқан бұрамның кері қимылдау жүйесі істен шыққан жағдайда, егер мұндай істен шығу жағдайға әкелетін болса, кері қимылдайтын тартым режиміне көшіруді болдырмайтын қорғау құралдары көзделуге тиіс.
989. Бұрам қалақтарын аралық тіректермен басқару, оларды симметриялық орналасқан қозғалтқыштарға қосу және ажырату бір мезгілде жүргізілуге тиіс және бір қозғалыспен жүзеге асырылуға тиіс. Бұдан басқа, бұрам қалақтарын аралық тіректермен басқару мүмкіндігі әрбір бұрамға жеке-жеке көзделуге тиіс. Флюгирлеу жүйесін әдейі қосуды болдырмайтын құралдар көзделуге тиіс.
990. Ұшақта бұрамның кері қимылдайтын тартымын басқару жүйесін қосу туралы белгі беру орындалуға тиіс.
991. Әуе бұрамдарының қалақтарының флюгирлеу жүйесінде қолданылатын май сораптарының қозғалтқыштары олардың жұмыстарына берілген уақыт кезеңі аяқталғаннан кейін автоматты түрде тоқтатылуға тиіс. Сондай-ақ флюгирлеу процесі орындалғаннан кейін оларды қолмен тоқтату мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.
Сорап қозғалтқышы қорегінің электр тізбектерінде қозғалтқыш істеп тұрған кезде жанып тұруға тиісті белгі беретін шам орнатылуға тиіс.
152. Қозғалтқышты ажыратып тастау құрылғысы
992. Ұшақтағы әрбір қозғалтқыш үшін ажыратып тастау құрылғысы қарастырылуға тиіс. Егер қозғалтқышта электрмен басқарылатын қозғалтқышты ажыратып тастау құралдары орнатылған болса, онда оларды электрмен жабдықтау пайдаланудың күтілетін жағдайларында, электрмен жабдықтаудың апатты көздеріндегі ерекше оқиғаны қоса алғанда, қамтамасыз етілуге тиіс, ал өрттен қауіпті бөліктерде орналастырылған, ажыратып тастау құрылғыларымен басқарылатын электр өткізгіші отқа төзімді сымдармен орындалуға тиіс немесе отқа төзімді оқшауламасы болуға тиіс.
993. Қозғалтқышқа отын беруді ажырататын құрылғылардың жұмыс істеуі басқа қызмет көрсету жұмыстарын (мысалы, отынды өртке қарсы қолданылатын кранмен бір қозғалтқышқа беруді ажыратып тастау кезінде басқа қозғалтқыштардың жұмысы бұзылмауға немесе қандай да бір шектейтін жүйелердің жұмыс істеуіне әкелуге тиіс) бұзушылыққа алып келмеуге тиіс.
994. Ажыратып тастайтын құрылғылардың еріксіз жұмыс істеуінен қорғайтын құралдар көзделуі тиіс.
153. Кері қимылдайтын құрылғыны басқару жүйесі
995. Қуатты қондырғының кері қимылдайтын құрылғысымен қозғалтқыштың кері қимылдайтын құрылғысын басқару жүйесімен бірлесіп талабын қанағаттандыруға тиіс, сондай-ақ тиісті әуе айлақтық қоректену көздерінен ұшақтағы жұмыс істемейтін қозғалтқыштағы кері қимылдайтын құрылғының іс-қимылына сынамасын жүргізуге мүмкіндік береді.
996. Қозғалтқыштардың кері қимылдайтын құрылғыларымен басқару органдары әрбір қозғалтқышты жеке-жеке және барлық қозғалтқыштарды бірге кері қимылдайтын құрылғымен және тартыммен басқару мүмкіндігі жүзеге асырылатындай топтастырылуға және орналастырылуға тиіс.
997. Кері қимылдайтын құрылғымен басқару жүйесі кері тартымды көбейту үшін РУР «өзіне» қарай, ал кеміту үшін - «өзінен» кері жылжыту қажет болатындай етіп орындалуға тиіс.
Кері қимылдайтын құрылғыны қосуды болдырмайтын қорғау құралдары, егер мұндай істен шығу апатты жағдайға әкелетін болса, симметриялы орналастырылған қозғалтқыштардың біреуіне ғана көзделуге тиіс.
998. Ұшу экипажының ақпараты үшін белгі беру құралдары:
1) кері қимылдайтын тартқыш режимдерінде қозғалтқыш жұмысының барлық уақыты ішінде кері тартқыш жағдайында кері қимылдайтын құрылғының болуы туралы;
2) қозғалтқышты тікелей тартым режимдеріндегі жұмысы кезінде кері қимылдайтын құрылғының құлпы кенеттен ашылғандығы туралы және ұшу экипажы кері қимылдайтын құрылғыны қосқан кезде кері қимылдайтын құрылғы құлпының ашылғандығы туралы қарастырылуға тиіс.
999. Ұшақта кері қимылдайтын құрылғымен басқару органдары кері қимылдайтын құрылғыны аз болғанда, анық көрсетілген операциялардың екі жеке операциясын орындау қажеттігін талап ететіндей болып орындалуға тиіс:
1) «газы аз ұшудағы» немесе «газы аз жердегі» жағдайда тіке тартымды тіркегішімен жинау;
2) кері қимылдайтын құрылғы мен шығуды кері қимылдайтын тартым режиміне қосу.
1000. Кері қимылдайтын құрылғыны пайдалану ұсынылатын және рұқсат етілетін РҰП-да ұшу жағдайлары мен режимдері келісілуге тиіс.
154. Қосымша қуатты қондырғыны басқару жүйесі
1001. ҚҚҚ басқару жүйесі экипаждың кабинасынан қашықтықты болуға тиіс және мыналарды:
1) ҚГТҚ іске қосуды және ажыратып тастауды;
2) ҚГТҚ режимін өзгертуді, егер бұл оның конструкциясында көзделген болса;
3) ҚГТҚ жұмысының берілген режимін қолдауды;
4) РҰП рұқсат еткен режимдер мен жағдайларда жүйелерді жабдықтау үшін ҚҚҚ энергияны (ауаны, электр энергиясы мен қуатты) таңдап алуды қамтамасыз ететін құрылғыларды қосуды және ажыратып тастауды қамтамасыз етуге тиіс.
1002. ҚГТҚ іске қосу жүйесі басқарушы органға (іске қосу кнопкасына, тумблерге және т.б.) ықпал ету жолымен автоматты түрде қосылуға тиіс. Егер басқару қалқаншасы ҚҚҚ ауа жинағышында және жұту қондырғысында болса, онда қалқаншаның жабық кезінде ҚГТҚ іске қосуды болдырмайтын құралдар көзделуге тиіс.
155. Басқару жүйесінің сынақтары
1003. Басқару жүйесінің жұмыс қабілеттілігі мен жұмыс сенімділігін бағалау үшін талаптарға сәйкес мүмкін болатын істен шығуға талдау жүргізілуге тиіс. Талдау қолда бар құралдарды пайдаланудың барлық күтілетін жағдайларында қуатты қондырғылар мен ҚҚҚ қозғалтқыштарын басқаруды қамтамасыз етуін белгілеуге тиіс. Бұдан басқа текшеде және ұшақта басқару жүйелеріне сынақтар өткізілуге тиіс.
1004. Ұшақтағы басқару жүйесінің жердегі және ұшудағы сынақтары:
1) басқару жүйесімен берілген функцияларды орындауды бағалауды;
2) қозғалтқыштың жұмысын бақылайтын (приборлар, белгі бергіштар мен көрсеткіштер) жүйелерді бағалауды;
3) әуе бұрамының қалақтарын флюгирлеу жүйесін қолмен қосуды
тексеруді;
4) ТВҚ-дағы әуе бұрамының қалақтарын автоматты флюгирлеу жүйесінің жалған жұмыс істеуінен қорғалатын құрылғыларды бағалауды;
5) ұшақтың тиісті жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін одан қажетті энергияны таңдап алу кезінде ҚҚҚ басқару жүйесінің жұмыс қабілеттілігін тексеруді қамтуға тиіс.
156. Ұшақты өрттен қорғау
1005. Өрттен қорғау құралдарының жиынтығы.
Ұшақтың аралас бөліктерінде өрттің туындауы мен таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ жанып жатқан жерді табу және оны жою үшін мыналар көзделуге тиіс:
1) өрттің туындауы мен таралуының алдын алудың сындарлы шаралары;
2) өрттен қауіпті бөліктерде жанып жатқан жерді және өртті табу және ол туралы экипажға белгі берудің жүйелері мен приборлары;
3) өрттен қауіпті бөліктерде өрт сөндіру жүйелері;
4) жанатын сүйықтықтар мен олардың буларының ұшақтың олардың жиналуы мүмкін жерлеріне жинақталуын болдырмауға арналған дренаждар;
5) экипаждың, жолаушылар мен жүк кабиналары бөліктеріндегі өрттен қорғау құралдары.
Көрсетілген құралдардың тиімділігі сынақтармен тексерілуге тиіс. Ұшақтың ұшар алдында өрт дабылының жүйелері мен өрт сөндіру жүйелерінің электр тізбектерінің жарамдылығын тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.
Ұшақтағы өрт қауіпі бар бөліктер мыналар:
1) қуатты қондырғы қозғалтқыштарының бөліктері;
2) қосалқы қуатты қондырғылардың бөліктері;
3) отынмен жұмыс істейтін электрлік немесе жылытқыш қондырғылар орналастырылған бөліктер болып табылады.
Бұдан басқа конструкцияның, агрегаттардың немесе тораптардың қандай да бір элементтердің бұзылуының немесе зақымдануының салдарынан, сондай-ақ жалын шығаратын кездер болған кезде жанатын сұйықтардың аға бастауының салдарынан өрттің туындау мүмкіндігі бар бөліктер өрт қауіпі бар бөліктер болып табылуы мүмкін.
Өрт дабылдары мен өрт сөндіру жүйесін электрлі басқару жүйесі пайдаланудың күтілетін жағдайларында, мұндай жағдайда электрмен жабдықтаудың апаттың көздеріне автоматты қайта қосылатын ерекше оқиғаны қоса, электр қорегімен қамтамасыз етілуге тиіс.
1006. Өрттің туындауы мен таралуының болдырмаудың алудың конструктивті шаралары.
Ұшақта оның жекелеген бөліктеріндегі өрт қаупісінің дәрежесіне байланысты от өтпейтін, отқа төзімді, жануы қиын немесе өздігінен сөнетін материалдар қолданылуы тиіс.
Жоғарғы температурасы 200оС-тан асуы мүмкін қондырғылар мен агрегаттар орналастырылған бөліктердің желдеткіштері болуға және ұшақтың жанатын сұйықтығы бар басқа бөліктерінен өрт қалқандарымен немесе экрандармен бөлінуге тиіс.
Жанатын сұйықтықтардың ағуы мүмкін бөліктерде осы сұйықтықтарды сіңіріп алатын материалдарды пайдалануға және сақтауға болмайды.
Өрт қауіпі болып табылмайтын, бірақ жанатын сұйықтықтардың аға бастауы және ауада олардың жалындайтын қоспаларын түзуі мүмкін бөліктерде қалыпты пайдалану жағдайлары кезінде жанар қоспаларымен қосылысатын конструкция элементтерінің температурасы осы сұйықтық пен оның буларының өздігінен жалындау температурасына жетпеуге тиіс. Отынмен және олардың буларымен араласатын орындарда конструктивтік элементтердің ең жоғары температурасы 200оС аспауға тиіс.
Жиналған шассимен қонуға мәжбүр болған кезде өрттің туындау мүмкіндігін азайту үшін отты өшіру заттарын өрт қауіпті бөліктерге беру үшін өрт өшіру жүйесін автоматты қосудың апатты құралдары көзделуге тиіс.
Осы құралдар апатты қону кезінде олар бұзылғаннан (қосылғаннан) кейін өрт сөндіру жүйелерінің жұмысына қолайсыз әсер етуге тиіс емес.
Ауамен тез тұтанатын сұйықтықтың булары ұдайы келетін немесе отын жүйелерінің элементтері бар ұшақтың барлық бөліктері жарылыс қаупі бар ортаның үлгісі бойынша қаралуға және сыныпталуға тиіс. Ортаның үлгісін айқындау негізі үшін бөлікте ағудың немесе кестеде көрсетілгенге сәйкес бөлікте отынның тұрақты келуінің есебінен отын мен оның буларының пайда болу ықтималдығын бағалау нәтижесі қолданылады:
Орта үлгісі | (Р) ағу ықтималдығы немесе бөліктің сипаттамасы |
I | Отынның немесе оның буларының тұрақты немесе кезеңмен келуі |
II | Р>10-5 |
III | 10-5>Р>10-7 |
IV | Р<10-7 |
V | Өрт қаупі бар бөліктер |
Электр жабдығына қойылатын талаптарға арналған ортаның үлгісі қаралып отырған бөліктегі (температура, қысым, жабдық жұмысы) пайдалану жағдайларын ескере отырып, кешенді түрде бағалау және конструктор қабылдаған отын буларының (желдеткіш, дренаж және т.б.) жарылыс қауіпті концентрациясының ықтималдылығын азайту шаралар жолымен белгіленеді. Жарылыс қауіпті орталары бар бөліктерде белгіленген жабдық ортаның белгіленген үлгісіне сәйкес талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
1007. Өрт дабылының және қызып кету туралы дабылының жүйесі.
1008. Өрт дабылының жүйесі тез әрекет ететін болуға тиіс. Өрт қаупі бар бөліктерде отпен жасалатын табиғи текшеде жасалатын сынақтар кезінде өрттің туындау сәтінен бастап үш секундтан аспайтын уақыт ішінде өрт туралы дабыл беруді қамтамасыз ететін өрт дабылдарының саны қарастырылуға тиіс. Бұл жүйе экипажға өрттің тоқтауы туралы ең қысқа мерзімде белгі беруі тиіс.
1009. Өрт қауіпті бөлікке орналастырылған дабыл жүйесі 1028-тармақтың талаптарына сәйкес сынақтан өтуге тиіс. Жалған дабыл беру ықтималдығы аз жиіліктен аспайтын оқиғаға жататындығын көрсетуге тиіс.
1010. Өрт қауіпті бөліктерге орналастырылған өрт дабылының электр өткізгіші отқа төзімді сымдармен орындалуға тиіс немесе отқа төзімді оқшауламасы болуы қажет.
1011. Өрт дабыл бергіші және қызып кету туралы дабыл бергіші майдың, отынның, судың және гидрожүйелердің жұмыс сұйықтықтарының ықпалына сезімтал болуға тиіс. Өрт қауіпті бөліктерде орналастырылған өрт және қызып кету туралы дабыл бергіштер кем дегенде 5 минут ішінде 1100+50оС температурамен олардағы жалынның ықпалына шыдауға тиіс.
Өрт дабылы жүйелерінің дабылдық құрылғысы "Өрт" жалпы белгі беретін арнайы табло және өрттің туындау орнын нақты көрсететін жарықтық дабылдары бар өрт қауіпті бөліктеріндегі мнемоникалық схема түрінде экипаждың кабинасына орналастырылуға тиіс. Көрсетілген дабыл құрылғысы экипаждың жұмыс орнынан жақсы көрінуге тиіс. Өрт туралы жарықты дабыл бергіші дыбыс дабыл бергішпен немесе сөзбен айту ақпараттарды қосарласа қайталауы қажет.
Өрт дабылшысының жүйелерінде РҰП сәйкес олардың жарамдылығын тексеруді қамтамасыз ететін бақылау тәсілі көзделуге тиіс.
1012. Өрт сөндіру жүйесі.
Ұшақта орнатылған өрт сөндіру жүйесінде әрбір өрт қауіпті бөлікке от сөндіру затын орталықтандырылған немесе автономды берудің кем дегенде екі тең бағалы кезектері болуға тиіс.
Экипаждың және жолаушылардың кабиналарында өрт сөндіруге арналған қолмен басқарылатын өрт сөндіргіш орнатылуға тиіс.
«В» сыныпты жүк бөліктерінде орнатылған өрт сөндіру жүйесі 1028-тармақтың талаптарын қанағаттандыруға тиіс.
Қозғалтқыштардың ішкі май немесе суфлирленген қуысына отсөндіргіш заттардың беретін өрт сөндіруші жүйелері қолданылған жағдайда от сөндіру затын берудің бір кезекті өрт сөндіруші тәуелсіз автономды жүйелерін қолдануға рұқсат беріледі.
Өрт сөндіру жүйесінің әрбір кезегіндегі өрт сөндіру затының саны, от сөндірушілердің бәсеңдету және затты бөлу жылдамдығы бәсеңдету сәтінен бастап 3 секундтан аспайтын мерзім ішінде қажетті от сөндіру концентрациясын жасауды және оны кем дегенде 2 секунд сақтауды, қорғалатын бөліктегі өртті сөндіруге жеткілікті болуын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл от сынақтарымен, ал алдын ала (от сынақтарына дейін) бір өрт сөндіру жүйесінің бір кезегіндегі от сөндіру заты санының жеткіліктілігімен расталуға тиіс, ол мынадай формула бойынша анықталуы мүмкін
QIA= ck(qaicaJ+Vna)*10-3,
мұндағы Qoв - от сөндіру затының бір кезектегі саны (массасы) (кг);
с - заттың от сөндіру концентрациясы (мг/л),
C = n MPH
-------- (мг/л);
ТН 6.236
М - заттың молекулярлық салмағы;
n - көлемді от сөндіру концентрациясы (%);
k - 1,0-ге тең қордың коэффициенті - от сөндіру затын балқыту коллекторы арқылы берген жағдайда және 1,4 - дара келте құбырлары арқылы әкелу кезінде;
qвозд - қорғалған бөлік көлемін суытуға кеткен ауаның шығысы (м3/с);
J - от сөндіру концентрациясын сақтау ұзақтығы > 2сек;
Vсв - қорғалатын бөліктің бос көлемі (м3).
Өрт сөндіру жүйесінде 114В2(С2Ғ4Вr2), 13В1(СҒ3Вr) және 12В1(СҒ2С1Вr) от сөндіру құралы ретінде хладондарды от сөндіру құралы ретінде қолданған жағдайда есептік от сөндірудің көлемдік концентрациясы тиісінше 4,5; 8,7 және 7,5% құрауға тиіс.
Ескерту. Талап етілген от сөндіру құралының санын есептеу үшін PH = 1013 гПа және tH=+50oC кезінде 1 кг затты алатын көлемді қабылдауға болады, ол 114В2 - 102 л, 13В1 - 175 л үшін, 12В1 - 160 л үшін жасалатын болады.
От сөндірушілері өрт туындаған жағдайда және авариялық қону кезінде ұшақтың зақымдану мүмкіндіктерінен барынша қорғалатын орындарда орналастырылуға тиіс. Сонымен бірге, олар жерде қарау үшін қол жетімді және оларда қысымның немесе от сөндіру затының болуын бақылауға мүмкіндік беретіндей болуға тиіс.
От сөндіргіштер беріктік жағдайлары бойынша ішкі қысымы қалыптағыдан артық көтерілген жағдайда, үзіліп кетуден қорғауға арналған сақтандырғыш клапандармен (мембраналармен) жабдықталуға тиіс. От сөндірушілердің сақтандырғыш клапандары олар жұмыс істеген жағдайда, отсөндіргіш затын оттың сыртына шығару үшін сыртқы атмосфералы труба құбырларымен қатынасуға тиіс. Шығарумен бірге сақтандырғыш клапаны арқылы бәсеңдету туралы белгі беру үшін дабылдың очкосын жасауға ұсыныс беріледі.
От сөндіргіштердің бәсеңдеткіш (пиропатрондары) және сақтандырғыш құрылғысы (мембраналары) қатты соққы жүктемелері мен тербелістерден өздігінен жұмыс істеп кетуге тиіс емес. Отсөндіргіштер орнатылған аймақта ауаның температурасын бәсеңдеткіш және сақтандырғыш құрылғылардың өздігінен жұмыс істеп кетуіне әкелетін мәннен кем болуға тиіс.
Отсөндіргіш затты өрт қауіпті бөлікке берудің (қозғалтқыштардың ішкі қуыстарынан басқа) бірінші кезегі өрт дабылы жүйесі жұмыс істеп тұрған кезде автоматты түрде қосылуға тиіс. Кейінгі барлық кезектерде қосуды жұмыс орындарындағы экипаж мүшелері қолымен жүргізуге тиіс. Автоматты қосылатын кезек үшін оның қолымен қосу мүмкіндігі көзделуге тиіс. Экипаж кабинасында өрт сөндіру жүйесінің әрбір кезегіндегі от сөндірушілердің жұмыс істеуі туралы дабылы болуға тиіс.
Өрт сөндіру жүйесінің негізсіз қосылуы қуатты қондырғы қозғалтқышының, оның жүйелерінің немесе осы өрт қауіпті бөлікке орналасқан басқа агрегаттардың қалыпты жұмысын бұзуға алып келуге тиіс емес.
Өрт сөндіру жүйелерін автоматты қосудың апатты құралдары барлық от сөндірушілерден өрт қауіпті деп танылған бөліктерге өрт сөндіру құралын беруді қамтуға тиіс.
Өрт сөндіру жүйесін электрмен басқаруда электр тізбектерінің тұтастығын тексеру мүмкіндігі көзделуге тиіс.
Өрт сөндіру кезінде экипаждың мүшелері орындайтын операциялардың бірізділігі РҰП бөліміне сәйкес көрсетілуге тиіс.
1013. Өрт сөндірудің стационарлық жүйелері үшін от сөндіру құралдары ретінде: хладон 114В2, хладон 13В1 және хладон 12В1 ұсынылады. Басқа от сөндіру құралдарын қолданған кезде, олар жоғарыда көрсетілген хладондардың от сөндіру тиімділігінен кем емес немесе тең от сөндіру тиімділігін иеленуге тиіс және тот баспаған активтерді қолдану жағдайларында көзделген персоналдарға, экипаж мүшелеріне және жолаушыларға қызмет көрсету үшін қауіпсіз болуға, сондай-ақ ұзақ сақтау және пайдалану кезінде тұрақты қасиеттерін сақтауға тиіс.
157. Қуатты және қосалқы қондырғыларды өрттен қорғау
1014. Өрттен қорғаудың конструктивті шаралары.
Ұшақтың қуатты және қосалқы қондырғыларының қозғалтқыштық бөліктерін конструктивті орындау өрт пайда болған қозғалтқыштың бөлігінде өрттің туындауы және оны өшіру оны пайдалану режимдерінің барлық диапазонындағы көрші қозғалтқыштың қалыпты жұмысын бұзбайтындай болуға тиіс.
Әрбір қозғалтқыштың бөлігінде отқа төзімді немесе жоғары температураның ықпалынан қорғалатын мынадай элементтер болуға тиіс:
1) бөліктегі ұшақпен басқарылатын жүйелердің элементі және қуатты қондырғыны басқару жүйелері;
2) өрт сөндіру жүйесінің труба құбырлары мен тозаңдату құрылғылары;
3) бұзылуы жоғары температураның ықпалынан болатын өрт кезіндегі ауа өткізгіштер мен басқа элементтер өртті күшейтуге алып келуі мүмкін;
4) құрамында жанар-жағар сұйықтығы бар труба құбырлары немесе сыйымдылықтар;
5) өрт кезінде және одан кейін жұмыс істеуге тиісті барлық жүйелердің электр өткізгіші. Өрт қауіпті бөліктерде магниттік қорытпалардан және басқа жанатын материалдардан жасалған, өшіруге бағынуы қиын, қозғалтқыштың корпустық бөлшектері мен оның агрегаттарын қоспағанда, бөлшектерді қолдануға жол берілмейді.
Өрт қалқандары от өтпейтін материалдардан жасалуға тиіс. Өрт қалқаны труба құбырларының, басқару тартқышының, электр сымдарының өтетін жері жалынның өтуін герметизациялануға, ал олардың арматуралары - отқа шыдамды материалдармен орындалуға тиіс.
Бөлікте өрт қалқанының сыртында орналасқан салдары ұшудың күрделі жағдайларынан да қиын, ерекше оқиғалардың туындауына алып келуі мүмкін элементтер соңғысынан осындай қашықтыққа орналасуы және осы элементтер 5 минут ішінде 1100+50оС температурамен жалындаған өрт қаупі бар бөлік жағынан қалқаға ықпалы бар өрт кезінде қауіпті зақымдар алмайтындай материалдардан жасалуға тиіс.
Труба құбырларымен әрбір қозғалтқышқа отын әкелу отын келтіруді тоқтататын өртке қарсы кран орнатылуға тиіс. Осы кранды орнататын орын кранды жапқаннан кейін қозғалтқыш шығаруы мүмкін отынның ең төменгі санына жинақталатындай етіп таңдалуға тиіс. Кран мен труба құбыры оған дейін өрт қауіпті бөлікке орналасуға тиіс емес және мүмкіндігінше апатты қону кезінде бұзылудан қорғалуға тиіс. Экипаж кабинасында кранның жағдайы индикациялануға тиіс.
Қозғалтқыштың бөліктерінде және оның жұту трубасында қозғалтқышты сәтсіз іске қосқан кезде және басқа да пайдалануда болуы мүмкін жағдайларда отынның жинақталып қалатын бітелу аймағының түзілуі болмауға тиіс және отынды қажетті дренаждау көзделуге тиіс.