прибор немесе датчик
1181. Ұшақта орнатылатын қалыпты салмақ түсуді өлшеуге арналған прибор немесе датчик аталған ұшаққа талап етілетін дәлдікпен қалыпты салмақ түсудің өлшенуін және индикациялануын қамтамасыз ететіндей ұшақта орнатылуы қажет.
175. Навигацияның, қонудың және әуе
қозғалысын басқару радиотехникалық жабдығы
1182. Осы бөлімнің талаптары мынадай борттық радиотехникалық жабдықтарға:
- шағын биіктіктердің радиобиіктік өлшегіштеріне;
- қону жүйелеріне;
- радиокомпастарға;
- ӘҚБ-ның радиолокациялық жауап қатушы жабдықтарына;
- жақын навигация жүйелеріне;
- УОК бұрыш өлшегіш жүйелеріне;
- ВМЕ радиоалыс өлшегіштеріне;
- жолдық жылдамдық пен ығу бұрышының доплерлік өлшегіштеріне;
- метеонавигациялық радиолокаторларға;
- қашық (алыс) навигация жүйелеріне;
- радиотехникалық жабдықтың, навигацияның, қонудың және ӘҚБ-ның антенна-фидер (АФҚ) құрылғыларына таралады.
1183. Навигацияның, қонудың және ӘҚБ-ның радиотехникалық жабдығы оған таралатын 1192-тармақтың талаптарына сәйкес болуы қажет.
Ескерту. 1192-тармақтың талаптары планер конструкциясының бір бөлігі болып табылатын және ұшақпен бірге куәландырылатын навигацияның, қонудың және ӘҚБ-ның радиотехникалық жабдығының АФҚ элементтеріне таралмайды.
1184. Электр қуатының авариялық қуат көздерінен ең аз дегенде мынадай радиотехникалық жабдық түрлері жиынтықтары бірінің:
- СП, ILS қону аппаратураларының немесе СП аппаратурасы аталған ұшақ үлгісі үшін міндетті болып табылмаса, онда тек қана маркерлік қабылдағыштың;
- радиокомпастың жұмыс істеуі қамтамасыз етілу қажет.
176. Навигацияның, қонудың және әуе қозғалысын
басқару радиотехникалық жабдығының құрамы
1185. Ұшақ жүргізуді талап етілетін дәлдікпен қамтамасыз ету үшін ұшақта мынадай:
- шағын биіктіктердің радиобиіктік өлшегіштері;
- қонудың радиотехникалық жабдығы;
- радиокомпас;
- ӘҚБ-ның радиолокациялық жауап қатушы жабдығы;
- метеонавигациялық радиолокатор кіретін навигацияның, қонудың және әуе қозғалысын басқарудың радиотехникалық жабдығы орнатылуы қажет.
1-ескерту. Метеонавигациялық радиолокатор болжанатын гидрометеорологиялық құбылыстар жоқ болатын трассалар мен маршруттарда ПВГТ бойынша немесе ПҰЕ бойынша ұшуға арналған болса, онда оны ұшақта орнатпауға да болады.
2-ескерту. Егер күтіліп отырған пайдалану жағдайларында курстық-глиссадалық маяктар бойынша қонуға бет алу көзделген болса, онда қону радиотехникалық жабдығы тек белгіленген қабылдағыштан ғана болуына жол беріледі.
1186. Егер жабдық құрамы және сипаттамалары бойынша навигацияның және қонудың қажетті дәлдігін және/немесе рұқсат берілген экипаждың қамтылуын қамтамасыз етуге байланысты талаптарын орындау үшін жеткіліксіз болса, онда талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін жабдық орнатылуы қажет. Бұл жабдықтарға мыналар жатады:
- жақын навигация радиотехникалық жабдығы;
- жолдық жылдамдық пен ығу бұрышының доплерлік өлшегіштері;
- қашық (алыс) навигация радиотехникалық жабдығы;
- VOR бұрыш өлшегіш жүйесінің радиотехникалық жабдығы;
- DМЕ радиоқашықтық өлшегіштері немесе басқа да навигация мен қонудың радиотехникалық жабдығы.
1187. Жақын навигацияның радиотехникалық жүйелерімен және жетектік радиостансалармен жабдықталмаған ұшақта әуе трассалары бойынша ұшақ жүргізуді қамтамасыз ету үшін алыс навигация радиотехникалық жабдығы орнатылуы қажет.
1188. VOR, DМЕ радиомаяктарымен, «RBS» режимінде жер бетіндегі қайталама радиолокаторлармен жабдықталған ұшақта трассалар бойынша ұшу үшін және осы трассаларда ЖНРЖ (жақын навигациялық радиотехникалық жүйесі) радиомаяктары және «ӘҚБ» режиміндегі қайталама радиолокаторлар жоқ болған жағдайда:
- DМЕ қашық навигация радиотехникалық жабдығы;
- VOR бұрыш өлшегіш жүйесінің радиотехникалық жабдығы;
- «RBS» режиміндегі ӘҚБ-ның радиолокациялық жауап қатушы жабдығы орнатылуы қажет.
177. Навигацияның, қонудың және әуе қозғалысын
басқарудың радиотехникалық жабдығына қойылатын талаптар
1189. Шағын биіктіктердің радиобиіктік өлшегіштері.
Радиобиіктік өлшегіш:
- қажетті дәлдікпен шын ұшу биіктігін өлшеуді;
- шын биіктік пен істен шыққан жабдықты көзбен шолу туралы ақпараттың берілуін, сондай-ақ осы ақпаратты басқа борттық жабдыққа электрондық сигналдар түрінде беру мүмкіндігін;
- экипажға алдын-ала белгіленген шын биіктікке дейін ұшақтың төмендегені туралы ескерту сигналдарын беруді қамтамасыз етуі қажет.
Радиобиіктік өлшегіш жантаю мен тангаждың барлық пайдалану жағдайларында, сондай-ақ ұшақтың барлық мүмкін болатын конфигурациялары кезінде жоғарыда аталған функциялардың орындалуын қамтамасыз етуі қажет.
1190. Қону радиотехникалық жабдығы.
Қону радиотехникалық жабдығы СП-нің, ILS-тің жер бетіндегі қону жүйелерімен жұмыс істеу барысында:
- аталған ұшақ үшін белгіленген қону минимумына сәйкес радиомаяктық жүйелердің курсы мен глиссадасының желілеріне қатысты ұшақтың дәлдікпен және биіктігіне дейінгі орнын анықтауды;
- экипаждың көзбен шолып индикациялауы үшін радиомаяктық жүйелердің курсы мен глиссадасының желілеріне қатысты ұшақтың орны туралы ақпараттың және басқа бір жабдыққа электр сигналдарын, егер бұл сигналдар қолданылып жатқан болса, берілуін;
- көзбен шолу сигнализациясы және дыбыстық сигнализация түрінде маркерлік радиомаяктардан өту туралы ақпараттың берілуін, сондай-ақ осы ақпараттың басқа бір жабдыққа электр сигналдары түрінде берілу мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.
Ескерту. СП мен ILS-тің курстық-глиссадалық маяктары бойынша қонуға бет алу көзделмеген күтіліп отырған пайдалану жағдайларындағы ұшақтарда курс пен глиссада желілеріне қатысты ұшақтың орнын анықтау және ол туралы ақпарат беру міндетті болып табылмайды.
Қону радиотехникалық жабдығының курстық арнасының жұмыс істеу қабілеттілігі аэродромнан салыстырмалы түрде 600 м биіктікте ұшу кезінде маяктан алыстығы кем дегенде 45 км болатын барлық күтіліп отырған пайдалану жағдайларында қамтамасыз етілуі қажет.
Қону радиотехникалық жабдығының глиссадалық арнасының жұмыс істеу қабілеттілігі аэродромнан салыстырмалы түрде 300 м биіктікте ұшу кезінде маяктан алыстығы кем дегенде 18 км болатын барлық күтіліп отырған пайдалану жағдайларында қамтамасыз етілуі қажет.
Курс пен глиссада желілерінен ауытқыған сигналдардың сапасы аталған ұшақ үшін қабылданған, қонуға бет алудың барлық режимдерінде басқарудың қабылдауға тұрарлық сапасын қамтамасыз ететіндей болуы қажет.
Курс пен глиссада желілері бойынша қонуға бет алып, маркерлік маяктардан өткен кезде: глиссаданың жантаю бұрышы 2,5с-тан 3o-қа дейін болғанда алыс МРМ-нен - 600±+200 м аймақта, ал жақын (орта) МРМ-нен -300±+100 м аймақта жарық сигнализациясының және/немесе дыбыстық сигнализацияның болуын қамтамасыз ету қажет.
1191. Радиокомпас басқа жабдықпен бірге:
- курстық бұрыштың (КУР) үздіксіз есебінің алынуын;
- радиостанцияға ұшудың және одан кері ұшудың жүзеге асырылуын;
- радиостанцияға пеленгтің және одан пеленгтің анықталуын;
- жер бетіндегі радиостанцияларды анықтайтын сигналдардың берілуін қамтамасыз етуі қажет.
Сигнал өрісінің кернеуі 70 мкВ/м құрайтын радиостанциядан қашықтықта КУР бойынша ауытқу КУР-ға (0o және 180o) +3o-тан, ал басқа КУР-ларға +5o-тан аспауы қажет.
Жетектік радиостанциядан ұшып өткенде АРК-ның тұрақсыз жұмысының аймағы ұшу биіктігінен аспауы қажет.
Ескерту. АРК навигацияның резервтік құралы болып табылатын ұшақтарда АРК-ның тұрақсыз жұмысының аймағын 1,5 Н дейін ұлғайтуға жол беріледі.
1192. ӘҚБ-ның радиолокациялық жауап қатушы жабдығы.
ӘҚБ радиолокациялық жауап қатушы жабдығы аэродромдардың трассалары мен аймақтарында жер бетіндегі қайталама радиолокаторлармен жұмысы кезінде жер бетіндегі радиолокаторлардың сауалы бойынша ең аз дегенде мынадай ақпаратты: ұшақтың нөмірін, ұшу биіктігін, апат сигналын өзінде ұстайтын координаталық коды мен ақпараттық коды бар кодталған сигналдың сәуле шығаруын қамтамасыз етуі қажет. Жауап қатушының қажетті режимдері ("ӘҚБ" және»"RBS") ұшақтың күтіліп отырған пайдалану жағдайларына байланысты анықталады.
ӘҚБ радиолокациялық жауап қатушы жабдығының қолданыс қашықтығы кем дегенде:
Д=0,75[4,12(\/H1+\/H2)]
болуы қажет, мұнда Д- км-де алынған қашықтық;
Н1 - метрде алынған жер бетіндегі антеннаның орнатылу биіктігі;
Н2 - метрде алынған ұшақтың ұшу биіктігі.
Олардың регламенттелген қолданыс аймағы қайталама радиолокаторлармен жұмыс істеу кезінде осы қашықтықты қамтамасыз етеді.
1193. Дециметрлік диапазондағы жақын навигацияның (бұрыш өлшегіш әрі қашықтық өлшегіш) радиотехникалық жабдығы.
Жақын навигацияның радиотехникалық жабдығы радиомаяктар қолданысы аймағында:
белгіленген әуе дәлізі бойынша ұшақ жүргізу үшін маякқа қатысты ұшақтың азимуты мен қашықтығын қажетті дәлдікпен анықтауды;
экипажға азимут, қашықтық туралы және жабдықтың істен шығуына байланысты ақпаратты беруді, сондай-ақ осы ақпаратты басқа бір борттық жабдыққа электр сигналдары түрінде беру мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.
Жақын навигация радиотехникалық жабдығының қолданыс аймағы кем дегенде:
Д=0,75[4,12(\/H1+\/H2)]
болуы қажет, мұнда Д- км-де алынған қашықтық;
Н1 - метрде алынған жер бетіндегі радиомаяктың орнатылу биіктігі;
Н2 - метрде алынған ұшақтың ұшу биіктігі.
Олардың регламенттелген қолданыс аймағы жер бетіндегі маяктармен жұмыс істеу кезінде, 9800 метрге дейінгі биіктіктерде осы қашықтықты қамтамасыз етеді.
1194. VOR бұрыш өлшегіш жүйесінің радиотехникалық жабдығы.
VOR бұрыш өлшегіш жүйесінің радиотехникалық жабдығы радионавигациялық маяктар қолданысы аймағында:
белгіленген әуе дәлізі бойынша ұшақты басқару үшін VOR бұрыш өлшегіш жүйесінің маяктарына қатысты ұшақтың бұрыштық қалпын басқа бір жабдықпен бірге маякқа қарай және маяктан бері қарай бағыттарда қажетті дәлдікпен анықтауды;
экипажға ұшақтың бұрыштық қалпы туралы және жабдықтың істен шығуына байланысты ақпаратты беруді, сондай-ақ осы ақпаратты басқа бір борттық жабдыққа электр сигналдары түрінде беру мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.
VOR бұрыш өлшегіш жүйесінің радиотехникалық жабдығының қолданыс аймағы кем дегенде:
Д=0,75[4,12(\/H1+\/H2)]
болуы қажет, мұнда Д- км-де алынған қашықтық;
H1 - метрде алынған жер бетіндегі радиомаяктың орнатылу биіктігі;
H2 - метрде алынған ұшақтың ұшу биіктігі.
Олардың регламенттелген қолданыс аймағы жер бетіндегі маяктармен жұмыс істеу кезінде, ұшақтың бойлық кіндіктемесінен +30o және басқа бүйір пеленгтері үшін 0,8Д секторында осы қашықтықты қамтамасыз етеді.
1195. DМЕ радиоқашықтық өлшегіштері.
DМЕ қашықтық өлшегіш жүйесінің радиотехникалық жабдығы:
белгіленген әуе дәлізі бойынша ұшақты басқару үшін қашықтық өлшегіш жүйесінің маяктарына қатысты ұшақтың қашықтығын басқа бір жабдықпен бірге қажетті дәлдікпен анықтауды;
өзінің индикаторына және/немесе пилотаждық-навигациялық приборларына ұшақтың қашықтығы туралы және жабдықтың істен шығуына байланысты ақпаратты беруді, сондай-ақ осы ақпаратты басқа бір борттық жабдыққа электр сигналдары түрінде беру мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.
DМЕ қашықтық өлшегіш жүйесінің радиотехникалық жабдығының қолданыс аймағы кем дегенде:
Д=0,75[4,12(\/H1+\/H2)]
болуы қажет, мұнда Д- км-де алынған қашықтық;
H1 - метрде алынған жер бетіндегі радиомаяктың орнатылу биіктігі;
H2 - метрде алынған ұшақтың ұшу биіктігі.
Олардың регламенттелген қолданыс аймағы жер бетіндегі маяктармен жұмыс істеу кезінде, 9800 метрге дейінгі биіктіктерде осы қашықтықты қамтамасыз етеді.
1196. Жолдық жылдамдық пен ығу бұрышының доплерлік өлшегіштері (бұдан әрі - ЖЫДӨ).
Жантаю және тангаж бұрыштарының пайдалану көрсеткіштері бар ұшақтың кез келген нәрсенің бетімен (оның ішінде >2 балл толқын кезінде су бетімен) кем дегенде 10 м биіктікте ұшу барысында және оның эволюциясы кезінде доплерлік өлшегіштер:
ұшақтың жолдық жылдамдығы мен ығу бұрышын талап етілетін қажетті дәлдікпен және диапазондарымен анықтауды;
жолдық жылдамдық пен ығу бұрышы туралы және жабдықтың істен шығуына байланысты ақпаратты беруді, сондай-ақ осы ақпаратты басқа бір борттық жабдыққа электр сигналдары түрінде беру мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.
Ескерту. Жантаю бұрышы 30о-тан асқанда ЖЫДӨ-нің»"Есте сақтау" режиміне ауысуына жол беріледі.
1197. Метеонавигациялық радиолокаторлар.
Метеонавигациялық радиолокатор:
пайда болған гидрометеорологиялық құбылыстарды қауіпсіз қашықтықтан айналып өтуді қамтамасыз ететін қашықтықта ұшу үшін, осындай қауіпті құбылыстарды анықтауды;
бақыланып отырған жер бетіндегі бағдарларға немесе пайда болған гидрометеорологиялық құбылыстарға дейінгі бұрыштық қалып пен қашықтықты анықтауды қамтамасыз етуі қажет.
Радиолокатордың индикаторлары экипаж кабинасындағы жарықтың болуына байланысты кез келген жағдайларда радиолокатор ақпаратын бірінші ұшқыш та және екінші ұшқыш та пайдалана алатындай етіп құрастырылып, орнатылған болуы қажет және орнатылған орны аталған талаптарға сай болуы тиіс.
1198. Қашық (алыс) навигацияның радиотехникалық жабдығы. Қашық навигацияның радиотехникалық жабдығы жер бетіндегі радиомаяктар қолданысы аймағында:
белгіленген әуе дәлізі бойынша ұшақ жүргізу үшін, ұшақтың орнын қажетті дәлдікпен анықтауды;
ұшақтың орны туралы және жабдықтың істен шығуына байланысты ақпаратты беруді, сондай-ақ осы ақпаратты басқа бір борттық жабдыққа электр сигналдары түрінде беру мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.
178. Антенна-фидер құрылғылары (АФҚ)
1199. Талаптары ұшақта орнатылған барлық навигация, қону және әуе қозғалысын басқару радиотехникалық жабдығының АФҚ құрылғыларына, сондай-ақ антенналардың ағынпаздарына (олардың АФҚ сипаттамаларына ықпал ететін қасиеттеріне қатысты) таралады.
1200. Антенна-фидер құрылғыларына қойылатын жалпы талаптар.
АФҚ конструкциясы ұшақтың күтіліп отырған пайдалану жағдайлары мен олардың орнатылу орнына сай құрылғының механикалық беріктігін қамтамасыз етуі қажет.
Антенналарды ұшаққа орнатқан кезде, шығыңқы тұрған антенналар ұшаққа жер бетінде қызмет көрсету барысында зақымданбас үшін алдын алу шаралары көзделген болуы қажет.
Ұшақ конструкциясының құрамына кіретін АФҚ диэлектрлі элементтері мен антенналардың ағынпаздары барлық күтіліп отырған пайдалану жағдайларында талап етілетін АФҚ жабдығына байланысты жұмыс істеу сапасының және АФҚ өлшемдерінің талаптарға сай болуын қамтамасыз ететіндей құрастырылып, орнатылған болуы қажет және орнатылған орны 1209-тармақтың талаптарына сай болуы тиіс.
Антенна бекітілетін фланецтер мен ұшақ корпусының арасындағы ауыспалы кернеу 600 мкОм-нан аспауы тиіс. Қосымша қондырғы элементтері болған жағдайда антенна фланеці мен ұшақ корпусының арасындағы ауыспалы кернеудің жиынтық шамасы 2000 мкОм-нан аспауы тиіс.
Температура +35оС-тан және салыстырмалы ылғалдылығы 80%-дан аспаған жағдайда АФҚ изоляциясының кернеуі кем дегенде 20 МОм, ал барлық басқа күтіліп отырған пайдалану жағдайларында кем дегенде 1 МОм (АФҚ-ның жұмыс кернеуі 0,4-тен аспаған жағдайда) болуы тиіс.
Антеннаны фидер трактысымен және аппаратурамен қосқанда олардың ұшақтағы конструкциясы мен орнатылған орны өлшеу аппаратураларын ажыратып қосуға мүмкіндік жасалуын қамтамасыз етуі қажет.
Ағынпаздарды қоса алғандағы антенналардың конструкциясы мен орнатылған орны мұздану жағдайларында жұмыс істеген кезде оларға қосылған аппаратуралардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуі қажет.
Антенналарды құрастырып орнатқан кезде оларды статикалық электр зарядтарынан қорғау бойынша қажетті шаралар көзделген болуы қажет.
Антенналарды құрастырып орнатқан кезде оларды найзағайдың түсуінен қорғау бойынша қажетті шаралар көзделген болуы қажет.
Антенна-фидер құрылғысы сигнал таратушы және қабылдаушы АФҚ құрылғылары арасында қажетті тарамды қамтамасыз ететіндей құрастырылып, орнатылған болуы қажет және орнатылған орны аталған талаптарға сай болуы тиіс, бұл ретте:
қону радиотехникалық жабдығының АФҚ құрылғылары, сондай-ақ VOR бұрыш өлшегіш жүйесі мен МВ радиостансасының диапазонындағы АФҚ құрылғылары арасындағы жұмыс жиіліктерінде тарам кем дегенде 35 дБ болуы;
шағын биіктіктерге арналған радиобиіктік өлшегіштің антенналары үшін На> 1,37Д талабын сақтаған жағдайда (мұнда На- ұшақ жерге қонған кезде шассидің ұшып-қону алаңына ілінген сәтіндегі жер бетінен антеннаның орнатылған биіктігі) сигнал таратушы және қабылдаушы антенналардың орталықтары арасындағы қашықтық кем дегенде 1 м болуы ұсынылады.
1201. Шағын биіктіктерге арналған радиобиіктік өлшегіштердің антенна-фидер құрылғыларына қойылатын талаптар.
АФҚ жұмыс жиіліктерінің диапазоны 4200-4400 МГц құрауы қажет.
177 тараудың талаптарына сай жабдықтардың жұмысын қамтамасыз ету үшін шағын биіктіктерге арналған радиобиіктік өлшегіштердің АФҚ құрылғыларын:
ұшақтың көлденең жазықтығынан антенна жайылу жазықтықтарының ауытқуы 5о-тан аспайтындай;
ұшар басы кем дегенде 90о болатын жазық бұрышты антенналар дене бұрышында жайылғанда конструкцияның шығыңқы элементтері болмайтындай;
сигнал таратушы және қабылдаушы антенналардың иіндеу жазықтықтары сай болатындай етіп орнату қажет. Екі радиобиіктік өлшегіш болған жағдайда аттас антенналарды иіндеу өзара ортогональды болуы қажет.
1202. Қону радиотехникалық жабдығының курстық АФҚ құрылғыларына қойылатын талаптар.
АФҚ жұмыс жиіліктерінің диапазоны 108-112 МГц құрауы қажет.
АФҚ-ға кірердегі кернеу бойынша тұратын толқынның коэффициенті (КТТК) 5-тен аспауға тиіс.
Жартылай толқынды вибратордың ең жоғары сәуле шығаруымен салыстырғанда ұшу бағытындағы көлденең жазықтықта АФҚ-ның үдеу коэффициенті минус 10 дБ-ден төмен болмауы қажет.
Ұшақтың жанама кіндіктемесіне қатысты алдыңғы сектордың көлденең жазықтығында +90о болатын өрістің көлденең құраушысының біркелкі емес таралуы 12 дБ-ден аспауға тиіс.
Өрісті иіндеу негізінен көлденең болуы қажет. Ұшақтың жанама кіндіктемесін бойлай, алға қарай бағытта көлденең құраушыға қатысты антенна өрісі тік құраушысының әлсіреуі кем дегенде 10 дБ болуға тиіс.
АФҚ шығыстары арасындағы тарам (екі шығыс болған жағдайда) кем дегенде 6 дБ болуға тиіс.
Ескерту. Курстық антеннаны УОК бұрыш өлшегіш жүйесінің антеннасы ретінде ұшақта қолданған кезде бұл антенна 1221-тармақтың талаптарына жауап беруі қажет.
1203. Қону радиотехникалық жабдығының глиссадалық АФҚ құрылғыларына қойылатын талаптар.
АФҚ жұмыс жиіліктерінің диапазоны 328,6-335,4 МГц құрауы қажет.
АФҚ-ға кірердегі кернеу бойынша тұратын толқынның коэффициенті (КТТК) 5-тен аспауға тиіс.
Жартылай толқынды вибратордың ең жоғары сәуле шығаруымен салыстырғанда ұшу бағытындағы көлденең жазықтықта АФҚ-ның үдеу коэффициенті:
бір шығыс болған жағдайда - минус 10 дБ-ден;
екі шығыс болған жағдайда әрбір шығыс үшін - минус 12 дБ-ден төмен болмауы қажет.
Ұшақтың жанама кіндіктемесіне қатысты алдыңғы сектордың көлденең жазықтығында +45о болатын өрістік көлденең құраушысының біркелкі емес таралуы 6 дБ-ден аспауға тиіс.
Өрісті иіндеу негізінен көлденең болуы қажет. Ұшақтың жанама кіндіктемесін бойлай, алға қарай бағытта көлденең құраушыға қатысты антенна өрісі тік құраушысының әлсіреуі кем дегенде 10 дБ болуға тиіс.
АФҚ шығыстары арасындағы тарам (екі шығыс болған жағдайда) кем дегенде 6 дБ болуға тиіс.
Антеннаны барлық күтіліп отырған пайдалану жағдайларында ұшақ қонуға бет алып, глиссада бойынша төмендеген кезде ұшақтың ең төменгі нүктесінен кедергіге немесе жер бетіне дейінгі қауіпсіз қашықтықты қамтамасыз ететіндей етіп орнату қажет.
1204. Қону радиотехникалық жабдығының маркерлік АФҚ құрылғыларына қойылатын талаптар.
Маркерлік АФҚ жұмыс жиіліктері 75±+0,1 МГц құрауы қажет. Өрісті иіндеу көлденең болуы тиіс.
АФҚ-ға кірердегі кернеу бойынша тұратын толқынның коэффициенті (КТТК) 5-тен аспауға тиіс.
Маркерлік антеннаны төменгі жартылай шарға шолу жасауды қамтамасыз ететіндей етіп ұшаққа орнату қажет.
1205. Радиокомпастардың АФҚ құрылғыларына қойылатын талаптар.
АФҚ жұмыс жиіліктерінің диапазоны 0,15-1,75 МГц құрауы қажет.
Бағытталмаған антеннаның қолданыстағы биіктігі кем дегенде 0,1 м болуы қажет.
Бағытталмаған антеннаның сыйымдылығы кем дегенде 25 пФ болуы қажет.
Бағытталмаған антеннаны ұшаққа жетектік радиостансадан ұшып өту сәтін қажетті дәлдікпен индикациялауды қамтамасыз ететіндей етіп орнату қажет.
Бағытталмаған антеннаны талаптардың орындалуын қамтамасыз ететіндей етіп орнату қажет.
1206. «ӘҚБ» режиміне арналған радиолокациялық жауап қатушы АФҚ құрылғыларына қойылатын талаптар.
АФҚ жұмыс жиіліктерінің диапазоны:
сигнал қабылдау режимінде:
өрісті иіндеу көлденең болғанда - 837,5+4 МГц;
өрісті иіндеу тік болғанда - 1030+3 МГц;
сигнал тарату режимінде:
өрісті иіндеу көлденең болғанда - 740+3 МГц құрауы қажет.
1207. АФҚ-ға кірердегі кернеу бойынша тұратын толқынның
коэффициенті (КТТК):
837,5+4 МГц диапазонында 5-тен;
1030+3 МГц диапазонында 2-ден;
740+3 МГц диапазонында 2,5-тен аспауға тиіс.
Жауап қатушы қолданысының 75% қашықтыққа белгіленген АФҚ көріну аймағының жантаю және тангаж пайдалану бұрыштары кезінде көлденең жазықтықта жоқ болып кетуіне жол берілмеуі қажет.
Ескерту. Жер бетіндегі радиолокатор антеннасының айналым жылдамдығы кем дегенде минутына 6 рет айналатын бір-екі айналысы кезінде ұшақ белгісінің жекелеген жоғалу оқиғаларына жол беріледі.
1208. «RBS» режиміне арналған радиолокациялық жауап қатушы АФҚ құрылғыларына қойылатын талаптар.
АФҚ жұмыс жиіліктерінің диапазоны:
сигнал қабылдау режимінде - 1030+3 МГц;
сигнал тарату режимінде - 1090+3 МГц құрауы қажет.
Өрісті иіндеу тік болуы тиіс.
1209. АФҚ-ға кірердегі кернеу бойынша тұратын толқынның коэффициенті (КТТК) 2-ден аспауға тиіс.
Жауап қатушы қолданысының 75% қашықтыққа белгіленген АФҚ көріну аймағының жантаю және тангаж пайдалану бұрыштары кезінде көлденең жазықтықта жоқ болып кетуіне жол берілмеуі қажет.
Ескерту. Жер бетіндегі радиолокатор антеннасының айналым жылдамдығы кем дегенде минутына 6 рет айналатын бір-екі айналысы кезінде ұшақ белгісінің жекелеген жоғалу оқиғаларына жол беріледі.
Антенна мен радиолокациялық жауап қатушы арасындағы фидердегі саябырсу 5 дБ-ден аспауы қажет.
1210. Жақын навигация радиотехникалық жабдығының АФҚ құрылғыларына қойылатын талаптар.
АФҚ жұмыс жиіліктерінің диапазоны:
сигнал қабылдау режимінде - 873,6-1000,5 МГц;
сигнал тарату режимінде - 726-813 МГц құрауы қажет.
Өрісті иіндеу көлденең болуы тиіс.
АФҚ-ға кірердегі кернеу бойынша тұратын толқынның коэффициенті (КТТК):
сигнал қабылдау диапазонында 5-тен;
сигнал тарату диапазонында 2,5-тен аспауға тиіс.
Жауап қатушы қолданысының 75% қашықтыққа радиомаяктан көрінетін, белгіленген АФҚ көріну аймағының нөлдік жантаюмен ұшу кезінде көлденең жазықтықта жоқ болып кетуіне жол берілмеуі қажет. Көлденең жазықтықта өрістің көлденең құраушысының біркелкі емес таралуы 12 дБ-ден аспауға тиіс.
Ескерту. 1. Қос антенналы АФҚ құрылғысын ұшаққа орнатқан кезде жабдықтың жұмыс істеуіне әсер етпейтін 90о+40о және 270о+40о бүйір бағыттарда жекелеген интерференционалды жоғалу оқиғаларына жол беріледі.
2. Егер ұшақта арнайы коммутациялау құрылғысының көмегі арқылы аппаратураға кезек-кезек қосылатын бірнеше антеннадан тұратын АФҚ құрылғысы орнатылған болса, онда ауыстыру процесі жабдықтың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтірмеуі қажет.
1211. VOR бұрыш өлшегіш жүйесі радиотехникалық жабдығының АФҚ құрылғыларына қойылатын талаптар.
АФҚ жұмыс жиіліктерінің диапазоны 108-117,975 МГц құрауы қажет.
АФҚ-ға кірердегі кернеу бойынша тұратын толқынның коэффициенті (КТТК) 5-тен аспауға тиіс.
Көлденең жазықтықтағы АФҚ-ның бағытталған диаграммасы жан-жақты бағытталған болуы қажет. Бағытталған диаграмманың біркелкі еместігі 16 дБ-ден аспауға тиіс.
Жартылай толқынды вибратордың ең жоғары сәуле шығаруымен салыстырғанда ұшақтың жанама кіндіктемесі бағытындағы көлденең жазықтықта АФҚ-ның үдеу коэффициенті минус 10 дБ-ден төмен болмауы қажет.