Ұшақтың қабының артына енгізілетін дренажы трубалар дренаждалған жанатын сұйықтықтар қозғалтқыштардың ауа жинағышына, қозғалтқыштардың гонджолдарына және ұшақтың өрт қауіпі бар аймақтарына түсуін болдырмайтындай етіп орналастырылуға тиіс.
Қозғалтқыштың 200оС-тан астам температураға дейін қыздыратын агрегаттары мен конструктивтік элементтерінің үстіңгі беті бар бөліктерінің 964-тармақтың талаптарына сәйкес суытқыш (желдеткіш) жүйесі болуға тиіс. Қозғалтқыштар бөліктерінің ауалық суытқыш (желдеткіш) жүйесі бір бөліктен екінші бөлікке жалынның таралуына жол бермеуі қажет.
Өшіру барысында суытқыш ауаны беруді жаппастан өртті өшіру қамтамасыз етілмейтін бөліктерде суытқыш жүйесі өрт өшіру жүйесінің өрт сөндіргіштері қолданысқа қосылған сәтте (толық немесе ішінара) автоматты түрде жабылуға тиіс.
Қозғалтқыштың ішкі қуыстарының атмосферамен қатынасы үшін труба құбырларына шығару орны олардан май, ыстық газ, ал авариялық жағдайларда жалынның да тасталуын ескеріп таңдалуға тиіс.
1015. Өрт дабылы.
ҚҚ қозғалтқыштары мен қосалқы (энергетикалық және жылытқыштық) қондырғылар қозғалтқыштарының бөліктері өрт дабылдарымен, ал қажет болған жағдайда талаптарына жауап беретін осы бөліктердегі қызып кету туралы дабыл жүйелерімен жабдықталуға тиіс.
1016. Қуатты қондырғылардың өрт өшіру жүйелері.
Егер қозғалтқыштың бөлігі жеке-жеке өрт дабылы бар «суық» (компрессордың маңы) және»ыстық»(жану камерасының, турбинаның және реактивтік шүмектің маңы) аймақтарға көлденең өрт қалқанымен бөлінген болса, онда осы аймақтардағы өрт сөндіру жүйесі бөлектенген де және бірлескен де болуы мүмкін.
Қозғалтқышты май қуысындағы отсөндіргіш құралымен жабдықтау кезінде осы жүйені қолданысқа қосуды экипаж тиісті дабылдың жұмыс істеуі бойынша қозғалтқышты ажыратып тастағаннан кейін бірден жүргізуге тиіс. Қозғалтқыштың ішіндегі өрт сөндіру жүйелеріндегі от өшіру заттарының саны және оны труба құбырлары арқылы бөлушілерге (қысым және аймақ бойынша бөлу) беру жағдайын нақты текшеде арнайы отты сынақтардың нәтижелері бойынша анықтаған жөн.
158. Экипаж бен жолаушылардың кабиналарын және
ұшақтың басқа бөліктерін өрттен қорғау
1017. Экипаж бен жолаушылардың кабиналары.
Ұшақта экипаж бен жолаушыларды орналастыру орны өрт туындауының, оларға өрт қаупі бар бөліктерден түтін мен от сөндіру заттары өтуінің ең аз ықтималдығын қамтамасыз ете отырып орындалуға тиіс.
Ұшақтарда қозғалтқыштарды экипаж бен жолаушылардың кабиналарынан тікелей жақын орналастыру, қозғалтқыштарды кабиналардан бөліп тұратын бөліктер мен кабинаға оттың, түтіннің және отсөндіргіш заттардың таралуына кедергі жасайтын арнайы герметикалық өрт қалқандары орнатылуға тиіс.
Жолаушылар немесе экипаж мүшелері орналасатын немесе болуы мүмкін барлық кабиналар мен бөліктерде өрт қауіпсіздігінің мынадай шаралары қамтамасыз етілуге тиіс:
1) қолданылатын конструкциялық және бөлу материалдары жануы қиын немесе өздігінен өшетін болуға тиіс. Баяу жанатын материалдарды шектеп қолдануға оларды ұшақта қолдануды ескере отырып рұқсат беріледі. Оларға жалын ықпал еткен кезде улы өнімдердің елеулі мөлшерін бөлетін материалдарды қолдануға болмайды.
Химиялық өңдеудің арқасында өзінің отқа шыдамдылығын алған тоқыма материалдары уақыт өткен сайын жоғары температураның ықпалынан өзінің отпен қарсыласу қасиетін жоғалтуға тиіс емес;
2) темекі тартуға рұқсат берілген кабиналар отқа шыдамды материал тәріздімен жабылатын жеңіл алынатын күлсалғыштармен жабдықталуға тиіс. Темекі тартуға рұқсат берілмеген барлық басқа бөліктерде және кабиналарда темекі тартуға тыйым салынған жазу немесе жарықтандырылған табло болуға тиіс;
3) жол жүктерін, киімдерді және т.б. сақтау үшін арнайы ыдыстар мен сөрелер көзделуге тиіс. Олар қыздырылған электр жабдығынан, ыстық сіріңке мен папиростан олардың құрамының жану мүмкіндігін болдырмайтындай етіп орналастырылуға тиіс;
4) қағаздар мен қалдықтарға арналған жәшіктер өздігінен жабылатын қақпақтары бар отқа шыдамды материалдардан жасалуға тиіс.
Экипаждың кабинасында немесе оған кіре берісте қолмен басқарылатын от сөндіргіш болуға тиіс. Жолаушылардың салондарында қолмен басқарылатын от сөндіргіштердің саны мен олардың орналасқан орны ұшақтың әрбір үлгісі үшін салонның көлеміне қарай жеке белгіленуге тиіс, бірақ әрбір салонда бір от сөндіргіштен кем болмауға тиіс.
Ескерту. Бір салонды жолаушылар аз сиятын (20 жолаушыға дейін) ұшақтар үшін экипаж кабинасының кіре берісіне қолмен басқарылатын бір отсөндіргіш орнатуға рұқсат беріледі.
От сөндіргіштер қол жеткізуі оңай орындарда (мысалы, шыға берістерге жақын) орнатылуға, тез шешілетін қосылғышпен бекітілуге, қолданысқа әрқашан дайын болуға және оларды қалай қолдану жөнінде қысқаша нұсқаулық жазбасы болуға тиіс.
Қолмен басқарылатын от сөндіргіштер ретінде 1087-88-тармаққа сәйкес сертификаттық сынақтардан өткен от сөндіргіштер ғана пайдаланылуы мүмкін.
Өрт туындаған жағдайда кабиналарды ұшақ қозғалтқыштарының компрессорларынан үрлеу немесе жылыту кезінде әрбір қозғалтқыштан ауа беруді тоқтататын құрылғы көзделуге тиіс.
Зақымдануы ұшу жағдайларын қиындатуға алып келетін жолаушылар кабинасындағы басқару бөлшектері, труба құбырлары мен басқа жабдықтар тетіктік зақымдардан және кабинада өрт туындаған жағдайда өрт ықпалынан қорғалуға тиіс.
1018. Жүк және багаждың бөліктері.
Зақымдануы өрттің туындауына алып келуі мүмкін немесе ұшу жағдайларын қиындату қорқынышын тудыратын жүк пен жол жүгі бөліктерін орналасқан труба құбырлары, жабдықтар мен агрегаттар бөліктегі жүктердің орнын ауыстыру мүмкіндігі кезінде зақымданудан қорғалуға тиіс.
Жолжүктік бөліктерді бөлу үшін, сондай-ақ жүктерді байлау және бекіту үшін қолданылатын материалдар жануы қиын немесе өздігінен өшетін болуға тиіс. Бұдан басқа, жүк және жолжүк бөліктерінде өрт туындаған жағдайда түтіннің, жалынның, от сөндіргіш заттардың және басқа зиянды газдардың экипаж бен жолаушылардың кабиналарына түсуін болдырмайтын шаралар қолдануға тиіс.
Жүк және жолжүк бөліктері төменде келтірілген сыныптамаларға сәйкес өрттен қорғалуға тиіс.
А сыныбы - ұшуда экипаж үшін қол жетімді, өртті экипаж мүшелері олардың жұмыс орындарынан өрт дабылы жүйелерін қолданбастан оңай табатын бөлік.
Осы сыныптың бөліктерінде туындағын өртті 1015-тармақ талаптарын қанағаттандыратын қолмен басқарылатын от сөндіргіштердің көмегімен тез жою мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
Б сыныбы - ұшуда экипаж үшін қол жетімді, бірақ өртті экипаж мүшелері олардың жұмыс орындарынан өрт дабылы жүйелерін қолданбастан табуы қиын бөліктер. Осы сыныптың бөліктері түтін, жалын пайда болған кезде немесе температура көтерілген кезде жұмыс істейтін және 1015-тармақты талаптарын қанағаттандыратын өрт дабылдарымен жабдықталуға тиіс.
Б сыныбының бөліктерінде экипаж мүшелері бөліктің ең алыс орнында қолмен басқарылатын отсөндіргіштердің көмегімен өртті жою жөнінде шаралар қолдануға қажетті уақыт ішінде бөлік конструкция элементтерінің отқа аса шыдамдылығын қамтамасыз ететін шаралар қолданылуға тиіс. Туындаған өртті өшіру үшін экипаж мүшесінің от сөндіргішпен бөлікке кіру мүмкіндігін көрсетуге тиіс.
В сыныбы - ұшуда экипаж үшін қол жетімді емес бөліктер. Осы сыныптың бөліктері түтін, жалын пайда болған кезде немесе температура көтерілген кезде жұмыс істейтін және 1015-тармақтың талаптарын қанағаттандыратын өрт дабылдарымен жабдықталуға тиіс.
В сыныбының бөліктері 1028-тармақтың талаптарын қанағаттандыратын және өртті жоюды немесе жүктің немесе жолжүгі материалдарының қалдықты бықсуы кезінде жалындап жануды жоюды және ұшақты жақын әуеайлаққа (РҰП сәйкес) қондыру мен жолаушыларды эвакуациялауды аяқтауға қажетті уақыт ішінде жалындап жанудың қайтадан туындауын болдырмауды қамтамасыз ететін өрт сөндіргіш жүйесімен қамтамасыз етілуге тиіс.
В сыныбы бөліктерінің ұйымдасқан желдеткіші болған кезде ұшудағы өрт жағдайында оны қашықтықтан жабу немесе желдеткіштегі ауа шығынын азайту көзделуге тиіс.
1019. Отын бактарының бөліктері.
Қозғалтқыштардың бөліктерімен, энергетикалық немесе жылытқыш қондырғылардың бөліктерімен қатар орналасқан отын бактары мен олардың агрегаттары от өткізбейтін өрт қалқандарымен немесе отын экрандарымен қоса олардан бөлек болуға тиіс. Бак пен қалқан (экран) арасындағы қашықтық 15 мм-ден кем болмауға тиіс.
Отын бактары немесе бактар тобы мүмкіндігінше, оқшауланған бөліктерде орнатылуға тиіс. Отын бактары зақымданған жағдайда отынның басқа бөлікке ағуынан қорғау шаралары қолданылуға тиіс.
Жылытқыш, қосалқы қуатты қондырғылардың (ҚҚҚ) бөліктері мен ұшақтың басқа аймақтары.
Отынның жануымен жұмыс істейтін жылытқыш және қосалқы қуатты қондырғылар (ҚҚҚ) орналастырылған бөліктер қуатты қондырғылардың қозғалтқыш бөліктеріне ұсынылатын өрт қауіпсіздігі талаптарын қанағаттандыруға тиіс.
Қондырғылардың жұтқыш құрылғыларының көрсетілген конструкциясы ұшақ бортының сыртына қызып кеткен газдарды немесе жану бұйымдарын шығару кезінде; сонымен бірге осы қондырғылар іске сәтсіз қосылған жағдайларда отынның тасталу мүмкіндігі ескерілуге тиістілігі кезінде ең жоғары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.
Қондырғылардың ауа жинайтын көрсетілген құрылғылары мұндай қондырғылардың бөліктерінде немесе қуатты қондырғы қозғалтқыштарының бөліктерінде пайдаланудың (күтілетін жағдайларында оған отын мен оның буларының, сондай-ақ түтін мен жалынның түсуін болдырмайтындай етіп орналастырылуға тиіс.
Көрсетілген қондырғыларды экипаждың немесе жолаушылардың кабиналарында, сондай-ақ осы кабиналармен тікелей байланыс жасайтын бөліктерде орналастыруға болмайды.
Қалыпты пайдалану жағдайларда өрттің шығуы мүмкін емес, бірақ жалын немесе түтін ұшаққа (қанаттарының тұмсықты ағызғыштары және т.б.) тез тарайтын бөліктер оларды өрт қаупі бар бөліктерден, сондай-ақ экипаж бен жолаушылардың кабиналарынан бөліп тұратын қорғаныш экраны немесе қалқаны болуға тиіс. Мұз қатуға қарсы жүйелердің труба құбырлары ауаның келуін жабуға мүмкіндік беретін шүмектермен жабдықталуға тиіс.
159. Өрттен қорғау құралдарының сынақтары
1020. Қуатты, қосалқы, энергетикалық және жылытқыш қондырғылардың өрттен қорғау құралдары нақты текшелерде:
1) өрт дабылының тиімділігін;
2) өрт сөндіргіш жүйелерінің тиімділігін;
3) өрттен қорғаудың конструктивтік шараларының тиімділігін тексеру кезінде арнайы от сынақтарынан өтуі қажет.
1021. Өрт сөндіру жүйесі бар ұшақтың барлық бөліктерінде жердегі жағдайларда отты және "суық" сынақтардың нәтижелері бойынша белгіленетін өртті сөндіруге талап етілетін олардың концентрация шамаларына сәйкестілігін тексеру үшін оның «суық» төгіндісі кезінде жазғы жағдайларда отсөндіргіш заттың нақты концентрациясы айқындалуға тиіс. Ұшудағы сынақтар кезінде отсөндіргіш заттың экипаж бен жолаушылар кабиналарына түспегендігін тексеру қажет.
1022. Жерде және ұшуда пайдаланудың күтілетін жағдайларында өрт дабылының жүйесі жалған істелетін жұмыстарға қарсы тұрақтылыққа сыналуға тиіс.
1023. Жерде және ұшуда өрт сөндіру жүйесі агрегаттарының жұмыс жағдайы олар орналасқан орындарда оларға қойылатын талаптарға сәйкес келетіндігіне тексерілуге тиіс.
1024. Ұшақтың кабиналары мен бағамды бөліктерінде орнатылған өрттен қорғау құралдарына сынақтар жүргізілуге тиіс.
1025. Интерьерде және кабиналарды бөлуде, сондай-ақ багаж бөліктерінде қолданылатын конструкциялық және бөлетін полимерлік материалдардың сынақтарын П7.5.4 және П7.5.5-қосымшаларда баяндалған әдістер бойынша жүргізген жөн.
160. Ауа жинағыштар
1026. Пайдаланудың күтілетін жағдайларында және РҰП барлық қол жетімді режимдері кезінде қозғалтқыштардың жұмысы және олардың үйлесімділіктерінде ауажинағыштар мен қозғалтқыштардың газды серпінді орнықты бірлескен жұмысы қамтамасыз етілуге тиіс.
1027. Пайдаланудың күтілетін жағдайларында және РҰП барлық қол жетімді режимдері кезінде қозғалтқыштардың жұмысы және олардың үйлесімділіктерінде ұшақта қозғалтқыштардың құрамдастары тудыратын компрессордың қалақтарында тербеліс кернеулерінің деңгейі рұқсат етілген мәннен аспауға тиіс.
1028. Ауажинағыш ұшақта (арнадағы торлар, ағыс қорғанышы, шасси дөңгелектеріндегі қалқанша және т.б.), осылайша, ұшақты рульдеу, шарықтау және қондыру кезінде ауа жинағыш құрылғының ішіне аэроайлақтың үстінен бөгде заттардың түсуі шамасы 600-тармақ бойынша белгіленгеннен асып түсетін қозғалтқыш бөлшектерінің механикалық зақымдарын тудырмайтындай шоғырлануға немесе арнайы құрылғылармен қорғалуға тиіс. Кері қимылдайтын тартымды пайдалану кезінде реактивті ағыстың әуе айлақтың үстімен ағуы әуе айлақтың үстінен бөгде заттардың түсуін, механикалық зақымның тууын болдырмайтындай етіп ұйымдастыру қажет.
1029. Ауажинағыш мұз қату жағдайларындағы ұшу кезінде мұздың пайда болуын болдырмау үшін автоматты және қолмен басқарылатын мұз қатуға қарсы жүйемен (ПОС) жабдықталуға тиіс. Ауа жинағыш ПОС-ның жарамдылығын жерде тексеру, сондай-ақ оның жұмысын ұшуда бақылау мүмкіндігі болуға тиіс.
1030. ҚҚҚ ауа жинағыш талаптарын қанағаттандыруға тиіс. ҚҚҚ ауажинағыштағы ПОС-ты белгілемеуге болады, егер, ұшақтағы ҚҚҚ таңдап алынған жиынтығы кезінде ПОС-қа қажеті жоқ болса.
1031. ҚГТҚ ауа жинағышының және ҚҚҚ жұғу құрылғыларының конструкцияны мен шоғыры ҚГТҚ роторының кері айналуын болдырмау үшін, авторотация режимдеріндегі қалыпты іске қосу мен қысымның оң күрт төмендеуі, егер бұл қажет болса, осы режимде ротор айналымының ең жоғары жиілігін шектеу қамтамасыз етілетіндей етіп орындалуға тиіс.
161. Шығып тұратын құрылғылар
1032. ҚҚ және ҚҚҚ қозғалтқыштарының шығып тұратын құрылғылары ұшақ конструкциясының жанаспалы элементтерінің қызып кетуіне жол бермейтіндей болып шоғырлануға тиіс.
1033. Шығып тұратын құрылғыларды жинақтау газдардың өздігінен ағуын, сондай-ақ олардың ұшақтың кабинасына түсуін болдырмауға тиіс.
1034. Қозғалтқыштардың шыға берісіне жақын тұрған ұшақтың конструкциясы мен қаптамасының элементтері немесе оған жұтылған газдардың түсу мүмкіндігі отқа шыдамды материалдардан жасалуға тиіс.
1035. Шығып тұратын құрылғының элементтері қуатты қондырғыда да, ҚҚҚ-да да салыстырмалы орындарын ауыстыруға жол беруге және олардың бұзылуын немесе барлық пайдалану режимдеріндегі қозғалтқыштардың жұмыс жағдайларында жылытылғаннан кеңейген кездегі жол берілмейтін бұзылуын болдырмауы тиіс.
1036. Кері қимылдайтын тартымы бар қуатты қондырғының шығып тұратын құрылғылары үшін, шығарылатын арналардың орналасқан орны және кері қимылдайтын құрылғыдан шығатын газ (ауа) ағысының бағыты, РҰП рұқсат берген оның барлық жұмыс режимдері кезінде:
1) қозғалтқыштың, қуатты қондырғы мен ұшақ конструкциясының элементтерін шамадан тыс қыздыру мен тербелісін;
2) кері қимылдайтын ағыстардың ықпалымен әуе айлақтың үстінен 7.6.1.3 көрсетілгендей бөгде заттарды ауа жинағышқа соруды;
3) жұтылған газдардың түсуінің салдарынан қозғалтқыш компрессорының орнықты жұмысының қорын шамадан тыс төмендетуді және ауажинағыштың кіре берісінде ағыс конструкциясын өзгертуді;
4) қозғалтқыш пен ұшақтың элементтеріне теңестірілмеген шамадан тыс сатылас немесе бүйірлік жүктемелердің туындауын;
5) ұшақты кері қимылдайтын ағыстардың басқару органына тигізетін әсерінен орнықтылығы мен басқарулығын шамадан тыс төмендетуді болдырмайтындай етіп таңдауға тиіс.
1037. ҚҚҚ-ның шығып тұратын құрылғылары талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
162. Капоттар
1038. Қозғалтқыш гондолының капоттарын (қаптамаларын) оларды пайдалану жағдайында оларға әсер етуі мүмкін ауа ағысынан болатын тербеліске, екпінге және басқа жүктемелерге шыдайтындай болып құрастырылуға және орнатылуға тиіс.
1039. Капоттың 724-тармақтың талаптарын қанағаттандыратын мотогондолдардан алынатын жанатын сұйықтықтарды дренаждау жүйесі болуға тиіс.
1040. Капоттар дюралюминийден гөрі ыстыққа аса төзімді материалдан жасалуға тиіс. Капоттың олардың қозғалтқыштың аса қатты қыздырылған үстіңгі беттеріне немесе жұту жүйелерінің элементтеріне жақын болғандықтан қатты қыздырылған пайдалану процесінде расталған бөлігі отқа төзімді материалдардан, егер осы ықпал конструкцияның беріктігін азайтуды немесе зақымдауды тудырса, жасалуға тиіс.
1041. Копот астындағы кеңістік суыту (желдеткіш) жүйесінің ауа жинағыштары мен шығып тұратын келте құбырлары (жалюздер), сондай-ақ басқа жүйелердің шығып тұратын келте құбырлары ауаның, газдардың және т.б. қауіпсіз орналасуын қамтамасыз ететіндей орналасуға тиіс. Олардың капотқа орналасуы 723-тармақтың талаптарын қанағаттандыруға тиіс.
1042. Әрбір қозғалтқыш капоттарының сыртқы жағында жердегі әуе айлақтық отсөндіргіш құралдарынан капот астындағы кеңістікке от сөндіргіш затты беруге арналған шағын люлька болуға тиіс. Шағын люлька ондағы раструбты басқан кезде немесе жердегі от сөндіргіш құралдарды шашқанда тез ашылуға тиіс. Шағын люльканың контур бойынша қызыл түсті және «Жерде сөндіруге арналған» деген жазуы бар белгісі болуға тиіс.
Ескерту. Шағын люльканың көлемі тең болуға тиіс:
1) дөңгелек шағын люлька үшін - диаметр кем дегенде 127 мм;
2) төрт бұрышты шағын люлька үшін - жақтары кем дегенде 127 мм.
1043. ҚКҚ капоттары талаптарын қанағаттандыруға тиіс.
163. Ауажинағыштар, шығып тұратын құрылғылардың
капоттардың сынақтары
1044. Ауажинағыштардың сынақтары.
Ауажинағыштардың 1036-тармақтың талаптарына сәйкестігін бағалау үшін жерде және ұшуда сынақтар өткізілуге тиіс. Сынақтар кезінде:
1) ауажинағыштар мен қозғалтқыштарды пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы, оның ішінде қол жетімді жел жағдайларында бірлескен жұмысының орнықтылығы;
2) ауажинағыштың 466-тармаққа сәйкес табиғи мұз қатудың бақыланатын жағдайларындағы мұз қатуға қарсы жүйенің жұмыс қабілеттілігі мен тиімділігі;
3) ұшақты рульдеу, шарықтау және қондыру кезінде ШҚЖ-дан қозғалтқышқа бөгде заттардың түсуінен қорғаудың қамтамасыз етілгендігі;
4) ҚҚҚ ауажинағыштың оларға жерде және ұшуда пайдаланудың барлық жағдайларында РҰП-да бар нұсқауларды ескере отырып ҚГТҚ қалыпты жұмысын қамтамасыз еткендегі жұмыс қабілеттілігі;
5) қозғалтқыштардың біреуіндегі помпаждық ысырылуының жақын орналастырылған қозғалтқыштардың жұмысына әсері тексеріледі.
1045. Шығып тұратын құрылғылардың сынақтары.
Шығып тұратын құрылғылардың талаптарға сәйкестігін бағалау үшін жерде және ұшуда сынақтар өткізілуге тиіс. Сынақтар кезінде:
1) шығып тұратын құрылғының жылу жағдайы;
2) РҰП сәйкес кері қимылдайтын тартымды қолдану кезінде рұқсат берілген ұшу мен қозғалтқыштар жұмысының барлық режимдерінде кері қимылдайтын құрылғыдағы қуатты элементтердің жылу жағдайы;
3) тікелей тартым режимдерінде де, кері қимылдайтын тартым режимдерінде де жұтылған газдардың түсуі мүмкін ұшақ конструкциясы элементтерінің температурасы анықталуға тиіс.
1046. Капоттардың сынақтары.
Кіші бөлімнің талаптарға сәйкестігін бағалау үшін капоттардың беріктігіне есеп ұсынылуға және мотогондолдан жанар сұйықтықтарды алып тастау жөнінде дренаждардың тиімділігін анықтау бойынша жерде сынақтар жүргізуге, сондай-ақ барлық режимдердегі, оның ішінде кері қимылдайтын режимдердегі, егер қуатты қондырғы кері қимылдайтын құрылғымен жабдықталса, қозғалтқыштың жұмысы кезінде шығып тұратын құрылғылардың маңындағы капот элементтерінің температурасы өлшенген болуға тиіс. Өрт кезінде ашатын қақпақтарды ашу мүмкіндіктерін көрсетуі тиіс.
Аталған ұшақ үшін белгіленген қону минимумына сәйкес радиомаяктык жүйелердің курсы мен глиссадасының желілеріне қатысты ұшақтың дәлдікпен және биіктігіне дейінгі орнын анықтауды;
Экипаждың көзбен шолып индикациялауы үшін радиомаяктық жүйелердің курсы мен глиссадасының желілеріне қатысты ұшақтың орны туралы ақпараттың және басқа бір жабдыққа электр сигналдарын, егер бұл сигналдар қолданылып жатқан болса, берілуін;
Көзбен шолу сигнализациясы және дыбыстық сигнализация түрінде маркерлік радиомаяктардан өту туралы ақпараттың берілуін, сондай-ақ осы ақпараттың басқа бір жабдыққа электр сигналдары түрінде берілу мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.
Ескерту. СП мен ILS-тің курстық-глиссадалық маяктары бойынша қонуға бет алу көзделмеген күтіліп отырған пайдалану жағдайларындағы ұшақтарда курс пен глиссада желілеріне қатысты ұшақтың орнын анықтау және ол туралы ақпарат беру міндетті болып табылмайды.
Қону радиотехникалық жабдығының курстық арнасының жұмыс істеу қабілеттілігі аэродромнан салыстырмалы түрде 600 м биіктікте ұшу кезінде маяктан алыстығы кем дегенде 45 км болатын барлық күтіліп отырған пайдалану жағдайларында қамтамасыз етілуі қажет.
Қону радиотехникалық жабдығының глиссадалық арнасының жұмыс істеу қабілеттілігі аэродромнан салыстырмалы түрде 300 м биіктікте ұшу кезінде маяктан алыстығы кем дегенде 18 км болатын барлық күтіліп отырған пайдалану жағдайларында қамтамасыз етілуі қажет.
Курс пен глиссада желілерінен ауытқыған сигналдардың сапасы аталған ұшақ үшін қабылданған, қонуға бет алудың барлық режимдерінде басқарудың қабылдауға тұрарлық сапасын қамтамасыз ететіндей болуы қажет.
Курс пен глиссада желілері бойынша қонуға бет алып, маркерлік маяктардан өткен кезде: глиссаданың жантаю бұрышы 2,5о-тан 3о-қа дейін болғанда алыс МРМ-нен - 600+200 м аймақта, ал жақын (орта) МРМ-нен -300+100 м аймақта жарық сигнализациясының және/немесе дыбыстық сигнализацияның болуын қамтамасыз ету қажет.
164. Ұшақ жабдығы
1047. 164-202 тарауларда қаралатын борттық жабдық - ұшақтың орналасқан орнын анықтау, ұшақ жүргізуді қамтамасыз ету және ауа қозғалысын басқару (АҚБ), сыртқы және ішкі радиобайланысты қамтамасыз ету, электр энергиясымен қамтамасыз ету, жарық техникасының міндеттерін шешу, сондай-ақ күш-қуат қондырғысының жұмысын бақылау үшін ұшақтарда орнатылатын техникалық қондырғылардың жалпы атауы.
1048. Жабдық түрі - мақсатының, қозғалыс принципінің немесе жұмыс процесінің ортақ белгілері бар жабдық.
1049. Кешен - жалпы функционалдық мақсаттағы міндеттер тобын бірлесіп орындауға арналған ақпараттық жүйелердің, есептеу-бағдарлама құралдарының, индикация, сигнализация және басқару жүйелерінің жиынтығы.
1050. Жүйе - берілген функцияларды орындауға арналған бір-бірімен байланысты авиациялық техника бұйымдарының жиынтығы.
1051. Өлшеу (басқару) тракты - қабылдау, өлшеу және параметрді индикациялау (басқару) міндеттерін шешетін бір немесе бірнеше жүйелерде немесе кешендерде жүйелі байланысқан элементтердің тізбегі.
1052. Прибор - жеке пайдаланушылық мәні бар және параметрді өлшеу мен индикациялауды қамтамасыз ететін құрылғы.
1053. Индикатор - өлшемдер шамасының саны немесе сапасы туралы ақпаратты бейнелеу құралы.
1054. Сигнализатор - бейнелік, дыбыстық және тактильді сигналдар түріндегі параметрдің, жүйенің немесе объектінің қажетті шамасына немесе күйіне сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы ақпараттың бейнеленуін қамтамасыз ететін прибор.
1055. Датчик - өлшеніп жатқан параметрдің ағымдағы шамасы туралы сигналды шығаруға арналған өлшеу құрылғысы.
1056. Ұшу-навигациялық жабдық (ҰНЖ) - жалпы ұшқаннан бастап қонғанға дейін ұшудың, навигацияның және ұшақ жүргізудің міндеттерін шешуге және тұтынушыларға ақпаратты беруге арналған ұшақ бортындағы өлшеу, есептеу және басқару жүйелері мен қондырғыларының және ақпаратты бейнелеп көрсету жүйесінің жиынтығы.