1127. Аталған механикалық приборлардың (барометрлік биіктік аспап жылдамдығының және КИ үлгісіндегі магниттік компас приборларының) басқа жантаю, тангаж бұрыштарын, сондай-ақ барометрлік биіктікті және прибор жылдамдығын бейнелейтін приборлар параметр өлшеу трактісінің, оның ішінде приборға келіп түсетін сигналдар бойынша электр қуаттандырудың істен шығуын білдіретін сигнализациясы болуы қажет.
Ескерту. Радиомагниттік индикаторларда (РМИ-да) курстың істен шығуын білдіретін сигнализацияның болмауына жол беріледі.
1128. ПҰЕ жағдайларында ұшуға арналған 30-дан астам жолаушы сиятын ұшақта, жерге жақындағанда мынадай жағдайларда ұшқыштарға сигналдар беруді қамтамасыз ететін құралдар орнатылуы қажет:
- ұшақтың астындағы жерге төмен түсу жылдамдығы немесе жерге жақындау жылдамдығы осы режим үшін белгіленген шектеулерден асатын кезде;
- осы режимдер үшін белгіленген шектеулерден асатын биіктікті жоғалтқанда немесе көтерілгеннен кейін төмен түсу жылдамдығы өзгергенде және екінші айналымға кеткен кезде;
- қонуға бет алғанда СП-ИЛС жүйелері бойынша глиссададан ауытқуы белгіленген шектеулерден төмен болғанда;
- қонуға болмайтын конфигурацияда рұқсат берілген биіктіктен ұшақ төмен ұшқан кезде. Жерге қауіпті жақындау сигнализация құралдарының іске қосылу табалдырықтарының шамасы ұшақты ұсынылған қауіпсіз ҰПБ-дағы ұшу режиміне шығару үшін әдеттен тыс басқару әдістерін қолдануды, сондай-ақ қалыпты салмақ артуды nу=1,5-тен немесе егер олар қалыпты салмақ артудың аз шамаларында келетін болса ҰЭБ белгілейтін шектеулерден көтерілуін қажет етпейтіндей таңдап алынуы қажет.
1129. Берілген барометрлік биіктіктің өлшеу және тұрақтандыру құралдары қолданыстағы тік эшелондау жүйесінде ұшудың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ететін және осы тармақтың Қосымшасында келтірілген»"Тік эшелондау құралдарының техникалық сипаттамаларына қойылатын Нормативтік талаптарға" сәйкес келетін дәлдік және сенімділік сипаттамалары болуы қажет.
Жоғарыда аталған талаптарды орындау үшін ұшақтың бортында:
- барометрлік биіктікті өлшеудің кем дегенде үш дербес трактысы, олардың кем дегенде екеуі ұшу барысындағы автоматтандырылған бақылау құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс;
- эшелонның берілген биіктіктен ауытқуының бақылау және сигнализация құралдары;
- ӘҚБ жүйесіне барометрлік биіктіктің сигналын беру құралдары;
- берілген биіктікті автоматты түрде және қолмен тұрақтандыру құралдары орнатылуы қажет.
Ең жоғары крейсерлік ұшу биіктігі 4200 м-ден аспайтын ұшақтар үшін, сондай-ақ КШҰЕ бойынша ұшуға арналған ұшақтар үшін биіктікті өлшеудің екі дербес трактысын құруға, эшелонның берілген биіктіктен ауытқуының автоматты бақылау және сигнализация құралдарынсыз, сондай-ақ берілген ұшу биіктігін автоматты түрде тұрақтандыру құралдарынсыз ұшуына жол беріледі.
Ескерту. Статикалық қысымның түрлі жүйелерін пайдаланатын биіктікті өлшеу трактылары дербес деп есептеледі; статикалық қысымның екі жүйесіне ортақ пневмокранның болуы дербестіктің бұзылғандығын білдірмейді.
169. Курсты анықтау құралдары
1130. ПҰЕ бойынша ұшу жағдайларында ең аз дегенде гироскопиялық (тұрақтандырылған) курстың екі датчигі, магниттік курстың бір датчигі, автономиялық магниттік компас (КИ үлгісіндегі), сондай-ақ курстың магниттік және/немесе шын және/немесе келтірілген (магниттік немесе шын меридианға) индикаторы енуі қажетті курсты анықтау құралдарының құрамы әрбір ұшқышта болуы қажет. Түрлі дербес электрмен жабдықтау қосалқы жүйелерінен қуат алатын гироскопиялық (тұрақтандырылған) курстың екі датчигінен бірінші және екінші ұшқышқа курсты индикациялау жүзеге асырылу қажет.
Ескерту. 1. Тек жергілікті әуе желілері (жолдары) бойынша ұшатын ұшақтарда, егер ол істен шыққан жағдайда ұшу жағдайларының күрделенуіне қарағанда ұшуды жалғастырып, аяқтауды қамтамасыз ету ауыр болмаған жағдайда гироскопиялық (тұрақтандырылған) курстың бір датчигін орнатуға жол беріледі.
Магниттік курсты басқа да әдістермен, мысалы, есептеу арқылы анықтауға жол беріледі.
1131. Курсты анықтау құралдары ұшақты пайдаланудан күтіліп отырған жағдайларымен анықталатын қажетті дәлдік сипаттамалары бар берілген функцияларды орындауды қамтамасыз ететіндей орнатылуы қажет. Магниттік курс датчиктерін орнататын орындарда бастапқы девиация шамасы Жердің магниттік өрісінің көкжиектік құрамдас көрсеткіші 0,16-0,18 эрстедке тең болғанда +2о-тан аспауы қажет. Қалдық девиация шамасы Жердің магниттік өрісінің көкжиектік құрамдас көрсеткіші 0,27-ден 0,06 эрстедке дейін болғанда кез келген курста +1о-тан аспауы қажет. Пайдалану барысында қалдық девиацияны +2о-қа дейін ұлғайтуға жол беріледі. Ұшаққа арналған пайдаланушылық-техникалық құжаттамада ұшақты пайдалану барысында белгіленген жоғары шекте девиацияны бір қалыпта ұстау әдістері келтірілген болуы қажет.
1132. Электр жабдықтың және/немесе электр энергия
қабылдағыштарының қосылуы, қозғалтқыштар жұмысы режимінің ұшудың
тұрақтанбаған жылдамдығы бойынша учаскелерін қоспағанда өзгеруі,
жантаю және тангаж бұрыштарының өзгеруі, сондай-ақ күтіліп отырған
пайдалану жағдайларында ұшақтағы жылжымалы бөліктер мен басқару
органдарының қозғалуы гиромагниттік курс ауытқуының ең жоғары рұқсат
берілген қалдық девиация шамасы +2о-тан артық ұлғаймауы қажет.
1133. Автономды магниттік компас (КИ үлгісіндегі) компас қолданылатын жағдай үшін алдын-ала айтылған жабдықтың жұмыс көлемі мен қалпы кезінде оның қалдық девиациясы +10о-тан аспайтындай етіп орнатылуы қажет. Аталған көрсеткіштер артып кеткен жағдайда компасты қолдануға екі ұшқыштың көз алдында тұратын девиация шамаларының кестесі тек ұшақта болған жағдайда ғана жол беріледі.
1134. Гироскопиялық құрылғылармен анықталатын курсты түзету үшін қолданылатын астрономиялық курс құралдарын қолдану қажетті болған жағдайда астрокурс датчигі оның бетін ұшақ конструкциясының кез келген элементтері көлегелемейтін, кильден басқа жерде орнатылуы қажет. Датчик орнатылған орын шамдалдарды визирлегенде олардың ең аз мөлшерде бұрмалануын қамтамасыз ету қажет.
170. Жантаю мен тангажды анықтау құралдары
(авиакөкжиектер жүйесі)
1135. Жантаю мен тангажды анықтау құралдарына ұшақтың кеңістіктегі орналасқан орнын анықтау мен индикациялауды және ақпараттың шынайылығына бақылау жасауды қамтамасыз ететін тік және индикаторлар датчиктері мен бақылау жүйесінің жиынтығы жатады.
1136. Жантаю мен тангажды анықтау құралдарының құрамына ең аз дегенде екі негізгі авиакөкжиек пен резервтік авиакөкжиек енуі қажет. Негізгі авиакөкжиектердің индикаторлары ретінде командалық-пилотаждық индикаторлар қолданылуы мүмкін. Бірінші және екінші ұшқышқа жантаю және тангаж бұрыштарын индикациялау түрлі тік датчиктерден жүзеге асырылуы қажет. Негізгі авиакөкжиектер электрмен жабдықтаудың электрден тәуелсіз қосалқы жүйелерінен (арналарынан) қуат алуы қажет.
Авиакөкжиектер жүйесіндегі жабдықтың кез келген жекелеген істен шығуы, оның ішінде электрмен жабдықтау жүйесіндегі жабдықтың кез келген жекелеген істен шығуы бір авиакөкжиектің істен шығуынан аспауы қажет.
Ескерту. 1. КШҰЕ бойынша ұшуға арналған ұшақтар үшін резервтік авиакөкжиекті пайдалану міндетті емес.
2. Негізгі авиакөкжиектердің индикаторлары ретінде автономды немесе дистанциондық авиакөкжиектер қолданылуы мүмкін. Датчиктер ретінде гиротіктер, курстық тіктер, екпін күш курстық тіктері, екпін күш жүйелері қолданылуы мүмкін.
1137. Авиакөкжиектердің, оның ішінде дистанциондық авиакөкжиектердің датчиктері ұшақты пайдаланудан күтіліп отырған жағдайларымен анықталатын қажетті дәлдік сипаттамалары бар берілген функцияларды орындауды қамтамасыз ететіндей ұшаққа орнатылуы қажет.
1138. Резервтік авиакөкжиекте жантаю және тангаж бұрыштарын индикациялаудың негізгі авиакөкжиектерді индикациялаумен ұқсас болу дәрежесі авиакөкжиектер көрсеткіштерін салыстыруды қамтамасыз ететіндей болуы қажет.
1139. Жантаю мен тангажды анықтау құралдарында түзету ажыратқыштарын қолдану қажет болған жағдайда авиакөкжиектердің әрқайсысы авиакөкжиекпен бірге жұмыс істейтін және ол сияқты электрмен жабдықтаудың қосалқы жүйелерінен (арналарынан) қуат алатын жеке тұрған түзету ажыратқышына қосылуы қажет.
Ескерту. Егер түзету ажыратқышы авиакөкжиектен басқа өзге гироприборларды ажырату үшін де қолданылатын болса, онда авиакөкжиектің түзетуін ажырататын тізбектердің электр шешілімін қамтамасыз ету қажет.
1140. Сигнализациясыз негізгі авиакөкжиектердің индикаторларында ұшақтың кеңістіктегі орналасу индикациясының тоқтатылуы немесе ұшақтың кеңістіктегі орналасу индикациясынан толықтай айрылуы апаттық жағдай ретінде қарастырылу қажет, сонымен қатар апаттық жағдайларға қатысты талаптар орындалу қажет.
Ұшу барысында бір сағатқа негізгі авиакөкжиектердің индикаторларында ұшақтың кеңістіктегі орналасу индикациясының тоқтатылуы жиі болып тұратын оқиға емес, болуы екіталай оқиға ретінде қарастырылуы қажет.
1141. Резервтік авиакөкжиек экипаж тарапының қосымша іс-әрекеттерінсіз және қадамдық қозғалтқыштармен айналысқа келтірілетін барлық генераторлардың істен шыққан кезінде электр қуаттандыру тізбектерінің коммутациялануынсыз оның электрмен қуаттандыруын қамтамасыз ететіндей ЭЖЖ-ге қосылуы қажет. Ұшақта резервтік авиакөкжиек ретінде +360о диапазонда жантаю мен тангаждың өзгерген жағдайында жұмыс істеу қабілеттілігін сақтайтын авиакөкжиек орнатылуы қажет.
1142. ПҰЕ бойынша ұшуға арналған ұшақтар үшін авиакөкжиектерді бақылау индикаторлар мен датчиктердің автоматтандырылған сыртқы бақылау құрылғылары арқылы орындалуын қамтамасыз ететіндей сыртқы және ішкі бақылау құрылғыларының жиынтығы арқылы жүзеге асырылуы қажет.
Ескерту. КШҰЕ (көзбен шолып ұшу ережесі) бойынша ұшатын ұшақтар мен резервтік авиакөкжиектер үшін бақылау 152-тармақта айтылған кіріктірілген бақылау құралдарымен ғана шектелуі мүмкін.
1143. ПҰЕ бойынша ұшатын ұшақтар үшін негізгі авиакөкжиектер мен резервтік авиакөкжиектен талаптарға сәйкес өлшемдерді тіркеудің борттық құрылғысында жазу үшін сигналдар түсіруді қамтамасыз ету ұсынылады.
Ескерту. Датчиктерге тіркеу құрылғыларының әсерін болдырмай тастаған жағдайда, оның ішінде осы құрылғылардың істен шығуы барысында өлшемдерді тіркеу және бақылау үшін ортақ датчиктерді пайдалануға жол беріледі.
1144. Сигнализация жантаю бұрыштарын пайдаланудағы рұқсат берілген шектен асуын алдын алатындай болуы қажет және ұшқыштарға ұшақтың кеңістіктегі орналасуы туралы ақпаратты пайдалана отырып, жантаю бойынша белгіленген шектерден ұшақтың шығуына жол бермеуіне мүмкіндік беруі қажет.
171. Әуе өлшемдерін анықтау құралдары
1145. Ұшақта әуе өлшемдері анықтау құралдарының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін құбыр өткізгіштері мен қалдық қабылдағыштарынан тұратын толық және статикалық қысымдарын қабылдаудың бір-бірінен тәуелсіз кем дегенде үш жүйесі орнатылуы қажет.
1146. Қысым қабылдағыштарын фюзеляждың қаптамасына орнатқан жағдайда статикалық қысымды қабылдау жүйелерінің әрқайсысында олар қарама-қарсы бортарда екеуден орналасып, бір-бірімен бітеу жүйе құрайтындай құбыр өткізгіштерімен жалғасуы керек.
1147. Толық және статикалық қысым қабылдау жүйелерінің бірі тек бірінші ұшқыш пайдаланатын бұйымдарды қосу үшін ғана арналуы қажет.
1148. Бірінші ұшқышқа оның жұмыс орнынан екінші ұшқыштың жүйесінен басқа, статикалық және толық қысым қабылдау жүйелерінің біріне барометрлік биіктікті, приборлық жылдамдықты және тік жылдамдықты көрсететін өзінің приборларын ауыстыруға мүмкіндік қамтамасыз етілу қажет.
1149. Қысымды қабылдау жүйелерінің қабылдағыштары (сыртқа шығарылатындары және фюзеляждың бортындағы) өлшенетін қысымдардың қателері өлшегенде ауытқуларға (аспаптар мен индикаторлар құралдарының қателерін қоспағанда) әкелетін:
- жылдамдығы тиісті ұшақ конфигурациясы үшін рұқсат берілген ең аз жылдамдықтан рұқсат берілген ең жоғары жылдамдыққа дейінгі диапазонда ағымдағы аспаптық жылдамдықтан 10 км/сағатқа немесе 3%-дан (қайсысы үлкен, соған байланысты) аспайтын орындарда орналасуы қажет. Сонымен бірге рұқсат берілген ең аз жылдамдық:
1) көтерілу конфигурациясы үшін - V2
2) ұшу конфигурациясы үшін - 1,3 Vc1;
3) қону конфигурациясы үшін - екінші айналысқа кеткендегі рұқсат берілген жылдамдық;
- биіктігі тиісті конфигурация үшін құлау жылдамдығының 1,3-нен (шасси және жалғас қанаттар түсірілген) құлау жылдамдығының 1,8-не (шасси және жалғас қанаттар жиналған) дейінгі жылдамдықтар диапазонында жылдамдықтың үдеуі әрбір 200 км/сағатқа +10 м-ден аспайтын орындарда орналасуы қажет. Ұшудың өтпелі режимдерінде әуе қысымдары қабылдағыштары ауытқуларының өзгеру сипаты қолмен және автоматтандырылған басқару кезінде қиындық туғызбауы қажет.
1-ескерту. Осы тармақтың талаптары бірінші және екінші ұшқыштың әуе өлшемдерінің негізгі аспаптарын қосуға арналған статикалық және толық қысымдардың негізгі жүйелеріне жатады.
2-ескерту. Аэродинамикалық ауытқуларды өтейтін құралдары бар өлшеуіштерді қолданған жағдайда, аталған талаптар түзетулердің құрал есебінен кейін қалдық ауытқуларға жатады.
1150. Қабылдағыштар бір-бірінен ұшу кезінде бір мезгілде екеуінің механикалық бұзылуын (мысалы, құстармен соқтығысуын) болдырмайтын ара қашықтықта орнатылу қажет.
1151. Тармақ резервтелген.
1152. Мүмкін болатын мұздану жағдайларында қабылдағыштардың конструкциясы және олардың ұшақтағы орналасуы қысым қабылдау жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуі қажет.
1153. Экипаж қабылдағыштарды жылытатын электр құралдардың істен шыққандығы туралы оларға хабар беретін сигнализациямен қамтамасыз етілуі қажет. Жылыту құралының қосылмауын оның істен шыққандығы ретінде қарастыру қажет.
1154. Қосылған тұтынушылары бар әуе қысымдарының қабылдау жүйесі атмосфераға шығатын орнынан басқа, 1 және 2-кестелерде көрсетілген герметикалығы бойынша талаптарға жауап беруі қажет.
20-кесте
Статикалық қысым жүйесінің герметикалық емес Нормалары
| км/сағ жылдамдыққа сәйкес сиретілген ауаның бастапқы көрсеткіші |
| 200 | 700 |
км/сағ-тан аспайтын жылдамдыққа сәйкес 1 минут ішінде стрелканың төмен түсуі | 2 | 5 |
21-кесте
Толық қысым жүйесінің герметикалық емес нормалар
| км/сағ жылдамдыққа сәйкес қысымның бастапқы көрсеткіші |
| 200 | 700 |
км/сағ-тан аспайтын жылдамдыққа сәйкес 1 минут ішінде стрелканың төмен түсуі | 1 | 2 |
1155. Құбыр өткізгіштер конденсатты қарауға және оны төгуге оңтайлы орнатылатын ылғалдың жиналуынан қорғайтын құрылғылармен жабдықталуы қажет. Статикалық және толық қысым жүйелерінің ішкі диаметрі тиісінше кем дегенде 6 және 4 мм болуы қажет. Барлық тұтынушылар қосылған әрбір статикалық жүйенің жер деңгейіндегі кешігу коэффициент АБҚ (автоматтандырылған басқару құралдары) датчиктеріне қуат бергенде 0,4 с-тан және пилотаждық-навигациялық приборларға қуат бергенде 1,0 с-тан аспауы тиіс.
1156. Әуе қысымдарын қабылдау жүйелері анықталған болуы қажет. Анықталған нәтижелері ҰЭБ-та келтіріп және жылдамдық өлшемдерінің пайдаланушылық және шекті көрсеткіштерін белгілеген кезде ескерілуі қажет.
Ескерту: Қабылдаудағы ауытқуы 25 м-ден аспайтын және құралдармен өтелмеген статикалық қысым жүйелеріне қосылған биіктік өлшегіштер үшін әрбір ұшқыштың көз алдында түзетулер кестесі (графигі) орнатылған болуы қажет.
1157. Ұшақта биіктік және приборлық жылдамдықтың электр механикалық немесе электрондық индикаторларын негізгі приборлар ретінде қолданған жағдайда екі приборлық тақталарында приборлық жылдамдықтың механикалық көрсеткіштері, ал бірінші ұшқыштың приборлық тақтасында механикалық барометрлік биіктік өлшегіш сақталуы қажет. Бірінші ұшқыштағы барометрлік биіктік пен приборлық жылдамдықты өлшеудің және индикациялаудың негізгі приборларында екінші ұшқыштың приборларынан тәуелсіз аталған ақпараттың және электр қуатының көздері болуы қажет.
1158. Толық және статикалық қысым құбыр өткізгіштері мен оларға қосылатын барлық негізгі және қосымша бұйымдарда: толық қысымды әкелетін штуцерлердің таңбасы -«Д» және статикалық қысымды әкелетін штуцерлердің таңбасы «С» болуы қажет.
1159. Фут өлшегішті орнатқан жағдайда оған бақылау жасауды биіктік өлшегіштерге қойылатын осы тақылеттес талаптарға сәйкес және осындай бақылау жүйесі (8.22.13) шеңберінде жүзеге асыру қажет.
172. Ұшақтың координаттарын анықтау құралдары
1160. Ұшақ орнының координатын анықтауға арналған жүйелер қолданыстағы талаптармен берілетін түрлі ұшу кезеңдерінде трасса (дәліз) кіндіктемесінен рұқсат берілген ауытқулар шегінде ұшуды орындауға жеткілікті дәлдік пен сенімділікті қамтамасыз етуі қажет.
1161. Ұшақ орнының ағындағы координатын анықтау жолдық әуе жылдамдығы мен курсының, сонымен қатар әуе жылдамдығы мен курсының деректері және/немесе басқа да қажетті дәлдік пен сенімділікті қамтамасыз ететін деректер бойынша жүргізілуі керек.
1162. Бүкіл ұшу сапары барысында ұшақтың ағымдағы орнын индикациялау және автоматтандырылған басқару жүйесіне және/немесе командалық-пилотаждық және навигациялық-жоспарлық индикаторлар жүйесіне қажетті ақпаратты беру жүзеге асырылуы қажет.
1163. Радиотехникалық навигация жүйелерінің деректері бойынша есептелінген координаталарды түзету мүмкіндігі қамтамасыз етілу қажет.
173. Автоматтандырылған басқару құралдары
1164. 1123-тармақта баяндалатын талаптар жекелеген автоматтандырылған басқару құралдарына (АП, ТБЖ, ҚТА) да, сол сияқты олардың жиынтығына (АБҚ) да таралады.
Ескерту. «АБҚ» аббревиатурасы қолданған барлық жағдайда бұл осы талаптың тек АБҚ жүйесіне біріктірілген құралдардың жиынтығына ғана емес, сондай-ақ жеке алынған кез келген құралға да қатысты екендігін білдіреді.
1165. Автоматтандырылған басқару құралдары арқылы әрбір ұшақ үлгісі үшін орындалатын функциялар оны пайдаланудың мақсаты мен ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Сонымен бірге ұшақта мынадай функциялардың орындалуы міндетті:
жантаю мен тангаж бұрыштарын тұрақтандыру және басқару;
курсты тұрақтандыру;
ұшудың барометрлік биіктігін тұрақтандыру.
1166. АБҚ-ны басқару операциялары қарапайым болуы қажет, ал оларды жүзеге асыру бірінші ұшқышқа да, екінші ұшқышқа да, сондай-ақ ҰЭБ-қа сәйкес іс-әрекеттер орындайтын экипаждың басқа да мүшелеріне қиын соқпауға тиіс.
1167. АБҚ-ны іске қосу, режимдерді ауыстыру және ажырату берілген режим енетін атқарушы құрылғылардың жұмыс істеп қалуы туралы ақпарат бойынша қалыптасатын тиісті сигнализациямен сүйемелденуі қажет. Бұл сигнализация екі ұшқыштың да жұмыс орындарынан айыруға жеңіл болуы қажет.
Егер де, АБҚ режимдерінің өз бетінше емес ауысуы немесе оның өшіп қалуы, сондай-ақ автоматты түрде жүзеге асырылатын АБҚ режимдерінің өзгеруі мүмкін болатын жағдайда сигнализация АБҚ режимінің қосылуы немесе өшірілуі ұшқыштармен дер кезінде емес анықталуының алдын алу үшін жеткілікті түрде тиімді болуы қажет.
1168. АБҚ басқару органдарының жылжу бағыты сәйкес келуі қажет. Жылжу бағыттары басқару органдарында немесе оның жанындағы органдарда нақты белгіленуі қажет.
1169. АБҚ-ның іске қосылуы және ажыратылуы, сондай-ақ оның жұмыс режимдерінің ауыстырылуы абсолюттік шама бойынша 0,15-тен асатын қалыпты салмақ түсуінің (басқарушы әсерлерден болатын қалыпты салмақ артуды есептемегенде) артуына әкелмеуі қажет.
1170. АБҚ-мен өзара іс-қимыл жасайтын жабдықтың түзету сигналдары АБҚ-ның ақауы бар жабдықпен жұмыс істеуін болдырмау үшін қолданылуы қажет.
Осы мақсатта:
1) түзету сигналдарын алып тастаған кезде, кез келген мынадай талаптардың орындалуы қамтамасыз етілуі қажет:
- АБҚ-ның ағымдағы жұмыс режимін сақтай отырып, ақауы жоқ жабдықпен жұмыс істеуге АБҚ-ның автоматты түрде ауысуы;
- АБҚ-ның басқа бір ақаусыз режиміне АБҚ-ның автоматты түрде ауысуы;
- АБҚ-ның автоматты түрде ажыратылуы;
2) түзету сигналдары жоқ болған жағдайда АБҚ-ның ақауы бар жұмыс режимінің іске қосылуын болдырмау үшін, оның оқшаулануын қамтамасыз ету қажет.
Ескерту. АБҚ құрамына кіретін бақылау құрылғысы арқылы өзара іс-қимыл жасайтын жабдықтың түзету сигналдарын қалыптастыруға жол беріледі.
1171. АБҚ немесе оған кіретін жабдық істен шыққан жағдайда АБҚ-ның және оған кіретін жабдықтың жұмыс қабілеттілігінің бұзылуын өзара қорғау қамтамасыз етілуі қажет.
1172. АБҚ блоктарының (элементтерінің) бұрыс қосылуын, сондай-ақ АБҚ-ға техникалық қызметті орындау барысында өзара іс-қимыл жасайтын жүйелердің, құрылғылардың немесе датчиктердің АБҚ-ға бұрыс қосылуын болдырмайтын шаралар қолданылуы қажет.
АБҚ күтіліп отырған пайдалану жағдайларындағы АБҚ-ның кез келген істен шығуы (болуы мүмкін еместерін қоспағанда) кезінде және ҰПБ-қа сәйкес экипаждың іс-әрекеті кезінде талаптар орындалатындай етіп құрастырылған және реттелген болуы қажет.
АБҚ істен шыққан кезде күш салудың ең жоғары қысқа мерзімді шамасы ең жоғарғысынан аспауы қажет.
1173. АБҚ-ның конструкциясы оның тез және сенімді ажыратылуын қамтамасыз етуі қажет. АБҚ ажыратылғаннан кейін ол ұшақ пен қозғалтқыштардың басқару жүйесіне әсер етпеуі қажет.
Ескерту. АБҚ ажыратылғаннан кейін басқару жүйесімен іске қосылып тұра беретін АБҚ-ның кез келген бөлігі басқару жүйесінің бір бөлігі ретінде қарастырылып талаптарға жауап беруі қажет.
1174. АП-ның тез ажыратылу органдары қозғалтқыштардың басқару иінтіректеріне (рычагтарына) қарама-қарсы жақтағы бірінші және екінші ұшқыштардың штурвалдарында орналасуы қажет. ҚТА-ның тез ажыратылу органдары қозғалтқыштардың басқару иінтіректерінде (рычагтарында) орналасып, оларды қолмен ауыстыру үшін басқару органдарына қойылған қолмен ҚТА-ны ажыратуға мүмкіндік беруді қамтамасыз етуі қажет.
1175. АБҚ-сы ақаусыз ұшақтың ұшуын автоматты түрде басқару кезінде ұшқыштарға АБҚ-ны ажырату бойынша қандай да бір қосымша іс-әрекеттерсіз негізгі басқару иінтіректеріне (рычагтарына) ықпал ету арқылы басқаруды өзіне алуға мүмкіндік беруді қамтамасыз ету қажет. Сонымен бірге басқару иінтіректеріне (рычагтарына) салынатын күш:
бойлық басқаруда - 50 кгс-тен;
көлденең басқаруда - 30 кгс-тен;
жолдық басқаруда - 90 кгс-тен аспауы тиіс.
Басқару иінтіректеріне (рычагтарына) қозғалтқыштармен салынатын күштің жиынтығы экипаждың оң бағасын алуы қажет. Ұшақтың ҰПБ-ында аталған араласу жағдайы үшін экипажға арналған нұсқаулар қамтылуы қажет.
1176. АБҚ бойлық (жанама) арнада ұшақты автоматты түрде және жанама (бойлық) арнада қолмен басқаруды бір мезгілде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бөлек арна бойынша ажыратуды қамтамасыз етуі қажет.
1177. АБҚ-ның сипаттамалары өзі орнатылатын ұшақ конструкциясының беріктік сипаттамаларымен келісілген болуы қажет және ол: туындаған жетек қызметінің күшінен және АБҚ-ның ықпалы нәтижесінде ұшақ эволюциясынан ұшақ конструкциясының қандай да болмасын бір бөлігінде барлық ұшу режимдерінде АБҚ-ны қолдануға жол берілетін дұрыс жұмыс істеуі кезінде де, сондай-ақ оның істен шыққан кезінде де қауіпті кернеулер туғызбайтындай етіп орнатылады.
1178. Ұшу барысында АБҚ-сы іске қосылған ұшақты басқаруды ұшқыш өзіне алған кезде оған қиындықтар туғызатын шектерде өзгеруі мүмкін ұшақтың теңгеруі ұшқыштарға индикациялаумен басқару иінтіректерінде (рычагтарында) күштерді автоматты түрде ретке келтіруді жүзеге асыруды және/немесе тек қана АП ажыратылған кезде қалыпты салмақ түсудің артуы абсолюттік шама бойынша екі жағдайда да 0,15-тен аспайтындай күш салу бойынша ұшқышқа ұшақты теңгеруге мүмкіндік беретін күш салу индикациясын қамтамасыз ету қажет.
1179. Әрбір қозғалтқыштың басқару органдарынан АГД-ның бөлек түрде қолмен ажыратылуын қамтамасыз ету қажет.
1180. ҚТА-ның жұмысы кезінде қозғалтқыштардың басқару иінтіректерінің (рычагтарының) жылжуы және олардың динамикасы қозғалтқыштарды дайындаушының ұсынымдарына сәйкес болуы қажет.
174. Қалыпты салмақ түсуді өлшеуге арналған