911. Жүйе шассиі жиналған ұшақты апаттық қондыруды орындаған жағдайда өрт тудыруға қабілетті бұзылушылықтар мүмкіндігі болмайтындай етіп орындалуға тиіс.
131. Отын бактары және ұшаққа отын құю
912. Әрбір бак пайдаланудың күтілетін жағдайларында ұшақтағы отын бактарының ұшырауы мүмкін тербеліске, екпінді күшке, сұйықтықтың ықпалына, конструкциялық және температуралық жүктемелерге шыдауға тиіс.
913. Әрбір бакта жылытқан кезде отынның көбеюіне байланысты бактың жалпы сыйымдылығының кем дегенде 2% бос көлемінің болуы ұсынылады. Құятын аузының немесе орталықтан май құятын жүйе автоматикасының орналасуы бос көлемді толтыру мүмкіндігін болдырмауға тиіс. Егер бос кеңістік көлемі 2%-дан аз көзделсе, бактардың асып-төгілуі мен жылытылғаннан кейін оның мөлшерінің көбеюі кезінде отынның төгілуін болдырмайтын басқа шаралар қабылдауға тиіс.
914. Жүйедегі бактардың төменгі нүктелерінен немесе тұндырғыштардан тұндырғыны құйып алу қамтамасыз етілуге тиіс, сонымен бірге құйып алу крандарының саны мүмкіндігінше ең аз болуға тиіс. Бактың тұндырғышының жеткілікті көлемі (бактың кем дегенде 0,1% көлемі ұсынылады) болуға және бактың барлық бөліктерінен су жинау қамтамасыз етілуге тиіс. Құйып алу шүмегі жабық жағдайда сенімді тіркелуге тиіс.
915. Ұшақта жұмсақ (салынатын) бактарды орналастыру кезінде мыналарды орындау қажет:
1) бакті бекіту анықталған олар орналасқан жерлерде ұшақ конструкциясының элементтерінде қолданылатын жүктемелерге шыдауға тиіс;
2) олардың бекітілуі бактары мен элементтердің арасында жұмсақ төсемдер орнатылуға тиіс, төсем материалдары отынды сіңіріп алмауға тиіс;
3) бак орналастырылған бөліктердің ішкі беттері тегіс болуға және бактардың қабырғаларына зақым келтіруге қабілетті шығып тұратын бөліктері болмауға тиіс, немесе соңғысының арнайы қорғанышы көзделуге тиіс;
4) бактар орналастырылған бөліктерде аздап ағу пайда болған жағдайда және оны табу үшін отынның және оның буларының жинақталуының алдын алатын дренаждау немесе желдету тесіктер көзделуге тиіс;
5) бактарды фюзеляжға орналастыру кезінде отынның және оның буларының экипаж бен жолаушылардың кабиналарына түсу мүмкіндігін болдырмауға тиіс;
6) отын бактарының ішіндегі ақаулы болған кезде отын буларының жалындауын тудыруға қабілетті электр сымдары мен олардың қосылыстары металл трубаға (қапқа) орналастырылуға тиіс;
7) ұшақтағы бактар талаптарға сәйкес келуге тиіс.
916. Бактар-кессондардың бактың ішкі қуыстарын қарау мен жөндеуге және агрегаттар мен труба құбырларын айырбастауға арналған люктары болуға тиіс.
917. Бактар отынның шайқалуын азайтатын және бактардың қабырғаларына отынның екпінді ықпалын төмендететін құрылғылармен жабдықталуға тиіс.
918. Бактардың оларға арматуралармен және агрегаттармен (жылу өлшегіштерінің датчиктері, айдау сораптары, қалқымалы клапандар және т.б.) ұшаққа бекітілетін элементтермен толық монтаждалған үлгілері:
1) отын багының, осы ұшақ үшін ең жоғары рұқсат етілген қосынды жүктемелер кезінде, бактарға толық май құйылған кезде 125% ең жоғары үрлеу қысымына тең қысыммен тексерілуге тиіс; сынақтар кезінде нәтижеленген қысым кем дегенде 0,25 кг/см2 болуға тиіс;
2) бактар-кессондар үлгілерін тиісті тербелісті жүктемелер кезінде және бос бактар мен 0,75 сыйымдылыққа отын толтырылған кезде осы тармақтың талаптарына сәйкес бактарды бір мезгілде үрлеумен жасалатын сынақтарға тап болуға тиіс.
919. Бактардың жалпы сыйымдылығы 3000 л-ден асатын ұшақтардың отынды орталықтан құятын жүйесі болуға тиіс. Аз сыйымдылық кезінде құю аузы арқылы үстінен май құюға рұқсат беріледі.
920. Егер ұшақта отынды орталықтан құятын жүйе көзделген болса, ол:
1) бактардың барлық топтарын отынмен бір мезгілде және жеке-жеке толтыруды;
2) бактардағы отынның ең жоғары деңгейін автоматты түрде және қосарлана шектеуді және ұшақтың бактары мен труба құбырларын олардың қысымының мөлшерден тыс артуынан сақтауды;
3) май құю барысында ұшақтың ауырлық орталығының рұқсат берілген шектерінде сақтауды;
4) штуцерді немесе шланганы май құю штуцерінен ажыратып тастау кезінде оның төгілуін болдырмау үшін труба құбырларын отыннан босату;
5) күндізгі және түнгі жағдайларда, әдеттегідей, май құю орнынан құйылатын майдың санын бақылауды;
6) халықаралық стандарттардың май құятын штуцерлерін пайдалану жолымен ұшаққа май құюды қамтамасыз етуге тиіс.
921. Ұшақтың осы үлгісі үшін ең жоғары мүмкін болатын май құю кезінде бактарға отынның қарқынмен түсуінен отын алдындағы кеңістікте соңғысы статистикалық электрлендірудің қауіпті разряды түзілмеуге тиіс.
922. Отын немесе су жинағыштар бактардағы айдап шығару сорабында көлемі 2,5-4,0 мм қорғайтын ұяшық тормен немесе бакқа кездейсоқ түскен отын труба құбырларына бөгде заттардың түсу мүмкіндігін болдырмау үшін басқа құралдармен жабдықталуға тиіс. Қорғау торы отын труба құбырының шығу қиылысының аумағын 5 есе арттыратыннан кем емес тіршіліктік қиылысы болуға тиіс. Егер тор қатып қалуға ұшыраса, онда отынның талап етілген санын қозғалтқышқа үздіксіз беруді қамтамасыз ететін құралдар қарастырылуға тиіс.
923. Бактардағы шығарылмаған отын қалдықтары бактың жалпы көлемінің 1%-нан (ерекше жағдайлардағы айдап әкелу мен қайта айдау сораптарының сөндіру жағдайынан басқа) аспауға тиіс.
132. Отын жүйесінің труба құбырлары мен арматурасы
924. Жүйенің труба құбырлары мен оларды қосу элементтері:
1) герметикалықты және белгіленген қормен беріктікті ысырап етпестен отын қысымының жүйесіндегі жасалатын пайдаланудың күтілетін жағдайларында ұшақтағы труба құбырлары мен оларды қосу элементтері тап болуы мүмкін тербеліске, екпінді күшке, сұйықтықтың ықпалына, конструкциялық және температуралық жүктемелерге тағайындалған ресурстың шегінде шыдауға;
2) ұшақты және қозғалтқыштарды басқару жүйелерінің каркаспен, жабдықпен және жылжымалы бөлшектермен кепілдендірілген саңлаулары болуға;
3) отынның ағуын табу үшін және отын мен оның буларының жинақталуының алдын алу үшін дренаждық немесе желдету тесіктерімен жарақталған ұшақтың бөліктерінде, қаптарында және басқа бөлімдерінде орналасуға;
4) техникалық қызмет көрсету кезінде олардың жағдайын қарау және тексеру үшін құралмен ыңғайлы баруға тиіс.
925. Салыстырмалы түрде орын ауыстыруға ұшырауы мүмкін ұшақтың әртүрлі бөлігі арқылы өтетін труба құбырлары учаскелерінің мүмкін болатын деформацияның орнын толтыратын элементтері болуға тиіс.
926. Отын жүйесінің жұмысын бұзуды тудыруға қабілетті сандарда ауа мен тұнба жинақталуы мүмкін труба құбырларының баулығы мен»"ілгегі" (V кері нысандағы) болмауға тиіс.
927. Барлық өрттен қауіпті аймақтардағы труба құбырларының төсемі өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Отын беру магистралында бактар мен қозғалтқыш бөлігінің өрт қалқанының арасындағы әрбір қозғалтқышқа ұшуда экипаждың кабинасынан басқарылатын және талаптарды қанағаттандыратын өртке қарсы кран орнатылуға тиіс.
Кранмен электрлік басқару жағдайында шүмекпен басқарылатын жүйе 1-санатқа жатқызылуға тиіс.
Кез келген қозғалтқыштың өртке қарсы шүмегін жабу отынды ұшақтың басқа қозғалтқыштарына беруді тоқтатуға алып келмеуге тиіс.
929. Егер отын магистралдарында тұйық көлемдер бар болса, онда олар ұшақтың ұшуында және тұрған кездегі отын температурасы өзгерген жағдайда қысымның мөлшердегіден жоғары артуының алдын алу үшін түсіру клапандарымен немесе басқа құралдармен жабдықталуға тиіс.
930. Экипаждар, жолаушылар мен жүктер орналастырылған ұшақтың бөліктері арқылы өткен отын труба құбырлары кенеттен болатын зақымдардан қорғалуға және мүмкіндігінше ажырамалары болмауға тиіс. Егер көрсетілген бөліктерде ажырамалар болса, онда герметикалық ажырама бұзылған жағдайда бөліктерге отынның түсуін болдырмайтын шаралар көзделуі тиіс.
931. Труба құбырлары мен олардың қосылыстары олардың қате монтажының мүмкіндігін болдырмауға тиіс.
932. Кері бағытта жұмыс істейтін жағдайда кері клапандарды орнату мүмкіндігін болдырмауға тиіс.
933. Жылу жүйесінің крандарын, клапандары мен басқа агрегаттарын орнату мен бекіту жалғастырылған труба құбырларына осы агрегаттардан рұқсат етілмеген жүктемелер беруді болдырмауға тиіс.
133. Отын сүзгіштері
934. Әрбір қозғалтқыштың негізгі сорғысының алдында РП сәйкес тазалайтын жұқа сүзгіш қарастырылуға тиіс. Қосымша тазалау жұқалығы 100 мк сүзгіш орталықтанбаған үлгінің айдап әкелетін магистралдық сораптарының алдында орнатылуға тиіс. Сүзетін элементтерді қарау және алмастыру бактардан отынды құйып алуды талап етпеуге тиіс.
935. Сүзгіштерге немесе жүйеге сүзетін элемент қатып қалған және қоқыстармен бітеліп қалған жағдайларда отынның шығынын сақтайтын қайта босату клапаны орнатылуға тиіс. Жай тазалау сүзгіштері қысымды барынша түсуден сақтайтын белгі бергіштермен жабдықталуы тиіс.
936. Сүзілетіннің үстіңгі беті сүзгіштерді қарау мен тазалау үшін РҚ көзделген мерзімдер ішінде сүзгіштердің жұмыс қабілеттілігін сақтау үшін жеткілікті көлемдері болуға тиіс.
134. Отын бактарын дренаждау жүйесі
937. Бактарды дренаждау жүйесі:
1) отын жүйесінің қалыпты жұмысы үшін қажетті және беріктік жағдайлары бойынша рұқсат берілген, ұшудың барлық режимдері мен жағдайлары кезінде (оның ішінде отынды апатты құйып алу кезінде және резервтік қорға тең келетін отынның қалдығымен ұшақтың кенет төмендеуі кезінде), сондай-ақ жерде май құю және отынды құйып алу кезінде ондағы қысымды ұстап тұруды;
2) ұшуда да, жерде де дренаждау арқылы отынды алып тастаудың болмауын (отынның аздаған шайқалуы белгі ауыстыратын тездеткіштердің қолданысы кезінде ғана рұқсат беріледі) қамтамасыз етуге тиіс.
938. Труба құбырларының төсемі мен сорғытқышты атмосфераға шығару отын бактарына атмосферадан шаң, мұз немесе қар түсе алмайтындай, жиналмайтындай және хабарды тоқтатпайтындай етіп орындалуға тиіс.
135. Отынды апатты құйып алу жүйесі
939. Егер ұшақтың есептік шарықтау массасы ұсынымдарға сәйкес белгіленген қол жетімді есептік қону массасынан асып түссе, онда ұшақтың қол жетімді оның қонуға дейінгі салмағын азайтуды қамтамасыз ететін ұшуда отынды апатты құйып алу жүйесі болуға тиіс. Отынның талап етілген мөлшерін апатты құйып алу мынадай уақыттың ішінде қамтамасыз етілуге тиіс:
1) 10000 л-ге дейін құйып алу кезінде 7 минуттан аспауға;
2) 20000 л-ге дейін құйып алу кезінде 12 минуттан аспауға;
3) 30000 л-ге дейін құйып алу кезінде 15 минуттан аспауға;
4) 30000 л-ден жоғары отынды құйып алу кезінде құйып алу жылдамдығы 2000 л/мин көп болуға тиіс.
940. Апатты құйып алу жүйесін конструктивтік орындау:
1) кез келген жағдайда бактардан ұшақты қондыру кезінде қозғалтқыштарды қоректендіру үшін пайдаланылатын отынның анықталған резервтік қалдықтан деңгейі төмен отынды құйып алуға болмайтындай;
2) кез келген сәтте апатты құйып алуды тоқтатуға болатындай;
3) отынды құйып алуды орындау ұшақты басқаруға теріс әсер етпейтіндей болуға тиіс.
941. Егер отынды апатты құйып алу шығып тұратын жапқыштар немесе шасси кезінде рұқсат етілмесе, апатты құйып алуды басқарумен қатар экипажды ескертуге арналған тиісті көрсеткіш орналастырылуға тиіс.
136. ҚҚҚ қозғалтқышына отын беру жүйесіне
қойылатын қосымша талаптар
942. ҚҚҚ қозғалтқышына отын беру, егер басқа бактан ұшудың соңына дейін отын беруді қамтамасыз ететін арнаулы құралдар көзделмесе, отынның резервтік қалдығы орналастырылған бактан жүзеге асырылуға тиіс.
943. Бактан отын беру, әдеттегідей, ұшақтың негізгі электр тізбектерін сөндіру кезінде электрмен жабдықтаудың апатты көздеріне қайта қосылуға тиісті жекелеген бактік электр жетегі сорабының көмегімен жүргізілуге тиіс.
944. Отын беру магистралында бак пен қосалқы қуатты қондырғы бөлігінің өрттік қалқасының арасында талаптарға жауап беретін өртке қарсы шүмек орнатылуға тиіс.
945. Отынның жоғары қысымы сорабының алдында орнатылған сүзгіш талаптарға жауап беруге тиіс.
137. Отын жүйесінің жұмысын бақылау
946. Ұшақта бактардағы (бактардың топтарындағы) отынның мөлшерімен және әрбір қозғалтқышқа (қозғалтқыш тобына) жиынтықты мөлшермен шығару кезектілігі үшін сенімді, ыңғайлы және үздіксіз бақылау жасауды қамтамасыз ететін немесе ұшақта отын шығарудың автоматты түрі кезінде де, қолмен басқару кезінде де көрсетілген құралдардың көмегімен өлшеу және бақылау жүйесі орнатылуға тиіс. Шығаруды автоматты басқарудың істен шығу дабылы болуға тиіс.
947. Ұшаққа орнатылған отынның мөлшерін өлшеу жүйесі отынның белгіленген резервтік қалдық шамасынан +2% аспайтын қателікпен, ал қалған көлемі - белгі берілген отынның резервтік қалдығының өлшеу жүйесі индикаторларының (индикаторының) межеліктерінің атаулы мәндерінен±+4% аспайтын қателікпен белгі берілген резервтік отын қалдығын бақылауды қамтамасыз етуге тиіс.
Ескерту. Осы тармақпен белгіленген арттыру қателіктері болған жағдайда резервтік отынның қалдық шамасы қателік Нормаларын арттыруды ескеретін қосымша отын қорын қамтуға тиіс.
948. Егер отынның магистралдық шығысын өлшегіш орнатылса, онда жүйеде рұқсат етілген төмен шаманың қысымын азайтуға алып келетін гидравликалық қарсылықты көбейтпестен істен шыққан шығыс өлшегіш арқылы отынның ағу мүмкіндігі көзделуге тиіс.
949. Отынды айдап әкелу және қайта айдау сораптарының жұмысын белгі берушілермен бақылаған жөн. Қосымша бактардан отын шығаруды бактарды босату кезінде жұмыс істейтін белгі бергішпен бақылауға болады.
138. Май жүйесінің сынақтары
950. Ұшақтағы отын жүйесінің оның техникалық және пайдалану сипаттамаларын талаптарына сәйкес анықтау мақсатында текшелік, сондай-ақ жердегі және ұшудағы сынақтары өткізілуге тиіс.
Сынақтар кезінде:
1) отын жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі жағдайында қозғалтқыштардың отынмен қоректенуінің қамтамасыз етілгендігі;
2) берілген бірізділік пен бактардан отын шығару толықтығының қамтамасыз етілгендігі;
3) қозғалтқыштардың отынмен қоректенуінің қамтамасыз етілгендігі:
тоғыспалы қоректің магистраль арқылы отын беру кезінде;
айдап әкелу мен қайта айдаудың жұмыс істемейтін бактық сораптары кезінде;
4) белгі беру және отын жүйесінің жұмысын бақылау жүйесі элементтерінің жұмыс қабілеттілігі;
5) қозғалтқыштардың біреуінің отын беру жүйесінде істен шығуының немесе жарамдылығының қалған қозғалтқыштардың отынмен қоректенуінің қамтамасыз етілгендігіне әсері;
6) отын бактарының сыйымдылығы, отын өлшегіштер мен шығысты өлшегіштердің жұмыс қабілеттілігі мен дәлдігі;
8) отынды бактардан басқа бакқа қайта айдау немесе қайта ағызу сипаттамалары;
9) отынды бактарға орталықтандырылған құю жүйесінің сипаттамалары;
10) ұшуда отынды апатты құйып алу жүйесінің сипаттамалары;
11) отын бактарын дренаждау жүйесінің сипаттамалары;
12) отын бактарынан тұнбаны құйып алудың қамтамасыз етілгендігі;
13) пайдаланудың барлық күтілетін жағдайлары үшін отын бактарының, труба құбырлары мен арматуралардың беріктік сипаттамалары (герметикалығы, статикалық және динамикалық беріктігі, шыдамдылығы, циклдық ұшақ төзімділігі);
14) ұшуда отыннан бөлінген судың отын жүйесінің жұмысына әсері және отын сүзгіштерін мұз қатудан қорғау құралдарының жеткіліктілігі анықталады.
139. Май жүйесі
951. Қуатты қондырғының май жүйесі майды қозғалтқышқа және оның сорғысына рұқсат етілген қысымдармен және температуралармен берудің ұшақты жерде де, ұшуда да пайдаланудың күтілетін режимдерінде қозғалтқыш жұмысының барлық режимдеріне сенімді беруді қамтамасыз етуге тиіс.
952. Май багын ұшаққа орнату кезінде қуатты қондырғының әрбір қозғалтқышының талаптарын қанағаттандыратын өзінің багы бар дербес май жүйесі болуға тиіс.
953. Жүйе қозғалтқышты қалыпты іске қосуды қамтамасыз етуге тиіс.
140. Май багы
954. Май багы талаптарға, оны өрттен қауіпті бөлікке орнатқан кезде - талаптарға жауап беруге тиіс.
955. Бактың құятын аузы жерде қызмет көрсету кезінде оңай қол жететіндей, май құйғаннан кейін онда майдың қалдықтары жиналмайтындай болуға тиіс, ұшақтың (мотогондолдар капотының) қабының сыртына шығып тұрмауға тиіс.
141. Майлы труба құбырлары және арматура
956. Ұшаққа орнатылған труба құбырлары мен арматура жазылған талаптарды қанағаттандыруға тиіс.
957. Май багынан және қозғалтқышты суфлирлейтін труба құбырынан дренаждалған труба құбырын шығару орны өртке қатысты қауіпсіз болуға тиіс.
958. Құйып алу крандары жүйенің төменгі нүктелеріне орналасуға, кіру құқығы болуға тиіс және құйып алу кезінде ұшақтың (гондолдардың) үстіңгі беттері маймен былғануын болдырмау қажет.
142. Майлы жылу алмастырғыштар
959. Жылу алмастырғыштар бекіту элементтерімен бірлесіп зақымдарсыз және тербеліс пен екпін жүктемелерінің герметикалық көлемдерін, сондай-ақ пайдаланудың күтілетін жағдайларда туындауы мүмкін жұмыс сұйықтықтарының температурасы мен қысымын өзгертпестен шыдауға тиіс.
960. Ауалық-майлық жылу алмастырғыштар туннелдерде орналасуға тиіс. Жылу алмастырғышпен түйісу және үрлеу жапқышын басқару элементтері өтетін орындардағы туннелдер герметизацияланған болуға тиіс. Ауаның кіруіне жақын жылу алмастырғыш туннелінде өрт болған жағдайда олардан шығатын жалын жылу алмастырғыш туннеліндегі тікелей кіре беріске тап болуы мүмкін мотогондолдардың суытатын ауа шығарғышы орналаспауға тиіс.
143. Май сүзгіштері
961. Қозғалтқышқа түскен майды тазартуға арналған белгіленген сүзгіштер мотогондолдардың капотында жеңіл алынатын шағын люлкалары болуға тиіс немесе оны қарау мен сүзгіш элементін ауыстыру үшін сүзгішке қол жеткізудің басқа жағдайлары қамтамасыз етілуге тиіс.
144. ҚҚҚ май жүйесі
962. ҚҚҚ май жүйесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
145. Май жүйесінің сынақтары
963. Ұшақта май жүйесінің техникалық және пайдалану сипаттамаларының май жүйесі талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жерде және ұшуда сынақтар өткізілуге тиіс.
Сынақтар мынадай тексеруді қамтуы тиіс:
1) майды қозғалтқышқа және оның сорғысына рұқсат етілген қысымдармен және температуралармен берудің, оның ішінде РП бойынша бактағы ең аз және ең жоғары көлемдері кезінде, ұшақты жерде де және ұшуда да пайдаланудың күтілетін барлық режимдерінде РҰП сәйкес барлық биіктіктерде (май жүйесінің биіктігі) қамтамасыз етілгендігі;
2) май багы көлемінің және ТУ қозғалтқышына май шығыстарына сәйкес ең жоғары ұзақтықта және қашықтықта ұшуды орындау үшін онда май қорының жеткіліктілігі;
3) суфлирлену жүйесі арқылы майдың тастамаларының немесе артық шығыстың болмауы;
4) теріс температуралар жағдайында қозғалтқышты іске қосу кезіндегі жұмыстың қамтамасыз етілгендігі;
5) майдың бактан қозғалтқышқа ағуы;
6) бактағы майдың ең жоғары рұқсат етілген көлемдегі кезінде дренаждау жүйесінің жұмыс қабілеттілігі;
7) белгі беру және май жүйесінің жұмысын бақылау элементтерінің жұмыс қабілеттілігі;
8) әуе бұрамының қалақтарын флюгирлеу үшін бактағы қол сұғылмаған май қорының жеткіліктілігі;
9) май жүйесінде ауаның болуы әуе бұрамын басқару жүйесінің жұмысына әсері.
146. Суыту және желдету жүйесі
964. Суыту және желдету жүйесі ұшақты пайдаланудың барлық күтілетін жағдайларына арналған шектерде пайдалану құжаттамасымен белгіленген ҚҚ және ҚҚҚ элементтерінің температурасын ұстап тұруды қамтамасыз етілуі тиіс.
965. Суыту және желдету жүйелерінің арналарындағы ауаның температурасы мотогондол конструкциясының, қозғалтқыштың сыртқы корпустары мен агрегаттарының элементтерін қозғалтқыш пен агрегаттарды жасаушының техникалық талаптарына сәйкес суытуды қамтамасыз ететін шамасын арттыруға тиіс емес. Қуатты қондырғының жүйелерін суытуды жобалау кезінде өртке қарсы қорғану талаптары ескерілуге тиіс.
966. ҚҚҚ суыту және желдету жүйесінің ұшуда ҚГТҚ іске қосу үшін қажетті температуралық жағдайлар жасауды қамтамасыз ететін құрылғысы болуға тиіс.
147. Суыту жүйесінің жұмысын бақылау
967. Ұшақта қуатты қондырғы мен ҚҚҚ аса қыздырылған аймақтарында орналасқан арналардан шығатын суытатын ауаның температурасын немесе тораптардың, агрегаттар мен т.б. (тән нүктелердегі) температураны бақылау ұсынылады.
148. Суыту және желдету жүйесінің сынақтары
968. Суыту және желдету жүйесінің оған қойылған талаптарға сәйкестігі барлық пайдалану режимдерінде ұшақта жердегі және ұшудағы сынақтармен тексерілуге тиіс. Сынақтардың нәтижесінде қуатты қондырғының конструкциясының элементтері мен агрегаттары үшін барынша жылу кернеулі режимдер жасалатын қуатты қондырғы мен ҚҚҚ ұшақтың ұшу режимі анықталуға тиіс.
969. Сынақтар кезінде оны іске қосу жүзеге асырылатын ұшу режимдері мен биіктіктеріндегі ҚГТҚ жұмыс істемеген жағдайда ҚҚҚ температуралық жағдайлары тексерілуге және олардың РП ҚГТҚ-қа сәйкестігі бағалануға тиіс.
Қажетті температуралық жағдайды қамтамасыз ететін жүйе істен шыққан жағдайда ҚГТҚ қалыпты іске қосу үшін ҚҚҚ-да температуралық жағдайлар сақталатын уақыт анықталуға тиіс.
149. ҚҚ мен ҚҚҚ қозғалтқыштарын басқару жүйесі
970. ҚҚ мен ҚҚҚ қозғалтқыштарын басқару жүйесі ОУП және жағдайларда жұмысқа қабілетті болуға тиіс.
971. Ұшаққа орнатылған кез келген қозғалтқышты жерде және ұшуда жеке-жеке іске қосу мен ажыратып тастау үшін тиісті құрылғы қарастырылуға тиіс. Егер қозғалтқышта роторды қозғалтқыштармен (тежегішпен) тоқтату қарастырылса, онда ол тежелгеннен кейін қозғалтқышқа отын беру мүмкіндігі болмауға тиіс.
972. Жүйені басқару органдары сыртқы жүктемелердің іс-әрекеттерінен өздігінен орнын ауыстыруға тиіс емес немесе тербелістен кез келген белгіленген ережені сақтауға тиіс.
973. Басқару жүйесінің икемді элементтері стандартты үлгіде болуға тиіс немесе ұшақта осы нақты пайдалану үшін олардың жарамдылығы расталуға тиіс.
974. Басқару жүйесі конструкциясы элементтерінің жұмыс жүктемелерін тағайындалған ресурс шектерінде бұзылмастан және қалдық түрленулерінсіз шыдайтындай тиісті беріктігі мен қаттылығы болуға тиіс.
975. Егер қозғалтқышта сұйықтықты компрессорға бүрку жүйесі көзделген болса, онда оны ұшаққа қосу қолмен жүргізілуге тиіс, сонымен қатар оны симметриялық орналастырылған қозғалтқыштарға үйлесімді қосуға және ажыратып тастауға тиіс.
976. Қозғалтқышпен басқару рычагының және қозғалтқышты тоқтату рычагының орнын ауыстыруға арналған ең жоғары күш абсолютты шама бойынша 5 кгс аспауға тиіс. РУД тікелей және кері орнын ауыстыру кезінде басқару жүйесіндегі үйкеліс күшінің жартылай айырмашылығы абсолюттік шама бойынша 3 кгс аспауға тиіс.
977. Жүк тиелетін және қол жүгі бөліктерінде орналастырылған ҚҚ және ҚҚҚ қозғалтқыштармен басқару элементтері бөліктердегі жүктердің орнын ауыстыру кезінде зақымдардан қорғалуға тиіс.
150. ҚҚ қозғалтқыштарын басқару жүйесі
978. Ұшақтағы ҚҚ әрбір қозғалтқышты басқарудың жекелеген жүйесімен жабдықталуға тиіс. Басқару газы аз жердегі режимдерден ең жоғары және кері режимдеріне дейінгі барлық диапазондағы тартқышты (қуатты) өзгертуге, сондай-ақ кері қимылдайтын тартым құрылғысын қосуға және ажыратып тастауға мүмкіндік беретін (РУД) қозғалтқышты басқару рычагымен жүзеге асырылуға тиіс.
Қозғалтқышты ажыратып тастау үшін жеке жүйе орнатуға рұқсат беріледі. Қозғалтқышты басқару рычагы барлық қозғалтқыштарды бір мезгілде және әрбір қозғалтқышты жеке-жеке басқаруға рұқсат берілетіндей етіп орындалуға және орналастырылуға тиіс.
979. ҚҚ қозғалтқышын басқару жүйесі жерде де және ұшуда да: