коэффициентінің мәлімделген өлшемдеріне әсерін қамтуға тиіс.
853. Берілетін және бақыланатын сынақтарды бірлестіру кезіндегі сынақтардың қысқартылған бағдарламасы:
1) қозғалтқыштың істейтін жұмысын;
2) қозғалтқышты реттеуді техникалық талаптар бойынша берілген оның өлшемдері мен сипаттамаларына сәйкестігін баптау мен тексеруді;
3) техникалық шарттарда берілген қозғалтқыштың негізгі деректерінің сәйкестігін растауды;
4) қозғалтқыштың қабылдауды қамтуға тиіс.
125. Сериялық және жөнделетін қозғалтқыштардың
қосымша сынақтары
854. Кезеңдік (комиссиялық) және технологиялық сынақтарды қамтитын қосымша текшелік сынақтарға сериялық және жөнделетін қозғалтқыштар тартылуы тиіс. Комиссиялық сынақтар шығарылатын өнім сапасының тұрақтылығын тексеруі тиіс.
Технологиялық сынақтар:
1) сериялық және жөнделетін қозғалтқыштар үшін енгізілген конструкциялық және технологиялық өзгерістерді;
2) жөнделетін қозғалтқыштардың шекті тозулары мен санлауларының кестесін;
3) қозғалтқышты жөндеу үшін топтық жинақты ұстауда тексеруі тиіс.
855. Қозғалтқыштардың сериялық өндірісі үшін газдинамикалық орнықтылық қорының тұрақтылығын бақылау әдістемесі жасалды және қозғалтқышты тексерудің кезеңділігі белгіленді.
856. Техникалық құжаттамада белгіленген белгілі бір уақыт кезеңінде шығарылған партиядан еркін таңдалған бір қозғалтқыш 150 сағаттық сынақтар бағдарламасы бойынша комиссиялық сынақтардан өтуге тиіс.
126. Сериялық және жөнделетін қозғалтқыштардың
берілетін сынақтары
857. Берілетін сынақтардың бағдарламасы 15-кестеде көрсетілген тексерулердің түрлерін қарастыруға тиіс.
Ескерту. Сынақтардың ұзақтығын 5 бөлікке қысқарту, егер бұл орынды деп танылған болса, рұқсат етілуі мүмкін.
15-кесте
Бөлік | Жұмыс ұзақтығы сағ-мин. | Қозғалтқыш жұмысының режимі |
1 | - | Екі іске қосу (оның бірі суықтай) |
2 | - | Қозғалтқыштың бағдарламада нұсқалуына сәйкес жұмыс істеуі қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін растауға қажетті тексеру (мысалы, отынның және т. б. шығуының болмауын тексеру) |
3 | - |
4 | 0-05 | Жердегі аз газ |
5 | 0-30 | Ең жоғары ұзақтық |
6 | 0-05 | Шарықтау |
7 | - | Аралық (пайдаланылған) Жердегі аз газдан шарықтау режиміне дейінгі мүмкіндіктің үш сынамы және шарықтау режимінен аз газ режиміне дейінгі газдың үш тасталымы. |
8 | - | Мүмкіндік сынамдары мен газдың тастамалары кезіндегі РУД бір секундтан аспайтын уақыт ішінде орны ауыстырылуға тиіс. |
858. Берілетін сынақтардан кейін қозғалтқыш оның бөлшектерінің жағдайын тексеру үшін бөлшектенуге тиіс. Қысқартылған көлемде (торап бойынша), егер бұл ақау табу үшін жеткілікті болып танылса, бөлшектеуге рұқсат етіледі.
859. Берілетін сынақтардың қысқартылған көлемі кезінде қосалқы және ұшақтар агрегаттарының жетектерімен бірге сыналған қозғалтқыштардың саны (пайызы) белгіленеді. Сыналатын қозғалтқыштардың бұл саны ескертілген агрегаттардың жүктелімді жетектерімен бірге сынақтарды толық алып тастағанға дейін ақырындап кемітілуі мүмкін.
127. Сериялық және жөнделетін қозғалтқыштардың
бақылау сынақтары
860. Бақылау сынақтарының бағдарламасы 16-кестеде көрсетілген тексерулердің түрлерін көздеуі тиіс.
Ескерту. Сынақтардың ұзақтығын 4 бөлікке қысқарту, егер бұл орынды деп танылған болса, рұқсат етілуі мүмкін.
16-кесте
Бөлік | жұмыс ұзақтығы сағ-мин | Қозғалтқыш жұмысының режимі |
1 | - | Үш іске қосу (оның бірі суықтай) |
2 | - | Қозғалтқыштың бағдарламада нұсқалуына сәйкес жұмыс істеуі |
3 | - | Қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін растауға қажетті тексеру (мысалы, отынның және т.б. шығуының болмауын тексеру) |
4 | 0,15 | Ең жоғары ұзақтық Аз газды жер режимінен шарықтау режиміне дейінгі мүмкіндіктің үш сынамасы және шарықтау режимінен аз газды жер режиміне дейін газдың үш тасталымы. |
5 | - | Мүмкіндік сынамалары мен газдың тастамалары кезіндегі РУД-тың бір секундтан аспайтын уақыт ішінде орны ауыстырылуға тиіс. |
6 | 0-05 | Шарықтау Шарықтау режимінен аз газды жер режиміне дейін айналу жиілігі диапазонын қамтитын жұмыстың пайдалану режимдерінің саласындағы қозғалтқыштың сипаттамаларын айқындау. Айналу жиілігін төмендеткен кезде сипаттаманың кемінде жеті нүктесі, ал айналу жиілігінің кері өзгерісі кезінде - бес нүкте анықталуға тиіс. |
7 | - |
128. Ресурстарды ұлғайту
861. Жалпы талаптар.
Сериялық қозғалтқыштың бірінші күрделі жөндеуге дейінгі ресурсын және жөндеу аралық ресурсын көбейту осы жаңғырту қозғалтқыштарының барлық паркі үшін немесе осы жаңғыртудың сериялары үшін жүргізілуге тиіс.
Көбейтілген ресурстарды растау үшін (бірінші күрделі жөндеуге дейін тағайындалған, жөндеу аралық) сынақтар циклына қажет болған жағдайда қозғалтқыштар паркін пайдаланудың нақты жағдайлары туралы жинақталған деректерге сәйкес нақтылаулар енгізілуге тиіс.
Сериялық қозғалтқыштың ресурстарын пайдаланудың үшінші жылынан бастап көбейту кезінде қозғалтқышты ұшуда ажыратып тастауға алып келетін істен шығудағы расталған істелген жұмыс 5 сағаттан аспайтын ұшу ұзақтығы бар ұшақтардың қозғалтқыштары үшін кем дегенде 14000 сағат және 5 сағаттан аспайтын ұшу ұзақтығы бар ұшақтардың қозғалтқыштары үшін кем дегенде 20000 сағат болуға тиіс.
Көрсетілген істен шығуға істелген жұмыс пайдаланудағы және пайдаланудың алдыңғы екі жылы үшін қозғалтқышты ұшуда ажыратып тастауға алып келетін істен шығу санындағы қозғалтқыштың жиынтықты істелген жұмысы бойынша анықталады.
862. Қозғалтқыштың тағайындалған ресурсын ұлғайту.
Қозғалтқыштың уақытша тағайындалған ресурсын көбейту баламалы-циклдық сынақтармен расталады.
Негізгі бөлшектер мен тораптардың уақытша тағайындалған ресурсын көбейту олардың БЦС негізінде жүргізіледі. Осы сынақтарды жүргізу кезінде пайдалануда алдын-ала істелген жұмысы бар негізгі бөлшектер мен тораптарды пайдалану ұсынылады.
863. Ресурсты алғашқы күрделі жөндеуге дейін ұлғайту.
Ресурсты алғашқы күрделі жөндеуге дейін ұлғайту екі қозғалтқыштың баламалы-циклдық сынақтарымен расталады.
Ресурсты ұлғайту кезінде қозғалтқыштар паркін пайдалану нәтижелері туралы және бұрын қолданыстағы ресурстардың шектерінде оларды жөндеу кезінде қозғалтқыштардың ақауларын табу туралы деректер ескерілуге тиіс. Қосымша диагностикалық ақпарат алу үшін әрбір 500-100 сағат істелген жұмыстан кейін істелген жұмысы барынша көп қозғалтқыштардың ішінен 1-2 қозғалтқышты бөлшектеу және ақауын табуды жүргізу ұсынылады. Көрсетілген қозғалтқыштардың есебіне басқа себептер бойынша пайдаланудан алынған қозғалтқышты пайдалануға рұқсат етіледі.
Баламалы-циклдық сынақтар ресурсын ұлғайтуға қатысы бойынша сынақтар циклдарының санына қарай қормен жүргізіледі. Ресурстар кезінде 2500 сағатқа дейінгі қор 20%-бен қабылданады, ал үлкен ресурстар кезінде қор сынақтар циклдарының саны бойынша 500 сағатқа белгіленген ресурсқа қатынасы бойынша істелген жұмысты арттыруға сәйкес келуге тиіс.
Сынақтар циклдарының санын қажетті санға дейін пысықтау жолымен бұрын белгіленген ресурсты немесе оның сағаттарда және ұшу циклдарында қозғалтқыштың нақты істелген жұмысы толық есепке алынған бөлігін пайдалануда сынақтар жұмысты тындырған қозғалтқыштарда жүргізілуге тиіс.
Сынақтардан табысты өткен қозғалтқыштар ресурсты одан әрі ұлғайту мақсатында сынақтарды жалғастыру үшін бөлшектеусіз пайдаланылуы мүмкін.
Қозғалтқыштардың көрсетілген біреуінің сынақтары пайдалану бағдарламасына қарай, бірақ қормен жүргізілуі мүмкін.
864. Жөндеуаралық ресурстарды белгілеу.
Жөндеу аралық ресурстар қозғалтқыштың тағайындалған ресурсының шегінде белгіленеді.
Әрбір жөндеуаралық ресурсты белгілеу үшін мынадай жұмыстар жүргізіледі:
1) бір жөнделетін қозғалтқышқа жасаушы зауытта баламалы-циклдық сынақтар өткізу;
2) бір жөнделетін қозғалтқышқа келісілген бағдарлама бойынша жөндеу зауытында сынақтар өткізу;
3) қозғалтқыштар паркін пайдалану тәжірибесін қорыту.
129. Қуатты және қосалқы қондырғылар жүйесі
және ұшақты өрттен қорғау
865. Қуатты қондырғы (ҚҚ) - тартымды жасауға қажетті ұшақ элементтерінің жиынтығы. Қуатты қондырғы әуе бұрамының (ТВҚ үшін) қозғалтқышын, отын, май жүйесін, қозғалтқыштарды басқару жүйесін, бақылау, суыту, ауа жинағыш, өрттен қорғау жүйелерін және т.б. қамтиды.
866. Қосалқы қуатты қондырғы (ҚҚҚ) - сығымдалған ауаның, электр энергиясының, вал қуатының көздері болып табылатын және жерде және ұшуда ұшақ жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін, оның ішінде ҚҚ қозғалтқыштарды іске қосу үшін тағайындалған қосалқы газтурбиналық қозғалтқышы бар (ҚГТҚ) элементтердің және ҚҚ қозғалтқышына орнатылған алғашқы көздер істен шыққан жағдайда ұшуда ұшақты электрмен жабдықтау жүйелерінің жиынтығы.
867. Қуатты және қосалқы қондырғылардың жұмысын бақылайтын құралдар - қозғалтқыштар жұмысының өлшемдері мен қуатты және қосалқы қондырғылардың жүйелерін өлшеу мен индекстеуді қамтамасыз ететін аппаратура.
868. Отын жүйесі - отынды ұшаққа орналастыруға, оны белгілі бір тәртіппен шығаруға, отынды ҚҚ және ҚҚҚ қозғалтқышына және басқа тұтынушыға беруге, сондай-ақ қосалқы функцияларды орындауға арналған жүйе.
869. Отынды орталықтандырылған құю жүйесі - құрылғылар мен труба құбырларын қамтитын, отынды қысыммен беру кезінде бактарды берілген бірізділікпен және белгілі бір мөлшерде отынмен толтыруды қамтамасыз ететін ұшақтың отын жүйесінің бір бөлігі.
870. Отынды апатты құйып алу жүйесі - құрылғылар мен труба құбырларын қамтитын, қажет болған жағдайларда атмосферада ұшу уақытында бактардан белгілі бір мөлшерде отынды тез құйып алуды қамтамасыз ететін ұшақтың отын жүйесінің бір бөлігі.
871. Отын бактарын дренаждау жүйесі - құрылғылар мен труба құбырларын қамтитын, атмосфералы бактардың ауа қуыстарының хабарларын қамтамасыз ететін ұшақтың отын жүйесінің бір бөлігі.
872. Отынның кессон бағы - отынды орналастыруға арналған ұшақ конструкциясының герметизацияланған бөлігі.
873. Отынды шамалы айдау сорабы - отынды шығыс багынан немесе отын багының шығыс бөлігінен қозғалтқыштарға беретін сорап.
874. Отынды айдау сорабы - ұшақтың бір отын бактарынан екіншісіне айдауға арналған сорап.
875. Отынының шығыс багы - отынды қозғалтқыштарға (қозғалтқышқа) және басқа тұтынушыларға беретін ұшақтың отын багы.
876. Отын багының шығыс бөлігі - ұшақтың отынды қозғалтқышқа және басқа тұтынушыларға беретін отын багының бір бөлігі.
Май жүйесі - қозғалтқыш пен қуатты қондырғының агрегаттары мен тораптарын қамтитын, майдың орналасуы мен суытылуын, сондай-ақ оның жұмысы барысында қозғалтқыштың үйкелісін майлау мен суыту үшін оның айналысын қамтамасыз ететін ҚҚ жүйесі.
877. Қуатты қондырғыны суыту және желдету жүйесі - мотогондол конструкциясының жылу кернеулі элементтерін, қозғалтқыштың сыртқы корпустары мен агрегаттарын суыту, ал ҚГТҚ үшін оны ұшуға іске қосуға қосымша қажетті температуралық жағдайлар жасау үшін ауаны әкелу мен шығаруды қамтамасыз ететін ұшақ пен қозғалтқыш элементтерінің жиынтығы.
878. Қозғалтқыштарды басқару жүйесі - іске қосуды жұмыс режимін (тартымды немесе қуатты) өзгерту мен ұстап тұруды және әрбір қозғалтқыштың қуатты қондырғыны ажыратып тастауды қамтамасыз ететін барлық элементтердің жиынтығы.
879. Ұшақты өрттен қорғау құралдарының кешені - өрттен қорғаудың конструктивтік шараларының, өрт дабылдары мен өрт сөндіру құралдарының оларды ұшақта бақылау мен басқарудың жиынтығы.
880. Өрт қауіпі бар қуыс - ұшақтағы өрт ошағы туындауының әлеуетті қауіптілігі бар қуыс.
881. Өртке қарсы қолданылатын кран - отынның өрттен қауіпті қуыстың қозғалтқышқа және басқа тұтынушыларға түсуін тоқтатуға арналған қашықтықтан басқарылатын құрылғы.
882. От өтпейтін материал - алау диаметрі 120 мм және 1100+50оС температурамен 15 мин ішінде керосинді немесе газды лампаның жалынын өткізбейтін материал.
883. Отқа төзімді материал - алау диаметрі 120 мм және 1100+50оС температурамен 5 мин ішінде керосинді немесе газды лампаның жалынына шыдайтын материал.
884. Ұшақтың қуатты қондырғысындағы қозғалтқыштар мен олардың жүйелері әрбір қозғалтқыш тиісті жүйелермен басқа қозғалтқыштарға тәуелсіз басқарылатындай және жұмыс істейтіндей жағдайда бір бірінен алыс орналастырылуға және оқшауландырылуға тиіс.
Қуатты қондырғы жүйелерінің кез келген біреуі істен шықса (отын, май, басқару және т.б.) біреуден көп қозғалтқыштың істен шығуға әкелуіне тиіс емес.
885. Қуатты қондырғы мен ҚҚҚ жүйелерінің және олардың элементтері мен агрегаттарының қалыпты жұмысы қамтамасыз етілуге тиісті атмосфералық ауаның температураларының, қысымдары мен ылғалдылығының шекті мәндерінің жиынтығы.
886. Қуатты қондырғы мен ҚҚҚ жүйесі барлық қозғалтқыштардың жұмысын пайдаланудың барлық күтілетін жағдайларындағы (мысалы, қозғалтқыш жұмысының барлық режимдері, ұшақтың ережелері мен жүктемелері, атмосфералық жағдайлары, отын температуралары кезінде) жүйенің жұмысын анықтайтын белгіленген талаптарға сәйкес барлық қозғалтқыштардың жұмысын қамтамасыз етуге тиіс.
887. Ұшақтағы қозғалтқышты іске қосу жүйесі қозғалтқыштардың біреуін (кез келгенін) іске қосу мен жұмыс істейтіндердің энергиясын пайдаланып кейіннен іске қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
888. Қуатты және қосалқы қондырғылардың элементтері технологиялылығы, қызмет көрсетуді жүргізу және қолданылатын материалдар бойынша сәйкес келуге тиіс.
889. Қуатты қондырғының негізгі элементтері мен ұшақ конструкциясының арасындағы әлеуеттер айырмашылығының туындау мүмкіндігін болдырмау үшін олардың арасында талаптарды қанағаттандыратын электрлік байланыстар (металдандыру) қамтамасыз етілуге тиіс.
890. Қуатты қондырғының отын, май, өрт және басқа жүйелерінің труба құбырлары қолданыстағы Нормаларға сәйкес таңбалануға және тоттанудан қорғалуға тиіс.
891. Әуе винті бар ұшақта:
1) әуе винті қалақтарының ұштары мен ШҚЖ үстіңгі бетінің арасындағы қашықтық, ұшақтың ең жоғары рұқсат етілген ұшу массасына дейін Gmax д.в (3.2.31 сәйкес) жүктемеленген кезде топырақты әуе айлақтарда пайдалануды қоса алғанда, пайдаланудың қалыпты жағдайларын қамтамасыз етуге тиіс. Амортизаторлар толық жаншылған жағдайда жерге дейінгі қашықтық 180 мм кем болмауға тиіс және сонымен қатар әуе винті қалақтарының ұшы мен жердің арасындағы дөңгелектің үрленген қабы кезіндегі саңылау қамтамасыз етілуге тиіс;
2) ұшақ қалақтарының ұшы мен басқа бөліктерінің арасындағы қашықтық (фюзеляж, басқа әуе винті қалақтарының ұштары және т.б.) 250 мм-ден кем болмауға тиіс. Егер онымен бірге ұшақтың винтінің немесе бөліктерінің тербелісі байқалған болса, онда бұл қашықтық көбейтілуге тиіс;
3) флюгер жағдайындағы винт қалақтарының артқы жиегі мен ұшақтың жылжымайтын бөліктерінің арасындағы саңылау кем дегенде 25 мм болуға тиіс;
4) 454 және 455-тармақтарда көрсетілген жағдайларда кокты мұздың пайда болуынан сақтайтын кок винтінің ПОС-та қарастырылуға тиіс.
892. Ұшақтағы қуатты қондырғы мен ҚҚҚ жұмысын бақылау үшін бақылау құралдары орнатылуы тиіс.
893. Қуатты қондырғы жүйелерінің конструкциясында стандартталған және біріздендірілген агрегаттар барынша пайдаланылуға тиіс.
894. ҚҚ мен ҚҚҚ жүйелерінің электр тізбектерінде, сондай-ақ өрттен қорғау жүйелерінде арнайы талаптар көзделген жағдайлардан басқа, қолданылатын сындар қанағаттандырылуға тиіс.
895. Қуатты қондырғы және ҚҚҚ жүйелері ұшуға жарамдылығының жалпы талаптарына сәйкес жобалануға тиіс.
896. Электр энергиясын тұтынатын ҚҚ және ҚҚҚ агрегаттары мен жүйелері талаптарға сәйкес келуге тиіс.
130. Отын жүйесі
897. Отын жүйесі және оның агрегаттары:
1) пайдаланудың барлық күтілетін жағдайларында осы ұшақты пайдалану үшін қабылданған отынның және олардың қосылыстарының маркаларымен жұмыс істеген кезде қозғалтқыштарға отынды үздіксіз беруді;
2) РҰП көзделген ұшақтың барлық ұшу режимдерінде бактарға отын құюдың мүмкін болатын пайдаланудың барлық нұсқалары кезінде берілген бірізділікте отынды автоматты түрде шығаруды;
3) автоматтың ақаулық жағдайында және жұмыс істейтін және істемейтін қозғалтқыштар санының ұшуда мүмкін болатын барлық үйлесімдері кезінде қажетті бірізділікті;
4) отынды айдап әкелу және қайта айдаудың әрбір бактік электр жетекті сорғыны жеке-жеке қосу мен ажыратып тастау мүмкіндігін;
5) бактардың кез келген топтарынан кез келген қозғалтқышқа қиылыс керегінің магистральдары бойынша отынды қиылыс беру мүмкіндігін;
6) ҚҚ қозғалтқыштарын ажыратып тасталған айдау сораптары кезінде отынмен қоректендіру (ерекше жағдайларда) қозғалтқыш жұмысының мынадай режимдерінде:
газы аз ұшу режимінен 0-ден 2000 м-ге дейін ұшудың шарықтау биіктігіне дейін;
газы аз ұшу режимінен 0-ден кем дегенде 6000-8000 м-ге дейін ұшу биіктіктеріндегі пайдалану шектеулерінің шектеріндегі ұшақтың орталықтандыру мен көлденең теңгерімін сақтай отырып, ең жоғары ұзақтыққа дейін. Ұшақты олардың қорегі өзі ағатын отынмен қамтамасыз етілген биіктікке дейін қозғалтқыштарын тоқтатпастан төмендету мүмкіндігі үшін электр энергиясының жарамды көзінің желісіне айдап әкелу сораптарының қажетті санын автоматты түрде қосу қарастырылуға тиіс. Осы талаптар орындалмаған жағдайда ажыратып тасталған сораптар кезінде қозғалтқыштардың көрсетілуге тиісті сенімді қорегі басқа құралдармен қамтамасыз етіледі;
7) генераторлардың (қоректену көздері) істен шығуының салдарынан айдап әкелу мен қайта айдаудың бактық сораптарын ажыратып тастағаннан кейін осы ерекше жағдай үшін ұзақтығы РҰП көзделген режимдерде ұшуды жалғастыру мүмкіндігін;
8) жағымсыз және оқтық жанындағы сатылас жүктелімдер кезінде ұшуда қозғалтқыштардың отынмен қорегі кем дегенде 5 с ішінде, оның ішінде ұшуда үздіксіз жағымсыз жүктеліммен кем дегенде минус 0,5 бірлік, қозғалтқыштардың қорегінің труба құбырларындағы отын қысымы ерекше жағдайлар үшін пайдалану шектеуінің шамасынан кем болмауға тиіс;
9) мүмкін болатын барлық шығыстар кезінде пайдалану құжаттамасында көрсетілген шамадан төмен жүйедегі қысымды азайтуға алып келетін гидравликалық қарсыласуды көбейтпестен айдап әкелудің істен шыққан сорабы арқылы отынның ағу мүмкіндігі; олай болмаған жағдайда отын берудің айналдырылған - шунттау сызығы қарастырылуға тиіс;
10) РҰП көзделген жағдайлар да жерде және ұшуда қозғалтқыштарды іске қосу үшін отынның қажетті қысымы мен шығысын жасауды;
11) отынның бір маркасынан екіншісіне көшу немесе олардың қосылыстарын (осы ұшақты пайдалану үшін қабылданған отындардың ішінен) отын жүйесінің элементтерін қосымша қайтадан реттеместен қолдануды;
12) жүйелердің жарамдылығын жерде ұшар алдында және ұшуда бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
898. Барлық белгіленген және ауыспалы режимдердегі жұмыс кезінде қозғалтқыштың осы үлгісінің пайдалану құжаттамасында көрсетілген шектерде болуға тиіс.
899. Отынды кез келген қозғалтқыштан беру жүйесіндегі, оның ішінде қосалқы жүйедегі істен шығу немесе жарамдылығы:
1) басқа қозғалтқышқа отын беруді бұрмалаушылыққа әкелуге;
2) басқа қозғалтқыштардың сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін экипаж мүшелерінің дереу араласуын талап етуге тиіс емес.
900. Егер отынды қозғалтқыштарға беру бірнеше бактардан (бактардың топтарынан) бірізділікпен жүргізілсе, онда бір бактан отынды шығару аяқталған және имитациясы бактан қорекке көшу сәтінде қозғалтқыштың негізгі сораптарына кіре берістегі қысым пайдалану шектеулерінде көрсетілген мәннен төмен кемітілмеуге тиіс.
901. Бактардың сыйымдылығы ұшақтың осы үлгісін пайдалану үшін рұқсат берілген барлық отын маркілерін пайдалану кезінде отынның тығыздығы, температурасы мен басқа өлшемдері ескерілген талаптарын ескеріп, берілген ең жоғары қашықтықпен және ұзақтықпен ұшуға арналған отынды орналастыруды қамтамасыз етуге тиіс.
902. Ұшақтағы отынның белгі берілген резервтік қалдығының шамасы - ұшақтың экипажына бактардағы отынның қалған қоры туралы немесе ұшудың шектелген уақыты туралы автоматты түрде ақпарат (дабыл) берілетін бактардағы отынның саны (көлемі) крейсерлік режимде және ұшудағы рейстік биіктіктерде қозғалтқыштардың сенімді жұмысын кем дегенде 45 минут ішінде қамтамасыз етуге тиіс.
Жергілікті әуе желілерінің ұшақтары үшін белгі берілген резервтік отын қалдығының шамасы бактарға ең жоғары көзделген отын құю кем дегенде 15%-ды құрауға тиіс.
903. Жүйе ұшар алдында ұшақ бактарындағы отынның температурасы минус 50оС-тан плюс 45оС-қа дейінгі шектердегі кезде және ұшақ пайдаланылуы мүмкін отын буларының ең жоғары мүмкін болатын серпінділігі кезінде ұшудың барлық режимдерінде және биіктіктерінде қозғалтқыштардың отынмен сенімді қоректенуін қамтамасыз етуге тиіс.
904. Отында ерітілген және бактар мен отын жүйесінің элементтерінде одан бөлінген су жүйе жұмысын бұзуды тудыруға тиіс емес.
905. Ұшаққа орнатылатын отын сораптары пайдалану процесінде тораптың тозатындығын ескере отырып, өндіргіштігі бойынша барынша аз қажетті артық өлшемді болуы тиіс.
906. Жүйеде және оның агрегаттарында жүйені отынмен толтыру, бактардағы отын сораптары мен жинағыштарынан ұшуда оны қысқа мерзімді құйып алу кезінде және бактарды босату процесінде қозғалтқыштар жұмысында бұрмалаушылықтар туғызуға қабілетті әуе тығындары түзілуге тиіс; толық босатылған жүйеге отын құйылғаннан кейін ауаны шығару қамтамасыз етілуге тиіс.
907. Егер жүйеде ауаны шығаруға немесе басқа мақсаттарға арналған тұрақты қолданыстағы отынды қайта босату бар болса, онда осы отынды құйып алу жүйенің шығыс багына немесе, егер бірнеше шығыс бактары бар болса, ондай жағдайда, бактарды пайдаланылмаған қалдықтарды елеулі көбейтуді немесе олардың асып төгілуі туындамайтындай етіп, сондай-ақ берілген бірізділікте отынды автоматты түрде шығарудың бұзылуына әкелмейтіндей етіп жүргізілуге тиіс.
908. Егер жүйеде отынды бір бактан екіншісіне қайта айдау немесе қайта ағызу көзделген болса, онда осы бактан, РҰП көзделген қиыспа қоректену магистралі арқылы бірнеше қозғалтқыштарға отын беру
жағдайларын қоса, барлық мүмкін болатын шығыстар кезінде толтырылатын бактағы отынның берілген деңгейін қолдау, сондай-ақ отын және басқа жүйелердің агрегаттарын қолданысқа әкелу үшін отынды жұмыс сұйықтығы ретінде пайдалану қамтамасыз етілуге тиіс. Отынды бір бактан екіншісіне қайта айдау немесе қайта ағызу кезінде олардың асып-төгілу нәтижесінде бактардың ақаулық мүмкіндігі болмауға тиіс.
909. Қол жетімді және ыңғайлы пайдалануда құйып алу шүмегі арқылы отынды толық құйып алу қамтамасыз етілуге тиіс. Ұшақтардағы сораптармен жабдықталған отын бактары осы сораптарды отынды құйып алуды жеделдету және құйып алу нүктелерін азайту үшін пайдалану ұсынылады.
910. Негізгі отынды құйып алуға, отынды апаттық құйып алуға арналған штуцерлер, отын бактарын дренаждау және отынның ағуы мүмкін басқа элементтерінің штуцерлері бұл орайда отынның ұшақтың үстіңгі бетіне ҚҚ мен ҚҚҚ қозғалтқыштарының ауа жинағыштарына өрт жағдайында қауіпті және қозғалтқыштардың қалыпты жұмысын бұзушылыққа алып келетін мөлшерде түсуін болдырмайтындай етіп орналастырылуға тиіс. Құйып алынған отын мен оның буы экипаж бен жолаушылардың кабиналарына тап болмауға тиіс.