Тексеру жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізілуі қажет, онда мыналар бағалануға тиіс:
1) қозғалтқышты жерде суықтай және ыстықтай іске қосу кезде іске қосудың өлшемдері мен жүйелері;
2) қозғалтқыштың өлшемдері және РҰП көзделген жағдайлардағы іске қосу құрылғысымен қозғалтқышты бұрай отырып, авторотация режимінен ұшуда оны іске қосу кезінде және іске қосу кезінде іске қосу жүйесі;
3) қозғалтқышты іске қосу кезінде, оның ішінде РҰП-ға сәйкес орындалатын қайталама іске қосулар кезінде ұшақты пайдаланудың өрт қауіпсіздігі;
4) қозғалтқышты іске қосу үшін экипаж орындайтын рәсімдер.
Сынақтар кезінде қозғалтқыштың іске қосу қасиетіне мынадай факторлардың әсері бағалануға тиіс:
1) жерде іске қосу кезінде жел жағдайлары, атмосфералық ауаның температурасы мен қысымы;
2) қозғалтқышты ажыратып тастау сәттері мен оны кейіннен іске қосу сәттері арасындағы үзілістің ұзақтығы;
3) техникалық жағдайлармен рұқсат етілетін іске қосу кезінде қозғалтқышты басқару және реттеу аппаратурасын реттеудегі және іске қосу құрылғысының энергиямен қоректену өлшемдерінің ауытқулары.
839. Қозғалтқыш элементтерінің ұшақтың құралымындағы жұмысы кезіндегі тербеліс сипаттамаларын тексеру.
Тексеру турбокомпрессор роторлары элементтерінің тербеліс жүктелісінің деңгейі мен текшелік жағдайлардағы тербелістер деңгейімен салыстырғанда қозғалтқышты пайдалану жағдайларында қозғалтқыштың корпустары мен агрегаттарының тербелістерін рұқсат берілмеген көбейтудің болмауын растауға және тербелістер деңгейінің Нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігін көрсетуге, сондай-ақ қозғалтқыштың тербелісін бақылайтын борттық жүйенің жұмыс қабілеттілігін растауға тиіс.
Тексеру жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізілуі қажет, ол кезде мыналар бағалануға тиіс:
1) қозғалтқыш корпустары мен агрегаттары тербелістерінің тексерілетін жағдайлары мен режимдеріндегі қозғалтқыш сипаты мен деңгейі;
2) қозғалтқыштың бақылау тербелісінің борттық жүйесінің жұмыс қабілеттілігі, жарамды қозғалтқыштың қалыпты жұмысы кезіндегі осы өлшемнің ауытқуларының орнын толтыру үшін талап етілетін, ең жоғары тербеліс деңгейінің авариялық белгі бергіштің жұмыс істеу өлшемі бойынша қорының жеткіліктілігі;
3) қозғалтқыш роторлары элементтерінің тексеру жағдайларындағы тербеліс жүктемелерінің сипаты мен деңгейі;
Сынақтар кезінде қозғалтқыштың тербеліс сипаттамасына мынадай факторлардың әсері (егер ол елеулі күтілсе) бағалануға тиіс:
1) жердегі жел жағдайлары, атмосфералық ауаның температурасы мен қысымы;
2) тексерілген және көрші жатқан қозғалтқыштардың, егер оларға ауа бір біріне жақын жатқан ауажинағыштардан түссе, жұмыс режимдерінің үйлесуі;
3) ауаны тұтынушылар жекелей және бір мезгілде қосу кезінде қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу.
Тербеліс жүктемесінің сипаты мен деңгейін анықтауға арналған тексеруге текшелік сынақтар кезіндегі елеулі әсер ететін пайдалану факторларының жеткіліксіз толық ұдайы өндірілмеген деп тану үшін турбокомпрессор роторларының сол бір элементтері жатады.
Қозғалтқыш корпустарының тербеліс сипаты мен деңгейін тексеру оның ұшаққа бекітілген тораптарының орналасу жазықтығында және пайдаланудағы тербелістерді борттық бақылауға арналған орындарда, ал ТВҚ-да әуе бұрамының редукторында орындаған жөн.
Тербелісі тексерілуге тиісті қозғалтқыш агрегаттарының тізбесі сынақтар нәтижелері бойынша белгіленеді.
840. Қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйелерін және оның табиғи мұз қату жағдайларындағы жұмыс қабілеттігін тексеру. Ұшақтағы қозғалтқышты жұмыс жағдайларында тексеру текшелік сынақтар ұшу сынақтары жүйелерінің есептемелер нәтижелерін растауға және олармен жиынтықты түрде жағдайларда ұшақтың РҰП сәйкес ПОС пайдалану кезінде қозғалтқыш жұмысында көрсетілген бұрмалаушылықтардың туындамауын көрсетуі тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшу сынақтарымен "құрғақ" ауада және мұз қатудың бақыланатын жағдайларында жүргізген жөн.
Сынақ ұшақтың пайдаланудағы күтілетін жағдайларына сәйкес келетін жылдамдықтарда барлық қозғалтқыштардың қалыпты жұмысы жағдайында, сондай-ақ олардың кейбіреулері істен шыққан жағдайда, бағдарламамен белгіленген жоғары ұшу диапазонында өткізілуге тиіс. Сонымен бірге пайдалану диапазонын қамтитын әртүрлі қозғалтқыш режимдеріне олардың өзгерістері:
1) қозғалтқыш ПОС-ның және оны басқару мен бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі мен пайдалану ерекшеліктері;
2) ПОС жұмысының қозғалтқыш өлшеміне әсері;
3) мұз қату жағдайларындағы ПОС-тың тиімділігі, қозғалтқыштың жұмысына қалдық мұз түзудің әсері бағалануға тиіс.
Сынақтар кезінде ПОС-ты қосудың 1 минуттық ұзақтықпен кешіктірілуі қозғалтқыштың жұмысына әсері, сондай-ақ РҰП сәйкес анықталған мұз қату жағдайларындағы ұшу ұзақтығының әсері бағалануға тиіс.
841. Кері қимылдайтын құрылғылы қозғалтқыштың жұмысын және оның ұшақтың сипатына әсерін тексеру.
Ұшақтағы пайдалану жағдайларындағы тексеру кері қимылдайтын құрылғының және оны басқару жүйелерінің жұмыс қабілеттілігінің ұшақ қозғалтқыштарының орнықты жұмыстары мен өлшемдерінің, осы құрылғымен жабдықталған ретінде де, жабдықталмаған ретінде де талаптарға сәйкестігі расталуға және техникалық құжаттамада тікелей тартқыштың белгіленген режимдеріне берілген және тартымның кері қимылдауы кезінде, сондай-ақ ауыспалы процестер кезінде, кері қимылдайтын тартым пайдаланылған пайдалану режимдеріне ұшақтың іс-қимылына, ұшу сипаттамасына және конструкциясының беріктігіне кері қимылдайтын құрылғының рұқсат етілмейтін әсері туындамайтынын көрсетуге тиіс.
Тексеру жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізілуі қажет, онда мыналар бағалануға тиіс:
1) оны жұмысқа қосқан және кері қимылдайтын тартым режимін пайдалану рұқсат етілген жерде және ұшу кезеңдерінде ажыратып тастау кездегі басқару жүйесі бар кері қимылдайтын құрылғының жұмыс қабілеттілігі;
2) қозғалтқыш тексерілетін пайдалану жағдайларында және режимдерінде, сондай-ақ сынақтар кезіндегі кері қимылдайтын тартым режимдерінде тікелей тартым режимдерінде кері қимылдайтын құрылғысы бар қозғалтқыш жұмысының сипаты мен өлшемдері;
3) кері қимылдайтын тартым режиміндегі қозғалтқыш жұмысының ұшақтың басқа қозғалтқышының жұмысына және өлшемдеріне, кері қимылдайтын құрылғымен жабдықталған ретінде де және жабдықталмаған ретінде де әсері;
4) кері қимылдайтын құрылғы жұмысының ұшақ элементтерінің жүктемесіне және оның құрылғыны қалыпты жұмысы кезіндегі, сондай-ақ оны өздігінен қосуға және ажыратып тастауға алып келетін істен шығу имитациясы кезінде іс-қимылына, егер олар іс жүзінде болу екіталай оқиғаларға жатпайтын болса, әсері.
Сынақтар кезінде анықталған сипаттамаға жердегі жел жағдайларының және атмосфералық ауа температурасының әсері (егер олар елеулі түрде күтілсе) бағалануға тиіс.
Кері қимылдайтын құрылғыны өздігінен қосуға алып келетін істен шығу имитациясы қозғалтқышты осындай істен шығу кезінде автоматты түрде ажыратып тасталатын немесе дроссельдеуді қамтамасыз ететін кіші жүйелеріне сәйкес болған жағдайда ғана орындалады. Тексерудің қажеттілігі және құрылғыны өздігінен қосудың мүмкін болатын зардаптарын ескере отырып, ықтималдылықты бағалау негізінде белгіленеді. Талдаудың, мысалы, прототип құрылғыларды пайдаланудың жаңартылуы немесе тәжірибесі негізінде орындалуы мүмкін. Тексеру жүргізілетін ұшу режимдері мен кезеңдері сынақтарды қауіпсіз жүргізуді ескере отырып, осы талдаудың негіздері бойынша белгіленуге тиіс.
Кері қимылдайтын құрылғыны қоспауға алып келетін істен шығу имитациясы ұшақтың отырызылғаннан кейінгі жүгірісі кезінде орындалады. Сонымен бірге, қозғалтқыштың кері қимылдайтын құрылғыға қосылмайтын оның ұшақтың іс-әрекетіне әсері бойынша жұмыс режимін шектеуді таңдаудың дұрыстығы бағалануға тиіс.
842. Қозғалтқыштың газдинамикалық орнықтылық қорларының жеткіліктілігін тексеру.
Қозғалтқышты ұшақта пайдалану жағдайларында тексеру ұшақ пайдалануының барлық күтілетін жағдайларында қозғалтқыштың осы үлгісінің орнықты жұмысына кепілдік беретін газдинамикалық орнықтылықтың жеткілікті қорының болуын растауға тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен қозғалтқыштың газдинамикалық орнықтылық қорлары бойынша дағдарысты деп танылған пайдаланудың жағдайларында және режимдерінде жүргізген жөн. Қордың жеткіліктілігін растау кезінде мынадай әдістердің біреуі пайдаланылуы мүмкін:
1) қозғалтқыштың бір данасының тұрақты жұмысын, мысалы, конструктивтік элементтерді өзгертудің реттеу бағдарламаларын өзгертудің, сыртқы өзара ықпалдастықты арттыру есебінен кеміту ниеті бар газсерпінді тұрақтылық қорын жариялау. Қорды кеміту қозғалтқыштың осы үлгісі үшін сынақтар кезінде тікелей ұдайы өндірілмейтін (мысалы, қозғалтқышты жасауға және реттеуге жіберуге негізделген қорларды шашып тастау, қорларды ресурс пен басқаларды шығарудың есебінен кеміту) барлық елеулі факторлардың оған ететін ықпалы имитациялануға тиіс. Қорды ниеттенген кеміту шамасы сынақтар бағдарламасымен белгіленуге тиіс;
2) қалыпты жасалған және реттелген, жеткілікті деп танылған қозғалтқыштардың көп мөлшерінің тұрақты жұмысын жариялау.
Сынақтар жағдайларын таңдау кезінде қозғалтқыштың газсерпінді орнықтылығына мынадай факторлардың әсері (егер ол елеулі түрде күтілсе) ескерілуге тиіс:
1) қозғалтқыш режимдеріне, оны реттеудің жүйесін баптауға және жіберу атмосфералық ауаның температурасына негізделген диапазонда компрессордың жұмыс режимдерін өзгерту;
2) жердегі жел жағдайлары (сынақтар кезінде жасанды түрде алынған ауа ағыстары пайдаланылуы мүмкін;
3) қозғалтқышқа кіре берістегі ауа ағысы өлшемдерінің деңгейі және оның ұшу жағдайларына және пайдаланудың күтілетін жағдайларында ұшақтың маневрлеріне негізделген бір тексіздігі;
4) орындалар алдындағы ауыспалы процестерге тән бастапқы режимде қозғалтқыштың шыдамдылық уақыты;
5) олардың ауа жинағыштары бір бірінен жақын орналасқан жағдайда, тексерілген көрші қозғалтқыш жұмысының режимі.
Сынақтарды текшелік сынақтар кезінде қозғалтқыштың газсерпінді тұрақты қорының жеткіліктілігінің нанымды дәлел алынбаған жағдайда, пайдаланудың сол бір дағдарысты жағдайлары мен режимдері үшін ғана өткізуге рұқсат етіледі.
Осы сынақтардың нәтижелерін бағалау кезінде сынақтар кезінде жүзеге асырылатын ұшақтың шекті шектеулерге шығуы кезінде қозғалтқыш жұмысының тұрақтылығы туралы деректердің ескерілуі қажет.
843. Турбинаны қызып кетуден қорғау жүйесін тексеру.
Қозғалтқыш жұмысын ұшақ жағдайында тексеру жүйенің жұмыс қабілеттілігінің, кедергіден қорғалғыштығының және басқа ұшу-пайдалану сипаттамаларының және техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігін растауға тиіс.
Тексеру жердегі және ұшу сынақтарымен жүргізілуге тиіс, онда:
1) жүйенің жұмыс қабілеттілігі және оның жұмысындағы имитация кезінде қозғалтқыш жұмысы өлшемдерінің өзгерісі.
Имитация қозғалтқыштың белгіленген режимдерінде және жердегі және ұшудағы ең жоғары газ температуралы ауыспалы процестері кезінде орындалуға тиіс;
2) электрондық блоктар жүйесінің оларға ұшақтың басқа функционалдық жүйелерінің ықпалдары кезінде және жерде қызмет көрсететін, мысалы, электр қорегі өлшемдерінің ауытқулары, электр магниттік сәуле шығарудың қуатты көздерін қосу құралдарының кедергіден қорғалғыштығы;
3) ұшақты пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы (турбинаны қызып кетуден қорғау жүйесінің жалған жұмыс істеуін болдырмау үшін) қозғалтқыштың қалыпты жұмысы кезінде мүмкін болатын ең жоғары газ температурасының ауытқуларын өтеу үшін талап етілетін жүйе жұмысының өлшемі бойынша қордың жеткіліктілігі;
4) пайдаланудағы жүйе жұмысын бақылау құралдарының, егер олар бар болса, жұмыс қабілеттілігі бағалануға тиіс.
844. Помпаж кезінде қозғалтқышты қорғау құралдарын тексеру.
Қозғалтқыш жұмысын ұшақ жағдайында тексеру жүйенің жұмыс қабілеттілігінің, кедергіден қорғалғыштығының және басқа ұшу-пайдалану сипаттамаларының техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігін растауға тиіс.
Тексеру жердегі және ұшу сынақтарымен жүргізілуге тиіс, ол кезде мыналар бағалануы тиіс:
1) қозғалтқыш жұмысының газы аз жер (ұшу) режимінен шарықтау (ең жоғарғы) режимге дейінгі ауыспалы кезеңдер кезіндегі диапазонда белгіленген режимдеріндегі жерде және ұшуда помпаж белгі берушісінің жұмыс істеуін имитациялау кезінде қорғау құралдары элементтерінің жұмыс қабілеттілігі мен қозғалтқыш жұмысы өлшемдерінің өзгерісі: жүйенің жұмыс қабілеттілігі және оның жұмысындағы имитация кезінде қозғалтқыш жұмысы өлшемдерінің өзгерісі;
2) электрондық блоктардың автоматты жүйесінің немесе оларға ұшақтың басқа функционалдық жүйелерінің ықпалдары кезінде помпаждың туындауы туралы белгі беру құралдарының және жерде қызмет көрсететін, мысалы, электр қорегі өлшемдерінің ауытқулары, Электрлі магниттік сәуле шығарудың қуатты көздерін қосу құралдарының кедергіден қорғалғыштығы;
3) ұшақты пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы (помпаж белгі берушісінің жалған жұмыс істеуін болдырмау үшін) қозғалтқыштың қалыпты жұмысы кезінде мүмкін болатын ең жоғары газ температурасының ауытқуларын өтеу үшін талап етілетін жүйе жұмысының өлшемі бойынша қордың жеткіліктілігі бағалануға тиіс.
845. Қозғалтқыштың жұмысын суытатын сұйықтықты оның компрессорына бүрку кезінде тексеру.
Қозғалтқыштың жұмысын ұшақта тексеру:
1) жұмыстың орнықтылығын және техникалық құжаттамада берілген талапқа жүйені қолдануға РҰП рұқсат еткен жердегі және ұшудағы жағдайларда сұйықтықты оның компрессорына бүрку кезінде қозғалтқыш өлшемдерінің сәйкестігі;
2) сұйықтықты бүрку жүйесі элементтерінің жұмыс қабілеттілігі растауға тиіс.
Тексеру жердегі және ұшу сынақтарымен жүргізілуге тиіс, онда:
1) сұйықтықты бүрку жүйесін жерде сынау кезінде және оны РҰП рұқсат еткен ұшу режимдеріне енгізу кезінде шарықтау тартымын (қуатын) қалпына келтірудің және үдетудің талап етілген шамасына олардың сәйкестігі бойынша қозғалтқыштың өлшемдері;
2) жүйе элементтерінің, ішінде пайдаланудағы оның жұмысын басқару мен бақылау құралдарының жұмыс қабілеттігі;
3) жүйені басқару ыңғайы және жүйені симметриялық орналасқан қозғалтқыштарға қосу мен алып тастаудың ілеспелілігі бағалануға тиіс.
Сынақтар кезінде қозғалтқыштың жұмысына және сұйықтықты бүрку жүйесіне мынадай факторлардың әсері (егер ол елеулі түрде күтілсе):
1) жердегі жел жағдайлары және атмосфералық ауаның температурасы;
2) кеңістіктегі ұшақтың жағдайы және оның әртүрлі координаттық осьтері бойынша жүктелімдері бағалануға тиіс.
846. Ұшақтағы қозғалтқыштың ұшу циклының өлшемдерін тексеру.
Ұшу циклының өлшемдері, қозғалтқыш жұмысының режимдері, баламалы-циклдық сынақтар мен пайдалану бағдарламасы бойынша сынақтардың сынақтар циклдарын нақтылау мақсатында олардың ұшақтың осы үлгісіндегі қозғалтқышты пайдаланудың күтілетін жағдайлардағы ұзақтығы мен қайталанушылығы анықталуға тиіс. Көлемі ұшу сынақтарының бағдарламасымен айқындалады.
847. Қозғалтқыштың пайдалану технологиялылығын тексеру.
Тексеру ұшақтың пайдалану жағдайларында ыңғайлы, қауіпсіз және бақылайтын қарап шығу мүмкіндігі, техникалық қызмет көрсету мен, РП және РҚ көрсетілгендерге сәйкес қозғалтқыштарды, олардың бөлшектерін, тораптары мен агрегаттарын айырбастау көрсетілуге тиіс.
Тексеру кезінде РҚ нұсқалған тұрақ жағдайларында және басқа жағдайларда тікелей ұшаққа тексеру жүргізу қажет екендігін атап өту керек:
1) ыңғайлы, қауіпсіз және бақылайтын қарап шығудың, техникалық қызмет көрсету мен бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды, механикалық ақауларды табу құралдарын айырбастаудың және РП мен РҚ нұсқауларына сәйкес қамтамасыз етілгендігі;
2) қуатты қондырғылардың құрамдастарындағы ұшақта пайдаланылатын қозғалтқыштардың өзара алмасымдылығы;
3) қозғалтқышты консервациялау мен қайта консервациялаудың қамтамасыз етілгендігі;
4) қозғалтқышты гипрожетектерді тексеру мен реттеудің, реактивтік жылжымалы шүмек элементтерін тексерудің, егер олар қозғалтқышта бар болса (қозғалтқышты іске қоспастан) әуеайлақтық энергия көздерінен қамтамасыз етілгендігі;
5) қозғалтқыш роторының (роторларының) баяу айналуының қамтамасыз етілгендігі мен ыңғайлылығы.
Тексеру ұшақты пайдаланудың әртүрлі климаттық жағдайларында жүргізілуі қажет.
124. Сериялық және жөнделетін қозғалтқыштардың сынақтары
Сериялық және жөнделетін қозғалтқыштар берілетін және бақыланатын текшелік сынақтарға және бағдарламаларда нұсқалған іріктеулерге, ал қажет болған жағдайда қосымша сынақтарға тартылуы тиіс.
Жөнделетін қозғалтқыштарды сынаған кезде қажет болған жағдайда бағдарламаларда нұсқалған сериялық қозғалтқыштардың берілетін және бақыланатын сынақтарынан өзгешеленетін сынақтардың әдістері мен жағдайлары көзделуі мүмкін.
Қозғалтқышты бөлшектегеннен кейін бөлшектерінің жай-күйін тексерумен сериялық және жөнделетін қозғалтқыштардың сынақтары мен іріктеулерінің көлемі қысқартылуы мүмкін, егер конструкциясының, сапасының жасауды бақылаудың жетістіктері көрсетілген болса, сондай-ақ сынақтар әдістемесі РП нұсқалған қызмет көрсету ережелері сақталған, қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін жөндеуаралық ресурс ішінде сақтау кезінде қамтамасыз етеді.
Ескерту. 1. Қозғалтқыштың сынақтар көлемінің немесе іріктеулерінің кез келген қысқартуы қозғалтқыштың пайдаланудағы жұмыс қабілетінің нашарлауы табылған жағдайда немесе қозғалтқыштың конструкциясына елеулі өзгерістер енгізген жағдайда қайта қаралуы мүмкін.
2. Жөнделетін қозғалтқыштардың сынақтарының көлемі сериялық қозғалтқыштардың сынақтарының көлемінен өзгешеленуі мүмкін.
3. Қозғалтқыштарды аз сериялармен өндіру кезінде сынақтардың көлемі мен іріктеу саны оларды қысқартуы мүмкін.
849. Сериялық және жөнделетін қозғалтқыштардың сынақтарын берілетін және бақыланатын деп бөлген жөн. Берілетін сынақтардың мақсаты:
1) қозғалтқышты жасау және жинау сапасының техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру;
2) қозғалтқышты жинақтайтын бөлшектер мен агрегаттардың жұмыс істей бастауын жүргізу;
3) қозғалтқыштың негізгі деректерінің берілген техникалық талаптарға сәйкестігін растау болып табылады.
Бақыланатын сынақтардың мақсаты:
4) қозғалтқышты қайталап жинау (берілетін сынақтардан кейін) сапасының техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру;
5) қозғалтқышты жинақтайтын бөлшектер мен агрегаттардың жұмыс істей бастауын жүргізу;
6) қозғалтқышты реттеуді және баптауды және оның өлшемдері мен сипаттамаларының берілген техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру;
7) қозғалтқыштың негізгі деректерінің берілген техникалық талаптарға сәйкестігін және оның қабылдануын ресми растау болып табылады.
Ескерту. Берілетін және бақыланатын сынақтардың тиісті негіздері кезінде бірлесуі мүмкін.
850. Сынақтар берілетін және бақыланатын сынақтардың бағдарламаларында көрсетілген бірізділікпен, жалпы талаптарға сәйкес, сондай-ақ мынадай қосымша ережелермен жүргізілуге тиіс:
1) статикалық жағдайларда ТРД тартымын өлшеу қабылданған үлгінің сынақ текшесінде өткізілуге тиіс. ТВҚ қуатын өлшеу қабылданған тәсілмен әуе бұрамы бар қозғалтқышта жүзеге асырылуға тиіс; сонымен бірге газ ағынының реактивтік тартқышты тиісті дәрежеде ескерілуге тиіс;
2) сынақтар қозғалтқыштың кіре берістегі майдың ең жоғары температурасы кезіндегі жұмысын қамтуға тиіс. Кіре берістегі майдың ең жоғары температуралы тиісті режимдердегі жұмыс уақыты және осы температураның шамасы сынақтар бағдарламасында көрсетілуге тиіс.
Мұндай сынақтарды, егер қолда бар материалдар олардың қажет болмағанын дәлелдесе, өткізбеуге болады;
3) егер берілетін сынақтар барысында қандай да бір негізгі бөлшектерді немесе торапты айырбастаудың қажеттігін көрсетсе, осы сынақтар немесе олардың бір бөлігі келісілген көлемде қайталануға тиіс.
Егер берілетін сынақтар барысында конструкцияның қандай да бір қосалқы элементін немесе бөлшегін айырбастаудың қажеттігін көрсетсе, онда мұндай айырбасқа құжаттаманың сериялық өндіріс үшін қолданылуына сәйкес қозғалтқыштың басқа данасында тиісті сынақсыз-ақ рұқсат етілуі мүмкін;
4) берілетін сынақтар барысында қосалқы жабдық пен ұшақ агрегаттарын барлық жетектері қабылданған тәсілмен жүктемелік сәт пайдалану шамаларына толық сәйкес келетін текшелік агрегаттармен немесе арнайы құрылғылармен жүктемеленуге тиіс. Берілетін-бақыланатын сынақтар барысында қозғалтқыштың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті болып табылмайтын агрегаттар орнатылмайды немесе ажыратып тасталады;
5) берілетін және бақыланатын сынақтардың бағдарламалары ол үшін ауа іріктегіштер орнатылған қозғалтқыш жұмысын қарастыруға тиіс. Сынақтар қосылған ауа іріктегіштері бар қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін және қозғалтқышқа тиесілі іріктеп алу жүйелерін және агрегаттарының қанағаттанарлық жұмыс істеуін көрсетуге тиіс;
6) реактивтік шүмегі бар ұшу жағдайлары үшін бекітілген сынақтар өткізу, егер сынақтардың өзгеше белгіленбесе, қарастырылуға тиіс;
7) барлық сынақтар кезінде қозғалтқыштың осы үлгісіне бекітілген отын мен май қолданылуға тиіс.
851. Қозғалтқыш жұмысының жалпы бағасына және оның сипаттамаларын анықтауға қосымша мынадай шамалардың мәлімделген мәндерін қамтамасыз етуге тиіс:
1) шарықтау және ең жоғары ұзақтық режимдерінде газдың келтірілген температуралары. Осы температуралар бекітілген ең жоғары шамадан аспауға тиіс. Газ температураларының барлық өлшенген шамалары сынақтар кезінде алынған орташа температурадан ауытқуы келісілген шектерде болуға тиіс;
2) шарықтау және ең жоғары ұзақтық режимдерінде келтірілген
тартым (қуат). Олардың шамалары келісілген шектерде болуға және
қозғалтқыштың осы үлгісін мемлекеттік сынақтар негізінде белгіленуге тиіс;
3) келтірілген мәлімделген режимдердегі қозғалтқыш отынының үлестік шығысы;
4) ең жоғары ұзақтық режиміндегі майдың қысымы;
5) майды (циркуляциялық шығыс) айдау. Егер май багы қозғалтқыштың бөлінбес бөлігі болып табылмаса, онда айдауды бақылау сынақтарының 4-бөлігін орындаған кезде өлшеген жөн;
6) майдың орташа сағаттық шығысы;
7) қолдану мүмкіндігі уақыты.
852. Егер қозғалтқыш сериялық ұшаққа орнату үшін тағайындалса, онда осы сериялық және жөнделетін қозғалтқыштар:
1) сынақтар бағдарламасында келісілген (С А бойынша ауа өлшемдерімен текшедегі жұмыс кезінде) ауаны іріктеп алу және қосалқы және ұшақтық агрегаттардың жетектеріне жұмсалған қуат шығыны ескерілмеген қозғалтқыштың өлшемдері. Бақылау сынақтары барысында да, кезекті күрделі жөндеуге дейінгі ресурстың соңында да (сериядан таңдап алынған қаралып отырған қозғалтқыштардың жеткілікті санына арналған сипаттамаларды тексеру материалдары бойынша) алынған өлшемдердің мәндерін шашыратып тастау көрсетілуге тиіс;
2) қысым шамаларының, қоршаған ауаның температурасы мен
ылғалдылығының, ұшудың жылдамдығының, ауаны іріктеп алудың