Сынақтар кезінде қозғалтқыштың тербеліс сипаттамасына мынадай факторлардың әсері (егер ол елеулі күтілсе) бағалануға тиіс:
1) жердегі жел жағдайлары, атмосфералық ауаның температурасы мен қысымы;
2) ауаны тұтынушылар жекелей және бір мезгілде қосу кезінде қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу.
Қозғалтқыш корпустарының сипаты мен тербелістер деңгейін тексеру ұшаққа бекітілген оның тораптарының орналасу жазықтарында және пайдаланудағы тербелістерді борттық тексеруге арналған орындарда, ТВҚ-да әуе бұрамының редукторында орындалуға тиіс. Тербеліс өтуге тиісті қозғалтқыш агрегаттарының тізбесі текшелік сынақтардың нәтижелері бойынша белгіленеді. Әдетте, бұл тербелістерді тудырушылар болып табылатын агрегаттар болуға тиіс.
822. Қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйесінің жұмыс қабілеттілігін тексеру.
Тексеру қозғалтқыштың конструкциясына кіретін оны басқару мен бақылау құралдарының элементтері бар қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйесін ұшуда пайдалану жағдайларында жұмыс қабілеттілігін көрсетуге тиіс және соңғысының өлшеміне жол берілмейтін ықпалды көрсетпейді.
Тексеру жерде және ұшу сынақтарымен жүргізілуге тиіс, оларды "құрғақ" ауада ғана орындауға рұқсат етіледі.
Ұшу сынақтары 11000 м қоса есептегенге дейінгі немесе қозғалтқышты пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес ең жоғары биіктікке дейінгі, егер ол 11000 м аз болса, пайдалануда күтілетін ұшу жылдамдылығының диапазоны қамтылатын әртүрлі ұшу биіктіктерінде жүргізілуге тиіс. Қозғалтқыштың әртүрлі режимдеріне сынақтар жүргізген кезде жердегі (ұшудағы) газы аз режимнен шарықтау (ең жоғары) режиміне дейінгі диапазонында:
1) ПОС-тың жұмыс қабілеттілігі (мысалы, қозғалтқыш элементтерінің қыздыратын жылу жағдайын сипаттайтын өлшемдер, жылу жүйелерінің өлшемдері мен басқалары бойынша) қозғалтқыштың конструкциясына кіретін ПОС-ты басқару мен бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі;
2) ПОС жұмысының қозғалтқыш өлшеміне әсері бағалануға тиіс.
823. Кері қимылдайтын құрылғының жұмыс қабілетін және оның қозғалтқыш жұмысына әсерін тексеру.
Кері қимылдайтын құрылғымен жабдықталған қозғалтқышты ұшуда пайдалану жағдайларында тексеру осы құрылғының және оны басқару жүйесінің жұмыс қабілеттілігі, сондай-ақ қозғалтқыш жұмысының орнықтылығы мен өлшемдері және техникалық құжаттамада тікелей тартым кезінде және кері қимылдайтын тартым кезінде, сондай-ақ ауыспалы процестер кезінде режимдерге берілген талаптарға сәйкестігін көрсетуге тиіс.
Тексеру жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізілуі қажет, онда мыналар бағалануға тиіс:
1) кері қимылдайтын құрылғының тартымды кері қимылдату режимін пайдалану рұқсат етілген жерге және ұшудың осы кезеңдеріне оны қосу, жұмысы және ажыратып тастау кезіндегі басқару жүйесі бар жұмыс қабілеттілігі;
2) қозғалтқыш тексерілетін пайдалану жағдайларында және режимдерінде, сондай-ақ сынақтар кезінде кері қимылдайтын тартым режимдеріндегі тікелей тартым режимдеріндегі кері қимылдайтын құрылғысы бар қозғалтқыштың жұмыс сипаты мен өлшемдері;
3) қозғалтқыштың конструкциясына кіретін кері қимылдайтын құрылғының жұмысын бақылау құралдарының пайдаланудағы жұмыс қабілеттілігі.
Сынақтар кезінде анықталған сипатына, жердегі жел жағдайлары мен ауа атмосферасының температурасына әсері (егер ол елеулі күтілсе) бағалануға тиіс.
824. Турбинаны қызып кетуден қорғау жүйесінің жұмыс қабілеті мен тиімділігін тексеру.
Қозғалтқышты ұшудағы пайдалану жағдайларында тексеру жүйенің жұмыс қабілеттілігінің кедергіден қорғалудың және тиімділігінің техникалық құжаттамада берілген талаптарға сәйкестігін көрсетуге тиіс.
Тексеру жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізілуі қажет, ол кезде мыналар бағалануға тиіс:
1) жүйенің жұмыс қабілеттілігі және қозғалтқыштың оның жұмыс істеу имитациясы кезіндегі жұмыс өлшемдерінің өзгерісі.
Имитация белгіленген режимдерде және жердегі және ұшудағы газдың ең жоғары температуралары бар қозғалтқыштағы ауыспалы процестер кезінде орындалуға тиіс. Ұшудағы сынақтар қозғалтқыштың күтілетін пайдалану жағдайларына сәйкес келетін ұшу биіктігі мен жылдамдығы диапазонын қамти отырып, орындалуға тиіс;
2) оларға ұшақтың басқа функционалдық жүйелері мен қызмет көрсетудің жердегі құралдары ықпал еткен жағдайда, мысалы, электр қорегі өлшемдерінің ауытқуы, электр магниттік сәуле шығарудың қуатты көздерін қосу кезінде жүйенің электрондық блоктарының кедергіден қорғалуы;
3) қозғалтқыштың қалыпты жұмысы кезінде оны пайдаланудың күтілетін жағдайларында (турбинаны қызып кетуден қорғау жүйесінің жалған жұмыс істеуін болдырмау үшін) болуы мүмкін газдың ең жоғары температурасының ауытқуларының орнын толтыру үшін талап етілетін жүйенің жұмыс істеу өлшемі бойынша қордың жеткіліктілігі;
4) жүйе жұмысына кіруді тудыратын қозғалтқыштың істен шығу кезіндегі оның өлшемдерінің болжамды өзгерісі имитациясы кезінде жүйе жұмысының тиімділігі. Тексеру жағдайы арнайы талдаумен белгіленуі қажет;
5) жүйенің (қозғалтқыштың) конструкциясына кіретін, пайдаланудағы жүйе жұмысын бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі, егер олар бар болса.
825. Қозғалтқышты помпаж жағдайында қорғау құралдарының жұмыс қабілеттілігі мен тиімділігін тексеру.
Қозғалтқышты ұшуда пайдалану жағдайларында тексеру:
1) помпаж жағдайында қорғаудың автоматты жүйесімен жабдықталған қозғалтқыш үшін - жүйе жұмысының бағдарламасын таңдаудың дұрыстығы, оның жұмыс қабілеттілігі, кедергіден қорғалғыштығы және осы және оның басқа да техникалық құжаттамада берілген ұшу-пайдалану сипаттамаларының сәйкестігі;
2) автоматты қорғау жүйесі көзделмеген қозғалтқыш үшін - қозғалтқышта помпаждың туындауы туралы белгі беретін құралдардың жұмыс қабілеттілігі мен қозғалтқышты жұмыстың орнықты режиміне көшіруді қамтамасыз ететін тәсілдердің тиімділігі көрсетілуге тиіс.
Тексеру жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізілуі қажет, онда қозғалтқышта көзделген помпаж кезіндегі қорғау құралына жататын сипаттамалар бағалануға тиіс:
1) жердегі (ұшудағы) аз газдан шарықтау (ең жоғары) режиміне дейінгі диапазонда және қозғалтқышты пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес келетін ұшу биіктігі мен жылдамдық диапазоны қамтылған ауыспалы процестер кезінде қозғалтқыш жұмысының белгіленген режимдерінде помпаж белгі берушісінің жұмыс істеу имитациясы кезінде қозғалтқыш жұмысының автоматы жүйесінің жұмыс қабілеттілігі мен оның өлшемдерінің өзгерісі;
2) автоматты жүйенің электрондық блоктары немесе оларға ұшақтың басқа функционалдық жүйелері және қызмет көрсетудің жердегі құралдары ықпал еткен жағдайда, помпаждың туындауы туралы белгілер беруші құралдарының, мысалы, электр қорегі өлшемдерінің ауытқуы, (8.1.3.17) электр магниттік сәуле шығарудың қуатты көздерін қосу кезінде кедергіден қорғалуы;
3) қозғалтқыштың қалыпты жұмысы кезінде оны пайдаланудың күтілетін жағдайларында (помпаж белгі бергішінің жалған жұмыс істеуін болдырмау үшін) болуы мүмкін газдың ең жоғары температурасының ауытқуларының орнын толтыру үшін талап етілетін жүйенің жұмыс істеу өлшеуі бойынша қордың жеткіліктілігі;
4) автоматты жүйенің немесе газы аз ұшу режиміне және крейсерлік ұшудың ең жоғары күтілетін биіктігіне сынақ кезіндегі ең жоғары режимге, сондай-ақ аз биіктіктерге, егер бұл помпаж кезінде қозғалтқышты қорғау құралдарын текшелік сынақтар жүргізудің нәтижелері бойынша қажет деп танылса, жасанды түрде туындаған оның помпажды кезінде жұмыстың орнықты режиміне өту тәсілінің тиімділігі;
5) жүйенің (қозғалтқыштың) конструкциясына кіретін, пайдаланудағы жүйе жұмысын бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі, егер олар бар болса.
Сынақтар кезінде пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес келетін диапазонында атмосфералық ауа температурасының өзгеруіне байланысты қозғалтқыш қасиеттерінің өзгеруі помпаж кезінде (егер ол елеулі күтілсе) қозғалтқышты қорғау құралдарының тиімділігіне әсері бағалануға тиіс.
826. Қозғалтқыштың суытатын сұйықтықты оның компрессорына бүрку кезіндегі жұмыс өлшемдері мен орнықтылығын тексеру.
Қозғалтқышты ұшуда пайдалану жағдайларында тексеру:
1) жүйені қолдану РП рұқсат етілген жердегі және ұшудағы жағдайларда сұйықтықты оның компрессорына бүрку кезіндегі қозғалтқыш өлшемдерінің жұмыс орнықтылығын және техникалық құжаттамада берілген талапқа сәйкестігін;
2) қозғалтқыштың конструкциясына кіретін жүйе элементтерінің жұмыс қабілеттілігін көрсетуге тиіс.
Тексеру жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізілуі қажет, ол кезде мыналар бағалануға тиіс:
1) қозғалтқыш жұмысының сипаты және сұйықтықты бүрку жүйесінің жердегі сынамы кезінде және оны РП рұқсат еткен ұшу режимдеріне қосу кезінде шарықтау тартымын (қуатын) қалпына келтіру немесе үдету шамасына талап етілетін қозғалтқыш өлшемдерінің сәйкестігі;
2) қозғалтқыштың конструкциясына кіретін жүйе элементтерінің, оның ішінде пайдаланудағы жүйе жұмысын басқару және бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі.
Сынақтар кезінде қозғалтқыштың жұмысына және сұйықтық бүрку жүйесіне (егер ол елеулі күтілсе) мынадай факторлардың әсері бағалануға тиіс:
1) жел жағдайлары және жердегі атмосфералық ауаның температурасы;
2) кеңістіктегі қозғалтқыштың көлбелері және оның әртүрлі координатты осьтері бойынша жүктемелер.
827. Үлгілік бейін бойынша ұшулардағы қозғалтқыш жұмысын тексеру.
Қозғалтқыштың текшелік ресурстық сынақтарының режимдерін таңдаудың шынайлылығын растау үшін кем дегенде 50 ұшу циклдары көлемі бар пайдаланудың күтілетін жағдайларының үлгілік бейімдері бойынша ұшуларда тексеру жүргізілуге тиіс.
122. Ұшақты сертификаттау кезіндегі қозғалтқыштың сынақтары
828. Ұшақты сертификаттау кезінде қозғалтқыш:
1) қозғалтқыштың белгіленген режимдердегі жұмысын;
2) қозғалтқыштың ауыспалы процестер кезіндегі жұмысын;
3) қозғалтқыштың реттеу мен басқару жүйесін;
4) қозғалтқышты іске қосуды;
5) қозғалтқыш элементтерінің оның ұшақтық тұтастыру жұмысы кезіндегі тербеліс сипаттамаларын;
6) қозғалтқыштың табиғи мұз қату жағдайларындағы мұз қатуға қарсы жуйелері мен оның жұмыс қабілеттілігін;
7) кері қимылдайтын құрылғыны қозғалтқыштың жұмысы және оның ұшақ сипатына әсерін;
8) қозғалтқыштың газдинамикалық орнықтылық қорларының жеткіліктілігін;
9) турбина қызып кетуден қорғау жүйесін;
10) қозғалтқышты помпаж кезіндегі қорғау құралдарын;
11) қозғалтқыштың суытатын сұйықтықты оның компрессорына бүрку кезіндегі жұмысын;
12) ұшақтағы қозғалтқыштың ұшу циклының өлшемдерін;
13) қозғалтқыштың пайдалану технологиялылығын тексеру бойынша ұшу сынақтарынан қанағаттанарлықпен өтуге тиіс.
829. Мемлекеттік сынақтарға берілген немесе олардан өткен конструкциясы және қозғалтқыштың осы үлгісінің негізгі берілген үлгісі бойынша сәйкес келетін қозғалтқыш толық сынақтарға тартылуы болуға тиіс. Сынақтар тексеріліп отырған сипаттарға елеулі әсер етпейтін, жоғарыда көрсетілген үлгіден айырмашылығы бар болуы, сол бір үлгідегі басқа қозғалтқыштарда жүргізілуі мүмкін.
830. Сынақтар сол бір үлгідегі қозғалтқыш арналған ұшаққа жүргізілуге тиіс. Сынақтар қозғалтқыштың жұмыс жағдайларында елеулі айырмашылықтарға алып келуі мүмкін қуатты қондырғыдағы ұшақта қолданылатын қозғалтқыштардың сәйкес орналастырылған барлық түрлерін қамтуға тиіс. Сынақтардың жекелеген бөліктерін ұшатын зертханада, егер оған (тексерілетін сипаттамаларға қатысты) қуатты қондырғы элементтерінің, сондай-ақ қозғалтқышқа байланысты немесе оның жұмысына әсер ететін элементтер мен қозғалтқыш тағайындалған ұшақ жүйелерінің конструкциясы мен құрамдасы жеткілікті түрде толық ұдайы өндірілсе, орындауға рұқсат етіледі.
831. Сынақтар кезінде қуатты қондырғыдағы қозғалтқыштардың өзара ықпалының тексерілген сипаттамаға және ұшақтың функционалдық жүйелерінің қозғалтқышпен байланысты жұмысындағы мүмкін болатын ауытқуларға әсерін, егер осы әсерді елеулі деп есептеуге негіз болса, бағалау қажет.
832. Ұшақты сертификаттау кезінде қозғалтқыштың тағайындалған ресурсы мен алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі қозғалтқыш ресурсы қозғалтқышты»"ұшаққа қондырғанға дейін" сертификаттау кезінде нақты көлеммен осы уақытта өткізілген сынақтарға сәйкес белгіленген салыстырма бойынша өсуі мүмкін.
Сонымен бірге сынақтық циклға ұшу сынақтарының деректеріне сәйкес нақтылаулар енгізілуі мүмкін. Белгіленген бастапқы ресурстан алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі ресурсты растауда ұшақтың қозғалтқышын пайдалану сынақтары жүргізілуге тиіс. 3-4 қозғалтқышқа сынақтар өткізу барысында ұшақта алғашқы ресурстың кем дегенде жартысын олардың бір-екеуінің ақауымен алғашқы күрделі жөндеуге дейін жұмыс істеуге тиіс.
Егер қалған қозғалтқыштардың ұшуда істелген жұмысы ұшақты сертификаттау сәтіне белгіленген алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі ресурстан аз болса, онда олар баламалы-циклдық бағдарламасы бойынша немесе кейіннен бөлшектеу және ақауларын табудың белгіленген ресурсына тең жалпы істелген жұмысқа дейінгі пайдалану бағдарламасы бойынша текшедегі сынақтарға тап болуы мүмкін.
833. Қозғалтқышты ұшуда ажыратып тастауға алып келетін, істен шығу жұмысының қозғалтқыштың жеткілікті түрдегі сенімділігін растау үшін, ұшу ұзақтығы 5 сағат аспайтын ұшақтарда пайдалануға арнап тағайындалған қозғалтқыштар үшін кем дегенде 8500 сағатты, ал ұшу ұзақтығы 5 сағаттан көп ұшақтарда пайдалануға арнап тағайындалған қозғалтқыштар үшін - кем дегенде 12000 сағатты құрауға тиіс. Істен шығу жұмысы текшелік ұзақ және ресурстық (баламалы-циклдық және пайдалану бағдарламасы бойынша) сынақтардағы, сондай-ақ ұшатын зертханалар мен ұшақтағы ұшу сынақтарындағы қозғалтқыштардың жиынтықты істелген жұмысы және қозғалтқышты ұшуда ажыратып тастауға алып келетін пайдаланудағы осы сынақтар кезінде істен шығу саны бойынша анықталады.
1-ескерту. Сынақтармен тексерілген, оларды жою үшін тиімді іс-шаралар әзірленген істен шығу есепке қабылданбайды.
2-ескерту. Тездетілген текшелік сынақтар кезінде сынақ циклына сәйкес келетін ұшу циклының ұзақтығы тең қозғалтқыштың істеген жұмысы есептелуге тиіс.
123. Қозғалтқыштың ұшу сынақтары
834. Белгіленген режимдердегі қозғалтқыштың жұмысын тексеру.
Қозғалтқышты белгіленген режимдерде оны ұшақта пайдалану жағдайларында, оның роторына гироскопиялық жүктемелер жасайтын ұшу режимін қоса, тексеру мыналарды:
1) техникалық құжаттамада берілген, көрсетілген қозғалтқыштың және оның отын және май жүйелерінің орнықты жұмысын және өлшемдерінің сәйкестігін;
2) қозғалтқыштың пайдаланудағы және қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу жүйелерінің жұмысын бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігін растауға тиіс.
Тексеру жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізілуі қажет, онда мыналар бағалануға тиіс:
1) РП регламенттеген негізгі белгіленген режимдердегі жердегі жағдайларда және басқа қозғалтқыштың реттеу мен басқару бағдарламасы үшін тән белгіленген режимдерде қозғалтқыштың және оның отын және май жүйелерінің жұмыс сипаты мен өлшемдері;
2) қозғалтқыштың және оның отын мен май жүйелері жұмысының сипаты мен өлшемі мынадай ұшу жағдайларында:
қозғалтқыштың тиісті режимдері кезінде, сондай-ақ ұшақтың іс жүзіндегі шекті биіктікті жинау және оны төмендету, крейсерлік ұшудың ең жоғары биіктігінен ұшақтың деңгейлес ұшуға дейін қауіпсіз шығуының ең төмен биіктікке дейін шұғыл төмендемеуі кезінде ұшақты қолданудың үлгілік бейіндері бойынша ұшудың барлық үлгілік кезеңдерінде.
Сынақтар шарықтау, биіктікті алу және төмендеу кезінде ұшақты пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы қозғалтқыштың тангаж бойынша кеңістіктегі көлбеуінің барынша мүмкін болатын оң және теріс бұрыштар жасалған жағдайда, ұшу режимдерін қамтуға тиіс;
ұшақтың екпіндері мен тежегіштері кезінде (ұшатын зертхана) әртүрлі биіктіктерде деңгейлес ұшудағы қозғалтқыштың тиісінше ең жоғары режимдегі және газы аз ұшу режиміндегі жұмысы кезінде. Сынақтар әртүрлі ұшу биіктіктерінде, оның ішінде крейсерлік ұшудың ең жоғары ұшуында өткізілуі қажет;
пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес келетін ұшу жылдамдығы диапазонын қамти отырып қозғалтқышты қолданудың әртүрлі биіктіктерде белгіленген деңгейлес ұшуы кезінде. Сонымен бірге қозғалтқыштың жұмысы РП регламенттелген негізгі белгіленген режимдерде және оның басқару мен реттеу бағдарламасына тән аралық режимдерде тексерілуге тиіс;
ұшудың шекті рұқсат етілген өлшемдерімен, атап айтқанда ең жоғары рұқсат етілген кренмен жүктелімдердің ең жоғары рұқсат етілген шамасы кезінде оң және сол жағының вираждарын орындауы кезінде, сондай-ақ ең жоғары рұқсат етілген шамамен және ең жоғары мүмкіндікпен немесе оң және теріс жүктелімдерден туындайтын рұқсат етілген іс-қимыл "ұзақтығымен»горкалар",»"сырғулар" және т.б. үлгідегі ұшақтың маневрлары кезінде. Сынақтар РП регламенттелген қозғалтқыштың негізгі режимдерін қамтуға тиіс;
3) қозғалтқыштың пайдаланудағы жұмысын бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі;
4) қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу жүйелерінің жұмыс қабілеттілігі бағалануға тиіс.
1-ескерту. ТВҚ үшін газы аз жер режимінде әуе бұрамының қалақтарын орнатудың ең аз бұрышын таңдап алудың дұрыстығын тексеру кезінде де бағалануға тиіс.
2-ескерту. Кері қимылдайтын құрылғымен жабдықталған қозғалтқыш жұмысын бағалау сынақтардың нәтижелерін ескеріп жүргізілуге тиіс.
Сынақтар кезінде (егер олар елеулі деп күтілсе) қозғалтқыш жұмысының сипаты мен өлшеміне мынадай факторлардың әсері бағалануға тиіс:
1) жердегі жел жағдайлары, атмосфералық ауаның температурасы мен қысымы;
2) ауаны тұтынушылар жекелеп және бір мезгілде қосу кезінде қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу. Бұл бағалауды жерде және деңгейлес белгіленген ұшудағы сынақтар кезінде орындалу қажет;
3) тексерілген және көрші жатқан қозғалтқыштардың, егер оларға ауа бір біріне жақын жатқан ауажинағыштардан түссе, жұмыс режимдерінің үйлесуі.
836. Ауыспалы процестер кезінде қозғалтқыштың жұмысын тексеру.
Ауыспалы процестер кезінде қозғалтқыштың жұмысын ұшақта пайдалану жағдайларында тексеру:
1) қозғалтқыш жұмысының және техникалық құжаттамада берілген
отын және май жүйелерінің басқарымдылығын, орнықтылығы мен
өлшемдерінің сәйкестігін;
2) екінші айналымға шығу жағдайларында газы аз ұшу мен газы аз жердегі мүмкіндік уақытының техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін;
3) пайдаланудағы қозғалтқыш жұмысын бақылау құралдары мен оның конструкциясына кіретін, қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу жүйесі агрегаттарының жұмыс қабілеттілігін растауға тиіс.
Тексеру жердегі және ұшу сынақтарымен жүргізілуге тиіс, ол кезде мыналар бағалануы тиіс:
1) жердегі жағдайлардағы жұмыс кезінде, сондай-ақ ұшақты рульдеу (ұшатын зертхана) кезінде режимдердің барлық рұқсат етілген диапазонында әртүрлі қарқынмен РУД тікелей, кері және қарама-қарсы орнын ауыстырған кезде қозғалтқыштың және отын мен май жүйелері жұмысының сипаты мен өлшемдері;
2) пайдалану жағдайларында күтілетіндерге сәйкес келетін ұшудың биіктігі мен жылдамдық диапазонын қамтитын деңгейлес ұшуда режимдердің барлық рұқсат етілген диапазонында әртүрлі қарқынмен РУД-ты тікелей, кері және қарама-қарсы ауыстыру кезінде, сондай-ақ ұшудың жарамды кезеңінен басқа кезеңге үлгілік маневрлар, оның ішінде ұшақтың (ұшатын зертхананың) қонуға кірер кезеңдегі екінші айналымға өту процесіндегі туындайтын ауыспалы процестер кезіндегі қозғалтқыштың және отын мен май жүйелері жұмысының сипаты мен өлшемдері;
3) оның конструкциясына кіретін, ұшуда пайдаланылатын қозғалтқыштың жұмысын бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі;
4) оның конструкциясына кіретін, қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу жүйесі агрегаттарының жұмыс қабілеттілігі бағалануға тиіс.
Сынақтар кезінде екінші айналымға шығу жағдайларында, сондай-ақ газдинамикалық қорлар бойынша қозғалтқыштың орнықтылығы дағдарысты деп танылған ұшу жағдайларында қозғалтқыш жұмысының мүмкіндігі мен орнықтылығына мынадай факторлардың әсері (егер ол елеулі күтілетін болса) бағалануға тиіс:
1) атмосфералық ауаның температурасы мен қысымы;
2) қозғалтқыштың бастапқы режимі;
3) қозғалтқыштың бастапқы режимдегі жылу жағдайы;
4) ауыспалы процестерді айқындайтын реттегіштер элементтерін реттеудің техникалық жағдайлары шегіндегі өзгерісі;
5) ауа тұтынушылардың жекелей және бір мезгілде қосу кезіндегі қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу;
6) тексерілген және көрші жатқан қозғалтқыштардың, егер оларға ауа бір біріне жақын жатқан ауажинағыштардан түссе, жұмыс режимдерінің үйлесуі.
837. Қозғалтқыштың реттеу мен басқару жүйелерін тексеру.
Қозғалтқышты ұшуда пайдалану жағдайларында тексеру жүйенің жұмыс қабілеттілігінің сәйкестігін және қозғалтқышты онымен реттеу мен басқару және басқа жүйенің ұшу-пайдалану жүйесі сипаттамалары сапасының техникалық құжаттамада берілген және 105-тарау талаптарына сәйкестігін растауға тиіс.
Тексеру жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізілуі қажет, онда мыналар бағалануға тиіс:
1) өзгертілмеген РУД жағдайында реттеудің функционалдық кіші жүйелерінің әрқайсысының жұмыс аймағындағы қозғалтқыштың реттелетін және шектелетін өлшемдерін қолдаудың орнықтылығы мен дәлдігі;
2) қозғалтқыштағы осы процестер кезінде қозғалтқыштың реттелетін және шектелетін өлшемдерінің ең жоғары шамасы мен ауытқу ұзақтығы тексерілетін ауыспалы процестердің басқару мен реттеу бағдарламаларында берілген өлшемдерін қолдаудың орнықтылығы мен дәлдігі;
3) ұшақтың басқа функционалдық жүйелеріне әсер ету кезінде және қызмет көрсетудің жердегі құралдарына, мысалы, электр қорегі өлшемдерінің ауытқуы, электр магниттік сәуле шығару қуатты көздерін қосу кезінде, электрондық блоктар жүйелерін кедергіден қорғалғыштығы;
4) пайдаланудағы жүйелерді бақылайтын қолда бар құрылғылардың жұмыс қабілеттілігі.
Сынақтар кезінде жүйелер жұмысының сипатына мынадай факторлардың әсері (егер ол елеулі түрде күтілсе) бағалануға тиіс:
1) функционалдық кіші жүйелердің әрқайсысының жұмыс саласындағы ұшудың биіктігі мен жылдамдық өзгерісі;
2) қозғалтқыштың кеңістіктегі көлбеулері мен ұшудың (сатылас жылдамдық, жүктелімдер) серпілісті факторлары;
3) реттегіштердің пайдаланудағы болуы мүмкін шектердегі жұмыс сұйықтығының температурасы;
4) реттеу агрегаттарының қоршаған ортаның температурасы;
5) қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу.
838. Қозғалтқыштың іске қосылуын тексеру.
Қозғалтқышты ұшақта пайдалану жағдайларында тексеру техникалық құжаттамада берілген жерде қозғалтқышты суықтай және ыстықтай іске қосу және пайдаланудың күтілетін жағдайларында ұшуда іске қосудың талаптарына сәйкес өрттен қауіпсіздікті және қамтамасыз етілгендікті растауға, сондай-ақ оның ұшақты басқарудың ыңғайлылығына әсері бойынша және экипажға қойылатын талаптар бойынша қозғалтқышты іске қосу рәсімінің қолайлылығын көрсетуге тиіс.