Қозғалтқыш жұмысының ұзақтығы 150-сағаттық сынақтар бағдарламасы бойынша тікелей тартым кезінде кері қимылдау тартымы жағдайында ұқсас өзге де жағдайларда сынаққа жұмсалған уақыттың жиынтықты шамасына, бірақ қозғалтқыштың шарықтау және ең жоғары ұзақтық режимдеріндегі істелген жұмыстың ұзақтығын кеміту есебінен тыс кемітілуі мүмкін.
Қозғалтқыштың ең жоғары кері қимылдау тартымы режиміндегі үздіксіз жұмысының ұзақтығы, егер өзгеше келісілмесе, кем дегенде 1 минутты құрауға тиіс.
Тағайындауға байланысты және пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы қозғалтқыштың кері қимылдау құрылғысын қолдану саласында 150 сағаттық сынақтар бағдарламасына қосымша тексерулер енгізілуі мүмкін.
809. ТВҚ-ның әуе бұрамымен бірге жұмыс қабілеттілігін тексеру жөніндегі сынақтар.
150 сағаттық сынақтар барысында немесе олар аяқталғаннан кейін орындалатын әуе бұрамымен бірге ТВҚ-ны сынаудың ең жоғары көлемі, олар мыналарды қамтуға тиіс:
1) ТВҚ-ны газы аз жер режимінен шарықтау және кері режиміне ауыстыру кезінде әуе бұрамының қалақтар қадамының 50 өзгерісін қамтуға тиіс. Бұрам қалақтарының аралық тірек режимін көбейткен кезде, мыналарды қамтуға тиіс;
2) аралық тіректегі әуе бұрамының қалақтарын 100 ауыстыру (осы сынақтар ТВҚ-ны газы аз жер режиміне ауыстыру кезіндегі сынақтармен біріктірілуі мүмкін);
3) флюгерлік жағдайдағы ауа бұрамы қалақтарының (оның ішінде шарықтау режимінен кем дегенде 5-еуі) 10-ын енгізу;
4) әуе бұрамы қалақтарының кері қимылдайтын тартымы жағдайында және кері 200 енгізулер.
Әуе бұрамының тежегіш тетігінің (тұрақтық тежегішінің) жұмыс қабілеттілігі 150 сағаттық сынақтар барысында әуе бұрамының белгіленген айналу жиіліктері кезінде осы тетікті 100 қосуды орындау жолымен тексерілуге тиіс.
810. Ұшаққа қызмет ететін агрегаттарға және қозғалтқышта орнатылған басқа тетіктері мен аппаратура жетектерінің жұмыс қабілеттілігі тексеру мынадай түрде жүргізілуге тиіс:
1) қозғалтқышқа орнатылған барлық ұшақтық агрегаттарды 150 сағаттық сынақтар барысында олардың жүктемелерінің кестелеріне сәйкес жүктемемен, сондай-ақ пайдаланудың күтілетін жағдайларда ауаны іріктеп алу көзделген жағдайда, жұмыс істеуге тиіс;
2) компрессор аппараттарын бағыттайтын қалақтардың айналу тетігінің, сондай-ақ ауаны қайта шығару құрылғыларының (клапандарының, таспалар мен басқалардың) жұмыс қабілеттілігі тексерілуге тиіс 150 сағаттық сынақтар уақыты ішінде соларға тән режимдерде осы тетіктер мен құрылғылардың әрқайсысына кемінде 100 қайта қосулар жүргізілуге тиіс.
Егер қозғалтқыш компрессоры автоматты тетіктермен және ауаны қайта жіберудің басқа тетіктерімен айналу қалақтарын, клапандарды, таспалар мен басқа тетіктерді басқару құрылғыларымен жабдықталған болса, онда осы тетіктерді немесе құрылғыларды олардың жұмыс қабілеттілігін тексеру үшін арнайы қайта қосу талап етілмейді;
3) әуе бұрамының қалақтарын автоматты флюгирлеу жүйесінің датчик тетігінің жұмыс қабілеттілігін 200 қосулар жолымен, олардың 20 қосуы - бұрам қалақтарын флюгерлік жағдайға қосыммен және 180 қосуды қалақтарды флюгерлік жағдайға қоспастан, тексерілуге тиіс.
811. Қозғалтқышқа және оның агрегаттарына 150 сағаттық сынақтар барысында қызмет көрсету РО-ға сәйкес жүргізілуге тиіс. РО көзделген регламенттік жұмыстар борттық жиынтыққа кіретін құралдармен ғана жүргізілуге тиіс.
Ескерту. Борттық құрылыс жиынтығының және қосалқы бөлшектердің даралық жиынтығының қанағаттанарлығы мен жеткіліктілігін түпкілікті бағалау ұшақтағы қозғалтқышты пайдалану сынақтарының негізінде жүргізілуге тиіс.
812. 150 сағаттық сынақтар аяқталғаннан кейін мынадай жұмыстар жүргізілуге тиіс:
1) қозғалтқыштың дроссельдік сипаттарын қайталап анықтау және оның негізгі өлшемдерін өлшеу;
2) қозғалтқышты текшеден алу және қозғалтқыш пен оның агрегаттарын сырттай қарап шығу;
3) агрегаттарды қозғалтқыштан алу, олардың сипаттамаларын тексеру және бөлшектеу;
4) әуе бұрамы мен айналу жиілігін реттегішті бөлшектеу және ақаулылығын тексеру;
5) қозғалтқыштың тозуын, крипін, деформациясын, тартылуын және т.б. анықтау мақсатында ақаулығын табу және бөлшектерді микрометриялық өлшеу мен бөлшектеу. Бөлшек ақауларының ведомостарын жасау;
6) бақылау-өлшеу аппаратуралары мен құралдарының баламалылығын бақылап тексеру;
7) 150 сағаттық сынақтар нәтижелері бойынша материалдарды өңдеу және акт жасау.
119. Қозғалтқыш ресурстарын белгілеу бойынша сынақ
813. Бастапқы тағайындалған ресурсты белгілеу жөніндегі сынақтар.
Қозғалтқыштың бастапқы тағайындалған ресурсын белгілеу үшін қозғалтқыштың тораптары мен негізгі бөлшектерінің және тұтастай қозғалтқыштың баламалы-циклдық сынақтары (БЦС) жүргізіледі.
Тораптар мен бөлшектерді сынау, негізінен, толық көлемді қозғалтқыш жүйесінде жүргізіледі. Осындай жағдайда олар тұтастай қозғалтқыштың баламалы-циклдық сынақтарымен үйлесуі мүмкін. Толық көлемдегі қозғалтқыштың жұмыс талаптарына сәйкес келетін аз циклді көнеруі бойынша жүктемені сақтау жағдайлары кезінде автономды қондырғылардағы қозғалтқыштың жекелеген тораптары мен бөлшектеріне сынақ жүргізуге рұқсат етіледі.
Баламалы-циклдық сынақтар сынақтық циклдарды көп рет орындау жолымен жүргізілуге тиіс. Баламалы-циклдық сынақтарға арналған сынақтық цикл ұшу циклының негізінде қалыптастырылуға тиіс, олар мынадай талаптарды ескеруге тиіс:
1) сынақ циклында барынша жүктемеленген режимдердегі істелген жұмыстың жиынтықты уақыты қозғалтқыштың ыстық бөлігінің барынша жүктемеленген бөлшегінің ұшу циклындағы істелген жұмыс уақытының ұзақ беріктігі бойынша баламалы болуға тиіс;
2) ауыспалы процестердің саны ұшу циклындағы олардың санына тең болуға тиіс;
3) қозғалтқыштың динамикалық беріктігін растау үшін айналу жиілігінің жұмыс саласы бірнеше дипазондарға бөлінеді және әрбір диапазонда ұшу циклында істелген жұмыс кем дегенде 1 сағатқа 1 мин есебінен істелген жұмыс қамтамасыз етіледі.
Осындай істелген жұмыс жердегі аз газдың айналу жиілігі кезінде жүргізіледі.
Жоғарыда көрсетілген сынақтар бірлесіп жүргізілуі мүмкін. Азкернеулі ұзақ стационарлық режимдердегі және оларды барынша жүктемеленген режимдерге баламалы жолмен келтірудің ауыспалы процестерінің бөлігіндегі істелген жұмыстың (тиісті ұзақ беріктігі мен аз циклды көнеру бойынша) ерекшелігіне жол беріледі.
Жеткілікті техникалық негіздер болған жағдайда, осы қозғалтқыш үшін дағдарысты аз циклды көнеру және ұзақ беріктік бойынша жекелеген бөлшектердің сынақ циклына өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Қозғалтқыштың бөлшектеріне баламалы-циклдық сынақтар жүргізу кезінде оларды қарап шығуға, орындалуы түпкілікті жөндеулер кезінде көзделген ақаулар табылған қозғалтқышты ішінара немесе толық бөлшектеуге рұқсат етіледі. Қарап шығудың саны, олардың арасындағы уақыт сияқты регламенттелмейді. Бөлшектердің барлық айырбасы, олардың сағаттардағы және сынақ циклдарындағы істелген жұмысы (жалпы және режимдер бойынша) сынақтар бойынша есепте тіркелуге тиіс.
Қозғалтқыштың Nи тораптары мен бөлшектерінің эксперименттік тексерілген ұзақ тұрақтылығы іс жүзінде өткізілген баламалы-циклдық сынақтардың оң нәтижелері шегіндегі сағаттарда және сынақ циклдарында істелген жұмыс бойынша белгіленеді.
Бастапқы тағайындалған ресурстардың Nи тораптары мен негізгі бөлшектері үшін ұшу циклдарында мынадай формула бойынша анықталады
Ni= Ne $
----
ne'
мұндағы
$ - ұзақ беріктік әсері ескерілген аз циклды көнеруден осы бөлшектердің немесе тораптардың зақымдарының жинақталуы бойынша сынақтық ұшу циклдарына сәйкес келу коэффициенті;
nи- бөлшектердің немесе тораптардың»nи сыналған даналардың арасынан қабылданатын ұзақ тұрақтылығы бойынша қордың коэффициенті:
nи=1-nи=3,0;
nи=2-nи=2,5;
nи>3-nи=2,0;
Қор экспериментті тексерілген ұзақ тұрақтылықтың Nи ең көп мәніне қатысы бойынша алынады.
Қозғалтқыштың бастапқы тағайындалған ресурсы (сағаттар мен циклдарда) бір қозғалтқыштың 1,2 сынақтар циклдарының саны бойынша қоры бар баламалы-циклдық сынақтардың негізінде белгіленеді.
Сынақтық циклі қалыптасады. Қозғалтқыштың бастапқы тағайындалған ресурсына белгіленген, айырбастауға жатпайтын, негізгі бөлшектердің бастапқы тағайындалған ресурсының ең аз мәніне тең болуға тиіс.
Қозғалтқыштың бастапқы тағайындалған ресурсын белгілеу бойынша сынақтар өткізудің барысында сағаттарда немесе циклдарда тағайындалған ресурсы қозғалтқыш үшін белгіленгеннен аз қозғалтқыштың бөлшектерін айырбастау көзделуге тиіс.
814. Қозғалтқыштың бастапқы тағайындалған ресурсын бірінші күрделі жөндеуге дейін белгілеу жөніндегі сынақтар.
Қозғалтқыштың бастапқы тағайындалған ресурсын бірінші күрделі жөндеуге дейін белгілеу үшін (сағаттардағы және ұшу циклдарындағы) үш қозғалтқыштың текшелік сынағы өткізілуге тиіс:
біреуі пайдалану бағдарламасы бойынша,
екеуі баламалы-циклдық сынақтар.
Ескерту. Баламалы-циклдық сынақтар үшін қозғалтқыштардың біреуі ретінде ұшу сынағынан өткен қозғалтқышты пайдалануға рұқсат етіледі. Егер оның ұшуда істелген жұмысы белгіленген бастапқы ресурстан кем болса, онда белгіленген істелген жұмысқа тең жалпы істелген жұмысқа дейін текшелік БЦС-ға тап болуы мүмкін.
Қозғалтқыштың текшелік сынақтары ұшу циклы негізінде қалыптасатын сынақтар циклдарын бірнеше мәрте орындау жолымен жүргізіледі. Бастапқы ресурсты бірінші күрделі жөндеуге дейін белгілеу үшін ұшу циклының орташа ұзақтығы кезінде бірінші күрделі жөндеуге дейінгі бастапқы ресурсқа сәйкес келетін ұшу циклдарының санынан 20% көп сынақтар циклдарының санымен сынақ жүргізіледі.
Пайдалану бағдарламасы бойынша қозғалтқышты сынауға арналған сынақтар циклы барлық белгіленген режимдер сағаттарындағы істелген жұмысты және орташаланған ұшу циклы ауыспалы процестерінің саны толық ұдайы өндірілуге тиіс. Қажет болған жағдайда сынақтар бағдарламасына жылытылған текшелердегі істелген жұмыс қосылады.
Баламалы-циклдық сынақтар бағдарламасы бойынша қозғалтқышты сынау бастапқы тағайындалған ресурсты белгілеу үшін сол бір сынақ циклы мен баламалы-циклдық сынақтарды пайдаланып жүргізілуге тиіс.
Сынақтардан кейін әрбір қозғалтқышты бөлшектеу мен ақауларын табу жүргізілуге тиіс.
Бірінші күрделі жөндеуге дейінгі бастапқы ресурсты белгілеу жөніндегі сынақтар, егер оларды жүргізу кезінде роторлық бөлшектердің бұзылуы, сондай-ақ қауіпті зардаптармен істен шығуға алып келуі мүмкін пайдалану жағдайларында басқа негізгі бөлшектердің істен шығуы мен ақаулары болмаса, сәттілік ретінде жіктеледі.
120. Қозғалтқыштың ұшу сынақтарына қойылатын жалпы талаптар
815. Қозғалтқышты «ұшаққа орнатқанға дейін» сертификаттау кезінде ұшу сынақтары қанағаттанарлық жағдайда өтуге тиіс, олар мынадай тексерулерді қамтиды:
1) белгіленген режимдерде қозғалтқыштың жұмыс өлшемдері мен орнықтылығы;
2) ауыспалы процестер кезіндегі қозғалтқыштың сипаттамалары;
3) қозғалтқыштың оның қалыпты жұмысы мен істен шығу имитациясы кезіндегі реттеу мен басқару жүйелерінің сипаттамалары;
4) қозғалтқыштың іске қосу қасиеттері;
5) қозғалтқыш корпустары мен агрегаттарының тербеліс деңгейі;
6) қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйесінің жұмыс қабілеттілігі;
7) қозғалтқыштың кері қимылдайтын құрылғысының жұмыс қабілеттілігі және оның қозғалтқыштың жұмысына әсері;
8) турбинаны қызып кетуден сақтау жүйесінің жұмыс қабілеттілігі мен тиімділігі;
9) қозғалтқышты помпаж кезінде қорғау құралдарының жұмыс қабілеттілігі мен тиімділігі;
10) қозғалтқыш жұмысының суытатын сұйықтық оның компрессорына бүрку кезіндегі 6.5.6.10 сәйкес өлшемдері мен орнықтылығы;
11) қозғалтқыштың үлгілік пішіні бойынша ұшудағы жұмысы.
816. Мемлекеттік сынақтарға ұсынылған қозғалтқыштың үлгісінің конструкциясы мен негізгі деректерінің үлгісі бойынша толық сәйкес келетін қозғалтқыш сынақтарға тартылуы. Жоғарыда көрсетілген үлгіден айырмашылығы бар, тексерілетін сипаттамаға елеулі әсер етпейтін сол үлгінің басқа қозғалтқыштарында сынақтар жүргізілуі мүмкін.
817. Қозғалтқышқа сынақтар өткізу үшін (ұшатын зертханаларда) арнайы жабдықталған қозғалтқыш тағайындалған не сол үлгідегі ұшаққа, не басқа үлгідегі ұшаққа сынақтар орындауға рұқсат етіледі. Сонымен бірге сыналып отырған қозғалтқыш құрамына кіретін қуатты қондырғылар элементтерінің конструкциясы мен тұтастыру осы элементтерге (мысалы, біртекті емес деңгей және кіре берістегі ауаның толық қысымының ысырабы мен кіре берістегі отынның қысымы және температурасы, капот астындағы ортаның температурасы, агрегаттардың электрмен қоректену өлшемдері, ауа мен қуатты іріктеп алу шамасы) байланысты қозғалтқышты пайдалануда күтілетін талаптардың ұдайы өндірісін қамтамасыз етуге тиіс. Осы талаптарды жағдайларды имитаторларды қолдануға рұқсат етіледі.
121. Қозғалтқыштың ұшу сынақтары
818. Қозғалтқыштың белгіленген режимдердегі жұмысының өлшемдері мен орнықтылығын тексеру.
Қозғалтқыштың оны ұшуда пайдалану жағдайларында, қозғалтқыштың еңкіш тартуын және оның роторына гироскопиялық жүктеме жасайтын ұшу режимін қоса, режимдерде белгіленген тексеру:
1) қозғалтқыштың және оның техникалық құжаттамада берілген отын мен май жүйелері жұмысының орнықтылығы мен өлшемдерінің сәйкестігін;
2) пайдаланудағы қозғалтқыштың және оның конструкциясына кіретін қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу жүйелері агрегаттарының жұмысын бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігін көрсетуге тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшу сынақтарымен жүргізу қажет, ол кезде:
1) қозғалтқыштың және оның отын мен май жүйелерінің жердегі жағдайларда РП регламенттелген негізгі белгіленген режимдердегі және қозғалтқышты реттеу мен басқару бағдарламасы үшін тән басқа белгіленген режимдердегі жұмысының сипаты мен өлшемі;
2) қозғалтқыштың және оның отын мен май жүйелері жұмысының сипаты мен өлшемі мынадай ұшу жағдайларында:
ұшудың үлгілік кезеңдерінде (шарықтау, қозғалтқыштың крейсерлік режимдерін қолданып ең жоғары күтілетін биіктікті жинау, осы биіктікте крейсерлік ұшу, төмендеу, кенет төмендеу, қонуға кіру, қону, екінші айналымға шығу кезінде) қозғалтқыштың тиісті режимдері кезінде. Сынақтар қозғалтқышты пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес тангаж бойынша кеңістіктегі оның көлбеуінің барынша оң және теріс бұрыштар жасалған жағдайда, ұшу режимдерін қамтуға тиіс;
ұшақтың екпіндері мен тежегіштері кезінде (ұшатын зертхана) әртүрлі биіктіктерде деңгейлес ұшудағы қозғалтқыштың тиісінше ең жоғары режимдегі және газы аз ұшу режиміндегі жұмысы кезінде;
пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес келетін ұшу жылдамдығы диапазонын қамти отырып қозғалтқышты қолданудың әртүрлі биіктіктерде белгіленген деңгейлес ұшуы кезінде. Сонымен бірге қозғалтқыштың жұмысы РП регламенттелген негізгі белгіленген режимдерде және оның басқару мен реттеу бағдарламасына тән аралық режимдерде тексерілуге тиіс;
крен бойынша кеңістікте (оң және сол жағы) қозғалтқыштың барынша үлкен және шама мен іс-қимыл ұзақтығы бойынша ең жоғары көлбеуін (пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес) оның қалыпты және бүйірлік оң және теріс жүктелімін жасайтын "вираж", "сырғу", "горка" және т.б. үлгідегі ұшақтың маневрі кезінде (ұшатын зертхана). Сынақтар РП регламенттелген қозғалтқыштың негізгі режимдерін қамтуға тиіс;
3) оның конструкциясына кіретін, ұшуда пайдаланылатын қозғалтқыш жұмысын бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі;
4) оның конструкциясына кіретін, қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу жүйелері агрегаттарының жұмыс қабілеттілігі бағалануға тиіс.
Ескерту. 1. ТВҚ үшін газы аз жер режимінде ауа бұрамының қалақтарын орнатудың ең аз бұрышын таңдап алудың дұрыстығын тексеру кезінде де бағалануға тиіс.
2. Кері қимылдайтын құрылғымен жабдықталған қозғалтқыш жұмысын бағалау сынақтардың нәтижелерін ескеріп жүргізілуге тиіс.
Сынақтар кезінде (егер олар елеулі деп күтілсе) қозғалтқыш жұмысының сипаты мен өлшеміне мынадай факторлардың әсері бағалануға тиіс:
1) жердегі жел жағдайлары, атмосфералық ауаның температурасы мен қысымы;
2) ауаны тұтынушылар жекелеп және бір мезгілде қосу кезінде қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу. Бұл бағалауды жерде және деңгейлес белгіленген ұшудағы сынақтар кезінде орындау қажет.
819. Ауыспалы процестер кезінде қозғалтқыштың сипаттамаларын тексеру.
Ауыспалы процестер кезінде қозғалтқышты оны ұшуда пайдалану жағдайларында тексеру:
1) қозғалтқыш жұмысының және техникалық құжаттамада берілген отын және май жүйелерінің басқарымдылығын, орнықтылығы мен өлшемдерінің сәйкестігін;
2) екінші айналымға шығу жағдайларында газы аз ұшу мен газы аз жердегі мүмкіндік уақытының техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін;
3) пайдаланудағы қозғалтқыш жұмысын бақылау құралдары мен оның конструкциясына кіретін, қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу жүйесі агрегаттарының жұмыс қабілеттілігін көрсетуге тиіс.
Тексеру жердегі және ұшу сынақтарымен жүргізілуге тиіс, ол кезде мыналар бағаланады:
1) жердегі жағдайлардағы жұмыс кезінде, сондай-ақ ұшақты рульдеу (ұшатын зертхана) кезінде режимдердің барлық рұқсат етілген диапазонында әртүрлі қарқынмен РУД тікелей, кері және қарама-қарсы орнын ауыстырған кезде қозғалтқыштың және отын мен май жүйелері жұмысының сипаты мен өлшемдері;
2) пайдалану жағдайларында күтілетіндерге сәйкес келетін ұшудың биіктігі мен жылдамдық диапазонын қамтитын деңгейлес ұшуда режимдердің барлық рұқсат етілген диапазонында әртүрлі қарқынмен РУД тікелей, кері және қарама-қарсы ауыстыру кезінде, сондай-ақ ұшудың жарамды кезеңінен басқа кезеңге үлгілік маневрлер, оның ішінде ұшақтың (ұшатын зертхананың) қонуға кірер кезеңдегі екінші айналымға өту процесінде туындайтын ауыспалы процестер кезінде қозғалтқыштың және отын мен май жүйелері жұмысының сипаты мен өлшемдері;
3) оның конструкциясына кіретін, ұшуда пайдаланылатын қозғалтқыштың жұмысын бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі;
4) оның конструкциясына кіретін, қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу жүйесі агрегаттарының жұмыс қабілеттілігі.
Сынақтар кезінде екінші айналымға шығу жағдайларында, сондай-ақ газдинамикалық қорлар бойынша қозғалтқыштың орнықтылығы дағдарысты деп танылған ұшу жағдайларында қозғалтқыш жұмысының мүмкіндігі мен орнықтылығына мынадай факторлардың әсері (егер ол елеулі күтілетін болса) бағалануы тиіс:
1) атмосфералық ауаның температурасы мен қысымы;
2) қозғалтқыштың бастапқы режимі;
3) қозғалтқыштың бастапқы режимдегі жылу жағдайы;
4) ауыспалы процестерді айқындайтын реттегіштер элементтерін реттеудің техникалық жағдайлары шегіндегі өзгерісі;
5) ауа тұтынушылардың жекелей және бір мезгілде қосу кезіндегі қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу.
819. Қозғалтқыштың қалыпты жұмысы мен істен шығу имитациялар кезіндегі оны реттеу мен басқару жүйелерінің сипаттамаларын тексеру.
Қозғалтқышты ұшуда пайдалану жағдайларында тексеру жүйесінің жұмыс қабілеттілігінің сәйкестігін және қозғалтқышты онымен реттеу және басқару мен басқа жүйенің ұшу-пайдалану сипаттамалары жүйесі сапасының техникалық құжаттамада берілген талаптарға сәйкестігін көрсетуге тиіс.
Тексеру жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізілуі қажет, ол кезде мыналар бағалануы тиіс:
1) өзгертілмеген РУД жағдайында реттеудің фунқционалдық кіші жүйелерінің әрқайсысының жұмыс аймағындағы қозғалтқыштың реттелетін және шектелетін өлшемдерін қолдаудың орнықтылығы мен дәлдігі;
2) қозғалтқыштағы осы процестер кезінде қозғалтқыштың реттелетін және шектелетін өлшемдерінің ең жоғары шамасы мен ауытқу ұзақтығы тексерілетін ауыспалы процестердің басқару мен реттеу бағдарламаларында берілген өлшемдерін қолдаудың орнықтылығы мен дәлдігі;
3) тәсілдеу үшін резервтік кіші жүйелерді реттеуге автоматты түрде немесе қолымен қосу көзделген реттеудің негізгі кіші жүйелерінің істен шығу имитациясы кезіндегі қозғалтқыштың ауыспалы процестері мен одан кейінгі жұмыстарының сипаты мен өлшемдері;
4) ұшақтың басқа функционалдық жүйелеріне әсер ету кезінде және қызмет көрсетудің жердегі құралдарына, мысалы, электр қорегі өлшемдерінің ауытқуы, электр магниттік сәуле шығарудың қуатты көздерін қосу кезінде, электрондық блоктар жүйелерінің кедергіден қорғалуы;
5) осы жүйенің (қозғалтқыштың) конструкциясына кіретін пайдаланудағы жүйелерді өздігінен бақылайтын және оның жұмысын бақылаудың қолда бар құрылғыларының жұмыс қабілеттілігі.
Сынақтар кезінде жүйелер сипатына мынадай факторлардың әсері (егер ол елеулі түрде күтілсе) бағалануға тиіс:
1) функционалдық кіші жүйелердің әрқайсысының жұмыс саласындағы ұшудың биіктігі мен жылдамдық өзгерісі;
2) қозғалтқыштың кеңістіктегі көлбеулері мен ұшудың (сатылас жылдамдық, жүктелімдер) динамикалық факторлары;
3) реттегіштердің жұмыс сұйықтығының температурасы;
4) реттеу агрегаттарының қоршаған ортаның температурасы;
5) қозғалтқыштан ауаны іріктеп алу.
820. Қозғалтқыштың іске қосу қасиеттерін тексеру.
Қозғалтқышты ұшуда пайдалану жағдайларында тексеру және техникалық құжаттамада берілген жерде қозғалтқышты суықтай және ыстықтай іске қосу және пайдаланудың күтілетін жағдайларында ұшуда іске қосудың 6.3.6 талаптарына сәйкес өрттен қауіпсіздікті және қамтамасыз етілгендікті көрсетуге тиіс.
Тексеру жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізілуі қажет, ол кезде мыналар бағалануы тиіс:
1) қозғалтқышты жерде суықтай және ыстықтай іске қосу кезде іске қосудың өлшемдері мен жүйелері;
2) қозғалтқыштың өлшемдері және РП көзделген жағдайлардағы іске қосу құрылғысымен қозғалтқышты бұрай отырып, авторотация режимінен ұшуда оны іске қосу кезінде іске қосу жүйесі;
3) қозғалтқышты іске қосу кезінде, оның ішінде РП-ға сәйкес орындалатын қайталама іске қосулар кезінде ұшақты пайдаланудың өрт қауіпсіздігі.
Сынақтар кезінде қозғалтқыштың іске қосу қасиетіне мынадай факторлардың әсері бағалануға тиіс:
1) жерде іске қосу кезінде жел жағдайлары, атмосфералық ауаның температурасы мен қысымы;
2) қозғалтқышты ажыратып тастау сәттері мен оны кейіннен іске қосудың басы арасындағы үзілістік ұзақтығы;
3) техникалық жағдайлармен рұқсат етілетін іске қосу кезінде қозғалтқышты басқару және реттеу аппаратурасын реттеудегі және іске қосу құрылғысының энергиямен қоректену өлшемдерінің ауытқулары.
821. Қозғалтқыштың корпустары мен агрегаттарының тербеліс деңгейін тексеру.
Тексеру текшелік жағдайлардағы тербелістер деңгейімен салыстырғанда оны ұшуда пайдаланудың күтілетін жағдайларында қозғалтқыштың корпустары мен агрегаттарының тербелістерін рұқсат берілмеген көбейтудің болмауын белгілеуге және тербелістер деңгейінің Нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігін көрсетуге, сондай-ақ қозғалтқыштың тербелісін бақылайтын борттық жүйенің жұмыс қабілеттілігін көрсетуге тиіс.
Тексеру жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізілуі қажет, ол кезде мыналар бағалануға тиіс:
1) қозғалтқыш тексерілетін жағдайлар мен режимдерде қозғалтқыш корпустары мен агрегаттарының тербеліс сипаты мен деңгейі;
2) қозғалтқыштың бақылау тербелісінің борттық жүйесінің жұмыс қабілеттілігі, жарамды қозғалтқыштың қалыпты жұмысы кезіндегі осы өлшемнің ауытқуларының орнын толтыру үшін талап етілетін, ең жоғары тербеліс деңгейінің авариялық белгі бергіштің жұмыс істеу өлшемі бойынша қорының жеткіліктілігі.