Осьтік күшті өлшеу мүмкін болмаған жағдайда, оларды тиісті қысымдарды өлшеу негізіндегі есептік айқындауға жол беріледі.
Қозғалтқыштың 150-сағаттық сынақтары олардан бөлінетін жылу мен майлауды бұру үшін, қозғалтқыштың ақауы кезінде подшивниктердің жай-күйі бойынша бағаланатын ротордың тірек подшивниктері арқылы майды айдаудың жеткіліктілігі тексерілуге тиіс.
783. Қозғалтқыштың бақылау жарамдылығы деңгейін тексеру. Қозғалтқыштың бақылау жарамдылығы деңгейін тексеру:
1) тиісті жобалық құжаттаманы талдау жолымен;
2) қозғалтқышта орнатылған, бақылау құралдарының жұмысы туралы деректерді қамтитын материалдарды талдау жолымен жүргізілуге тиіс.
Ескерту. Қозғалтқышта орнатылған, бақылау құралдарын тексеру 150-сағаттық текшелік сынақтар бағдарламасында қамтылуға тиіс.
Бақылау жарамдылық деңгейін тексеру кезінде:
1) қозғалтқыштың бақылау жарамдылығы бойынша техникалық Құжаттаманың толықтығы;
2) бақылау үшін өлшемдерді таңдаудың дұрыстығы және қозғалтқыштың тиісті бақылау құралдарымен қамтамасыз етілгендігі;
3) қозғалтқыштың бақылау жарамдылығын бақылау жөніндегі сындарлы іс-шаралардың тиімділігі;
4) қозғалтқышқа орналастырған датчиктер мен басқа бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі мен сенімділігі;
5) жердегі бақылау құралдарының қозғалтқыштағы тиісті бақылау құралдарымен (пайдаланылған түйісу элементтері, кабельдері, тасымалдағыштары және т.б.) бойынша жанасымдылығы бағалануға тиіс.
Қозғалтқышта орналастырылған бақылау құралдары, егер олар:
1) қозғалтқыштың пайдаланудағы жұмысын сенімді бақылауды;
2) олардың туындауы мен дамуының ерте кезеңіндегі ақаулығын анықтауды;
3) "техникалық жай-күйі бойынша" пайдалануға қажетті қозғалтқыш жүйелерінің жонылған бөлігі мен жұмыс жағдайы туралы ақпарат алуды қамтамасыз етсе, қанағаттанарлық деп танылады.
Ескерту. Бақылаудың кешенді жүйелерімен жабдықталған ұшақта пайдалануға арналған қозғалтқыштар, бақылау құралдарының қанағаттанғандығын бағалау үшін текшелік аппараттармен сынақтар өткізу кезінде жүргізілуі мүмкін.
118. 150 сағаттық текшелік сынақтар
784. Қозғалтқыш баяндалған бағдарлама бойынша 150 сағаттық текшелік сынақтардан, оны ұшуға пайдаланудың сенімділігі мен жарамдылығын тексеру үшін жалпы талаптарды орындаумен қанағаттанғандық түрде өтуге тиіс.
Қозғалтқышта конструкциядағы, реттеу схемасындағы, сипаттамалардағы және қолдану жағдайларындағы, атап айтқанда, жергілікті әуе желілерінің ұшақтарына арналған (ЖӘЖ) ерекшеліктер болған жағдайда, сынақ бағдарламасы өзгеруі мүмкін.
785. 150 сағаттық сынақтар бөлігі болып табылатын мынадай дайындық жұмыстары жүргізілуге тиіс:
1) қозғалтқышты бөлшектеу;
2) қозғалтқыш бөлшектерін және оның агрегаттарын (дайын бұйым ретінде жеткізілген агрегаттар сынақтар алдында бөлшектенбейді) қарап шығу;
3) қозғалтқыш бөлшектердің микрометриялық өлшеуді арнайы бақылау және бөлшектердің техникалық құжаттамаға сәйкестігін тексеру;
4) агрегаттардың жұмыстарын және олардың сипаттамаларын тексеру.
Ескерту. 150 сағаттық сынақтарға ұсынылған қозғалтқышқа арналған барлық агрегаттар бағдарламада белгіленген көлемде олардың сипаттамаларын айқындау арқылы сыналуы тиіс;
5) 150 сағаттық сынақтарға арналған қозғалтқышты жинау.
Сынақ текшелеріне, жабдықтарға және олардың талаптарына ұсынылып отырған бақылау-өлшеу құралдарына сәйкестігін растайтын материалдар ұсынылуы тиіс.
786. 150 сағаттық сынақтар алдында:
1) қозғалтқыштың (гидротежегіші бар текшедегі ТВҚ үшін) техникалық жағдайларына сәйкес қозғалтқыштың тапсыру және бақылау сынақтары;
2) қозғалтқыштың іске қосу қасиеттерін пайдаланудың күтілетін жағдайларында қолданылатын немесе оларға энергетикалық сипаттамалары бойынша тең қоректену көздерімен және басқа да қоректендіру көздерінің қуатымен іске қосу құрылғыларынан екі-үш қалыпты іске қосуды бақылап тексеру;
3) қозғалтқыштың дроссельдік сипаттамаларын айқындау өткізілуі тиіс.
787. Қозғалтқыштың сипаттамаларын айқындау кезінде және 150 сағаттық сынақтар процесінде қозғалтқыштың негізгі деректері мен өлшемдерін өлшеу мынадай талаптарды сақтау арқылы жүргізілуге тиіс:
1) қозғалтқыштың негізгі деректері мен өлшемдері оның конструкциясына кіретін штуцерлерді, датчиктерді және т.б. пайдаланып, өлшенуге тиіс;
2) қозғалтқыштың сипаттамаларын айқындау кезінде ұшақ агрегаттарын жүктемелеу мен ұшақ пен қозғалтқыштың жүйелері үшін ауаны іріктеп алу, егер бұл сынақтың арнайы мақсаты болып табылмаса өткізу қажет емес;
3) қозғалтқыштың негізгі деректері мен өлшемдерін өзгерту сипаттамалары жердегі аз газдан шарықтауға дейінгі режимдердің диапазонында бағалануға тиіс.
Қозғалтқышты берілген режимде ұстау уақыты барлық бақыланатын өлшемдердің тұрақты сипатын қамтамасыз ететін уақыттан кем болмауға тиіс. Осы уақыттың шамасы эксперименттік жолмен бағаланады және техникалық құжаттамаға енгізіледі.
Сипаттамадағы айналу жиілігі кеміген жағдайда, кем дегенде жеті нүкте, айналу жиілігі өскен жағдайда - бес нүкте алынуға тиіс.
788. 150 сағаттық сынақтарды бастау алдында және олар аяқталғаннан кейін:
1) техникалық құжаттамада берілген режимдерде және майдың берілген температурасы кезінде май айдауды өлшеу және майға жылу беруді айқындау. Қозғалтқышта отынмай жылу айырбастаушы болған жағдайда, жылу айырбастағыштың текшелік жүйесіне қосуға рұқсат етіледі;
2) қозғалтқыштың аз газды режиміндегі уақыттың осы режимі үшін техникалық құжаттамада ең жоғары мәлімделген уақыт ішінде үздіксіз жұмысын бақылап тексеру;
3) қозғалтқыштағы (6.4.6) авариялық қорғау, белгілі беру және диагностикалық құрылғылар жүйелерінің жұмыс істеу дайындығын тексеру;
4) жұмыс істеп тұрған ТВҚ-ның автоматтық және қолмен флюгирлеу жүйелерін әрбір жүйеден флюгирлік жағдайға әуе бұрамын үш мәрте енгізу жолымен тексеру орындалуға тиіс.
789. Егер сипаттамаларды айқындау кезінде қозғалтқышқа кіреберістегі ауа температурасы 15оС-қа тең және одан кем болған жағдайда, онда ең жоғары өлшенген айналу жиілігі қабылданған қозғалтқышты реттеу заңына сәйкес ең жоғары айналу жиілігіне қарағанда кем болмауға тиіс.
Егер сипаттамаларды айқындау кезінде қозғалтқышқа кіреберістегі ауаның температурасы 15оС-тан жоғары болса, онда ең жоғары өлшенген айналу жиілігі
______
neci = n0V T*AO ,
288,15
тең болуға тиіс.
мұндағы»no - t*АО =15оС ең жоғары режимі кезіндегі айналу жиілігі;
Т*АО - қозғалтқышқа (К) кіре берістегі ауаның өлшенген температурасы.
Егер осы формула бойынша анықталған ең жоғары өлшенген айналу жиілігі қозғалтқыштың беріктік талаптары бойынша жол бермеу, онда оның шамасының сипаттамаларын алу кезінде ең жоғары жол берілген айналу жиілігінен кем болмауға тиіс.
Сипаттамаларды айқындау кезінде өлшенген айналу жиілігінің ең жоғары жол берілген мәніне жету үшін айналу жиілігінің реттегішін жолға қоюды өзгертуге рұқсат етіледі.
790. Тежегіш құрылғысы бар текшеде тұрақты айналу жиілігі жағдайында ТВҚ сипаттамасын айқындау кезінде, тұрақты айналу жиілігі кезінде сипаттама тежегіш қуаты отын шығысына тәуелді түрде алынады.
791. 150 сағаттық сынақтар 6.2-кестенің деректеріне сәйкес жалпы ұзақтық режимдерінен тұруға тиіс.
792. 150 сағаттық сынақтар алты сағаттық кезеңдердің 25-інде өткізілуге тиіс. Әрбір кезең (өз кезегімен 1-ден бастап 25-ке дейін нөмірленген) әдеттегідей, өткізілуге және 6.3-кестесінде көрсетілген бөліктерден тұруға тиіс.
Ескерту. Тұрақты айналу жиілігі кезінде жұмыс істейтін қозғалтқыш үшін, 150 сағаттық сынақтардың 4-кезеңінің бөлігінде тартқыш (қуат) сатылы өзгеруі мүмкін.
793. ТВҚ үлгісі мен конструкциясы әуе бұрамына сәйкес келетін, олар пайдаланылатын әуе бұрамымен бірге 150 сағаттық сынақтардан өтуге тиіс.
13-кесте
Жұмыс режимі | Сағат-мин істелген жұмыс, сынамалар саны |
Шарықтау | 18-45 |
Ең жоғарғы ұзақ | 45-00 |
Жердегі аз газбен ең жоғарғы ұзақ режимінің арасындағы аз газ режимімен ең көп ұзақ режимінің арасындағы аралықтар айналу жиілігі бойынша мөлшермен бірдей белгіленген режимдер жұмысы 15-тен кем емес | 62-30 |
Ауыспалы процестер (қолайлылық, газ тастандысы және басқа) мен жердегі аз газ | 23-45 |
Қолайлылық сынамасы | 300 |
Іске қосу сынамасы | 100 |
Кері қозғалатын тартым сынамасы | 200 |
14-кесте
| Бөлік сағат-мин кезең бөлігінің ұзақтығы | Жұмыс жағдайлары |
1 | 1-00 | Алты 10 минуттік циклдер, оның әрқайсысы: а) қолайлылықты немесе ұшуы аз газды тексеру режимінің қолайлылық сынамасынан; б) шарықтау режиміндегі 5 минуттық жұмыстан; в) газды жердегі аз газ режиміне дейін тастаудан тұрады; г) қалған уақыты жердегі аз газ немесе ұшудың аз газы (таңдау бойынша) режимдерінде жұмыспен өтеледі. |
2 | 0-30 | 1, 3, 4, 6, 8, 9, 11, 13, 14, 16, 18, 19, 21, 23 және 24 кезеңдерде - ең жоғары ұзақ режим; 2, 5, 7, 10, 12, 15, 17, 20, 22 және 25 кезеңдерде - шарықтау режимі. |
3 | 1-30 | Ең жоғары ұзақ режим. |
4 | 2-30 | Жердегі аз газбен ең жоғарғы ұзақ режимінің арасындағы аз газ режимімен ең көп ұзақ режимінің арасындағы аралықтар айналу жиілігі бойынша мөлшермен бірдей белгіленген режимдер жұмысы 15-тен кем емес. |
5 | 0-30 | Алты 5-минуттық циклдер, олардың әрқайсысы: а) жердегі, аз газ режимінің қолайлы сынамынан; б) шарықтау режиміндегі 30 жұмыстан; в) газдың жердегі аз газ режимінен режиміне дейін тасталудан тұрады; г) қалған уақыт жердегі аз газ режимінде жұмыспен өтеледі. |
794. 150 сағаттық сынақтар процесінде өлшемдерді өлшеу:
1) ұзақтығы 10 минуттан кем режимдер үшін - осы режимдегі соңғы 2 минуттық жұмысты бір өлшеу;
2) ұзақтығы 10 минуттан астам режимдер үшін - бірінші өлшеу осы режимдегі қозғалтқыш жұмысын 8-10 мин арқылы орындау, ал қалған өлшемдер - режим соңында немесе осы режимдегі қозғалтқыш жұмысының әрбір 15 минуты сайын жүргізілуге тиіс.
795. Егер кезеңдердің кез келген жұмыспен өтеу уақытында қозғалтқыш тоқтатылады, онда осы кезең, егер бұл қажет деп танылса, қайталануға тиіс.
Ескерту. Егер қозғалтқышты тоқтатқанда, ұшақ агрегатының немесе текшелік жабдықтың істен шығуын тудырса, онда үзілген кезең істен шығу жойылғаннан кейін ұзартылуы мүмкін.
796. Ауыспалы. 1 процестер кезінде (газдың мүмкіндігі мен тасталуы) қозғалтқыш жұмысын тексеру.
Қозғалтқыш жұмысы:
1) жердегі аз газ режимінен шарықтау режиміне дейін газ тастандысын айдау кезінде;
2) мүмкін тексеріс режимінен немесе ұшудағы аз газдан шарықтау режиміне және газ тастандысына дейін екпіндеу кезінде тексерілуге тиіс.
Мүмкіндікті тиісті мүмкіндігі тексерілетін режимінің ережесінен РУД ауыстыруды бастау сәтінен қозғалтқыштың шарықтау тартқыштың (қуатының) 95% сәйкес келетін айналу жиілігіне жету сәтіне дейінгі уақыт аралығы ретінде анықтаған жөн.
Мүмкіндікті және газ тастандысын тексеруді орындау кезіндегі РУД-ы бір соңғы жағдайдан екіншісіне бір секундтан аспайтын мерзім ішінде орнын ауыстыруға тиіс. ТВҚ үшін мүмкіндікті РУД-ты бастапқы режимінен шарықтау қуатының 95% сәйкес келетін отын қысымының шамасына жеткен сәтке дейінгі уақыт аралығы ретінде анықталады.
ТРД-та газ жинаудың ұзақтығын РУД жылжыта бастаған сәттен шарықтау режиміне сәйкес келетін жағдайдан жердегі аз газ режимінде тартымды 10% арттыратын тартымға қол жеткізген сәтке дейінгі аралық уақыт ретінде айқындаған жөн.
Кері қимылдайтын құрылғымен жабдықталған қозғалтқыштарда кері қимылдайтын тартым кезінде мүмкіндігі тексерілуге тиіс. Бұл үшін:
1) жердегі аз газ режимінде (немесе соған жақын режимде) жұмыс істейтін қозғалтқыштың РУД кері қимылдайтын құрылғыны кері қимылдайтын тартым жағдайына қайта салу белгісін алғаннан кейін дереу тиісті ең жоғары кері қимылдайтын тартым жағдайына бір минуттан аспайтын мерзім ішінде жүргізген жөн. РУД араластыра бастаған сәттен ең жоғары 95% кері қимылдайтын тартымға қол жеткізген сәтке дейінгі уақыт аралығы техникалық құжаттамада көрсетілген мәннен аспауға тиіс;
2) белгіленген шарықтау режимінен кері қимылдайтын құрылғыны қозғалтқыш ең жоғарғы кері қимылдайтын тартым режиміне қосқан және ауыстырған жөн.
Кері қимылдайтын құрылғыны бір соңғы жағдайдан екіншісіне қайта салудың ұзақтығы техникалық құжаттамада көрсетілген уақытқа сәйкес келуге тиіс.
Қабылдағыш сынамасы немесе газ тастандысы алдында қозғалтқыш тиісті бастапқы режимде айналу жиілігі мен газ температурасының тұрақты мәнін алғанға дейін шыдауы тиіс.
Қабылдағыштығын және газдың тасталуын тексеру кезінде мыналарды:
1) қабылдағыш уақытын немесе газдың тасталуын;
2) газ температурасы екпін барысындағы регламенттелген мәндерін арттыру шамасын немесе газдың тасталуы кезінде турбокомпрессордың (еркін турбинаның) роторы айналу жиілігінің сәтсіздігінің шамасын тіркеген жөн.
Айналу жиілігін, кері қимылдайтын құрылғының жағдайы мен газ температурасын өлшейтін құралдардың көрсеткіш мүмкіндігі сынаманың алдындағы бастапқы режимде және қабылдағышты тікелей орындағаннан кейін қозғалтқыштың ең жоғары айналу жиілігі кезінде тіркелуге тиіс.
150 сағаттық сынақтар ішінде аз газды жер режимінен қабылдағыш 150 сынама және мүмкіндігін тексеру немесе ұшудың аз газды режимінен мүмкіндіктің 150 сынамасы жүргізілуге тиіс. Егер 6.3-кестенің 1-бөлігінде көзделген мүмкіндік сынамасы аз газды ұшу режимінен өткізілсе, онда регламенттелген мүмкіндік сынамдардың саны 105 сағаттық сынақтар бағдарламасында қосымша белгіленуге тиіс.
Ауа мен қуат алудың регламенттелген мүмкіндігін тексеру кезінде ол қозғалтқыштың мұқтажы үшін ғана жүргізілуге тиіс. Қабылдағыш сынамдарынан кейін дроссельдеу немесе берілген режимдерге өту кезінде газды тастандысының орындалуы мүмкін. Қабылдағышты және газдың тасталуын тексерген кезде қозғалтқыш жұмысының (қалқымалы, үзікті, алаулы және т.б.) сипатын атап өту қажет.
Қозғалтқышта ауаны (газды) іріктеп алу болған жағдайда, мұндай іріктеудің мүмкіндігінің әсері іріктеп алудың ең жоғары шамасы кезінде, сондай-ақ ұшақты пайдалану кезінде қажетті болатын іріктеп алудың әртүрлі шамалары кезінде анықталуға тиіс.
Ескерту. 1. Іріктеп алудың әсері сынақтардың бірінші кезеңінің басталар алдында және соңғы кезеңнің аяғында анықталуға тиіс.
2. Ең жоғары іріктеп алудың әсері 150 сағаттық сынақтарға ұсынылатын қозғалтқышта белгіленуге тиіс. Іріктеп алудың басқа шамаларының әсері қозғалтқыштың басқа даналарында анықталуы мүмкін.
3. Ауаны (газды) ең жоғары іріктеп алу және қозғалтқышқа кіре берістегі майдың ең төмен температурасы кезінде 10 мүмкіндік орындалуға тиіс.
797. Ағаттық сынақтар ішінде қозғалтқышты 100, олардың 25-сі суықтай, 10 ыстықтай және 10 жалған іске қосу орындалуы қажет. Іске қосулар кезеңдер арасында мөлшермен теңдей арақашықтықтар арқылы, сондай-ақ 150 сағаттық сынақтар басталар алдында және аяқталғаннан кейін жүргізілуге тиіс. Қозғалтқыштың аз газды жер режиміне шығу уақыты тіркелуге тиіс.
798. 150 сағаттық сынақтардың барлық кезеңдері мәлімделген қысымға сәйкес келетін майдың қысымы кезінде өткізілуге тиіс. Бір кезең (мысалы, 22) мәлімделген ең жоғары ұзақтық режимінде қозғалтқышқа кіреберістегі майдың ең төмен қысымы кезінде орындалуға тиіс.
799. Ықтау және ең жоғары ұзақтық режимдеріндегі қозғалтқыштың 150-сағаттық сынақтардың барлық кезеңдеріндегі істеген жұмысы осы режимдерге арналған техникалық құжаттамада көзделген ең жоғары енетін майдың температуралары кезінде, егер өзгедей келісім болмаса, жүзеге асырылуға тиіс. Майдың ең жоғары температурасына жету және ұстап тұру әдістері сынақтардың бағдарламасында көрсетілуге тиіс.
800. 150 сағаттық сынақтар алдына әрбір 50 сағаттық сынақтар арқылы және олар аяқталғаннан кейін, сондай-ақ сынақ барысында майды жаңасына ауыстыру жағдайында оның физикалық-химиялық көрсеткіштерін бағалау үшін май жүйесінен майдың толық талдауы жүргізілуге тиіс. Ішінара талдау үшін (тетіктік қоспалар құрамын және ылғалдылықты, тұтану температурасын), сондай-ақ металдар құрамын талдау үшін майдың сынамаларын іріктеп алу сынақтардың әрбір 20-25 сағаты арқылы жүргізілуге тиіс.
Отынды толық талдау оның физикалық-химиялық көрсеткіштерін бағалау үшін 150-сағаттық сынақтар алдында, сынақтардың 100 сағат арқылы және олар аяқталғаннан кейін, сондай-ақ сынақтар барысында отынның жаңа партиясы түскен жағдайда, өткізілуге тиіс.
801. Іріктеп алынған ауасы бар қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін тексеру жөніндегі сынақтар.
Қозғалтқыштың сипатын алдын ала анықтау кезінде (150 сағаттық сынақтар басталғанға дейін) әрбір жеке қосылған іріктеу кезіндегі сипаттамасы және ауаның (газдың) барлық қосылған іріктеулері сипаттамасының біреуі алынуға тиіс.
Ескерту. Осы сипаттамаларды қозғалтқыштың басқа данасында анықтауға рұқсат етіледі.
802. Ауа ұшақтың және қозғалтқыштың мұқтажына іріктеп алынған қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін тексеру мыналарды ескере отырып, жүргізілуге тиіс:
1) қозғалтқыштың ПОС 150-сағаттық сынақтардың барлық ұзақтығының кем дегенде 25%-ы ішінде, олардың 2-3%-ы - шарықтау режиміне, 8-9%-ы - ең жоғары ұзақтығы режиміне, П-12%-ы - аралық режимдерге және 2-4%-ы - газы аз режимге қосылуға тиіс. Уақыттың осындай кезеңдерінің ішінде ұшақтың ПОС үшін, шарықтау режимінен басқа, егер ұшақ ПОС үшін ауаны іріктеп алу осы режимде жүргізілмесе, ауаны іріктеп алу жүргізілуге тиіс;
2) 3, 7, 9, 13, 17, 19 және 23 кезеңдердегі істелген жұмыс іріктеп алу көзделген жұмыс режимдеріндегі ауаны іріктеп алудың қосылған құрылғыларымен орындалуға тиіс.
803. Ұшақтың ПОС үшін және басқа ұшақтың мұқтаждары үшін компрессордан іріктеп алынған ауаның саны ең жоғары ұзақтық режимінде реттелуге тиіс. Егер сынақтар бағдарламасында өзгеше белгіленбесе, онда басқа режимдерде ауаның шығысын реттеу жүргізілмеуі мүмкін. Дроссельденген шайба арқылы ұшақ жүйелері үшін ауаны іріктеп алу штуцері атмосферадан хабарлануға тиіс.
804. Ауаны іріктеп алу агрегаттарының жұмыс істеуін тексеруді 150-сағаттық сынақтардың 3, 7, 9, 13, 17, 19 және 23-кезеңдерінің аяғында жүргізген жөн. Сонымен бірге, қозғалтқыш роторының (роторларының) айналу жиілігі, қажет болған жағдайда, іріктеп алуды қосқан кезде газдың ең жоғары температурасын оның рұқсат етілген мәнінен тыс арттыруды болдырмайтындай төмендеуі мүмкін.
805. Ұшақ кабиналарын үрлеуге арналған ауаны іріктеп алу қозғалтқыштың барлық 150 сағаттық сынақтары ішінде жүргізілуге тиіс.
806. Компрессордан ұшақ кабиналарын үрлеуге және желдетуге арналған кондиционерлеу жүйесіне іріктеп алынған ауаны талдау 150-сағаттық сынақтардың басында және 7, 13, 17 және 25 кезеңдердің аяғында жүргізілуге тиіс. Талдау нәтижелері ауаның пайдалануға жарамдылығын растауға тиісті.
807. Суыту сұйықтығын бүрку кезінде қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін тексеру бойынша сынау.
Шарықтау режиміндегі суыту сұйықтығын бүрку көзделген қозғалтқыштың 150 сағаттық сынақтар бағдарламасына өзгерістер енгізілуге тиіс. Егер шарықтау режиміндегі суыту сұйықтығын пайдалану тәсілінің көрсетілгеннен айырмашылығы бар болса, онда тиісті өзгерісті сынақтар бағдарламасына енгізу қажет.
Ескерту. Сипатты анықтау кіре берістегі қажетті ауа температуралары болмаған жағдайда және суыту сұйықтығын бүрку сынағы 150 сағаттық сынақтарға ұсынылған басқа сондай қозғалтқышта жүргізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда 150 сағаттық сынақтан өткен қозғалтқышта суыту сұйықтығын бүрку арқылы сынақтарға дейін және кейін негізгі деректерді ғана анықтаған жөн.
Атмосфералық ауаның жоғары температурасы кезінде қозғалтқыштың шарықтау деректерін сақтау мақсатында шарықтау режиміндегі суытатын сұйықтықты бүрікпестен айналу жиілігінен немесе газ температурасынан көп ротордың айналу жиілігінің мәндері немесе турбина алдындағы газдың температурасы кезінде жүргізілуге тиіс.
150-сағаттық сынақтар бағдарламасына мынадай өзгерістер енгізілуге тиіс:
1) қозғалтқыштың сипаттамаларын анықтау жөнінде 150-сағаттық сынақтарға дейін және кейін сынау қозғалтқышқа кіреберістегі ауаның температурасы (3.1.11) теңіз деңгейінің аса жоғары температурасына тең жағдайда, суытатын сұйықтықты бүркуді қолдану көзделетін жағдайда, суытатын сұйықтықты бүрку сипаттамаларын анықтаумен толықтырылуы тиіс;
2) 2, 8, 12, 18 және 22-кезеңдердің бірінші бөлігінде шарықтау режиміндегі қозғалтқыш жұмысының 5 минуттық кезеңдері ішінде суытатын сұйықтықтың ең жоғары санын бүріккен, қажет болған жағдайда, ең жоғары шарықтау тартымының (қуатының) артуын болдырмайтындай шамаға дейін отын шығысын шектеген жөн;
3) 4, 9, 14, 19 және 24-кезеңдерінің бірінші бөлігіндегі суытатын сұйықтық бүркілген сынақты қозғалтқыштың кіре берісіндегі ауаның температурасы теңіз деңгейінің ең жоғары температурасына тең жағдайда өткізген жөн, шарықтау режиміндегі қозғалтқыш жұмысының 5 минуттық кезеңінде суытатын сұйықтықты бүркуді қолдану көзделетін жағдайда, турбина алдындағы газ температурасының ең жоғары мәні кезінде суытатын сұйықтықты бүркумен орындалуға тиіс.
Істелген жұмыстың осы кезеңіндегі ТВҚ үшін 150 сағаттық сынақтарға дейін немесе аяқталғаннан кейін тежегіш құрылғымен текшеде орындалуы мүмкін. Мұндай жағдайда, редуктордың таяныш подшивнигінің тиісті дәрежедегі жүктемесін қамтамасыз ету үшін әуе бұрамына сәйкес келетін шарықтау режиміне қосымша 2,5 сағаттық сынақ жүргізілуге тиіс. Осы сынақ 150-сағаттық сынақтар кезеңінің (6.3-кесте) үшінші бөлігінде немесе басқа қозғалтқышта көзделген, егер оған сол редуктор орнатылған болса, сынақпен бірге жүргізілуі мүмкін.
Редуктордың тірек подшивнигінің жұмыс қабілеттілігін бағалау қамтылмаған сынақтар жағдайында 2,5-сағаттық қосымша сынақ жүргізілмеуі мүмкін.
Егер РП шарықтау тартымын (қуатын) үдету мақсатында СА жағдайларында суытатын сұйықтықты бүркуді көздесе, онда 150 сағаттық сынақтар бағдарламасына мынадай өзгерістер енгізілуге тиіс:
1) қозғалтқыштың сипаттамасын айқындау 150-сағаттық сынақтарға дейін және одан кейін суытатын сұйықтықты бүркумен оның сипаттамаларын анықтаумен толықтырылуға тиіс;
2) 150 сағаттық сынақтардың әрбір кезеңінің бірінші бөлігі шарықтау режимінде және бағдарламамен белгіленген мүмкіндік сынамаларында суытатын сұйықтықты бүркумен жүргізілуге тиіс.
808. Кері қимылдайтын құрылғылы қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін тексеру бойынша сынау.
Кері қимылдайтын құрылғылы қозғалтқышты 150-сағаттық сынақтарға дайындау жүргізілуге тиіс. 150-сағаттық сынақтар басталғанға дейін кері қимылдайтын құрылғы қолдану көзделген қозғалтқыштың пайдалану режимдері саласындағы кері қимылдайтын тартымы бар қозғалтқыштың сипаттамасы анықталуға тиіс.
Қабылданған басқару жүйесі бар кері қимылдайтын құрылғы 150 сағаттық сынақтардың барлық кезеңдері ішінде қозғалтқышқа орнатылуға тиіс.
Кері қимылдайтын құрылғыны 150 сағаттық сынақтар ішінде кері қимылдайтын тартым режиміне шығумен қосудың және кері қимылдайтын құрылғыны ажыратып тастаудың 200 циклі орындалуға тиіс, оның ішінде:
1) шарықтаудан ең жоғары кері қимылға дейінгі өзгеріспен 25 цикл;
2) қозғалтқыш айналуының әртүрлі ондаған жиіліктері кезіндегі режимдерден ең жоғары кері қимылдайтын тартымға шығумен, мөлшермен аз газдан шарықтау режиміне дейінгі диапазонында бір-біріне тең тұратын 10 цикл;
3) тікелей тартым кезінде белгіленген аз газдан ең жоғары кері қимылдайтын тартым режиміне дейін белгіленген мерзім ішінде мәлімделген ең жоғары кері қимылдайтын тартымның әрбір циклында қолдау арқылы қозғалтқыш жұмысының режимдерін өзгертумен 165 цикл орындалуға тиіс.
Сынақ не сынақтар режимін 6 сағаттық кезеңдерге қайта бөлуге сәйкес келетін, не жекелеген кезеңдер алдындағы немесе олардан кейін қозғалтқыштың қосымша жұмысы кезінде орындалуы мүмкін. Сынақ мүмкіндікті тексеру бойынша сынақтармен, бірақ тікелей тартымы бар газы аз режимдегі қозғалтқыштың үзіліссіз жұмысының ұзақтығын қамтамасыз ету жағдайы кезінде бір цикл үшін кем дегенде 2 минут ішінде біріктірілуі мүмкін.