477. Жолаушылардың креслолары:
1) белдік байлау белбеулерімен, немесе;
2) белдік немесе иықтық байлау белбеулерімен, немесе;
3) белдік байлау белбеулерімен немесе адамның денесі мен басын ұстайтын соққы жұтқыш тірекпен жарақтандырылуы тиіс.
478. Реттемелі, жиналмалы және айналмалы креслолар (отырғыштар) ұйғарылған жүктелім жағдайларында олар бекітпе тораптарында қозғалмайтындай болып жобалануы тиіс. Оларды жұмыс немесе жұмыстан тыс жағдайын орнату кезінде бұл креслоларды (отырғыштарды) бекіту қамтамасыз етілуі тиіс.
78. Экипажға арналған авариялық шығыстары
479. Ұшақ экипажының кабинасында фюзеляждың әрбір бортында экипаж үшін бір бірден немесе бір жоғары люк түрінде жеңіл қол жетімді авариялық шығыстар көзделуі тиіс.
Ескерту. Егер экипаж оның кабинасына тікелей жақын орналасқан жолаушыларға арналған авариялық шығыстарды пайдалана алатын болса, 20-дан аспайтын жолаушылар орны саны бар ұшақтар үшін мұндай шығыстарды көздемеуге болады.
480. Экипажға арналған авариялық шығыстар ойығының мөлшері:
1) борттық шығыстар - 480x510 мм;
2) жоғарғы люк - 500x510 мм кем болмауы тиіс, бұл ретте олар тік бұрышты нысанда немесе люктің дөңгелек нысаны кезінде диаметрі 640 мм. болуы тиіс.
Экипаждарға арналған авариялық шығыстар ретінде, егер олардың ойығы белгіленген авариялық шығыстарға сәйкес болса, желкөздер де пайдаланылуы мүмкін.
481. Ұшақта экипаж кабинасынан жолаушылар кабинасына (вестибюль) өтетін есік көзделуі тиіс, ол:
1) жолаушылар кабинасына қарай ашылуы;
2) экипаж кабинасынан жабылатын құлпы;
3) экипаж кабинасынан жабық есік алдындағы кеңістікті көруді қамтамасыз ететін оптикалық»"көзшесі" болуы;
4) ашық күйде бекітілуі тиіс.
79. Жолаушыларға арналған авариялық шығыстар.
Типтері мен орналасуы
482. Жолаушыларға арналған авариялық шығыстардың типтері мен жалпы орналасуы 495-тармаққа сәйкес болуы тиіс.
483. І типі. Бұл тип шығысының дөңгелектелген бұрыш радиустері ойық енінің 1/3 аспайтын, ені кемінде 610 мм және биіктігі кемінде 1220 мм болатын тік бұрышты нысандағы ойығы болуы тиіс.
І тип шығысы кабина еденінің деңгейінде орналасуы тиіс.
484. ІІ типі. Бұл тип шығысының дөңгелектелген бұрыш радиустері ойық енінің 1/3 аспайтын, ені кемінде 510 мм және биіктігі кемінде 1120 мм болатын тік бұрышты нысандағы ойығы болуы тиіс.
II тип шығысы, егер ол қанат үстінде орналаспаса кабина еденінің деңгейінде болуы тиіс. Шығыс қанат үстінде орналасқан кезде оның ұшақ ішіндегі төменгі жиегі еденнен 250 мм аспайтын биіктікте, ал ұшақ сыртына шығатын төменгі жиектен шыққан кезде адам басуы тиіс қанат үстіне дейінгі ара қашықтық 430 мм аспауы тиіс.
485. ІІІ тип. Бұл тип шығысының дөңгелектелген бұрыш радиустері ойық енінің 1/3 аспайтын, ені кемінде 510 мм және биіктігі кемінде 910 мм болатын тік бұрышты нысандағы ойығы болуы тиіс.
ІІІ типтің шығысы кабина деңгейінің еденінен жоғары орналасуы тиіс, бұл ретте оның ұшақ ішіндегі төменгі жиегі еденнен 510 мм аспайтын биіктікте, ал ұшақ сыртына шығатын төменгі жиектен шыққан кезде адам басуы тиіс қанат үстіне дейінгі ара қашықтық 690 мм аспауы тиіс.
486. ІV типі. Бұл тип шығысының дөңгелектелген бұрыш радиустері ойық енінің 1/3 аспайтын, ені кемінде 480 мм және биіктігі кемінде 660 мм болатын тік бұрышты нысандағы ойығы болуы тиіс.
ІV типтің шығысы кабина қанат үстінде орналасуы тиіс, бұл ретте оның ұшақ ішіндегі төменгі жиегі еденнен 740 мм аспайтын биіктікте, ал ұшақ сыртына шығатын төменгі жиектен шыққан кезде адам басуы тиіс қанат үстіне дейінгі ара қашықтық 910 мм аспауы тиіс.
487. Фюзеляж асты шығысы. Бұл шығыс типі жолаушылар кабинасынан фюзеляждың төменгі бөлігінің қаптамасы арқылы шығуды білдіреді. Бұл тип шығысының мөлшері мен нысаны І типінің шығысына сәйкес болуы тиіс (ұшақтың жердегі қалыпты жағдайы кезінде).
488. Фюзеляждың құйрық бөлігі (конус) шығысы. Бұл тип шығысы жолаушылар кабинасынан фюзеляждың құйрық бөлігінен қаптама және фюзеляждың ашылмалы құйрық сүйірі (конусы) арқылы шығуды білдіреді.
Бұл тип шығысы кемінде ІІІ тип шығысына сәйкес болуы тиіс.
489. А типі. Егер ол мына талаптарға сәйкес болса, авариялық шығыс А типі ретінде айқындалуы мүмкін:
1) шығыс дөңгелектелген бұрыш радиустері ойық енінің 1/6 аспайтын, ені кемінде 1070 мм және биіктігі кемінде 1830 мм болатын тік бұрышты нысандағы ойығы болуы тиіс;
2) шығыс кабина еденінің деңгейінде болуы тиіс;
3) егер тек бір бойлық өткін болса, онда шығыс жолаушылар ағыны жолаушылар кабинасынан ұшақтың тұмсық жағынан да құйрық жағынан да бағытталатындай болып орналасуы тиіс;
4) әрбір шығыстар жақын бойлық өткінге дейін ені кемінде 910 мм болатын бос көлденең өткін болуы тиіс;
5) егер екі немесе одан да көп бойлық өткіндер болса, онда олардың арасында жақын бойлық еткіннен авариялық шығысқа дейін көлденең өткіндерге бастайтын, ені кемінде 510 мм болатын бос көлденең өткіндер болуы тиіс;
6) мұндай әрбір шығыс жанында борт жолсерігіне арналған ең азы бір кресло көзделуі тиіс;
7) көлденең өткіннің екі жағындағы әрбір шығыс жанында көлденең өткіннің осы тармақтағы енін азайтпай, жолаушыларды эвакуациялау кезінде экипаж мүшелері көмек көрсете алатындай тереңдігі кемінде 300 мм және ені кемінде 600 мм болатын бос орын көзделуі тиіс;
8) көмекші құрал қажет болатын қанат үстінде орналасқан әрбір шығыс екі жолдық авариялық траппен немесе екі дербес ағынмен адамдарды эвакуациялауды қамтамасыз ететін соған барабар құралмен жарақтандырылуы тиіс;
9) қанат үстінен 430 мм астам орналасқан әрбір шығыс қанаттан эвакуациялық түсуді жеңілдетуге арналған көмекші құралмен жарақтандырылуы тиіс.
490. Қанат үстіндегі авариялық шығыстар ұшақтың жер үстіндегі қалыпты жағдайы немесе шассидің бір немесе одан да көп тіректерінің сынуына сәйкес оның кез келген жағдайы кезінде адамның қанатқа қауіпсіз шығуы қамтамасыз етілетіндей түрде орналасуы тиіс.
491. Олардың нысаны тік бұрышты ма немесе олай емес пе, оған қарамастан мөлшері астам шығыстар, мынадай егер:
1) белгіленген типтегі шығыс ойығы осы шығыс ойығына сәйкес болуы мүмкін;
2) бұл шығыс ойығының негізі ені белгіленген типтегі шығыс ойығының төменгі жиегінің енінен кем емес жазық көлденең беті болған;
3) бұл шығыстың төменгі жиегінен кабинаның еденіне және адам шыққан кезде аяқ басатын қанат бетіне дейінгі ара қашықтық белгіленген типтегі шығысқа арналған мәннен аспайтын болған жағдайларда қолданылуы мүмкін.
492. Жолаушыларға арналған авариялық шығыстар фюзеляж ұзындығы бойынша мына факторларды ескере отырып, орналасуы керек:
1) жолаушылардың кабинада орналасуы және оларды авариялық шығыстарға кедергісіз келуін қамтамасыз ету;
2) жолаушылардың әлеуетті қауіпті аймақтар арқылы (қозғалтқыштардың ыстық бөліктері, айналатын қаңғалақтар т.б.) қозғалуын болдырмау.
493. Егер фюзеляждың әрбір бортынан кабина едені деңгейінде тек бір авариялық шығыс қажет болып, фюзеляждың кұйрық (конус) бөлігінен фюзеляж асты шығуы көзделмеген болса, онда еден деңгейіндегі шығыстар жолаушылар кабинасының құйрық бөлігінде орналасуы тиіс (егер, олардың басқа орналасуы жолаушыларды авариялық эвакуациялау жағдайын жақсартпаса).
494. Егер фюзеляждың әрбір бортынан кабина еденінің деңгейінде бірден астам авариялық шығыс қажет болса, онда жолаушылар кабинасының тұмсық және құйрық бөлігіне жақын фюзеляждың әрбір бортынан кабина едені деңгейінде ең азы бір-бір шығыс көзделуі тиіс.
80. Авариялық шығыстар саны
495. Фюзеляждың әрбір бортынан жолаушыларға арналған авариялық шығыстардың ең аз саны мен типтері 7-кестеге сәйкес ұшақтағы жолаушылар санына сәйкес болуы тиіс:
7-кесте
Жолаушылар орнының саны | Фюзеляждың әрбір бортына арналған авариялық шығыстар саны |
І Тип | ІІ Тип | III Тип | ІV Тип |
1-10 | - | - | - | 1 |
11-19 | - | - | 1 | - |
20-39 | - | 1 | 1 | - |
40-79 | 1 | - | 1 | - |
80-109 | 1 | - | 2 | - |
110-139 | 2 | - | 1 | - |
140-179 | 2 | - | 2 | - |
496. Оны жаңғырту кезінде ұшақтың жолаушылар сыйымдылығы ұлғайған кезде немесе ұшақты 179-дан астам, бірақ 299-дан аспайтын жолаушылар орнының барынша көп саны бар ұшақ жасау кезде және фюзеляждың екі борттарында бір-бірден орналасқан авариялық шығыстар 8-кестеде берілген мәліметтерге сәйкес болуы тиіс:
8-кесте
Авариялық шығыс типі(фюзеляждың әрбір бортында) | А Тип | I Тип | ІІ Тип | III Тип |
Жолаушылар орнының саны | 100 | 45 | 40 | 35 |
Ескерту: егер эвакуация бойынша жүргізілген зерттеулер мен сынақтар нәтижесінде І типінің шығыс мөлшерінен А типі шығысының мөлшеріне дейін оның мөлшерлерін ұлғайту кезінде авариялық шығыстың өткізу қабілетінің ұлғаятыны дәлелденсе, онда зерттеулер мен сынақтар нәтижесі бойынша мұндай әрбір шығысқа келетін жолаушылар орнының санын ұлғайтуға рұқсат етіледі.
497. 299-дан астам жолаушылар орын саны болған кезде фюзеляж бортына арналған авариялық шығыс А типі немесе І типі шығысы болуы тиіс. Фюзеляждың екі бортына бір бірден орналасқан А типінің әрбір жұп шығысы үшін 100-дан аспайтын жолаушылар орнына, ал І типінің әрбір жұп шығысына 45-тен аспайтын жолаушылар орнынан аспауы тиіс.
498. Егер талап етілетін борттық авария шығыстарына қосымша фюзеляж асты авария шығыстары немесе ұшақ шассиінің бір немесе одан да көп тіректері сынып, эвакуация үшін барынша қолайсыз жағдайда тұратын ІІІ типі шығыстары арқылы эвакуация жылдамдығынан кем емес жолаушыларды эвакуациялау жылдамдығын қамтамасыз ететін фюзеляждың құйрық бөлігіндегі (конус) шығыс көзделсе, жолаушылар орны санының мына шектерден тыс ұлғайтуға рұқсат етіледі:
1) 12 қосымша жолаушылар орындарына арналған фюзеляж асты шығыстары үшін;
2) биіктігі кемінде 1530 мм болатын кабина едені деңгейіндегі герметикалық қабырға ойығы бар және 25 қосымша жолаушыларға арналған 512-тармаққа сәйкес көмекші құралдарымен жарақталған фюзеляждың құйрық бөлігіндегі (конус) шығыс үшін;
3) ең азы III типіне сәйкес келетін, оның жоғары жиегінің биіктігі кабина еденінен кемінде 1420 мм болатын герметикалық қабырға ойығы бар және 15 қосымша жолаушылар арналған фюзеляждың құйрық бөлігіндегі (конус) шығыс үшін.
499. Қанаттарының орналасуы қанат үстіндегі авариялық шығыстардың болуына мүмкіндік бермейтін ұшақтарда ІV типінің әрбір шығысы орнына ең азы III типінің шығысына сәйкес келетін шығыс қолданылуы тиіс.
500. Авариялық шығыстардың ең аз қажетті санынан тыс белгіленген жолаушылар кабинасындағы әрбір авариялық шығыс талаптарға сәйкес болуы тиіс.
81. Суға қону кезіндегі авариялық шығыстар
501. Егер ұшақта көзделген авариялық шығыстар талаптарға жауап бермесе, онда бұл талаптарды қанағаттандыратын қосымша авариялық шығыстар көзделуі тиіс.
502. 10 және одан да аз жолаушылар орын саны бар ұшақтарда төменгі жиегі ватержелісінен биік болатын, ең азы ІV типі шығысына сәйкес келетін фюзеляждың әрбір бортына арналған шығыстар көзделуі тиіс.
503. 11 және одан да аз жолаушылар орын саны бар ұшақтарда төменгі жиегі ватержелісінен биік болатын, ең азы III типі шығысына сәйкес келетін фюзеляждың әрбір бортына арналған шығыстар көзделуі тиіс. Бұл ретге 35 адамнан тұратын жолаушылардың әрбір тобына немесе осындай топтың бір бөлігіне кемінде екі шығыс (фюзеляждың әрбір бортына бір-бірден) көзделуі керек.
Ескерту. Егер жүргізілген зерттеулер немесе сынақтар нәтижесінде үлкен мөлшерлі шығыстарды қолдану кезінде немесе басқа да тәсілдермен жолаушыларды эвакуациялау жағдайын жақсарту мүмкіндігі дәлелденсе, онда әрбір шығысқа сәйкес жолаушылар санын ұлғайтуға болады.
504. Егер бүйірлік шығыстар ватержеліден жоғары тұрса, онда олар мөлшерлері III типінің шығыстарынан кем болмайтын жеңіл қол жетімді жоғары авариялық люктердің тең санымен ауыстырылуы тиіс.
36 жолаушылар орын саны және кемінде III типінің екі бүйірлік шығысы бар ұшақтарда оларды бір жоғары авариялық шығыспен ауыстыруға болады.
82. Авариялық шығыстардың құрылысы
505. Әрбір авариялық шығыс ұшақ ішінен және сыртынан ашылуы тиіс. Экипаж кабинасына тікелей жақын орналасқан және оған оңай қол жеткізу мен бұл кабинадан эвакуацияны қамтамасыз ететін басқа авариялық шығыстар болса, экипажға арналған желкөз түріндегі авариялық шығыстар тек ұшақ ішінен де ашылуы мүмкін.
506. Авариялық шығыстардың есіктері мен қақпақтары, әдетте ұшақ сыртына ашылады. Ұшақ ішіне қарай ашылатын есіктер мен қақпақтар ұшақ ішінде есік немесе қақпақ маңында оны ашуға кедергі жасайтын адамдар жиналуын болдырмайтын құрал болған кезде ғана қолданылуы мүмкін.
Авариялық шығыстардың есіктері кейіннен бекітпені қолмен ажырата алатын мүмкіндік қамтамасыз етіле отырып, толық ашық жағдайында автоматты түрде бекітілуі тиіс.
507. Фюзеляждың деформациясы болмаған кезде әрбір авариялық шығысты ашудың мүмкіндігі:
1) ұшақтың жердегі қалыпты жағдайы мен шассидің бір немесе одан да көп тиісті сынуының кез келген мүмкін жағдайында шығысты ашу құралдарын (тұтқасын) әрекетке келтіруге қажетті 15 кгс-дан аспайтын күшпен;
2) шығыстың ашу құралдары әрекетке келгеннен бастаған сәттен толық ашқан сәтке дейін 10 с ішінде қамтамасыз етілуі тиіс.
508. Авариялық шығыстарды ашу құралдары мен тәсілдері қарапайым, ыңғайлы және авариялық шығыстардың бір типтері үшін бірдей болуы тиіс. Әрбір авария шығыстарын ашу көмекші құрылғыларды қолданбай-ақ (құрал, кілттер, алынбалы тұтқа т.б.) бір адам жүзеге асыруы тиіс.
Авариялық шығыстарды ашу құралдарын әрекетке келтіру бір-екі қарапайым операциялармен жүзеге асырылуы тиіс.
509. Жолаушылар кабинасындағы әрбір авариялық шығыстарды іштен бекіту және оның ұшудағы өздігінен ашылу, сондай-ақ ұшақтағы адамдардың кездейсоқ және бекіту құрылғысының кез келген элементінің бұзылуы нәтижесінде ашуы мүмкіндігін болдырмау үшін құрылғы көзделуі тиіс.
Экипаж мүшелерінің (борт жолсеріктерінің) жолаушылар кабинасындағы авариялық шығыстардың толық бекігеніне көз жеткізу үшін бекіту құрылғыларын көзбен көру мүмкіндігі болуы керек.
Бұдан өзге экипаж кабинасында авариялық шығыстардың жабық күйінің дабыл беру құралы көзделген болуы тиіс.
510. Ұшақтың авариялық қонуы кезінде фюзеляждың майысуы нәтижесінде авариялық шығыстардың сыналасу мүмкіндігін төмендету үшін сындарлы шаралар қабылдануы қажет.
511. Ұшақтың қалыпты жағдайы кезінде немесе шассилерінің бір немесе одан көп тіректерінің тиісті сынуындағы оның кез келген мүмкін жағдайында төменгі жиегі жерден 1800 мм биіктікте болатын қанат үстінде орналасқан авариялық шығыстарды қоспағанда, әрбір авариялық шығыс жолаушылар мен экипажды жерге қамтамасыз етуге арналған көмекші құралдармен жарақтануы тиіс.
512. Жолаушыларға арналған әрбір авариялық шығыстардың көмекші құралдары жұмыс жағдайында дербес ұсталатын авариялық трапы немесе басқа да барабар құралы болуы тиіс, олар:
1) ұшақтың ішінен авариялық шығысты ашу процесінде автоматты түрде әрекетке түсуі тиіс. Бұл ретте кіру немесе қызметтік есік болып табылатын жолаушыларға арналған әрбір авариялық шығыста кәдімгі пайдалану жағдайында ұшақтың ішінен немесе сыртынан есікті ашу кезінде олардың іске қосылуын болдырмауға арналған құрал көзделуі тиіс;
2) авариялық шығыс ашылғаннан бастап 10 с аспайтын уақыт ішінде автоматты түрде жұмыс жағдайын қабылдай алатын болуы;
3) ұшақтың жердегі қалыпты жағдайы кезінде және шассилердің бір немесе одан да көп тіректері сынған кезде адамдарды қауіпсіз түсіруді қамтамасыз етуі;
4) кез келген бағытта 13 м/с жел жылдамдығы кезінде дербес қалыпты жұмыс жағдайын қабылдай алуы тиіс.
513. Экипаждың авариялық шығыстары үшін көмекші қүралдар авариялық трап, авариялық арқан немесе басқа да барабар құрал болуы мүмкін.
Авариялық арқан:
1) ұзына бойы әрбір 400 мм сайын түйіндері бар жеткілікті түрде ұзын және диаметрі кемінде 15 мм болуы;
2) авариялық шығыс ойығының жоғары жиегіне немесе соның маңына бекітілуі;
3) түйіні бар бекітпе 180 кгс статикалық жүктемені ұстай алуы тиіс.
514. Адамдарды эвакуациялауға арналған қатаң үсті авариялық шығысының әрқайсысында адамдардың жерге сырғанауы үшін пайдаланылатын жабын беттерін қоспағанда, тайғанақ емес беті бар жолдар көзделуі тиіс.
Эвакуация жолының ені А типі авариялық шығыстары үшін кемінде 1070 мм және эвакуацияланатын адамдардың қозғалысын реттеуге арналған арнайы құралдар көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық қалған авариялық шығыстар үшін кемінде 600 мм болуы тиіс.
515. Егер қанат үсті авариялық шығыстары арқылы адамдардың эвакуациясы аяқталатын қанат орны шассилері шығарылған ұшақтың қалыпты жағдайы кезінде жер бетінен 1800 және одан да көп ара қашықтықты болса, онда адамдардың жерге түсуін жеңілдету үшін құралдар көзделуі тиіс.
Бұл құрал ұшақтың қалыпты жағдайы мен шассилерінің бір немесе одан да көп тірегі тиісті сынуының кез келген мүмкін болатын жағдайы кезінде адамдарды қауіпсіз түсіруді қамтамасыз етуі тиіс.
Егер эвакуация жолы жабынды арқылы өтетін болса, онда оның артқы жиегінің орналасу биіктігі ҰПБ-да көрсетілген ең аз қону бұрышы, оның ішінде ұшудың ерекше жағдайлары кезінде жабындылардың ауытқуы жағдайында өлшенуі тиіс.
516. Авариялық шығыстардың, оның ішінде экипаж кабинасы желкөздерінің жиектерінде авариялық эвакуация кезінде жолаушылар мен экипаж үшін қауіп төндіретін өткір қыр, шығыңқылар т.б. болмауы тиіс.
517. Егер авариялық шығысты ашу үшін күш беру жетектері қолданылатын болса, онда шығысты қолмен ашу мүмкіндігі де қамтамасыз етілуі керек.
518. Егер авариялық шығыс сақтандырғыш қоршауымен (таспасымен) жарақталса, онда ұшу кезінде оны авариялық шығыстың ойығын жаппайтын жағдайда бекітуге арналған құрал көзделуі тиіс.
519. Жолаушыларға арналған фюзеляж бортындағы жолаушылар кабинасына кіретін әрбір есік А, І және II типті авариялық шығыстар ретінде жіктеліп, бұл типтің авариялық шығыстарына қойылатын талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Егер мұндай есікте пайдалану трапы орнатылған болса, онда ол белгілі бір жүктемелердің ықпалынан кейін және шассидің бір немесе одан да көп тірегі сынған кезде адамдарды осы шығыс арқылы эвакуациялау жағдайын нашарлатпайтын түрде жобалануы тиіс.
520. Әрбір есікте және авариялық шығыс қақпағында иллюминаторлар немесе басқа да барабар құрылғылар көзделуі тиіс, олар:
1) авариялық люкті ашу алдында ұшақтың қалыпты жағдайы кезінде адамдарды жерге түсіруге арналған орнатылған жұмыс жағдайындағы көмекші құралдардың төменгі шеті қайда тұрғанын тексеруді;
2) тәуліктің жарық уақытында фюзеляж ішіндегі авариялық шығыстарға, авариялық шығыстарды ашу құралдарына таяу, өткін маңын жарақтандыруды, авариялық шығыс маңына орналасқан авариялық-құтқару құралдарының таңбалануы қамтамасыз етілуі тиіс.
Ескерту. Авариялық шығысқа тікелей жақын орналасқан иллюминаторларды фюзеляж ішін жарықтандыру үшін пайдалануға рұқсат етіледі.
83. Таңбалау
521. Ұшақта барлық авариялық-құтқару құралдарын таңбалау көзделуі тиіс.
522. Жолаушыларға арналған әрбір авариялық шығысты таңбалау және олардың орналасуы ұшақ ішіндегі түске қатысы бойынша көрінбелі және кабина еніне тең ара қашықтықта бірден көзге түсетін болуы тиіс.
523. Жолаушыларға арналған әрбір авариялық шығыстың орналасуы "Шығыс" деген жазбамен белгіленуі (қажет кезде нұсқама көрсеткішпен), жолаушылар мен экипажға кабина еніне тең қашықтықтан бойлық өту бойынша шығысқа таяуы кезінде көрінетін болуы тиіс.
Жазбалар:
1) шығыстың орналасуын керсету үшін - жолаушыларға арналған әрбір авариялық шығыстың маңында өткін үстінде немесе егер бұл әрбір шығыстар осы жазба арқылы тез табылатын, бірден астам шығыстың орналасуын көрсетуге қызмет ететін жағдайларды қоспағанда, егер бұл барынша ыңғайлы болса, төбенің басқа да тұсында;
2) авариялық шығысты белгілеуге арналған - егер бір жазба олардың екеуі де бұл жазбадан гөрі жақсы көрінетін болып, бірден астам шығыстың орналасуын көрсету үшін қызмет еткен жағдайларды қоспағанда, жолаушыларға арналған әрбір авариялық шығыстардың үстінде немесе жанында;
3) жолаушылар кабинасын бөліп түрған қабырға артындағы авариялық шығыстарды көрсету үшін - әрбір қабырғада орналасуы тиіс.
524. Ұшақ ішіндегі әрбір авариялық шығыс үшін ашу құралының (тұтқасының) жанында таңба және шығысты ашу жөніндегі нұсқаулық көзделуі тиіс, олар былайша орындалуы тиіс:
1) әрбір авариялық шығыс үшін - 460 мм ара қашықтықтан оқуға болатын шығыста немесе оның жанындағы жазба түрінде. Бұдан өзге III және ІV типтерінің авариялық шығыстарын ашу құралдары кемінде 0,5 кд/м2 бастапқы жарықпен жарықталуы тиіс. Егер бұл шығыстарды ашу құралдары қақпақпен жабылған болса, онда кемінде 0,5 кд/м2 бастапқы жарықпен жарықталған, қақпақты алу туралы көрсеткіші бар жазба көзделуі тиіс;
2) А, І және II типтері үшін әрбір авариялық шығысқа арналған мына түрдегі айналып қозғала ашылатын тұтқа тетігі болуы тиіс:
тұтқаның 3/4 ұзындығына тең радиусі бар доға ұзындығы кемінде 70о болатын ұшы енінен екі есе үлкен негізі бар, ені кемінде 20 мм қызыл түсті (немесе ұшақ ішіндегі түстен басқа өзге түсті) көрсеткіш;
биіктігі кемінде 25 мм, тиісінше ұшу маңына және көрсеткіш негізіне көлденең, қызыл түсті (немесе ұшақ ішіндегі түстен басқа өзге түсті) әріптермен жазылған «Ашық» және «Жабық» деген сөздер;
тұтқаның тиісті шеткі жағдайларын көрсететін «Ашық» немесе «Жабық» деген сөздер маңына қара немесе қызыл шектеме белгі;
525. Сырттан ашылатын әрбір авариялық шығыс пен оны ашу құралдары оның орналасуын және оны ашу тәсілін көрсететін фюзеляж сыртында тиісті таңбасы болуы тиіс.
526. Фюзеляждың әрбір бортында орналасқан жолаушыларға арналған әрбір авариялық шығысты сырттан таңбалау ені 50 мм шығыстың түрлі-түсті жиектемесін қамтуы керек.
527. Шығысты түрлі-түсті жиектеуді қоса алғанда, әрбір сыртқы таңба фюзеляж маңындағы беттен түсі бойынша жеңіл ерекшелейтін түспен айрықшалануы тиіс.
528. Егер авариялық шығысты ашу құралдары фюзеляждың бір бортында орналасқан болса, онда бұл ерекшеліктерді көрсеткен таңбалау фюзеляждың екінші бортына да салынуы керек.
529. Қанат үстіндегі авариялық қанат үсті шығыстарының маңына адамдардың эвакуациясының бағытын көрсететін қанаттың ашық түсі сұлбасында ені 40 мм қара түсті үзік желілермен көрсеткіш - нұсқамалар салынуы тиіс.
530. Егер фюзеляж сыртынан қосымша авариялық шығыстарды ашу орындары көзделсе, онда осы түста көлемі 90x90x30 мм болатын «Осы тұстан ашу керек» деген бұрыш көлемде жазулар болуы тиіс. Бұрыштама және жазба түстері фюзеляждан ерекшеленуі тиіс. Егер бұрыштама арасындағы ара қашықтық 2000 мм астам болса, онда олардың арасында мөлшері 90x30 мм болатын аралық белгі салынуы тиіс.
531. Ұшақ ішіндегі және сыртындағы авариялық-құтқару жабдығына қатысты жазбалар әдетте, орыс және ағылшын тілдерінде - ақ түс үстіне қара әріптермен орындалуы тиіс.
Ескерту. Дайындаушы мемлекет пен Тіркеу мемлекеті арасындағы келісім бойынша жазбалар басқа да екі тілде жазылуы мүмкін.
Негізгі жазбалар кемінде биіктігі 40 мм үстіне кемінде биіктігі 20 мм әріптермен, қосымша түсіндірме жазбалар - кемінде биіктігі 20 мм үстіне кемінде биіктігі 10 мм әріптермен орындалуы тиіс.
84. Авариялық жарықтандыру
532. Ұшақта ұшақтың электрмен жарақтандыру жүйесіне тәуелсіз авариялық жарықтандыру жүйесі көзделуі тиіс.
533. Авариялық жарықтандыру жүйесі мыналарды қамтуы тиіс:
1) ішкі авариялық жарықтандыру - авариялық шығыстар мен эвакуация жолдарының таңбаларын, кабиналардың жалпы жарықтандыру көздерін жарықтандыру, авариялық шығыстарды жарықтандыру;
2) сыртқы авариялық жарықтандыру.
534. Авариялық шығыстар таблосы мына талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
1) 10 және одан да көп жолаушылар орын саны бар ұшақтарда:
әрбір таблода жарықтандырылған ашық түс үстінде биіктігі кемінде 38 мм болатын қызыл әріптермен жазылған жазба және әріптерді қоспағанда, кемінде 135 см2 алаңы болуы тиіс. Жарықтандырылған түс пен әріп арасындағы айырма кемінде 10:1 болуы тиіс. Әріптердің биіктігі мен олардың жалпақтығына қатынасы 7:1 аспайтын және 6:1 кем емес болуы керек. Түстік бастапқы көрнекілігі кемінде болуы 85 кд/м2 тиіс. Түстің жарықтану тепе-теңдігі 1:3 аспауы керек;
Әрбір таблоның әріптерді қоспағанда, кемінде 135 см2 алаңы бар, жарықтанатын ақ түс үстінде кемінде биіктігі 38 мм болатын қызыл әріптермен болуы тиіс. Таблоның түс үстіндегі бастапқы көрнекілігі кемінде 1,3 кд/м2;