Ұшақта ұшақтың тоқтап тұруы кезінде тізбектік жерге қосудың жер үсті контурасына қосуға арналған 0,5 Ом аспайтын қарсылығы бар құрылым көзделуі тиіс.
93. Қадамдық газтурбиналық қозғалтқыш
592. Барлық салмақ санаттарындағы кем дегенде екі қозғалтқышы бар ұшақтардың қадамдық газтурбиналық қозғалтқышқа қойылатын талаптар 93-129 тарауларда баяндалған. Осы талаптарды орындау қозғалтқыштың ұшу жарамдылығын қамтамасыз ету үшін пайдаланудың күтілетін жағдайларында міндетті болып табылады.
593. Қадамдық газтурбиналық қозғалтқыштың 93-123 тараулар талаптарына сәйкестігі техникалық құжаттаманы, есеп айырысуларды, текшелік, жерде және ұшу сынақтарын талдау негізінде, сондай-ақ пайдалану тәжірибесін талдау негізінде белгіленеді, оларға:
1) қозғалтқышты "ұшаққа орнатқанға дейін" сертификаттау кезінде - 93-121 тараулар талаптарының көлемінде;
2) ұшақты сертификаттау кезінде - 93-123 тараулар талаптарының көлемінде. Сертификаттаудың осы кезеңінде 112, 123 тараулар талаптарды қанағаттандыратын қозғалтқышты "ұшаққа орнатқанға дейін" сертификаттау кезінде оның сол бір ұшу сынақтары бөлігінде оң нәтижелер есепке алынады;
3) сериялық шығарылатын және жөнделетін қадамдық газтурбиналық қозғалтқыш бақылау кезінде - 124-128 тараулар талаптарының көлемінде белгіленуге тиіс.
594. Қозғалтқышқа арналған техникалық құжаттамада техникалық пайдалану жөніндегі басшылық (ПБ) пайдаланудың негізгі деректері мен күтілетін жағдайлары ұсынылуға тиіс.
Көрсетілген мәліметтерді қозғалтқыштың оны сынақтардан өткізу, сертификаттау және пайдалану кезіндегі ресми мәртебесі құрайды.
Пайдаланудың күтілетін жағдайы, орташаланған ұшу циклын (ұшу циклы) қоса, қозғалтқыштың 6-баптың талаптарына сәйкестігін растайтын қозғалтқыштың және оның бөлшектерінің сынақтары бағдарламаларын жасау үшін негіз болып табылады.
595. Пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы ұшу жарамдылығын анықтау үшін қозғалтқыштың сипаттамалары мен оның конструкциясының элементтері мен агрегаттарын сынаудың есептері атмосфералық жағдайлар үшін жүргізілуге тиіс. 4500 м биіктікке дейін ұшудағы қозғалтқыштың сипаттамасы жоғары температура кезіндегі ылғалдылыққа арналған түзетумен көрсетілуге тиіс.
596. Қозғалтқышқа дайын бұйымдарды қолдану осы бұйымдарды әзірлеушілермен олардың қозғалтқыштағы жұмыстарының талаптарын ескере отырып, келісілуге тиіс.
597. Қозғалтқыш сертификаттауға:
1) толығымен жиынтықталған агрегаттарымен, жүйелерімен, коммуникацияларымен және датчиктерімен;
2) қозғалтқышты пайдалануға және техникалық қызмет көрсетуге қажетті техникалық құжаттама жиынтығымен;
3) қозғалтқышты техникалық пайдалану жөніндегі Басшылықта және техникалық қызмет көрсету Регламентінде (ТР) көзделген техникалық қызмет көрсету ісін орындауды қамтамасыз ететін борт құрал-сайманының, бейімдегіштердің, бақылау-өлшеу және диагностикалық құралдың жиынтықтарымен;
4) ТР сәйкес техникалық қызмет көрсетуді орындау үшін қажетті запас агрегаттардың, бөлшектер мен шығыс материалдарының жиынтықтарымен ұсынылуға тиіс.
598. Электр энергиясын тұтынатын қозғалтқыштың агрегаттары мен жүйесі осы нормалардың 165-тараулар талаптарына сәйкес келуге тиіс.
599. Айқындаулар:
тәжірибелі қозғалтқыш - мемлекеттік сынақтан өтпеген қозғалтқыш.
Ескерту: қозғалтқышты мемлекеттік сынақтан өткізу - қозғалтқыштың Нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына және жарамдылық туралы Куәлік ресімдеуге арналған қозғалтқышты "ұшаққа орнатқанға дейін" сертификаттауды айқындайтын ұшу жарамдылығы Нормаларына сәйкестігін растау мақсатында ресми комиссия орындайтын тәжірибелі қозғалтқышты сынау;
сериялық қозғалтқыш - сериялық өндіріспен жасалатын және қозғалтқыштың материалдарына қолданылатын конструкцияның негізгі деректері, өлшемдері бойынша сәйкес келетін, мемлекеттік сынақтан өткен және жарамдылығы туралы Куәлік алған қозғалтқыш;
түрлендірілген қозғалтқыш - сериялық қозғалтқышты, оның сипаттамасы мен ұшу жарамдылығына елеулі әсер ететін осындай конструкциялық өзгерістерімен дамыту табылатын қозғалтқыш;
жөнделетін қозғалтқыш - жөндеуаралық ресурс шегінде оның одан әрі пайдаланылуын қамтамасыз ететін жағдайға дейін жөнделген сериялық қозғалтқыш;
ең жоғарғы режим - жерде немесе шектелген уақыт ішінде ұшу кезінде ең жоғары тартыммен (қуатпен) сипатталатын қозғалтқыш жұмысының белгіленген режимі;
шарықтау режимі - ұшақтың шарықтау кезіндегі жердегі (Н=0, М =0) қозғалтқыш жұмысының ең жоғарғы режимі;
ең жоғарғы ұзақ режим - ротордың (роторлардың) айналу жиілігі және қозғалтқыш жалпы істелген уақыт бойынша шектеумен жұмыс істей алатын турбина алдындағы газ температурасы ең жоғарғы режиммен салыстырғанда төмендетілген мәндермен сипатталатын қозғалтқыш жұмысының белгіленген режимі.
Ескерту. 1. Ең жоғары шарықтау және ең жоғары ұзақтық режимдерін қолдану жағдайлары, сондай-ақ осы режимдерде ресурс үшін істелінген жұмыстың қол жетімді жиынтығы ПБ-та көрсетіледі.
2. Осы режимдерді регламенттеу (оларды қолданудың жағдайлары мен ұзақтығы бойынша шектеулер) ұшқышты қауіпті жағдайда осы шектеулер шегінен шығу құқығынан айырмайды.
Тартымның кері қимылдау режимі - қосылған кері қимылдайтын құрылғы жағдайында қозғалтқыш жұмысының белгіленген режимі;
жердегі шағын газ режимі - жердегі ротор мен тартымның (қуаттың) ең аз айналу жиілігі кезінде, оның тұрақты жұмысын және талап етілетін қабылдағыштығын қамтамасыз ететін қозғалтқыш жұмысының белгіленген режимі;
жердегі шағын газ режимі - жердегі ротордың ең аз қол жетімді айналу жиілігі кезінде, қонуға кірген кездегі тартымтың талап етілетін қабылдағыштығы мен шамасын қамтамасыз ететін қозғалтқыш жұмысының белгіленген режимі;
қажеттілікті тексеру режимі - шарықтау тартымының (қуаттың) 5 с аспайтын, 95% жеткенге дейінгі регламенттелген қажеттілік уақыты тексерілетін шарықтау режиміндегі оның мәнінен 15% аспайтын тартымы (қуаты) бар текшедегі қозғалтқыш жұмысының режимі.
Ескерту. Регламенттелген қажеттілік уақыты ұшу шағын газ режимінен, егер осы режим қозғалтқышқа белгіленсе, анықталуы мүмкін.
ауа шұрасының қуаты (NВ) - ауа шұрасының айналуына жұмсалатын қуат;
эквиваленттік қуат (NЭКВ) - ауа шұрасының қуат сомасы және ТВҚ реактивтік ағысының қуаты;
қалыпты іске қосу - қозғалтқыштың роторын (роторларын) жылжымайтын күйден (немесе авторотация режимінен) іске қосу уақытын және техникалық құжаттамада белгіленген басқа өлшемдерді сақтай отырып аз газ режиміне жеткенге дейін айналдырудың ауыспалы процесі;
жалған іске қосу - от алдыруға қосылған жүйе кезінде жану камерасына отын беретін іске қосылған құрылғымен қозғалтқыштың роторын айналдыру;
суықтай іске қосу - қозғалтқышты қосқаннан кейін екі сағаттан ерте емес немесе тахникалық құжаттамада белгіленген басқа уақыт аралығында жүзеге асырылатын қалыпты іске қосу;
ыстықтай іске қосу - жұмыс істеп тұрған қозғалтқышты қосқаннан кейін 15 минуттан кешіктірмей жүзеге асырылатын қалыпты іске қосу;
ең жоғары қол жетімді айналдыру сәті (еркін турбиналы қозғалтқыштарға ғана қолданылады) - ең жоғары қол жетімді айналдыру сәті, 20 с уақыт кезеңі ішіндегі жағдайы қозғалтқыш үшін қауіпті салдарларға әкелмейді;
ең жоғары айналдыру жиілігі - пайдаланудың күтілетін жағдайларында ең жоғары (шарықтау) режимдегі ротордың ең жоғары айналу жиілігі;
газдың (қозғалтқыштың газды әуе трактісі қималарының бірінде) температурасы - газдың (осы қимадағы) тежелген ағысының орташа массалық температурасы;
қауіпті зардаптармен қозғалтқыштың істен шығуы - істен шығу апатты жағдайларға алып келуі мүмкін. Қауіпті зардаптары бар істен шығуға:
1) сынықтары ішкі корпустарды (локализациясыз бұзылу) ұстамайтын роторлар элементтерінің бұзылуы;
2) локализациясыз өрт;
3) тартылатын ауада (конденционерлік жүйеге) әдеттегіден жоғары концентрациялардың қозғалтқыш шығаратын зиянды қоспалардың ұсталуын арттыруға себепші болатын істен шығу;
4) ұшақты қарама-қарсы бағытқа жол берілмейтін тартымның туындауына алып келетін істен шығу;
5) қозғалтқышты қосу мүмкіндігін болдырмайтын істен шығу жатады.
600. Қозғалтқышты пайдаланудың күтілетін жағдайлары төменде көрсетілген ұшу өлшемдерін (режимдерін) және қозғалтқыштың жай-күйі мен сыртқы ортаның қозғалтқышқа тигізетін әсерінің өлшемдерін және пайдалану факторларын, оның ішінде ұшу циклы ішіндегі уақыт бойынша олардың өзгеруін (осы мүмкін болатын жерде) қамтиды. Ұшу циклы өзіне күтілетін және қозғалтқыштың ауыспалы процесін, оны жерде іске қосқаннан бастап ұшақ қонғаннан соң өшіргенге дейін белгіленген жұмыс режимін, сондай-ақ бір ұшу циклына жататын техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезіндегі барлық режимдерді қамтуға тиіс.
Ұшу өлшемдері (режимдері):
1) ұшу биіктігі;
2) ұшу (М саны) жылдамдығы;
3) кеңістіктегі қозғалтқыштың еңкею бұрышы;
4) асқын жүк.
Қозғалтқыш жай-күйінің өлшемдері мен шеңберлі ортаның әсері:
1) барометрлік қысым, температура және атмосфералық ауаның ылғалдылығы;
2) желдің бағыты мен жылдамдығы;
3) электрдің әсері;
4) қозғалтқыштың кіреберісіне түсетіндердің көлемдері, массасы, құстардың жылдамдығы, бір кесек мұз, бұршақ, су (жаңбыр).
Пайдалану факторлары:
1) қозғалтқыштың ресурстары (сағаттарда және ұшу циклдарында), қызмет көрсету мерзімі (күнтізбелік уақыт);
2) қозғалтқыштың жұмыс режимі, бір ұшу циклы ішінде осы режимдерге шығу саны мен бірізділігі және белгілі бір режимдердегі (оның ішінде авторотация және тартымның кері қимылдау режимдерінде) қол жетімді үздіксіз және жалпы жұмыс ұзақтығы; сондай-ақ ауыспалы процестер туралы мәліметтер;
3) ұшу бейінінің сипаты;
4) ұшудың биіктігі мен жылдамдығы бойынша іске қосу саласы мен саны;
5) ауа мен қуатты таңдау шамасы;
6) ұшақтың ауажинағышындағы толық қысымды ысыраптау;
7) қозғалтқышқа кіреберістегі ауа ағысының біртексіздігі;
8) қолданылатын отын, май, қондырма, техникалық сұйықтықтар мен газ маркалары;
9) қозғалтқышқа кіреберістегі отынның температурасы мен қысымы;
10) қозғалтқыш агрегаттарының, оның ішінде іске қосу құрылғысының энергияқоректік өлшемдері;
11) тән аймақтарда көрсетілген қатты қондырғысы қақпағының астындағы температура;
12) ҰҚЖ жабындысы және жай-күйі мен ұшақтың тұрақ орны;
13) техникалық қызмет көрсетудің кезеңділігі мен түрлері және қозғалтқыштың техникалық жай-күйінің диагностикасы;
14) пайдаланудағы қозғалтқыш бөлшектерінің механикалық зақымдану шамасы;
15) ұшақтағы қозғалтқыштың, оның ішінде қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсетуді айқындайтын жиынтық ерекшеліктері;
16) отынның механикалық қоспалармен және еркін сумен (қозғалтқышқа кірер жерде) ластануы.
Жұмыс істеу - ұшуда және жердегі жағдайларда ұшу циклдарының сағатымен, сандарымен, қосылған санмен және т.б. көрсетілген қозғалтқышты пайдалану ұзақтығы;
қозғалтқыштың (қозғалтқыштардың) тағайындалған ресурсы қозғалтқыштың (қозғалтқыштардың) пайдалану оның (олардың) жай-күйіне қарамастан тоқтатылуға тиісті жетістіктер кезіндегі жиынтықты істелген жұмыс.
Ескерту: Қозғалтқыштың тағайындалған ресурсының шегінде регламенттелген жөндеулер, оның ішінде күрделі және кейбір бөлшектерді ауыстырумен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуге тиіс, ал бөлшектердің тағайындалған ресурстарының шегінде олардың регламенттелген қалпына келтіру жөндеулері жүргізілуге тиіс. Қозғалтқыштың (бөлшектердің) уақытша тағайындалған ресурсының мәні оның бастапқы мәнінен бастап қозғалтқышқа берілген техникалық талаптарға дейін біртіндеп өседі. Қозғалтқыштың уақытша тағайындалған ресурсы негізгі бөлшектердің уақытша тағайындалған ресурстарының шегінде белгіленеді, міндетті түрде ауыстыру регламенттелген жөндеулер немесе қалпына келтіру жұмыстары кезінде көзделмеген. Қозғалтқыштың уақытша тағайындалған ресурсын көбейту шарасы бойынша оны пайдалану жалғастырылуы мүмкін.
Негізгі бөлшектер - бұзылу немесе бұзылу зардабы ұшақ үшін қауіпті салдарларға алып келуі мүмкін.
Негізгі бөлшектердің нақты тізбесі қозғалтқышты бабына жеткізу және оның түпкі үлгілерін пайдалану тәжірибесі ескерілген, қауіпті салдары болуы мүмкін істен шығуды талдау негізінде анықталады.
Қозғалтқыштың алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі ресурсы - пайдаланудан бастап алғашқы күрделі жөндеуге дейін белгіленген істелген жұмыс.
Ескерту. Ресурстардың сериялық өндірісі мен алғашқы күрделі жөндеуге дейін пайдалану процесінде оның бастапқы мәнінен қозғалтқышқа берілген техникалық талаптарға дейін көбейту жатады. Алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі ресурстар мен жөндеуаралық ресурстардың шегінде РТ-де көзделген локальдық жөндеулер мен жекелеген бөлшектерді айырбастап қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат етіледі.
Орташаланған ұшу циклы (ұшу циклы) - қозғалтқышқа кіреберістегі ауаның қысымы мен температурасының уақыт бойынша өзгеруі және ұшақтағы қозғалтқыш жұмысының режимін сипаттайтын қозғалтқыш роторлары мен басқа өлшемдерінің айналу жиілігінің өзгеруі. Ұшу циклы пайдаланудағы қозғалтқыш жұмысының іс жүзіндегі жағдайлары туралы деректер пайдаланылған топтастыру мен орташаланған үлгілік ұшу циклдарын талдау жолымен іске асады;
сынақ циклы - роторлардың уақыт бойынша айналым жиілігінің, реттеуші органдар ережелерінің және ұшу циклдарында жинақталған зақымдылықты, осы циклдарды іске қосуда пайдаланудың салыстырмалы жиілігін ескеріп, барынша толық және жеделдете қайта өндіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін текшелік сынақтардың кезінде қозғалтқышқа кіреберістегі шарттардың өзгеруі;
белгіленген режим - қозғалтқыштың өлшемдері уақыт бойынша өзгермейтін (техникалық құжаттамада көрсетілген кіруге рұқсат шегінде өлшемдердің өзгеруіне жол беріледі) оның жұмысының режимі;
ауыспалы процесс - белгіленген екі режимдердің арасындағы (іске қосу, толық және ішінара қабылдағыштығы, дросселдеу, газдың түсуі, қалдықтар мен басқалар) өлшемдердің уақыт ішінде өзгеру процесі.
94. Қозғалтқыштың конструкциясы
601. Қозғалтқыш өзінің жүйелерімен және агрегаттарымен бірге тағайындалған ресурстар ішінде пайдаланудың күтілетін жағдайларында және апатты жағдайлардың туындауына алып келетін қауіпті салдарларымен істен шығу қызметінің мерзімінде жобалануға және жасалуға тиіс, іс жүзінде нанымсыз оқиға ретінде қозғалтқыштың жұмыс істеуі бір сағат бұрын бағаланған. Осы талапты орындаудың расталуы нақты схема мен нақтылай конструкциялы, пайдаланудың ұзақ кезеңі ішінде осылай конструкциялардың сенімділігін статистикалық бағалау материалдарын, сондай-ақ осы конструкцияның сынақтарының нәтижелерін талдау негізінде жүргізілуге тиіс.
602. Пайдаланудың күтілетін жағдайларының кезінде белгіленген режимдерде де, ауыспалы процестер жағдайында да (қозғалтқыштың және оның автоматикасының қол жетімді конструкциясымен) қозғалтқышта компрессордың помпажы туындауы мүмкін емес. Көзделмеген факторлардың нәтижелерінде ұшуда туындаған помпаж (аз ықтималды ақаудың пайда болуы, экипаждың мүмкін болатын қателігі және т.б.) қауіпті салдарлары бар қозғалтқыштың істен шығуына алып келмеуге тиіс.
603. Қозғалтқыш пайдалану кезінде оған бөгде заттардың түсуі (құс, су, жаңбыр, бір кесек мұз және бұршақ) мүмкін болатындай осы тармақтың регламенттелетін талаптарының жағдайлары кезінде салдарлар туындамайтындай етіп жобалануға тиіс.
604. Қозғалтқыш және оның агрегаттары қозғалтқыштың РП мен РТ-на сәйкес пайдаланудағы қозғалтқыш конструкцияның бөлшектерін, агрегаттары мен басқа элементтерін қарау, оларға техникалық қызмет көрсету және оларды айырбастау мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей етіп жобалануға және жасалуға тиіс.
605. Қозғалтқышты өрттен қорғау:
Қозғалтқышта:
1) өрттің туындауы мен таралуының алдын алудың конструктивтік шаралары;
2) жануды (өртті) табу жүйесі;
3) қозғалтқыштың олардың жануы мүмкін орындарында жанар сұйықтықтар мен олардың буларының жиналып қалуын болдырмауға арналған дренаждар;
4) қозғалтқышты шұғыл ажыратып тастайтын құрылғы көзделуге тиіс.
Қозғалтқышта отқа төзімді немесе жоғары температураның әсерінен қорғалуға тиісті мынадай элементтер:
1) қозғалтқышы ажыратылған басқару жүйесі органдарының элементтері;
2) құрамында отын, май немесе олардың булары мен гидрожүйелердің жұмыс сұйықтығы болатын труба құбырлары немесе сыйымдылықтар (бактар);
3) қозғалтқышы ажыратылған құралдарды басқару органдары жүйесі мен өрт кезінде және өрттен кейін қозғалтқышты бақылауды қамтамасыз етуге қажетті деп танылған басқа жүйелердің электр өткізгіші;
4) жоғары температура әрекетінен болған бұзылу өрт кезінде ауаны мотогондолға беруге алып келуі мүмкін ауа өткізгіш;
5) өрт сөндіру жүйесінің труба құбырлары мен шаңдату құрылғысы болуға тиіс.
Титан негізінде құймалардан жасалған бөлшектерді қозғалтқыш компрессорларында қолдануға, егер осы құймалардан жасалған мүмкін болатын ең жоғары температурасы шекті мәндерден артпаса, рұқсат етілуі мүмкін.
1) 500оС - жұмыс күректері үшін;
2) 300оС - аппараттарды бағыттайтын күректер үшін;
3) 300оС - корпустар мен лабиринттердің ішкі қаптары үшін.
Ескерту: Титан құймаларынан жасалған бөлшектер үшін көрсетілген шекті температура аппараттарды бағыттайтын күректердің астындағы барабандар мен дискілерде орналасқан, егер түйіндес бөлшектер әртүрлі материалдардан жасалған болса (мысалы, консольдық күректер немесе бағыттаушы аппараттың астындағы ішкі сақина - болаттан, ротор - титаннан жасалса) лабиринттерге қолданылмайды.
Титан негізінде құймалардан жасалған бөлшектері бар компрессордың конструкциясы мынадай талаптарды қанағаттандыруға тиіс:
1) титан бөлшектер пайдаланудың қалыпты жағдайында, сондай-ақ статорлық және роторлық элементтер арасында остік және радикалдық саңылаулардың бұзылуының салдарынан өзара үйкелу мүмкіндігін болдырмау;
2) корпустардың ішкі қаптары мен болат немесе никель құймалардан жасалған аппараттарды бағыттайтын күректері, егер шарт орындалмаған болса, болуға тиіс.
Қозғалтқыш, егер конструкциялы талдау және қозғалтқышты мәніне жеткізу тәжірибесі, сондай-ақ түпкі үлгілерді пайдалану тәжірибесі ішкі май қуыстарындағы өрттің шығу мүмкіндігін және сонымен бірге қозғалтқышты ажырату жолымен жойылуының мүмкін еместігі көрсетілген жағдайда, ішкі май қуыстарындағы отсөндіргіш заттарды беру жүйесімен жабдықталған болуға тиіс.
Ескертулер: 1. Әдейі жасалмаған отсөндіргіш заттарды беру қозғалтқыштың қалыпты жұмысын бұзуға әкелмеуге тиіс.
2. Отсөндіргіш заттарды беруге арналған құрылғы талаптарға жауап беруге тиіс.
3. Қозғалтқыштың ПБ отсөндіргіш заттарды қолдану кезіндегі операциялардың сабақтастығы көрсетілуге тиіс.
Қозғалтқыштың құрылысында:
1) май және отын жүйелері агрегаттарын мүмкіндігінше қозғалтқыштың ыстық бөлігінен тыс орналастыру;
2) ауаны компрессордан қайта шығару және ауаны капот астындағы кеңістікке емес, ал атмосфераға немесе екіконтурлық қозғалтқыштың сыртқы контурына суфлирленген май жүйесінің қуыстарынан бөлу көзделуге тиіс.
Валдарды майлық тығыздау арқылы аққан майдың жануын болдырмау үшін мынадай мүмкіндіктер:
1) ауаның майлық және ауалық тығыздықтарының арасындағы қуыстардан майларды бөлу арнаулы арналар арқылы:
2) соратын сорғылар істен шыққан жағдайда сығылған сорғымен май беруді тоқтату қамтамасыз етілуге тиіс.
Қозғалтқыштың жану камерасында және оның түтін шығаратын трубасында қозғалтқыш сәтсіз іске қосылған жағдайда отын жинақталуы мүмкін кептеліп қалған аймақтардың туындауын болдырмауға тиіс және отырып отынның қажетті дренажы көзделуге тиіс.
606. Қозғалтқыштың негізгі элементтерінің электр әлеуеттерінің айырмашылығын жою үшін олардың арасында электр байланысы (металдандыру) қамтамасыз етілуге және қозғалтқыштың оған сұғынып тұратын ұшақ элементтерімен оны ұшаққа қондыру кезіндегі электрлік байланыс мүмкіндігі көзделуге тиіс.
607. Қозғалтқыштың функционалдық істен шығу себептері мен салдарларына қозғалтқышты жетілдіру тарихы мен оның түпкі үлгісін немесе ұқсасын пайдалану тәжірибесін ескеріп талдау жүргізілуге тиіс.
Қауіпті салдарлары болуы мүмкін істен шығу бойынша арнайы шаралар жасаудың конструкциясында, технологиясында көрсетілуге және қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету жөніндегі құжаттамада көзделуге тиіс:
1) осындай істен шығуды болдырмау жөнінде;
2) қозғалтқыштың қауіпті салдарлары бар істен шығуының туындауына алып келуі мүмкін ақаулары мен зақымдануларын уақтылы анықтау мен жою жөнінде.
Қуатты қондырғылардың күтілетін құраластарындағы қозғалтқыштардың өзара алмасушылығы қамтамасыз етілуге тиіс. Ерекшелік ретінде қозғалтқыш конструкциясының жекелеген агрегаттарын немесе басқа элементтерін олардың өзара алмасушылығын қамтамасыз ету жағдайы кезінде орнын алмастыруға рұқсат етілуі мүмкін.
609. Қозғалтқыштың бөлшектері мен агрегаттары техникалық құжаттамамен регламенттелген тиісті тәсілдермен пайдалану мен сақтау кезінде тоттану мен тозудан қорғалуға тиіс.
Қозғалтқышты консервациялау мен қайта консервациялау қозғалтқышты ішінара бөлшектеуді немесе агрегаттарды қайта монтаждауды талап етпеуге тиіс.
610. Істен шығуы қауіпті салдарлар жасауы мүмкін қозғалтқыштың бөлшектері техникалық құжаттаманы пайдаланатындай, осы бөлшектерді жасау туралы қажетті мәліметтер алатындай етіп таңбалануға тиіс. Осы бөлшектерді жасауға арналған техникалық құжаттамада оларды бақылаудың көтеріңкі көлемі көзделуге тиіс.
611. Қозғалтқышты техникалық құжаттамаға сәйкес оның жұмыс қабілетін төмендетпейтіні көрсетілуге тиіс.
612. ТВҚ тұратын тежегішпен немесе ауа бұрамдарының айналуын болдырмайтын басқа құралдармен жабдықталуға тиіс. Тұратын тежегіштің болуы кезінде ол ТВҚ іске қосу жүйесімен бағытталуы тиіс.
95. Қозғалтқыш беріктігі
613. Статикалық және динамикалық кернеу, қозғалтқыш бөлшектеріндегі өзгеріс пен жүктеме, сондай-ақ оның ұшаққа ілінген орындарындағы тербелісі мен агрегаттарды бекіту материалдарында пайдаланылатын конструкцияның осы ерекшеліктері және жасаудың қабылданған технологиясы кезінде өткізілген арнаулы сынақтарды пайдалану тәжірибесі мен нәтижелерін ескере отырып белгіленген мәні асып түсуге тиіс.
614. Компрессордың жұмыс күректерінің немесе турбиналарының жарылуы, сондай-ақ ол жарылған кезде туындаған қайталама көрініс (басқа күректердің бұзылуы, ротордың дисбалансының көбеюі, температураның жергілікті артуы және т.т.) қауіпті салдарлар тудырмауға тиіс.
615. Бұзылуы кезінде қозғалтқыш (желдеткіш күректері, дискілер) корпустарының ішіндегі сынықтарды жергіліктендіру қамтамасыз етілмеген қозғалтқыш роторлары элементтерінің пайдаланудағы күтілетін жағдайларында мүмкін болатын ең жоғары механикалық және жылу жүктемелеріне қарсы тұратындай жеткілікті беріктігі болуға тиіс.
616. Қозғалтқыш корпустары бұзылған кезде (дискілер, валдар желдеткіш күректері) ұстамайтын роторлар элементтері техникалық құжаттаманың нұсқауларына сәйкес өндірістік барлық кезеңдерінде бұзылмаған бақылауға, оның ішінде әрбір дайындаманың табыс бөлігінен кесіп алынған үлгілерге арналған материалдың механикалық қасиетін бақылауға тап болады.
617. Істен шығуды талдау жолымен және қажет болған жағдайда тиісті сынақтармен турбина валдарының немесе компрессордың бұзылуы жанында жатқан бөлшектерге қатысты олардың ажыратылуы немесе орнынан жылжуы не болмаса қауіпті салдарларымен бірге істен шығуға алып келмейтіндігі, не болмаса іс жүзінде нанымсыздығы көрсетілуге тиіс.
96. Материалдар
618. Қозғалтқыштың бөлшектерін, оның жүйелері мен агрегаттарын жасауға пайдаланылатын барлық материалдар қолданыстағы стандарттардың, Нормалар мен техникалық шарттардың талаптарына сәйкес келуге тиіс және олардың қозғалтқышта ресурстар ішіндегі, сондай-ақ қызметтер көрсету мен сақтаудың тиісті мерзімдеріндегі жұмыстарының шынайы жағдайларын ескеріп таңдап алынуға тиіс.