433. Оттегі жабдығы мыналарға арналған:
оттегі жетіспеушілігінен экипажды, бортсеріктерді және жолаушыларды қорғау үшін;
түтіннің, көміртегі тотығының (улағыш газ) және басқа да зиянды газдардың көзге және тыныс алу органдарына әсерінен экипажды қорғау үшін;
экипаждың оттегімен профилактикалық тыныстауы үшін;
жолаушылардың оттегімен терапевтикалық тыныстауы үшін.
66. Ұшақтағы оттегінің саны
434. Экипаж үшін оттегінің саны.
435. Герметикалық емес кабинадағы және ұшу биіктігі 3000 м-ден 3600 м қоса алғандағы ұшақта оттегімен ұзақтығы 30 минуттан астам уақытқа созылатын аталған биіктіктердегі ұшудың сол бөлігінің ішінде ҰПБ-ға сәйкес ұшуды орындауға қатысатын экипаждың барлық мүшелері қамтамасыз етілуі тиіс.
436. Герметикалық емес кабинадағы және ұшу биіктігі 3600 м астам (бірақ 6000 м астам емес) ұшақта оттегімен осы биіктіктегі барлық ұшудың ішінде ҰПБ-ға сәйкес ұшуды орындауға қатысатын экипаждың барлық мүшелері қамтамасыз етілуі тиіс.
437. Герметикалық кабинадағы және кабинаны кері герметизациялау жағдайы үшін 3000 м астам ұшу биіктігімен ұшақта ұшудың 2 сағатынан кем емес уақытқа оттегімен тыныстандыру көзделуі тиіс.
438. Герметикалық және герметикалық емес кабиналардағы ұшақтарда 4 сағаттан астам ұшу ұзақтығы кезінде экипаждың шаршаушылығын азайту үшін профилактикалық оттегімен тыныстандыру көзделуі тиіс.
Оттегінің қоры ұшудың әрбір екі сағатынан кейін және минутына 10 литр орташа ұшу вентиляциясының төмендеуімен таза оттегімен тыныстандыру жүргізілетінін ескере отырып, есеппен айқындалады.
Ескерту. Герметикалық кабинамен ұшақтар үшін оттегінің қажетті саны барынша қашықтыққа ұшудың ұзақтығының бірінші жартысы үшін ғана есептеледі.
439. Жолаушылар мен бортсеріктері үшін оттегінің саны.
Герметикалық емес кабинадағы және ұшу биіктігі 3000 м-ден 4200 м қоса алғандағы ұшақта мерзімі 30 минуттан астам ұзақтықтағы аталған биіктіктердегі ұшудың сол бөлігінің ішіндегі барлық бортсеріктері мен орындардың жалпы санынан жолаушылардың 10 % оттегімен тынысталумен қамтамасыз етілуі тиіс.
Герметикалық емес кабинадағы және ұшу биіктігі 4200 м-ден 4500 м қоса алғандағы ұшақта аталған биіктіктердегі ұшудың барлық уақыты ішінде жолаушылардың 30% мен барлық бортсеріктері оттегімен тынысталумен қамтамасыз етілуі тиіс.
Герметикалық емес кабинадағы және ұшу биіктігі 4500 м астам (бірақ, 6000 м астам емес) ұшақтарда осы биіктіктердегі ұшудың барлық уақыты ішінде барлық жолаушылар мен бортсеріктері оттегімен тынысталумен қамтамасыз етілуі тиіс.
Ескерту: Әрбір жеке ұшу үшін қажетті оттегінің саны ең аз дегенде жабдық конструкциясы айқындайтын оттегінің дайындалмайтын қалдығын ескере отырып, талаптар негізінде есептелген оттегінің санына теңесуі тиіс.
432-тармаққа сәйкес айқындалған кабинадағы биіктік кезінде герметикалық кабинамен ұшақта оттегімен тыныстаумен мыналар қамтамасыз етілуі тиіс:
1) 4500 м астам биіктік кезінде кабинадағы герметизациясызданудан кейін ұшудың барлық уақыты ішіндегі жолаушылар кабинасындағы барлық тұлғалар;
2) 4200 м-ден 4500 м қоса алғандағы кабинадағы биіктік кезінде кері герметизациядан кейін ұшудың барлық уақыты ішінде жолаушылар кабинасындағы кемінде 30 % тұлғалар;
3) 3000 м-ден 4200 м қоса алғандағы биіктік кезінде кері герметизациядан кейін ұшудың барлық уақыты ішінде жолаушылар кабинасындағы кемінде 10 % тұлғалар.
Жолаушылар үшін апатты оттегінің жүйесін қолдану кезінде оттегінің жалпы саны бортсеріктерді қоса алғанда, жолаушылар кабинасындағы барлық тұлғалардың тұтынуынан 10 минуттан кем емес уақытқа есептелуі тиіс.
Герметикалық кабинадағы ұшақ үшін жолаушылардың 2% үшін, бірақ 2400 м астам биіктік кезінде кабинаның кері герметизациясынан кейін ұшудың барлық уақыты ішінде бір жолаушыдан кем емес терапевтикалық тынысталумен қамтамасыз етілуі тиіс. Тынысталу кем дегенде екі нүктеден қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте, борт серігін түтіннен қорғау үшін талап етілетін оттегінің қоры ескерілуі тиіс.
67. Оттегімен жабдықтау көздері
440. Экипаж мүшелері мен жолаушыларға оттегіні беру әртүрлі көздерден жүзеге асырылуы тиіс. Жалпы көзді қолдану жағдайында өз жұмыс орындарында орналасқан экипаждың мүшелері үшін оттегінің қажетті санын резервтеуді қамтамасыз ететін құралдар көзделуі тиіс.
Экипаж бен жолаушыларды оттегімен тыныстандыруды қамтамасыз ету бойынша талаптарды қанағаттандыру үшін жалғамалы оттегі көздері де қолданылуы мүмкін.
441. Тұрақты жүйеде немесе жалғамалы ретінде оттегінің (генератордың) химиялық көзін қолдану жағдайында ол мынадай талаптарға сәйкес жоспарлануы және орнатылуы тиіс:
1) генератор өртотқауіпсіз болуы тиіс;
2) іске қосылғаннан кейінгі жай-күйден көздің қалыпты (жұмыс) жай-күйін визуалдық айыру мүмкіндігі көзделуі тиіс;
3) егер оған дейін экипаж мүшесі немесе жолаушы қолын тигізуі мүмкін оны орналастыру мен бекітуге арналған көз үстінің немесе құрылғысының температурасы 40оС және одан астамға жетуі мүмкін болса, көздің жұмысы салдарының қызуы туралы ескерту болуы тиіс.
68. Экипажға арналған оттегі жабдығы
442. Оттегі жетіспеушілігінен экипажды қорғауға арналған оттегі жабдығы.
Экипаж мүшелерінің оттегі жабдығы (оттегін беруді реттегіштер, оттегі аспаптары, оттегі маскалары) ауамен оттегінің қоспасына және таза оттегіге қолмен ауыстыру мүмкіндігімен тыныстау-автоматты типінде болуы тиіс. Оттегін апатты беру де көзделуі тиіс.
443. Ұшу уақытында өз жұмыс орнында орналасқан экипаждың әрбір мүшесінің оттегі жабдығы толық әзірлік жағдайында болуы тиіс.
Жұмыс орнында орналасқан экипаждың әрбір мүшесі оттегі маскасымен, оны тиісті жағдайында бетінде ұстап тұратын тиісті бекітпесі бар бетке жабысып орналасқан өлшемдері бойынша мүмкіндігінше әртүрлі оттегі маскасымен жабдықталуы тиіс.
Оттегі маскасы оны пайдалану кезінде мыналарға:
ұшу кезінде өз міндеттіліктерін қиындықсыз орындауға экипаж мүшелеріне мүмкіндік беруге;
сыртқы және ішкі радиобайланысын жүргізуге мүмкіндік беруге тиіс.
Ұшу биіктігі 9000 м дейінгі ұшақта экипаждың әрбір мүшесінің маскасы оны өз жұмыс орнынан оған алуға және оңай қолдануға мүмкіндік беретін жерде және жай-күйде орналасуы тиіс.
Ұшу биіктігі 9000 м астам ұшақта экипаждың әрбір мүшесінде оттегі маскасы болуы тиіс, оның көмегімен бір қолымен 5 с ішінде бетіне киілуі тиіс.
443. Экипажды түтіннен, көміртегі тотығынан және басқа да зиянды газдардан қорғауға арналған оттегі жабдығы (түтіннен қорғау жабдығы).
Ұшақта экипаждың әрбір мүшесінің жұмыс орындарында тыныс алу органдары мен көзге экипаждың кабинасында өз міндеттіліктерін орындау уақытында түтіннің, көміртегі тотығының және басқа да зиянды газдардың әсер етуінен экипаждың мүшелерін қорғау үшін жабдық орнатылуы тиіс. Осы мақсат үшін экипаждың әрбір мүшесіне арналған есептік жағдайларға келтірілген (қысымы 760 мм сынап бағанасы (1010,8 мбар), температура 20оС) 300 л кем емес оттегінің қоры көзделуі тиіс.
Тыныс алу органдарын қорғау үшін пайдаланылатын оттегі маскасы талаптарға жауап беруі тиіс және оны қолдану үшін түтіннен қорғау көзілдіріктерімен оны қолдану үшін жарамды болуы тиіс. Беттің барлығын жауып тұратын маска да пайдаланылуы мүмкін.
Көзді қорғауға арналған көзілдірік пен маска көздің көру аумағын шектемейтіндей, шынылар буланбайтындай, қаралатын заттар мен олардың түстері бұрмаланбайтындай ұсынылған функцияларды орындауға кедергі келтірмеуі тиіс, сондай-ақ, белгіленген үлгідегі жақтауы бар диоптриялық түзеумен көзілдірікті қолдануға мүмкіндік беруі тиіс.
Кері герметизацияланған кабинада немесе түтінденген бөліктерде жылжу үшін қалыпты есептік жағдайларға келтірілген (қысым 760 мм сынап бағанасы (1010,8 мбар), температура 20оС) сыйымдылығы 300 л кем емес көзбен тыныс алу автоматтық жүйесіндегі жылжымалы оттегі аспабы (блогы) көзделуі тиіс. Аспап (блок) беттің барлығын жабатын түтіннен қорғау маскасымен жабдықталуы және экипаждың кабинасында орналастырылуы тиіс.
69. Жолаушылар мен бортсеріктеріне арналған оттегі жабдығы
444. Апатты оттегі жабдығы.
Ұшақтағы оттегі жетіспеушілігінен қорғау үшін тұрақты оттегі жүйесі немесе жылжымалы жабдық қолданылуы тиіс. Бұл ретте, масканы қажетті жағдайда ұстап тұратын қарапайым бекітпесі бар, бетке жеткілікті түрде нығыз жапсырылып тұратын үздіксіз берудегі оттегі маскалары пайдаланылуы тиіс. Жылжымалы оттегі аспаптары оған бір мезгілде 2-4 масканы қосу үшін ыңғайластырылуы мүмкін.
432-тармаққа сәйкес айқындалған 4500 м астам биіктік кезіндегі герметикалық кабинадағы ұшақтарда оттегі нүктелерінің (штуцерлер мен маскалардың) жалпы саны ұшақтағы орындардың санынан 10% астамға асуы тиіс. Оттегі нүктелері жолаушының әрбір орнының жанында, сондай-ақ мүмкіндігінше кабинаның барлық жерінде теңдей орналасуы тиіс. Маскаларды беруден кейін олар өз орындарында отырған жолаушылардың шолу аумағы мен жету аймағында орналасуы тиіс. Әрбір әжетхана және жуыну бөлмелерінде екі оттегі нүктелерінен орнатылуы тиіс.
Кабинаны кері герметизациялаудан кейін жолаушыларға оттегіні беру төменде көрсетілгендерге сәйкес жүргізіледі:
4200+300 м астам биіктік кезіндегі кабинада барлық оттегі маскалары автоматты түрде беріледі, оттегі жеткізілген, бірақ беру жоқ. Оттегін беру масканы кие отырып, бір мезгілде басталады;
4200+300 м және төмен биіктік кезіндегі кабинада оттегі маскаларының іс-әрекетін бортсерігі жүргізеді.
445. Терапевтикалық оттегі жабдығы.
Жолаушыларды оттегімен терапевтикалық тыныстандыру жылжымалы оттегі аспаптарының (блоктарының) немесе тұрақты жүйенің оттегі нүктелерінің көмегімен қамтамасыз етілуі тиіс.
446. Бортсеріктерінің жылжымалы оттегі жабдығы.
Кабинаның кері герметизациясынан кейін жолаушыларға көмек көрсетумен айналысатын әрбір бортсерігі қоректендіру 15 минуттан кем емес мерзімде оттегінің қорымен жылжымалы оттегі аспабы (блогы) бар маскамен қамтамасыз етілуі тиіс. Кабинаның түтінденуі кезінде жолаушыларға көмек көрсету функциясы ҰПБ сәйкес жүктелген бортсеріктері түтіннен қорғау маскаларымен қосымша қамтамасыз етілуі тиіс. Оған түтіннен қорғау маскасымен түйістірілген аспап талаптарға сәйкес болуы тиіс және бортсерігі үшін қолжетімді жерде орнатылуы тиіс.
70. Ұшақта оттегі жабдығын пайдалану және орналастыру қауіпсіздігі
447. Тұрақты оттегі жүйесінде өрт кезінде қысымның апатты артуы жағдайында борттан баллондардан оттегін шығару үшін құрылғы көзделуі тиіс.
448. Ұшақта оттегі жабдығын орналастыру кезінде мынадай талаптар орындалуы тиіс:
Оттегі жабдығының элементтері өртқауіпсіздігі аймағында орналаспауы тиіс және мұндай аймақтан тыс таралатын қызудан қорғалуы тиіс.
Оттегі жабдығының элементтері олардың қалыпты жұмысы кезінде және сынған жағдайда сыртқа шығатын оттегі қандай-да бір басқа жабдықтың қалыпты жұмысы, бас тартуы немесе сынуы кезінде орын алатын майлардың, сұйықтықтардың немесе булардың жануын тудырмайтындай жолмен орнатылуы тиіс.
Оттегі жабдығының элементтері ұшқын шығарудың герметикалық көздерінен тұратын электр жабдығы элементтерінен алып тасталуы тиіс.
Оттегі көздері мен жолын жабатын және редукциялайтын құрылғылармен оттегінің көздерін біріктіретін тұрба құбыры апатты қону кезінде олардың бұзылуы мүмкіндігі мен қаупін азайтатындай орналасуы тиіс.
71. Оттегі жабдығын пайдалану
449. Оттегі жабдығының конструкциясы және оны ұшақта орналастыру ұшуда басқарушы және бақылаушы органдардың пайдалану ыңғайлылығын және оны қызмет көрсету кезінде оттегі жабдығының элементтеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуі тиіс.
Ұшақтағы оттегінің көздерінде оттегі қорының бақылау құрылғысы болуы тиіс. Тұрақты оттегі жүйелеріндегі оттегінің қорын бақылау үшін мұндай құрылғылар экипаждың кабинасында да орналасуы тиіс.
450. Экипаж мүшелеріне маскаға оттегін беруді бақылайтын құрылғы көзделуі тиіс.
451. Барлық оттегі маскалары жеңіл тазарту мен дезинфекция үшін ыңғайластырылған болуы тиіс. Мүмкіндігінше, бұл операциялар экипаж мүшелерінің оттегі маскалары үшін арнайы борт аптечкасының көмегімен орындала алатындай болуы тиіс.
452. Апатты оттегі жүйесімен жабдықталған ұшақтарда ұшу алдында жолаушыларға оттегі маскасын пайдаланудың ережесі мен әдістері хабарландырылуы және көрсетілуі тиіс. Осы мақсатта ұшақта көрсету маскалары мен оларды орналастыру орындары көзделуі тиіс.
72. Мұздануға қарсы қорғау
453. Мұздану жағдайында пайдалану үшін жол берілетін ұшақтың сипаттамасы мен конструкциясы барлық пайдалану биіктіктері мен жылдамдықтарда мұздану жағдайында ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
454. Ұшақты қорғау ұзақ мұзданудың 5-кестеде көрсетілген мынадай диапазонында ерекше жағдайлардың туындауынсыз қамтамасыз етілуі тиіс:
Сыртқы ауаның температурасы,оС | 0 | -10 | -20 | -30 |
Сулылық, г/м3 | 0,8 | 0,6 | 0,3 | 0,2 |
Биіктік,м | 5000 | 6000 | 8000 | 9500 |
Тамшының есептік орташа арифметикалық өлшемі, мкм | 20 |
Мұздану аймағының көлденең ұзақтығы,км | 200 |
Тік ұзақтығы, м | 2000 |
Сулану мен температураның шекті мәндері кезінде ұшу жағдайларын күрделілендіруге жол беріледі.
Ескерту: Қорғау деп конструктивтік, аэродинамикалық және өзге де іс-шаралардың кешені (ұшақта мұздануға қарсы қондырғыны қамтитын) түсініледі.
455. Ұшақты қорғау қысқа мерзімді мұзданудың 6-кестеде көрсетілген мынадай жағдайларында күрделі жағдайдың туындауынсыз қамтамасыз етілуі тиіс (бұл ретте, мұздану себебі бойынша күш қондырғысын орнатудан бас тартуға жол берілмейді):
Сыртқы ауаның температурасы, оС | 0 | -10 | -20 | -30 | -40 |
Сулылық, г/м3 | 2,5 | 2,2 | 1,7 | 1,0 | 0,2 |
Биіктік, м | 500- 5000 | 500- 6000 | 2000- 8000 | 3000- 9500 | 5000- 11000 |
Тамшының есептік орташа арифметикалық өлшемі, мкм | 20 |
Мұздану аймағының көлденең ұзақтығы, км | 5-10 |
456. Ұшақ планерінің мұздануға қарсы жүйесі (бұдан әрі - ПОС) талаптарға сәйкес жобалануы тиіс, ал күш қондырғыларының, биіктік-жылдамдық өлшемдері аспаптары датчиктерінің (ПВД, шабуыл бұрыштарының және сырғанау датчиктері және т.б.) және мұзданудың дабыл бергіш ПОС-ы талаптарға сәйкес жобалануы тиіс.
ПОС жұмысы кезінде ерекше жағдайлардың туындауына алып келмейтін планер мен күш қондырғысының элементтерінде қалдық мұздың жинақталуына жол берілмейді.
457. Жұмыс істеуі қозғалтқыш жұмысымен байланысты ПОС ұшағында қолдану жағдайында осы бөлімнің талаптарына сәйкес ұшудың кез келген кезеңінде бір (сындарлы) қозғалтқыштың бас тартуы кезінде де айқындау қажет. Бұл ретте, ПОС тиімділігінің төмендеуі апатты жағдайлардың туындауына алып келмейтіндігі көрсетілуі тиіс.
458. Ұшақ мұздану жағдайындағы ұшу уақытының ішінде мұздану туралы дабыл беруді, экипажды уақтылы ескертуді қамтамасыз ететін мұздану дабылы құралдарымен жабдықталуы тиіс.
Ұшақты сертификаттау кезінде сипаттамалары, сигнализатордың конструкциясы және ұшақта оны орнатудың орны эталондық цилиндрде 10-15 мм 0,5 мм дейінгі қалыңдықтағы мұздың құралуы болғаннан кешіктірмей мұзданудың басталуы туралы дабылды беруді қамтамасыз ететіні көрсетілуі тиіс.
Ұшақта мұзданудың визуалдық көрсеткішін немесе интенсиметрді орнату, сондай-ақ оны қолмен қосу және сөндірудің міндетті болуы кезінде ПОС-ды автоматты қосуды (басқаруды) көздеу ұсынылады.
459. Жердегі ПОС-тың ақаулығы мен жұмыс қабілеті, сондай-ақ, ұшудағы оның жұмысы үшін бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. Экипаждың мүшелері үшін күндіз және түнде ұшақтың үстіндегі және бөліктеріндегі мұздың болуына тікелей немесе жанама бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. Визуалдық бақылауға жататын нақты үстілері мен бөліктері ұшақты жобалау және сертификаттау процесінде талдау нәтижелері бойынша айқындалады.
460. ПОС жұмысы ұшудың жағдайларын күрделілендіруге алып келетін ұшақтың ұшу сипаттамаларын өзгертуін тудыруы және осы Нормалармен белгіленген рұқсат етілген деңгейден асатын навигациялық және радиотехникалық жабдықтың жұмысында кедергілер жасауға, сондай-ақ ұшақтың басқа жүйелерінде бас тартуды немесе жұмыста бұзушылықты тудыруы тиіс емес.
461. ПОС планер мен қозғалтқыштарды пайдалану ҰПБ сәйкес қозғалтқыштар жұмысының барлық пайдалану режимдерінде қамтамасыз етілуі тиіс.
Жағдайдағы күш қондырғысы элементтеріндегі мұздың мүмкін болатын жиналуы және жұмыс істейтін ПОС кезінде және ПОС-ты қосудың кешігуі кезінде қолайсыз салдарларға алып келмеуі тиіс.
462. Жұмыс істемейтін ПОС планермен мұздану жағдайында ұшақтың түсуі кезінде апатты жағдайдың туындауынсыз ҰПБ сәйкес ұшуды аяқтау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
463. Мұзданудан қорғалмаған жекелеген ұстап тұратын беттерінің және конструкцияның басқа да элементтері бар ұшақтар үшін талаптарға сәйкес барлық пайдалану биіктіктері мен жылдамдықтарында мұздану жағдайындағы ұшудың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.
464. Мұздану жағдайында ұшақты басқару және механикаландыру органдарын мұздың бітеп тастауы немесе бұзуы болмауы тиіс.
465. Мұздану жағдайларына арналмаған ұшақтар үшін ҰПБ-ға сәйкес авариялық жағдайдың туындауынсыз мұздану аумағынан шығуға қажетті уақыт ішінде мұздану жағдайына әдейі емес түсуі кезінде ұшу қабілеті қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Көрсетілген ұшақтарға мұздану дабыл беруін, сондай-ақ күштік қондырғылардың мұзданудан, экипаж қабинасының, биіктік-жылдамдық өлшемдерінің приборлар датчиктерінің т.б. қырауланудан қорғалуын көздеу ұсынылады.
466. Ұшақтың осы тараудың талаптарына, сондай-ақ мұздану жағдайларында ұшуға қатысты 9, 10, 13, 14, 15 тараулар талаптарына сәйкес келетін табиғи мұздану жағдайларында сынақтарды қоса алғанда жерүсті және ұшу сынақтарының есептерімен және кешендерімен растауы тиіс. Сынақтардың ұсынылатын тізбелері:
1) ұшақтың жекелеген бөлімдерінің немесе олардың моделдерінің "құрғақ" ауада және табиғи мұздану жағдайларында зертханалық және стендтік сынақтары;
2) ұшақтың моделдерін немесе оның жекелеген бөлшектерін аэродинамикалық түтікте мұз имитаторларымен сынау;
3) ұшақты»құрғақ ауада ұшу сынағы;
4) ұшақты немесе оның бөліктерін табиғи мұзданудың бақылататын жағдайларында ұшу сынағы;
5) ұшақты мұз имитаторларымен ұшу сынағы;
6) ұшақты табиғи мұзданудың бақыланатын жағдайында ұшу сынағы.
73. Ұшу ақпаратын жинау жүйесі
467. Жинау жүйесі жинақтаған ұшу ақпараты ұшу оқиғаларының себептерін және олардың алғы шарттарын белгілеу мен талдауға арналған әрі авиациялық техниканың техникалық жай-күйін бағалауға, ұшақтың жүйелері мен агрегаттарының жұмыс режимін бақылауға, экипаждың іс-қимылын бағалауға арналған.
Ұшу ақпаратын жинау жүйесі құрамына:
өлшемдік ақпараттарды жинаудың борттық құралы (бұдан әрі - ӨАЖБҚ);
дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралы (бұдан әрі - ДАЖБҚ) кіруі тиіс.
Ескерту. Салмағы 10 т кем және экипаж мүшелері 2 адамнан аспайтын ұшақтар үшін ДАЖБҚ орнату бөлігіндегі талаптар ұсынбалы болып табылады.
Өлшемдік ақпаратты жинаудың борттық құралы мен дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралы ұшақты қалыпты жұмысы кезінде бақыланатын жүйелері мен жабдықтарының жұмыс қабілетін бұзбауы, ал бұл борт құралдары мен байланыс желілерінде ақау болған кезде ұшудың қиындатылған жағдайларынан гөрі нашар ахуалдарға әкелмеуі тиіс.
Ұшу ақпаратын жинау жүйесінде ӨАЖБҚ және ДАЖБҚ-ты электр қуатының авариялық көзінен ажыратып-қосуды қамтамасыз ететін құрылғы көзделуі тиіс.
Борт құралдарын қосу және ажырату автоматты, сондай-ақ қолмен жүргізілуі тиіс. Ұшу кезінде бұл борт құралдарын ажырату болмауы тиіс.
Өлшемдік және дыбыстық ақпаратты ілеспе жаңалау қамтамасыз етілуі тиіс.
Өлшемдік ақпаратты жинаудың борттық құралдары мен дыбыс ақпаратын жинау құралдары 1087-88 т. қосымшасына сәйкес сыртқы ықпал ету жағдайларында қалыпты жұмыс істеуі тиіс.
ӨАЖБҚ және ДАЖБҚ-тың қорғалған жинағыштары 1087-88 т. айтылған сыртқы ықпал жағдайларындағы ұшу оқиғалары жағдайында ұшу кезінде жиналған ақпараттың сақталынуын қамтамасыз етуі тиіс.
ӨАЖБҚ және ДАЖБҚ-тың қорғалған жинағыштары ұшу оқиғалары кезінде ақпараттың сақталуын барынша ықтималдығын қамтамасыз ететін орындарда орнатылуы тиіс.
ӨАЖБҚ және ДАЖБҚ-тың қорғалған жинағыштары ашық қызғылт-сары немесе ашық-сары түске боялып, оларда мынадай жазулар болуы тиіс:
АВАРИЙНЫЙ САМОПИСЕЦ - орыс тілінде
FLIGHT RECORDER - ӨАЖБҚ үшін
VOICE RECORDER - ДАЖБҚ үшін ағылшын тілінде.
74. Өлшемдік ақпаратты жинаудың борттық құралы
468. Өлшемдік ақпаратты жинаудың борттық құралы өлшемдердің мына топтарын тіркеуді қамтамасыз етуі тиіс:
қызметтік өлшемдер (уақыт, рейс нөмірі, ұшақ нөмірі, ұшу күні);
ұшақтың қозғалысын сипаттайтын өлшемдер;
ұшақты басқару органдарының жағдайын сипаттайтын өлшемдер;
күштік құрылғылардың жай-күйін сипаттайтын өлшемдер;
ұшақ жүйесінің жай-күйін сипаттайтын өлшемдер.
469. Өлшемдік ақпаратты жинаудың борттық құралының қорғанбалы жинақтағышы ӨАЖБҚ жұмысының кемінде соңғы 25 сағаты ішіндегі ақпаратты жинақтауын және сақтауын қамтамасыз етуі тиіс.
75. Дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралы
470. Дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралы ішкі және сыртқы байланыстар бойынша сөйлесулерді, ұшқыштардың телефонына және қатты сөйлегіштерге түсетін арнайы дабылдарды, сондай-ақ экипаж кабинасындағы ашық сөйлесулерді үздіксіз жазуды қамтамасыз етуі тиіс.
471. Дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралдарында жазбалардың кемінде төрт тәуелсіз арналары болуы тиіс.
Ақпаратты бөлуді былайша орындау ұсынылады:
1-ші арна бойынша - сол жақтағы ұшқыш (Ішкі байланыс аппаратурасын қолдана отырып);
2-ші арна бойынша - оң жақтағы ұшқыш (Ішкі байланыс аппаратурасын қолдана отырып);
3-ші арна бойынша - экипаж кабинасында орнатылған ашық микрофон (микрофондар);
4-ші арна бойынша - уақыт жазбасы.
Дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралдары жинақтаған ақпарат кемінде ДАЖБҚ жұмысының соңғы 30 минутына дейін сақталынуы тиіс.
АВС-мен жұмыс істейтін арналар бойынша сөздерді жаңғырту сапасы арнайы жерүсті құрылғыларының жаңғыртуының 95 пайызынан нашар болмауы тиіс.
76. Авариялық-құтқару жабдығы
472. Ұшақ жолаушылар мен экипаж мүшелері жарақаттануының ең аз мүмкіндігіне әкелу және ұшақтың авариялық қонуы жағдайында оларды көшіру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатындағы талаптарды қанағаттандыратын борттық авариялық-құтқару кешенімен жарақтандырылуы тиіс.
473. Адамның креслоға бекіген басы, денесі мен аяғының мүмкін болатын орналасу аймағында ұшақтың авариялық қонуы кезінде жүктеме әсерімен оған жарақат түсіруі мүмкін конструкциялар мен жабдық элементтері болмауы тиіс.
474. Ұшақтың шарықтауы мен қонуы кезінде отырған немесе ұшақтың қалыпты ұшуы, тұрған және авариялық көшіру кезінде ұшақ ішімен қозғалуы кезінде жарақат түсіруі мүмкін конструкциялар мен жабдықтардың шығып тұрған элементтерінің бұрыштары дөңестене бітуі немесе жұмсақ қамтамасыз болуы тиіс.
475. Егер ұшақ жекелеген кабиналарға (салондарға) бөлініп, олардың арасындағы өткін тар боса, онда жекелеген әрбір кабина (салон) 432-тармақтың талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
77. Креслолар мен бекітпе құралдары
476. Ұшақ бортындағы әрбір адам үшін тиісті бекітпе құралдары бар кресло (отырғыш) көзделуі тиіс.
Әрбір кресло (отырғыш), оның ұшаққа бекіткіш тораптары, ондағы адамды бекітпе құралдары мен олардың адамды бекіту тораптары (отырғышқа, ұшақ конструкциясына) жобалануы тиіс.
Бұл ретте жолаушы мен борт жолсерігінің салмағы 80 кг.-ға, ал экипаж мүшесінің салмағы 90 кг.-ға тең болуы тиіс.
Жолаушылар мен борт жолсеріктерінің креслолары (отырғыштары) ұшақ ұшуының бағыты бойынша немесе оған қарсы орнатылуы тиіс. Креслоларды ұшақтың ұшу бағытына қарсы орнату кезінде ұшақтың авариялық қонуы жағдайында адамның басына арналған тірекпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Экипаждың барлық креслолары белдік және иықтық байлау белдіктерімен жарақталуы тиіс. Экипаждың ұшу құрамының креслолары иықтық байлау белдіктерін автоматты түрде тұйықтау тетігімен жарақталуы тиіс.
Борт жолсеріктерінің креслолары кабинаның едені деңгейіндегі авариялық шығыстар маңында орналасуы тиіс.
Ескерту. Егер борт жолсеріктерінің саны кабинаның едені деңгейіндегі авариялық шығыстар санынан астам болса, онда қалған борт жолсеріктері олардың функционалдық міндеттері мен кабинадағы жолаушылардың бөлінуіне қарай кез келген басқа жолаушылар кабинасында орналасуы мүмкін.