2) кемінде 10 таблолы жолаушылар орын саны бар ұшақтарда немесе жолаушылар кабинасында биіктігі кемінде 50 мм ақ түс үстінде биіктігі кемінде 25 мм қызыл әріптермен жазу болуы тиіс. Таблоның түс үстіндегі бастапқы көрнекілігі кемінде 85 кд/м2;
3) барлық таблоларда ішкі электрлік жарықтануы немесе электрлік емес құралдар есебінен өздігінен жанатын болуы тиіс. Жазбалардың және негізгі қабырға түстері, егер табло электрлік емес құралдар есебінен өздігінен жанатын болса, қарама қарсы өзгертілуі мүмкін.
535. Жолаушылар кабинасын жалпы авариялық жарықтандыру жүйесі жолаушылар үшін бойлық өту (немесе өткіндер) және 1000 мм ара қашықтықтағы кресло шынтағы биіктігіндегі бойлық өткіндер арасындағы көлденең өткіндер осінің бойымен өлшенетін кемінде 0,55 люкс жарықтануының орташа деңгейін және әрбір 1000 мм ішкі ара қашықтық сайын кемінде 0,10 люкс жарықтану деңгейін қамтамасыз етуі тиіс.
Ескерту. Жолаушылар үшін бойлық өткін алдыңғы авариялық шығыстардан немесе жолаушы креслосынан бастап жолаушыларға арналған артқы авариялық шығысқа немесе жолаушылар кабинасының тұмсық және құйрық бөлігінде орналасуына қарай жолаушы креслосына дейінгі жолаушылар кабинасының бойлық өткіні болып табылады.
536. Көлденең өткіннен бастап авариялық шығыс ойығына дейінгі еден деңгейіндегі әрбір авариялық шығысқа бастайтын әрбір көлденең өткіннің жарықтану деңгейі еденнен 150 мм биіктіктегі орташа өткін бойынша өтетін желілерді өлшеу кезінде кемінде 0,22 люкс болуы тиіс.
537. Авариялық жарықтандыру жүйесі өз жарықтанушылығының көмекші құралдары бар жағдайларды қоспағанда, мына талаптарды ескере отырып, жобалануы тиіс:
1) ішкі және сыртқы жарықтандыру көздері экипаж кабинасынан қолмен және борт жолсерігінің жақын креслосынан (отырғышынан) жеңіл қол жеткізуге болатын жолаушылар кабинасының орнынан қосылуы тиіс;
2) ішкі және сыртқы жарықтандыру көздері жануын тоқтатпауы (олар сөнгеннен кейін) немесе электрмен жабдықтанудың мұндай үзігі тік бөлініспен немесе ұшақтың авариялық қону кезінде фюзеляждың бөлінуінен туындаған жағдайларды қоспағанда электрмен жабдықтауды қалыпты үзу кезінде автоматты түрде жану тиіс. Авариялық жарықтандыру жүйесін басқару тумблерін (немесе басқа да жетекті) абайсыз ажырату мүмкіндігінің алдын алу керек;
3) экипаж кабинасында ұшақтағы электр қорегі қосылып, ал авариялық жарықтандыру жүйесінің құрылғысы басқармасы қосылмаса жұмыс істеуі тиіс дабыл беру құрылғысы болуы тиіс.
538. Сыртқы авариялық жарықтандыру жүйесі мынадай жарықтандыруды қамтамасыз етуі тиіс:
1) әрбір қанат үсті авариялық шығыстарын:
эвакуацияланатын адам кабина сыртына бірінші қадамын жасайтын жер беті кемінде 0,32 люкске (түсетін жарыққа жапсарлас бағыт өзгерген кезде);
А типі шығысы үшін ең аз ені 1070 мм және қалған авариялық шығыстар үшін 610 мм шығыстан барынша алыс эвакуация жолының тайғанақ емес бөлігінің бойлық 30 %-ын кемінде 0,55 люкске (түсетін жарыққа жапсарлас бағыт өзгерген кезде);
адамдарды түсіру үшін көмекші құралдар қажет емес, әрбір қанат үсті шығысында, шассиі сынбай түсірілген ұшақ кезінде эвакуацияланатын адам бірінші қадамын жасайтын жер үсті кемінде 0,32 люкс (түсетін жарыққа жапсарлас бағыт өзгерген кезде);
2) шассиі сынбай түсірілген ұшақ кезінде эвакуацияланатын адам бірінші қадамын жасайтын жер үсті кемінде 0,32 люкс (түсетін жарыққа жапсарлас бағыт өзгерген кезде).
539. Адамдарды жерге түсіруге арналған көмекші құралдар ұшақтан оның жұмыс жағдайын көруге болатын түрде жарықтандырылуы тиіс.
540. Егер адамдарды түсіруге арналған көмекші құралдар авариялық жарықтандырудың сыртқы жүйесімен жарықтандырылса, онда ұшақтың қалыпты жағдайы кезінде де шассиінің бір немесе одан да көп тиісті сынығының кез келген мүмкін жағдайы кезінде де жұмыс жағдайында тұрған кемекші құралдың жердегі шеті 0,32 люкс болуы тиіс люкс (түсетін жарыққа жапсарлас бағыт өзгерген кезде).
541. Егер адамдарды түсіруге арналған көмекші құралды жарықтандыру үшін басқа көмекші құралдарды жарықтандыру үшін пайдаланылмайтын, ұшақтың авариялық жарықтандыру жүйесіне тәуелсіз және көмекші құралды жұмыс жағдайына орнату кезінде автоматты түрде қосылатын жарықтандырудың жеке жүйесі пайдаланылса, онда жекелеген жарық жүйесі:
1) көмекші құралды ұшақта жинау және орналастыру кезінде ақауланбауы;
2) жарықтандыру деңгейін қамтамасыз етуі тиіс.
542. Авариялық жарықтандыру жүйесінің әрбір элементінің электрмен жарақтанушылығы ұшақ авариялық қонғаннан кейін кемінде 10 мин бойы жарықтандырудың талап етілетін деңгейін қамтамасыз етуі тиіс.
543. Егер авариялық жарықтандыру жүйесін коректендіру үшін аккумуляторлар қолданылса, онда зарядталу тізбегі ол ақауланған кезде аккумуляторлары өздігінен отыру мүмкіндігін болдырмайтындай жағдайда ұшақтың электрмен жабдықтау жүйесінен коректенуі мүмкін.
544. Авариялық жарықтандыру жүйесінің элементтері (аккумляторлар, реле, шамдар, қайта қосқыштар т.б. қоса алғанда) ұшақтың авариялық қону кезінде жүктемелер ықпалынан кейін жұмыс қабілетін сақтауы тиіс.
545. Авариялық жарықтандыру жүйесі ұшақтың авариялық қону кезінде фюзеляждың кез келген жеке көлденең тік ажырауынан (бөлінуі) кейін:
1) фюзеляждың бөлінуі кезінде тікелей ақауланған таңбадан басқа, осы кабина үшін талап етілетін авариялық электр шамдарының көп дегенде 25 % істен шығатындай;
2) фюзеляждың бөлінуі кезінде тікелей ақауланған таңбадан басқа, шығыстардың әрбір таңбаларының электрмен жарықтануы жұмыс істеуін жалғастыра алатындай;
3) фюзеляждың бөлінуі кезінде тікелей ақауланған электр шамдарынан басқа, фюзеляждың әрбір бортына арналған авариялық шығыстардың қажет болатын сыртқы электр шамдарының ең азы біреуі жұмыс істейтіндей жағдайда жобалануы тиіс.
546. Жолаушылар кабинасында қосылған табло кезінде кез келген жолаушы креслосынан көрінуі тиіс, кемінде биіктігі 40 мм ақ түс үстінде биіктігі кемінде 20 мм болатын қызыл әріптерімен орыс және ағылшын тілдерінде немесе дайындаушы мемлекет пен тіркеуші мемлекет арасындағы келісім бойынша екі тілде жазылған «Белдік» бекітілсін. «Темекі шегуге болмайды» деген жазулары бар жанбалы табло орнатылуы тиіс.
Табло экипаж кабинасынан қосылуы тиіс.
85. Авариялық шығыстарға өткіндер
547. Жолаушы кабинасының креслолар арасындағы бойлық (креслоның мүмкін болатын кез келген жағдайы кезінде және өткінге шығатын қозғалмалы элементтері) ені 9-кестеде келтірілген мәндерден кем болмауы тиіс:
9-кесте
Кабинадағы жолаушылар орындарының саны | Өткіннің ең аз ені,мм |
Еденнен 635 мм кем биіктікте | Еденнен 635 мм және одан астам биіктікте |
10 аспайтын | 305 | 380 |
11-19 | 305 | 510 |
20 және одан көп | 380 | 510 |
548. Жолаушылар кабинасындағы бір бойлық өткіні бар ұшақтарда өткіннің әрбір жағы үшін бір қатарда үштен аспайтын жолаушылар орны (кресло, отырғыш) болуы тиіс.
Жолаушылар кабинасында екі және одан да көп бойлық өткіндері бар ұшақтарда әрбір бойлық өткінге өткіннің әрбір жағынан кез келген бір қатарға үштен аспайтын жолаушылар орны (кресло, отырғыш) тиісті болуы керек.
549. І және II типіндегі әрбір авариялық шығысқа әрбір бойлық өткіннен жолаушылар кабинасы мен көлденең өткіндер арасындағы қабырғаларда ені 510 мм болатын кедергісіз өткіндер көзделуі тиіс.
550. Әрбір өткіннен III және ІV типтерінің әрбір авариялық шығысына көлденең өткін кезделуі тиіс:
1) 19 және одан кем жолаушылар орын саны бар ұшақтарда - ені кемінде 305 мм;
2) 20 және одан астам жолаушылар орын саны бар ұшақтарда - ені кемінде 380 мм.
551. Әрбір авариялық шығыстың ойығы креслолармен (креслоның мүмкін болатын кез келген жағдайы және оның өткінге шығатын қозғалмалы элементі), отырғыштармен және басқа да шықпа элементтерімен жабылмауы тиіс.
552. Көмекші құралдармен жарақталған әрбір авариялық шығыс маңында экипаж мүшелері өткін енін азайтпай-ақ жолаушыларға көмек көрсете алатындай ені кемінде 600 мм және тереңдігі кемінде 300 мм болатынын еркін кеңістік көзделуі тиіс.
553. Жолаушылар кабинасын бөлетін ешқандай қабырғада есіктер орнатылмауы тиіс. Жолаушылар кабинасының арасындағы өткінде, егер олар ашық жағдайда бекітілетін және бұл ретте өткін ойығын жаппайтын болса партьердің болуына рұқсат етіледі.
554. Барлық өткіндердің баспалдақтары болмауы, ал еденнің жүзбелі өткіндері 5о аспауы тиіс. Өткіндер еденінің жабындары тайғанақ болмауы тиіс және үстімен адам жүрген кезде қозғалмайтындай болуы керек.
555. Егер жоғары авариялық шығыстарға өту үшін қосымша құрылғылар арналған болса, онда бұл құрылғы үнемі жұмыс жағдайында болуы немесе құралдарды т.б. қолданбай-ақ бір адамның қимылымен жеңіл және тез жұмыс жағдайына келтірілуі тиіс.
556. Ұшақтың жүктелім жағдайында авариялық қонуы кезінде кабиналардағы қол жүктерінің салдарынан авариялық шығыстар мен өткіндерді үюді болдырмау шаралары қабылдануы тиіс.
86. Қосымша авариялық-құтқару жабдықтары
557. Ұшақ әрбір жолаушылар орнына, борт жолсерігінің жұмыс орнына, асүйге, әжетханаларға және адамдар болуы мүмкін басқа да үй-жайларға анық естілетін хабарламаларды айтуды қамтамасыз ететін жолаушыларға хабарлау жүйесімен жабдықталуы тиіс.
Жүйе жұмыс орнынан экипаж кабинасына және аға борт жолсерігіне (жолаушыларды эвакуациялауға жауапты) хабарламаларды беруді қамтамасыз етуі тиіс.
558. Егер ұшақта борт жолсеріктерінің орны көзделген болса, онда ұшақ жолаушыларға экипаж кабинасы мен әрбір жолаушы кабинасының, сондай-ақ жолаушылардың негізгі кабинасының деңгейінен жоғары немесе төмен орналасқан әрбір асүй бөлігі арасындағы екі жақты байланысты қамтамасыз ететін жүктемемен қамтамасыз етілуі тиіс.
559. Байланыс құралдары мұндай орындардан кабина едені деңгейінде орналасқан жолаушылар кабинасына барлық авариялық шығыстарды бақылау қамтамасыз етілетіндей борт жолсеріктерінің жұмыс орындарының санына қарай орнатылуы тиіс.
Егер ұшақта борт инженерлер болмаса, онда жолаушылар кабинасынан экипаж кабинасына ақпаратты беру мүмкіндігі көзделуі тиіс.
559. Экипаж борт жолсеріктерін шақыру басымдығына ие болуы керек, яғни экипаж кабинасынан болатын хабарлар басқа барлық хабарларды жабуы тиіс. Байланыс желісі ұшақ тоқсызданған кезде авариялық электр қорегіне автоматты түрде қосылуы тиіс.
560. Экипаж кабинасында (жолаушылар орнының санына қарамастан) автономды қорек көзі бар бір қол мегафон дыбыс ұлғайтқыш болуы тиіс.
20 және одан астам жолаушылар орын саны бар жолаушылар кабинасында мұндай мегафон-дыбыс ұлғайтқыштар 10-кестеге сәйкес болуы тиіс:
10-кесте
Кабинадағы жолаушылар орын саны | Кабинада қажет болатын мегафондар саны |
20-99 | 1 |
100-199 | 2 |
200-299 | 3 |
300 және одан астам | 4 |
Барлық мегафон-дыбыс ұлғайтқыштар тиісті таңбамен белгіленген жеңіл қол жететін жерлерде орналасуы тиіс (кабинада борт жолсерігі болған кезде - олардың жұмыс орындарында).
561. Экипаж кабинасында (ұшақтағы жолаушылардың орын санына қарамастан) ұшу кезінде бірінші медициналық көмек көрсету құралдары бар авариялық дәрі қобдишасы болуы тиіс. Жолаушылар кабинасындағы мұндай авариялық дәрі қобдишалары 11-кестеге сәйкес болуы тиіс:
11-кесте
Ұшақтағы жолаушылар орнының саны | Талап етілетін дәрі қобдишаларының саны |
1-50 | 1 |
51-150 | 2 |
151-250 | 3 |
251 және одан астам | 4 |
Барлық дәрі қобдишалары тиісті таңбамен белгіленген жеңіл қол жететін жерлерде орналасуы тиіс (кабинада борт жолсерігі болған кезде - олардың жұмыс орындарында).
562. Шөлейт, арктикалық немесе тропикалық аудандар үстінен ұшып өту үшін ұшақта ұшу жүзеге асырылатын ауданның жағдайларына сәйкес келетін, адамдардың өмір тіршілігін қамтамасыз ету құралдары мен дабыл құралдары бар жарақты орналастыру мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.
Бұл жарақты орналастыру және бекіту үшін мақсатына сәйкес оны орналастырудың арнайы орындары айқындалуы тиіс.
563. Экипаж кабинасында бір авариялық балта болуы тиіс.
87. Су кеңістігінің үстінен ұшу кезінде авариялық-құтқару жабдығы
564. Суға мәжбүрлі қону кезінде ұшақ жүзген күйі қалып, барлық жолаушылар мен экипаж мүшелерін авариялық эвакуациялауға қажетті уақыт ішінде орнықты қалыпта қалуы тиіс.
565. Ұшақтың суға мәжбүрлі қону мүмкіндігін растау және оның жүзбелі орын өлшемдерін айқындау үшін мына тиісті зерттеулер жүргізілуі тиіс:
1) суға мәжбүрлі қону кезінде ұшақты басқару режимі мен әдістері;
2) ұшақтың жүзбелі қалпы және уақыты;
3) ватер желілер және су бетінен ұшақ орталықтамасының рұқсат берілетін диапазонындағы авариялық шығыстардың төменгі жиегіне дейінгі ара қашықтығы.
566. Су кеңістігі үстінен ұшу кезінде ұшақта мынадай авариялық-құтқару құралы болуы тиіс:
1) ұшу ұзақтығы жағалаудан 30 мин аз кезінде - жолаушылар мен экипаж мүшелерінің санына қарай ересектер мен балалар үшін жеке жүзу құралдары - құтқару кеудешелері, сондай-ақ үлгі кеудешелері болуы тиіс.
Креслода отырған адамдар тез және жеңіл алатындай мүмкіндігі қамтамасыз етілетін түрде кеудешелер жолаушылар креслоларының үстінде және экипаж бен борт инженерлердің жұмыс орындарының маңында орналасуы тиіс.
Балалар мен үлгі кеудешелерінің саны мен орналасу орындары ұшақтағы жолаушылар орнының саны мен орналасуына қарай белгіленеді.
Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің кеудешелері үлгілік бола алмайды;
2) ұшу уақыты жағалаудан 30 минуттан астам болса 1-тармақшаға қосымша:
ұшақ бортындағы барлық адамдардың орналасуы үшін жеткілікті санда, бір сал жоғалған жағдайда барынша басым сыйымдылығы бар топтық құтқару жүзу құралдары - үрмелі құтқару салдары (және оларға өмір-тіршілігін қамтамасыз ету құралдары бар авариялық қорлар);
суға қону кезінде эвакуациялауға арналған авариялық шығыстардың маңындағы орындарда (салмен бірге немесе оның жанында) орналасуы тиіс сипаттамалары бар автоматты жүзбелі радиоманарлар.
567. Құтқару салдары мен авариялық қорлар оларға жеңіл және еркін қол жеткізу мүмкіндігі және ұшақтан әрбір салды екі адамнан аспайтын адам үшін тастау мүмкіндігі қамтамасыз етілетін, сондай-ақ кездейсоқ ақаулану және ұшақ ішінде салдардың кездейсоқ үрленуін болдырмайтындай түрде суға қону кезінде эвакуацияға арналған авариялық шығыс маңында орналасуы тиіс.
Құтқару салдары ұшақтың кабинасынан тыс орналасуы да мүмкін, бұл ретте экипаж кабинасынан (немесе борт жолсеріктерінің жұмыс орындарынан) басқарылатын олардың автоматты түрде іске қосылуы және автоматты жүйе жұмыс істемей қалған кезде қолмен іске қосу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі, ал олардың орналасу орындары оларды пайдалану тәсілдерін түсіндіретін таңбамен белгіленуі тиіс.
568. Суға қону кезінде эвакуацияға арналған әрбір авариялық шығыс маңында салдарды, авариялық қорлар мен авариялық радиоманарларды ұстауға арналған доғалар (тұтқалар) болуы тиіс. Доғалар (тұтқалар) әдетте шығыс маңында орнатылуы және салдың ажыраған байлама бөлігінің құрылымын ұстау жүктемесіне шыдауы тиіс.
569. Егер ұшақта авариялық қорлардан тыс авариялық дабыл және байланыстың қосымша құралдары көзделсе, онда олар жеңіл қол жететін орындарда орналасып, бұл құралдарды пайдалану тәсілін түсіндіретін таңбамен жарақтануы (оралуы) тиіс.
88. Авариялық эвакуацияны үлгілеме көрсету
570. Авариялық эвакуацияны үлгілеме көрсеткенге дейін авариялық-құтқарудың барлық кешеніне, оның ішінде әрбір авариялық шығысқа сынақтар аяқталуы тиіс.
571. 11 және одан да көп жолаушылар орнының саны бар ұшақтарда жолаушылар мен экипаж мүшелерінің (борт жолсеріктерін қоса алғанда) барынша көп саны кезінде барлық адамдарды ұшақтан эвакуациялау 90 с ішінде болатыны көрсетілуі тиіс.
Жерүсті тұғырын немесе трапты пайдалана отырып, эвакуацияланған адам олар тұғырдың негізіне немесе траптың төменгі бөлігіне жеткен кезде олар жерде тұр деп есептеледі.
Үлгілеме көрсету мына жағдайлар кезінде жүргізілуі тиіс:
1) тәуліктің қараңғы уақытында немесе жасанды түнгі қараңғылық жағдайында тәуліктің жарық уақытында. Бұл ретте ұшақтың жердегі қалыпты жағдайы кезінде тек авариялық жарықтандыру жүйесі, фюзеляждың бір бортының авариялық шығыстары немесе авариялық шығыстардың барлық тепе-тең 50% және бұл шығыстарға арналған авариялық-құтқару жабдығы қолданылуы тиіс;
2) барлық авариялық-құтқару жабдығы ұшақтың осы типі үшін қабылданған тізбеге сәйкес белгіленуі керек;
3) әрбір сыртқы есік пен шығыс және әрбір ішкі есік немесе портьер қалыпты шарықтауға сәйкес жағдайда болуы тиіс;
4) бел және иық белдіктері бекітілген болуы тиіс;
5) жолаушылар құрамы мынадай болуы тиіс:
кемінде 40%-ы әйелдер;
5%-ы әйелдер тең санда жасы 62-тан асқан адамдар.
6) шығыстар мен авариялық жабдықтарды қолдану тәжірибесі бар адамдар үлгілеме көрсету кезінде экипаж мүшелері ретінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл адамдар шарықтау және қону кезінде ұйғарылған экипаж мүшелерінің орындарында болулары және егер бұл орын шарықтау және қону уақытында осы экипаж мүшесі үшін ұйғарылған орын болып табылмаса, ешкім де авариялық шығыстың жанында отырмауы тиіс. Олар эвакуация басталғаны туралы белгі берілгенге дейін ұйғарылған орындарында қалып, жолаушылар эвакуацияланатын авариялық шығыстар арқылы эвакуациялануы тиіс;
7) авариялық үлгілеме көрсету басталар алдында дайындық немесе жолаушыларға жаттықтыру жүргізуге тыйым салынады. Жолаушыларды авариялық шығыстардың орналасу ретімен және "Жолаушыларға арналған қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықпен" таныстыруға ғана рұқсат етіледі;
8) адамдарды қанаттан жерге эвакуациялау үшін олар бойынша түсіру жылдамдығы авариялық-құтқару жабдығының құрамына кіретін құралдар бойынша жіберу жылдамдығынан аспайтын жағдайда жерүсті тұғырын немесе трапты қолдануға болады;
9) қанат үстінде орналаспаған шығыстар арқылы ұшақтан эвакуацияланатын барлық адамдар ұшақ жабдығының бөлігі болып табылатын құралдардың көмегімен эвакуациялануы тиіс;
10) экипаж кабинасынан экипажды эвакуациялаудың үлгі көрсетімі (жолаушыларды эвакуациялаудан бөлек) осы тармақ жағдайларында көрсетілуі тиіс.
572. Авариялық эвакуация көрсетімі, егер талдау жолымен ұшақтың барлық жолаушылары 90 с аспайтын уақыт ішінде эвакуацияланатын растауға болса, бұрын эвакуация жөнінде сынақтар жүргізілген орындар санымен салыстырғанда, ұшақ саны 5% аспайтын ұлғаюы жағдайында оны қайталау міндетті емес.
89. Жолаушыларға арналған қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық
573. Ұшақтың әрбір негізгі бөлігі үшін "Жолаушыларға арналған қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық"»жасақталуы тиіс, онда:
1) құрғаққа және суға авариялық қону кезінде ұшақтан адамдарды эвакуациялау жолдары;
2) авариялық-құтқару жабдығының орналасуы мен таңбалануы және фюзеляждың ашылу орындары;
3) авариялық шығыстардың орналасуы және оларды ұшақ ішінен, қажет болған кезде ұшақ сыртынан ашу тәсілдері;
4) үрмелі құтқару кеудешелері, қажет болған кезде қажетті басқа да топтық және жеке құтқару жүзу құралдары;
5) үрмелі авариялық траптарды және басқа да барабар құралдарды іске қосу мен оларды эвакуация үшін пайдалану тәсілдері;
6) жолаушылар креслоларының немесе оларды орналастыру аймақтары мен олар арасындағы өткіндердің орналасуы;
7) қажет болған кезде оттегі бет бүркемелерінің орналасуы мен пайдалану тәсілдері көрсетілуі тиіс.
90. Ұшақтың технологиялығын пайдалану.
Пайдалану құжаттамасы
574. Талаптар ұшақтың барлық жүйесіне қатысты болады.
575. Ұшақтың конструкциясы мен оның жүйелері пайдалану құжаттамасында көзделген барлық жұмыстарды орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
576. Бұйымдарды (штуцерлер, құбыр-өткізгіштер, коммуникация ажыратпалары т.б.) таңбаға сәйкес оларды бұрыс монтаждау, жинау және техникалық қызмет көрсету кезінде реттеу мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
577. Пайдалану құжаттамасы номенклатурасы, ресімделуі және мазмұны бойынша ұшақтың сертификацияланған типіне және техникалық пайдалану ережелерін айқындайтын жалпы мақсаттағы құжаттарға сәйкес болуы тиіс.
578. Пайдалану құжаттамасында айтылған нұсқаулар мен ұсынымдар дәл жасақтауы және оларды екі жақты түсіну мүмкіндігіне жол бермеуі тиіс.
91. Материалдар және технология
579. Ұшақты, оның жүйелері мен агрегаттарын дайындау үшін қолданылатын материалдар пайдаланудың күтілетін жағдайларын ескере отырып, таңдалған және олар үшін белгіленген Нормаларға сәйкес болуы тиіс. Таңдалған материалдар оларға тағайындалған ресурс пен қызметтің күнтізбелік мерзімі ішінде деталдар мен конструкция элементтері жұмысының сенімділігі мен ұзаққа шыдауын қамтамасыз ететін механикалық, тоттануға қарсы, тұрпаттық және басқа да қасиеттерін сақтауы тиіс.
580. Ұшақ конструкциясы элементтерін дайындаудың технологиялық процестері тұрақты және пайдаланудың күтілетін жағдайларында белгіленген ресурстар мен қызмет мерзімі шегінде жұмыс қабілетіне әсер ететін деталдар мен тораптар сипаттамаларының тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс.
581. Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің кабиналарындағы конструкциялық және металл емес сәндік-әрлеу материалдары қиын жанатын немесе өздігінен сөнетін болуы тиіс. Жалын ықпалы кезінде уытты өнімдердің елеулі көлемін шығаратын материалдарды қолданбау қажет.
582. Кабиналардағы сәндік-әрлеу, конструкциялық металл емес материалдарды және ауа баптағыштар жүйесін пайдалану процесінде кабиналардағы ауа құрамы бойынша талаптан асатын көлемде зиянды өнімдер шығармауы тиіс.
583. Шынылауды дайындауға арналып қолданылатын материалдар қауіпті жарқыншақтарды құрамауы тиіс. Кенеттен мөлдір бола алатын материалдар экипаж кабинасын шынылау үшін пайдаланылмауы тиіс.
92. Ұшақты атмосфералық электрден (найзағайдан
электрлік-статикалық зарядтан) қорғау
584. Ұшаққа атмосфералық электрлік ықпал ұшу кезінде авариялық немесе апаттық жағдайға әкелмеуі тиіс.
Осы бөлімнің талаптарына сәйкес сынақтар және есептер жолымен тиісті айғақ құжаттар көрсетілуі тиіс.
Найзағай ықпалына сынақтар мен есептеу ұшаққа электрлік разрядтардың ықпал етуі жағдайда жүргізілуі тиіс, олар:
Жоғары тоғы кемінде 200 кА, алдыңғы қасбеті 1011 А/с және кемінде 4 К көшпелі зарядпен серпіндік құрауды;
Кемінде 200 А теракты жасақтама тоғымен және кемінде 200 К көшпелі зарядты қамтуы тиіс.
585. Найзағай тоқтарының өтуі мүмкін ұшақ конструкциясының метал элементтері жалпы электрлік массаға жалғануы тиіс. Конструкцияның бұл элементтерін жалғаушы өткізгіштер мыстан жасалған, кемінде 6 мм көлденең қимасы, ал басқа материалдан жасалған жағдайда барабар өткізгіштігі болуы тиіс. Конструкция элементтерінің арасындағы жалғасу орындарындағы қарсылық қозғалмайтындар үшін - 600 мкОм аспауы қозғалмалы бекітпелер үшін 2000 мкОм аспауы тиіс. Ұшақ құжаттамасында бұл өткізгіштердің орналасу схемасы немесе бақылау нүктелері мен бақылау нүктелерінің арасындағы барынша рұқсат етілетін қарсылық шамасы көрсетілген металдану қарсылығының кестесі ұсынылуы тиіс.
586. Ұшаққа найзағай ықпалы нәтижесінде сынуы авариялық немесе апатты жағдайға әкелуі мүмкін сыртқы металл емес бөліктердің (мысалы диэлектрлік немесе сәндік материалдардан жасалған конструкциялар шынылану т.б.) қорғау құрылғылары болуы тиіс.
Ұшақтың отын жүйесі мен бактері ұшаққа найзағай ықпалының нәтижесінде өрт немесе жарылыс мүмкіндігі болмайтын түрде орындалуы тиіс, бұл үшін:
1) бактер қанат ұшынан кемінде 500 мм қашықтықта орналасуы;
2) алюминий қорытпасынан жасалған сыртқы қабырға, кессон-бактер қалыңдығы кемінде 2 мм; бактердің басқа да материалдардан жасалған ішкі жақтарында отын буын тұтатуға қабілетті ыстық нүкте болмауы тиіс;
3) бак ішінде ұшқы болмауы тиіс.
588. Дренаж жүйесі мен отынды ағызу жүйесінің тесіктері оларда отын қоспасын тұтатуға қабілетті түбірлі разрядтардың пайда болмайтын түрде орналасуы тиіс.
589. Ұшақ корпусынан найзағай тоғы өткен кезде авариялық немесе апаттық жағдайға әкелуі мүмкін жұмыс істеу жүйелері мен құрылғыларында сыну немесе жалған іске қосылу оқиғалары болмауы тиіс.
590. Ұшақта қабат нысанындағы бұл арасында және жауын-шашында ұшқан кезде радиоэлектрлік жабдықтың қалыпты жұмысын бұзбай, электрлік-статикалық зарядтардың түсуін қамтамасыз ететін шаралар (электрлік-статикалық разрядтауыштар, жабын, бекітпе т.б.) көзделуі тиіс.
591. Ұшақтың жалпы салмағын тізбектік жерге қосу кезінде ЖҚҚ-нен автоматты түрде қосылуы тиіс, бұл ретте жерге қосу құралының қарсылығы 107 Ом аспауы тиіс.