ұшақтың пайдалану шарттарын бақылау және олардың кезекті тағайындалған ресурсты белгілеген кезде қабылданған шарттарға сәйкестігі қамтамасыз етіледі.
50. Әуе винтін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша нұсқаулар
307. Жалпы нұсқаулар.
Шыдамдылық жағдайлары бойынша әуе винтінің қауіпсіздігі винтті жобалаудың, әзірлеу мен пайдаланудың мынадай негізгі кезендерінде бағаланған болуы тиіс:
жобалау процесінде (шыдамдылықтың перспективалық бағасы);
зауыттың ұшу сынақтарының басталуы алдында (оларды жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін);
зауыттық мемлекеттік және пайдалану сынақтары аяқталғаннан кейін (жаппай пайдалану үшін алғашқы тағайындалған ресурсты белгілеу);
бұрын белгіленген тағайындалған ресурсты әзірлеу шарасы бойынша жаппай пайдалану процесінде (кезеңдер бойынша дәйекті, конструкциялардың жүктемелігі мен оның төзімділік сипаттамасы жағдайлары туралы мәліметтердің шынайылығына орай жаппай пайдалану үшін тағайындалған ресурстардың ұзартылған мәндерді белгілеу.
Әуе винтін анықтау кезінде мынадай түрде көрінген сенімділік коэффициенттерінің жүйесін пайдаланған жөн:
қолданыстағы жүктеменің (кернеулердің) амплитудалары көбейтілуі тиіс no кернеулері бойынша запастары;
төзімділікке арналған сынақтардың ең жаман нәтижелеріне сәйкес келетін ресурстың мәні бөлінуі тиіс nN=n1n5 ұзақтықтың қоры.
Төзімділік пен өлшенген жүктемелердің (кернеулердің) сипаттамаларының шашырандылығын ескеретін no сенімділік коэффициентінің мәні 20-суретте келтірілген кесте бойынша n конструкциялары үлгілерінің төзімділікке сыналғандарының ішінен байланысты айқындалуы тиіс. no қоры көрсетілген шамалары қаралатын конструкциялардың төзімділік сипаттамасын шашыраңқылық бағасының, жасаудың үлкен мәні кезінде қисық төзімділіктің өзгеру сипаттамасының және ұшу кезінде өлшенген ауыспалы жүктеменің (кернеудің) деңгейінің тұрақтылық дәрежесінің негізінде нақтылануы мүмкін. Әуе винтінің қалағы үшін осы сенімділік коэффициентінің ең аз маңызы no=1,3 мөлшepiмeн шектеледі.
Төзімділікке арналған сынақ бағдарламасын құрастырған кезде және ресурсты бағалаудың есептік әдістерін пайдаланған кезде дәлсіздікті есепке алатын n1 сенімділік коэффициентінің шамасы n1=2,0 тең қабылдануы тиіс. Аталған n1 сенімділік коэффициентінің шамасы бойынша да, олардың ic-әрекетінің реттілігі бойынша да жүктеменің (кернеудің) қайталанушылығын көрсететін төзімділікке арналған сынақ бағдарламаларын жүргізген жағдайда азаюы мүмкін.
Әуе винтінің металл қалақшалары үшін бастапқы тағайындалған ресурсты орнатқан кезде пайдаланудан болған төзімділік сипатының мүмкін нашарлану мүмкіндігін ескеретін n5 сенімділіктің қосымша коэффициенті енгізілуі тиіс. Осы сенімділік коэффициентінің шамасы қалыпты пайдалану жағдайларында n5=3,0 тең қабылдануы тиіс. n5 аталған сенімділік коэффициентінің мәні пайдаланудағы және бұрынғы пайдаланудағы пысықтауға ие әуе винтінің қалақшаларының төзімділігіне арналған сынақтар бойынша салыстырмалы деректер негізінде нақтылануы мүмкін. Пысықталған құлақшалар үлгілерінің саны жердегі мен ұшудағы пайдалануда және бұл ретте туындайтын зақымданулардың үлгілік жағдайларын сипаттау үшін жеткілікті болуы тиіс.
20-сурет.
308. Шыдамдылықтың перспективті бағасы.
Әуе винт шыдамдылығының перспективті бағасы есептен шығарғанға дейін ресурсы бойынша төзімділік пен берілген талаптарға сәйкес қамтамасыз етуге қатысты оның құрылымының әлеуетті мүмкіндіктерін анықтау мақсатында жобалау сатысында жүргізілуі тиіс. Жобалау сатысында әуе винтінің құрылымдық элементтерінің кернеулік жағдайын бағалау үшін жүктемені ұшудың барынша сипаттық режимдері үшін анықтаған жөн. Үлгілік ұшудың ұсынылып отырған кестесі туралы бұл ретте пайдаланылатын деректерді тапсырыс берумен келісім бойынша ұшақтың типіне және тағайындалуына байланысты таңдаған жөн.
Әуе винті конструкциясы элементтерінің шыдамдылығына сипаттама ұқсас конструкциялардың, оның ішінде пайдалануда әзірлеумен бірге әуе винттері элементтерінің шыдамдылығына арналған сынақтардың нәтижелері бойынша жинақталған деректердің, негізінде айқындаған жөн. Жекелеген жағдайларда кернеулердің мүмкін болатын шоғырлануын есепке ала отырып, конструкцияның қаралатын элементі сияқты дәл сондай материалдан зертханалық үлгілердің шыдамдылығына арналған сынақтардың нәтижелері де пайдаланылуы мүмкін.
309. Зауыттық ұшу сынақтарын жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жүктеменің бірлескен талдауы мен шыдамдылыққа сынақтардың нәтижелерінің негізінде зауыттық ұшу сынақтарын бастаудың мүмкіндігі туралы мәселені шешу үшін қажетті деректер алынған болуы тиіс.
Мықтылығы бойынша материалдардан басқа бұл ретте мыналар:
әуе винті конструкциясы элементтерінің төзімділігіне арналған сынақтардың нәтижесі.
Ескерту. Егер әуе винттерінің немесе конструкциясы элементтерінің төзімділігі туралы конструкция бойынша да, оларды әзірлеу технологиялары бойынша да қаралатын сияқты жеткілікті ұқсас деректер бар болатын болса, мұндай сынақтар жүргізілмеуі мүмкін;
қарқынды ұксас модельдер мен әуе винтінің стендтік сынақтарында, сондай-ақ ұқсас құрылымдағы әуе винттерін сынақтан өткізу кезінде тензометрлеу нәтижелері;
зауыттық ұшу сынақтары бағдарламасының ерекшеліктерін есепке алатын (сынақ бағдарламаларының толық және жекелеген режимдердегі ұзақтығы, ұшудың жалпы саны және т.б.), жүктеменің (кернеудің) қайталануын бағалау жөніндегі материалдар пайдаланылуы тиic.
Зауыттық ұшу сынақтары барысында әуе винттарын тензометрлеу жүргізілуі тиіс.
310. Алғашқы тағайындалған ресурсты белгілеу.
Әуе винтінің алғашқы тағайындалған ресурсын белгілеу мынадай деректердің:
зауыттық ұшу сынақтары кезінде әуе винттарын тензометрлеу нәтижелерінің;
Тапсырыс берушінің ресурстарды алғашқы тағайындау сәтінде берген материалдардың негізінде қажеттілігі жағдайында анықталған үлгілік ұшудың кестесінің;
әуе винті конструкциясы элементтерінің төзімділігіне арналған сынақтардың нәтижесінің негізінде белгіленуі тиіс.
Ескерту: Алғашқы тағайындалған ресурсты белгілеу үшін шыдамдылыққа әуе винтінің кемінде 10-15 қалағын сынақтан өткізу ұсынылады.
311. Шыдамдылыққа сынақ әуе винті конструкциясының қаралатын элементіне қолданылатын жүктеменің жиынтықтығына жүргізілуі тиіс. Мұндай сынақтарды жүргізу мүмкін болмаған кезде сынақтар кезінде конструкцияға қолданылмайтын жүктемелердің беріктігіне әсері сенімді түрде бағалануы тиіс.
Төзімділікке арналған сынақтар жүктемесіне қосымша сипаттама бойынша екі типті болуы тиіс:
Бағдарламалық сынақтар (көпсатылы);
Жүктеменің (кернеудің) тұрақты теңселу шегінде сынақтар.
312. Жүктемелердің (кернеулердің) теңселу шегінің спектрін бағалау кезінде циклдің тиісті орташа жүктемелері (кернеулері) кезінде теңселу шегінің зауыттық ұшу сынақтары кезінде қаралатын режимдерде барлық өлшенгендерді ескерген жөн.
Бастапқы тағайындалған ресурсты белгілеумен бip уақытта құлақшалардың жоғары жағдайы және әуе винтінің конструкциясының басқа элементтері үшін бақылау, оның ішінде инструментальдық бойынша ұсынымдар әзірленуі тиіс.
51. Ұшақтың конструкциясы мен жүйелері
313. Осы Норманың 51-92 тараулар талаптары ұшақтың мынадай функционалдық:
басқару;
шасси;
дөңгелектерді тежеу;
гидравликалық және пневматикалық;
тыныс-тіршілік (герметикалық кабиналар, кабинадағы қысымды реттеу, кондиционерлеу, оттегі жабдығы);
мұздануға қарсы;
ұшу ақпаратын жинау;
атмосфералық электрден ұшақты қорғау жүйелеріне қолданылады.
Талап сондай-ақ ұшақты апатты қорғау, конструкцияны пайдалану технологиялығына, конструкциялық материалдарға, жолаушылар кабиналары мен багаж-жүк бөлігіне қолданылады.
314. Ұшақтың, оның жүйелері мен агрегаттарының конструкциясы 2-баптың жалпы талаптарына сәйкес келуі тиіс.
315. Осы Норманың 51-92 тарауларында айтылған талаптар пайдаланудың күтілетін жағдайларында қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте, агрегаттардың, функционалдық жүйелердің жұмыс қабілеті ұшу кезінде және жерде ұшақты пайдалану процесінде ұшақта орын алатын сыртқы әсер етулер жағдайында қамтамасыз етілуі тиіс.
316. Тұрба құбыры, агрегаттар және жүйенің басқа да элементтері:
Барлық бекіту тетіктерін нығыздау құралдарымен қамтамасыз етілуі;
пайдалану құжаттамасына сәйкес қосылыстардың қажетті герметикалығын қамтамасыз ететін арматурамен біріктіруі тиіс.
317. Тұрба құбыры өткізгіштерінің және ұшақтың функционалдық жүйелерінің олардың элементтері:
1) белгіленген ресурстың осы тұрба құбыры үшін белгіленген шекте ұшақты пайдаланудың күтілетін жағдайында тұрба құбыры мен олардың элементтеріне әсер ететін жүйенің жұмыс денесінің қысымы мен пульсацияларынан, дірілінен, монтаждың және температуралық кернеуінен жүктеменің қалыпты герметикалығынан жоғалтусыз шыдауға;
2) герметикалыққа, нығыздыққа (нықтауға) және беріктікке сынаққа ұшырауы тиіс.
Олардың бас тартуы ұшу жағдайларын күрделілендіруден де нашар жағдайға алып келуі мүмкін жекелеген тұрба құбырларының және олардың элементтерінің шаршауына сынақ ұшақты нақты пайдалануда жұмыс істейтін жүктемелерге негізделуі және жүйенің жұмыс денесінен жүктемені және сыртқы жүктемені ескеруі;
3) белгіленген ресурстың шыдамдылығына расталған есеп және (немесе) сынықтар болуы;
4) ұшақтың конструкциясымен, оның жылжымалы элементтерімен кепілді саңылауды қамтамасыз етуі, сондай-ақ тұрба құбырының мүмкін болатын деформациясын өтейтін элементтері болуы тиіс.
318. Олардың icкe қосылуы тepic салдарларға (ерекше жағдайға) алып келуі барлық құрылғылар олардың кездейсоқ icкe қосылуынан қорғалуы тиіс.
319. Дистанциялық басқару және бақылау, оларды орналастыру және жөндеу мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
басқарылатын объектілердің жұмысын бақылау;
ұшудағы басқарудың қарапайымдылығы;
ҰПБ көзделген кез келген жұмыс режиміне функционалдық жүйенің көшу мүмкіндігі;
сенімді жұмыс істеуі.
320. Ұшақ кабиналарындағы шу экипажға зиянды әсер eтуі тиіc емес. Ұшу жағдайында экипаж мүшелерінің арасында өз орындарындағы анық сөйлесу байланысы қамтамасыз етілуі тиіс.
321. Электрэнергиясын тұтынатын функционалдық жүйелер немесе олардың элементтері (қабылдағыштар) талаптарға сәйкес болуы тиіс.
52. Ұшақты басқару жүйелері
322. Осы Норманың 39, 40, 41-тарауларында ұзына, көлденең және тік осьтерге қатысты ұшақты басқару жүйелеріне, беріктік пен басқарушылықтың сипаттамаларын жақсарту, ұшақты теңгермесі жүйелеріне, сондай-ақ қанаттың механизациясын басқару жүйелеріне қойылатын талаптар жазылған.
323. Басқару жүйелерінің функционалдық, статистикалық және динамикалық сипаттамаларына қойылатын жалпы талаптар. Басқару жүйесі 3-бөлімнің талаптарына сәйкес пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы ұшақтың басқарушылығы, тұрақтылығы және маневрлік сипаттамасын қамтамасыз етуі тиіс. Пайдалану шектеуінен ұшақтың қасақана шығуы немесе өздігінен шығуы кезінде (тіптен шекті шектеулерге жеткенге дейін) ҰПБ режимінде көзделген ұшақтың қайтуына кедергі келтіретін басқару жүйесі сипаттамасының мұндай нашарлауы болуы тиic емес.
324. Басқару жүйесі 3-бөлімнің талаптарын орындауды, жүктемелер мен дірілдерді басқару жүйесіне әсер етуді ескере отырып, қамтамасыз ететін статикалық және динамикалық сипаттамалары болуы тиic.
325. Басқару жүйесі беріктікке қатер төндіретін және (немесе) ұшып-қонуды қиындататын ұстап қалуларсыз, автотербелістерсіз және қауіпті дірілдерсіз қалыпты жұмыс істеуі тиіс.
326. Фюзеляждың, қанаттардың, механикалық басқарудың қауырсындану және жүргізудің деформациясы басқару органдарын ауытқыту және олардың тиімділігі жөніндегі қордың төмендеуіне немесе пайдаланудың күтілетін жағдайларында және ic жүзінде мүмкін болмайтынға жатқызылған функционалдық бас тартулардың әсер eтуі кезінде басқару жүйесінің қысқа мерзімді ұстап қалуларын тудыратын қордың төмендеуіне алып келуі тиіс.
57. Басқару жүйесінің сенімділігі
327. Басқару органдарындағы бас тарту кезінде, оның ішінде, қозғалтқыштар мен өзара ic-әрекет жасайтын жүйелердің, басқару жүйесінің бас тартуы кезінде 49-тараудың талаптарына сәйкес 322-тармақта тапсырылған функцияларды орындауды қамтамасыз етуі тиіс. Төменде жазылған талаптар қосымша орындалуы тиіс.
328. Ерекше келісілген механикалық ұстап қалу, ажырату және бұзу типінің бас тартуларын қоспағанда, өзара ic-әрекет жасайтын жүйені қоса, баскарудың әрбip арнасында (тангаж, қисаю, бағыт) кез келген бip бас тарту қаралады. Тұрақтылықтың, басқарудың және маневрліктің сипаттамасынан осындай бip бас тартудан кейін осы қалыпты ұшу үшін 16-19 тарауларда белгіленген шектерде қалуы тиіс.
329. Ic жүзінде төтенше жағдайға жатқызылмаған eкі дәйекті бас тартулардың кез келген комбинациясы қаралады. Осындай екі бас тартулардан кейін тұрақтылықтың, басқарушылықтың және маневрліктің сипаттамасының осындай нашарлауына жол беріледі, бұл ретте, басқа режимдерге қауіпсіз көшу және оны қауіпсіз аяқтауды қоса, осы режимдердегі ұшақтың ұшуын жалғастыру қамтамасыз етіледі. Бұл ретте, апаттыдан нашар жағдай туындауы тиic емес.
330. Егер мұндай бас тарту ic жүзінде мүмкін eместігі көрсетілмесе, басқару жүйелерінің жылжымалы элементтерін кез келген ұстап қалу, ажырату немесе бұзу қаралады. Егер қаралатын бас тарту «ic жүзінде мүмкін емеске» қарағанда неғұрлым жиі санатқа жатқызылған жағдайда апаттыдан жаман емес жағдаят жағдайында ұшуды аяқтау мүмкіндігі сақталатынын көрсетілуі тиіс.
331. Бас тартулар мен сынақтарды талдау негізінде мыналар айқындалуы тиіс:
олардың ұшақтың қозғалысы кезінде жасайтын тұрақтылығы, басқарушылығы және наразылық білдіру сипаттамасына және басқару жүйесінің сипаттамасына бас тартулардың әсер ету деңгейі;
бас тартуларды самғау үшін қажетті экипаждың ic-әрекеті;
әpтүpлі бас тартулар кезіндегі ұшулардың қауіпсіз режимдері саласында.
332. Талаптарды орындау үшін мыналар ұсынылады:
резервтеуді қолдану, олардың кезінде мыналар қамтамасыз етіледі: функционалдық жүйені, агрегатты, элементті тәуелсіз кіші жүйелерге бөлу, ұқсас функцияларды орындайтын элементтер; кіші жүйелердің, элементтердің, агрегаттардың бөлігі бас тартқан кезде тапсырылған функцияларды жүйенің, агрегаттың, элементтің орындау қабілеті; басқару жүйесінде бас тартулардың болуы кезінде ұшу қауіпсіздігі артатын басқа режимдерге көшудің мүмкіндігі;
ұшақ белгілеген шектеулердің асуын тудыруы мүмкін және экипаж самғауы болуы мүмкін емес басқару жүйелерінің шығуында кіші жүйелердің, агрегаттардың, наразылық білдіру элементтерінің бас тарту сәтінде туындауы мүмкіндіктерін болдырмау;
мыналарды қамтамасыз ететін бақылау жүйесін қолдану: ұшу алдындағы тексеру уақытында бақылау жүйелерінің жай-күйін бақылау; қажеттілік кезінде - бас тартқан кіші жүйелерді, элементтерді, агрегаттарды автоматты үзу; басқару жүйелеріндегі бас тарту туралы дабыл құралдары арқылы және қауіпті бас тартулардың әсер eтуі жағдайында ұшақтың қонуы жөніндегі экипажға нұсқаулықты берудің қажеттілігі кезінде экипажды қажетті хабарландыру;
басқару жүйелері элементтерінің, әсіресе, «жалпы нүктелер» жүйесінде құралатын элeмeнттepдің жоғары ceнімділігін қамтамасыз ету.
333. Олардың бас тартуы апаттыдан нашар жағдайға алып келуі мүмкін жылжымалы қосылыстар мен тетіктердің бөлшектері үшін тозулардың шекті шамалары айқындалуы және пайдаланудағы тозу шамасын бақылау құралдары мен әдістері көзделуі тиіс.
54. Бустерлік басқару
334. Ұшақта бустерлік басқаруды қолдану кезінде белгіленген талаптарды орындау қамтамасыз етілуі тиіс.
335. Бустерліксіз басқаруға көшусіз болмай қоймайтын бустерлік басқару ұшақтарында басқару органдары күш тетіктерін қоректендіру тәуелсіз гидравликалық немесе электрлік кіші жүйелерден жүзеге асырылуы тиic.
Кем дегенде бір кіші жүйе басқару жүйелерінің гидравликалық агрегаттарын ғана қоректендірумен қамтамасыз eтуіне ұсыным беріледі.
Қоректендіру жүйесінің өлшемдері қоректендірудің кем дегенде кез келген екі кіші жүйесінің бас тартуы кезінде ұшақтың ұшуы мен қонуы қамтамасыз етілетіндей жолмен таңдалуы тиіс.
Ұшақ қозғалтқыштарындағы гидравликалық және электр қоректендіру көздepiн тарату кез келген қозғалтқыштың бас тартуы кезінде қоректендіру жүйелерінің ең аз санының бас тартуын ескере отырып, орындалуы тиіс.
Барлық қозғалтқыштардың бас тартуы кезінде ұшақты басқару талаптарға сәйкес қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте, ұшақты басқару үшін электр және (немесе) гидравликалық қоректендіру қамтамасыз етілмесе, онда қозғалтқышпен байланысты емес қоректендірудің апатты көздері қарастырылуы тиic.
336. Ұшақта бустерлік жүйенің бас тартуы кезінде апатты бустерлік басқаруға көшумен болмай қоймайтын бустерлік басқаруды қолдану кезінде мыналар қамтамасыз етілуі тиіс:
бас тартуға алып келетін ұшудың ic жүзіндегі өзгеріссіз режимінен 20 -10 с бойы сақтау;
апатты бустерліксіз басқаруға жол беретін ұшу режиміндегі ұшақты көшіру мүмкіндігі;
қажеттілік кезінде жетек пен жүктеме құрылғысын синхронды тоқтату;
көшу сәтінде штурвалда және педальдарда туындайтын барынша күш-жігерлерді сенімді шектеу.
Осы Норманың 123-тармағында керсетілген күш-жігерлерден аспайтын жұмыс істемейтін күш жетегі кезіндегі үйкеліс пен демпфированиядан штурвал мен педальдардағы күш-жігер.
55. Ұшақтың тұрақтылық, басқарушылық сипаттамаларын жақсарту және шектеулі режимдерді шектеу жүйелері
337. Тұрақтылық пен басқарушылықтың сипаттамаларын жақсартудың және шекті режимдерді шектеудің автоматты жүйелерін ұшақта қолдану жағдайында олар талаптарға жауап беруі тиіс.
Ұшудың қауіпсіздігі автоматты жүйелерсіз қамтамасыз етілуі мүмкін емес жағдайда бұл жүйелердің бас тартуы ic жүзіндегі ойлап болмайтын оқиғаларға жатуы тиіc.
338. Басқару тетіктері мен органдарына әсер ететін шекті режимдерді шектеу жүйелерін ұшақта қолдану жағдайында бұл жүйелердің бас тартуы жағдайында оларды ұшқыштың «көшіруі» мүмкіндігі көзделуі тиіс, бұл ретте, көшіру күш-жігері Осы Норманың 121-122 тармақтар талаптарын ескере отырып таңдалуы тиіс.
56. Теңгеру жүйесі
339. Триммерлік тетіктерді жылжыту жылдамдығы мен диапазондары, қол және автоматты теңгерме (автопилотка жатпайтын) жүйелерінен басқарылатын және ауыстырылатын тұрақтандырғыш мәндермен шектелуі тиic, олар мыналармен қамтамасыз етіледі:
ұшқыштың ұшақтың қалыпты, қозғалыссыз самғауы;
басқарылатын және ауыстырылатын тұрақтандырғышпен триммерлі тетіктермен басқару жүйелеріндегі кез келген бас тарту жағдайында ұшудың жағдайлары күрделілендірілгенге қарағанда нашар жағдайдың туындауы мүмкіндігін болдырмауы.
Триммерлік тетіктерді немесе тұрақтандырғыштың шеткі жағдайда бас тарту кезінде оларды басқару жүйeлepiнің, оның ішінде, шеткі жағдайда олардың жылжуын тудыратын жүйелердің бас тартуы кезінде егер триммерлік тетіктер мен тұрақтандырғышты жылжыту диапазондары бip ұшқыштың бас тартуы самғаумен қамтамасыз етілсе, триммерлер мен тұрақтандырғышты басқару жүйелерінің мұндай бас тартуы ic жүзінде ойға қонбайтын оқиғаларға жатуы тиic.
57. Басқарудың электрдистанциялық жүйесі
340. Ұшақтың рөлдерімен электрдистанциялық басқару конструкциясы талаптарға жауап беруі тиіс. Осы Норманың 52-53 тараулар талаптарын орындауды қамтамасыз етпейтін басқарудың электродистанциялық жүйесі механикалық басқарумен резервтелуі тиіс.
341. Электродистанциялық басқарудан механикалық резервтің басқаруға көшу кезінде басқару тетіктеріндегі күш-жігердің шамасы осы НОРМА-де көрсетілгеннен аспауы тиic. Бұл ретте, апатты жағдайдың туындау мүмкіндігі болмауы тиіс.
342. Егер, ол механикалық басқарумен резервтелмесе, басқарудың электрдистанциялық жүйесінің электрлік қоректендіруі толық (тіптен қысқа мерзімді) тоқсыздануын болдырмайтын резервтелуі болуы тиic.
343. Әлсіз ток дабылдарын пайдаланатын басқарудың электрдистанциялық жүйесі (егер ол механикалық резервтелмесе) әртүрлі сыртқы әсер етулердің жағдайында (мысалы, электрмагниттік өpic, статикалық разрядтар, найзағайлардың, дірілдердің соққысы және т.б.) жұмыс қабілетін сақтауы тиic.
58. Тежегіштің жалғасқанатша, алғақанатша және аэродинамикалық құралдармен басқару жүйелері
344. Тежегішті жалғасқанатша, алға қанатша және аэродинамикалық құралдармен басқару жүйесі талаптарға сәйкес келуі тиіс. Жалғасқанатша мен алға қанатша жағдайларының көрсеткіштері және (немесе) сигнализаторларын жалғасқанатша мен алға қанатшаларды басқару тұтқасының жанында орналасуына ұсыным беріледі. Көрсеткіштерде ұсынылатын жағдайлардың белгілері болуы тиіс.
345. Жалғасқанатша мен алға қанатшалардың жылдамдығы оларды шығару мен жинау кезінде ерекше жағдайдың туындауы мүмкіндігін болдырмайтын мәнмен шектелуі тиіс.
346. Қарама қарсы қанаттардағы жалғасқанатша мен алға қанатшалардың қозғалысы егер, олардың симметриялық емес ауытқуы кезінде ерекше жағдай туындаса, синхронизациялануы тиic. Синхронизация құралдарын қолдану кезінде жалғасқанатша мен алға қанатшалардың симметриялық емес ауытқуына алып келетін синхронизация құралдарында кез келген бас тарту кезіндегі апаттыдан нашар жағдай туындауының мүмкіндігін болдырмайтын шараларды көздеуі тиic.
347. Бұл жүйелердегі бір немесе eкі дәйекті бас тартулар кeзіндeгі тeжeгіштepдің жалғасқанатша, алға қанатша және аэродинамикалық құралдарымен басқару үшін электродистанциялық жүйелерін қолдану кезінде апаттыдан нашар жағдайға алып келетін басқару үстіндегі өздігінен ауытқу болуы тиіс емес.
59. Басқару жүйелерінің элементтері
348. Басқару жүйесінің тетіктерін, тартқыштарын, тростарын, шынжырларын және басқа да бөлшектерін орналастыру басқа бөлшектермен олардың жанасуын және ұшақтың конструкциясы элементтерімен басқару жүйесінің жылжымалы бөлшектерінің сүйкелісі, сондай-ақ жүйеге бөгде заттардың түсуі мүмкіндігі болмауы тиіс. Механикалық басқару жетектері элементтерінің ажыратылу мүмкіндігін болдырмайтын шаралар көзделуі тиіс.
349. Рөлдермен, элерондармен, интерцепторлармен және тұрақтандырғыштармен басқару жүйелерінде винттік кесудің ұзындығы мен тростар мен реттелетін тартқыштар тендерлерін бұрау тереңдігін бақылау мүмкіндігі көзделуі тиіс.
350. Тростық жүйелер пайдаланудың күтілетін жағдайында оларды жылжытудың барлық жұмыс диапазондарындағы тростарды тартудағы өзгерістер ұшақты басқарудың сипаттамаларын нашарлатпайтындай жобалануы тиіс.
351. Тростық жүйенің роликтері мен барабандары тростардың үзілуінің алдын алатын қорғау құрылғыларымен жабдықталуы тиіс. Әрбір ролик роликтің ребордына тростың сүйкелісін болдырмау үшін +3о аспайтын шектегі тростың жалпақтығында орналасуы тиіс.
352. Басқару органдарының шеткі жағдайлары есептік жүктемелерге шыдайтын бекітпелермен шектелуі тиіс. Басқару органдарының ауытқу бұрыштарының шектеушілері рөлдік беттің жанында немесе бустерлерде орналасуы тиіс.
353. Егер ұшақтың жерде оны қою кезінде рөлдерді, элерондарды және тұрақтандырғышты кідірту үшін құрылғысы (басқарылатын және ауыстырылатын тұрақтандырғыш кезінде) болса, кідіртілген рөлдермен, элерондармен және тұрақтандырғышпен ұшақтың ұшу мүмкіндігі, ұшудағы құрылғыны өздігінен енгізу болмауы тиіс. Рөлдерді (мысалы, струбициндарды) кідіртудің сыртқы құрылғыларын қолдану жағдайында кідіртілген рөлдермен ұшақтың ұшуын болдырмайтын шаралар қабылдануы тиіс. Тұрақтағы жел қозғалысы кезінде қайтып айналмайтын бустерлік басқарудағы рөлдік беттерді демпфирлеу әдетте, күш жетектерімен қамтамасыз етілуі тиіс.
354. Басқару жүйесінің конструкциясы техникалық қызмет көрсету кезінде бұрыс монтаждаудың, құрастырудың және реттеудің, сондай-ақ бұрыс жұмыс істеудің мүмкіндігін болдырмайтындай болуы тиic.
355. Ұшақтың басқару жүйесін пайдаланудың мәлімделген күтілетін жағдайларында жұмыс icтеу жағдайларынан белгіленген ресурс жұмыс icтеу қабырғаларындағы сынақ зертханаларының нәтижелері бойынша орнатылуы тиіс. Сынақ зертханаларының бағдарламалары жүйелердің жұмыс icтеу жағдайын ескеруі тиic.
60. Ұшақтың шассиі
356. Ұшақтың шассиі пайдаланудың мынадай күтілетін жағдайларында қамтамасыз етуі тиіс:
1) қозғалуы, жылдамдауы, жүргізілуі маневрленуі және сүйретуі кезінде ұшақтың басқарушылығы;
2) тапсырылған класстағы аэродромдардың ВПП-ға 180о-қа ұшақтың бұрылу мүмкіндігі;
3) жүргізілуі, қозғалуы және жылдамдауы кезінде туындайтын серпіндік жүктемелердің амортизациясы.