48. Конструкцияның тозу беріктігінің шарттары бойынша ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
294. Ұшақ конструкциясы пайдалануда қайталанатын жүктеме мен температураның әсерімен апаттың ахуалға тікелей әкелуі мүмкін белгілі бір оның зақымдалатын уақыты (тағайындалған ресурс) ішінде барынша мүлтіксіз болуға тиіс.
Ұшақтың тиісті конструкциясын жасаумен қатар, осы талаптарды қанағаттандыру өндірістік-технологиялық әзірлеу және жөндеу процестерімен, техникалық қызметтермен және белгіленген ережелерді әpi шарттарды сақтаумен қамтамасыз етілуге және есептеу нәтижелерімен, нақты пайдалану шарттарын, соның ішінде әсер ететін жүктемелерді зерттеумен, төзімділігі мен өміршеңдігін (зақымдану қауіпсіздігін) зертханада сынау нәтижелерімен және осы үлгідегі ұшақтарды және (немесе) осыған ұқсас үлгідегі ұшақтарды пайдалану тәжірибесімен расталуға тиіс.
Ресурстарды анықтаған кезде конструкцияның тозу әcepi мен температураның, коррозияның, сондай-ақ уақытпен, пайдалану және сақтау шарттарымен байланысты конструкцияға тән басқа да өзгерістердің әсерінен туындайтын конструкцияның беріктік қасиетінің азаю мүмкіндігі ескерілуге тиic. Пайдалану процесінде конструкцияның қажу беріктігінің төмендеуіне (коррозия, тозу, кездейсоқ механикалық зақымдалулар) әкелетін бақылаудағы факторлардың анықталуын қамтамасыз ететін конструкцияның жай-күйін жиі-жиі бақылау жүзеге асырылуға тиic.
295. Ұшақ конструкциясының ресурсы конструкциялық элементтердің ресурсы бойынша анықталады. Оның қирауы немесе зақымдарының пайда болуы апаттық ахуалға тікелей әкеп соқтыруы мүмкін. Ұшу қayiпciздігіне тікелей қауіп төндірмейтін конструкция элементтерінде бұзушылықтар немесе зақымдар барлық конструкцияда ресурстарды орнату кезінде назарға алмауға болады.
Егер пайдалану процесінде ауыстырылуы мүмкін конструкцияның жекелеген элементтері үшін өз ресурсы болса, конструкция үшін жалпы ресурстарды осы элементтердің ресурстарын ескермей орнату керек.
296. Есептер мен тәжірибенің негізінде орнатылатын конструкция орнының қажу беріктігі бойынша қауіпті ұшақтың жеткілікті төзімділігін қамтамасыз ету жобалау сатысында-ақ (талап етілетін ресурс ескеріле отырып) көзделуге тиіс. Бұл ретте тиісті материалды таңдауға, конструкцияның жалпы кернеулігіне, кернеу концентрациясын барынша азайту мүмкіндігіне, конструкцияның элементтерін әзірлеу және оларды жинау технологиясының ұтымдылығына, дайындалатын өнімнің сапасын бақылау жүйесінің сенімділігіне , сондай-ақ тиісті сындарлы-технологиялық ic-шараларды пайдалану негізінде төзімділікті барынша арттыруға назар аударылуы тиic.
Ic-шаралардың тиімділігі жекелеген сындарлы элементтердің (түйіндер, жапсарлар, панельдер, бөліктер және басқалар) төзімділігін зертханада сынаумен тексерілуге тиic.
297. Ұшақты жобалау кезінде негізгі қуатты конструкцияның өміршеңдігін (қауіпсіз бүліну) қамтамасыз ететін шаралар көзделуі тиіс, атап айтқанда:
мүмкіндігінше ұшақты пайдалану процесінде, әсіресе кернеу концентрациясы жоғары жерлерде және қажу бүлінулері туындауы ықтимал аймақтарда конструкцияның қуатты негізгі элементтерін тексеру немесе аспап арқылы бақылаудан өткізу жағдайы қамтамасыз етілуге тиіс;
тексеру (аспап арқылы бақылау) кезінде қалдық беріктік пен конструкцияның қаттылығы бүлінуді біртіндеп тапқан сәтке дейін ұшақты пайдалану қауіпсіздігі жеткілікті болу үшін ықтимал қажу бүлінулерінің барынша баяу даму мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс;
Пайдалану процесінде тексеру (аспап арқылы бақылау) үшін қол жетпейтін не қажу бүлінулерінің тиімсіз жоғары даму жылдамдығымен сипатталатын конструкцияның орындары үшін, сондай-ақ қажу бүліну қауіпті әуесерпінді құбылыстарға (флаттер, дивергенция және т.б.) әкеп соқтыруы мүмкін орындар үшін.
298. Жобалау процесіндегі жұмыс нәтижелері бойынша ұшақпен конструкцияның қажу беріктігін есептік бағалау және қажу беріктігі пайда болу мүмкіндігін болжау негізінде талап етілетін ресурсты өңдеу мен шарттарына (ic-шараларына) талдау жүргізілуге тиic.
299. Қажу беріктігінің шарттары бойынша конструкцияның қауіпсіздігі ұшақты пайдаланудың мынадай кезеңдерінде расталады:
1) бастапқы тағайындалған ресурсты орнату кезінде тұрақты пайдалануды бастар алдында;
2) бұрын орнатылған ресурсты әзірлеу шамасы бойынша пайдалану процесінде; бұл ретте конструкцияның жүктелу шарттары мен оның қажу беріктігінің сипаттамасы туралы шынайы мәліметтерді арттыру, пайдалану шарттарын анықтауды талдау және есептеу негізінде және пайдалану тәжірибесінің жинақталуына қарай тағайындалған ресурстың (ресурсқа дейін есептен шығарғанға дейін) ұлғайтылған мәнін біртіндеп (кезең-кезеңмен) орнату жүргізіледі.
Бастапқы тағайындалған ресурстың және есептен шығарылғанға дейін ресурстың мәні күтілетін пайдалану жағдайында көрсетілгендерге сәйкес келуге тиіс.
300. Тағайындалған ресурстарды орнатудың барлық кезеңіндегі жұмыстың нәтижелері бойынша Орындаушы мен Тапсырысшы белгіленген тәртіппен пайдалану және жөндеу құжаттамасына тиісті нұскаулар мен ұсынымдар енгізуге міндетті.
301. Негізгі ұғымдар:
ресурс - пайдаланудың басынан немесе оның пайдалануды тоқтатқанға дейінгі немесе тоқтатқаннан кейінгі жөндеуден соң жаңғыртылуының жұмыс icтeуі;
жұмыс icтeуі - ұшу кезіндегі сағаттарда, ұшулар/қонулар санында немесе басқа бірліктерде көрсетілетін ұшақты ұшуда және жердегі жағдайларда пайдалану ұзақтығы;
шектік жағдайы - оның одан әpi пайдаланылуы қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан немесе белгіленген шектердегі өлшемдердің, өзгеруінен немесе пайдалану тиімділігін жол берілгеннен төмен азайтудан тоқтатылуы мүмкін конструкцияның жағдайы;
тағайындалған ресурс - қол жеткізген кезде пайдалану оның жағдайына қатыссыз тоқтатылуы тиіс ұшақтың суммарлық жұмыс істеуі;
есептен шығарғанға дейінгі ресурс - шектік жағдаймен пысықталған пайдаланудың басынан оны есептен шығарғанға дейінгі ұшақтың ресурсы;
зақымдану - одан соң белгілі бip шама жүктемесіне төтеп бере алатындай мүмкіндігі сақталатын жартылай бұзылулар; тоза бастаған зақымданулар - тозудан туындаған зақымдалулар;
тоза бастау - қасиеттерінің өзгеруіне, сызаттардың пайда болуы мен дамуына әкелетін ауыспалы жүктемелік жұмыс істеулер әрекетінде конструкцияның (элементінің, материалының) зақымданулардың біртіндеп жиналуы процесі;
тоза бастаған беріктік (тозуға төтеп бергіштік) - тоза бастауға төтеп беретін конструкцияның (элементінің, материалының) қасиеті;
шыдамдылығы - конструкцияның (элементінің, материалының) тоза бастаған зақымданулардың пайда болуы мен дамуына төтеп беретін қасиеті (тоза бастаған зақымданулар пайда болғанға дейінгі кезеңдегі шыдамдылық, тоза бастаған зақымданулар дамыған кезеңдегі шыдамдылық;
тоқтаусыз жұмыс icтeуі - конструкцияның (элементінің, материалының) зақымданулар болғанда оның ішінде тоза бастаулар) беріктігін сақтап қалу қасиеті;
қалдық беріктік - зақымданулар бар болғандағы конструкцияның (элементінің, материалының) беріктігі;
қауіпсіз зақымданулар - қалдық беріктігі жол берілген деңгейден төмен азайтпайтын конструкцияның зақымдануы;
шыдамдылығына сынақтар - конструкцияға ауыспалы жүктемелерді көп мәрте қосымша беру жолымен шыдамдылықтың сандық сипаттамаларын экспериментальді айқындау;
тоқтаусыз жұмыс icтеуіне сынақтар - жартылай зақымдалған конструкцияның қалдық беріктігін экспериментальді анықтау;
шыдамдылық шарттары бойынша пайдалануға жіберілетін жол берілген жұмыс icтeуі - шектерінде қауіпсіздіктің (тоза бастаған зақымданулардың болуымен сипатталатын, қалдық беріктігі жол берілген деңгейден азайтатын жағдайын болдырмау) қажетті деңгейі конструкцияны арнайы қараусыз қамтамасыз етілетін жұмыс icтеуі;
тоқтаусыз жұмыс істеуді есепке ала отырып пайдаланудағы жол берілген жұмыс icтеу - шегінде қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету зақымданулардың болуымен сипатталатын, қалдық беріктігі жол берілген деңгейден азайтатын жағдайға бағытталған конструкцияны арнайы қарауды талап ететін жұмыс icтеу;
тоза бастаған зақымдау - есептік тәсілмен (мысалы, тоза бастау зақымдануын суммирлеудің желілік гипотезасын пайдалана отырып) айқындалатын тоза бастау шарасының шарты.
49. Тағайындалған ресурсты белгілеу
302. Ұшақ конструкциясының жазғы сағаттар санымен және ұшулар санымен немесе жұмыс icтeу циклдері санымен көрсетілетін тағайындалған ресурсы мыналардан аспауы тиic:
Конструкцияның шыдамдылығы шарттары бойынша пайдалануға жол берілген жұмыс істеуді;
не конструкцияның тоқтаусыз жұмыс icтеуін (қауіпсіз зақымдануын) есепке ала отырып пайдаланылған жол берілген жұмыс icтеу.
303. Конструкцияның шыдамдылығы шарттары бойынша пайдалануға жол берілген жұмыс істеулерді айқындау.
Конструкцияның шыдамдылығы шарттары бойынша пайдаланудағы жол берілген жұмыс істеу жалпы конструкцияның шыдамдылығын зертханалық сынақтардың және (немесе) шыдамдылыққа жүктеме беру шарттары бойынша және мүмкін болатын әлсіз жерлерді ұстап тұру конструкцияны жалпы сынаулар шарттарына жақындайтын нәтижелерінің негізінде айқындалады.
Шыдамдылыққа сынақтар пайдаланудағы қаралатын конструкцияның тиісті сыртқы әсер етулерге және жүктемелерге, сыртқы әсер етулер мен ауыспалы жүктемелер жиынтығында жүргізіледі. Осындай сынақтарын жүргізу мүмкін болмағанда конструкцияға қоса берілмейтін жүктемелер және (немесе) сыртқы әсер етулер тиісті түрде бағалануы тиіс.
Шыдамдылыққа сынақтарға мыналар тартылады.
Қанат, оның ішінде элерондар, жабылғыштар, қанат алдылары және қанатты тетіктендіретін басқа да элементтер;
Қанатты басқару құралдары (стабилизатор, киль, биіктік пен бағыттау рөлдері);
Герметикалық кабинасы және оны шыныландыратын элементтері бар фюзеляж;
шасси, оның ішінде дөңгелек және тежегіш;
Ұшақты басқару жүйесі;
қозғалтқыштар астындағы қондырғы.
Ескерту: 1. Шыдамдылыққа сынақтарға конструкцияның сонымен қатар басқа да бөліктері, негізгі қуатты схемасына кipeтін агрегаттар мен құрылғылар, егер олардың ұшудағы немесе жердегі қозғалысы кезіндегі бұзылулары тікелей ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін болса, тартылуы тиіс.
2. Конструктивтік элементтердің (панелдердің, тораптардың және т.с.) сынақтарының нәтижелерін есепке алатын оңтайлы есептік-экспериментальдік әдістермен шыдамдылық сипаттамаларын айқындау кезінде осы әдістер түзету коэффициентінің ауқымды факторды және натурлық конструкцияның және үлгінің жүктемелі-бұзушылық жағдайына сәйкес дәрежесін есепке ала отырып айқындалатын мәңгіліктілігіне негізделген шамадан тұруы тиіс.
3. Шыдамдылық сынақтарына статикалық сынақтардан өткен конструкциялар жіберілмейді.
Шыдамдылық сынақтарының бағдарламасы ауыспалы жүктемелер шамасының және жүктеме беру циклдерінің санының үйлесімі ресурсқа әсер eтуі мүмкін пайдалану жағдайында орын алған жүктеме берудің барлық режимдерін бейнелеуі тиіс.
Егер сынақтар бағдарламасы жүктеме сатыларының шектелген санымен конструкциялардың жүктеме беруін көздейтін болса, онда таңдалынған сатылар сипаттамалары тоза бастаған зақымданудың барынша үлкен үлесін енгізетін жүктемелер режиміне мүмкіндігінше жақын сәйкес болуы тиіс.
Бұл ретте тиісті есеппен конструкциялар орындарының тоза бастаған беріктігі бойынша қауіпті орындар үшін сынақтар және пайдалану кезіндегі жүктемелер арасында тоза бастаған зақымдану даму кезеңіндегі мәннен тоза бастаған зақымдану туындағанға дейінгі кезеңдегі шамалардың мүмкін болатын айырмаларын, сондай-ақ пайдалану шарттарының мүмкін болатын шашыраңқы өлшемдерін есепке ала отырып баламалар айқындалуы тиіс.
Ескерту. Сынақтар мен шамалар баламалары пайдалану тәжірибесінің және шыдамдылық зертханалық сынақтары нәтижелерін салыстырмалық талдауының және ұшақтар паркінің техникалық жағдайы бойынша деректердің негізінде нақтылауға тартылуы тиіс.
Шыдамдылыққа сынақтар бағдарламасы мыналарға негізделуі тиіс:
1) буксирлеу режимін, ұшуға рулмен бағыттауды, жерде қозғалтқыштарды байқап көруді, жүгіруді, биіктік жиынын, крейсерлік режимдегі ұшуды, төмендетуді, қонуға кірісуді, жүгіруді және тұраққа қарай бұруды, олардың ұзақтығын (созылуын) және көрсетілген режимдердің әрқайсысын сипаттайтын басқа өлшемдер жиынын есепке ала отырып қоса алғанда үлгілік ұшулар (немесе оларды жүзеге асырудың бірлескен қатыстық үлестерімен үлгілік ұшулар жиыны);
2) ұшудың әрбір биіктіктерін және ұшақты пайдаланудың тиісті трассаларының әртүрлі географиялық аудандарын есепке ала отырып атмосфералық турбуленттілікке әсер етуден туындаған жүктемелердің қайталануы;
3) осы үлгідегі ұшақты пайдалану шарттарымен және ережелерімен байланысты маневрлік жүктемелердің қайталануы;
4) повторяемости нагрузок при посадке, при работе двигателей и при движении по земле (буксировка, руление, разбег, пробег);
5) қанат тетіктері құралдарын және ұшақты ауада және жерде тежеудің әртүрлі тәсілдерін пайдалану кезінде, сондай-ақ әртүрлі тектегі автоматикалық құрылғыларды қолдану мен ұшыру кезінде жүктемелердің қайталануы;
6) қалыпты пайдалану процесіндегі және жөндеуден кейінгі ондағы ауаны сығулар кезінде герметикалық кабинадағы артық қысымның қайталануы.
Ескерту. 1. Жалпы конструкцияны немесе оның жекелеген бөліктерін сынаулар бағдарламасы, сонымен қатар мынадай түрдегі жүктемелерді есепке алуы тиіс: винт ағынынан немесе реактивті қозғалтқыштан, аэросерпінді қысымнан жоғары жиілікті жүктемелер, конструкцияны біркелкі емес қыздырудан жүктемелер, дөңгелектердің жайсыздығынан жүктемелер және басқалары, егер де жүргізілген талдаудың немесе қолда бар тәжірибе негізінде осы жүктемелер қарастырылатын конструкцияның ресурсына әсер eтуі мүмкін болса.
2. Қуатты конструкцияның жылжымалы элементтерінің шыдамдылығына сынақтар кезінде (шығару және шассиді, жабылғыштарды және басқаларын жинау жүйесі) егер жүргізілген талдаудың немесе қолда бар тәжірибенің негізінде тең бөлінулерде тозу мен тот басудың әсерін, осы әсер елеулі болуы мүмкін екендігі белгіленсе қозғалыстың кинематикасымен байланысты жүктемеліліктің өзгерістерін есепке алу мақсатында ауыспалы жүктемелер мен қозғалыстардың қажетті үйлесімі жүзеге асырылуы тиіс.
Бip бағдарлама бойынша бірегей конструкцияның зертханалық сынақтары кезінде алынған шыдамдылықтың тиісті сипаттамаларына пайдалануға жіберілетін жүктеме сынақтар циклдерінің (блоктарының) n орташа санының суммарлық коэффициентімен айқындалады.
Ескерту: әртүрлі бағдарламалар бойынша сынақтар нәтижелері болған кезде бірыңғай бағдарламаға тиісті қайта есептеуден кейін пайдалануға жол беріледі.
Сенімділіктің n суммарлық коэффицентінің шамасы мынадай айқындалады:
n=n1n2n3n4
Осы шығармаға кіретін коэффициенттер саны төменде келтірілген нұсқамаларға сәйкес қолданылады.
Сынақтар бағдарламасы құрылымының пайдаланудағы нақты жүктемелер сипаттамасының шыдамдылығына сәйкестігі деңгейін есепке алатын n1 коэффициентінің шамасы мыналарға тең қабылданады:
n1=l,0 сынақтар бағдарламасы кезінде олардың шамасы бойынша да, сол сияқты олардың әрекетінің бірізділігі бойынша да пайдалануда қайталанатын жүктемелердің жиынтығын бейнелейтіндер жеткілікті түрде толық кездеседі;
n2=1,5, пайдалануда қайталанатын жүктемелер жиынтығы бұл ретте тиісті есептік әдістерді пайдалану арқылы жүктемелердің тұрақты амплитудасымен шартты циклдердің сынақтар бағдарламасында бірізділікке кетірілуі.
Ескерту. Егер тұрақты амплитудасы бар жүктемелер циклі оның тоза бастаған зақымдануын айқындайтын конструкцияның сипатты жүктеме алуын барынша көрсететін болса n1 коэффициентінің шамасы тиісті негіздеме болғанда 1<n1<1,5 диапазонында қабылдануы мүмкін.
Бұзу қаупінің деңгейінің есепке алатын коэффициент шамасы:
n2=1 тең қабылданады, егер сынақтар және (немесе) есеппен тоза бастаған өзінің бастапқы дамуында тоза бастаған зақымдану ұшудан кейінгі тексеру кезінде және (немесе) техникалық қызмет көрсетудің барынша аз кезеңдігіндегі регламенттерді жүргізу кезінде тиімді табылуы мүмкін екендігін көрсетсе.
n2= 1,2 барлық қалған жағдайларда.
n3 коэффициентінің ұшақта қолданылатын жүктемелердің қайталануы туралы деректерді есепке алатын шамасы мыналарға тең қолданылады:
n3= 1,0, пайдалану салыстырмалы үлкен кезеңі үшін ұшақтың осы түрінде алынған (немесе қарастырылатынға жақын өлшемдері бар ұшақтың атмосфералық турбуленттілігінің сипаттамалары үшін) және пайдаланудың ерекшеліктерімен, географиялық шарттарымен, трассаның ұзартылуымен және т.б. байланысты жүктемеленудегі мүмкін болатын айырмашылықтар есепке алынған жүктемелердің қайталануы туралы тиімді экспериментальдік материалдар пайдаланылса.
n3=1,5, егер ұшақтардың жекелеген топтарының немесе даналарының жүктемеленудегі мүмкін болатын айырмашылықтарының талдауынсыз жүктемелердің қайталануы туралы орташаландырылған экспериментальдік материалдар пайдаланылса.
Ескерту. Жүктемеленудегі мүмкін болатын айырмашылықтар деңгейіне қатысты n3 арнайы талдаудың нәтижeлepi бойынша 1<n3<1,5 диапазонында қабылдануы мүмкін.
n3=2, егер оңтайлы есептік әдіс негізінде алынған жүктемелердің қайталануы туралы материалдар пайдаланылса.
Ескерту. Жүктемелердің қайталануының оның асыра көтерілген мәнінде бағалау тәсілін пайдалану кезінде коэффициент шамасы n3=1. шамасына дейін төмендеуі мүмкін.
Шыдамдылықтың қасиеттерінің азаюын есепке алатын n4, коэффициентінің шамасы сыналған бірдей конструкцияның санына қатысты 3-кестеге сәйкес қабылданады.
1-ескерту. 1. Шыдамдылыққа сынау кезінде оң және сол конструктивтік элементтер бірдей болып есептеледі.
2-ескерту. Егер сынақтар кезінде Nmax циклдердің (блоктардың) барынша саны бірдей жағдайда қол жеткізу кезінде Nmin минимальдігіне қатынасы (тоза бастаған зақымдануды тапқанға дейін белгілі бip шамаға зақымданудың туындауына дейін, жекелеген конструктивтік элементтердің толық немесе жекелей бұзылуына дейін) 4-кестеде келтірілген мәннен аспаса, сынақталатын конструкциялардың саны ұлғайтылуы тиіс. Конструкциялар санын ұлғайту мүмкін болмағанда, сондай-ақ олардың санының алтыдан жоғары ұлғайту қажет болғанда n4коэффициентін орналастыру арнайы талдау нәтижелері бойынша жүргізіледі.
3-ескерту. Егер бірдей конструктивтік элементтер бірдейлік жағдайға дейін келтірілмеген болса (тоза бастаған зақымдану пайда болғанға дейін, шаманы айқындаудың зақымдануы туындағанға дейін, жекелеген конструктивтік элементтерінің толық немесе жартылай бұзылуларына дейін) циклдердің (блоктардың) орташа санын айқындау және 4.3-кестеге сәйкес коэффицентті таңдау арнайы талдау нәтижелері бойынша жүргізілуі тиіс.
3-кесте
Үлгілер саны | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
n4 | 5,0 | 4,0 | 3,5 | 3,2 | 3,1 | 3 |
4-кесте
Кестелер саны | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Nmax/Nmin | 1,4 | 1,7 | 1,9 | 2,1 | 2,3 |
Егер шыдамдылығына сынақтар кезінде қандай да бip конструктивтік элемент бұзылса немесе зақымданса, онда оны жаңамен ауыстыруға немесе зақымдалған жеріне жөндеу жүргізуге тура келеді; зақымдану табылғаннан кейін ауыстырғанға (жөндеуге) дейін зақымданудың даму деңгейін айқындауға дейін жүктемелендіруді жүргізу ұсынылады. Сынақтар конструкцияның басқа бұзылған жерлерін табу және жөндеу тиімділігін тексеру үшін жалғастырылуы тиіс. Бұл ретте ауыстырылған немесе жөнделген конструктивтік элементтің жұмыс icтеуі оның сынақтарының басынан бастап, ал қалған конструкциялар - сынақтардың суммарлық көлемі бойынша есептеледі.
Ескерту. Егер ауыстыру немесе жөндеу қалған конструкциялардың элементтеріндегі жүктемелі жағдайдың елеулі өзгерістерін туғызса, бұл өзгерістер эквиваленттердің шамаларын нақтылауға сәйкес есепке алынатын болады. Мұндай есеп мүмкін болмағанда немесе тиімсіз болғанда осындай элементтердің одан әpi сынақтары есептелмеген ретінде танылады.
304. Конструкцияның тоқтаусыз жұмыс icтеуін (қауіпсіз зақымдануын) есепке ала отырып пайдаланудағы жол берілген жұмыс істеуді айқындау.
Тоқтаусыз жұмыс icтеуін (қауіпсіз зақымдануын) есепке ала отырып пайдаланудағы жол берілген жұмыс icтеуді айқындау конструкцияның шыдамдылық есептеріне сәйкес келетін жалпы шыдамдылығы мен тоқтаусыз жұмыс істеуіне зертханалық сынақтардың, сондай-ақ жүктеме беру және бекіту шарттары бойынша конструкцияны жалпы сынақтарының шарттарына жақындайтын тоқтаусыз жұмыс icтеуге зертханалық сынақтар негізінде айқындалады.
Тоқтаусыз жұмыс icтеуге зертханалық сынақтар (ақаудың қауіпсіздігі) оның тоза бастаған зақымдануы немесе жекелеген конструктивтік элементтердің ішінара (толық) бұзылуы мүмкін болған кезде қалдық беріктік ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаманы сақтайтындығын растау мақсатында жүргізіледі. Тоқтаусыз жұмыс icтеуге зертханалық сынақтар кезінде пайда болған зақымдардың орны мен деңгейі конструкцияның нақты үлгісіне және конструкциялардың ұшу жарамдылығын бақылау мен пайдалануда күтілетін ауыспалы жүктемелердің әсер етуінен зақымдалулардың даму жылдамдығын есепке ала отырып, пайдалануда зақымдауларды тауып алу мүмкіндігіне байланысты айқындалады.
Ең төменгі жол берілетін қалдық беріктік конструкцияның зақымдалмаған бөлігіне қатысты зақымданудың (бұзылудың) барынша қолайлы емес орналасуы мүмкін жағдайда Рр - зақымдалмаған конструкцияның қаралатын орнын қажетті беріктігін анықтайтын жүктемеліліктің тиісті жағдайының есептік жүктемесі болатын 0,67Рр бастап Рр дейін диапазонында жүктемеге сәйкес келуі тиіс. Әpбip нақты жағдайдағы жүктеменің, шамасы арнайы талдаудың негізінде айқындалады.
Фюзеляждің герметикалық бөлігі үшін мынадай жағдайлар қаралуы тиіс:
Шамасы көрсетілген диапазоннан жоғары және рdaaeca кабинасындағы артық қысымнан қабылданатын жүктеме жағдайындағы жүктемелердің үйлесімі;
үлгілік ұшулардың ішінен барынша қолайсыздықтарын орындау кезінде крейсерлік биіктікте көлденең ұшуда туындайтын Рyeca
=1,15рdaaeca кабинасындағы пайдаланушылық артық қысымның үйлесімі.
Ескерту: шаманың негіздемелік сараптамалық материалдарының бар болуы кезінде n4 сенімділік коэффициенттері тоза бастаған зақымдауды дамыту сатысы үшін 2-кecтeciндe көрсетілгендермен салыстырғанда төмендетілуі мүмкін.
Тоза бастаған зақымдаулардың туындаған орнын болуы мүмкін өзара орналастырудың қосымша талдауы бар болған кезде техникалық жағдайы бойынша пайдалануға рұқсат берушілікті көрсететін пайдаланудағы зақымданулардың даму жылдамдығы мен оларды тауып алудың сенімділігі n=2 қарағанда аз коэффициенттің мәні ретінде ерекше қабылдануы мүмкін.
Tөзімділік пен сақталғыштыққа зертханалық сынақтар аяқталғаннан кейін конструкцияның жағдайына толық тексеру жүргізілуі тиіс, оның ішінде сынақ процесінде табылуы қиын немесе мүмкін болмайтын тоза бастаған зақымдауларды анықтау мақсатында ажыратылмайтын қосылыстарды бөлшектеу (ажырату) арқылы, бақылаудың инструментальды әдістерін пайдалану арқылы.
305. Алғашқы тағайындалған ресурсты белгілеу.
Бастапқы тағайындалған ресурсты орнату сәтіне қанағаттанарлық нәтижелерімен жүргізілген ұшақтың төзімділігіне арналған зертханалық сынақтардың көлемі есептен шығарғанға дейін кемінде бip реттік ресурсқа (сенімділіктің коэффициентінсіз) сәйкес келуі керек.
Ұшақты болжанып отырған пайдалану жағдайларында жүктеменің шамасы және олардың қайталанушылығы ұқсас типтегі ұшақтар бойынша материалдар, пайдалану жағдайындағы болжам нәтижелері, жүргізілген ұшу сынақтары мен есеп айырысулар процесінде жүктемелерді өлшеу бойынша деректер негізінде айқындалады.
306. Тағайындалған ресурстардың ұлғайтылған мәндерін белгілеу.
Тағайындалған ресурс ретімен (кезең бойынша) мыналардың:
ұшақтар паркін пайдаланудың сипаты мен жағдайын нақтылау;
арнайы ұшу сынақтарының нәтижелері бойынша ұшақ агрегаттарының жүктемелігін қажет болған кезде нақтылау;
осы типтегі ұшақтың ұшу кезіндегі ауырлық орталығында жүктемеліктің қайталанушылығы бойынша статистиканы жинақтау;
нәтижелердің, қажет болған жағдайда төзімділік пен сақталғыштыққа (зақымданулардың қауіпсіздігі) қосымша зертханалық сынақтар, оның ішінде пайдаланудағы нобайы бар конструкциялардың;
осы типтегі ұшақтардың пайдалану тәжірибелері негізінде бастапқы немесе кезекті тағайындалған ресурсты әзірлеу шамасына қарай ұлғаяды.
Тағайындалған ресурстар шегіндегі пайдаланудың қауіпсіздігі барлық парктің және ұшақтардың бастапқы рейстерінің топтарының тәжірибесімен бақылануы тиіс. Бас топтардың ұшақтары ретінде нобайы бойынша қалған парктен барынша асып түсетін ұшақтар тағайындалуы тиіс. Бас ұшақтардың саны мен топтарының құрамы әpбip ұшақтың типі үшін нақты белгіленуі тиіс.
Бас топтың әpбip ұшағында жоғары көлемде және үздіксіз оны пайдаланудың шарттарын есепке алу жүргізілуі тиіс, сондай-ақ штаттық базада және олар орнатылған жағдайда арнайы құралдардың жүктемелік жағдайы белгіленуі тиіс.
Бас топтардың ұшақтарында бірінші кезекте техникалық жағдайды бағалаудың барынша тиімді әдістері, оның ішінде конструкциялардың тұтастығының бұзылмайтын бақылауының жаңашыл құралдары пайдалануы тиіс.
Ұлғайтылған тағайындалған ресурстарды тағайындаумен бip уақытта белгіленген ресурстар шегінде ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттары айқындалған және нақтыланған болуы тиіс, ал оның ішінде:
пайдалану және жөндеу кезінде жүйелік бақылауға жататын конструкцияның орны, сондай-ақ осы ic-шаралардың мерзімдері (кезеңділігі) көрсетіле отырып, конструкцияны ауыстыру және пысықтау тізімі айқындалған болуы тиіс;