Алдыңғы әйнектердің беріктігін сондай-ақ С жағдайына тексерген жөн. Бұдан басқа, А' және "тынықсыз ауада ұшу" жағдайларында экипаж кабинасы шамдарының беріктігі шамның көлденең қиылысы жүктемені симметриялы емес бойынша үлестіру кезінде тексерілуге тиіс. Бұл ретте, шамның бір жартысынан алу, ал басқасына симметриялы үлестіру кезінде шамның бір жартысына келетін жүктеменің 10% қосқан жөн.
Ескертулер. 1. даланудың оң қысымының шамасы экипаж кабинасының ішінде сиретілу мүмкіндігі есебінен 0,3qmaxmax-ке көбейтілуге тиіс.
2. Егер шам фюзеляждің конструкциясы күштік бөлігінің жұмысына іске қосылса, оның беріктігі қауіпсіздіктің тиісті коэффициенттерімен фюзеляжді жүктеудің барлық жағдайларына тексерілуге тиіс.
Герметикаланған кабиналар.
Герметикалық кабинадағы ең жоғары қысым.
Герметикалық кабинадағы ең жоғары пайдалану қысымды pэизб=1,15рклизб тең, бірақ кемінде 1,3 ррабизб алған жөн, мұндағы рклизб - шығарушы сақтандырғыш клапан-автоматтың ашылуына сәйкес келетін артық қысым;
ррабизб - кабинадағы ең жоғары артық жұмыс қысымы.
Гермитикалыққа фюзеляждарды сынақтан өткізген кезде (жаңаларды да, жөндеуден кейін де) нығыздау қысым ең жоғары пайдалану қысымнан аспауға тиіс.
Герметикалық кабинаның ішінде сиретілу.
pэразр= -0,3qmaxmax, бірақ кемінде 4900 Па (500кгс/м2) алған жөн.
Герметикалық кабинаның беріктігін:
1) кабинаның ішінде pэизб =1,15ррабизб артық қысымның және неғұрлым қолайсыз ұшу жағдайларында пайдалану жүктемелердің (оның ішінде кабина мен шамның сыртқы бетіне аэродинамикалық күштердің) әрекетінен ұшақтың бір бөлігіне сияқты герметикалық кабинасына келетін күштердің бірлескен әрекетіне;
2) pэразр кабинасында сиретілу және 25%-ке кемітілген пайдалану жүктемелердің (оның ішінде кабина мен шамның сыртқы бетіне аэродинамикалық күштердің) әрекетінен ұшақтың бір бөлігіне сияқты герметикалық кабинасына келетін неғұрлым күштердің бірлескен әрекетіне тексеру қажет.
pэразр=-0>22qmaxmax, бірақ кемінде 4900 Па (500кгс/м2) алған жөн.
Ұшақта қысымның (сиретілудің) кері күрт түсуін шектейтін сенімді әрекет етуші жүйесі болған кезде рэразр ретінде 1,15рклизб алынуы мүмкін, мұндағы рклизб - көрсетілген шектеу жүйесінің жұмыс істеуіне сәйкес келетін сиретілу шамасы.
Гермитикалық кабиналардың терезелеріне, шамдарының әйнектеріне, люктары қақпақтарына және есіктеріне жүктемелер. Терезелер, шамдардың әйнектері, люктардың қақпақтары және есіктер, фюзеляжға герметикалық кабиналары осы бөліктерінің бекітпе элементтерін қоса ұшуда осы бөліктерге әрекет ететін неғұрлым аэродинамикалық жүктемелердің комбинациясында "Герметикалық кабинадағы ең жоғары қысым" және «Герметикалық кабинаның ішінде сиретілу» жағдайларына тексерілуге тиіс.
Қауіпсіздік коэффициент f=2,00.
Бұдан басқа, герметикалық кабиналардың көрсетілген бөліктері қауіпсіздік коэффициенті f=2,00 кезінде ррабизб жұмыс артық қысымына тексерілуге тиіс.
Ескерту. Сиретілуге герметикалық кабиналар терезелерінің беріктігін ауаның сыртқы температурасы минус 60оС, ал кабина ішіндегі температура 20оС жағдайы болған кезде айқындаған жөн.
Егер фюзеляждің герметикалық бөлігі жекелеген бөліктерге бөлінсе және осы орайда кенеттен герметизациясыздандыру болған кезде бөліктер арасындағы қысымды теңестіретін ауаны қайта іске қосу жүйесі орнатылмаса, онда әрбір бөліктің беріктігі кез келген көршілес бөлік герметизациясыздандырылған болжаммен ррабизб жұмыс артық қысымның әрекетіне қосымша қамтамасыз етілуге тиіс. Қайта іске қосу жүйесі бар болған кезде пайдалану қысымы ол арқылы герметизациясыздандыру болатын тесік көлеміне және қайта іске жүйесі сипаттамаларына байланысты айқындалады. Қауіпсіздік коэффициенті f=1,30.
Ұшақ экипажын қорғайтын кабина шамының маңдайлық әйнектері, сондай-ақ осы әйнектерді ұстайтын конструкция элементтері неғұрлым қолайсыз температуралық жағдайларда 1,8 кг салмағымен құстың соғылуына шыдауға тиіс. Бұл ретте, бір біріне соғылысудың есептік шынайы жылдамдығы биіктікті алу, төмендеу және бағыт бойынша ұшу жылдамдықтардың 0-ден 2500 м дейін биіктіктер үшін ҰПБ-да ұсынылғандардан ең жоғарғысынан 10% асатын жылдамдық алынуға тиіс. Бірақ Vmaxэ не мәніне неғұрлым сәйкес келетін бір біріне соғылысу жылдамдығы алынбайды.
34. Басқаруға күш түсу жағдайы
231. Жалпы нұсқаулар.
Төменде қолмен де, бустерлік те басқару кезінде басқару тартылымының механикалық бөлігінің элементтеріне қойылатын талаптар келтірілген. Бұл ретте, егер қауіпсіздіктің шамалы коэффициенті көрсетілмесе, есептік жүктемені f=2,0-ден айқындаған жөн.
Егер басқару жүйесінде тартымдағы күштерді азайтуға арналған арнайы құрылғылар орнатылса, беріктікті тексеру үшін көрсетілген құрылғылардың болуын есепке алуды рұқсат етіледі; бұл ретте, есептік жағдайларды дайындаушы - мемлекеттің құзыретті органының келісімі бойынша дайындаушы белгілейді.
Рульдерді, элерондарды, жалғасқанатшаларды және алғы қанатшаларды басқару (стабилизатормен басқарылатын) бөлшектердегі күштер олардың бейтарап (жиналған) жағдайында, шеткі және, егер осы жағдайда күштер көп болса, кез келген аралық жағдайларында айқындалуға тиіс.
Басқа барлық жағдайларда басқару тартым арқылы өзара теңестірілетін топсалы сәттің симметриялы (элерондар үшін) немесе асимметриялы (деңгейлес және екікильдік сатылас қауырсындау үшін) бөлігінен тартымда пайда болатын және тұтқаға (штурвалға) немесе басқышқа берілмейтін қосымша күштерді ескеру қажет.
Басқару жүйесінде қосалқы және автоматты құрылғылар болған кезде (бустер, автопилот, орнықтылық мен басқарылатын автоматтар, берілетін сандар өзгерісінің автоматы және басқа да) басқару бөлшектеріндегі күштер осы құрылғылар әрекетінің ескере отырып айқындалуға тиіс.
Қайтарусыз бустерлі басқару кезінде оларға сәйкес бустер мен басқару органының арасындағы басқару элементтерінің беріктілігі тексерілуге тиіс пайдалану топсалық сәттің Мэш және қауіпсіздік коэффициентінің мәндері мынадай сипатта:
а) тынықсыз ауада ұшқан кезде рульдер мен элерондарды жүктеу, қозғалтқыштар тоқтаған кезде бағыт рулінің жағдайларынан басқа элерондарды, бағыт және биіктік рульдерін, жалғасқанатшаларды және алғы қанатшаларды жүктеудің барлық жағдайларында
- егер Маэр > Мбуст+доб, f=2,0 қауіпсіздік коэффициенті
кезінде Мэш = Мбуст+доб;
- егер Маэр < Мбуст+доб f=2,0 қауіпсіздік коэффициенті кезінде Мэш= Маэр немесе f=1,5 қауіпсіздік коэффициенті қезінде Мэш = Мбуст+доб қайсысы көп;
2) тынықсыз ауада рульдер мен элерондарды f=1,5 қауіпсіздік коэффициенті кезінде Мэш = Маэр қозғалтқыштар тоқтағанда бағыт рульдерін жүктеу жағдайларында айқындалады.
Маэр шамасы үшін оларды жүктеу қаралып отырған жағдайларда басқару органдарына әрекет ететін аэродинмикалық күштерден ең жоғары пайдалану топсалы сәтті (теңестіргенге дейін) алған жөн.
Мбуст+доб шамасы үшін гидрожүйеде, атаулы қысым және тұтқадан (штурвалдан, басқыштан), автоматты құрылғылардан және т.б. сәтті ескере отырып шток орнын ауыстыруының нөлдік жылдамдығы болған кезде бустер дамытатын ең жоғары сәтін алған жөн; екі камералық бустерлер болған кезде екі камерада дамытатын сәтті қараған жөн.
Ескерту. Басқарылатын стабилизатор үшін Маэр айқындаған кезде жүктеудің барлық жағдайларында хД қысым орталығының жағдайын (хисп- 0,03)<хД<(хисп +0,03) диапозонында қараған жөн, мұндағы хиспаэродинамикалық трубалардағы сынақтардың нәтижелері бойынша айқындалған хД мәні.
232. Биіктік рулімен (басқарылатын стабилизатормен) басқару бөлшектері.
Биіктік рулімен (басқарылатын стабилизатормен) басқару бөлшектері үшін басқару тұтқасына (штурвалға) пайдалану жүктемені (ұшқыш күшін салған жерде):
mвзл < 2500 кг, кезінде 640 Н (65 кгс)
mвзл 10000 кг кезінде 1180 Н (120 кгс) алған жөн.
Егер биіктік рулімен (стабилизатормен) басқару құрсауы екі жекелеген бөліктерден (мүйіз) құралған штурвалмен жүзеге асырылса, онда жоғарыда көрсетілген күш мүйіздің арасында тең бөлінеді. Қосымша күштері жоғарыда көрсетілгенге 65% -ке тең тек қана бір мүйізге әрекеті қаралады.
233. Бағыт рулімен басқару бөлшектері.
Ұшқыштың аяғынан біржақты пайдалану жүктемені:
mвзл < 2500 кг кезінде 880 Н (90 кгс),
mвзл > 10000 кг кезінде 1230 Н (125 кгс) тең алған жөн.
Басқышқа жүктемені отырғыштың ортасын басқышқа аяқты салу нүктемесімен қосатын сызық бойынша бағыттаған жөн. Екіжақты жүктеме үшін (екі басқышқа бір мезетте) біржақты жүктеме кезінде екі есе еселенген күшке тең күшті алған жөн.
234. Элерондарды басқару бөлшектері.
Жүктеме тұтқаға бүйірден (ұшқыш күшін салған жерде) немесе штурвалдық басқару кезінде - төмен штурвал құрсауына бір жағынан жанама бойынша салынады. Тұтқаға пайдалану жүктемені:
mвзл < 2500 кг кезінде 320 Н (32,5 кгс)
mвзл > 10000 кг кезінде 640 Н (65 кгс) алған жөн.
Штурвалға пайдалану жүктемені:
mвзл < 2500 кг кезінде 640 Н (65 кгс),
mвзл > 10000 кг кезінде 780 Н (80 кгс) алған жөн.
Элерондарды басқару сондай-ақ 190-да көрсетілген сияқты ауытқымаған жағдайда элеронды жүктеу жағдайларында аэродинамикалық трубалардағы сынақтардан алынған пайдалану топсалы сәттерге есептелуге тиіс.
232-234-ке ескерту. 2500 кг < mвзл < 10000 кг ұшақтар үшін тұтқаға (штурвалға, басқышқа) пайдалану жүктемені mвзл= 2500 және 10000 кг. кезінде тұтқаға (штурвалға, басқышқа) пайдалану жүктемелердің мәндері арасындағы сызықтық интерполяциямен айқындаған жөн.
235. Элерондар және рульдермен (стабилизатормен) бір мезетте әрекет ету.
Осы жағдайда басқару бөлшектері:
биіктік рулімен (басқарылатын стабилизатормен) және бағыт рулімен;
биіктік рулімен (басқарылатын стабилизатормен) және элерондармен;
бағыт рулімен және элерондармен жүктемелердің бір мезетте әрекет етуі тексерілуге тиіс.
Осы жүктемелердің шамасын оқшауламаланған жүктеу жағдайларының пайдалану жүктемелердің 75%-не тең алған жөн.
236. Қосарласа басқару.
Басқару бөлшектерін бір ұшқыштың оқшауламаланған әрекетіне тексерген жөн.
Басқару бөлшектерін екі ұшқыштың бір мезеттегі бір жаққа қарай да, екі қарама қарсы жақтарға да әрекетін тексеру қажет; бұл ретте, әрбір ұшқыштан жүктемені 75%-не тең алған жөн.
237. Басқару тартылымның қосарлану учаскелері.
Егер олар өзара тек қана басқару жүйесінің элементтерімен байланысқан болса, элерондарды, биіктік рульдерді, екікильдік қауырсындану рульдерін стабилизатордың жартыларын басқару тартымының беріктігі жүктемелердің 65%-не қосымша тексерілуге тиіс. Бейтарап жағдайынан элеронның (рульдің, стабилизатор жартысының) кез келген жаққа ауытқуы қаралады. Дегенмен, егер топсалы сәттерді теңестірген кезде қысымның орталығы хорданың 50%-тен асатын орнынан жылжыса, онда топсалық сәт және ұшқыштың тиісті күші қысымның орталығы хорданың 50%-не келетінінен алынады.
238. Басқару тартылымның қосарланушылық учаскелері.
Басқару қосарланушылық тартылымының әрбір тармағының беріктігі жүктемелердің 65%-не тексеріледі.
239. Қанаттың қима элементтерін басқару бөлшектері. Жалғасқанатшаларды, алғы қанатшаларды және басқарудың басқа беттерін басқару үшін пайдалану жүктемесін қаралып отырған басқару бетінің пайдалану топсалы сәтіне және басқару тетігінің берілетін санына сәйкес тұтқаға (штурвалға) есептелетін күш ретінде айқындаған жөн. Пайдалану жүктеме тұтқаға тек бір қолдың әрекеті болуы мүмкін кезде 320 Н (32,5 кгс) және тұтқаға екі қолдың әрекеті болуы мүмкін кезде 640 Н (65 кгс) аз алынбайды.
Басқару бөлшектерін қосымша басқару бетінің ұшақ симметриясынан бір жаққа қарай сыналану болған кезде жетек дамытатын жүктемеге тексерген жөн.
Қауіпсіздік коэффициенті f=1,3.
240. ҚБР, крандарды басқару (басқарудың кіші тұтқалары). Қозғалтқышты, қрандарды және кіші тұтқалармен басқаратын басқа да агрегаттарды басқару тартылымы элементтерінің беріктігін тексеру үшін осы тұтқаларға қолдан пайдалану күш кемінде 147 Н (15 кгс).
241. Ұшақ доңғалақтарын тежеуді басқару бөлшектері.
Бір ұшқышпен басқарған кезде тежеудің әрбір басқышына пайдалану жүктемесі:
mвзл < 2500 кг кезінде 490 Н (50 кгс),
mвзл аралық мәндеріне сызықтық интерполяциясымен mвзл > 10000 кг кезінде 690 Н (70 кгс) салынуға тиіс.
Жүктемені салу нүктесі - басқыштың алдыңғы жиегі.
Екі жақты басқару кезінде беріктікке екі ұшқыштың әрекеті болған жағдайда қосымша тексеріс жүргізеді, олардың әрқайсысы жоғарыда көрсетілген жүктемелердің 75%-тін салады.
242. Пневматикалық және гидравликалық күштік цилиндрлер.
Басқару органдарын ауытқытуына, қондыратын жалғасқанатшалар мен алғы қанатшаларды жинауға және шығаруға, интерцепторларға және элементтерге арналған басқару жүйесіндегі қолданылатын пневматикалық пен гидравликалық цилиндрлер, олардың бөліктері болып табылатын элементтерге қойылатын 4.2.1 және 4.2.2-гі талаптарға сәйкес, беріктікке есептелуге тиіс.
Бұдан басқа, осы цилиндрлердің беріктігі ең жоғары ішкі қысым (рmax) жағдайына тексерілуге тиіс.
рmax үшін цилиндрда болуы мүмкін ең жоғары қысымды; цилиндрда сақтандырғыш клапан болған кезде рmax = 1,15 ркл.раб алған жөн, мұндағы ркл.раб клапан болған кезде цилиндрдағы жұмыс қысымы.
Герметикалығын тексеру үшін күштік цилиндрлер арнайы техникалық жағдайлар бойынша бақылаушы нығыздау қысымға тартылуға тиіс. Бұл ретте нығыздау қысымның шамасы рmax кем болмауға тиіс. Қауіпсіздік коэффициенті нығыздау қысымға қатысты f=1,50-ден кем болмауға тиіс.
35. Ауалық бұрамаға күш түсу жағдайы
243. Жалпы нұсқаулар.
Ұшақтың ауалық бұрамасы, қалағы мен төлкенің және бұрама қадамын басқару күштік элементтерін, қалақтардың бекітілім түйінін, бекітпе бөшектерімен төлкенің корпусын және қалақтардан ауалық бұраманың цилиндрлік тобына күштерді беретін басқару элементтерін қоса талаптарды қанағаттандыруға тиіс.
Арнайы мақсаттағы бүрамаларға немесе әдеттен тыс конструкциядағы бұрамаларға (мысалы, төлкеге қалақтардың топсалы бекітпесімен) осы талаптарды қолдану дәрежесін дайындаушы мемлекеттің құзыретті органының келісімімен дайындаушы белгілейді.
Ауалық бұраманың статикалық беріктігі қаралып отырған конструкция элементтері үшін есепті болуы мүмкін жүктеу жағдайларының жүктемелеріне тексерілуге тиіс.
Бұл ретте, түпнұсқасының немесе үлгілерінің статикалық сынақтарының нәтижелері пайдалануы мүмкін.
Жүктеудің барлық жағдайларында қауіпсіздік коэффициенті f=2,00 тең алынуға тиіс. Көрсетілген қауіпсіздік коэффициентінің шамасы, егер тиісті зерттеулермен осындай төмендеу мүмкіндігі расталса, төмендетілуі мүмкін.
Беттік нығайтылуға тартылған ауалық бұрама конструкцияның элементтерінде пайдалану жүктемесі кезінде нығайсыздануға әкелетін жергілікті иілмелі жай-күй пайда болуға тиіс емес.
244. Ауалық бұраманы жүктеу мынадай жағдайларда:
олардың қайсысына aq артық болуына қарай Ад немесе А'д; олардың қайсысына |aq\ артық болуына қарай Dд, немесе D'д. Жүктеудің осы жағдайларын тек қана қозғалтқыштар гондоларының сыналануының теріс бұрышы бар ұшақтар үшін қараған жөн;
Мд;
егер |aq\ жүктеудің тиісті маневрлеу жағдайларынан ол үшін артық болса, тынықсыз ауада ұшу;
сырғумен ұшу;
қарышты және бұрышты үдеулердің аралас әрекеті қаралуға тиіс.
Мұндағы a және q - қаралып отырған жағдайларда тиісінше ауалық бұраманың шабуыл бұрышы мен жылдамдық арыны.
245. Ауалық бұрамаға және оның элементтеріне жүктемелерді есептеген кезде мынаны басшылыққа алу қажет:
1) ауалық бұраманың айналу жиілігі мен қозғалтқыш қуатын қаралып отырған жүктеудің жағдайында ықтималдардан неғұрлым үлкендерін алған жөн;
2) Мд жағдайында қозғалтқыш жұмыс істеген кезде 15 м/с жылдамдығы бар бүйірден соққан желдің әрекетін ескеру қажет.
Егер ҰПБ-да желдің қатты жылдамдығына жол берілсе, онда есептеген кезде оның осы мәні алынуға тиіс. Қозғалтқыш тоқтаған кезде тежеудің барлық режимдерін қарау қажет (тежеу басынан ең жоғары тері тартымға жеткенге дейін).
Ауалық бұрамаларды жүктеу жағдайлары маневрді немесе бір реттік үзік ықпал еткен кезде ұшақ қозғалысын есептеу нәтижелерінің негізінде нақтылануы мүмкін. Ұшу режимдерінің өлшемдері ауалық бұраманы жүктеудің неғұрлым ауыр жағдайлары жасалатындай таңдалуға тиіс.
246. Жүктемелерді айқындау.
Ауалық бұраманың қалағы мен басқа элементтеріне әрекет ететін жүктемелерді айқындауды пайдаланатын әдісі қалақтардың серпімді тербелісін, қисық үрлеудің әсерін және қалыпты және көлденең осьтарға қатысты ұшақтың айналуымен пайда болған кориолисовы күштерді ескерген жөн.
Ауалық бұраманың элементтеріндегі қауырттылықтың шамаларын аэродинамикалық трубадағы бұраманың динамикалық ұқсас модель сынақтары нәтижелерінің негізінде фюзеляж бен қанаттың аэродинамикалық әсерін есепке алып айқындаған жөн. Бұраманың айналу жиілігінің пайдалану диапозонында қалақтың өзіндік иілу және айналу жиіліктері спектрін талдау негізінде беріктікке қатысты қауіпті резонанс құбылыстарының жоқтығы көрсетілуге тиіс.
36. Ұшақ конструкциясының элементтерін жүктеудің ерекше жағдайлары
247. Жүк едені және жүктерді бекіту.
Приборларды, жабдықты, бактарды және басқа да жүктерді бекітудің сол бір немесе өзге түйініне, сондай-ақ осы жүктердің әрекетінен жүк еденіне келетін жүктемелерді осы ұшақ үшін бұл жүктерді орналастыруына және ұшақты тиеудің барлық нұсқаларына оларды бекіту тәсілдеріне сәйкес айқындаған жөн.
Жүктер ауырлығының ортасындағы есептік жүктелімдерді қарышты және айналмалы қозғалыстардың инерциялық күштерін ескере отырып ұшақ үшін барлық қаралып отырған есептік ұшу және қону жағдайларына сәйкес айқындаған жөн.
Бұдан басқа, фюзеляждағы приборлардың, бактардың және басқа да жүктердің бекітпесінің беріктігін тексеру үшін авариялық қону жағдайы қаралуға тиіс. Осы жағдайда жүк ауырлығының орталығында жүктелімдердің мынадай диапозонына сәйкес келетін есептік жүктемелер:
бойлық жүктеме үшін - жүктемені алға бағыттаған кезде нөлден 9 дейін және жүктемені артқа қарай бағыттаған кезде нөлден 1,5 дейін;
қалыпты жүктеме үшін - жүктемені төменге бағыттаған кезде нөлден 4-ке дейін жүктемені жоғары бағыттаған кезде нөлден 2 дейін;
бүйірлі жүктеме үшін - +2,25 до -2,25.
Жүктемелердің олардың әрқайсысы нөлден жоғарыда келтірілген мәндерге дейін көрсетілген бағыттарға және шамаға ие әртүрлі комбинациялары қаралуға тиіс, бірақ нәтиже беретін жүктеме 9 жиынтық жүктелімге сәйкес келетін мәннен аспауға тиіс. Ұшақтарда жолаушыларсыз тасымалданатын жүктерді бекіту үшін дайындаушы және дайындаушы мемлекеттің құзыретті органы арасындағы келісім бойынша жүктелімдердің төмендетілген мәндері алынуы мүмкін.
Осылай орналасқан жүктер үшін олар көтерілген кезде жолаушылар мен экипажға зақым әкелмейді немесе ұшақтан шығуға кедергі жасамайтын (мысалы, жолаушылар мен экипажға арналған үй-жайлардан төмен немесе олардың алдында орналасқан бөліктерде) кезде авариялық қону жағдайы қаралмайды.
248. Тұрақта адамдардан болатын жергілікті жүктемелер.
Тұрақта қызмет көрсету кезінде адамдар болуы мүмкін ұшақ конструкциясының беріктігі 1760 Н (180 кгс) тең есептік жергілікті жүктемеге тексерілуге тиіс.
249. Орынтақтар, ұйықтайтын орындар және экипаж бен жолаушылардың байлау белдіктері.
Орынтақтар, ұйықтайтын орындар, байлау белдіктері мен олардың бекітпелері үшін, сондай-ақ оларда ұшу немесе қону уақытында экипаж мүшелері мен жолаушылар болуы мүмкін кабиналар мен өту жолдарының сол бір бөліктері үшін пайдалану жүктемелерді осы жағдайлар үшін алынған қауіпсіздік коэффициенттері кезінде қарышты және айналмалы қозғалыстарының инерциялық күштерін ескере отырып ұшақ үшін барлық қаралып отырған ұшу және қону жағдайларына сәйкес айқындаған жөн.
Бұдан басқа, орынтақтардың, ұйықтайтын орындардың, байлау белдіктерінің және олардың бекітпелерінің беріктігі авариялық қону жағдайына тексерілуге тиіс.
250. Түзілімдер. Негізгі жіктік және айырмалы түзілімдер мен ушколар үшін қосымша қауіпсіздік коэффициентін fдоп= 1,25 қарау қажет.
251. Құймалар. Жауапты құймаларға, яғни олардың бұзылуы ұшақтың қауіпсіз ұшуына немесе қонуына кедергі жасайтын сол бір бөлшектердің құймаларына қосымша қауіпсіздік коэффициенттерін қолданған жөн:
1) егер құймалардың 100%:
көзбен көру бақылауға;
магниттік немесе капиллярлық бақылауға немесе бақылауды
бұзбайтын басқа баламалы әдіске;
радиациялық бақылауға тартылса fдоп= 1,50.
2) егер «а» бойынша тексерістерден басқа құйма бөлшектердің 3 үлгісі fдоп= 1,25 жеткілікті беріктікті және пайдалану жүктеме кезінде жеткілікті қаттылықты көрсетсе, fдоп= 1,25.
Қалған құймаларға қосымша қауіпсіздіқ коэффициенттерін қолданған жөн:
1) егер құймалардың 100% тек көзбен көру бақылауға тартылса
fдоп= 2,00;
2) егер құймалардың 100%:
көзбен көру бақылауға;
магниттік немесе капиллярлық бақылауға немесе бақылауды бұзбайтын басқа баламалы әдіске тартылса fдоп= 1,50;
3) егер құймалардың 100%:
көзбен көру бақылауға;
магниттік немесе капиллярлық бақылауға немесе бақылауды бұзбайтын басқа баламалы әдіске;
радиациялық бақылауға тартылса fдоп= 1,25.
252. Ұшақ үстіндегі (люктардың қақпақтары мен жармалары, ағымпаздар және т.б.) алынбалы элементтер (учаскелер).
Жергілікті жүктемелердің шамалары ұшақта қаралып отырған элементтің орналасуына қарай М саны мен А', В, С, В' жағдайларына, «тынықсыз ауада» ұшу жағдайларына сәйкес келетін әсер ету бұрыштарында аэродинамикалық трубадағы, сондай-ақ сатылас қауырсындануға жүктемелерді айқындау кезінде табылған сырғу бұрыштары кезінде сырғумен ұшу режимінде үлгінің сынақтарымен айқындалуға тиіс.
Қауіпсіздік коэффициенті f=2,00.
Бұдан басқа, ұшуда ашылатын барлық люктардың қақпақтары мен жармаларының беріктігін люктар толық ашық тұрған кезде тексерілуге тиіс. Жүктемелердің шамалары М саны мен ашық люкпен ұшу жүргізілуі мүмкін режимдерге сәйкес келетін әсер ету және сырғу бұрыштары кезінде аэродинамикалық трубалардағы сынақтар бойынша айқындалады.
Қауіпсіздік коэффициенті f=2,00.
253. Тежеу парашютінің бекітпе түзілімдері.
Тежеу парашютінің бекітпе түзілімдерінің беріктігін
P э = Рmaxm.n
жүктемеге тексерген жөн, мұндағы P э = Рmaxm.n - оның қолданудың ең жоғары рұқсат етілген жылдамдықта тежеу парашюті ашылған кезде пайда болатын ең жоғары динамикалық күш. Күштің бағыты ағыстың бағытымен 15о бұрышты құрастыратын пайда болатын конуста алынады.
254. Басқару органдарының бекіту кронштейндері.
Басқару органдары кронштейндерінің және өздері басқару органдарының беріктігі айналу ось бойына бағытталған және мынадай жүктелімдерден шыға отырып айқындалатын:
nэ= 24 - сатылас орналасқан басқару органдары үшін;
nэ= 12 - деңгейлес орналасқан басқару органдары үшін инерциялық күштердің әрекетіне тексерілуге тиіс.
255. Флаттерлерге қарсы теңгеріштер.
Флаттерлерге қарсы теңгеріштердің және олардың бекітпелерінің беріктігі тынықсыз ауада ол ұшқан және қону кезінде ұшақтың серпімді тербелістерінде туындайтын инерциялық жүктемелерге тексерілуге тиіс.
Инерциялық жүктемелерді айқындау кезінде теңгеріштерге пайдалану жүктелім:
1) сатылас жазықтықта +3,0 nэу;
2) деңгейлес жазықтықта +6,0 кем болмауға тиіс.
Мұндағы nэу- nэу max (а) және nэу max (о)- дан көптеген мәні.
37. Жүктеудің ерекше жағдайы, ұшақты көтеру
256. Жағдайлар қаралады:
ұшақты немесе оның агрегаттарын ілмектермен көтеру, есептік жүктелім 4,0;
ұшақты домкраттармен көтеру, есептік жүктелім 2,0 болады.
Соңғы жағдайда көрсетілген жүктелімге сәйкес келетін сатылас жүктемелер сондай-ақ кез келген бағытта әрекет ететін және 0,25 есептік жүктелімге сәйкес келетін деңгейлес жүктемелермен бірлесіп қаралуға тиіс; бұл ретте, домкраттар тіректерінің нүктелерінде жүктемелердің деңгейлес қүрамалары сатыластарға пропорционал үлестіріледі және сатылас жүктемелер өзгерілмейтіндей инерциялық күштермен теңестіріледі.